Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Вид материалаДокументы

Содержание


Пән саясаты
Аванстық есеп
Активті шоттар
Акт - бухгалтерлік есепте қолданылатын акт; шаруашылық операцияны жүргізуге жауапты тұлғалар немесе арнайы комиссия құрады Акцеп
Акция - иегеріне осы қоғамның табысының бір бөлігін (дивиденд) алуға құқық беретін бағалы қағаз Алғашқы құжаттар
Аудитор- кәсіпорынның белгілі бір мерзім ішіндегі қаржылық-шаруашылық қызметі жағдайын тәуелсіз тексеруші тұлға. Бухгалтерлік ба
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік өткізбе
Бухгалтерлік есеп шоттары
Дебиторлық борыш
Есеп саясаты
Күмәнді талаптар
Негізгі құрал
Пайда- есепті кезеңде активтердің көбеюі не міндеттемелердің азаюы. Төлем валютасы –
Шаруашылық операциялары
Шоттардағы екі жақты жазу
1-Шолу дәрісінің тақырыбы
Дәрістің негізігі мазмұныі
Дәріске әдістемелік нұсқау
Негізгі түсініктер
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ АКДЕМИЯ




«Бағалау және бизнес» кафедрасы


«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАГЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШІЛІКТЕРІ»

ПӘНІНЕН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


Астана – 2010

Құрастырушы: Жуматаева Бақытжамал Әшімқызы, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАГЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШІЛІКТЕРІ»

пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Оқу-әдістемелік кешен «Бағалау және бизнес» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«____» __________2009 ж. №____ хаттама


ҚИТА-ның оқу- әдiстемелiк кеңестің отырысында мақұлданған.


«___» _________ 2010 ж . №____ хаттама


Э


Мазмүны

  1. Силлабус
  2. Глоссарий
  3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
  4. Дәрістің негізгі мазмұны
  5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
  6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік

нұсқаулықтар
  1. Аралық бақылау кестесі
  2. Әдебиет
  3. Тестік тапсырмалар



Пәндi зерттеуге қажет оқу-әдiстемелiк материалдар

Негiзгi әдебиеттер:
  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi. Алматы: БИКО, 1994.
  2. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы 28.02.2007
  3. ҚР «Акционерлiк қоғам туралы» Заңы - 10.07.1998 ж.
  4. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы -20.11.98, 19.02.2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен

6. Бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттары, Алматы, 2006

7. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. ҚР Қаржы министрінің №185 бұйрығымен бекітілген. 23.05.2007ж

8. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн асқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодекс. - Алматы: БИКО, 2005
  1. Әбдiманапов Ә.Ә. Бухгалтерлiк есеп теориясы мен принциптерi. Алматы, 2003ж.
  2. Әбдiманапов Ә.Ә. Бухгалтерлiк және қаржылық есеп принциптерi (Халықаралық стандарт): Оқулық- Алматы: ЖШС "Таугүл - Принт", 2006
  3. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. Учебное пособие. - Алматы: "Ержанов и К", 2003.-185с.
  4. Қаржылық есеп: Оқу құралы/ К.К. Кеулiмжаев, З.Н. Әжiбаева және басқалары - Алматы: Экономика, 2001.
  5. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  6. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердегi бухгалтерлiк есеп: Оқулық/ Жалпы ред. Н.К. Мамыров - Алматы: Экономика, 2005
  7. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсiпорында бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру- Алматы: Центраудит - Казахстан, 2003
  8. Салина А.П. Бухгалтерлiк есеп принциптерi - Алматы: Экономика, 2003-369 стр.
  9. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Алматы, 2005 - 545с.


Қосымша әдебиеттер:
  1. Брага В.В. Компьютеризация бухгалтерского учета. Учебное пособие.-М.: Финстатинформ,1996г.
  2. Бухгалтерский учет и анализ в зарубежных странах. Учебное пособие.-Минск: ИП "Экоперспектива", 1998
  3. Ильясов К.К., Мельников В.Д. Финансы. Учебник для экономических специальностей вузов. Алматы, Каржы - Каражат, 1997
  4. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет: Учебное пособие. -М.:ИНФРА-М, 1998.-584с.
  5. Макальская М.Л., Денисов А.Ю. Самоучитель по бухгалтерскому учету. М: АО "ДИС", 1998
  6. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэл Д. Принципы бухгалтерского учета. - М.: Финансы и статистика, 1994. -496с



  1. Бақылау және бiлiмiн бағалау



Аудиториялық сабақтарда ағымдық бақылау жүргiзу, СОӨЖ және СӨЖ бойынша берiлген тапсырмалардың орындалу сапасына бақылау жасау, жазбаша сұрау арқылы екi аралық бақылау жүргiзу көзделген. Қорытынды бақылау ретiнде емтихан қарастырылған.

АҚымдық бақылау - студентерден дәрiс сабағында өткен тақырыптар бойынша ауызша сұрау және теориялық материалдарды есеп шығару арқылы бекiтiп отыру;

Аралық бақылауды дәрiс оқушы жазбаша түрде сұрау және есеп шығарту арқылы қабылдайды;

Қорытынды бақылау - жабық тестiк сұрақтар арқылы оқу орнының басқармасы бекiтiп енгiзген нысанында қабылданады.

Оқыту нәтижелерiн бағалау жүйесi келесi түрде құрылады:

Ағымдық бақылау – 25 б.

Аралық бақылау (СОӨЖ), бақылау жұмыстары, тестiлер) – 35 б

Қорытынды бақылау– 40 б


  1. Пән саясаты

Оқу пәнi экономикалық мамандықтар бойынша оқытылатын студенттер үшiн мiндеттi болып табылады.

Студенттер аудиториялық сабақтарда қойылатын сұрақтарды талқылауға белсене қатысуы мiндеттi болып саналады. Дәрiс және семинар сабақтарына алдын - ала әзiрленiп келуi, СОӨЖ және СӨЖ бойынша берiлген тапсырмалар мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

Сонымен бiрге, бақылаудың барлық түрлерiне қатысу мiндеттi болып саналады.

Оқу жүктемесiнiң жалпы көлемi: 74 сағат, оның iшiнде: 30 сағат-дәрiс сабақтары, 15 сағат - практикалық сабаққа, 14 сағат - СОӨЖ- на және СӨЖ -на 15 сағат берiлген.

Глоссарий

Активтер - бұл субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі немесе болашақ пайда. Бұл өткен кезеңнің бақылау қорытындысы бойынша болашақта экономикалық табыс әкелетін немесе ұйымның меншіктік ресурсы.

Аванс - алдағы кезең шығыстары мен төлемдеріне берілетін ақша қаражаты, сонымен бірге айдың бірінші жартысында төленетін еңбек ақының бір бөлігі.

Аванстық есеп - есеп беруге тиісті тұлға құрып ұсынатын типтік нысандағы құжат.

Ажур - аналитикалық және синтетикалық есептің, қоймадағы және бухгалтериядағы есеп мәліметтерінің, Бас кітапта шығарылған синтетикалық есеп шоттарының қалдықтары және айналымдары мен баланстық қалдықтың сәйкес келуі.

Активті шоттар - кәсіпорынның активтері есепке алынатын бухгалтерлік есеп шоттары. Олар құралдар мен мүліктердің жай-күйін, құрамын және орналасуын бейнелейді. Активті шоттарда құралдардың көбеюі дебетке, азаюы кредитке жазылады. Тек дебеттік қалдық болады және баланстың активінде көрініс табады.

Акт - бухгалтерлік есепте қолданылатын акт; шаруашылық операцияны жүргізуге жауапты тұлғалар немесе арнайы комиссия құрады

Акцепт - ақша, тауар немесе есеп айырысу құжаттарын төлеуге келісім немесе кепілдік беру.

Акциздер- тауар бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салық түрі

Акция - иегеріне осы қоғамның табысының бір бөлігін (дивиденд) алуға құқық беретін бағалы қағаз

Алғашқы құжаттар- шаруашылық операциялары жүргізілген сәтте толтырылған, олар туралы мәліметті немесе олардың іске асуына рұқсатты дәлейтін материалдық ақпараттар тасымалдаушы.

Амортизация – активтің құнын қызмет мерзімі ішінде жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісі.

Аудит- Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген талаптарға сәйкес заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерінің сенімділігі мен шынайылығы жөнінде тәуелсіз пікір қалыптастыру мақсатында жүргізілетін тексеріс.

Аудитор- кәсіпорынның белгілі бір мерзім ішіндегі қаржылық-шаруашылық қызметі жағдайын тәуелсіз тексеруші тұлға.

Бухгалтерлік баланс- кәсіпорынның шаруашылық қаржысын белгілі бір мерзімге түрлері мен құралу қөзі бойынша жіктеу және олардың жағдайын ақшалай көріністе жалпылау әдісі

Бухгалтерлік есеп- ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады

Бухгалтерлік өткізбе- дебеттелетін және кредителетін шоттарын және тіркелуге тиісті шаруашылық операциясының сомасын көрсете отырып шоттар корреспонденциясын құру

Бухгалтерлік есеп шоттары- шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштеді жіктемелеу, топтастыру және тіркеу белгілері бойынша көрсету тәсілі.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары- кәсіпорында жүргізілген барлық шаруашылық операциялар жөніндегі көрсеткіштерді жалпылайтын және тіркеу үшін қолданылатын, бухгалтерлік есеп шоттарының кодтық жүйесі және реттелген классификатор.

Валюта – белгілі бір елдің (ұлттық валюта) немесе шет мемлекеттің (шетел валютасы).

Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігінде немесе халықаралық валюталық бірліктерде көрініс тапқан бір елдің ақша бірлігінің бағасы.

Вексель – иегеріне мерзімі өткеннен кейін борышкерден көрсетілген ақша сомасын талап ету құқығын беретін құнды қағаз түріндегі бектілген нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме.

Дебет – шаруашылық операциясын екі жақты жазу әдісі арқылы тіркеу үшін қажетті бухгалтерлік есеп шотының сол жағы. Активті шоттарда –шоттың ұлғаюын, ал пассивті шоттарда шоттың кемуін білдіреді.

Дебиторлық борыш- басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы немесе кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады.

Дебитор- дебиторлық борышы бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен жеке тұлғалар.

Есеп саясаты-бұл бухгалтерлік есепке алу және есептемесін ашу үшін олардың қағидаттары мен негіздеріне сәйкес субъектінің басшысы қабылдайтын әдістердің жиынтығы.

Жал –келісім-шартқа сәйкес, белгілі бір төлемге мүлікті уақытша пайдалануға беру. Мүлкін уақытша пайдалануға беруші жақ жалға беруші деп аталады, ал алушы жақ жалгер деп аталады.

Күмәнді талаптар- келісім шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмеген дебиторлық борыш.

Капитал- бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері.

Міндеттемелер- бұл тұлғаның басқа бір тұлғаның пайдасына белгілі бір іс әрекет жасау міндеттемесі.

Негізгі құрал - кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немссс әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтер.

Өтімді активтер - тез арада алдын – ала белгілі ақша сомасына айнала алатын активтер.

Пайда- есепті кезеңде активтердің көбеюі не міндеттемелердің азаюы.

Төлем валютасы – жабдықтаушы мен сатып алушы арасында келісілген тауарды, көрсетілген қызметтерді, несиені өтеу валютасы төлеу

Шығындар- кезеңдері нақты анықталған жағдайда, кезең барысында ол өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін, немесе басқа да көздерінің есебінен есебінен есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды.

Шаруашылық операциялары- кәсіпорынның мүлік құрамына оның міндеттерімен меншікті капиталдарын іс- әрекеттерімен және жағдайлары мен байланысты өзгеріске ұшыратын, сонымен қатар шаруашылық – құқықтық қатынастар өзгерістерін көрсететін факт.

Шоттардағы екі жақты жазу- шаруашылық операцияларын ақшалай бағамда бірдей сомада, өзара байланысқан екі шотта тіркеу тәсілі.

Шоттар корреспонденциясы- шаруашылық операцияларын өзара байланысқан бір шоттың дебетінде келесі шоттың кредитінде көрсету.

Шығыстар- бұл есепті кезеңдегі активтердің кемуі, болмаса міндеттемелердің ұлғаюы.


Кіріспе.

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сонымен қатар өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылымдардың бірі. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Сонымен қатар ұйымның қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау, бағалау және талдау үшін қажет. Тек бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп – бұл қазіргі кезеңде маңызды қолданбалы мәні бар арнайы экономикалық білім аумағы болып табылады. Ол қызметінің түрі мен мақсатына тәуелсіз, қоғамдық пайдалы немесе қайырымдылық іс атқарса да, өнім шығарса немесе қызмет көрсетіп, жұмыс орындаса да әрбір ұйымға қажетті.

Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.

Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Осы бухгалтерлік есеп тұрғысында белгілі ғалым Б. Де Солозано былай деген: «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес», ал оның әріптесі Р. А. Фаулки: «Есеп-бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы»-деп атаған.


1-Шолу дәрісінің тақырыбы: «Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі»


Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есептің негізін құрайтын түсініктермен танысу, оның пәні мен әдістерін, есептің объектілерін ашып зерттеу.


Дәріс сұрақтары:

1. Ұлттық экономикада қолданылатын есеп түрлері.

2. Бухгалтерлік есептің пәні, объектілері

3. Бухгалтерлік есептің әдісі және оның элементтері

4. Есепте қолданылатын өлшем түрлері.

5. Әлемдегі бухгалтерлік есеп үлгілері.

6. Қазақстандағы кәсіпкерлік нысандары.


Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп


Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, статистикалық есеп, оперативтік есеп, актив, капитал мен міндеттемелер, құжаттау, түгендеу, бағалау, калькуляциялау, баланс, екі жақты жазу, шоттар, есептілік, өлшемдер.


Дәрістің негізігі мазмұныі:

Шаруашылық есеп-кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі туралы мәліметтер алуға көмектесетін құрал. Есеп - кәсіпорындарды ресурстармен, материалдармен және басқада түрлерімен қамтамасыз ету үшін, қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жасалатын, материалдық игіліктерді бөлу саласын қамтиды. Есеп деректері шаруашылық процесстерді бақылау, оларды басқару үшін пайдаланылады. Есеп басқа экономикалық пәндермен: статистика, қаржы, талдау, бақылау, менджмент, аудит, маркетинг және т.б. тығыз байланысты. Өндіріс процесін бейнелеу үшін есептің үш түрі қолданылады:

1. Оперативтік есеп.

2. Статистикалық есеп.

3. Бухгалтерлік есеп.

Бухгалтерлік есеп туралы түсінікті келесі сызба түрінде көрсетуге болады:



1-Сызба. «Бухгалтерлік есеп туралы түсініктің» мазмұны

Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау - бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.

Бухгалтерлік есептің пәнін анықтау үшін біріншіден, объектілерін анықтап алу қажет. «Объект» латын сөзінен аударғанда «пән» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепті меншік түріне тәуелсіз барлық кәсіпорындар жүргізеді. Кәсіпорындар қызметкерлерді,өндіріс құрылыс - жабдықтарын пайдалану арқылы өнімдер өндіреді, жұмыстар орындайды, қызметтер көрсетеді. Әрбір кәсіпорынның өзінің қарамағында меншік құрайтын шаруашылық құрал-жабдықтар болады. Бұл құрал - жабдықтар әртүрлі құралу көздерінен құралады. Сондықтан, бухгалтерлік есептің объектілеріне мыналар жатады:
  • Шаруашылық құрал-жабдықтар (активтер)
  • Олардың құралу көздері(міндеттемелер мен меншікті капитал)
  • Шаруашылық процестер мен шаруашылық операциялар

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі барысындағы кәсіпорын қаржысының ауыспалы айналымын есепке алады. Ол дайындау, өндіріс, сату процесін қамтиды.

Қаржының сақталуы мен қозғалысын бақылайтын және шаруашылық қаржының ауыспалы айналым процесін оның көздерін ескеретін әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы бухгалтерлік есеп есеп әдісінің негізгі элементтері болып табылады:

1. Құжаттау және түгендеу. Бұлар шаруашылық құралдарының көздері мен процестерін есептеу және бағал,бақылау.

2. Есеп объектілерінің құнын өлшеу тәсілі ретінде бағалау және калькуляциялау.

3. Шоттар мен екі жақты жазу шаруашылық операцияларын тіркеу және ағымдағы топтастыру ретінде қолданылады.

4. Баланс және есеп беру деректерін қорытындылау тәсілі ретінде қолданылады.

Шаруашылық қаржысы өлшенетін және жасалған операцияларды есепте бейнелейтін өлшеу бірліктерін есептік өлшемдер деп атайды. Олардың үш түрі бар.

1. Заттай өлшемдер.

2. Ақшалай өлшемдер.

3. Еңбек өлшемдері.

Бухгалтерлік есеп меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізіледі. Кәсіпорын – бұл мемлекеттің немесе жеке сектордың кез келген коммерциялық, өнеркәсіптік немесе шаруашылық субъектісі. ҚР 27.12.94 ж. Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар екі түрге бөлінеді:

-коммерциялық, мақсаты- табыс алу және оны қатысушыларына (акционерлеріне) тарату;

- коммерциялық емес  табыс алу мақсаты жоқ. Оларға табысты қатысушылар арасында бөлуге тыйым салынған. Олар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алса да, алған табысын тек қызметінің мақсатына ғана жұмсай алады.

Бухгалтерлік есептің дамуы өзінен-өзі әр түрлі есеп тәжірибелерінің пайда болуына әкеп соқтырды. Әр түрлі елдердің экономикалық және сауда қатынастарының жүйелері қаншалықты ұқсамаса, олардағы бухгалтерлік есеп үлгілері мен әдістері де соншалықты ұқсас келмейді. 1966 жылы Г.Р. Хэтфилд бухгалтерлік есептің үш үлгісін аныұтап берді. Олар: британ американдық, континентальдық және оңтүстік-американдық.


Қорытынды.

Сонымен бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Өзінің тарихи дамуында шаруашылық есеп есептің үш түрінен тұратын жүйе ретінде қалыптасты. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде зерттеу объектілерінен тұрады, объектілерді есепке алудың әдісі және оның элементтері бар. Әлемде бухгалтерлік есептің әр түрлі экономикалық және саяси факторлардың әсерінен көптген үлгілері қалыптасуда.


Дәріске әдістемелік нұсқау:

Бухгалтерлік есепті білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер
  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi. Алматы: БИКО, 1994.
  2. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы - Алматы: БИКО, 2007
  3. Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2006.
  4. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  5. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есептің пәні болып не табылады?

2. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементтеріне не жатады?

3. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшем түрлерін атаңыз.

4. Қаржылық қызметтің қандай сатылары бухгалтерлік есепте бейнеленеді?

5. Шаруашылық субъектісінің мүлкіне не жатады?

6. Негізгі құралдарға не жатады?

7. Материалдық емес активтерге не жатады?

8. Кәсіпорын міндеттемелері деген не?

9. Меншікті капиталға не жатады?
  1. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік есептің қандай үлгілері бар?
  2. Қазақстанда кәсіпорындардың қандай ұйымдастырушылық құқықтық ныандары бар?

Өзін-өзі бақылауға арналған тестілік тапсырмалар:

1. Шаруашылық объектісінің өндірістік-шаруашылық қызметі қандай үрдістерден тұрады(дұрыс жауаптарды белгіле):

а) өндірістік;

в) сату;

с) тұтыну;

д) құрылыс;

е) айырбас;

ж) жабдықтау.

2. Өндіріс процесінде:

а) дайын өнім үлестіреледі;

в) өнім өндірушіден тұтынушыға беріледі;

с) материалдық игілік құралады;

д) өнім мен қызмет өз мақсатымен қолданылады;

е) өніммен жабдықталады.

3. Ұзақ мерзімді активтерге:

а) еңбек заттары;

в) негізгі құралдар;

с) айналым құралдары;

д) ақша құралдары;

е) аяқталмаған өндіріс жатады;

4. Шаруашылық субъектісінің активтері құнды өнімге көшіру әдісі бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

а) негізгі құралдар және өндіріс саласындағы құралдар;

в) өндіріс құралдары, айналым құралдары;

с) айналым және айналымнан тыс;

5.Ұйымның міндеттемелері қандай түрлерге бөлінеді:

а) ағымдық;

в) ұзақ мерзімді;

с) уақыты өтіп кеткен;

д) айналым;

е) айналымнан тыс;

5. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшем түрлері:

а. бірегей

в. заттай

с. екі жақты

д. шартты

е. бастапқы

6. Бухгалтерлік есеп үлгілерін атаңыз:

а. континенталдық

в. қарапайым

с. күрделі

д. аралас

е. субконтиненталдық

7. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы нормативтік реттеудің қай деңгейіне жатады?

а. Бірінші деңгейіне

в. Екінші деңгейіне

с. Үшінші деңгейіне

д. Төртінші деңгейіне

е. Ешбір реттеу деңгейіне жатпайды.

«Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, қағидалары, шаруашылық құрал-жабдықтары, құралу көздері, шаруашылық процесстер мен шаруашылық операциялар, бухгалтерлік есеп әдісінің элементтері.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есеп туралы түсінікті толық және терең меңгеру, оның даму тарихын зерртеу және қазіргі экономикада алатын орнын анықтау, бухгалтерлік есеп пәнін анықтау.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
  1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
  2. Бухгалтерлік есептегі өлшем түрлері.
  3. Шаруашылық есеп түрлері.
  4. Бухгалтерлік есеп объектілер мен олардың түрлері
  5. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі.
  6. Бухгалтерлік есептің әлемдік үлгілері.
  7. Кәсіпкерлік нысандары.


Студент білуі тиіс:
  • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
  • бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін;
  • бухгалтерлік есеп дамуының тарихи аспектілерін;


Студент меңгеруі тиіс:
  • бухгалтерлік есеп ерекшеліктерін басшылыққа ала білуді;
  • есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  • кәсіпорын мүліктерін жіктей білу;

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің объектілерін анықтаудың практикалық дағдысын көрсету.

1-Тапсырма. Төменде берілгендердің қайсысы шаруашылық құралдарына және шаруашылық құралдарының құралу көздеріне дұрыс жатқызылмағандығын анықтаңыздар:

шаруашылық құрал жабдықтары: «Материалдар», «Отын», «Кассадағы қолма қол ақша», «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу», «Бөлінбеген пайда», «Резервтік капитал», «Дайын өнім», «Тауар», «Аяқталмаған құрылыс», «Негізгі құралдар»;

шаруашылық құралдарының құралу көздері: «Жарғылық капитал», «Кассадағы қолма қол ақша», «Ағымдық шоттағы ақша», «Қосалқы бөлшектер», «Банктің ұзақ мерзімді несиесі», «Жабдықтаушыларға қарыз», «Банктің қысқа мерзімді несиесі», «Банктегі арнайы шоттағы ақша», «Сатып алушылардың қарызы».


СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және шаруашылық есеп түрлері, бухгалтерлік есеп объектілері туралы теориялық білімін нақтылау.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1. « Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).

2. Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын реттейтін нормативті – құқықтық актілердің тізімін құрыңыз

3. Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз, анықтаманы талдаңыз.

4. Ұлттық экономикада қолданылатын есеп түрлеріне талдау кестесін құрып, салыстырмалы сипаттама беріңіз.

5. Бухгалтерлік есептің әлемдік үлгілерін толықтырыңыз.


2-шолу дәрісі: «Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары»

Дәріс сұрақтары:

1. Қаржылық есептілікті пайдаланушылар.

2. Қаржылық және басқару есебі.

3. Бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары мен қағидалары.

4. Қаржылық есептілік элементтері. Оларды тану мен бағалау

Дәрістің мақсаты: Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізін құрайтын ережелер мен қағидалары, бухгалтерлік есептің түрлері мен қаржылық есептілік элементтері және ақпаратты пайдаланушылар туралы түсінік қалыптастыру.

Негізгі түсініктер: сыртқы пайдаланушылар, ішкі пайдаланушылар, қаржылық есеп, басқару есебі, халықаралық стандарттар, актив, капитал, міндеттемелер, кіріс, шығыс, пайда, зиян.

Дәрістің негізгі мазмұны

Бухгалтерлік есептің ақпаратының негізінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қаржылық есептілік құрылады. Ол:
  1. инвестициялық шешімдер мен несие беру шешімін қабылдау;
  2. шаруашылық субъектісінің болашақтағы ақша ағымын бағалау;
  3. ресурстарын шаруашылық субъектісіне сеніп тапсырыуымен байланысты оның ресурстары мен міндеттемелерін бағалау;
  4. басқару органдарының жұмысын бағалау мақсатында құрылады.

Қаржылық есептіолікті пайдаланушыларға қазіргі және тұрақты инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қызметкерлер мен жұмысшылар, сонымен бірге, өкімет мекемелері, министрліктер, ведомствлар мен қоғамдық ұйымдар және де әр түрлі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да қызығушылығы бар пайдаланушылар жатады. Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың барлығын ішкі және сыртқы деп екі топқа бөлуге болады.

Қаржылық есептілікті пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйе ретінде екі түрге бөлінуіне себеп болды:
  1. Қаржылық есеп
  2. Басқару есебі

Қаржылық есеп сыртқы және ішкі де пайдаланушыларға ұсынылатын бухгалтерлік есеп беруді құру және пайдаланумен айналысады. Басқару есебі негізінен ішкі пайдаланушыларға арналып құрылады. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараты экономикалық операцияларды басқару мен өнім өндіруді бақылау, бюджеттің орындалуы мен пайда алуына мониторинг жүргізу, сонымен біргекомпанияның болашақ жетістігін қамтамасыз ететін шешім қабылдау үшін қажет деп саналады.

Қаржылық есептілік компанияның жалпы есептілігінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес құрылады

Қаржылық есептіліктің халықаралық №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына сәйкес, қаржылық есептіліктің мақсаты компанияның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.

Қаржылық есептілік тұжырымдамалары мыналардан тұрады:
  • Қаржылық есептілікті құру мақсаты;
  • Қаржылық есептіліктіңұйғарымдары (қағидалары);
  • Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары;
  • Қаржылық есептіліктің элементтері;
  • Қаржылық ақпаратты тану және өлшеу өлшемдері;

Оны сызба түрінде көрсетуге болады:




Арнайы сұрақтар шеңбері

Компанияның қаржылық есептілігін жүргізу мақсаты


Қаржылық есептің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.


Қаржылық есептілік ұйғарымдары


Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамалары

Қаржылық есеп берулердегі ақпаратты бағалау үшін бухгалтерлік есептің сипаттамасын анықтайды

Қаржылық есептілік элементтері

Қаржылық есептілік элементтерін анықтайды және бухгалтерлік ақпаратты жіктеу өлшемдерін бекітеді


Тану және өлшеу

Қаржылық есептіліктің ұсынылуы қажетті жағдайларды анықтау үшін өлшемдерді бекіту


Өзге қағидалары:

Есептілікті пайдаланушылар шеңберін, инвесторлар мен кредиторларды және т.б. анықтайды.

Пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қаржылық есеп берулердің мақсатын тізіп береді.

Ұйғарымдар:

Есептеу қағидасы

Қызметтің үздіксіздігі

Сипаттамалар

Түсініктілік

Мәнділік

Анықтылық

Салыстырмалық

Қаржылық есептілік элементтері

Активтер

Міндеттемелер

Капитал / таза активтер

Кіріс

Шығыс

Пайда

Зиян

Тану өлшемдері

Өлшеу өлшемдері

Элементті анықтау, өлшемділігі

Өзектілігі, сенімділігі

Орта қағидалары:

Бағалау

Кезеңділік

Өткізу қағидалары:

Өзіндік құн

Есептеу

Сәйкес келу

Толық ашу

Шектеу қағидалары

Шығындар-кірістер

Маңыздылық

Сала ерекшелігі

Консерватизм



2-Сызба. Қаржылық есептілік тұжырымдамалары.

Қорытынды

Қаржылық есептілік өзінің концептуалдық негізіне сай құрылуы тиіс. Оның концептуалдық негізін бухгалтерлік есептің жалпы ережелері- стандарттары мен қағидалары құрайды. Қаржылық есептілік субъектінің міндеттемелерін өтеу және инвестициясын қайтаруы үшін болашақта табыс алу және қолма-қол ақша ағымын алу қабылеттілігін болжауға көмек көрсететін ақпаратттан тұруы керек.


Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер
  1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы - Алматы: БИКО, 2007
  2. Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2006
  3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  4. Кеулімжаев К.К., Рахимжанова. Қаржылық есеп- Алматы, 2005;
  5. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.
  6. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет, Алматы: ЛЕМ, 2005


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есеп стандарттары туралы түсінік.

2. Бухгалтерлік есеп стандарттарының мәні мен маңызы қандай?

3. Есеп саясаты деген не?

4. Халықаралық стандарттардың мәні?

5. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары деген не және нені анықтайды?

6. Бухгалтерлік есеп қағидалары деген не?

7. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп стандарттарында қандай ұйғарымдар анықталған?

8. Қазақстан Республикасында «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы Заңында» қандай негізгі қағидалар анықталған?

9. Ақпаратты пайдаланушылар түрлері


Өзін-өзі бақылау арналған тестілік тапсырмалар:

1. Есептеу қағидасы деген не?

а) кіріс пен шығысты туындауы бойынша емес, ақша төлегенде немесе ақша алғанда есепке алу;

ә) есепке кіріс пен шығысты ақшаның түсуі немесе шығындалуы бойынша емес, туындағанда алу;
б) ақпаратты шынайы көрсету;

в) ақпаратты уақтылы есепке алу;

2. Клиент автокөлігін тех қызмет көрсету орталығына жөндеуге 31.08.06-де берді. ТҚКО көлікті 01.09.05 күні жөндеп, клиент қызмет көрсетушіге ақшаны 02.09.06 аударды. ТҚКО ақшаның келіп түскендігі туралы хабарламаны 03.09.06 күні алады. Есептеу қағидасы бойынша ТҚКО кірісін қай күні есепке алады?

а) 31.08.06

ә) 01.09.06

б) 02.09.06

в)03.09.06

3. Бухгалтерлік есеп түрлеріне не жатады?

а) қаржылық

ә) оперативті

б) дербес

в) статистикалық

г) дұрыс жауап жоқ.

4. Ақпаратты пайдаланушылар қандай топтарға бөлінеді?

а) активті және пассивті

ә) сыртқы және ішкі

б) сыртқы

в) ішкі

г) орта пайдаланушылар.

5. Қаржылық есептілік элементтерін атаңыз:

а) актив, капитал

ә) міндеттемелер

б) кіріс пен шығыс

в) пайда мен зиян

г) жауаптардың барлығы дұрыс.

«Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен қағидалары» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп қағидалары, есептеу қағидасы, үздіксіздік қағидасы, актив, капитал, міндеттемелер, кіріс пен шығыс, пайда мен зиян, сыртқы және ішкі пайдаланушылар, қаржылық есеп және басқару есебі, есептілік түрлері.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есеп қағидаларына талдау жасау, ақпаратты пайдаланушылар үшін қаржылық есептіліктің мәні мен маңызын түсіну, қаржылық есептілік элементтері туралы түсінікті ашып көрсету.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
  1. Халықаралық стандарттар және қаржылық есептіліктің мақсаты
  2. Қаржылық есептілік ақпаратын пайдаланушылардың айырмашылықтары.
  3. Бухгалтерлік есеп түрлерінің айырмашылықтары
  4. Қаржыдлық есептілік тұжырымдамалары.
  5. Қаржылық есептілікті құрудың негізгі ұйғарымдары мен сапалық сипаттамалары.
  6. Қаржылық есептілік элементтері.
  7. Қаржылық есеп элементтерін тану және бағалау



Студент білуі тиіс:
  • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
  • қаржылық есептіліктің маңызы мен мәнін;
  • қаржылық есептілік мақсаты мен элементтерін;


Студент меңгеруі тиіс:
  • бухгалтерлік есеп қағидаларын басшылыққа ала білуді;
  • есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  • ақпаратты пайдаланушыларды дұрыс жіктей білу;


Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.


СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің қағидаларын сақтаудың практикалық дағдысын көрсете білу.


1-Тапсырма

САҚТЫҚ (КОНСЕРВАТИЗМ)

Есептің берілгенін оқып шығыңыз. Компанияның әрбір операцияның нәтижесі бойынша, табысы мен зиянын, сақтық қағидасын сақтай отырып, бухгалтерлік есепте қалай танитындығына түсінік беріңіз.
    1. Автокөліктің баланстық құны 5 500 000 теңге деп көрсетілген. Компания оған 7000 000 теңге ұсынады.
    2. Компания баланстық құны 400 000 теңгені құрайтын ғимаратты сатуды ұйғарды. Оның нарықтық құны 500 000 теңгеден 600 000 теңге де дейін ауытқып тұрады.
    3. Компания борышы сенімсіз деп есептен шығарылған клиентпен борышын өтеуі туралы келісімге қол жеткізді.
    4. Тауарлық-материалдық құндылықтардың баланстық құны 50 000 теңгені құрайды. Ал компания оның өткізудің ағымдық таза құны шамамен 35 000 теңгеге тең деп санайды..
    5. Клиент 3 айға төлем жасамаған, енді ол төлем мерзімін тағы да 6 айға созуды сұрайды. Клиент сол мерзімде борыштың бастапқы сомасын төлей аламын деп күтеді.
  1. Кассаны кенеттен тексергенде қолма-қол ақшаның жетіспеушілігі анықталды. Кассаға жауапты тұлға жетіспеген соманы 2 аптаның ішінде өтейтіндігі туралы уәде берді.



СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және қаржылық есептілік мақсаты, бухгалтерлік есеп қағидалары мен қаржылық есептілік элементтері туралы теориялық білімін нақтылау.


Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1. « Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).

2. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын пайдалана отырып қағидалар сызбасын келтіріңіз

3. Бухгалтерлік есеп түрлерінің әр түрлі белгілері бойынша салыстырмалы сипаттамасын сызба түрінде көрсетіңіз.


3- Тақырып: «Бухгалтерлік баланс»


Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік баланс туралы түсінік алу, оның құрылымы мен мазмұнын және оған әсер ететін операциялар типтерін анықтай білу.

Дәріс сұрақтары:

1. Бухгалтерлік баланс және оның құрылымы.

2. Баланста шаруашылық операциялар туғызатын өзгерістер

Негізгі түсініктер: баланс, актив, пассив, капитал, міндеттеме, баланс баптары, қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді активтер

Дәрістің мазмұны:

Нарықтық экономика жағдайында бхгалтерлік баланс ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретін негізігі қаржылық есептіліктердің бірі болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есептілік ақпаратын пайдаланушылар қатары көбейіп келеді. Өйткені, балансты оқи білу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, ұйымдардың басшыларына, акционерлерге, салық органдарының, қаржылық және банктік құрылым қызметкерлерінеде өте қажет.

Баланс термині латын тілінен аударғанда – екі рет және lanx – таразы табақшалары, сөзбе – сөз аударғанда екі табақша дегенді білдіреді және тепе-теңдік символы ретінде қолданылады.

Кәсіпорын әдетте есеп беріліп отырған айдан кейінгі айдың бірінші күніне шаруашылық құралдары мен оның көздерінің баланстық қортындысын жасайды. Баланс шаруашылық құралдарын өндіріс процесінің құрамы мен функциялық ролі бойынша, ал оның көздерін құралу формасы және мақсаты, міндеті бойнша ақшалай бағамен белгілі мезгілге топтастыру. Баланс деректері бойынша біржақты немесе екіжақты кесте ретінде беріледі және 2 бөлімнен актив пен пассивтен тұрады.

Баланстың активінде кәсіпорынның мүлкі көрсетіледі. Балансты активі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі қысқа мерзімді активтер деп аталады және оған келесі активтер кіреді: материалдық заттар, товар, аяқталмаған өндіріс, ақшалай қаржы, дебиторлық қары, қысқы мерзімді қаржылық инструменттер және басқа да активтер.

Екінші бөлімі ұзақ мерзімді активтер, мұнда: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар бейнеленеді.

Актив деп кәсіпорын бақылауындағы, сатып алу кезінде өзіндік құны өлшемге келетін экономикалық ресурстарды айтады. (6, 64 бет).

Активтердің өзіне тән келесі белгілері бар:

- оларға өткен кезең операциясының нәтижесінде алынған экономикалық ресурстар жатады;

- олар жеткілікті түрде шынайы бағаланады;

- болашақта ұйымға пайда әкелуге қабылетті экономикалық ресурстар.

Ұйымның мүліктері құралу көзіне және мақсатына қарай меншікті және сырттан тартылған болып екіге бөлінеді.

Баланстың пассиві ұйымның өз меншік иелерінің алдындағы шығарылған капитал түріндегі және басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы сырттан алынған капитал түріндегі міндеттемесі. Ендеше, баланстың пассиві меншікті капитал мен міндеттемелерден тұрады.

Міндеттемелер – бұл өткен кезеңдердің оқиғаларынан туындаған, өтелуі компаниядан экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын компанияның ағымдық борышы. (7,64б).

Мерзімділігіне қарай міндеттемелер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқы мерзімді міндеттемелер: банк несиелері, жабдықтаушыларға қарыз, бюджет, жинақ зейнетақы қорына және басқа да кредиторлар алдындағы бір жылға дейін алынған борыш. Ұзақ мерзімді міндеттемелер жаңа техниканы енгізгенде, өндірісті ұйымдастыруға және ұлғайтуға және де бір жылдан астам уақытқа басқа да мақсатта несие мен займдар алғанда туындайды.

Капитал – бұл компания активтерінен оның барлық міндеттемелерін шегеріп тастағанда қалатын үлесі.

Ұйымның меншікті капиталының құрамына шығарылған капитал, резервтік капитал, және бөлінбеген пайда кіреді.

Баланстың активі мен пассивінің жекелеген көрсеткіштері баланс баптары деп аталады. Баланс активінің баптары шаруашылық қаржының жекелеген түрлерінің жай-күйін, ал пассив баптары шаруашылық құралдарының көздерінің жай-күйін бейнелейді. Актив мен пассивтің қортынды теңдігі баланстың ерекшелігі болып табылады. Бұл теңдік жалпы шаруашылық құралдарының екі жақты көрсетілуінен туындайды, яғни активтер- шаруашылық құралдарының сомасының өндіріс барысында оның функциялық рөлі бойынша көрсетілуі. Ал пассивте дәл сол құралдар оның құралу көздері бойынша көрсетіледі. Сонымен актив пен пассив әрқашанда тең болады: А = П.

Шаруашылық қызымет процесінде көптеген операциялар туындайды. Соның нәтижесінде бір бап бойынша сома көбейеді 2-ші бап бойынша азаяды немесе баланс баптарының екі немесе одан да көбі бір мезгілде көбеюі мен азаюы мүмкін.Осыған байлансты, шаруашылық операциялар әсерінен болатын баланстағы өзгерістердің 4 түрі бар.

1 түрі: А+Б1-Б2=П

Түрлі–өзгерістер баланстың тек активіндегі баптарының құрамында болады: 1 немесе бірнеше баптар белгілі бір сомаға көбейеді, бір немесе бірнеше баптар дәл сол сомаға азяды. Осылардың нәтижесінде жалпы қорытынды өзгермейді. Актив пен пассив арасындағы теңдік сақталады.

2 түрі: А=П+Б1-Б2

Өзгерістер тек баланстың пассивінде болады. 1 немесе бірнеше баптар белгілі бір сомаға көбейеді, бір немесе бірнеше баптар дәл сол сомаға азяды. Сондықтан екі бап та пассивті болғандықтан баланстың жалпы сомасы өзгермейді.

3-түрі: А+Б1=П+Б2

Әртүрлі өзгерістер баланстың активі мен пассивінің құрамында болады. Актив баптары белгілі бір сомаға көбейеді, пассивтікі де сол сомаға көбейеді. Осы операциялар нәтижесінде баланстың жалпы қорытындысы да көбейеді.

4-түрі. А-Б1=П-Б2

Өзгерістер баланстың активі мен пассивінде болады.Екеуі де белгілі бір сомаға азаяды. Осы операциялар нәтижесінде баланстың жалпы қорытындысы азаяды.


Қорытынды.

Бухгалтерлік баланс немесе кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы есебі оның белгілі бір мерзімге активтері, міндеттемелері және меншікті капиталы туралы ақпараттан тұрады. Бухгалтерлік баланс актив және пассив бөлімдерінен тұрады. Бухгалтерлік баланстың негізгі ерекшелігі актив пен пассивтің теңдігі болып табылады. Ал, А=МК+М теңдігі бухгалтерлік есептің негізгі теңдігі деп аталады. Кәсіпорында күнделікті жүргізілетін операциялар балансқа әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты, баланста өзгеріс тудыратын операциялар төрт түрге бөлінеді:

Егер, өзгеріс баланстың тек активінде немесе тек пассивінде ғана болса, онда баланстың қорытынды сомасы өзгеріссіз қалады.

Егер, шаруашылық операциясының нәтижесінде өзгеріс баланстың активінде де және пасивінде де болса, онда баланстың қорытынды сомасы да өзгеріске ұшырайды, яғни, сәйкесінше, не өседі, не кемиді.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, СӨЖ тапсырмаларын, СОӨЖ сұрақтарына, тестіні орындаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер
  1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007
  2. Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуоазия ұлттық университеті, 2006
  3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар.
  1. Баланс туралы түсінік.
  2. Кіріспе баланс деп қандай балансты айтады?
  3. Қорытынды балансы деген не?
  4. Жойылу балансы деген не?
  5. Баланстың жіктелу белгілерін атаңыз.
  6. Жойылу балансы бөліну балансынан қалай ерекшелінеді?
  7. Баланстың құрылу жиілігі қандай?
  8. Шаруашылық операцияларының әсерінен қандай баланстық өзгеріс түрлері болады?
  9. Баланс қортындысын өзгеріске ұшыратпайтын операцияларды мысалға келтіріңіз.
  10. Қандай операциялар әсерінен баланстың қорытындысы ұлғаяды?
  11. Қандай операциялар әсерінен баланс валютасы азаяды?
  12. Ұйымның ағымдық активтерінің құрамын атаңыз?
  13. Ұйымның ағымдық міндеттемелерінің құрамын атаңыз.
  14. Міндеттемелер мен пассив түсініктерінің арасында айырмашылық бар ма?
  15. Ұйымның капиталы қалай анықталады?


ТЕСТІЛЕР:
  1. Кәсіпорынның кіріспе балансы (01. 06. 20..ж)

Актив Пассив

Негізгі қүралдар 6000

Ағымдағы шот 6000

Барлығы 12000 Барлығы 12000

Кәсіпорынның кіріспе балансын толықтырыңыз.
  1. Төменде берілген негізгі құралдардың қай құны баланс валютасына қосылады:

А) тозу құны

Б) бастапқы құны

В) қайта қалыптасу құны

С) қалдық құны.

3. Кассадағы қолма-қол ақша;

Дебиторлық қарыз...

Бухгалтерлік баланстың баптарының тізімін өтімділік деңгейінің азаюына қарай жалғастырыныз.

4. Фирма менеджерлеріне еңбекақы есептеу:

А) баланс валютасын ұлғайтады

В) баланс валютасын азайтады

С) баланс валютасын өзгертпейді

5. СС=Сб +Айн (Д)-Айн(К)

Қандай жағдайда бұл формула дұрыс болып саналады?

6. \Реванш\ фирмасы бизнес-туризм бойынша жұмыс істейді. \Реванш\ фирмасының балансы:

Актив Пассив

Касса 1 Жарғылық қор 397

Ағымдық шот 23 Пайда 25

Вексельдер 162 Міндеттемелер ?

Дебиторлар 280

Тауарлар қоры 465

Ұзақ мерзімді қаржы-

лық салымдар 76

Негізгі құралдар 333

----------------------------------------------------------------------------------

Барлығы 1340 Барлығы 1340


\Реванш\ фирманың кредиторлық қарызы неліктен болады және мөлшері қанша?

  1. Ақша купюралары дайын өнім бола ала ма?

8. 1796 ж. Эдуард Джонс алғаш рет бухгалтерлік баланстың алгебралық үлгісін құрды:

а+в=с+d

а,в,с,d-ның экономикалық мазмұны неде?

9. Шаруашылық өмір фактілері балансқа әр қалай әсер етеді, бухгалтерлер әртүрлі көптеген фактілерді төрт түрге бөлуге мүмкіндік беретін төрт теңдеуді қолданады:

А+а-а=П (1)

А=П+в-в (2)

А+с=П+с (3)

А-d= П-d (4)

Бұл теңдеулердің қайсысын пермутация деп, және қайсысын модификация деп атайды?


«Бухгалтерлік баланс» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік баланс, актив, пассив, баланстың валютасы, баланстың негізгі теңдігі, шаруашылық операцияларының балансқа әсері.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік баланс құра білудің теориясы мен техникасын меңгеру. Балансқа әсерін тигізетін операциялардың түрлерін анықтай білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Бухгалтерлік баланстың мәні мен маңызы

2. Бухгалтерлік баланс түрлері

3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы

4. Баланста шаруашылық операцияларының әсерінен болатын өзгеріс түрлері

Студент білуі тиіс:
  • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
  • бухгалтерлік баланстың кәсіпорынның қаржылық есептілігіндегі алатын орнын;


Студент меңгеруі тиіс:
  • есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  • балансқа әсерін тигізетін шаруашылық оперцияларының экоомикалық мазмұнын түсіне отырып есеп шығаруды;



Тәжірибелік сабаққа әзірленуге әдістемелік нұсқау:

Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің қағидаларын сақтаудың практикалық дағдысын көрсете білу

1-Есеп

Төмендегі берілген операциялардың балансқа әсері бойынша түрлерін анықтаңыздар:

1. Компанияның ағымдық шотынан кассаға ақша келіп түсті 120000 тг.

2. Компаничның қызметкерлеріне еңбек ақы есептелінді 130000 тг.

3. Кассадан компанияның персоналына еңбек ақы төленді 112000 тг.

4. Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталынды 17000 тг.

5. Ағымдық шоттан банктің қысқа мерзімді несиесі қайтарылды 40000 тг.

Баланстың валютасы – 500000 тг.

2-Есеп

Төменде берілген «Барыс» ЖШС-нің мәліметтері бойынша 01.09.200.. ж-ға бухгалтерлік баланс құрыңыздар:

1. Ғимараттар 440000

2. Жабдықтар 80580

3. Жарғылық капитал 592210

4. Жабдықтаушыларға қарыз 44150

5. Тауар 173400

6. Еңбек ақы бойынша қарыз 18100

7. Материалдар 13360

8. Кассадағы қолма-қол ақша 340

9. Аяқталмаған өндіріс 5380

10.Бөлінбеген пайда 51340

11. Ағымдық шоттағы ақша 113330

12.Басқа да кредиторларғақарыз 11400

13. Есеп беруге тиісті тұлғалардың қарызы 210

14. Резервтік капитал 109400


3-Есеп

Төмендегі берілген операциялардың станок жасаушы зауыттың балансына әсері бойынша түрлерін анықтаңыздар.
  1. Қолма-қол ақша кассадан банкке қайтарылды – 8000.
  2. Өндіріске қоймадан материалдар жіберілді– 6000.
  3. Ағымдық шоттан жабдықтаушыларға аударылды – 109000
  4. Станок жасаушы зауыттың станогы басқа ұйымға қайтарымсыз негізде берілді– 49500
  5. «Колос» зауытынан материалдар келіп түсті– 135000
  6. Сатып алушыға тауар тиеп жөнелтілді -157000
  7. Ағымдық шотқа сатылған тауарлар үшін ақша келіп түсті.

Баланстың валютасы – 755000 тенге


Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:

1. Бухгалтерлік баланс кәсіпорын мүлкі мен олардың құралу көздерінің тек қалдықтары негізінде ғана құрылады.

2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер баланста қалдық (баланстық) құнымен көрсетіледі. Бастапқы құн – тозу құны = қалдық құны.

3. Тәжірибелік сабаққа өз бетінше түрлеріне қарай бухгалтерлік баланс құрып келу (кіріспе, ағымдық, жойылу, қорытынды және т.б.).


СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және бухгалтерлік баланс туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.


Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:

1. « Бухгалтерлік баланс» тақырыбын оқып зерделегеннен кейін тақырыптың негізгі түсініктерінің тізімін құраңыз және анықтамасын беріңіз (глоссарий).

2. Бухгалтерлік баланс түрлерінің әр түрлі белгілері бойынша салыстырмалы сипаттамасын сызба түрінде көрсетіңіз.