Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Вид материалаДокументы

Содержание


4-Тақырып: «Шоттар жүйесі және екі жақты жазу»
Дәріс мазмұны
Дәріске әдістемелік нұсқау
3. Барлық міндеттемелердің сомасы 65200 теңгеге өсуі нені білдіреді?
4. Өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелгенде қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?
6.Шығыстар шотында
7. «Бөлінбеген пайда» шоты төмендегілердің қайсысына жатады?
9. «Дебет» термині латын тілінен аударғанда нені білдіреді?
11. 45200 теңге дебиторлық борыш өтелгенде баланс қалай өзгереді?
12. Ағымдық шоттан кассаға жұмысшыларға еңбек ақы төлеу үшін ақша келіп түскенде қандай шоттар корреспонденциясы құрылады?
13. Басқару персоналының еңбек ақысынан жеке табыс салығы ұсталғанда қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?
15. Кәсіпорын қоймасынан әкімшілік ғимаратын жөндеуге материалдар босатылғанда қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?
Негізгі түсініктер
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Ағымдық жылдың мамыр айында жүргізілген шаруашылық операциялар
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу»
Негізгі түсініктер
1. Корректуралық тәсіл
2. Сторнолық жазу.
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

4-Тақырып: «Шоттар жүйесі және екі жақты жазу»



Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есептің «шоттар» және «екі жақты жазу» элементтеріне түсінік беріп, олардың есептегі маңызын ашу. Активті және пассивті шоттардың құрылысын меңгеру, бухгалтерлік өткізбе құрудың логикалық сызбасын ұғыну.


Дәріс сұрақтары:
  1. Шоттар және олардың құрылымы, шоттарды жабу тәртібі.
  2. Екі жақты жазу және шоттар корреспонденциясы.
  3. Жалпылаушы және талдамалық шоттар.
  4. Шоттардың сыныптамасы.
  5. Шоттар жоспары.

Негізгі түсініктер: шоттар, активті шот, пассивті шот, уақытша шоттар, тұрақты шоттар, транзиттік шоттар, екі жақты жазу, шоттар корреспонденциясы, бухгалтерлік өткізбе, жалпылаушы шоттар, талдамалық шоттар, шоттар жоспары.


Дәріс мазмұны:

Әрбір кәсіпорында көптеген шаруашылық операциялар жасалады, олар құжаттарда көрініс табады. Оның үстінде кәсіпорында әртүрлі шаруашылық операциялардың барлығын баланста тіркеуге мүмкіндік бермейді. Бірақ шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау қолда бар шаруашылық қаржысын ескеру және баланстағы барлық өзгерістерді бақылау үшін барлық құжаттар бухгалтерлік баланста қабылданып топтастырылады. Мұндай топтастыру балансты дамыту үшін ашылатын бухгалтерлік есептің шотында жасалынады. Шоттар-қажетті деректер алу мақсатымен ағымдағы есепті топтау және объектілерді бақылау тәсілі болып табылады. Оларды құралдардың әрбір түрін, олардың құралу кездерін және процесті есепте қабылданған топтастыруға сәйкес есепке алу үшін баланс баптарын дамыту ретінде ашады. Шоттарда есеп ақшалай өлшеммен жүргізіледі, олар активтер, капитал, міндеттемелер, сонымен қатар кірістер мен шығындарды есептеуге ашылады. Кейбір бухгалтерлік шоттарда қалдықтар болады. Актив шоттары кәсіпорынның шаруашылық құралдардың немес мүлкін есепке алады. Бұл шоттар бойынша қалдықтар баланстың активінде бейнеленеді. Ал капитал және міндеттемелер шоттары шаруашылық құралу көздерін есепке алуға арналған. Бұл шоттар бойынша қалдық пассивте бейнеленеді. Шоттардың әрқайсысы (активті және пассивті) 2 бөліктен тұрады: Дебет және Кредит. Бұл сөздер латын сөзінен шыққан. Дебет-берешек, кредит-сену дегенді білдіреді.

Есеп тәжірибесінде актив, капитал және міндеттемелер шотында әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін, яғни шоттардың азаюы немесе кобеюі. Осы өзгерістерді көрсету үшін шоттардың дебеті мен кредиті қолданылады.


Активті шоттар құрылымы:

Актив шотының дебетінде шаруашылық құрал-жабдықтардың айдың басындағы қалдығы, олардың көбеюі жіне айдың аяғындағы қалдығын көрсетеді, ал кредитінде азаюы жазылады. Шоттың дебетінде көрсетілген өзгерістер сомасы дебеттік айналым және кредитінде көрсетілген өзгерістер сомасы кредиттік айналым. Активті шоттың қалдығын есептеу формуласы (соңғы қалдық):

Қа = Қб + Ад - Ак (1)

Қа – айдың аяғындағы қалдық;

Қб – бастапқы қалдық;

Ад – дебеттік айналым;

Ак – кредиттік айналым.

Жаңадан алынған қалдықты бастапқы қалдық ретінде келесі айда шоттың дебетіне жазады. Міндеттемелер шоты актив шоттарына керісінше.


Міндеттемелер шоттары құрылымы:


Қа = Қб + Ад – Ак (2)

Міндеттемелер шотында қарағанда айнадағындай теріс көрсетіледі. Міндеттемелер шотының кредитіне шаруашылық құралдарының көздерінің айдың басындағы қалдығы, көбеюі және айдың аяғындағы қалдығы көрсетіледі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі.

Сөйтіп активті шоттарда тек қана дебеттік қалдық, ал міндеттемелер шотында тек кредиттік қалдық болады. Егер шотта қалдық қалмаса шот жабылды деп саналады.

Қаржылық нәтижені есептеу және капиталға әсерін анықтау үшін шоттардың екі тобы белгіленіп бөлінеді. Олар кіріс және шығыс шоттары. Осы шоттардың ерекшілігі – бұл шоттарда қалдық болмайды. Бұл шоттар әр есеп беру мерзімінде жабылады. Осы мақсатпен жиынтық кіріс (зиян) деген бөлек шот ашылады. Шығын азайтады, кіріс көбейтеді. Егер кіріс шығыннан асса пайда алады. Шығын кірістен көп болса зиян шегеді. Шаруашылық операция жасауда шаруашылық құралдары мен олардың көздері құрамында болатын екі жақты жазу бухгалтерлік есептің екі объектісіне өзгеріс енгізеді. Шаруашылық операциялардың шоттарда көрініс табуын, олардың біреуінің дебетінде екіншісінің кредитінде бірдей сомада жазылуын екі жақты жазу деп атайды. Екі жақты жазу әдісін қолдану баланстың активтері, капиталы мен міндеттемелерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді:
  1. Шоттарда дебетте жазылған ай басындағы жалпы қалдық сомасы басқа шоттардың кредитінде жазылған айдың басындағы қалдықтарының жалпы сомасына тең болуы тиіс.
  2. Шоттар бойынша дебеттік айналымның жалпы сомасы кредиттік айналымның жалпы сомасына тең болуы тиіс. Бұл теңдік шоттарда екі жақты жазу әдісін қолданғанда түсіндіріледі.
  3. Шоттар бойынша дебеттік соңғы қалдықтардың жалпы сомасы кредиттік соңғы қалдықтар сомасымен бірдей болуы тиіс.

Кәсіпорын мүлкінің және оның көздерінің өзара байланысын екі жақты жазу бейнелейді, ал шоттардың корреспонденциясы операцияны шоттың қай жағында көрсететінін анықтауға (дебет, кредит) мүмкіндік береді. Сонымен шаруашылық операцияның екі жақты жазу көмегімен бейнеленуі нәтижесінде шоттардың арасында пайда болған байланыс шоттар корреспонденциясы деп аталады. Бір-бірімен корреспонденция көмегімен байланысқан шоттар корреспонденцияланатын шоттар деп аталады. Бухгалтерлік өткізбе қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Бір шот дебеттелетін екіншісі осы сомаға кредиттелетін өткізбе қарапайым, ал егер де шаруашылық операция бойынша белгілі бір сомаға бірнеше шот дебеттеліп және бірнеше шоттар кредиттелетін өткізбе күрделі деп аталады.

Бухгалтерлік есепте шоттардың екі түрі пайдаланылады: синтетикалық және аналитикалық шоттар. Экономикалық жағынан топтасқан біртекті шаруашылық құралдарының және олардың көздерін есептеу үшін ашылған шоттар синтетикалық (жалпылаушы) шоттар деп аталады. Жекелеген объектілерді жіктеу мақсатында ашылған шоттар аналитикалық (талдамалық) шоттар деп аталады. Мысалы: Материалдар 1310 шот синтетикалық, оған қосымша отын: көмір, газ, мұнай, жағармай-аналитикалық шоттарашылуы мүмкін. Синтетикалық есеп шоттарында есеп тек ақшалай өлшеммен жүргізіледі, өйткені синтетикалық шот негізінде кәсіпорын есеп жүргізеді. Ал аналитикалық шоттарда операциялардың есебі ақшалай өлшеммен, қажет болған жағдайда заттай, еңбек өлшемдерімен де көрсетіледі. Кейбір синтетикалық шоттар бойынша біртекті аналитикалық шоттар бір синтетикалық шот шегінде қосымша топтастырылады. Стнтетикалық шот шегінде құрылған біртекті аналитикалық шоттар топтарын аралық (субшоттар) деп атайды. Оларды барлық кәсіпорындар бірынғай синтетикалық шоттардың көрсеткіштерін толықтыратын қорытынды көрсеткіштерді алу үшін енгізеді. Синтетикалық шоттардың 2 түрі бар: жай және күрделі. Жай шоттар аналитикалық есеп жүргізуді қажет етпейді. Ал күрделі шоттар субшоттарға және аналитикалық шоттарға бөлінеді.

Синтетикалық шоттар мен аналитикалық шоттар арасында өзара тығыз байланыс бар:
  1. Аналитикалық шоттардағы айдың басындағы қалдық сомасы синтетикалық шот бойынша айдың басындағы және аяғындағы қалдыққа тең болады.
  2. Аналитикалық шоттардың дебеті мен кредиті бойынша 1 айдағы айналым сомасы синтетикалық шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымға тең болуы тиіс.
  3. Аналитикалық есептің шотына жазылатын әрбір шаруашылық операциясы тиісті синтетикалық шотқа жеке немесе қорытылған түрде жазылуы тиіс.


Қорытынды:

Шоттар-қажетті деректер алу мақсатымен ағымдағы есепті топтау және объектілерді бақылау тәсілі болып табылады Баланстың активінің негізінде ашылған шоттар активті, пассивінің негізінде ашылған шоттар пассивті деп аталады. Есеп тәжірибесінде актив, капитал және міндеттемелер шотында әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін, яғни шоттардың азаюы немесе көбеюі. Осы өзгерістерді көрсету үшін шоттардың дебеті мен кредиті қолданылады. Екі жақты жазу тәсілі бухгалтерлік есептің спецификалық әдістерінің бірі болып табылады. Екі жақты жазу арқылы баланстың тепе теңдігі қамтамасыз етіледі..

Дәріске әдістемелік нұсқау:
  1. «Шоттар жүйесі және екі жақты жазу» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).
  2. Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
  3. Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
  4. Тестіні орындаңыз.
  5. Ситуациялық есепті шығарыңыз.

6. СОӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер
    1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы

-28.02.2007
    1. Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуоазия ұлттық университеті, 2006
    2. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
    3. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.
    4. Типтік шоттар жоспары. ҚР Қаржы министрімен №185 бұйрығымен 23.05.07 жылы бекітілген


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
  1. Бухгалтерлік шот терминіне түсінік беріңіз.
  2. Бухгалтерлік есеп шоттарының қажеттілігі?
  3. Есептің Дебет және Кредит символдары не үшін қолданылады?
  4. Символдардың көмегімен Кірістер және Шығыстар шотындағы өзгерістердің бейнеленуі.
  5. Активті шоттарда есепті кезең соңындағы қалдық қалай анықталады?
  6. Пассивті шоттардаңы соңғы қалдықты қандай формуламен анықтайды?
  7. Екі жақты жазуға анықтама беріңіз.
  8. Шоттар корреспонденцисы деген не?
  9. Қарапайым бухгалтерлік жзулардың күрделі жазулардан айырмашылығы қандай?
  10. Аналитикалық шоттар не үшін керек?
  11. Синтетикалық шоттар бойынша айналым тізбесінде қандай үш жұп теңдігі орындалу керек?
  12. Шоттар тізбегіне сипаттама беріңіз..
  13. Аралық шот деп нені айтады?
  14. Типтік шоттар тізбегі қай уақыттан бері өз күшіне енді?
  15. Типтік шоттар тізбегі неше бөлімнен тұрады?
  16. Шоттар экономикалық мазмұны бойынша қандай түрлерге жіктеледі?


Тақырыпты бекітуге арналған тест сұрақтары:


1. «Материалдық шығынды өтеу бойынша есеп айырысу» шоты қандай шоттар тобына жатады?

а. Активтер

в. Міндеттемелер

с. Капитал

д. Кірістер

е. Шығыстар

2. Шығыстар шотында қалдық:

а. Дебетте

в. Кредитте

с. Активте

д. Пассивте көрсетіледі

е. Дұрыс жауап жоқ..

3. Барлық міндеттемелердің сомасы 65200 теңгеге өсуі нені білдіреді?

а. Активтердің 65200 теңгеге ұлғайғандығын

в. Капиталдың 65200 теңгеге көбейгендігін

с. Активтердің 65200 теңгеге ұлғайғандығын және капиталдың 65200 теңгеге азайғандығын

д. Активтердің 65200 теңгеге азайғандығын немесе капиталдың 65200 теңгеге азайғандығын

4. Өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелгенде қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?

а. Д 3350 К 8110

в. Д 7210 К 3350

с. Д 7110 К 3350

д. Д 7310 К 3310

е. Д 8110 К 3350

5. Активті шоттарда мүліктің көбеюі қайда бейнеленеді:

а. активте

в. пассивте

с. шоттың дебетінде

д. шоттың кредитінде

е. Еш жерде бейнеленбейді.

6.Шығыстар шотында:

а. Қалдық болмайды

в. Қалдық болады

с. Қалдық болуы және болмауы мүмкін

д. Қалдық баланстың активінде көрсетіледі.

е. Қалдық баланстың пассивінде көрсетіледі

7. «Бөлінбеген пайда» шоты төмендегілердің қайсысына жатады?

а. капиталға

в. міндеттемелерге

с. шығыстарға

д. кірістерге

е. Активке

8. Кәсіпорын басшысына еңбек ақы есептелгенде қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?

а. Д 3350 К 8110

в. Д 7210 К 3350

с. Д 7110 К 3350

д. Д 7310 К 3310

е. Д 8110 К 3350

9. «Дебет» термині латын тілінен аударғанда нені білдіреді?

а. сенеді

в. берешек

с. қызмет

д. әрекетсіздік

е. қалдық

10 . Кірістің өсуі шоттың қай жағында көрсетіледіі:

а. Дебетінде

в. Кредитінде

с. Дебет және кредитте

д. Актив бойынша

е. дұрыс жауап жоқ.

11. 45200 теңге дебиторлық борыш өтелгенде баланс қалай өзгереді?:

а. актив 45200 теңгеге кемиді және актив 45200 теңгеге өседі.

в. капитал 45200 теңгеге өседі және актив 45200 теңгеге кемиді.

с. актив 45200 теңгеге өседі және міндеттемелер 45200 теңгеге кемиді

д. актив 45200 теңгеге өседі және капитал 45200 теңгеге өседі

е. актив 45200 теңгеге кемиді және міндеттемелер 45200 теңгеге кемиді

12. Ағымдық шоттан кассаға жұмысшыларға еңбек ақы төлеу үшін ақша келіп түскенде қандай шоттар корреспонденциясы құрылады?

а. Дт- 1010 Кт- 3350

в. Дт- 3350 Кт- 1030

с. Дт- 1010 Кт- 1030

д. Дт- 1030 Кт- 1010

е. Дт -3350 Кт- 1010

13. Басқару персоналының еңбек ақысынан жеке табыс салығы ұсталғанда қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?

а. Д 3350 К1010

в. Д 1030 К3350

с. Д 3350 К3120

д. Д 7210 К3350

е. Д 3120 К3350

14. Активті шоттарда қалдық қандай формуламен анықталады?

а. Қс=Қб+Ак-Ад

в. Қс=Қб+Ад+Ак

с. Қс=Қб+Ад-Ак

д. Қс=Қб-Ад-Ак

е. Қс=Қб-Ак+Ад

15. Кәсіпорын қоймасынан әкімшілік ғимаратын жөндеуге материалдар босатылғанда қандай бухгалтерлік өткізбе құрылады?

а. Д 7210 К1310

в. Д 1310 К 8410

с. Д 8110 К1310

д. Д 8410 К1310

е. Д 8310 К1330


«Шоттар жүйесі және екі жақты жазу» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: активті шот, пассивті шот, дебет, кредит, екі жақты жазу, бухгалтерлік өткізбе, шоттар корреспонденциясы.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есеп шоттарының маңызы мен мәнін, екі жақты жазу әдісі бойынша бухгалтерлік өткізбе құрудың логикалық сұлбасын түсініп, әр түрлі шаруашылық операциялары бойынша шоттар корреспонденциясын анықтай білу. . Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
  1. Шоттар, шоттардың түрлері
  2. Екі жақты жазу тәсілі негізініде шоттарда операциялардың бейнеленуі.
  3. Жалпылаушы және талдамалық шоттар.

Студент білуі тиіс:
  • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
  • бухгалтерлік есеп шоттарының баланспен байланысын;
  • айналым тізбесіндегі үш жұп теңдігінің пайда болу себебін.

Студент меңгеруі тиіс:
  • есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  • кәсіпорындар мен ұйымдарда жүргізілетін әр түрлі шаруашылық оперцияларының экономикалық мазмұнын түсіне отырып, оларға бухгалтерлік өткізбе құруды;
  • Шоттар аша білуді және шоттардың қалдығын анықтауды;
  • Айналым тізбесі мен бухгалтерлік балансты құру тәртібін.

Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау. Студент бухгалтерлік өткізбе құруда келесі логикалық сұлбаға негізделуі қажет:
  1. Шаруашылық операцияға қатысушы шоттарды анықтау;
  2. Анықталған шоттардың активті не пассивті екендігін анықтау;
  3. Шоттағы өзгеріс сипатын анықтау (көбеюін, азаюын);
  4. Анықталған өзгеріс түрін шоттардың дебеті мен кредитіне тіркеу арқылы бухгалтерлік өткізбе құру.

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік өткізбелер құруда бухгалтерлік есеп қағидаларын сақтаудың практикалық дағдысын көрсете білу

1- Есеп. Мақсаты – студенттердің шоттарды ашу әдісі, оларға операцияларды жазу тәртібі бойынша білімдерін бекіту және бірнеше мерзім ішінде есеп жүргізу әдісін меңгеру.

1. Тапсырма. 1-мамырға қалған қалдықтар бойынша шоттар ашыңыз. Және шоттарға 2 айдың бухгалтерлік жазулары тіркелетіндігін ескеріп, әрбір шот бойынша 10 жол қалдырыңыз.

Берілгені:


1-мамыр бойынша шоттар қалдықтары





Сомасы
  1. Негізгі құралдар
  2. Жарғылық капитал
  3. Биологиялық активтер (өсімдік шаруашылығы)
  4. Материалдар
  5. Резервтік капитал
  6. Негізгі өндіріс
  7. Ағымдық шоттағы ақша
  8. Дайын өнім
  9. Банктің қысқа мерзімді несиесі
  10. Кассадағы ақша
  11. Жабдықтаушылар және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
  12. Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
  13. Эмиссиялық кіріс
  14. Еңбек ақы төлек бойынша қысқа мерзімді берешек
  15. Материалдық емес активтер
  16. Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы

95040

123260

2750

4340

8510

30810
76400

5460

52600

40


12400


18900

4000


19000

7620

21590


2. Тапсырма. Төмендегі шаруашылық операциялары бойынша тіркеу журналын толтырыңыз.


Ағымдық жылдың мамыр айында жүргізілген шаруашылық операциялар


Мазмұны

Сомасы
  1. Ағымдық шоттан еңбек ақы төлеу үшін кассаға ақша келіп түсті
  2. Кассадан еңбек ақы берілді
  3. Қолма-қол ақшаға азық-түлік сатып алынды
  4. Еңбек ақы есептелінді:

А) негізгі өндіріс жұмысшыларына

Ә) басқару персоналына

Барлығы:
  1. Шикізат сатып алынды (ақысы төленбеген)
  2. Негізгі өндіріске шикізат жіберілді
  3. Ағымдық шотқа сатып алушылардың берешек сомасы келіп түсті
  4. Ағымдық шоттан аударылды:

А) жабдықтаушыларға берешек сома

Ә) банкке қысқамерзімді несие сомасы қайтарылды

Барлығы:
  1. Негізгі өндірістен дайын өнім шығарылды.
  2. Қоймадан дайын өнім сатуға жіберілді.
  3. Сатып алушыларға өткізілген өнім үшін шот жіберілді
  4. Қосылған құн салығының сомасына:
  5. Өткізілген өнім үшін сатып алушылардан ағымдық шотқа ақша келіп түсті
  6. Сатудан түскен қаржылық нәтижені анықтаңыз




18000


18000

20


47300

20000

67300

58450

37200


16000


12400

10000

22400

113000

115000

140000


18200


158200

?

3. Тапсырма. Тіркеу журналының мәліметтерін шоттарға тіркеңіз.

4. Тапсырма. Шоттар бойынша 1 маусымдағы қалдықтарын анықтаңыз.

5. Тапсырма. Тіркеу журналында маусым айында жүргізілген шаруашылық операцияларына бухгалтерлік өткізбе құрыңыз.

Маусым айында жүргізілген шаруашылық операциялары


Мазмұны

Сомасы
  1. Ағымдық шоттан жабдықтаушыларға аударылды
  2. Ағымдық шоттан кассаға алынды
  3. Кассадан шаруашылық қажеттіліктерге берілді
  4. Кассадан еңбек ақы төленді
  5. Өндіріске материалдар жіберілді
  6. Кассаға есеп беруге тиісті тұлға есепті соманың қалдығын қайтарды
  7. Кәсіпорын пайдасы жарғылық капиталды толықтыруға бағытталды




30000


78000

12000

63000

7000


980


25000


6. Тапсырма. Операцияларды шоттарға тіркеп, айналымдарын есептеңіз және 1-шілдеге қалдығын анықтаңыз.

7. Тапсырма. Маусым айындағы синтетикалық шоттар бойынша айналым тізімдемесін құрыңыз.

8. Тапсырма. Кәсіпорынның 1-шілдеге бухгалтерлік балансын құрыңыз

Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Активті шоттарда тек дебеттік қалдық, пассивті шоттарда кредиттік қалдық қана болады.

2. Бухалтерлік баланс пен шоттар арасында тығыз байланыс бар.

3. Кіріс және шығыс шоттарында қалдық болмайды, олар кәсіпорынның «Пайда мен зиян туралы» есебінде көрініс таабды.


СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және шоттар жүйесі және екі жақты туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.


Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1. « Шоттар жүйесі және екі жақты жазу» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).

2. Бухгалтерлік есеп шоттарының әр түрлі белгілері бойынша жәктелуін сызба түрінде көрсетіңіз.


Әдістемелік нұсқау: Жұмыс шоттар тізбегінің 6, 7, 8-бөлімдерінің шоттарында қалдық болмайды.


5-Тақырып: «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру»


Сабақ жоспары:
  1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың мақсаты мен жіктелуі.
  2. Түгендеу және оны жүргізу тәртібі
  3. Есеп тіркелімдері
  4. Есеп нысандары
  5. Бухгалтерлік жазулардың қатесін түзету тәсілдері.
  6. Есеп саясаты туралы түсінік және оның мәні мен маңызы

Сабақтың мақсаты: Құжаттар мен құжатайналымының мәні мен маңызын түсіну, олардың жіктелуін, Қазақстанда қолданылатын есеп нысандары мен есғп регистрлерін білу, түгендеуді жүргізу тәртібін меңгеру және бухгалтерлік жазулардағы қателіктерді түзете білу, сонымен қатар, есеп саясатының шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін жүргізуде алатын орны мен маңызын жете түсіну.

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік құжат, құжаттау, деректеме, түгендеу, қызыл сторно, корректура, есеп тіркелімдері, есеп нысандары, есеп саясаты.


Дәрістің мазмұны:

Үздіксіз қызмет қағидасына сәйкес, бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектісінің құрылуынан бастап оның жойылуына дейін жүргізіледі. Барлық шаруашылық операциялары бухгалтерлік есептің шоттарында алғашқы растаушы құжаттарға тіркелуі арқылы есепке алынады. Бухгалтерлік құжаттар олардың растылығы мен заңдылығын бекітеді.

Есеп құжаттары есептік жазулардың негізі болып табылады және шаруашылық қызметті басқару үшін де қолданылады. Бухгалтерлік құжат негізінде шаруашылық операциялардың дұрыстығы бақыланып, шаруашылық қызметке ағымдық талдау жүргізіледі және де кейбір шаруашылық бұзушылық себептері анықталады.

Құжат белгілі бір түрде кодталған және арнайы тасмымалдаушыда тіркелген ақпараттық хабарлама болып табылады. Құжаттарда экономикалық ақпаратпен қоса заңдық ақпараттар да қолданылады.

Заңды ақпаратты тасымалдаушы ретінде көріну себебі – олар материалдық объект ретінде, жүргізілген шаруашылық операциялар туралы толық ақпарат алуға және оның дәлелдік күшін қамтамасыз етуге қажетті мәліметтер жинақтайды. Құжаттар «деректеме» деп аталатын жекелеген элементтерден тұрады. Деректемелер тұрақты және айнымалы болып екі түрге бөлінеді. Тұрақты деректемелерге шаруашылық субъектісіне қатысты мүлде өзгермейтін немесе ұзақ уақыт бойы өзгермейтін деректемелер жатады. Олар: шаруашылық субъектісінің атауы мен мекен –жайы, банктегі ағымдық шотының нөмірі, цех немесе қоймасының нөмірі, жұмысшылардың табельдік нөмірлері. Айнымалы деректемелер операцияның сипатына байланысты болып келеді.

Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктер бойынша жіктеледі: Мақсаты бойынша, олардың түрлері: Үкімдік, атқарылушылық, бухгалтерлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді. Құрастырылған орнына байланысты ішкі және сыртқы құжаттар болып бөлінеді. Көрсету тәсілі және операцияның мазмұнының көлемі бойынша жіктеледі.

Құжат айналымын басқару жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:
  • бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау
  • бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау
  • кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құру
  • есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру
  • істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі

Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарының папкаларға тігіліп нөмірленуі сақтаудың тәртібіне және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамасыз етуге арналған.

Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның көздерінің есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:
  • нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
  • нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
  • есепте міндеттемелердің көрсетілуін анықтау.

Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады.

Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктер және т.б.

Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сойкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндетті болып табылады:
  • ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда;
  • жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасау алдында;
  • тауарлы-материалды қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда;
  • мүлікті ұрлау, зиян келтіру фактлері анықталғанда;

• ұйым қайта құрылған немесе таратылған кезде бөлу балансын құру алдында жүргізіледі;

• нормативті актілерімен қарастырылған өзге де жағдайларда.

Түгендеу жүргізілу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мысалы, белгіленуі мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы болып бөлінеді және т.с.с.

Нақты қалдық және бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы түгендеу нәтижесінде анықталған ауытқулар келесідей көрініс табады.

Тауарлық – материалдық құндылықтар артық шыққан жағдайда, оның пайда болу себептерін және кінәлі адамдарды анықтайды. Қалдықтар кірістеледі және шаруашылық субъектінің кірісіне енгізіледі.

Д 1310, 2410, 2710-2740 К 6280

Тауарлық – материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқы мерзімді дебиторлық борыш» шотында «Жетіспеушілік пен жоғалтулар» аралық шотында есепке алынады.

ТМҚ-ның жетіспеушілігі табиғи кему нормасының шегінде өндіріс шығындарына жатқызылады.

Алайда, жетіспеушілік фактісі анықталғанша ТМҚ - ды табиғи кему нормасының шегінде есептен шығаруға тыйым салынады. Егер кәсіпорында бекітілген табиғи кему нормасы болмаса, онда тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі нормадан тыс жетіспеушілік болып саналады. Табиғи кему нормасынан асқан жетіспеушілік сомасы кінәлі адамға жүктеледі.

Есеп тіркелімдеріне бухгалтерлік жазуларды тіркеу барысында қателіктер жіберілуі мүмкін. Оларды түзету үшін бухгалтерлік есепте келесі тәсілдер қолданылады:

1. Корректуралық тәсіл қателіктер шаруашылық операцияларын құжаттарға бухгалтерлік өткізбе құру арқылы тіркеу барысында, есеп тіркелімдерінде қорытынды шығарылмай тұрып анықталғанда қолданылады. Қате жазу бір сызықпен сызылып, үстінен дұрыс сомасы немесе шоты жазылады. Мысалы, кассаға есеп айырысу шотынан 5721 теңге келіп түсті. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік өткізбе құрады:

Дт 1010 Кт 1040 5271. Бухгалтерлік өткізбе сомасынан қате жіберілген. Қате келесі тәртіппен түзетіледі:

5721

Д 1010 К1040 5271

2. Сторнолық жазу. Бұл тәсіл шоттар корреспонденциясында немесе сомасында қате жіберілгенде қолданылады. Есеп автоматтандырылған жағдайда операцияның сомасынан қате жіберілсе, бұл жазуды кері сан жазу деп атайды.

Мысалы, ұйымның кассасынан қызметкер Б.С. Султановқа операциялық шығыстарға 17520 теңге берілді. Оған келесі бухгалтерлік өткізбе құрылған:

Дт 7210 Кт1010 17520,

Ал негізінен бұл соманы Б.С. Султановтың есебіне жазу керек еді. Мұндай жағдайда сторнолық жазу жазылады:


17520

Дт 7210 Кт 1010 , , осыдан кейін дұрыс корреспонденция беріледі:

Дт 1250 Кт 1010 17520

Дәл осылай сторнолық жазу қате берілген жазудың күшін жояды.