Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті

Вид материалаДокументы

Содержание


4. Миграционное “завтра” Казахстана, Ярослав Разумов, www.fergana.ru
Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ
Республика казахстан в архитектуре международной безопасности восток-запад
Список использованной литературы
Қазақстан республикасының еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалығы: транзиттік қыры
Халықаралық қатынастар факультеті
Пайдаланылған әдебиеттер
Муканова Мадина Асылбековна
Аспект безопасности в политики казахстана
Подобный материал:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
^

4. Миграционное “завтра” Казахстана, Ярослав Разумов, www.fergana.ru  




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯДАҒЫ ЖАҢА МІНДЕТТЕРІ


^ Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ

Халықаралық қатынастар

факултеті магистранты

Джолдыбаева Эльмира Есенгельдиевна


Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан бастап оның сыртқы саясатының бір бөлігі ретінде консулдық қызмет екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді.Қазақстан Республикасының консулдық қызметі- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым- қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, ізгілік-мәдени байланыстарды және туризмді кеңейтуге жәрдемдесетін маңызды бөлігі.

Еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі, Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық қызметінің дамуында да үлкен рөл атқаруы сөзсіз. Бұл арнайы шешім 2007 жылдың 29-30 қараша күндері Испанияның астанасы Мадрид қаласында ЕҚЫҰ-ға біріккен 56 мемелекеттің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қабылданған еді. Мұндай биікке Қазақстан өзінің бұрын соңды тарихында тұңғыш рет көтеріліп отыр.Сонымен қатар қазақтың мәртебесі әлемдік қауымдастықта мүлде жаңа сатыға биіктеп отырғандығының дәлелі.

Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бойынша Елбасымыздың қойған міндеттері республикамыздың консулдық қызметінің басым бағыттары мен бағдарларын белгіледі. Қазақстанның консулдық қызмет Департаменті жаңа технологияларды дайындайтын, оны дамытып отыратын халықаралық компаниялардың жетекшісі ретінде Қазақстанның қатысуымен осы стратегияның негізгі міндетін жүзеге асыру мақсатында «құрметті консулдар» институтын пайдалану мәселесі қарастырылған болатын. Құрметті консулдар институты консулдық қызметтің маңызды құрылымы болып табылады, ол 90-жылдың басында құрылған. Бұл институт мемлекетаралық қатынастардың сауда- экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық салаларының нығайуын және оның қарқынды дамуын қамтамасыз ететін элемент. Ол Қазақстан азаматтарының шет елдердегі мүдделерін қамтамасыз ететін тиімді механизм. Қазіргі кезде 32 құрметті консул өз міндетін атқаруда. [1]

Консулдық қызметтің тағы бір маңызды міндеті екі жақты және көп жақты деңгейлерде азаматтардың өзара сапарларының құқықтық базасын қамтамасыз ету және оны әрі қарай дамыту.

Қазақстан Республикасының СІМ еліміздің визалық саясатын жүргізуге тікелей жауапты. Шет елде шетелдік азаматтарға рұқсатнамаларды рәсімдеу тәртібін консулдық мекемелер атқарады, ал елмізде диломатиялық, қызметтік және инвесторлық рұқсатнамаларды рәсімдеу мен уақытын ұзарту жұмыстарына Консулдық қызмет департаменті міндетті. Қазақстан территориясында департаменттің 4 консулдық пункті бар Ақтауда, Атырауда, Орал және Өскеменде. Олар консулдың мәселелерінің сол жерде шешілуіне көмектеседі.

Еліміздің халықаралық қатынастарының дамуы бірінші кезекте азаматтарымыздың шет елге шығуының және шетелдік азаматтардың Қазақстанға келуінің артуымен байланысты. 2004 жылы 1-ақпанда 28 елдің азаматтарына рұқсатнама рәсімдеу тәртібін жеңілдетудің арқасында олардың саны 25%-ке асып, 2005 жылы 210 мыңға дейін жеткен болса, ал қазір орта есеппен жыл сайын 300 мыңнан астам рұқсатнама беріледі. 2009 жылғы есепке сүйенер болсақ республикамызда әр түрлі категориялардағы 248 656 рұқсатнама (виза) берілген. Осы деректер рұқсатнамалар (визалар) берудің одан әрі қарай дамыту қажеттілігін айғақтайтын көрсеткіштер. Қазақстанға келу үшін жеңілдіктерді пайдаланатын мемлекеттің қатарына Шығыс Еуропа, Таяу Шығыстағы және Латын Америка сияқты бірқатар елдерді қосу жоспарланған. Осындай шаралар әрине елімізге келуші туристер санының артуына оңтайлы әсер етеді, атап өту керек ол ел экономикасына өте тиімді.Жалпы экономикада туристерден түсетін табыс көзі манызды болып саналады. Әлемде көптеген мемлекеттерде бұл сала негізгі табыс көздерінің бірі деп айтсақ болады. [2]

Осымен қатар әуежайларда рұқсатнамалар беру шаралары кеңінен қолданылып келеді. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында консулдық пункттер тәулік бойы жұмыс жасайды. Бұл қажеттілік әрине кейбір мемлекеттерде біздің дипломатиялық өкілдіктеріміздің болмағандығынан туындап отыр. 2008 жылы Ресейге ғана 2 млн,330 мың, Қырғызстанға – 900 мыңдай, ҚХР мен Өзбекстанға -400 мың, Түркияға -160 мың, Еуропа елдеріне -100 мыңдай адам және басқада мемлекеттерге қазақстандық азаматтар барған. Елімізге шамамен айтар болсақ 8,5 млн шетел азаматтары келген. Осылардың барлығы кәсіби маманданған елшілеріміздің шетелдерде жұмыс атқаруы, еліміздегі көптеген елшіліктердің болуы бұл біздің еліміздің жаһандану үрдісіне қосылғанының дәлелі. [3]

2009 жылы 19- мамырда Қазақстан Республикасына кіру рұқсатнамаларын беру тәртібі туралы бұйрық күшіне енді. Яғни осы құжат бойынша рұқсатналарды алуда жеңілдіктерді пайдаланатын мемлекеттердің тізіміне Еуропалық Одаққа мүше тоғыз мемлекет – Чехия, Румыния, Болгария, Мальта, Кипр, Словения, Литва, Латвия, Эстония, сондай-ақ Оман Сұлтанаты қосымша енгізілді. Бұрын оңайлатылған визалық процедура 35 мемлекетке қатысты қолданылып келсе, енді жаңа бұйрыққа сәйкес 45 мемлекет , сонымен бірге Еуроодақтың барлық мүше елдерінің азаматтары рұқсатнамаларды алудың оңайлатылған тәртібін пайдалана алатын болды. [4]

Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ да 2010 жылы төрағалық етуі және «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру- еуропалық тәжірибені жағымды пайдалану мен Қазақстанның институциялық-құқықтық базасын жетілдіру, адам құқығы саласындағы, халықаралық құқық пен халықаралық шарттар нормаларын қолданудағы тәжірибемен алмасу,сауда –экономикалық, мәдени- гуманитарлық қатнастарды, т.б салаларды дамытуда үлкен рөл атқарады. Сөз жоқ, ЕҚЫҰ –ға төрағалық ететін Қазақстанның болашақ мәртебесі –қауіпсіз, тұрақты Орталық Азияны құрудың маңызды факторы болып табылады; транзитті- көліктік диалогты дамытуға және экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етпек; аймақтағы ықпалдастықтың бастамаларынақосымша серпін бермек.

Еуропалық вектор ҚР сыртқы саясатының басым бағытына айналған.Елбасымыз бекіткен 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Консулдық қызмет үшін өте маңызды оқиға болып есептеледі. Яғни Еуропаның жетекші державаларымен стратегиялық әріптестік қатынастарын орнату маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаның тағы бір негізгі міндеті– қазақстандық азаматтарымыздың Еуропалық Одақ мемлекеттеріне баруы кезінде рәсімделетін рұқсатнама алу тәртіптері мен процедураларын жеңілдету. Осы міндеттерге қол жеткізуде елмізде көтеген іс шаралар жүргізілуде. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, ЕО-тың Жалпы сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Х.Соламонамен, ЕО-ның Еуропалық көршілік саясат жөніндегі комиссары Б. Ферреро-Вальднермен және Еуропаның бірнеше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесулеріндегі қарастырылған өзекті мәселелер қатарына ЕО-ның қазақстандық азаматтарға визалық кедергілерін төмендету және реадмиссия мәселелері талқыланған.

22-қазанда Астанада алғаш рет « Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режим мен көші-қонды жеілдету туралы » семинар болып өтті. Бұл семинарға ЕО мемлекеттерінен келген елшілер мен консулдар қатысты. Семинарда визалық режимді жеңілдету, заңсыз көші-қон және ұйымдасқан қылмыспен күрес , шекара мәселелері мен басқа да бірқатар мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар саяси, экономикалық, мәдени- гуманитарлық, туризм саласы бойынша байланыстар еуропа мемлекеттерімен жыл сайын нығайып келуде. Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 40 млрд –қа жеткен.Бұл жақсы көрсеткіш.

Казақстан республикасының сыртқы саясатында азиялық бағытқа да улкен көңіл аударылған.Еліміздің Азия мемлекеттерімен- Қытай, Түркия, Үндістан, Таяу Шығыс және басқа да мемлекеттермен саяси және сауда-экономикалық катынастары жақсы дамып келеді.

Консулдық салалардағы қарым- қатынастарды дамытуда Қазақстан жүйелі негізде екіжақты консультациялар қолдануда. Мәселен, Елміздің Кытай мемлекетімен достық ынтымақтастық, сауда-экономикалық әріптестігі жылдан жылға жақсарып келеді. Ресей елімен әр түрлі салаларда ынтымақтастық жақсы дамыған.

2008 жылдың 23- желтоқсанында Алматы қаласында Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы ашылды. Консулдықта саяси, сауда-экономикалық, мәдениет пен білім беру жөніндегі бөлімдер жұмыс істейді. Екі мемлекет арасындағы байланыстың оңтайлылығын Алматыдағы Конфуций Институтының және Қытай мәдени орталығының құрылып, Қытай студенттерінің Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуынан көруге болады.

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы консулдық қарым-қатынас және екіжақты байланыстар шарттық құқықтық базаға негізделген.Екі мемлекет арасында 280 –нен астам шарттар мен келісімдерге қол қойылған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – 1992 жылғы 25- мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт,1998 жылғы 6- шілдедегі мәңгілік достық және одақтастық туралы Декларация. Екі мемлекет арасындағы тауар айналым көлемі 2008 жылы 20 млн.долларға жетті. Қазақстан мен Ресей Федерациясының бірнеше консулдық мекемелері ашылған. Ресейде Казақстанның Мәскеуде,Омбы, Астрахан жене ҚР Бас консулдығы Санкт-Петербургте жұмыс істейді. Ал елімізде Ресей Федерациясының Бас консулдығы Алматыда, Астана және Оралда ашылған.

Қазақстанның шетелдегі азаматтарының құқықтарын және мүдделерін қорғау консулдық қызметтің басым міндеттерінің бірі болып келеді. Қиын жағдайға ұшыраған азаматтарымызға, заңсыз әкетілген және әр түрлі апатқа ұшыраған мысалы, зілзалаларға немесе әскери қақтығыстар аймағына түсіп қалған көмекке зар болып жатқан азаматтарымыз аз емес. Осындайды ескеріп республикалық бюджеттің арнаулы бабында Қазақстан азаматтарына көмек қаражаты қарастырылған. Консулдық қызмет департаменті оның қолдану Ережесін жасаған және ол Үкімет пен бекітілген.

Қазақстан Республикасының « Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес шетелдік азаматтарға асырап алуға берілетін балалардың тағдырын бақылау ісі дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге жүктелген. 2007 жылғы мәлімет бойынша олардың саны 5740 бала болса, бүгінгі күні оның саны 7 мыңнан асады. Қазақстандық балалар негізінен АҚШ және ЕО елдерінің отбасылары тарапынан сақталып алынады екен. Міне осы балалардың СІМ- нің консулдық есебіне алынып, бақылауға енгені туралы ай сайынғы ақпарат тиісті органдарға жеткізіліп тұрады. [5]

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстанның дипломатиялық және консулдық мекемелері әлемдік қауымдастықта белсенді қызмет атқарып келуде. Шетелде Қазақстан Республикасының 70 тен астам консулдық мекемелері ашылған. Мысалы, Ұлыбритания, Люксембург, Ресей, Польша, Туркия, Жапония, Филиппин т.б мемлекеттерде. Дипломатиялық және консулдық мекемелер санының жылдан жылға өсуі мемлекетіміздің халықаралық байланыстарының қарқынды дамып жатқандығының дәлелі. Еліміз халақаралық қатынастардың субъектісі ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен тиімді қатынастар орнатуға қол жеткізді және беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып (БҰҰ,ЕҚЫҰТМД,ШЫҰ,т.б), өзінің дербес дипломатиясын қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Сілтеме:
  1. «Дипломатия жаршысы », 2006 ж № 4, 106-108 бет.
  2. Ибрагимов.Р
  3. «Казахстанская правда», 31 декабря 2009г, №317 стр-4
  4. «Дипломатия жаршысы », 2009 ж 174-176 бет
  5. «Дипломатия жаршысы », 2009 ж 177-178 бетте
  6. ҚР СІМ консулдық қызметінің ағымдағы шолуы
  7. www.egemenkaz.kz



^ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН В АРХИТЕКТУРЕ МЕЖДУНАРОДНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ ВОСТОК-ЗАПАД


Керейханова Зарина Сламбековна

магистрант международных отношений

Евразийского национального университета

им. Л.Н. Гумилева


В Послании народу Казахстана от 29 января 2010 года «Новое десятилетие - Новый экономический подъем - Новые возможности Казахстана»  Президент  страны Н.А. Назарбаев подчеркнул, что будет проводиться активная, прагматичная и сбалансированная внешняя политика, направленная на обеспечение национальных интересов, повышение международного авторитета страны и укрепление национальной, региональной и глобальной безопасности [1].

Установление прочных связей и развитие сотрудничества с различными международными структурами безопасности соответствует принципу многовекторности внешней политики Казахстана и отвечает интересам укрепления его национальной безопасности.

Сфера деятельности ОБСЕ простирается далеко за пределы географически определенных границ Европы. Страны центральной Азии, наряду с другими неевропейскими государствами, вносят вклад в поддержании безопасности на всем пространстве ОБСЕ, наполняя реальным содержанием понятия евразийской безопасности. Центральная Азия является своеобразным форпостом Европы в противодействии таким новым угрозам, как неконтролируемые миграционные потоки, расширяющаяся торговля наркотиками, организационная преступность, религиозный экстремизм и терроризм. Поэтому, по мнению Казахстана, европейский фактор должен быть в полной мере учтен в Хартии европейской безопасности. В этом большое значение имели решения об открытии Центров ОБСЕ в странах Центральной Азии.

Казахстану удалось достичь высокого уровня взаимоотношений с ОБСЕ. На этапе их становления был заложен фундамент сотрудничества с Организацией. Казахстан считает, что принятие правил взаимодействия, основанных на сотрудничестве и консесусном подходе к решению проблем, позволило бы эффективно противостоять к современным рискам и вызовам. В этот период был проведен ряд семинаров ОБСЕ, посвященных обзору экономической ситуации в Центрально-азиатском регионе в условиях перехода к рыночной экономике, выработке рекомендаций по проведению экономических реформ, вопросам региональной безопасности, защите прав человека и др. Среди них семинар «Региональные проблемы окружающей среды и подходы по их совместному решению» (сентябрь 1998г. Ташкент), конференции «Субрегиональное сотрудничество – инструмент строительства современной системы безопасности» (октябрь 1998г., Стокгольм), «Руководство и участие: объединяя разнообразие» (октябрь 1998г., Локарно), встреча по выполнению обязательств в области человеческого измерения (ноябрь 1998., Варшава) [2].

Необходимо отметить, что разрушительную силу таят в себе национально-этнические конфликты, агрессивный национализм и шовинизм. Проблема укрепления межконфессиональной и межнациональной толерантности требует постоянного внимания. От ее решения зависит внутриполитическая стабильность и безопасность.

Республика Казахстан - это наглядный пример того, как представители более 40 конфессий и деноминаций, а также представители 130 наций и этнических групп. Исторически Казахстан всегда  был перекрестком, местом встречи и диалога различных религий, культур и цивилизаций Востока и Запада.

Президентом нашей страны Н.Назарбаевым как главой государства и политиком, в полной мере осознающим возросшую роль религии в обществе, была   выдвинута инициатива проведения форума мировых и традиционных религий в столице Республики Казахстан - г.Астане. Ранее лишь представители ведущих религий и конфессий выступали в качестве организаторов подобных мероприятий. Одними из таких мероприятий, направленных на установление межконфессионального диалога, были состоявшиеся в итальянском городе Ассизи в октябре 1986 и в январе 2002 гг. встречи представителей  религий и конфессий мира [3].

Форум, ставший неординарным и запоминающимся событием, вновь продемонстрировал актуальность и необходимость воплощения идеи сотрудничества и единения представителей различных религий во имя мирной и достойной жизни людей всего мира. По итогам форума была принята Декларация, в которой духовные  лидеры заявили о совместных действиях по обеспечению мира и прогресса для человечества и обеспечения стабильности в обществах, как основы гармоничного мира в будущем. Казахстан поддерживает инициативы, направленные на достижение гармоничного развития человеческого сообщества, сближение  Востока и Запада в понимании ключевых вопросов современного мироустройства, а также  готов перенимать  опыт других стран. По замыслу Президента Казахстана  диалог между лидерами мировых и традиционных религий, построенный на основе общих аспектов и точных сведений друг о друге, открывает широкие перспективы для взаимного сотрудничества и  способствует преодолению таких негативных проявлений нашего времени, как насилие, фанатизм, экстремизм и терроризм.

В Астане 17 октября 2008 года был проведен форум «Общий мир: Прогресс через разнообразие» на уровне министров иностранных дел, представляющих ряд государств исламского мира и Запада в котором приняли участие представители более 40 стран и международных организаций.    Этот форум – практическая реализация идеи диалога в формате «Мусульманский мир – Запад», которая с 2006 года успешно продвигается нашей страной на международном уровне.  Обеспечение межнационального и межконфессионального согласия является достижением Казахстана в гуманитарной области. Углубление диалога между мусульманским миром и Западом сейчас стало исключительно важной темой с точки зрения мировой политики.  Поэтому Казахстан выступает за укрепление значения ОБСЕ, как моста Западом и Востоком в диалоге цивилизаций последовательным сторонником которого мы являемся. Подобный диалог может стать дополнительным объединяющим фактором для европейских и азиатских стран – членов Организации.  

        Решение о том, что Казахстан будет председательствовать в 2010 году в Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ), было принято в ходе заседания 29 - 30 ноября в Мадриде совета министров иностранных дел стран - членов ОБСЕ. В пользу этого решения проголосовали все 56 стран - участниц ОБСЕ.

По сути, влиятельная международная организация, в которую входят 56 государств, признала правильность политики президента Назарбаева. Это решение, принятое в Мадриде, - дополнительное подтверждение важности опыта устойчивого и стабильного развития государства.

Сегодня Казахстан воспринимается в качестве гаранта развития и стабильности всей Центральной Азии и является ключевым партнером ОБСЕ в регионе. Председательство Казахстана должно способствовать росту авторитета организации, как в Центральной Азии, так и на всем пространстве СНГ. В результате станет возможным новый подход к разрешению ряда старых международных конфликтов. Сегодня Казахстан способен взять на себя сложную и важную роль в качестве посредника между мусульманским и европейским сообществами. Это посредничество способно помочь решению многих актуальных проблем на евразийском пространстве.

Наше государство приняла специальную программу „Путь в Европу", в которой определены конкретные задачи по широкому взаимодействию с европейскими странами в экономическом, политическом и культурном измерениях. Государственная программа состоит из семи пунктов. В задачи программы входят развитие и углубление сотрудничества Республики Казахстан с государствами Европы по следующим направлениям: технологическое; энергетическое; в сфере транспорта; в области технического регулирования и метрологии; торгово-экономическое; в развитии малого среднего бизнеса; в области качества жизни; в гуманитарном измерении. Программы предусматривает совершенствование институционно - правовой базы Казахстана с использованием позитивного европейского опыта.

Предполагается, что реализация Программы обеспечит:

- выход Республики Казахстан на уровень стратегического партнерства с ведущими европейскими странами в политической, экономической и гуманитарных областях;

- создание благоприятных условий для ежегодного увеличения товарооборота с европейскими странами на 10%;

- ежегодный обмен визитами на уровне глав государств и правительств Европы;

- подписание с ЕС Меморандума о взаимопонимании по развитию транспортных сетей в контексте стыковки казахских степей с панъевропейскими транспортными сетями;

- принятие технических регламентов и гармонизированных стандартов, соответствующих требованиям стран ЕС;

- совершенствование законодательства Республики с учетом европейских норм;

- продвижение интересов Республики Казахстан на европейском континенте [4].

Председательство Казахстана станет важным фактором в построении безопасности, стабильности, и предсказуемости в центральной Азии. В ней наше государство поставило цели совершенствования общественных институтов с учетом опыта демократического развития партнеров по ОБСЕ, базовых требований данной организации.

Формирование архитектуры международной безопасности во много зависит отрешения ряда проблем современности. Одной из самых опасных для человечества в наше время является угроза распространения ядерного оружия и других видов оружия массового уничтожения. В условия возрастающей взаимозависимости современного мира, эта проблема обрела транснациональный и глобальный характер. Отсюда – настоятельная необходимость самого тесного сотрудничества всех заинтересованных государств с целью предотвращения этой угрозы путем укрепления соответствующих международных норм, прежде всего режима нераспространения.

13 апреля 2010 в Вашингтоне состоялся Глобальный саммит по ядерному разоружению. В нем участвовало более 40 стран. Выступая перед участниками дискуссии, Нурсултан Назарбаев подчеркнул, что Казахстан является активным приверженцем обеспечения ядерной безопасности.

На данном саммите Президент Казахстана внес ряд предложений, направленных на сокращение ядерной угрозы. В первую очередь, он отметил важность усиления функций и роли МАГАТЭ в контроле за перемещением и использованием расщепляющихся материалов, включая большую прозрачность и подотчетность государств в ядерной сфере. Нурсултан Назарбаев отметил, что необходимо разработать четкую схему реагирования МАГАТЭ и Объединенных Наций в целом на факты уклонения государств от допуска международных инспекторов на ядерные объекты. Глава государства призвал все государства, от которых зависит вступление Договора о всеобъемлющем запрещении ядерных испытаний в действие, ратифицировать его. [5]

Таким образом, Казахстан не только привносит в ОБСЕ свой внутренний опыт согласования интересов различных групп полиэтнического и поликонфессионального общества, но и практику работы формирования институтов региональной и глобальной безопасности.

В целом председательство и лидерство в секретариатах Организации экономического сотрудничества (ОЭС), ШОС, СВМДА, Диалоге сотрудничества в Азии (ДСА), ОБСЕ является свидетельством возросшего авторитета и значимости Казахстана на мировой арене.

^ Список использованной литературы:
  1. Послание Главы государства  народу Казахстана «Новое десятилетие - Новый экономический подъем - Новые возможности Казахстана»  2010. -29 января //htpp://ссылка скрыта.
  2. Токаев К.Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации 2000. – С.190 - 584.
  3. Съезд лидеров мировых и традиционных религий //htpp:// ссылка скрыта.
  4. Батырша-улы С. Путь в Европу – дорога к председательству Казахстана в ОБСЕ. Астана. 2009. – С. 10 – 41.
  5. Выступление Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева на Глобальном саммите по ядерной безопасности в Вашингтоне от 13.04 2010г. //htpp://www.akorda.kz



^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМЫНА ТӨРАҒАЛЫҒЫ: ТРАНЗИТТІК ҚЫРЫ


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

^ Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар кафедрасының 1 курс магистранты

Г.О. Құрманғожина


Қазақстан Республикасы ТМД-ға мүше мемлекеттердің, азиялық мемлекеттердің және түркітілдес қоғамдастық арасында тұңғыш рет төрағалық мәртебесіне ие болып отыр. Н.Ә.Назарбаев айтқанындай, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі ерекше маңызды және еліміздің әлемдік қауымдастықта беделді әрі жауапкершілік алатын мүше ретінде халықаралық келбетін нығайтады [1].

Бұл мақаламда еліміздің Еуропадағы беделді ұйымға төрағалық етуі барысында қолға алынар транзиттік – көлік мәселелеріне айрықша тоқталғым келеді. Транзит Қазақстан Республикасы үшін ерекше орын алатын көліктік – коммуникациялық өтеулерді экспорттау формасы. Халықаралық транзиттегі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері көліктік дәліздерде қатысуымен қарастырылады. Еуроазиаттық бағытта Қазақстан үш транзиттік бағыт бойынша қатысады: біріншісі, Еуропа – Ресей – Қытай; екіншісі,Еуропа – Қытай (экономикалық ынтымақтастық ұйымы мемлекеттері арқылы: Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Өзбекстан); үшіншісі, Ресей – Орталық Азия. Қазақстанның транзиттік әлеуеті әлемдік қоғамдастық назарындағы маңызды нысанға айналып отыр. Көлік және коммуникация кешенін дамытуда Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін арттыру және толығырақ пайдалану маңызды бағыт болып табылады. Қазақстан аумағы арқылы жүктер мен жолаушыларды транзиттік тасымалдау Қазақстанның қоданыстағы заңнамаларына және халықаралық келісімдер мен келісімшарттарға сәйкес теміржолмен, әуе жолымен, автомобиль жолымен, мемлекетаралық бағыттардағы ашық теңіз ішкі су көліктерімен, жолдармен және су жолдарымен жүзеге асырылады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты басымдықтарының бірі – ұйым мүше- мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дамыту. Көліктік коммуникациялар арқылы еуроазиаттық транзитті дамытудағы Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін жүзеге асыру мәселелері соңғы жылдары көпшіліктің назарын аудартуда. Бұл мемлекеттер арасындағы сауда – экономикалық байланыстардың қарқынды дамуымен және интеграциялық процестердің өршуімен байланысты[2]. Бұл орайда халықаралық транзитік тасымалдауды дамыту үшін қажетті заңнамалық және институционалды реформаларды жүргізуге болады. Соңғы онжылдықта әлемдік сауда деңгейі жылына 7 пайызға өсті, бұл өз кезегінде халықаралық тасымалдаулар үшін салмақты әлеуетін қалыптастырады. Транзиттік әлеует екі негізгі құраушылардын қамтылады – бұл көрші мемлекеттерде дамушы нарықтың болуы және транзит – мемлекет көліктік жүйелерінің тиімділігі. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы негізгі халықаралық көлік дәліздерінің қатысушысы болып табылады және трансеуропалық және азиялық көлік желілеріне кірігу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде.

Еуразия материгінің дәл ортасына орын тепкен Қазақстанның географиялық орналасуына қызықпайтындар кемде – кем. Соңғы екі жылда Қазақстан аумағынан өтетін транзиттік тасымалдың көлемі 40 пайызға өсті, одан кіретін табыс та осыншаға артты. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес, елімізде транзиттік – көліктік әлеуетті дамытуда қолайлы жағдай жасауға бағытталған біршама жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылы Қытайдан Еуропаға апаратын құрлықаралық Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік дәлізі жобасын жүзеге асыру басталды. Қытайдан Еуропаға баратын екі төте жолды салу жобасына қатысатын елдер санаулы болғандықтан, шекарадан өту мәселесі де оңай шешіледі. Аталмыш жобаның жүзеге асуы Суэц каналы арқылы жүк тасымалдаумен салыстырғанда, жол уақытын 40 күннен 10 күнге дейін және жолдың қашықтығын 8-15 мың шақырымға қысқартады. Бастысы, бұл жобаның Еуразиялық экономикалық қауымдастық, ЭСКАТО, БҰҰ, СПЕКА, ЦАРЕС сынды халықаралық ұйымдар қолдап отыр. Сонымен қатар алдағы уақытта халықаралық маңызы бар екі мың шақырым жолды әлемдік стандарттарға сай салу және қайта жаңарту жоспарланып отыр. Қытаймен шектесетін «Достық» стансасы мен «Ақтоғай - Достық» теміржол желісінің өткәзу қабілетін 2011 жылы жылына 25 млн тоннаға жеткізу жұмыстары жүзеге асуда. Сондай-ақ бұл елмен түйістіретін тағы бір шекаралық өткел ретінде «Қорғас - Жетіген» теміржол желісін салу жоспарланған. Бұл желі Қытайдан Орталық Азияға, Иранға, Батыс Еуропаға, Кавказ елдеріне жүкті біршама төте жолмен тасымалдауға мүмкіндік береді. Жаңа желі пайдалануға берілген жылы тасымалдау көлемі 5 млн. Тонна болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ Қытай мен еліміздің оңтүстік аймақтарымен, Орталық Азия елдерімен арадағы қашықтық 500 шақырымға қысқарады [3].

Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен неғұрлым терең ынтымақтастық жасауға мүдделі. Еуропа мемлекеттері де Орталық Азия мемлекеттерімен, әсіресе Қазақстанмен өзара байланысқа аса назар аударады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымындағы қазақстандық төрағалықтың басымдықтарын одан әрі нақтылау жөніндегі жұмыс 2009-2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырылатынын атап өтті. Бағдарламаның мақсаты – барлық аспектілер бойынша: сауда-экономикалық, инновациялық технологиялар, энергетика, көлік, техникалық реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту, өмір сапасын жақсарту салалары мен гуманитарлық өлшемдерде Еуропа елдерімен стратегиялық әріптестік деңгейіне шығуды көздейді. Оның орындалуы Парламент пен Үкіметтің 2009-2011 жылдарғы қызметінде басымдықтардың бірі болуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша Мемлекеттік бағдарлама Қазақстанның Шығыс елдерімен де, Батыс елдерімен де достық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған көпвекторлы саясатының жалғасы болып табылады. Қабылданған бағдарламада Еуропа елдерімен ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетудің негізгі бағыттары айқындалған. Бұл үшін Қазақстан Еуропадағы жетекші елдермен тауар айналымын ұлғайтуға тиіс, көлік желілерін дамытудың бірлескен жоспарларын әзірлеуге қатысу қажет. Бағдарламада алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше міндетті шешу көзделеді. Бұлар – Қазақстан мен Еуропа елдерінің технологиялар, энергетика, көлік, техникалық реттеу және метрология, шағын және орта бизнес сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастығын дамыту және тереңдету. Бағдарламадағы басымдықтарының бірі, бұл ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің және Еуразия трансконтиненттік дәліздерінің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту болып көрсетілген[4].

Еуропа мемлекеттері Қазақстанмен өзара қатынастары көп жағынан Еуропа мен Азияны байланыстыратын өңірдегі көліктік-коммуникациялық жолдардың (“Еуропа – Кавказ – Азия” көлік дәлізі – ТРАСЕКА) стратегиялық маңыздылығымен айқындалады. Ақтау порты арқылы Қазақстан аумағына шығатын ТРАСЕКА көлік дәлізі жүк жөнелтушіге бір мемлекеттің транзиттік аумағын біртұтас құқықтық база және көлік жүйесі ретінде пайдалануына мүмкіндік береді. ТРАСЕКА жобасы 1993 жылы мамыр айында Брюссельде конференцияда қабылданды, оған ТРАСЕКА-ның сегіз елінің (Орталық Азияның бес республикасы, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен үш Кавказ республикалары) сауда және көлік министрлері қатысты. Бұл елдерде Еуропадан, Қара теңіз бойымен, Кавказ бен Каспий теңізі арқылы Орталық Азияға Батыс – Шығыс көлік дәлізін дамыту үшін техникалық көмек көрсету жөніндегі Еуропалық Одақтың бағдарламасы жүргізілуде. Еуропалық Одақ осы бағдарламаны дәстүрлі бағдарғыларға қосымша ретінде ұсынады. Жоба осы елдер бойынша ЕО-ң халықаралық стратегиясына сәйкес келеді және мынадай мақсаттарды көздейді: республикалардың балама көлік бағдарғылары арқылы олардың еуропалық және ілемдік рынокқа шығуы арқылы олардың саяси және экономикалық тәуелсіздігін қолдау; қатысушы елдер арасында өңірлік ынтымақтастықты дамыту; халықаралық қаржы институттары мен жеке инвесторларды тарту үшін жобаны пайдалану; ТРАСЕКА бағдарғыларын Транс – Еуропалық бағдарғылармен байланыстыру.

Өзара іс-қимылды дамытудың басым бағыты екі тарапты сауда және қазақстандық өнімнің Еуропа рыноктарына қол жеткізуін қамтамасыз етуде болып отыр. Каспий бойы аймағында экономиканың басқа салаларының көліктік әлеуетін дамытуға және инфрақұрылымын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырылып жатыр. Каспий теңізі арқылы тасымалданатын жүктердің жалпы көлемі, ТРАСЕКА және Солтүстік – Оңтүстік халықаралық көлік дәліздері өтетін Ақтау айлағының үлесі жүктер ағынының жалпы көлемі бойынша ең ірі айлақ болып есептелінеді.

Еліміз осы уақытқа дейін барлық көршілерімен тату-тәтті өмір сүріп қана қоймай, олармен ете жақын болуды да сәтті жүзеге асырып келеді. Осы орайда, Қазақстанның жағрапиялық тиімді орналасуы да өзінің септігін тигізіп отыр. Республикамыздың транзиттік әлеуеті жыл санап артып келеді. Мысалы, Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды жалғайтын тас жолдың 2700 шақырымы еліміз арқылы өтеді. 3,5 миллиард долларлық ғасыр жобасы, келер жылдан бастау алып, оған 50 мыңға жуық адам тартылмақ. Оның үстіне, еліміздің мұнайы мен газы батыспен қатар, енді шығысқа да жөнелтіледі. Таяуда ғана Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан мен Қытайды жалғаған газ құбыры ашылды. Оған қоса, Түркіменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік беретін темір жол да салынбақ. Мұның бәрі интеграциялық үрдістің шарықтауына септігін тигізеді. Сонымен қатар, еліміз аумақтағы ғана емес, ғаламдық қауіпсіздік мәселесінде де өзінің сүбелі үлесін қосты. Әлемдегі қуаты жағынан төртінші орын алған ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстан, бүкіл әлемге өзінің бейбіт пиғылын паш етіп, үлгі болды.

Қазіргі кезде инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың ең жоғарғы шегі 2010 – 2012 жылдар аралығына келеді, ол уақытта жоспарға сәйкес 90 мың жаңа жұмыс орны ашылады, еншілес салаларда 265 мың адам жұмысқа тартылады. Инвестиция көлемінде қазақстандық құрамдаушының үлесі – 76 пайызды құрайды. Таяудағы 3 жылда бұл көрсеткіш 88 пайызға жетеді деп жоспарлануда[5].

Дамыған көлік инфрақұрылымы қазақстандықтардың алдынан білім, медициналық қызметтің лайықты сапасын алудың таңдауын кеңейту жөнінде қосымша мүмкіндіктер, ал бизнестің алдынан аумақтық кеңеюдің, халықаралық қоғамдастыққа кірігудің, өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қосымша мүмкіндіктерін ашып берді.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының маңызына ерекше тоқталды. Бұл тұста жиі айтылып, талқыланып жүрген «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жобасының Қазақстан үшін берері пайдасы көп және ондаған елдердің мүдделеріне жауап береді. Нұрсұлтан Назарбаев айтқанындай, жаңа жол еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір өсіретінін атап өтті. Қытай-Қазақстан көлік дәлізінің жаңа бағыты Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің Қазақстанмен, Орталық Азия және Еуразия құрлығындағы елдермен арадағы экономикалық байланыстарын дамытуға және кеңейтуге ықпал ететін болады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тарихымызға алтын әріптермен жазылып қана қоймай, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді, тұтастай алғанда, әлемдік қоғамдастықты тұтастырып, шоғырландыру ісіне жаңа леп әкеледі.


^ Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері».-Астана, 29 қаңтар 2010 жыл. – Б.5

2. 2010 жылдағы ҚР төрағалықтың Басымдылықтар және есептер.-Астана. -2010.-Б.5 www.osce2010.kz

3. Назарбаев Н.А. Транспортная стратегия Республики Казахстан до 2015 года. Проект «Специальная экономическая зона «Западные ворота Казахстана». – С.27

4. Перспективы развития транзитного потенциала Казахстана //Магистраль. – 2008. -№15

5. Транзитная политика Казахстана // Транспорт и дороги Казахстана. – 2008.-№7


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның Орталық Азия мемлекеттерімен

қарым қатынастары


^ Муканова Мадина Асылбековна

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс магистранты


Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында ол мемлекеттердің шетелдермен байланысы мәселелері аса үлкен маңызға ие болады. Жаһандану процесі қарқындап, әлемде энергоресурстар үшін күрес шиеленіскен қазіргі таңда орталық азиялық аймақтың ролі мен маңызының айтарлықтай артқанын бірнеше жылдар бойы көптеген елдердің сарапшылары мен эксперттері айтып келеді. Бұл жағдай аймақтың маңызды геосаяси орналасуына, ауқымды су және көмірсутек энергоресурстарына ие болуы және оларды тасымалдау мәселелеріне байланысты туындап отыр. КСРО ыдырап, бес тәуелсіз мемлекеттің пайда болуымен орталық азиялық аймақта геосаяси күштер арасында жаңа «үлкен ойын» басталды. Ойынға әсіресе бұрын соңда аймаққа ену мүмкіндігі болмаған ойыншылар араласа бастады. Олардың арасында әсіресе Ресей, АҚШ және Қытайды ерекше атап өткен жөн.

Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде тәуелсіздік алған Орталық Азияның жас мемлекеттері халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлемде жоғары мемлекетаралық дәрежеде байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болды. Жаңа кезеңге аяқ басқан Орталық Азия өңірі геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны тоғыстырған қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.

ОА-ғы жаңа тәуелсіз мемлекеттер тек геосаяси және экономикалық тартымдылығымен танылып қана қоймай, Ауғанстаннан келетін қауіп-қатерді ұстап тұрушы тұрақты аймақ елдері ретінде қарастырылады. Мұнда қауіпсіздікке ішкі әрі сыртқы факторлар әсер етеді.[1, 85-бет]

Сыртқы факторларға:

- геосаясат,

- халықаралық лаңкестік,

- діни экстремизм,

- есірткі бизнесі,

- заңсыз миграциямен байланысты туындаушы қатерлерді жатқызуға болады.

Ішкі фактор ретінде:

- аймақ елдері арасында сақталған даулы аумақтар мен шекара мәселесі,

- әлеуметтік және демографиялық жағдайы өте шиеленіскен түрде дамушы әрі көпұлтты Ферғана жазығы мәселесін алуға болады.

Бұл аймақтың халқы ТМД халқының 18%, яғни 54 млн құрайды. Басым бөлігі аймақтың әлеуметтік жағдайы төмен, тұрақсыз ауданмен шекаралас оңтүстік Ферғана жазығында тұрады. Көршілескен Ауғанстаннан тарайтын есірткінің 65% ОА аймағы арқылы Ресейге және одан әрі Батыс Еуропаға тасымалданады. Осы есірткінің 30% ОА мемлекеттерінде, айтарлықтай бөлігі Ресейде қолданысқа түседі.[2, 33-43-бет] Осы аталған мәселелер жинала келгенде ОА мемлекеттердің бесеуінің де (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан) «Еуразиялық Балқанның» тоғыздығына кіруіне алғышарт болды.[3, 89-бет] Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның (ЕҚЫҰ) Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға белсене қатысуы аймақ мемлекеттері үшін өте маңызды болып отыр. Біріншіден, әлемнің ең тұрақсыз белдеу - Ауғанстанмен шекаралас орналасқан мемлекеттердің бірде біреуі өзін қауіпсіз сезіне алмайды. Ауғанстандағы әлсіз билік, қираған экономика, жемқорлық пен орталыққа бағынбайтын қылмыстық топтар әсерінің көршілес мемлекеттерге жайылу қауіпінен ешкім қорғалмаған.

Екіншіден, КСРО-ның күйреуінен кейін қордаланған әлеуметтік-экономикалық мәселелер, түрлі діни-экстремистік ұйымдардың әрекеттері мен ықпалының кеңею үрдісі тұрақты сақталуда.

Үшіншіден, келешекте тіптен қақтығыстарға соқтыруы мүмкін Орталық Азия мемлекеттері арасындағы шекара, аумақ және табиғи ресурстар мәселелеріне байланысты қайшылықтар мен даулар кешені сақталып отыр.

Аталған ұйымның бірінші кезектегі мақсаты – бұрынғы бәсекелес державалар арасында ықпалдасу үрдісін жүргізу; қауіпсіздік саласында қауіптердің алғышарттары мен саясатты форумдарда ашық талқылау.[4] Сонымен қатар, аталмыш ұйым демократиялық мақсат-міндеттерді бұлжытпай орындауды қатаң бақылау арқылы өзiне мүше болып саналатын елдерде экономикалық тұрақтылықты дамытуды қамтамасыз етедi. Бұл ұйымның аты атап көрсеткендей, қарым-қатынастар Еуропадан бастау алғаныменен, оның басты мақсаты еуропалық істерге еуропалық емес мемлекеттерін араластыру болып табылады. Тіптен АҚШ пен Канада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесіне (ЕҚЫК) қатысуы еуропалық тұрақтылықтың кепілі ретінде саналды. Ал КСРО-ның құлауынан кейін ЕҚЫК Еуропаға қатысты географиялық немесе мәдени сипатына қарамастан, өз құрамына барлық посткеңестік республикаларын қабылдады. Бұл ерекшелікті саналы саяси стратегия ретінде, яғни «қырғи-қабақ соғысы» кезіндегі қарсылас барлық мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ниеті ретінде қарастыруымыз қажет.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне ден қоюшы маңызды ұйым - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы. Халықаралық лаңкестікке қарсы күресуде арнайы органдар арасында тығыз ықпалдастықты жүзеге асыру үшін 2004 жылы Ташкентте аталған ұйымның Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы ашылды (АТҚҚ). Ұйым аясында 2003 жылы «Взаимодействие – 2003» жаттығуы, 2004 және 2005 жылдары Қытайда семинарлар, 2007 жылы Ресейде «Мирная миссия – 2007» атта кең ауқымды әскери жаттығу өткізілді. Әсіресе бұл шаралардың Ресей үшін маңызы зор. Жас ұйым ретінде ШЫҰ уақыт сынағынан өтуі тиіс болар. Оның болашағы негізінен Ұйым әрекеттерінің саяси-насихаттық емес, сараптамалық құраушысын күшейту қабілетіне байланысты. Осыған байланысты ШЫҰ Ресей үшін де жаңа қатерлерге жаңа да әдеттен тыс шешімдерді іздестіруде аса маңызды болып табылады.

Соңғы жылдары аймақ елдерінде НАТО әрекеттері белсендірілді. Халықаралық ұйымның аймақ мемлекеттерін өз мүшелігіне қабылдамаса да, бұл аймақтығы Ресей мен Қытай мүдделеріне қарсы әскери-саяси ықпалын күшейтуге ұмтылысы анық байқалады. НАТО-ның ланкестікке қарсы күресте АҚШ-қа көрсетіп отырған көмегінің Вашингтон үшін стратегиялық мағынадағы бірнеше артықшылықтары бар. НАТО көмегі арқылы АҚШ Ауғанстанды өзінің тікелей әсер ету аясында қалдырып отыр. НАТО-ның халықаралық әскери контингентін пайдалана отырып АҚШ өзінің бәсекелестері Қытай мен Ресейге қатысты стратегиялық ұстанымдарын нығайтты. Осы аталған факторлардың нәтижесінде АҚШ Орталық Азия аймағындағы саяси үдерістердің дамуына ықпал жасауға мүмкіндік алды./5/

ТМД аясында Ресейдің Орталық Азия мемлекеттерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы басталған болатын. Қауіпсіздікті қамтудың алғашқы тетігін құрудағы алғашқы ұмтылыс Тәжікстандағы азамат соғысы кезеңінде ТМД-ның Ұжымдық бітімгершілік күштерін құруда байқалды. 1995 жылы құрылған ТМД атом қаруынан қорғанудың біріккен жүйесі көпжақты ықпалдастықтың бір қыры болды. Оның аясында жыл сайын ТМД елдерінің ұлттық қарулы күштерінің қатысуымен «Жауынгерлік ынтымақтастық» жаттығулары өткізіліп тұрады. 90-ы жылдарға тән түсініксіздіктен кейін Ресейдің ТМД мемлекеттеріне қатысты ұмтылыстарын күшейту тұсы 1999 жылы Мемлекет басылары кеңесінің «ТМД мүшелерінің лаңкестікпен күресте ынтымақтастық туралы» келісім болды.[6, 6-бет] Аталған келісім қарулы күштер ықпалдастығының құқықтық негізін қалағанымен, айтарлықтай лаңкестіктің алдын алуда да, толық қанды ынтымақтастыққа да жол аша алмады. Бұл мәміленің негізгі нәтижесі 2000 жылы ТМД-ның лаңкестікке қарсы орталығының ашылуына әкелді. Орталықтың мақсаттарына келесілер кірді:

- халықаралық лаңкестікпен күресте ынтымақтастықтың бағыттары туралы ұсыныстар даярлау;

- арнайы және құқық қорғау органдарының ықпалдастығының кеңесулерін қамтамасыз ету;

- лаңкестікке қарсы жаттығуларды дайындау және өткізуге қатысу;

- жедел іздестіру шараларын өткізуде ықпалдастық;

- арнайы ақпараттар банкін құру.

Алайда, жылдан жылға Еуропа мемлекеттерінің Орталық Азия елдеріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын байқауға болады. Оған ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықпен қатар, 2007 жылдың маусым айында қабылданып, қолданысқа еніп үлгерген Орталық Азиямен ынтымақтастықтың кешенді саяси-экономикалық стратегиясы дәлел бола алады. Серіктестікке лаңкестік, есірткі саудасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес негіз болып отыр. Стратегияның басымдылықтары ретінде демократиялық реформаларды қолдау және су, энергетика ресурстары саласында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды.

Оған қоса, Қазақстанның сыртқы саясатының дәстүрлі басым бағыттарының бірі еуропалық вектор екендігі белгілі. Қазақстандық-еуропалық екі жақты тығыз байланысты дамытуға үлкен әсер етуші күштің бірі парламенттік дипломатия десек қателеспесбіз.

ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан өз алдына тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төзімділік пен кемсітпеушілікті нығайту, халықаралық терроризмге қарсы тұру мәселелерін шешу секілді мақсаттар қояды.[7] Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының пікірі бойынша, ЕҚЫҰ-ға төрағалығық ету саяси жүйені одан әрі жаңаландыруға септігін тигізетін болады, ол Президенттің елдің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі демократияландыруға бағытталған курсымен сәйкес келеді.[8] Алайда Елбасы Жолдауында Қазақстан өзіндік даму жолынан таймайтындығын да ескертті.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Касенов У.Т. Безопасность Центральной Азии. – А: Университете «Кайнар», 1998. – 234 с.

2. Примбетов С. Центральноазиатские угрозы и вызовы // Казахстан и современный мир. – 2002. - №1(2). – С.33- 43.

3. Бзежинский З. Великая шахматная доска. – М: Международные отношения, 1999. – 256 с.

4. ЕҚЫҰ-ның ресми сайты//ссылка скрыта

5. Нұрғалиев М. АҚШ пен НАТО-ның ланкестікке қарсы күресі// ссылка скрыта

6. Парамонов В., Столповский О., Россия и Центральная Азия: многостороннее сотрудничество в сфере безопасности, - Центр конфликтных исследований при Академии Вооруженных Сил Великобритании. – Великобритания, 2008.- с. 6

7. Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ӘЛЕМ АЛДЫНДАҒЫ БИIК БЕДЕЛ//Дала мен қала. - 2007-12-28

8. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2008 жылғы 6 ақпан. //www.akorda.kz


^ АСПЕКТ БЕЗОПАСНОСТИ В ПОЛИТИКИ КАЗАХСТАНА

Телеушев К.

магистрант ЕНУ им. Л.Н. Гумилева


Обеспечение региональной безопасности в Центральной Азии сегодня с полным правом можно назвать наиболее актуальной и значимой задачей современного этапа развития стран региона. Во взаимозависимом мире, где нет обособленных негативных факторов, где вспышка насилия отзывается болью в различных уголках мира, центральноазиатские страны с каждым годом все больше испытывают потребность в объединении усилий в борьбе с общими угрозами безопасности. В основу региональных взаимоотношений ложится совместная выработка мер между странами, направленных на борьбу с международным терроризмом, религиозным экстремизмом, наркоторговлей и другими современными угрозами.

Распространение этих вызовов в Центральноазиатском регионе приобрело долгосрочный характер. Они возникли по причинам как трудностей транзитного периода политических систем, так и глобальных геополитических сдвигов в мире. Центральная Азия в настоящее время географически окружена зонами политической нестабильности, латентных и локальных конфликтов: в Афганистане, Среднем и Ближнем Востоке, Закавказье, Северном Кавказе, Синьцзян-Уйгурском автономном округе КНР. Внутренними факторами, влияющими на распространение этих негативных явлений, стали незавершенность политического процесса реформирования и сложная социально-экономическая ситуация в странах региона.

С проблемой распространения экстремизма и терроризма в регионе тесно связано такое явление, как наркобизнес и международная организованная преступность. Незаконный оборот наркотических средств, реализуемых преступными организациями, в настоящее время стал самым серьезным вызовом национальной и региональной безопасности.

Масштабный кризис в Афганистане, перманентные военные действия, упадок экономики и низкий уровень жизни населения сделали эту страну одним из центров по бесконтрольному производству наркотиков. Непосредственное соседство Центральноазиатского региона с Афганистаном ставит на повестку дня задачу формирования эффективной системы региональной безопасности, так как возникновение очагов напряженности и социальной нестабильности в любой ее точке может стать серьезным препятствием на пути сближения народов Центральной Азии.

В Послании Президента народу Казахстана говориться, что Казахстан входит в новый этап своего развития, и это естественно отражается не только на политической, экономической сферах, но и в сфере обеспечения национальной безопасности и обороноспособности республики. В последние годы вопросы национальной безопасности и ее структурных элементов: военной, экономической, экологической, информационной приобретают все большее значение. Каждый из элементов национальной безопасности Республики Казахстан взаимосвязан с другими и имеет особую актуальность [1] . Борьба с преступностью немыслима без системы мер безопасности. Состояние и динамика преступности являются составными элементами системы критериев, посредством которых, характеризуется уровень обеспечения всех составляющих национальной безопасности в стране.Безопасность человека и гражданина является одним из критериев оценки эффективности государственной власти, становления правового демократического государства. Ведь важнейшим элементом защиты прав и свобод личности выступает именно система органов обеспечения безопасности.

Под безопасностью принято понимать состояние безопасности национальных интересов личности, общества и государства от внутренних и внешних угроз.

Для обеспечения защищенности охраняемых объектов в Республике Казахстан разработана система правовых норм, регулирующих отношения в области обеспечения национальной безопасности государства. Определены основные направления деятельности государственных органов и органов, обеспечивающих национальную безопасность и механизм контроля и надзора за их деятельностью.

Для Республики Казахстан обеспечение национальной безопасности является главным условием ее развития как независимого суверенного государства. Обеспечение государственной безопасности одна из первоочередных задач любого государства. На протяжении нескольких тысячелетий безопасность являлась необходимой предпосылкой существования самой нации, народа, государства в целом. Проблема обеспечения безопасности является актуальной задачей и на сегодняшний день. Об этом свидетельствуют последние события, разворачивающиеся вокруг Чечни, Афганистана, Пакистана, Израиля и других стран. Террористические акты в Нью-Йорке и Вашингтоне направленные против интересов США, наглядно показали, что угроза безопасности государства существует всегда и везде даже в самой мощной сверхдержаве на современном этапе мирового развития.

Казахстан, как и многие страны региона, является активным участником широкого международного сотрудничества. Важнейшими механизмами этого сотрудничества стали международные структуры безопасности, такие, как Организация Объединенных Наций (ООН), Организация по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ), Организация Договора о коллективной безопасности (ОДКБ), Шанхайская организация сотрудничества (ШОС), Организация Североатлантического Договора (НАТО), Совещание по взаимодействию и мерам доверия в Азии (СВМДА). Одновременно с этим было бы логичным выработать механизмы совместного координирования политического взаимодействия в рамках регионального сотрудничества с влиятельными военно-политическими державами и международными организациями.

Внешнеполитические инициативы Президента Республики Казахстан по укреплению региональной безопасности, благодаря своему конструктивному содержанию, находят положительный отклик со стороны всего мирового сообщества. Во время официальных встреч между главами государств и ведущими политиками Центральной Азии, а также на встречах с лидерами влиятельных в мире держав состояние региональной безопасности и меры по устранению вызовов и угроз в регионе становятся одной из главных тем, в которых неизменно отмечается ведущая роль Казахстана. Такая оценка основана на продуманной и эффективной модели политического и экономического реформирования, реализуемой за годы независимости в республике, и занятой активной позицией республики в поддержании баланса геополитических сил и интересов в Центральноазиатском регионе, а также в продвижении мира и стабильности на азиатском континенте.

Расширение конструктивного и взаимовыгодного сотрудничества с Североатлантическим альянсом является значимым направлением внешней политики Казахстана. Еще в 1994 году наша страна присоединилась к программе «Партнерство во имя мира» и приступила к активному сотрудничеству по различным направлениям. За прошедшие годы сделано немало. А прошлый год и вовсе стал знаковым во взаимоотношениях Казахстана и НАТО – было проведено на территории нашей страны учений «Жетысу-2009» Евроатлантического координационного центра по реагированию на бедствия, Форума безопасности Совета Евроатлантического партнерства, совмещенного с семинаром «Роуз Рота» [2].

Стремление Казахстана наращивать усилия по укреплению стабильности и безопасности в мире совпадает с концепцией НАТО, согласно которой глобальная безопасность самым тесным образом зависит от способности стран к диалогу. Именно способность нашей страны конструктивно обсуждать самые острые проблемы современности отмечали в своих выступлениях и в ходе двусторонних встреч участники 54-й сессии Парламентской ассамблеи НАТО в Валенсии. В работе форума приняла участие казахстанская делегация во главе с государственным секретарем РК Канатом Саудабаевым.

 В нынешних реалиях ни одно государство, и даже группа государств, не в состоянии обеспечить собственную безопасность без взаимодействия с другими глобальными и региональными игроками. Подлинная безопасность может быть обеспечена только через создание региональных архитектур безопасности, постоянно и конструктивно взаимодействующих между собой на основе норм международного права.

    Не менее важными факторами устойчивого развития К. Саудабаев назвал межрегиональное партнерство. Одним из его эффективных «продуктов» сегодня является Шанхайская организация сотрудничества, определившая такие приоритеты, как борьба с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом. Госсекретарь подчеркнул, что Казахстан и его союзники по организации намерены и дальше взаимодействовать по указанным направлениям, исходя из того, что ШОС не является военно-политическим блоком, а деятельность ее не направлена против третьих стран или организаций.

   Другой значимый шаг Казахстана в обеспечении региональной безопасности – инициатива созыва Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии. Эта структура, вопреки поговорке о том, что «все в Азии спят под одним одеялом, но видят разные сны» [3], вопреки многовековой истории конфликтов и традиционному скептицизму, объединяет 18 стран Евразии с населением в три миллиарда человек. СВМДА занимает место среди наиболее перспективных структур, поскольку оно рассматривает широкий и очень разнообразный круг проблем безопасности, что придает Совещанию потенциальный динамизм. Тот факт, что СВМДА по силам согласовать различные подходы и интересы находит отражение в том, что ему удалось ряд всеобъемлющих документов, а также предпринять ощутимые шаги по реализации мер доверия в достаточно короткий промежуток времени. Всё это говорит о заинтересованности государств-участников в дальнейшем продвижении процесса СВМДА.

Не случайно, что именно Казахстан стал первым государством бывшего СССР, которое избрано председателем ОБСЕ. Это решение, принятое в Мадриде, - дополнительное подтверждение важности опыта устойчивого и сбалансированного развития страны, который может быть использован другими участниками ОБСЕ. Сегодня Казахстан воспринимается в качестве гаранта развития и стабильности всей Центральной Азии и является ключевым партнером ОБСЕ в регионе. Председательство Казахстана должно способствовать росту авторитета организации как в Центральной Азии, так и на всем пространстве СНГ. Наверняка во время председательства Казахстана заметно больше внимания будет уделено мнению и интересам государств "к востоку от Вены". Причина здесь в том, что заявка Казахстана имеет весомую поддержку в виде коллективной воли государств - членов СНГ. Напомним, что принципиальное решение о внесении кандидатуры Казахстана было принято в 2005 году на саммите стран СНГ в Казани и в очередной раз подтверждено на саммите СНГ в Душанбе в октябре 2007 года.

Астана обозначила ряд целей, которых намерена добиваться в период председательства в ОБСЕ. Заявлено о намерении обеспечить равновесие всех трех "корзин" организации – как известно, это безопасность, экономика плюс экология, и так называемое "человеческое измерение" обеспечения преемственности так называемого "процесса Корфу", начатого прежним председателем ОБСЕ, Грецией, в июне 2009 года и направленного на достижение единства в отношении будущей европейской безопасности. "Казахстан в настоящий момент имеются разные предложения по этому вопросу, в том числе российские. Астана заявляет, что на эти вопросы нужно смотреть по-новому". Кроме того "Казахстан намерен выступить в качестве коспонсора по ряду международных проектов по борьбе с терроризмом и наркоторговлей, укреплению границ, в том числе, в контексте стабилизации ситуации в Афганистане" [4].

С председательством Казахстана Организация по безопасности и сотрудничеству в Европе приобретет новое, "евразийское лицо". В результате станет возможным новый подход к разрешению ряда застарелых международных конфликтов (таких, как Косово или кипрский вопрос). Сегодня Казахстан способен взять на себя сложную и важную роль медиатора между мусульманским и европейским сообществами. Это посредничество способно помочь решению многих актуальных проблем на евразийском пространстве. И для такого предположения есть немалые основания.

В мировом сообществе высоко оценивают вклад Астаны в обеспечение региональной безопасности, укрепление режима нераспространения, а также деятельность в рамках поддержки международных усилий по нормализации ситуации в Афганистане, Ираке. Казахстан неизменно выступал за развитие диалога цивилизаций, культур и религий. И сегодня Астана вполне способна сказать свое слово в миротворческой деятельности. Этот свежий взгляд из глубины Евразии, можно надеяться, поможет ОБСЕ выйти из затяжного кризиса и позволит организации вернуться от околовыборного политиканства к своей основной деятельности по разрешению конфликтов на нашем общем континенте.

Казахстан является твердым приверженцем и активным участником мирового процесса нераспространения и сокращения ядерной угрозы. Мы не на словах, а на деле доказали принципиальность сделанного нами выбора.

Казахстан добровольно отказался от четвертого по размеру ракетно-ядерного арсенала в мире и навсегда закрыл Семипалатинский ядерный испытательный полигон, где было произведено почти 500 ядерных испытаний.

При этом безъядерный выбор Казахстана после распада СССР был сделан в чрезвычайно сложных условиях. Напомню, что в основном территория Казахстана находится в Азии, большинство нашего населения исповедует ислам. Нам пришлось иметь дело с множеством разнообразных советчиков, которые убеждали нас сохранить ядерное оружие, обещая значительную финансовую поддержку и международный «престиж» в качестве первой и единственной мусульманской страны с ядерным оружием.

Руководство республики уже заявило, что Казахстан остается "поклонником широкого международного сотрудничества в области ядерного сдерживания, нераспространения".

Усилия республики в укреплении стабильности и безопасности высоко оцениваются на международном уровне. Очередное тому подтверждение – вручение Нурсултану Назарбаеву премии Мира и превентивной дипломатии, учрежденной институтом «Восток-Запад».

Список использованной литературы:

  1. Послание Президента Страны народу Казахстана. Стратегия 2030. С.
  2. Лаура ТУСУПБЕКОВА «Трансатлантический диалог в действии» - байтерек №6(39) декабрь 2009
  3. Выступление Государственного секретаря РК К.Саудабаева на пленарном заседании Парламентской Ассамблеи НАТО.