Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
Вид материала | Документы |
- Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын, 650.15kb.
- Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14. 30-да Қазақстан Республикасы Білім, 486.04kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау, 846.05kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, 2688.62kb.
- Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.), 406.09kb.
- Диссертация ның, 975.74kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2199.79kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 1990.59kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, 2670.73kb.
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):
№1 Есеп
2004 жылдың 15 наурызында «Шар - Құрылыс» компаниясы дивидендтер төлейтінін жариялады.
А) Дивидендтер жарияланғанда және
В) Дивидендтер төленгенде қандай бухгалтерлік өткізбелер құрылады?
№ 2 Есеп
«Сара жол» компаниясы бір жылға, сомасы- 1120000 ш.б. пайызсыз вексель жазып беріп, 1000000 ш.б. сомасында ақша қаражатын алады. Олай болса вексель бойынша нақты пайыз 12% (120000/1000000) құрайды. Вексельдің ағымдық құны 1000000 ш.б.(1120000/1,12=1000000 ш.б.).
Вексель бойынша қарызды қалай есепке алады?
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді толықтыру, талдап зерделеу және міндеттемелер есебі туралы теориялық білімін толықтырып, тәжірибе жүзінде бекіту.
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Салық түрлері бойынша салық салу базалары және олардың есебі.
2. Облигациялар есебі.
3. Төмендегі есептерді шығарыңыз.
1-Тапсырма. Тұрмыстық техника өндіретін «Федерал экспресс» өнеркәсіп компаниясы өз қызметін 2006 жылдың 1-қаңтарынан бастады. Өндірістік қызметпен айналысқан бір айдың ішнде келесі шығыстар шыққан:
- Жабдықтаушының шот-фактурасы бойынша 1400000 теңгеге шикізат пен материалдар алынды. Оған қоса қосылған құн (ҚҚС) салығының сомасы көрсетілген: 182000 теңге.
- Жал шығыстары 100000 тг құрады. Сонымен бірге ҚҚС сомасы 13000 тг.
- Телефонды қолданғаны үшін кеткен шығыстар 25000 тг және ҚҚС сомасы-3250 тг.
- Шот бойынша коммуналдық қызмет үшін төлемдер сомасы 15000 тг, ҚҚС сомасы -1950 тг.
- Жеке тұлғадан 40000 теңгеге қосымша материалдар сатып алынды.
Қосымша мәліметтер:
Қаңтар айында 800 дана өнім шығарылды.
Қаңтар айының соңында барлық өнім сатып өткізу құны бойынша, әрқайсысы 3000 теңгеден сатып өткізілді. Сатып өткізу құнына ҚҚС (13%) қосылмаған.
Сатып өткізуден түскен кіріс 2400000 тг құрайды.
Тапсырма: 1. Барлық жүргізілген операциялар бойынша бухгалтерлік өткізбе құрыңыздар.
2. Төленуге немесе бюджеттен өтелуге тиісті ҚҚС сомасын анықтаңыздар.
11-Тақырып: «Еңбек ақы есебі»
Сабақтың мақсаты: студенттерді еңбек ақы жүйесінің ұйымдастырылуымен, еңбек ақы төлемінің нысандары және жүйелерімен, сонымен бірге еңбек ақы түрлерімен таныстыру, еңбек ақы есептеу және одан жасалынатын ұсталымдарды білу, еңбек ақы есебінің ұйымдастырылуын меңгеру болып табылады.
Дәріс сұрақтары:
1. Еңбек ақы төлемінің нысандары мен жүйелері
2. Еңбек ақы түрлері
3. Еңбек ақыны есептеу және оның есебі
4. Еңбек ақы ұсталымдары мен шегерімдері және олардың есебі.
Негізгі түсініктер: еңбек ақы, мерзімдік еңбек ақы, кесімді еңбек ақы, негізгі еңбек ақы, қосымша еңбек ақы, тарифтік кесте, айлық есептік көрсеткіш, орташа еңбек ақы.
Дәрістің мазмұны:
Еңбек ақы – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген мөлшеріне сай қызметкер орындаған жұмыс көлемі үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс берушінің белгіленген еңбек ақының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі еңбек ақының деңгейінен төмен болмау керек.
Кәсіпорындардағы еңбек ақы есебі №19 «Қызметкерлер сыйақысы» ҚЕХС-на негізделеді.
Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады: кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (жұмыс атқарған уақытына қарай төлеу).
Мерзімдік еңбек ақы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақы мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбек ақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай мерзімдік және сыйақылы – мерзімдік болып екіге бөлінеді.
Жай мерзімдік жүйе кезінде жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген тарифтік мөлшерлеме немесе нақты істеген уақыты бойынша еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы төленуі мүмкін және ол жүйе сыйақылы – мерзімдік болып табылады.
Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орыналған жұмыстың әрбір бөлігіне еңбек ақы есептейді (дана, т, км, килограмм, т.б.). Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесінен тұрады:
Кесімді еңбекақының мынандай жүйелері бар:
- Тікелей кесімді;
- Кесімді сыйақылық
- үдемелі кесімді;
- акордтық
- жанама кесімді;
Тікелей кесімді; еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша – бұл бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, орындаған жұмысының бәрі тек қана еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табылады.
Кесімді – сыйақылық жүйе қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады.
Шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіру санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тишстш еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді.
Кесімді – прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін прогессивті бағалар бойынша есептейді;
Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскісінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем ақысына шаққанда проценімен аңықталады.
Еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік бағасы бойынша аңықтайды.
Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімінен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлемдер, тағы басқаларға және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатқызылады.
Жұмысшылардың еңбегін олардың мамандануына қарай бөлу үшін тарифтік сетка қолданылады. Ол алты разрядтан және әрбір разрядқа бекітілген тарифтік коэффициенттер мен ставкалардан тұрады. Тарифтік ставка уақыт бірлігіне төленетін еңбек ақы сомасы болып табылады. Сағаттық, күндік және айлық тарифтік ставкалар болады.
Еңбек ақы негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы нақты өтелген уақытқа, орындалған жұмыстың сапасы мен санына қарай төленеді. Негізгі еңбек ақыға мерзімдік, кесімді кесімді жұмысшыларға үдемелі баға бойынша төлемдер, жұмысшының кінәсінсіз жұмыстың тұрып қалуы мен болған ақаулар бойынша төлемдер, жұмыс уақытынан тыс уақытта және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін төленетін төлемдер, бригадирлікке, шәкірттерді оқытқаны үшін, сонымен бірге, кластылыққа, демалыс және мейрам күндері жұмыс істегені үшін, басқа лауазымды орындағаны үшін төленетін төлемдер және т.б. жатады.
Қосымша еңбек ақы еңбек туралы заңнамалармен қарастырылған жұмысшылар мен қызметкерлердің өтелмеген жұмыс уақытына төленетін төлем болып табылады.Қосымша еңбек ақыға еңбек демалысы уақытына, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін орындаған уақытқа, оқу демалысы уақытына төленетін төлемдер, демалыс жәрдемақысын төлеу, жас сәбилі аналарға жұмыстағы үзіліс уақыттарына төленетін төлем, жасөспірімдерге жеңілдік сағаттарын төлеу, жұмыс өтілі үшін төленетін сыйақылар жатады. Негізгі және қосымша еңбек ақы еңбек ақы қорын құрайды. Сонымен бірге, еңбеккерлерге еңбек ақы қорына кірмейтін, бірақ олардың кірісін ұлғайтатын әр түрлі сыйақылар мен өзге де төлемдер төленеді. Мысалы: бір уақыттық ақшалай сыйақылар, жаңалық енгізгені үшін және тиімді ұсыныстары үшін төлемдер және де кәсіпорындардың оқушыларына төлейтін стипендиялары, зейнет ақылар, уақытша еңбекке жарамсыздық төлемдері жатады.
Еңбек ақыны дұрыс есептеу үшін ұйымдарда қалыпты жұмыс шартынан ауытқулар есепке алынуы тиіс. Олар қосыша еңбек шығынын тудырады және кесімді жұмысқа белгіленген баға үстіне қосымша төленеді. Қосымша төлем деп жұмыс кестесі және еңбек шартымен байланысты, өтем ақы түріндегі төлемдерді айтады. Қалыпты жұмыс шартынан ауытқитын жұмыс атқарылғанда, атап айтқанда: әр түрлі мамандық жұмыстарын атқарғанда, басқа кәсіпті өз кәсібімен білестіріп орындағанда, жұмыс уақытынан тыс уақытта, түнгі уақытта және мейрам және дмалыс күндері жұмыс орындағанда кәсіпорындар тиісті қосымша төлемдер жасауы тиіс. Қосымша төлем мөлшері мен оларды төлеу шарттарын кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер өз бетінше бекітеді және олар ұжымдық келісім-шартта көрсетілуі керек. Бұл ретте өосымша төлемдер мөлшері заңмен белгіленген мөлшерден төмен болмауы керек.
Жеке құрамды есепке алу үшін, еңбек ақыны есептеу және оны беру үшін алғашқы құжаттардың бірегейленген нысандары қолданылады.
Еңбек ақыны есептеуге негіз болатын көрсеткіш-қызметкердің орташа еңбек ақысы.
Заң жүзінде орташа еңбекақы:
- ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;
- пайдаланбаған демалыс үшін өтем ақы немесе демалыс ақысын есептеу ушін;
- қызмет бабымен ic-сапарға барған уақытына төлем жасау ушін;
- уақытша жұмыстың тоқтап қалу уақытына (яғни, еңбеккерлердің кінәсі емес) төлем жасау кезінде;
- басқа да әлеуметтік төлем жасау үшін есептелінеді.
Орташа жалақы - бұл белгілі уақыт кезеңіне еңбеккерлердің еңбекақысынан алынған орташа еңбекақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға) . Оны есептеу үшін он екі күнтізбелік айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те атайды. Сонымен бірге, орташа енбекақы белгілі бip құбылыстар мен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылғанда, босанғандарға жәрдем ақы есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшін және тағы басқалар.
Қызметкерлердің еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 “Қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу ” шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.
Еңбек ақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
2930-шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомасына;
7110-шоты “Тауарларды сату жөніндегі шығындар” өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
7210-шоты “Жалпы және әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және әкімшілік-басқармаршылық, қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің, сомасы;
8110-шоты “Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемнің сомасы;
8310-шоты “Қызметкерлердің еңбекақысы” қосалқы өндірістердің есептелген еңбек төлемнің сомасы;
Еңбекақыны тарату 3350 шотының кредитімен мына шоттардың дебетіне жазылады: 2930, 7110, 8110, 8310, 8410. Сондай-ақ еңбекақы “Материалдар” шотына, “Алдағы кезең шығыстарына” жатқызылуы мүмкін, яғни аталған шоттар дебеттеледі де, 3350 шоты кредиттеледі.
Кәсіпорын бухгалтериясы еңбек ақыны есептеп қана қоймай, сонымен бірге еңбек ақыдан әр түрлі шегерімдер мен заңмен белгіленген ұсталымдар жасайды. Заңнамаларға сәйкес, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысынан келесі ұсталымдар жасалады:
- жеке табыс салығы – бұл салық салу объектісі еңбек ақы болып табылатын мемлекеттік салық түрі;
- жинақтық зейнетақы қорына аударымдар;
- бұрын берілген аванстарды өтеу сомасы, сонымен бірге дұрыс есептемеу салдарынан жұмысшыға артық төленген сомасын қайтару;
- қызметкердің субъектіге келтірген материалдық зиянды өтеуі;
- кейбір айыппұлдарды қстап қалу;
- атқарушылық құжаттар бойынша кәмелетке толмаған балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға алименттерді өндіріп алу төлеу;
- несиеге сатылған тауарлар үшін;
- өнімде айқындалған ақаулар үшін.
Аталған ұсталым сомалары тиісті бухгалтерлік есеп шоттарында кредиттелсе, еңбек ақы шоты дебеттеледі.
Қорытынды:
Сонымен кәсіпорындардағы еңбек ақы есебі №19 «Қызметкерлер сыйақысы» ҚЕХС-мен реттеледі. Қызметкерлерге төленетін сыйақыға аталмыш стандарт бойынша оларға орындаған жұмысы үшін төленетін барлық төлем нысандары жатады.
Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады: кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (жұмыс атқарған уақытына қарай төлеу). Сонымен бірге, қызметкерлерге заңмен көзделген негізгі және қосымша еңбек ақы төленеді.
Ұйымдар ағымдағы сыйақылар сомасын міндеттеме және кезең шығыстарына жатқызылған немесе активтің өзіндік құнына қосылған шығын ретінде тануы керек.
Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық:
Берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде
1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.
2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы Заңы».
- Қазақстан Республикасының "Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңы
- Қаржылық есептіліктің №19 «Қызметкерлер сыйақысы» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006
- ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу туралы нұсқаулық
- Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар :
- Еңбек ақы нысандарын атаңыз?
- Еңбек ақы жүйелерін атаңыз?
- Еңбек ақының қандай түрлері бар?
- Негізгі еңбек ақы құрамына қандай төлемдер кіреді?
- Қосымша еңбек ақының құрамына не кіреді?
- Түнгі уақытта жұмыс істегені үшін еңбек ақы қалай төленеді?
- Демалыс және мейрам күндері жұмыс істегені үшін төлемдер қалай іске асырылады?
- Еңбек демалысы уақытына қандай төлем жасалады?
- Еңбек демалысын төлеу үшін орташа күндік еңбек ақы қалай анықталады?
- Еңбек ақы қалай төленеді?
- Еңбек ақыдан шегерімдер мен ұсталымдар қалай ұсталынады?
- Еңбек ақы есебін жүргізу үшін қандай алғашқы құжаттар толтырылады?
- Еңбек ақы есебін жүргізуге қандай шоттар қолданылады?
- Еңбек ақы есебін жүргізуде ұйымдар қаржылық есептіліктің нешінші халықаралық стандартына негіздеелді?
Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:
1. Еңбек қатынастарын қандай нормативті құжат реттейді:
А) Жұмыс уақытын есепке алу табелі;
В) Өндірілген өнім туралы рапорт;
С) Маршруттық қағаз;
Д) ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы;
Е) ҚР «Еңбек туралы» Заңы.
2. Кәсіпорында жұмыс уақыты мен демалыс уақыты кестесі қандай құжатта қарастырылады:
А) жеке еңбек шарты
В) ҚР «Еңбек туралы» Заңы;
С) Жұмыс уақытын есепке алу табелі;
Д) Толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шартта;
Е) Орташа жалақыны есептеу туралы нұсқаулықта;
3. Жұмыс уақытын пайдалану есебі қандай құжатта жүргізіледі?
А) жеке еңбек шарты
В) ҚР «Еңбек туралы» Заңы;
С) Жұмыс уақытын есепке алу табелі;
Д) Толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шартта;
Е) Орташа жалақыны есептеу туралы нұсқаулықта;
4. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы неше сағаттан аспау керек?:
А) аптасына 50 сағаттан;
В) аптасына 40 сағаттан;
С) аптасына 60 сағаттан;
Д) аптасына 30 сағаттан;
Е) аптасына 45 сағаттан;
5. Жұмысшының өнім шығаруының есебі қай құжатпен рәсімделеді?
А) Жұмыс уақытын есепке алу табелі;
В) Төлем ведомосі;
С) Төлем тапсырмасы;
Д) Кесімді жұмыс наряды;
Е) Жүк құжаты;
6. Еңбек ақы нысандарына төмендегілердің қайсысы жатады?
А) Негізгі және қосмша;
В) Мерзімдік және кесімді;
С) Ұжымдық және жеке;
Д) Сыйақылық;
7. Мерзімдік еңбек ақы не бойынша төленеді?
А) тарифтік ставка немесе өтелген уақыт бойынша;
В) орындалған жұмыс көлеміне және оның бір бірлігін орындауға бекітілген баға бойынша;
С) шығарылған өнімнің өзіндік құны бойынша;
Д) бекітілген нормадан тыс өндірілген өнім үшін;
Е) жанама-кесімді баға бойынша;
8. Кесімді еңбек ақы қалай төленеді?
А) тарифтік ставка бойынша;
В) өтелген уақыт бойынша;
С) жұмыстың нәтижесі және өтелген уақыт бойынша;
Д) орындалған жұмыс көлеміне қарай;
Е) сағаттық төлем бойынша;
9. Төмендегілердің қайсысы негізгі еңбек ақы құрамына кірмейді?
А) еңбек өтілі үшін қосымша төлем;
В) өтелген уақыт бойынша есептелген еңбек ақы;
С) жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыс істегені үшін қосымша төлем;
Д) уақытша еңбекке жарамсыздыққа төленетін жәрдем ақы;
Е) түнгі уақыт жұмысына төленетін қосымша төлем;
10. Төмендегілердің қайсысы қосымша еңбек ақы құрамына кіреді?
А) еңбек өтілі үшін қосымша төлем;
В) өтелген уақыт бойынша есептелген еңбек ақы;
С) жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыс істегені үшін қосымша төлем;
Д) уақытша еңбекке жарамсыздыққа төленетін жәрдем ақы;
Е) түнгі уақыт жұмысына төленетін қосымша төлем;
«Еңбек ақы есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..
Негізгі түсініктер: қысқа мерзімді сыйақылар, негізгі еңбек ақы, қосымша еңбек ақы, қосымша төлем, орташа еңбек ақы, айлық есептік көрсеткіш, жеке табыс салығы, мерзімдік және кесімді еңбек ақы, тариф, тарифтік сетка.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: еңбек ақы және оның есебі туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану мәселелерін меңгеру, еңбек ақыны есептеу тәртібін үйрену, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
1. Жеке құрамды есепке алу.
2. Еңбекті нормалау және жұмысшылардың өнім өндіруінің есебі
3. Еңбек ақы нысандары мен жүйелері, түрлері.
4. Орташа еңбек ақыны есептеу тәртібі.
5. Жұмысшылар және қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі.
.
Студент білуі тиіс:
- дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
- еңбек ақы түрлерін және олардың құрамын;
- еңбек ақы нысандарын;
- еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар түрлерін.
Студент меңгеруі тиіс:
- Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
- Орташа еңбек ақыны есептеу тәртібін;
- Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдарды есепке алу тәртібін.
Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:
Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, еңбек және оны есепке алу, еңбек ақы есептеу тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):
№1 Есеп
Есептің мақсаты- жұмысшыға мерзімдік еңбек ақы есептеу тәртібін меңгеру.
Тапсырма
Төмендегі берілген мәліметтер бойынша жұмысшыға мерзімдік еңбек ақы сомасын есептеңіз.
Берілгені
III разрядты электржөндеуші Оспанов Қ.Қ., табельдік нөмірі 1012, ағымдық айда 17 жұмыс күнін нақты өтеді (ағымдық айда 23 күн бар). Бір айлық тарифтік ставка – 25760 теңге.
№2 Есеп
Есептің мақсаты жұмысшыға кесімді үдемелі жүйе бойынша еңбек ақы есептеуді меңгеру.
Тапсырма
Берілген мәліметтер бойынша жұмысшыға кесімді еңбек ақы есептеңіз. Есеп шешуін келесі кестеде орындаңыз.