Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті

Вид материалаДокументы

Содержание


Еуропа елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі кешенді саясат
Қазақстан республикасының еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалығы
К проблеме демографической ситуации в республики казахстан
Рождаемость населения
Число родившихся
Подобный материал:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

^ ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ КЕШЕНДІ САЯСАТ

Ғ. Имакова,

саяси ғылымдар кандидаты, ЕҰУ доценті


Еуропа елдеріндегі азық түлік қатынастары халықаралық нарықтағы ең көне азық – түлік нарығы болып саналады. Бұл елдерде XIX ғасырдың 70-жылдардың өзінде халықаралық және ұлттық азық - түлік қауіпсіздігінің проблемалары көпшілік назарына түсті. Басқа елдерге қарағанда, бұл ұғымның көптеген анықтамалары бар. Әр түрлі елдерге қарағанда, бірқатар ерекшеліктері де бар, ол қоғамның барлы мүшелері денсаулығын және белсенділігін сақтау үшін жеткілікті мөлшерде қоректену мен азық-түлік ресурстарын пайдаланатындай жағдайды қалыптастыруды қарастырудан бастап, азық-түлік қауіпсіздігінің макроэкономикалық жағдайымен, қоғамдық өндірістің тиімділігімен, халықтың табысымен, экономиканың азық-түліктік секторымен анықталады.

Азық-түлік қауіпсіздігі елдің бүтіндей экономикалық дамуына және ауылшаруашылық азық-түлік секторына себепші, сонымен қатар әлеуметтік, ауылшаруашылық азық-түлік және мемлекеттің ішкі экономикалық саясатына, сонымен қатар тиімді азық-түлік сапасын тексеру жүйесіне тәуелді болады.

Жалпы жағдайда азық-түліктің қауіпсіздігі - бұл саясаттың әлеуметтік және экономикалық аспектісі бар жиынтық түсінік болады. Онымен әлеуметтік-экономикалық процестерді осы ортада, формада және әдістерде реттеу кезінде мемлекеттің ролі қандай деген сұрақ ерекше мәнге ие болады.

Азық-түліктің қауіпсіздігін халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету сенімділігімен қарастыру керек (азық-түлік ресурстарын жасау және оларды пайдаланудың тұрақтылығы), сонымен қатар ішкі және сыртқы халықтық қызығушылықты сақтау, азық-түлік ортасында мемлекеттің тәуелсіздігі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігінің тағы бір аспектісі - бұл халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуын тоқтату және алдын алу болады.

Кездейсоқ азық-түлік жағдайы-физиологиялық нормаға сәйкес қажетті азық-түлікпен халықты қамтамасыз етудің Еуропа территориясында қауіп-қатерге ұшырауы немесе оның ұстанымының ескіріп қалуы, мемлекеттік реттеудің дұрыс шара болмау қолданбауымен байланысты жағдайларда айтылады. Мұндай жағдайда мемлекет пен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету ең аз деңгейде, немесе шектен тыс көп болады. Осы тұрғыдан еуропалық тәжірибе қызықты Мысалы, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі азық-түліктің стратегиялық резервтерін және жүйелерін, олардың таралуын алдын-ала ойлағандықтан, артық өнімді «помидор атқылау», «апельсин мерекесі» тәрізді көңілді шараларға бағыттайды. Бұл жағдайда, екі бірдей ұтымды шарт бар.

Біріншіден, өнімнің көптігінен оның құны түспейді.

Екнішіден, стратегиялық бағыттың түзетулері орын алмайды.

Азық-түліктің сратегиялық бағыты, оның стратегиялық резервімен байланысты. Бұл ұғым – азық - түліктің таусылмайтын және оперативті қорынан тұратын мемлекеттік материялдық резервтің бөлігі. Мұндай резервтің жеткіліктілігі кездейсоқ жағдайда қолдану тұтыну кәрзеңкесінің халықты ең аз өлшемде азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік стртегиялық резервтен бөлек азық-түліктің оперативті дайындық сұранысы және ұсынысы арасында диспропорция туындаған жағдай да ішкі азық-түлік нарықты реттеу бойынша мемлекеттік қажеттілікті және оларды жүзеге асыру шаралары үшін керек болады.

Еуропа елдерінде азық - түлік нарығы климаттық зоналарда және агроөнеркәсіптік азық-түлік дамыту деңгейі бойынша белгілі түрге бөлінеді. Азық-түліктің әр түрлі түрін пайдалану спецификациясы бойынша Біздің елде жасалатын азық-түлік қорының аймақтық дифференциалды болуы Еуропа елдерінде байқалмайды. Солтүстік аудандар үшін оларға теңестірілген жерлер үшін азық-түлік жеткізу уақыты басқа аймақтарға қарағанда жеткізу уақыты жедел болуы керек болса, Еуропа елдерінде бұл мәселе тұрмағандай.

Еуропа елдеріндегі басты мәселе – нарықтағы жеке меншік жер иелерінің өнімдері мен жеке меншік тауар өндірушілердің заңнамалық негізін жетілдіру. Сондықтан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) енудегі тәртіптер бүкіл әлемге таратылып отыр.

Бұл тұрғыда нарықтық экономикадағы бәсекелестік маңызды рөл атқарады. Мысалы, Қазақстанның ДСҰ-ға енуінде бірқатар жақсы жақтары болғанымен, біраз қиыншылықтары бар. Жылдан жылға ДСҰ-ға кірем деушілердің саны артқанымен, онда қойылатын талаптардың қатаңдығы да арта түседі. Бұл әлемдегі ең дамыған мемлекеттермен бәсекеге тұруға қабілеттіліктерін салыстыратын сынақ секілді. Өйткені, жыл сайын өнімнің сапасын жақсарту мақсатында оған қойылатын талаптар күшейтіледі. Ал өнімнің сапасын арттыру үшін, оны өндіретін кәсіпорынның техникалық жағдайын да ескеру қажет. Әйтсе де, кәсәпорындағы құрал-жабдықтар уақыт өте келе тозығы жетеді. Олар белгілі бір органдардан экспертизадан өтуі тиіс, егер тексеріліп жатқан нысанның жұмыс жасау қабілеттігі белгілі бір ақауларға байланысты төмен болса, онда ол жабдықтарды түгелімен жөндеуден өткізу керек, не болмаса түгелімен жаңасына ауыстыру қажет. Өкінішке орай, мемлекеттен әр өнім өндіретін кәсіпорынның құрал-жабдықтарын ауыстыру үшін өте көп мөлшерде қаражат керек, қазір ондай қадамдар жасауға мемлекет қабілетті емес. Ғылыми-техникалық деңгейдің төмендігі, жоғары маманданған кадр мен мол тәжірибенің жетіспеушілігінің салдарынан, экономиканың айтарлықтай жетістіктерге жетуіне тосқауыл болып отыр.

Отандық рыноктағы сүт өнімдерінің көбісі шет елдерден келгендер. Ал біздің сүт өнімдері өндірісінің тек 0,7%-ын ғана экспортқа шығаруға қабілетті.

Саудада мемлекет барлығына бірдей экономикалық, құқықтық және басқару ұйымдастыршуылық шарттар қояды.Сондықтан, стратегиялық бағыты бар мемлекет аграрлық экономикалық саясаттың бәсекеге түсу қабілетінің ДСҰ-ға мүше болып кіруімен тікелей байланстырады.

А.Смит, Д.Рикардо, Дж.С.Милль, К.Маркс сияқты ғалымдардың экономикалық бәсекелестіке қатысты ойларын жазған туындыларында анық көрінеді. Оларды әрі қарай дамытып, өрбіткен: А.Маршалл, И.Шумпетер, Э.Хенердің еңбегінде кездестіруге болады.

ТМД елдерінің нарықтық реформаларды бәсекелестік мәселеріне ғылыми қызығушылықтары артты. ТМД елдерінен шыққан ғалымдар: Азоев Г.Л, Лифиц, Градов және т.б бірқатар ғалымдардың еңбектерінде жеке өнімге бәсекелестікпен қамтамасыз ету мәселеріне байланысты айтылады.

Азық - түлік қауіпсіздігі нарықтың азық - түлікті өндіріп ұсыну мен сатып алуға қабілеттілікпен қамтамасыз етілген тұтыну арасындағы тепе - теңдік. Сонымен қатар, азық - түлік қоры болуы шарт. Азық - түлік қауіпсіздігі адам мен қоғам өміріндегі басты қажеттілік болып табылады.

Азық - түлік қауіпсіздігіне қатер ретінде азық - түлік нарығындағы ахуалды нақты тұтынушы үшін ыңғайсыз болатын өзгерістерге әкелетін шарттар мен факторларды есептейді.

Азық түлік қауіпсіздігінің сыртқы және ішкі қатерлерін бөліп көрсетеді. Сыртқы қатерлер экономиканың ашық болуымен байланысты. Ішкі қатерлер жалпы сұраныс пен жалпы ұсыныстың өзгеруіне соқтыратын ішкі жағдаймен байланыста. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ұсынысы тұрғысынан нарықтық қатынастарға әсер ететін маңызды шарттың бірі - елдегі аграрлық сала қызметінің тұрақсыздығы. Аграрлық сала дағдарысының өткірленуіне тікелей себеп болған - қалпына келтіру тетіктерінің ауыл шаруашылығы мен өндіріс айналымындағы құн теңсіздігіне негізделген құлдырауы болды. Ауыл шаруашылығы «құн қайшылығы» тетіктерінің көмегімен өндірісті қаржыландыру көзіне айналды. Осындай аграрлық саясаттың нәтижесінде ауыл шаруашылығы азып - тозды. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың жағдайы ел тұрғындарының тағамдық өнімдерді тұтынуының дәрежесі мен құрылымына әсерін тигізді. Азық - түліктің жетіспеуі импорттың есебімен жабылады. Қазіргі күні азық -түлік импорты азаймай, өсіп келеді. Мысалы, Қазақстанның азық - түлік әлеуеті өз халқын азық - түлікпен қамтуға жеткілікті. Бірақ, неліктен азық - түлік жетіспеуі орын алуда? Себебі мемлекеттің аграрлық салаға көзқарасының ғылыми негізі болмауында. АҚШ - та аграрлық сала өнімінің – 23-25 пайызы мемлекеттік қолдау арқылы өндіріледі. Мұнда саланың кешенді және жүйелі негізде дамуына жасалған мемлекеттік қамқорлық саланың дамуын бұрынғы стихиялық сипаттан жоспарлы сипатқа көшірді. АҚШ - та азық - түлік қауіпсіздігі туралы заң жұмыс істейді. Заңның негізіне тауар өндірушінің басымдығы жатады. Еуроодақ елдерінде де осындай жағдай. Бұл елдердегі ауыл шаруашылығын қолдау орта есеппен жылына 40 миллион евроны құрайды. Еуропаның аграрлық саласын қаржыландыру да біздің елдегі ахуалға ұқсас. Бірақ Еуропадағы азық - түлік қауіпсіздігі мәселесі нарықтағы лоббизммен байланысты. Лоббистердің бірі жекелеген импорттаушы елдің мүддесін, екіншісі - компаниялардың мүддесін, үшіншілері - қылмыстық топтардың мүдделерін қорғайды.

Қазақстан үшін де азық - түлік қауіпсіздігі туралы заң қабылдау қажеттілігі аса өзекті мәселе. Әлемнің 95 пайызына жуық елдерде мұндай заң қабылданған. Қазақстанның азық - түлік қауіпсіздігінің негізіне:

- өндірістің негізгі қорын жаңарту коэффициентінің оның ескіруінің алдын алуы;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің меншік түріне байланыссыз тиімділігін арттыру;

- аграрлық саланы мемлекеттік бюджет есебінен қолдауды өөө пайызға ұлғайту;

- айлық табыс мөлшерін ұлғайту;

- ауылда жастарды ұстап қалу саясатын нығайту.

Азық-түлік қауіпсіздігінің халықаралық қауымдастыққа төндіретін басты қаупі ашаршылықпен байланысты. Өркениеттік технологиялардың қазіргідей дамуы мен оның байланысқа әсері, сауда мен көмек көрсетудің халықаралық жолдарының барынша кең таралуы кейбір аудандарда орын алған қуаңшылық немесе басқа себептерден туындайтын шектеулі ашаршылықты тез жоюға мүмкіндік береді. Дегенмен, ашаршылықты жедел жойып, оған көмектесу азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың басты шарты емес. Азық-түлік қауіпсіздігін іске асырудың басты шарты – ашаршылықты болдырмау.

1972 жылы әлемде орын алған азық-түлік нарығындағы дағдарыс халықаралық қауымдастықта ашаршылықтан астам мазасыздану тудырып, оның себептерін зерттеуге жұмылдырды. Себебі ашық және жалпыға бірдей: азық-түлікке қажеттіліктің әлемдік жағдайдағы азық-түлік өндіруден артық болуымен байланысты болып шықты. Осы жағдай екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан азық-түлік қауіпсіздігі тетіктеріне сын көзбен қарап, оны жетілдіруді қажет етті.

Зерттеулер нәтижесі әлемдегі дамыған елдерде де ашық ашаршылық болмағанмен, азық-түлікті рационалды тұтынуды реттеу тетіктері жоқ екенін көрсетті.

Халықтың жартысына жуығы ауылда тұратын Қазақстан үшін ашаршылық қаупі алыс болғанмен, азық-түлікті жеткіліксіз тұтыну орын алып отырғаны мәлім. Әрине, оның астары әлемдік азық-түлік нарығындағы сұраныс, ұсыныс және реттеу үрдістерімен байланысты екендігін желеу етіп, мәселені жылы жауып қоюға да болады. Бірақ, бәсекеге қабілетті ел түлегі болу - азық-түлікті жеткіліксіз тұтыну немесе аш құрсақ болу қоғамның саяси және экономикалық құрылымында жатқан кедейшіліктен туындайтынын білумен қатар, оның алдын алудың мемлекеттік реттеу тәсілдерін жетілдіруге міндеттейді. Қазіргі Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік реттеу тәсілдерін ағарту және үгіт-насихат жұмыстарын белсендіруге және ауыл шаруашылығы салаларын өнім өндіруге тікелей және жанама ынталандыруға бөлеміз.

Әлемдік азық-түлік проблемасының әртүрлі аспектілері өзара тығыз байланысты. Бірінің тереңдеуі екіншісіне әсер етеді. Мысалы, астық қоры таусыла бастағанда, ашаршылықтың алдын азық-түлік көмегімен алудың да мүмкіндігі шектеледі. Астық бағасының көтерілуімен аштар саны да арта бастайды. Өз табысының 70 пайызына жуығын тамаққа жұмсайтын адамдар нан бағасы екі есеге көтерілгенде ашаршылыққа ұрынады. Ашығу проблемасы әлемдік азық-түлік нарығында қалыптасқан сұраныс пен ұсынысты реттеу дағдарысымен тығыз байланысты. Бірақ, мемлекеттік саясатты дұрыс жүргізу арқылы жағдайды тұрақтандырғанмен, ашығу проблемасын түпкілікті шешу мүмкін емес. Тіпті қамбаны толтыра астық жинап алғанда да, ашығу проблемасы қала береді. Ашығу немесе аш болу қоғамның саяси-экономикалық құрылымынан туындайтын кедейшіліктің салдары. Кедейшілікті жою үшін күрделі әлеуметтік және саяси реформалар қажеттілігі белгілі. Көптеген жағдайда тікелей ашығу емес, дұрыс тамақтана білмеу туралы айтқан жөн. Мысалы, білместік пен астамшылықтан тұрғындар жергілікті өнімді тұтынудан бас тартады немесе жарнама елесіне шектен тыс еліктеу орын алады.

Қазақстан жағдайында жер телімдерін бөлудегі теңсіздіктер де азық-түлік жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Себебі ауыл тұрғындары кедейшілік салдарынан алыстағы жер телімдеріне немесе су жеткізе алмайды немесе оны егуге қатынай алмайды. Ал ауылдық жерлердегі азық-түлік нарығының дайын өнімдерге ұсынысы тұрғындар табысының барлығына жуығын жұмсауды қажетсінеді.

Сонымен қатар, халық арасында салауатты өмір сүру шарттары ретінде дұрыс тамақтану жолдарының кең насихатталмауы да елде қалыптасып отырған ашығудың басты себептерінің бірі. Дәрігерлер арасында белок пен қуат жетіспеушілігі деп аталған денсаулық ахуалы-ауру алдындағы иммунитеттің тапшылығына әкелетін алғашқы шарттардың бірі. Қазіргі экономикалық дағдарыс жағдайдағы белок тапшылығы, әсіресе, балалар мен аяғы ауыр аналар үшін қауіпті. Әлем елдерін зерттеу нәтижелері экономикасы дамымаған елдерде мектепке дейінгі балалардың 1-7%-ның экономикасы дамыған елдердегі құрбы-құрдастарымен салыстырғанда дене салмағы 60%-ға төмен болғанын көрсетеді. Мұның салдары ретінде кез-келген ауруды тез қабылдаудан бастап өмір сүру жасының қысқаруына дейінгі мысалдарды көптеп келтіруге болады. Белок-қуат жетіспеушілігі нәрестелер өмірін қатерге тігіп қана қоймайды, олардың болашағын анықтайтын да теріс күш болады. Экономикалық дағдарыстың белок-қуат жетіспеушілігіне ұрынған құрбандары ақыл-ой кемтарлығына ұшырауы мүмкін.

Жалпы ғылымда ашаршылыққа ұшыраған адамның ұрпағында гендік дәрежеде организмде азық-түлік қорын жасауға бейімділік байқалатыны айтылады. Ашаршылық құрбандарының көбінің ұрпақтары семіруге бейім болатынын да зат алмасудағы осындай себеппен түсіндіреді.

Мемлекеттік өндірістік қауіпсіздікке қол жеткізудің негізгі шарты - өнімнің экономикалық қол жетімділігін анықтайтын, кедейшілік көлемінің қысқаруы және халықтың табыс деңгейі.

Тұтынушылық сұраныс пен тұтыну тауарларының жан басына шаққандағы орташа деңгейі, халықтың ақшалай табысының өсу деңгейі мен азық-түлік тауар бағасының қатынасына байланысты.

Еуропа елдеріндегі макроэкономикалық жағдайдың жақсаруы және кедейшілік көлемін төмендеуіне бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясат халықтың ақшалай табысының өсімін қамтамасыз етті. Дәл осы уақытта азық-түлік тауарларына тұтыну бағасының өсу деңгейінің төмендеуі көрініс тапты. Сонымен қатар, номиналды табыс, еңбекақы және зейнетақы өсімі азық-түлік бағасының жоғарылауынан біршама озды. Бұл халықтың түрлі әлеуметтік топтары үшін өнімнің қол жетімділігін кеңейтті. Сонымен қатар, сапасы бойынша және тұтыну ыңғайлығына байланысты жоғары тұтыну құндылығы бар тауарларға сұраныс өсті.

Және де соңғы онжылдықта аймақ бойынша, және әлеуметтік топтардың табысын поляризациялау өте қарқынды өсті және сақталып келеді. Кедейліктің шегінде және шектен тыс жатқан халықтың көлемді қабаты қалыптасты.

Еуропа елдеріндегі аграрлық қатынастардың азық түлік қауіпсіздігіне әсеріне тоқталсақ, осы саладағы дағдарыстардың сипатын беруіміз керек.

Аграрлық дағдарыстар ерекше қайшылықтардың дүмпуі,ол рентаға және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен дәстрлі артта қалуында. Аграрлық дағдарыстардың ұзақтығы соншалық ол жалпы артық өндіру дағдарысы мен уақыты жағынан сәйкес келмейді және жалпы экономикалық дағдарыстардың басқа фазалармен жалғасады.

Аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды. Мысалы, 19 ғасырдағы циклдық өнеркәсіп дағдарыстары 1900, 1907, 1929, 1937 жылдардағы дағдарыстар аграрлық дағдарыстардың бастапқы нүктесі бола алмады. Алайда циклдық өнеркәсіп дағдарыстары, әдетте, ауыл шаруашылығы өндірісінің едәуір бөлігін, әсіресе оның инфрақұрылымын, қызмет көрсету саласын қамтиды.

Біраз зерттеушілер бұрынғы кеңес экономисі Л.Мендельсон, экономикалық дағдарыстар циклдар теориясы мен тарихы бойынша іргелі еңбектердің авторы ауыл шаруашылығындағы артық өндіру дағдарысы екі түрде көрінеді деп есептейді: циклдық артық өндіру,ол тек ауыл шаруашылығында циклдық дағдарыстың жалпы әрекетін білдіреді, екінші ұзақ аграрлық дағдарыс. Сонымен қатар артық өндіруді Мендельсон екінші көрінісі түрі деп қарады. Ол өнеркәіптегі дағдарыстың әсерінен ауыл шаруашлығыныңылығы өнімдеріне деген сұраныс қысқарады. Ол мұның өзі ауыл шаруашылығы өндірісінің өнерпәсіптен артта қалуынан туады деп көрсетті.

Аграрлық дағдарыс шикізат пен азық түллікке өнеркәсіп сұранысы циклы қысымынан тумайды,сол ауыл шаруашылығының өзінде дамитын процестердің негізінде пайда болады.

Қазіргі ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік негізде өркендеуі мұндағы циклдық дағдарыстарды бір ізге салу, үйлестіруге мүмкіндік береді. Бірақ аграрлық дағдарыстардың осы күнгі шаруашылық өсуінің ерекше түрі ретіндегі себептері сақталады. Аграрлық дағдарыстар қазіргі жағдайларда көбіне рыноктық экономикасы нашар дамыған елдерде көрінеді. Алдыңғы қатардағы елдер ауыл шаруашылығында өнеркәсіп өндірісінің жаңа нәтижелерін кеңінен пайдаланып,осы арқылы өндіріс құрал-жабдықтарын жарақтандырудағы алшақтықты жоюға ықпал етеді. Ауыл шаруашылыгындағы аграрлық және циклдық артық өндіру дағдарысынан шығу үшін экономикалық жалпы заңдылықтарды жүзеге асыру керек.

Бұл тұрғыдан Еуропа елдеріндегі әкімшілік басқарудың қатарына жататын заңдар, қаулылар және тағы да басқа әкімшілік шешімдер арқылы сол және басқа да экономикалық реттелудің жүзеге асырылуы басталады. Бұндай формалардың аясында реттелу талаптары мен ынталарының өмірге келуі қажетті бағытта өндіріс дамуының қолдауға ие болуы түсініледі. Бұл қолдау әртүрлі экономикалық әдістердің арқылы өндірістің шектелуіне алып келеді. Экономикалық әдістердің ерекшеліктері адамдарға (өндіріс орнында жұмыс етушіге, өңдеушіге, сатушыға, тұтынушыға) экономикалық қажеттіліктері үшін өзіндік шешімдерін шығаруына себеп болады.

Экономикалық реттелу қаржылық, салықтық, кредиттік, және бағалы өлшемдері арқылы көрінеді. Қаржылық өлшемдер дегеніміз – субсидиялар, компенсациялар, қарыздар рестукризацияның әртүрлі жүйесі, сақтандыруды қолдаулар болып табылады. Одан бөлек, сатып алу және өнімдерді базар бағасымен сатуға шығаруы, білім мен ғылым игеруге, алға қарай талпынысқа ынталандыру мен ауылдық құрылыстың дамуына жұмсаған шығындары арқылы әртүрлі резервтердің өмірге келуінің қаржыландырылуы деп түсініледі. Субсидиялар мен компенсациялар өнімді (өнім өндіру мен оны сатуға, мал басына немесе жер көлеміне байланысты), инвестициялық (мемлекттің тікелей инвестициясы), сол және басқа да өнімді сату мен қолдануға ауыл шаруашылығындағы кірістің белгілі бір дәрежесі. Дамыған мемлекеттерде тұтынушыларға арналған субсидиялар қолданылады. Міндеттемелердің рестуктуризациясының әр түрлі жүйелері мемлекетке қарыздырын қайтару үшін ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудегі ауыртпалықтарын жетілдірудің ережелері ретінде қолданылады. Бұл қарыздарының орнына орталықтандырылған кредиттер, федералды және аймақтық бюджеттер,бюджеттен тыс фондтарға төлемдер болуы мүмкін.

Сақтандыруды қолдау ауылшарушылық тауар өндіруді сақтандыру төлемдерінің ережелері деп аталады. Еуропада түсімді сақтандыру қолданылады. әлемдік тәжірибедегі ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудегі кірістерді сақтандыру да қатар қолданылады.

Салықтық өлшемдер әртүрлі салықтарды өндіріп алды реттеумен байланысты және сонымен қатар акциздер мен жер салығына қосымша бағалар да қолданылады. Негізгі белгісі салық ауыртпалығына байланысты көрінеді. Ауылшаруашылығына салынған салық оның экономикалық жағдайына байланысты жеңілдіктерді де қарастырылады. Бұл жеңілдіктер өнімнің өндірілуіне, меммлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс фондтарға төлемдерді есепке алынып салынады.

Бағаларды реттеу ең басты маңызға ие. Кепілденген бағалардың қолданылуы ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде кіріс көлемін тұрақтандыру үшін маңызды. Бағалы өлшемдер қатарына бағалы субсидияларды, мақсатқа арналған кепілді төлемдер жатқызамыз. әлемдік тәжірибеде олар әр түрлі атауларға ие, солардың қатарында өнімдерге, зәйтүнді, мақталы, және т.б- ларға компенсациялы төлемдер, және осы елдерде сүт өнімдеріне компенсациялы төлемдер беріледі.

Аграрлық саясат пен мемлекеттік реттеулердің ықпалдарының көрсеткіштері тұспалданған мемлекеттік реттеулер мен нақты нәтижелерді салыстыра отырып, қол жеткізілген міндеттердің дәрежесін көрсетеді. Көрсеткіштер сапалық және сандық мәнге ие болады. Кеңінен қолданылатыны альтернативті бағалаулар: алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді (ия) немесе қол жеткізілмеді (жоқ). Қол жеткізілген нәтижелердің сандық дәрежесі фактілік, тұспалданған немесе қажетті көрсеткіштердің коэффициенттік қатынастарымен өлшенеді. Агроөндіріс кешенінің аграрлық саясаттың негізгі мақсаты ретінде экономикалық және әлеуметтік өлшемдері алдыңғы қол жеткізілген нәтижелерді көрсеткіштерді сақтау мен төмендемеуді көздейді. Сондықтан да мақсатқа жету дәрежесі динамикалық көрсеткіштердің көмегімен анықталуы мүмкін. Салыстырмалы базаның сапасы және саясаттың жанама мақсаттары алдыңғы кезеңдердегі қол жеткізілген дәрежелерді алады, ал шын мәніндегі нәтижесі екеуінің ара қатынасының көмегімен анықталады. Ықпал етудің көрсеткіштері мемлекеттің аграрлық саясаты үшін қолданылады. Егер аграрлық саясаттың негізгі міндеті экономикалық жүйені бекіту мен қолдау болатын болса, бұл мақсатқа қол жеткізілмеген. Керісінше, жасалынған жоспарлы экономика қиратылған. Еуропаның бағаны либерализациялауы мемлекеттің иелігіндегі жер мен мүлікті жекеге беріп, ауылшаруашылық және басқа да мекемелердің құқықтық негізіне меншік енгізілген.

Қорыта келе, Еуропа елдеріндегі азық - түлік қауіпсіздігінің Қазақстан үшін қажетті де, өзекті мәселелерімен қатар, үұлгілі бола алмацйтын да тұстары бар екндігіне көз жеткіздік.

Әр елдің азық – түлік қауіпсіздігі тек қана бір нарықтық заңдарға бағынбайды. Сонымен қатар, әр елдің өзіндік қажеттіліктері мен ерекшеліктері бар. Бұл айырмашылықтар негізінен, осы елдердің менталитетіне тән, дәстүрлі, салтты негізде қалыптасады. Сондықтан ДСҰ өтудегі халықаралық стандарттарды ұстана отырып, мемлекеттік саясаттың өзіне тән ерекшелігін қалыптастыру азық – түлік қауіпсіздігін ұстанудағы басты шарт болып қала береді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
  1. Аграрная политика / под.ред А.П.Зинченко - М.: КолосС, 2004.- 304с. 6-7.
  2. Григоров М.С. продовольственная безопасность: показатели, критерии, категории, масштабы / М.С.Григоров. А.А.Кудряшева, О.П.Преснякова // Пищевая промышленность.- 2005.-№8 – 21.- ISSN 0235-2486. 6с.
  3. Международный билль о правах человека. 1948 г.
  4. Международный пакт об экономических, социальных и культурных правах. Принят резолюцией 2200 А (XXI) Генеральной Ассамблеи от 16 декабря 1966 года. Вступил в силу 3 января 1976 года.
  5. С.С.Бекенов. Продовольственная безопасность – как составляющая экономической безопасности. Автореферат дисс.
  6. Всеобщая Декларации прав человека ООН. Принята и провозглашена ссылка скрыта Генеральной Ассамблеи от 10 декабря 1948 года.



^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНДА ТӨРАҒАЛЫҒЫ

Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ,

доценті, т.ғ.к., Төлешова Л.Х.


Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы еропалық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды элемент болып табылады. ЕҚЫҰ мүшелігі ТМД, Орталық және Батыс Еуропа, АҚШ және Канада мемлекеттерін қамтиды, сол себепті ұйым еуро-атлантикалық сипатқа иеленді. Соңғы жылдары Орталық Азия аймағындағы жаңа қауіптердің өршуіне байланысты ұйымның азиаттық бағытын көруге болады.

1970 жылдардың басында Шығыс пен Батыс арасындағы үнқатысуды жолға қою үшін көпжақты форум - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) шақырылған болатын. 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ға қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті.

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Батыстың жетекші елдерінің Ұйымға кіруге шақыруы Қазақстанда еуропалық қауіпсіздіктің тең құқылы және бөліну сызықтары жоқ жағдайлардағы жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған қадам ретінде қабылданды.

Жалпыеуропалық кеңестің толыққанды қатысушысына айналған Қазақстан оны одан әрі дамыту, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылуы үдерісіне белсене қатысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Хельсинкиде (1992 ж.), Будапештте (1994 ж.), Лиссабонда (1996 ж.) және Стамбұлда (1999 ж.) өткен саммиттерінің жұмысына қатысты. ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінің жылсайынғы отырыстарына Қазақстан атынан сыртқы саясат ведомствосының басшысы өкілдік етеді. Қазақстандық парламентшілер Ұйымның Парламенттік ассамблеясының жұмысына белсенді қатысуда.

1994 жылы Будапешт саммитінің қорытындысы бойынша, одан әрі институттандыру мақсатында Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым болып қайта құрылды.

1995 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің іргетасы қаланды. Ал 2008 жылдан бастап алдағы төрағалық тұрғысында Елші Қайрат Әбдірахманов басқаратын Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі жұмыс істеді.[1]

1 қаңтар 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды.

«Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел және бұрынғы кеңес одағы республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады, - деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.

ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ.

Сөзін жалғастыра келе Қ. Саудабаев: «Қазақстан «Корфу процесін» жалғастырады және ұзақ қақтығыстар өңіріндегі ахуалды тұрақтандыру мен оларды шешудегі, халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы, толеранттылық пен өзаратүсіністікті нығайтудағы ЕҚЫҰ жұмыстарына жаңа серпін беруге тырысатын болады. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл, Хельсинки қорытынды актісіне 35 жыл және жаңа Еуропалық Париж хартиясына 20 жыл толуы қарсаңына келетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық пен оны ұйымдастыруға қатысты барлық ЕҚЫҰ серіктестерімен белсенді жұмыс жүргізетін болады»,- деді.[2]

Жаңа төраға Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы кезіндегі басым бағыттары туралы 14 қаңтарда Венада ЕҚЫҰ-ның басты органы болып табылатын Тұрақты кеңес отырысында баяндалды.

Республика төрағалыққа қиын-қыстау уақытында келді. Ғаламдық қаржылық және экономикалық дағдарыс, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимі эрозиясы, терроризм, гуманитарлық және қоршаған орта қатерлері, кедейшілік, эпидемиялар, энергетикалық ресурстардың сарқылуы, этносаралық және дінаралық қақтығыстардың күшеюі тудырған жүйелі қиыншылықтар ЕҚЫҰ сияқты көпжақты институттардың жауабын күтуде. Қазақ төрағалығының ең маңызды приоритеті Ұйымды нығайтып, эффективтілігін және қауіптерге жауап беру мүмкіншілігін арттыруға бағытталған.

ЕҚЫҰ дамуының алдыңғы мәселелері ұйым күнтәртібінің фундаментальды сұрақтары бойынша консенсус негізін кеңейту, ЕҚЫҰ аймағында бөлуші сызықтарды жою, өзара құрметтеуді күшейту және ұйым жұмысына барлық мүше-мемлекеттердің белсенді араласуын қамтамасыз етуді қамтиды. Аталған мәселелерді мақсат етіп қойып, Қазақстан адалдық, теңдік және нейтралдылық принциптерін ұстануды шешті. Осыған байланысты Қазақстан ұйымның үш өлшемі бойынша жұмысты тең атқаруға бел буды.

Қазақстан төрағалығының девизі – Сенім, Дәстүр, Транспаренттік, Төзімділік. Яғни мемлекетіміз өзара сенімділік, халықаралық қатынастардағы ашықтық, қауіптерге қарсы күресу жолында құрылымды ынтымақтастық, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалог негізінде өзіне жүктелген міндетті атқаруда.[3]

Төрағалықтың приоритетті бағыттарын анықтауда Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделерін, бұрынғы төраға-мемлекеттердің жұмысын, Афиныдағы Министрлік Кеңес жиналысының нәтижелерін басшылыққа алады.

Ұзақ уақытқа созылған шиеленістерді шешу осы жылғы ЕҚЫҰ күн тәртібінің аса маңызды пункті болып қалуда. Шиеленістерді шешуде Қазақстан толығымен жалғасымдық принципіне негізделеді. Шиеленіске қатысушы жақтар арасындағы құрылымды диалогты құрып, күш қолданбау мен ымыраға келу жолдарын іздеу Қазақстан үшін қайшылықтарды шешудің бірден-бір негіздері болып табылады. Сонымен қатар, мемлекетіміз пост-шиеленістік кезеңдегі тұрақтылықты ұстап тұру мәселесіне де баса назар аударады.

ЕҚЫҰ Төрағасы ретіндегі қызметінде Қазақстан Оңтүстік Кавказ аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі Женева келіссөздеріне белсене аралысады.

Приднестровьелік реттеулерде Қазақстан 5+2 форматындағы келіссөздерді қайта бастауға мүмкіндік жасап, саяси диалогқа, кез-келген жағымды бұрылыстарға жағдай жасайды.

Қазақстан төрағалығы Оңтүстік Шығыс Еуропаны назарда ұстауда. Аймақта орналасу қабылдаушы мемлекеттерге шиеленістерді алдын-ала анықтау, демократизация, заңдылық және адам құқықтары мәселелерін әрі қарай дамыту, сонымен қатар, азаматтық қоғам дамуы мен демократиялық институттар консолидациясы салаларында көмек көрсетеді.

Қазақстан төрағалығының басты назары Орталық Азия аймағына бағытталған. Қазақ жағы ЕҚЫҰ потенциалын негізге алып, жаңа қауіптерге, экологиялық мәселелерге қарсы аймақтық ынтымақтастықты дамытуды және транспорттық әріптестікті кеңейтуді көздеп отыр.

Әскери-саяси өлшем және қауіпсіздіктің әскери емес аспектілері бойынша Афиныда өткен Сыртқы істер министрлерінің 17-нші кеңесі шешімдері негізінде Қазақстан 2010 жылы «Корфу үрдісін», яғни болашақ еуропалық қауіпсіздік жөніндегі құрылымдық және бағытталған диалогты нығайту жұмыстарын жалғастыруды шешті.Осы мақсатта төрағалық 2010 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары және концепция дайындалды.

Кәдімгі қаруларды бақылау режимін сақтау және дағдарыстық жағдайдан шығу диалогын жаңғырту аса маңызды мәселелер болып қарастырылады. Қазақстан жағының пікірі бойынша бұндай диалог нәтжесі болып, Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы Келісімнің күшіне енуі болу керек.

Көкейкесті әскери-саяси сипаттағы мәселелерді қарастыру және шешу мақсатында Қазақстан қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Форум(ҚЫФ) ролін нығайтуды қолдайды. Афиныда ҚЫФ қызметіне қатысты мәселелер бойынша бірқатар құжаттар қабылданды. Қазақстандық төрағалық ҚЫФ төрағалығы мен Үштігімен тығыз әріптесуге дайын және Форум мен Тұрақты кеңестің біріккен жиналыстарын өткізуді жалғастырады.

Төрағалық 1999 жылғы Вена құжатын жаңарту туралы мүше-мемлекеттердің өзара түсінісушілігіне оң қарайды. Жеңіл және атқыш қару(ЖАҚ) саласындағы ЕҚЫҰ-ның халықаралық әрекеттері жоғары бағаланады. 2010 жыл ЕҚЫҰ-ның жеңіл және атқыш қарулар туралы Құжатының қабылдануының он жылдығы ретінде аталып өтіледі. ЖАҚ және оқ артықшылығы мәселесі бойынша ЕҚЫҰ-ның жұмысына Қазақстан қолдау жасамақшы.

Қауіпсіздіктің әскери емес аспектілері бойынша Қазақстан приоритеттерінің арасында жаңа ғасырдың жаңа қауіптеріне баса назар аударылады және террорризм, діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс пен есірткінің заңсыз трафигіне қарсы халықаралық қауымдастықтың ұжымдық әрекеттерінің жаңа сапалы деңгейге шығуына арналған механизмдерді дамыту көзделуде.

Қазіргі уақытта Еуропалық қауіпсіздік концепциясы дәстүрлі Еуропа мен Еуро-Атлантикалық байланыстарды ғана емес, сонымен қатар, Еуразияның кеңістігін де қамтиды. Сол себепті, Қазақстан Орталық Азия перспективасын Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін талқылауда қарастыру қажет деп санайды.Ауғанстандағы жағдай Қазақстан тарапынан жаһандық қауіпсіздік, діни экстремизм, терроризм және есірткі саудасы призмасы тұрғысынан қарастырылады. Сонымен қатар, екпінді өзгерту мәселесі туып тұр, яғни қауіптің әскери-саяси әдістер негізіне шешілуінен гөрі оның себептерін жою керек. ЕҚЫҰ және халықаралық коалицияның басты мақсаты ауғандықтардың қарулы қарсылық жағдайынан бейбіт қоғам құруға бет бұруын жүзеге асыру.[4]

Экономикалық-экологиялық өлшем бойынша 2010 жылғы экономикалық-экологиялық форумның(ЭЭФ) тақырыбы болып «ЕҚЫҰ аймағында шекараны өту бөлімшелерінде басқаруды күшейту, жер көлігі қауіпсіздігін арттыру және халықаралық автомобиль және темір жол транспорттық байланысын жеңілдету» деп таңдалды.

Транспорттық сектордың дамуы ЕҚЫҰ мемлекететрі арасындағы даму деңгейінің әртүрлілігін жоюға көмектесу керек. Жаһандық дағдарыстан шығу жағдайында, әсіресе, ЕҚЫҰ шеңберінде қарастырылмағандықтан, бұл мәселе өте көкейкесті және қажетті болмақ.

Талқылауларға қосымша көмек ретінде III Астаналық экономикалық форум болмақ.Екінші өлшемдегі маңызды мәселелердің бірі болып экологиялық қауіпсіздік саналады. ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттері үшін бұл аспект өте актуалды болып келеді.

Арал проблемасы тек Орталық Азияға ғана емес, сонымен қатар, Еуропаға да әсері бар екені дәлелденді. Сондықтан Қазақстан оны экологиялық катастрофа ретінде санауды жөн көріп отыр.

Осы мәселе бойынша тұрақты саяси диалог орнату арқылы ЕҚЫҰ өз септігін тигізе алар еді. Перспективада комплексті мониторинг жүйесін, аймақта экологиялық қауіпке жауап беру тетіктерін ЕҚЫҰ шеңберінде жасау. Афиныдағы министрлік шешімдерге сәйкес миграция мәселесі мен энергетикалық қамсыздандыру саласындағы жұмысты одан әрі жалғастыру керек.Адами өлшем төрағалықтың күнтәртібіндегі басты бағыты болып табылады. Қазақстан БДИПЧ қызметіне, ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар, БАҚ еркіндігі жөніндегі өкіл қызметіне көмек көрсетуін жалғастырады.

Адам құқықтары мен бостандықтары төрағалықтың басты проиритеттері болып қала бермек. Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық орнату саласында үлкен тәжірибесі бар, сондықтан төрағалығы кезінде ЕҚЫҰ шеңберіндегі осы саладағы мәселелерді шешуге көмек бере алады.

ЕҚЫҰ кеңістігінде өте маңызды мәселе болып ұлттық азшылықтардың қоғамға білім беру арқылы интеграциялануы тұр. Бұл ұлттық азшылықтардық өзіндік анықтауын дамытады және олардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларына қатысуын қамтамасыз етеді. Гендерлік теңдікті дамыту, әйелдердің қоғамдық және саяси өмірде тең құқықтылығын және мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар, ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттерінде әйелдерге қарсы дискриминациямен күрес көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстан келесі маңызды мәселелeр бойынша жұмыс істемек: заңның билігі, сот жүйеінің тәуелсіздігі, жеккөрушіліктен болған қылмыстардың алдын алу, визалық режимдердің либерализациясы және еркін қозғалысы, Рома мен Синти жағдайы және тағы басқа мәселелер.[5]

Осылайша, Қазақ төрағалығы алдында қыруар жұмыс тұр. Қазақстан төрағалығы анықтаған приоритеттер мен міндеттемелердің орындалуы Еуропада Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының эффективтілігін арттыруға, сондай-ақ ұйымның жаңадан халықаралық сахнада белсенділігін және беделін арттыруға бағытталған. Қазақстан нақты мақсаттар қойып, олардың шешілуіне бар күшін салуда. Еліміз сыртқы және ішкі саясатта теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Көпжақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясы сол амалдардың өзегіне айналып отыр.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
  1. Тоқаев Қ.К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана, Елорда, 2001 – с. 307-309.
  2. Қазақстан Республикасының Бас Хатшысы- Сыртқы Істер Министрі, ЕҚЫҰ Төрағасы Қанат Саудабаевтің сөзі, Лондон, 14 қаңтар 2010 жыл.
  3. n-osce.org/kk/content/үштікке-қатысу
  4. Қазақстан Республикасының Бас Хатшысы- Сыртқы Істер Министрі, ЕҚЫҰ Төрағасы Қанат Саудабаевтің «Ауғанстан жөніндегі Халықаралық Конференциядағы» сөзі, Лондон, 28 қаңтар 2010 жыл.
  5. ссылка скрыта



^ К ПРОБЛЕМЕ ДЕМОГРАФИЧЕСКОЙ СИТУАЦИИ В РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Жанатаева Улбосын, к.и.н.,доцент

кафедры политологии ЕНУ им.Гумилева


В данной работе автор рассматривает особенности демографической ситуации в Республики Казахстан (РК), используя официальные статистические данные.12 В первую очередь определимся с понятием «демография». Под демографией мы подразумеваем, воспроизводство населения – постоянное возобновление населения в результате естественного (рождаемости и смертности) или механического (миграции) движения13.

Демографические проблемы по оценке экспертов ООН являются наиболее актуальными, среди глобальных проблем на планете они занимают третье место, уступая пальму первенства проблемам мира (первое место) и охране окружающей среды (второе место).

Казахстан прошел сложный путь суверенного развития, за два десятилетия накоплен определенный опыт, имеются значительные достижения. Казахстан на постсоветском пространстве характеризуется как динамично развивающаяся страна, уверенно лидирующая по многим показателям. Успехи социально-экономического развития Казахстана были признаны всеми международными финансовыми и рейтинговыми агентствами. Численность населения в Республике на 1 января 2010 года составило 16 197 000 чел., по сравнению с 2000 годом, когда казахстанцев насчитывалось 14 896 100 чел., увеличение численности произошло на 1 300 900 чел14. Бесспорно рост населения страны является важным свидетельством улучшения социально-экономической ситуации в РК.

По оценкам казахстанского исследователя А.Н.Алексеенко, 30-летний период экономического роста в Таиланде обернулся падением суммарного коэффициента рождаемости - в 2,4 раза, в Сингапуре - в 2,6 раза, в Гонконге - в 2,8 раза, в Малайзии - в 2,9 раз.15 И птому необходимо сдержанно относиться к некоторым положительным изменениям в численности населения республики, в первую очередь следует реально оценить демографическую ситуацию и попытаться найти решения для дальнейшего улучшения.

Можно ли рассчитывать на позитивные изменения воспроизводства населения РК в условиях экономического роста? Какие меры следует предпринять для улучшения ситуации в Казахстане. Ответы на эти вопросы автор пытается найти.

^ Рождаемость населения. В первые годы суверенитета фактически для всех новых независимых государств постсоветского пространства общей тенденцией являлось снижение рождаемости. Причина, которых заключаются, прежде всего, в появившихся социально-экономических проблемах, сопутствующих процессу становления рыночных отношений.

В Казахстане за период с 1990 г. по 2006 г. произошло сокращение естественного прироста в 1,5 раза16. Однако за последние три года наблюдается положительная динамика увеличения.

Годы


^ Число родившихся

Число умерших

Естественный прирост населения

1990

22,1

7,8

14,3

1993

19,1

9,4

9,7

1996

16,3

10,7

5,6

2000

14,6

10,0

4,6

2002

15,29

10,05

5,24

2003

16,63

10,41

6,22

2004

18,19

10,14

8,05

2005

18,42

10,37

8,05

2006

19,71

10,27

9,44