Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ»

Вид материалаДокументы

Содержание


Мақала мәтіндері авторлық редакциямен басылған
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне
Қазақстан республикасы президентінің «болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберіндегі жоғары оқу орындары оқытушыларының
Т.З. Рысбеков
Список использованных источников
Шетел профессорларының франциядағы
Выводы и впечатления о стажировке во Франции и посещении других университетов в Западной Европе
Роль международной стипендии президента республики казахстан «болашак» по программе научные стажировки в посткризисный период
Список использованных источников
Основные направления совершенствования системы подготовки и аттестации научных и научно-педагогических кадров в доктрине требова
Список использованных источников
Проблемы и перспективы подготовки специалистов в области нанотехнологий в республике казахстан: опыт научной стажировки в японии
Список использованных источников
Роль президентской международной образовательной программы «Болашак» в ходе мировой интеграции системы образования Республики Ка
Қазақстан ғылымы дамуындағы
РЕЗЮМЕ В статье говорится о роли образовательной программы «Болашак» в становлении науки Республики КазахстанA. Ussenbayev
The research internship at the bristol university: the practice of recipients of the bolashak
Вопросы инновационного научно-методического обеспечения научно-исследовательской деятельности в рамках реализации программы «Бол
Модульные образовательные программы
Transcript of Records).
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


«БОЛАШАҚ» ПРЕЗИДЕНТТІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА

ОҚЫТУШЫЛАР БІЛІКТІЛІГІНІҢ АРТУЫ


Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдарының жинағы


Астана - 2011

ӘОЖ 378(072)

ББК 74.58

Б 73


Редакция алқасы:

Б.Ж.Әбдірайым, ЕҰУ ректоры, з.ғ.д., профессор

Нұрбек С., Халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының

президенті

Д. Қамзабекұлы, ф.ғ.д., профессор

Р.С.Салықжанов, ә.ғ.к., доцент

Қ.М. Сағынов, педагогика ғылымдары бойынша PhD

Ж.Ғ.Жақиянова, педагогика ғылымдары бойынша PhD


«Болашақ» президенттік білім беру бағдарламасы аясында оқытушылар біліктілігінің артуы / Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция. - Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті редакциялық баспа бөлімі, 2011ж. - 276 бет.

ISBN 978-601-80143-0-7


Жинаққа Болон үдерісі аясында жоғары оқу орны оқытушы-профессорларының оқу-әдістемелік құзіреттілігін халықаралық бәсекелестікке сай жетілдірудегі «Болашақ» халықаралық президенттік білім беру бағдарламасының маңызы жайындағы мақалалар енді.

Мақалаларда шетелде ғылыми тағылымдамадан өтіп келген қазақстандық ғалымдар ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік тәжірибесімен бөліседі, отандық жоғары білім беру жүйесін дамытудың тиімді жолдарын қарастырады.

Жинақ жоғары оқу орындарында кәсіптік білім берумен және ғылыми үдерісті инновациялық тұрғыдан жүзеге асырумен айналысатын оқытушыларға арналған.


Мақала мәтіндері авторлық редакциямен басылған


ӘОЖ 378(072)

ББК 74.58


ISBN 978-601-80143-0-7


© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2011

Құрметті әріптестер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым!


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне

қош келдіңіздер!


Бүгінгі конференция Қазақстан Республикасы ұлттық білім беру жүйесін модернизациялаудың өзекті мәселелеріне, оның ішінде жоғары оқу орнының білім беру жүйесін жетілдіру тақырыбына арналып отыр. Жаһандану мен ғылыми-техникалық даму қарқыны әлемдік жоғары білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер мен жаңаша мүмкіндіктер ашып отыр.

Студентке бағытталған білім және мобильділік білім алушыларға қазіргі заманның еңбек нарығында аса қажетті кәсіби құзіреттілік тетіктерін қалыптастыруға, отанымыздың белсенді әрі жауапкершілігі мол азаматы болуына септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда қоғамымыз жаһандық және қаржы-экономикалық дағдарыс салдарына кезігіп жүр. Тұрақты экономикалық ілгерілеу және дамуды қамтамасыз ету үшін, жоғары оқу орнының динамикалық және икемді жүйесі білім, ғылым және өндірістің ықпалдасуын қамтамасыз ететін инновацияларға қарай ұмтылады. Осы бағытта жоғары оқу орнына бөлінетін мемлекеттік инвестициялардың рөлі жоғары.

«Болашақ» президенттік халықаралық білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасуындағы маңызы айрықша екені даусыз. Жоғары оқу орны оқытушыларының шетелдік тағылымдамалары іс-тәжірибеде білім және ғылыми-зерттеу үдерісінің инновациялық механизмдері мен технологиялары түрінде өз нәтижесін беруде.

Осылайша, 2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен 42 адам ғылыми тағылымдамадан өтті. Жалпы қазақстандық стипендиат саны - 130 болатын. Ал 2010 жылы тәжірибе алмасу үшін шетелге жіберілген ЕҰУ ізденушілері – 28, бұл – қазақстандық 94 стипендиаттың арасында басым көрсеткіш. Демек, соңғы екі жылда біздің университетіміз бұл бағытта бірінші орында тұр.

Жоғары оқу орнының студенттері, зерттеушілері мен қызметкерлерінің мобильділігі білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыратыны сөзсіз. Ол еуропалық жоғары білімнің академиялық және мәдени интернационализациялануын жоғарылатады, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, Болон үдерісі шеңберінде жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырады. 2009 жылғы Левен еуропалық министрлер конференциясына қатысушылардың болжамы бойынша 2020 жылға қарай еуропалық кеңістікте жоғары оқу орнын бітірушілердің кем дегенде 20 пайызы оқу барысы кезеңінде немесе ғылыми зерттеу бойынша шетелге шығады. Осыған орай, бізге жоғары білікті оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді жоғары оқу орындарына тарту және оларға қолайлы жұмыс жағдайын қалыптастыру қажет.

Құрметті конференцияға жиылған қауым, бүгін республикамыздағы жоғары кәсіби білім беру сапасын көтерудің жолдарын қарастыру мүмкіндігі туып отыр. Осы ғылыми форум әлемдік білім беру жүйесіне жаңаша көзқараспен қарауға, салыстырмалы талдау жүргізуге және алдыңғы қатарлы елдердің оң тәжірибелерін игеруге жол ашады деген сенімдемін.

Конференция жұмысына табыс, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!


Б.Ж.Әбдірайым,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

ректоры


пленарлық мәжіліс


С. Нұрбек

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ

БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


Еліміздің басты байлығы - адам, халыққа сапалы білім мен рухани азық беру - білім саласындағы қызметкерлердің басты міндеті. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағанына биыл 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде елімізде оң өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді. Жаңа ғасырдың жаңаша ойлайтын білімді де білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске егізіліп, қай салада болмасын әлемдік озық тәжірибе өмірімізге еніп келеді.

Білім беру мен ғылымды дамыту мәселелерін Елбасы әрдайым өзінің басты назарында ұстайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін біздің мамандарға үлкен ізденіс керек. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде.

Еліміз дербестік алған күннен бастап, білім мен ғылым деп аталатын ұлы көштің алдыңғы қатарында келе жатыр. Президентіміз Н.Назарбаев 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен шетелде дарынды жастарды оқыту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Елбасы өткен жылғы Жолдауында: «Қазақстанның білім сапасы 2015 жылға қарай ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жобалар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. Инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» деген міндеттер қойған еді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдің атақты жоғары оқу орындарында білім алған жастардың саны жылдан-жылға өсіп келді. Салауатты ойлай білетін жастарды ғана салауатты бәсекеге дайын деуге болады. Олар ұлтымыздың интеллектуалды әлеуетін күшейтіп, оны ары қарай дамытатын күшке айналып келеді. Солардың арқасында Елбасымыз қойған «Интелектуалды ұлт - 2020» бағдарламасы жүзеге асу үстінде. «Болашақ» бағдарламасы бойынша дайындалып келген кәсіби терең білімді, саяси түсінігі мол, талғамы биік, аналитикалық ойлау қабілеті шапшаң мамандар халықтың әл-ауқатын арттыруда шешуші рөл атқара алатындай дәрежеге жететіні анық. «Болашақ» бағдарламасының маңызы мен беделі артқан сайын талапкерлер саны да өсіп, үміткерлерге қойылатын талаптар деңгейі де өте жоғары.

Осы бағдарлама бойынша күні бүгінге дейін 4000-ға жуық кадрлар дайындалып, олар алған білімдерін әр салада білгір маман ретінде қолдануда. Ел экономикасының дамуында болашақтықтардың үлесі айтарлықтай зор. Шет елде оқып келген маман Елбасымыздың көпвекторлы саясатын, интеграциялық процестерді сауатты жүзеге асыруға зор үлес қосатын болады. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша ғылыми қызметкерлерге шетелдік алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында озық технологияларды меңгеріп, мол тәжірибе алмасулары үшін ғылыми тағылымдамалардан өтуге мүмкіндіктер жасалуда. Соңғы үш жылда еліміздегі жоғары оқу орындарының 75 ғылыми қызметкерлері тағылымдамадан өтіп келді. Тағылымдамадан өтуге 2009 жылы 11 жоғары оқу орнынан 33, 2010 жылы 22 оқу орнынан оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер шет елдерге жіберілді. 2008 жылы ғылыми тағылымдамадан өту үшін 32 стипендиат, атап айтқанда, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Л.Н.Гумилев атандағы ЕҰУ, Жәңгір хан атындағы ЖМУ, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Травматология және ортопедия ҒЗИ, А.Сызғанов атындағы ҰХО РМҚК-дан мамандар жіберілді. Ал 2009 жылы тағылымдамадан өткен стипендиаттар саны 130-ға жетті, ең көп стипендиаттар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дан 42 адам, Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінен 16, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 9, Қостанай облысы Рудный индустриалды университетінен 7, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен 5 адам жіберілді. Өткен жылы да шетелге тәжірибе алмасу мақсатында жіберілген ізденушілер саны ЕҰУ-да басым болып жалпы саны 28 адамды құраса, Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінен 7, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен 5 ғылыми қызметкер тағылымдамадан өтті.

Соңғы 3 жылдың ішінде шетелге ғылыми тағылымдамадан өткен мамандардың барған оқу орындарын қарар болсақ, басым бөлігі ағылшын тілді мемлекеттерді таңдағанын байқауға болады. Жылдан жылға Ресей Федерациясына барушылар қатары азайып келеді. Ал, мамандықтар бойынша - медициналық, техникалық, гуманитарлық оқу орындарының ішінде машық алушылардың басым көпшілігі гуманитарлық мамандыққа ауысып жатқаны байқалады.

Тағылымдамадан өтуге мамандарды шетелге жіберіп отырудың бірден бір тиімділігі - дамыған елдерде қолданылатын озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қысқа уақыт ішінде игеруге мүмкіндіктер береді.

Елімізде жалпы еуропалық көп деңгейлі білім жүйесінің енгізілуіне байланысты, «Болашақ» бағдарламасы бойынша даярланып жатқан ғылыми-педагогикалық кадрлар маман тапшылығын болашақта болдырмауға тиіс. Осыған сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде мемлекеттік оқу орындарының оқытушыларына шетелде магистратура бағдарламасы бойынша білім алуға берілетін квота саны жыл сайын көбейгеніне қарамастан, қызметкерлердің белсенділігі өте төмен екенін атап өткен жөн.

Президент Н.Назарбаев бәсекеге қбілетті мамандар даярлаудың маңыздылығын ескере отырып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша бөлінетін стипендия санын 3000-ға дейін өсіруді тапсырды. Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында болашақтықтардың шетелде білім алуын, елге оралуын және қызметке орналасуын қадағалау үшін 2005 жылы «Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ ашылды.

Елбасы биылғы Жолдауында (31 қаңтар) «Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс. Білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу мен инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін жобалардың үлесі 5 пайызға дейін артады. Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде аталатын болады»,- деді.

Жоғары білім беруде біз Болон процесіне ендік. Жалпы еліміздегі білім жүйесі батыстық білім беру жүйесіне бағытталып отыр. Мамандар, ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда үш деңгейлі «бакалавр-магистр-доктор (философия докторы (Ph), бейінді доктор)» білім беру жүйесіне көштік. «Білім туралы» заң мен «Ғылым туралы» заңның арасында өзара тығыз байланыс болуы қажет. Шетелде тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруда және үміткерлерді іріктеуде айтарлықтай мәселелер бар. Бұл жергілікті ғылыми мекемелердің өздері ұсынатын үміткерлерді іріктеуге алғырт қарауы, жоғары оқу орындарының өз деңгейінде конкурстық іріктеу жүргізбеуі. Конкурсқа қатысатын үміткерлердің ғылыми тағылымдама бағдарламаларына сараптама жүргізбеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбының жоғары оқу орындарының зерттеу жұмыстарына сәйкес келмеуі. Осы мәселелердің алдын алу үшін ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестері үміткерлерді іріктеуге белсене араласуы қажет.

Жоғары білім мен жоғары білімнен кейінгі білім беру мәселесінде шешімін таппай қордаланып қалған мәселелер аз емес. Соның бірі көптеген азаматтар еңбек рыногында сұраныс таппай отыр. Осындай қалыптасқан жағдайлардан шығудың жолын соңғы жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы қолға алуда. Орталық «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып келген мамандардың қоғамнан лайықты өз орынын тауып, жұмысқа орналасуларына септігін тигізіп келеді. Бүгінде аталған орталық Президенттік «Болашақ» білім беру бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастырудың жаңа тәсілін енгізуде.

Сондай-ақ, орталықтың негізгі мақсаты стипендиаттар оқуын бітірген соң жұмыспен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен әріптестік байланысты нығайтып, екі жақты әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қою мәселесі қарастыру. Бүгінде министрліктермен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми зерттеу орталықтарымен, ұлттық компаниялармен, комитеттермен, түрлі агенттіктермен, банктермен жеке команиялармен келісімдер жүргізіліп, 69 меморандумға қол қойылды.

Жыл сайын Ұлыбританияның Лондон қаласында жұмысқа орналастыру жөнінде халықаралық жәрмеңке өтеді. Жуырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ INTERNATIONAL CAREERS FAIR 2011 (ICF 2011) жәрмеңкесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ел дамуы жолында мұндай жәрмеңкелердің тигізер әсері зор екендігіне көз жеткізген соң, осы жылдың ақпан айының басында ірі компаниялардың өкілдерімен ресми кездесулер өткіздік. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен British-Kazakh Society қолдауының арқасында Президенттік «Болашақ» білім беру бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері туралы, KPMG, PWC (Pricewaterhouse Coopers), “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ, Regional Financial Centre of Almaty City (RFCA), “Қазақтелеком” АҚ, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры, “ҚазақстанТемірЖолы” АҚ, Caspi Bank, “Эйр Астана” және көптеген ұйымдармен келісім-шарт жасалды. Осылайша, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенттік «Болашақ» білім беру бағдарламасының түлектеріне жаңа мүмкіндіктер ашып беруде. Яғни, олар оқуларын бітірмей жатып жұмысқа орналаса алады. Ал «Болашақ» бағдарламасы орталық жасап жатқан істердің арқасында алға қойған мақсатына жетіп, ел экономикасының әр саласын жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бәрі де халқымыздың тарихында өшпес із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр... Ендігі кезекте алған білімдеріңізді туған елдеріңнің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар. Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге мен сенімдімін» - деп ел болашағы жастарға үміт артты. Ел тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында білім мен ғылым саласындағы жеткен жетістіктерге көз жүгіртсек, көңіл толарлық істер жасалды. Десек те, боламын деген жастарға жол көрсету, біліктілігі мен білімдерін көтеруге мүмкіндік беру қашанда мемлекеттің басты міндеті болып қала бермек.


Т.З. Рысбеков

Уральск, ЗКГУ им.М.Утемисова


Развитие профессиональной компетентности преподавателя вуза


Присоединение Казахстана к Болонскому процессу актуализировало проблему развития компетентности профессорско-преподавательского состава вуза.

Непрерывное образование в течение всей жизни является важнейшей идеей Болонского соглашения.

Переход от знаниевой парадигмы образования к личностно-ориентированной, направленной на развитие каждого студента, требует высокой профессиональной компетентности современного педагога.

Профессиональная компетентность преподавателя отечественными и зарубежными учеными рассматривается как интегральная характеристика, определяющая готовность и способность наиболее эффективно выполнять свои педагогические функции [1, 2 ,3, 4].

Повышение квалификации ППС ЗКГУ им.М.Утемисова осуществляется Центром повышения квалификации и переподготовки кадров, успешно функционирующем при вузе.

В процессе обучения ставятся и решаются задачи развития таких ключевых компетенций преподавателей как педагогическая, информационная, управленческая, креативная, рефлексивная, коммуникативная и психологическая.

Центром используются современные педагогические технологии: обучение в сотрудничестве на разных этапах познавательной деятельности, дискуссии, кейс-стади, ролевые и деловые игры, метод проектов, мозговые атаки, контекстное обучение, блочно-модульный метод.

Особое внимание в ходе обучения уделяется развитию педагогической компетенции преподавателя. Для молодых преподавателей и эдвайзеров ежегодно проводятся курсы по педагогике высшей школы. Развиваются умения выбора оптимальных форм и методов организации учебного процесса, гибких индивидуальных программ обучения студентов, позволяющих вовлечь их в процесс познания, направить их активность в русло изучаемой науки.

Внедрение принципов Болонской декларации предполагает переход к кредитной системе обучения. Специальные модули для преподавателей посвящены проблемам совершенствования кредитной технологии обучения. В текущем учебном году проведены специальные семинары для преподавателей на темы: «Технологии оценки знаний обучаемых по кредитной системе обучения», «Рейтинговая система оценки успеваемости студентов», «Организация и проведение СРС и СРСП». Эти занятия проведены в форме дискуссии обмена опытом работы начинающих и опытных педагогов.

Советом Европы в качестве ключевой компетентности преподавателя выделяется информационная компетентность. Она предполагает умение самостоятельно искать, анализировать и отбирать необходимую информацию, преобразовывать, сохранять и передавать ее с помощью информационных технологий.

Содержание занятий по этой проблеме в Центре повышения квалификации посвящены темам активного освоения и внедрения информационных технологий в учебные дисциплины созданию учебно-методических комплексов, электронных учебников, внедрению программ дистанционного обучения, расширению доступа к ресурсам сети Интернет.

С целью повышения информационной компетентности ППС систематически проводятся курсы по использованию технических средств обучения, компьютерной графике и др.

Креативная компетентность преподавателя обеспечивает эффективную научно-исследовательскую работу в совершенствовании содержания и методов обучения, систематическое изучение и анализ познавательной деятельности студентов, склонность к инновациям, способность эффективного саморазвития и профессионально-личностной самореализации. В структуре креативной компетентности преподавателя , исследователи выделяют такие качества как способность к творчеству, изобретательность, интуиция, способность решать нестандартные задачи, анализировать, синтезировать информацию, творческое воображение, критичность, гибкость и оригинальность мышления, способность к широким обобщении явлений, не связанных между собой [5, стр. 43].

Занятия в Центре повышения квалификации по этой проблематике посвящены развитию навыков творческого подхода к конструированию учебного процесса, умению поощрять творчество студентов, побуждать их к решению возникающих в процессе обучения проблем.

Преподавателям приходится выступать в роли руководителей различного вида занятий и самостоятельной работы студентов, руководителей производственных практик, курсовых и дипломных работ, выступать в качестве кураторов студенческих групп. Для успешного выполнения этих функций они должны обладать управленческой компетентностью. Она предполагает знания, умения и навыки в области педагогического менеджмента. В семинарах на эти темы для преподавателей и руководителей структурных подразделений уделяется внимание подготовке и принятию управленческих решений, мотивации учебной деятельности, стилям управления, таким функциям как планирование, организация, контроль, регулирование и координирование выполняемой деятельности. Обращается внимание на такие важнейшие качества педагогического менеджера как способность заряжать своей энергией других людей, умению понимать психологию студентов, психологический такт, самообладание, работоспособность и организованность.

В рекомендациях Болонского процесса отмечается конструктивное участие студентов в организации учебного процесса. Студенты, записано в декларации, должны стать полноправными партнерами в управлении образовательным процессом. С целью расширения вовлечения студентов в процесс управления в университете функционирует школа студенческого актива, направленная на формирование управленческой компетенции студенческого самоуправления.

Коммуникативная компетентность преподавателя вуза обусловлена необходимостью осуществления диалога в условии делового общения и взаимодействия. Субъект-субъективное отношение между педагогом и студентом носит двухсторонний характер.

Коммуникации в современных условиях являются основой жизнеобеспечения любой организации. Специалисты в области менеджмента утверждают, что более 70 % менеджеров выделяют коммуникативную компетентность как главное условие на пути достижения эффективности их деятельности, причем тратят на неё от 50 % до 90 % своего времени [4].

В теории управления известно высказывание о том, что «...всякое управление - это, прежде всего, управление людьми». Поэтому насколько полно учитываются характеристики людей - их мотивы, интересы, стереотипы восприятия, установки, жизненные ценности, настолько эффективно будет управление,

Пренебрежение к этим характеристикам ведёт к психологическим барьерам в общении, конфликтам, возникновению напряжённости в общении.

Коммуникативная компетентность преподавателей выступает как система специальных знаний, умений и навыков, обеспечивающих эффективное взаимодействие как со студентами, так и с коллегами по работе. Высокий уровень коммуникативности позволяют педагогу уверенно ориентироваться в разных ситуациях взаимодействия, выбирать эффективные стили управления, оптимальные методы влияния на партнёров по общению.

Коммуникативная компетентность преподавателя предполагает ситуативную адаптивность и свободное владение вербальными и невербальными средствами социального поведения. В состав коммуникативных умений входят умения создавать здоровый психологический климат в коллективе, с помощью средств аттракции располагать к себе собеседника, способность к психофизиологической саморегуляции.

В системе умений, планируемых на модулях, посвященных этой проблеме, выделяются умения формировать цели и задачи деятельности и добиваться их реализации, управлять общением, аргументировано доказывать, внушать, владение техникой устной и письменной речи, умение общаться по телефону, разрешать конфликты. Коммуникативная компетентность предполагает грамотное проведение деловых бесед, навыки слушать и понимать другого, приёмы скрытого управления.

Высокий уровень корпоративной культуры предполагает наличие у преподавателей потребности и умения общаться, способность проявлять эмпатию к студентам, аутентичность, проявление интереса к партнёру, проницательность, способность к самоконтролю и самокоррекции. Эффективные коммуникации обеспечиваются созданием атмосферы взаимного доверия, стремлением подвести собеседника к желаемому результату.

Корпоративные коммуникации решают в качестве первоочередных задач настраивание студентов на труд, координацию их усилий и действий на выполнение конкретных задач. Ли Яккока в своей книге «Карьера менеджера» пишет: «Управление представляет собой не что иное, как настраивание людей на труд. Единственный способ настраивать людей на энергичную деятельность - это общаться с ними» [6, стр. 123].

Психологическая компетентность рассматривается как система прикладных психологических знаний о человеке как личности, индивиде, индивидуальности и субъекте труда, включенного в совместную деятельность. Психологическая компетентность позволяет преподавателю хорошо разбираться в людях, точно определять их личностное и характерологические особенности, мотивы поведения и деятельности. Эта компетентность включает в себя такие направления, как социально-перцептивная, аутопсихологическая и рефлексивная.

Модули обучения, посвященные этой компетентности, включают знания по психодиагностике, типологии личности, современным технологиям нейролингвистического программирования, особенностям трансактного анализа, различным приемов влияния на людей. Проведённое на практических занятиях исследование личности с чертами акцентуации дало слушателям возможность получить ценные данные для прогнозирования их успешности в профессиональной деятельности. Акцентуация позволила выделить группы студентов повышенного риска, характеризующихся высокой вероятностью возникновения адапционных нарушений.

На практических занятиях по риторике уделяется внимание таким индикаторам коммуникативной речи, как скорость, громкость голоса, артикуляция, интонационные характеристики. Рассматриваются основные стили устной и письменной речи. Слушатели развивают навыки лекционного выступления, полемизирования, проведения диалога, с учетом психологических особенностей партнеров и их состояний.

Внимание на психологических модулях уделяется формированию методов психологической проницательности, которые позволяют точно определить личностные особенности другого человека, его состояние, намерение, мотивы и на этой основе строить точные прогнозы его поведения.

Специальные занятия посвящены проблемам физиогномики, невербального общения, графологии, цветоповедению и психогеометрии.

Интерес у преподавателей вызывают социально-психологические тренинги, посвящённые поведению в типичных ситуациях общения. В этюдах этих тренингов отрабатывались умения слушать и слышать собеседника, отзеркаливать его, соблюдать правила делового этикета.

В ходе тренингов обращалось внимание на следующие психологические индикаторы общения: невербальные сигналы, сопутствующие высказыванию (поза, жесты, мимика), паралингвистические (интонация голоса), экстралингвистические (темп, пауза и другие), праксимические показатели, особенности визуального контакта.

Особая активность преподавателей проявилась в ходе деловых игр.

Анализ конкретных конфликтных ситуаций делового общения, нередко встречающихся в процессе обучения, был направлен на формирование конфликтогенной компетентности преподавателей. На занятиях отрабатывались умения управлять конфликтами, определять их истинные причины, находить пути разрешения конфликтных ситуаций.

Практикумы были посвящены делопроизводству, общению по телефону и электронной почте.

Чтобы управлять людьми, необходимо познать самого себя. Самопознание оказывается значительно труднее, чем оценка других. Проведение психологических тестов в ходе практических занятий способствует формированию у педагогов представлений о своих личных особенностях, сильных и слабых сторонах, позволяет на основе самооценки отнести себя к тому или иному психологическому типу. Тестирование представило информацию для размышлений и о себе, и о других.

Так как преподавателей справедливо относят к группе риска, специальные занятия на курсах посвящаются психическому здоровью специалистов, их стрессоустойчивости, здоровому образу жизни, проблемам психологической защиты.

Рефлексивная компетентность выделяется в качестве одной из ведущих в психологической компетентности преподавателей. Она рассматривается как процедура анализа мышления и деятельности, критического отношения к ним со стороны субъекта, как поиск новых форм, дающих возможность выхода на новые уровни деятельности. Рефлексия – своеобразный процесс зеркального отражения индивидами друг друга, при котором рефлектирующий субъект воспроизводит внутренний мир собеседника. Рефлексивные способности позволяют педагогам осуществлять адекватную самооценку полезности собственной преподавательской и исследовательской деятельности, осознание личной ответственности за результаты обучения, готовности к профессиональному росту.

Процесс формирования профессиональной компетентности, как правило, вызывает большой интерес у преподавателей, побуждая их на практике наиболее эффективно выполнять свои педагогические функции.