Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Вид материалаДокументы

Содержание


Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар
Негізгі түсініктер
Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Есеп 1. Алынуға тиісті вексельдер бойынша бухгалтерлік өткізбе құру
Есеп 2 Компанияның кеңселік жабдықты сатып өткізу операциялары бойынша
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Есеп Вексельдер есебі бойынша бухгалтерлік өткізбелер құру.
8-Тақырып: «Тауарлық-материалдық құндылықтар есебі».
Дәріс мазмұны
Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі
Орташа салмақтандырылған құн әдісі
ФИФО әдісі
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:
  1. Төменде берілгендердің қайсысы дебиторлық борыштарға жатпайды?

А) Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі.

B) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі.

С) Есеп беруге тиіс тұлғалардың берешегі.

Д) Алынған вексельдер.

Е) Жабдықтаушылар алдындағы қарыз.
  1. Дебиторлық борыш төлеу мерзіміне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

А) Қысқа мерзімді және ағымдық.

B) Ұзақ мерзімді және орта мерзімдік.

С) Қысқа мерзімді және орта мерзімдік.

Д) Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді.

Е) Ағымдық.
  1. Алынған вексельдер:

А) Ресми емес борыштық міндеттемелермен.

B) Ресми борыштық міндеттемелермен.

С) Шот-фактуралармен.

Д) Жүк құжаттарымен.

Е) Фискальді чектермен.
  1. Алынуға тиісті шоттар қандай құжаттармен рәсімделеді:

А) Ресми емес борыштық міндеттемелермен.

B) Ресми борыштық міндеттемелермен.

С) Шот-фактуралармен.

Д) Жүк құжаттарымен.

Е) Кіріс ордерімен.
  1. Тапсырыс берушіге қызметкөрсетілгенде қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?

А) Дт-1210 Кт-1310

В) Дт-1210 Кт-6280

С) Дт-1210 Кт-6010

Д) Дт-6010 Кт-1210

Е) Дт-1030 Кт-1210

6. Тапсырыс берушіден көрсетілген қызмет үшін ақша келіп түскенде қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?

А) Дт-1210 Кт-1310

В) Дт-1210 Кт-6280

С) Дт-1210 Кт-6010

Д) Дт-6010 Кт-1210

Е) Дт-1030 Кт-1210

7. Төменде берілгендердің қайсысы күмәнді талаптарды бағалау әдісі болып табылады?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) орташа құн әдісі.

Д) Тікелей бірсызықтық әдіс.

Е) Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі.

8. Қай әдісте күмәнді талап пайызы борышты төлеу мерзімі бойынша анықтаалды?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) Шоттарды төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі.

Д) Орташа құн әдісі.

Д) Тікелей бірсызықтық әдіс.

9. Қай әдіс бойынша сатудың жалпы көлемінен сенімсіз борыштардың пайызы анықталады?

А) Сату көлемінен пайыз әдісі.

В) Есептеу әдісі.

С) Шоттарды төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі.

Д) Орташа құн әдісі.

Д) Тікелей бірсызықтық әдіс.

10. Төменде берілгендердің қайсысы іс-сапар шығыстарына жатпайды?

А) тұрғын бөлмені жалға алу шығыстары.

В) тәуліктік ақы төлеу шығыстары.

С) іс-сапар орнына барып келу жол ақы шығыстары.

Д) қонақ үйде орынды броньдау төлемі.

Е) өкілеттік шығыстар.
  1. «Іс сапар шығыстары бекітілген норма шегінде өндіріс шығындарына апарылды» операциясы қандай бухгалтерлік өткізбемен рәсімделеді?

А) Дт-1250 Кт-1010

В) Дт-7210 Кт-1250

С) Дт-1310 Кт-1250

Д) Дт-1420 Кт-1250

Е) Дт-1320 Кт-1250

«Дебиторлық борыш есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: дебиторлық борыш, күмәнді талап, үмітсіз борыш, есеп беруге тиісті тұлға және есепті сома, алдағы кезең шығындары

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: ақша қаражаттары есебінің теориялық және әдістемелік аспектілерін түсініп, ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялар бойынша есеп шығара білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
  1. Дебиторлық борыш туралы түсінік және оның түрлері.
  2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі.
  3. Сатып алушыларға берілетін жеңілдік түрлері және олардың есебі.
  4. Қайтарылған тауарлар есебі.
  5. Алынған вексельдер есебі.
  6. Есеп беруге тиісті тұлғамен есеп айырысу есебі
  7. Күмәнді талаптар резервінің есебі және оны бағалау түрлері.
  8. Алдағы кезең шығыстарының есебі.


Студент білуі тиіс:
  • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
  • дебиторлық борышты тану мен бағалау шарттарын
  • Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу шоттарын;
  • Оларға берілетін жеңілдік түрлерін


Студент меңгеруі тиіс:
  1. Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебін;
  3. Вексельдер бойынша есеп айырысу есебін;


Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер


СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, дебиторлық борыш және оның есебін меңгеріп, практикалық дағды қалыптастыру.

Есеп 1.

Алынуға тиісті вексельдер бойынша бухгалтерлік өткізбе құру

2002 жылдың 31 желтоқсанында «Алтын Орда» корпорациясы «Бірлік» компаниясына 91844 теңгеге қызмет көрсеткен және оның 36000 теңгесі бірден төленген. Қалған төлем сомасын 18000 теңгеден төрт бөліп, жыл сайын 31 желтоқсанда төлеу келісілді. Вексельдер бойынша болжамды пайыздық ставка 11% ды құрайды.

Тапсырма:

«Алтын Орда» корпорациясы қызмет көрсеткенде, көрсетілген қызмет бойынша төлем қабылдағанда және пайыздық кіріс алғанда төменде берілген мерзімдерге қандай бухгалтерлік өткізбе құрайды?

а) 31 желтоқсан 2002 жылы;

б) 31 желтоқсан 2003 жылы;

в) 31 желтоқсан 2004 жылы;

г) 31 желтоқсан 2005 жылы;

д) 31 желтоқсан 2006 жылы.

Есеп 2

Компанияның кеңселік жабдықты сатып өткізу операциялары бойынша

Тіркеу журналына келесі операцияларды тіркеңіз:
    1. Клиентке тауар қолма-қол ақшаға берілді, сомасы- 5000 ш.б. Өткізілген тауардың өзіндік құны 4000 ш.б.
    2. Құны 500 ш.б. тұратын тауар қайта қайтарылды (№1 опер). Клиентке ақшасы қайтарылып берілді. Қайтарылған тауардың өзіндік құны 400 ш.б. Тауар ТМҚ шотына кіріске алынды.
    3. Клиентке 20000 ш.б. тауар несиеге сатылды. Өткізу шарты 2/10, n/30. Өткізілген тауардың өзіндік құны 15000 ш.б. өқрайды.
    4. Несиеге сатылған тауар үшін клиенттен төлем қабылданды. (жеңілдікті пайдаланған, №3 опер. қараңыз). Клиент төлемді жеңілді өз күшінде болған мерзімде жасаған. Жеңілдікке бухгалтерлік өткізбе беруіңіз керек.


Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Дебиторлық борышты тану барысында бухгалтерлік есептіңе есептеу қағидасы орындалады.

2. Дебиторлық борыш өзімен байланысты кіірспен бірге танылады.


СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және дебиторлық борыш есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.


Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:
  1. Күмәнді талаптар бойынша резервтерді бағалау әдістеріне мысал келтіріңіздер.
  2. Вексельдер бойынша есеп айырысу есебін толықтырыңыз.



  1. Есеп

Күмәнді талаптар бойынша

2006 жылдың 31 желтоқсанына «Халық» корпорациясының алынуға тиісті шоттарына жүргізілген талдау нәтижесі келесіні көрсетті:

Күмәнді деп табылған шоттар 180000

Алынуға тиісті шоттар 1750000

Күмәнді талаптар бойынша резерв 125000


«Халық» корпорациясының 2006 жылдың 31 желтоқсанына алынуға тиісті шоттарының таза құны нешеге тең?

  1. Есеп

Вексельдер есебі бойынша бухгалтерлік өткізбелер құру.

Берілгені:
  1. Сатып алушыдан дебиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында жылдық 12%-бен, 30 күнге, сомасы 200000 теңге болатын вексель алынды.
  2. 30 күн өткеннен кейін пайыздық кіріс есептелді (Сомасын анықтаңыз).
  3. Вексель бойынша негізгі борыш сомасы және пайыз сомасы төленді (сомасын анықтаңыз).

Тапсырма:

Берілген операциялар бойынша бухгалтерлік өткізбелер құрыңыз.


8-Тақырып: «Тауарлық-материалдық құндылықтар есебі».

Сабақтың мақсаты: Тауарлық-материалдық құндылықтар және оның түрлері туралы түсінік беру, олардың өзіндік құнын анықтауды үйрету, тауарлық-материалдық құндылықтар құнын бағалау әдістерімен және есеп жүйелерімен таныстыру.

Дәріс сұрақтары:
  1. Тауарлық-материалдық құндылықтар туралы (ТМҚ) түсінік және оның түрлері.
  2. ТМҚ өзіндік құнын анықтау.
  3. ТМҚ бағалау әдістері
  4. ТМҚ қалдығын таза өткізу құны бойынша бағалау.
  5. Кезеңдік және үздіксіз есеп жүйелері.

Негізгі түсініктер: тауар, дайын өнім, шикізат, шала фабрикаттар, аяқталмаған өндіріс, консигнация, тура және жанама шығындар, ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру, ФИФО, орташа құн, кезеңдік және үздіксіз жүйе, таза өткізу құны.

Дәріс мазмұны

Тауарлық-материалдық құндылықтар бір жылдың ішінде немесе компанияның бір операциялық циклының ішінде сатылатын немесе пайдаланылатын болғандықтан ағымдағы активтер қатарына жатады. ТМҚ шаруашылық субъектісінде келесі түрлерге бөлінеді:
  • өндіріс процессінде немесе жұмыстар орындағанда және қызмет көрсетілгенде пайдалануға арналған шикізат, материалдар, шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, отын, ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірістік және шаруашылық инвентарьдың өзге де материалдары (Материалдар шоттары);
  • Аяқталмаған өндіріс. Оның өзіндік құнына тек шикізат шығындары ғана емес, сонымен бірге еңбек шығындары және жанама үстеме шығыстар да кіреді (Негізгі және Көмекші өндіріс, Меншікті өндірістің шала фабрикаттары шоттары);
  • Дайын өнім және шаруашылық субъектісінің қалыпты қызметі барысында сатуға арналған тауарлар (Дайын өнім және Тауар шоттары).

Тауарлық-материалдық құндылықтар құрамына кірмейтін тауарларға мыналар жатады:
  1. Консигнациядағы тауарлар.
  2. Жолдағы тауарлар.

ТМҚ бағалау күрделі процесс болып табылады және келесі сатылардын тұрады:
  1. ТМҚ-ға жатқызылатын тауарлардың санын анықтау;
  2. ТМҚ-ның өзіндік құнына кіруге тиісті шығындарды анықтау;
  3. ТМҚ құнын шығысқа жатқызу тәртібін анықтау.

Қорлардың өзіндік құнына келесі шыындар кіреді:
  1. ТМҚ сатып алуға кеткен шығындар;
  2. Өнімді өндіруге кеткен шығындар

Аяқталмаған өндіріс тура (өнімнің бір бірлігін өндірумен тікелей байланысты шығындар, бұл шығындар көбінесе айнымалы болып келеді) және жанама (негізгі өндіірске қызмет көрсетумен байланысты шығындар: көмекші өндіріс жұмысшыларының мерзімдік еңбек ақысы, өндірістік негізгі құралдардың амортизациясы, өндірістік негізгі құралдарды күту, ағымдық және күрделі жөндеу шығындары және т.с.с, бұлар өндіріс көлеміне тәуелсіз болғандықтан, тұрақты шығындар б.т.).
  1. Өзге де шығындар(ТМҚ ны орналасқан жеріне тасымалдау кезінде немесе оларды тиісті жағдайға келтіру барысында пайда болса ғана өнімніің өзіндік құнына кіреді).

Келесі шығындар ТМҚ-ның өндірістік өзіндік құнына кірмейді:
    • Өткізу шығыстары;
    • Әкімшілік шығыстар;
    • Өзге де операциялық шығыстар.

Жалпы, ТМҚ есебі №2 «Қорлар» Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі. Қорлардың құнын анықтау барысында олардың бағасын дұрыс белгілеу маңызды болып табылады. Есепті кезең ішінде материалдардың көптеген түрлерінң бағалары өзгеріп тұрады. Материалдың бір түрі, мысалы, бір ай ішінде әр түрлі бағамен келіп түсуі мүмкін. Сонымен бірге, материалдардың бір түрін сатып өткізгенде, оның қандай ретпен және бағамен сатылғандығын анықтау мүмкін емес. Сондықтан, материалдар құнының болжамды қозғалысын аталмыш стандарттарға сәйкес келесі әдістермен бағалау ұсынылады:
  • Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі. Бұл әдіс өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құнын анықтауда қолданылады.
  • Орташа салмақтандырылған құн әдісі. ТМҚ әрбір бірлігінің құны есепті кезең басындағы біртектес ТМҚ бірліктерінің орташа салмақтандырылған құны мен есепті кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген біртектес бірліктердің құнымен анықталады. ТМҚ-ның орташа салмақтандырылған құны ТМҚ-ның барлық құнын олардың санына бөлу арқылы анықтайды.
  • ФИФО әдісі- «Бірінші келді бірінші кетті» деген мағынаны білдіреді. Пайдаланылған немесе сатып өткізілген ТМҚ бірінші келіп түскен ТМҚ бағасымен бағаланады. Ал есепті кезеңнің соңында ТМҚ­ қалған қалдығы мерзім соңында келіп түскен ТМҚ бағасымен бағаланады.

Қаржылық есептілікте қорларды бағалау олардың өзіндік құнына негізделген. Алайда, «Қорлар» атты №2 ҚЕХС сәйкес, ТМҚ өзiндiк құнмен сатып өткiзiлетiн таза құнының ең төменгiсiмен бағаланады. ТМҚ-ды сатып өткізудің таза құны, әдеттегi шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасымен оларды жинақтауға және сатылуын ұйымдастыруға кеткен шығындар шегергендегi шығындарға тең болады. Сатып өткізудің таза құны ТМҚ бүлiнгенде, олар iшнара толық ескiргенде немесе олардың сату бағасының төмендеуiне байланысты өзiндiк құн қалпына келмейтi жағдайда қолданылады.

ТМҚ-дың өзiндiк құны мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсiн анықтау үшiн 3 тәсiл қолданылады.

1 тәсiл. Баптық әдiс. ТМҚ-дың әрбiр атауы бойынша баланстық құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсi iрiктелiнiп алынады.

2 тәсiл. Негiзгi тауар топтары бойынша, яғни әрбiр тауар топтары бойынша баланстық құн мен сатып өткiзу құнының төменгiлерi iрiктелiнедi.

3 тәсiл. Босалқылардың жалпы деңгейi бойынша анықтау тәсiлi. Барлық ТМҚ бойынша баланстық құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсi iрiктелiнiп алынады.

ТМҚ есебiнде кезеңдiк және үздiксiз жүйе қолданылуы мүмкiн.

Кезеңдiк қолдануда жыл iшiнде ТМҚ-дың есебi нақтыланып егжей-тегжейлi жүргiзiлмейдi. ТМҚ-дың нақты бары кезең сайын жүргiзiлiп отыратын құндылықтарды түгендеу нәтижесi бойынша оның түгендеу аяқталмай сатып өткiзiлген ТМҚ құны анықталмайды. Өйткенi ТМҚ өзiндiк құны келесi формуламен анықталады:

Есептi кезеңнiң басындағы ТМҚ қалдығы

+

Келiп түскен ТМҚ

=

Сатып өткiзуге дайын ТМҚ-дың өзiндiк құны

-

Есептiк кезеңнiң аяғындағы ТМҚ-дың қалдығы

=

Сатып өткiзiлген ТМҚ-дың өзiндiк құны

Үздiксiз есеп жүргiзу жүйесiн қолдану барысында ТМҚ-дың келiп түсуi мен шығуы олардың баланстық шоттарында толық жүргiзiледi.

Материалдық құндылықтардың барлық түрлері 1300 бөлімшенің активті шоттарында жүргізіледі.

Қорытынды:

Тауарлық-материалдық құндылықтар қысқа мерзімді активтер болып табылады және бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінде есепке алынады. Материалдық құндылықтар айналым активтерінің ішінде өтімділігі жоғары активтерге жатпайды. Өйткені, бұл баптың ақша құралына айналуы үшін тек сатып алушыны табуға ғана емес, сонымен бірге сатып алушының сатылған ТМҚ үшін мерзімінде төлеуіне де біраз уақыт қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар ТМҚ есепке алғанда және бағалағанда №2 «Қорлар» атты қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына және ҚЕҰС-на негізделеді. Аталмыш стандарттарда стандарттың әрекет ететін саласы, ТМҚ өлшеу және бағалау, олардың өзіндік құнын анықтау тәртібі, шығыстарды тану, есептілікте ашып көрсету мәселелері қарастырылған.


Әдістемелік нұсқау:


      1. «Тауарлық-материалдық құндылықтар есебі» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).
      2. Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
      3. Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
      4. Тестіні орындаңыз.
      5. Ситуациялық есепті шығарыңыз.
      6. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер
  1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007
  2. Қаржылық есептіліктің №2 «Қорлар» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006
  3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
  1. Тауарлық- материалдық құндылықтарға не жатады?
  2. ТМҚ­-ға жатпайтын түрлерін аатңыз.
  3. Консигнациядағы тауар деп нені айтады?
  4. ТМҚ есебін қандай стандарт реттейді?
  5. Материалдар қандай түрлерге бөлінеді?
  6. Негізгі материалдарға не жатады?
  7. Қосымша материалдарға не жатады?
  8. Аяқталмаған өндіріс деген не?
  9. Шала фабрикаттардың аяқталмаған өндірістен айырмашылығы неде?
  10. ТМҚ есебі үшін шоттар тізбегінің қай бөлімшесінің шоттары қолданылады?
  11. Қорлардың өзіндік құнына не кіреді?
  12. ТМҚ бағалаудың қандай әдістері бар?
  13. ФИФО әдісінің мәні неде?
  14. Қорлардың орташа салмақтандырылған құны қалай анықталады?
  15. ҚЕХС-мен ұсынылған ТМҚ есептеу жүйелерін атаңыз?
  16. Таза өткізу құны дегеніміз не және қандай жағдайларда қолданылады?



Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:
    1. Материалдардың өзіндік құны неден құралады?

А) есепті баға бойынша қорлар құнынан.

В) келісілген бағадан.

С) сатып алу бағасы мен субъектінің осы материалды дайындау және жеткізу шығыстарынан.

Д) көліктік-дайындау шығыстарынан.


2. Нақты келіп түскен ТМҚ саны жабдықтаушыдан келген құжаттың мәліметтерімен сандық және сапалық жағынан ауытқыған жағдайда қандай құжат толтырылады?

А) Материалды қабылдау актісі.

В) Накладной.

С) материалдардың ішкі қозғалысы бойынша накладной.

Д) Лимиттік - жинақтау картасы.

Е) Кіріс ордері.


3. Өнімді дайындау кезінде тұрақты түрде қолданылатын материалдарды өндіріске босату үшін және қорларды өндірістік қажеттіліктерге бекітілген лимит бойынша жіберу мақсатында қандай құжат толтырылады?

А) Материалды қабылдау актісі.

В) Накладной.

С) материалдардың ішкі қозғалысы бойынша накладной.

Д) Лимиттік - жинақтау картасы.

Е) Кіріс ордері.


4. ФИФО әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.


5. Орташа құн әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.


6. Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі бойынша:

А) материалдарды бірінші сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

В) материалдарды есепті кезең соңында сатып алынған материалдардың өзіндік құнымен есептен шығарады.

С) өзара орнын алмастыруға келмейтін ТМҚ мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құны анықталады.

Д) сатып алынған материалдардың орташа салмақтандырылған құны анықталады.

Е) қорларды өндіріс көлеміне пропорционал есептен шығарады.

  1. Жабдықтаушылардан материалдар келіп түскенде қандай шоттар корреспонденциясы құрылады?

А) Дт-1320 Кт-3310

В) Дт-1310 кт-3310

С) Дт-3310 Кт-1310

Д) Дт-1310 Кт-8110

Е) Дт-1310 КТ-8210

  1. Алынған материалдар үшін жабдықтаушыларға төлем жасалғанда қандай шоттар корреспонденциясы құрылады?

А) Дт-3010 Кт-1310

В) Дт-1310 Кт-3310

С) Дт-3310 Кт-1040

Д) Дт-1030 Кт-3310

Е) Дт-1310 Кт-3010