Жаркенов Бауржан Капарович, учитель физики высшей категории Цель и задачи урок

Вид материалаУрок

Содержание


Байботанова Аида Жуманқызы
Сенімділіктің құрылымы болады.
Подобный материал:
1   2   3   4   5




Байботанова Аида Жуманқызы,

мұғалім- психолог бірінші санатты



Мақсаты: Қатысушылардың өзінің ішкі дүниесін ұғыну және бағалауды көрсету.

Тренигтің міндеті:
  • Сенімділік пен сенбеушілікті ұғыну;
  • Сенімділік пен сенбеушіліктің негізің (көздерінен) ұғыну;
  • Өзін-өзі бағалауды дамыту.

Керекті заттар:
  1. Тасба (магнитофон)
  2. Классикалық музыка
  3. Жұмсақ ойыншық
  4. Гүл
  1. Танысу.

Жаттығу: Қатысушылардың өз-өзіне сырттай қарауды таныстыру. Тренинге қатысушылар ортаға шығып өз есімін атайды. Басқа адамдар қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын байқап, қайталайды.

2. Сенімділік деген не екенін түсіндіру. Сенімділіктің құрылымы.

Сенімділіктің құрылымы болады.


Мақсат қор өзін-өзі бағалау

Мақсат – сенімділіктің ең негізгісі. Егер адам өзіне бір мақсат қойып және соған жетуге ұмтылса, бұл адамның өз-өзіне мол сенімділігін көрсетеді.

Қор (ресурс)- ол білімі және тәжірибесі. Өмірде басынан кешірген жағдайын жақсы білсе, немесе өткен шақта сол жағдайдан табыспен шыққанда, өз-өзіне сенімді болады.

Өзін-өзі бағалау – ол адамның өзінің бағалауы. Ең маңыздысы –адекваттылық (дәлдік).

3 жаттығу

Мақсаты: сенімді адамның қасиетін көрсету.

Қатысушылар болған жағдайды еске түсіреді, қашан олар өзіне сенімді болған кездерді және қасиеттерді жазады. Таблица жасайды және толтырады:

Мақсат

Қор

өз-өзін бағалау

қасиеттері













Жұмсақ ойыншықты бір-біріне беріп сол қасиеттерді айтады.
  1. жаттығу «Интервью» (Сұхбат)
  1. Сұрақ-қарама-қайшы мәнді . Мысалы: «Сіз тәттіні жақсы көрсіз бе?», келесі сұрақ «Бірақ тәтті адамға зиянын тигізеді ғой?» т.б.
  2. Сұрақ-бейне. «Сіз өзінізді әдемі орманда елестетіңіз….»
  3. Бейтарап (нейтральный) сұрақ. «Маған бір кеңес беріңізші….»

Әр адамның міндеті- интервью алған кезде адамның қимыл-козғалысын, бет-әлпетін, өз-өзіне сенімді болған кезін байқап отыру және өз қағазына жазу.

Формула: «Сіз өз-өзіңізге сенімді болушы едініз, егерде….»
  1. Сенімділік пен сенімсіздіктің негіздері.

Топта жұмыс.

Әр нәрсенің өз негізі болады. Кәзір сіздердің міндеттерініз, сенімділік пен сенімсіздіктің негіздерін анықтау.

Сенімді

Сенімсіздік

-өэін-өзі бағалау

Жаман көңіл-күй

-дұрыс тәжірибе

Басқа адамның алдында жауапкершілігі

-басқа адамның сенбеушілігі

өтініш

-жүйелі мақсат

Басқа адамның сенімділігі

Айқындылық

Жағымсыз тәжірибе

әңгімелесушілердің бірдей жағдайы

белгісіздік, қауіп-қатер

жақсы көңіл-күйі



  1. Сенімді адамның ережесі
  1. Тәулсіз болу құқығы.
  2. Өзі жалғыз болу құқығы.

3.Табысты болу құқығы.

4Ой-пікірін толық тыңдатуға және қабылдатуға құқылы.

5.Ақысы төленген нәрсені алуға құқылы.

6. Құқықты болу құқығы.

7.Өзінің кінәсін сезбей, өтінішті қабылдамауға құқығы бар.

8.Өзіне керек нәрсені сұрау құқығы бар.

9.Қателесуге және оған жауапты болуға құқығы бар.

8. Жаттығу «Гүл»

Мақсаты: өз мүмкіндіктерін ұғыну.

Нұсқау.
  1. Гүлге мүқият қараңыз. Сол гүлден бір нүктені тауып, соған көз тоқтатыңыз. Өзіңізді гүлге теңеп, елестетіп. Әуелде гүлдің түйіршігін өз кеудеңізде елестетініз, сонан соң оны үлкейтіп өзіңізді осы гүл деп санаңыз. Өзімізге қарап, қолдың орнына жапырақ, аяқтың орнына жасыл сабағын, дінін елестетіңіз.
  2. Сіз өзеннің жағасында өсіп тұрғаныңызды елестетіңіз. Жан-жағыңызға қараңыз. Есіңізге сақтаңыз. Өзенді, шөптерді, талдарды. Кеш басталды, түн, салқын жел соғып тұр. Сіз өзіңіздің жалғыз екеніңізді сезінесіз. Сіз күннің көзін жылуын армандайсыз. Сіз жарықты күтесіз. Міне, күн шықты. Сіздің жапырақтарыңыз күнге қарай ұмтылады. Айналаңызға жарық түсті. Сіз ойлайсыз: Қараңдаршы,мен қандай сұлумын! Маған сүйсініп қараңдар,мені аялаңдар! Егер мен сіздерге қуаныш сыйласам, өзімді бақытты сезінемін. Өмір қуанышы.

Рефлексия. Соныңда қатысушылар мынындай сөзбен аяқтайды «Менің қолымнан келеді…».

Сіздер барлықтарыңыз өздеріңіздің жақсы жасайтын нәрселерді айтыңыздар, өйткені Сіз өз-өзінізге сенімдіңіз.