Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Вид материалаДокументы

Содержание


4. Бөлінбейтін тәуекелділік деп нені айтады?
5. Бақылау құралының тәуекелділігі деп нені айтады?
6. Айқындалмау тәуекелділігі деп нені айтады?
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулық
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар
Дәрістің мәтіні
Кіріспе бөлім
Аудиторлық қорытынды түрлері
Шартты-оң қорытынды
Теріс қорытынды
Аудитордың қорытынды беруден бас тартуы
Аудит материалдырын жүзеге асыру
Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар
Семинардың мақсаты
Студент меңгеруі тиіс
Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары мен әдістемелік нұсқаулары
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

3. Аудиторлық тәуекелділік компонентін көрсетіңіз:

А) Жоғары тәуекелділік;

В) Орта тәуекелділік;

С) Төменгі тәуекелділік;

Д) Сандық тәуекелділік;

Е) Айқындалмау тәуекелділігі

4. Бөлінбейтін тәуекелділік деп нені айтады?

А) Бухгалтерлік есеп процесінде клиент байқамаған қателердің болу ықтималдығын білдіреді.

В) Бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам

С) Бұл ішкі шаруашылық аудит іске асырылмайды деген ұйғарыммен қаржылық есептіліктің мәнді қателіктерге бейім болуы.

Д) Аудитордың талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де елеулі қателіктерді бірден байқауы.

5. Бақылау құралының тәуекелділігі деп нені айтады?

А) Бухгалтерлік есеп процесінде клиент байқамаған қателердің болу ықтималдығын білдіреді.

В) Бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам

С) Бұл ішкі шаруашылық аудит іске асырылмайды деген ұйғарыммен қаржылық есептіліктің мәнді қателіктерге бейім болуы.

Д) Аудитордың талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де елеулі қателіктерді бірден байқауы.

6. Айқындалмау тәуекелділігі деп нені айтады?

А) Бухгалтерлік есеп процесінде клиент байқамаған қателердің болу ықтималдығын білдіреді.

В) Бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам

С) Бұл ішкі шаруашылық аудит іске асырылмайды деген ұйғарыммен қаржылық есептіліктің мәнді қателіктерге бейім болуы.

Д) Аудитордың талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де елеулі қателіктерді бірден байқауы.


Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулық

СӨЖ мақсаты: тақырып бойынша берілген теориялық материалды толық меңгеру үшін аудиторлық мәнділік пен аудиторлық тәуекелділік туралы теориялық аспектілерді толықтырып, практикалық дағды қалыптастыру.
  1. Тапсырма. Ұсынылған және өз бетіңізше таңдап алынған ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып:
  1. Аудиторлық мәнділік деңгейін бекіту үшін аудитор орындайтын қадамдық процедураларда жүргізілетін іс-әрекеттерді толықтырыңыз.
  2. Кестеде аудиторлық тәуекелділік компоненттеріне сипаттама беріңіз.

2. Тапсырма. Аудитті жоспарлау кезінде АТ моделін пайдалана отырып, тиісті аудиторлық тәуекелділікті анықтаңыз. Ішкі шаруашылық тәуекелділігі 80%, бақылау тәуекелділігі -50%, айқындалмау тәуекелділігі - 10% деп алаңыз.

3. Тапсырма. АТ формуласын қолдана отырып, 2-тапсырмадағы мәліметтерді пайдаланып, айқындалмау тәуекелділігін анықтаңыз.


Тақырып -18: «Аудиторлық қорытынды есеп беру»

Дәріс сұрақтары:

1. Аудиторлық қорытынды және оны дайындау тәртібі

2. Аудиторлық қорытынды түрлері

3. Аудит материалдарын жүзеге асыру


Дәрістің мақсаты: аудиторлық қорытындының мәні, мазмұны, оны құру тәртібі, түрлері және оның материалдарын жүзеге асыру шаралары туралы теориялық білімді қалыптастыру


Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: аудиторлық қорытынды, аудиторлық ұйым, қаржылық есептілік, сенімділік, оң қорытынды, шартты-оң қорытынды, теріс қорытынды, бұзушылық фактілері


Дәрістің мәтіні:

Аудиторлық тексеріс нәтижелерін қорытындылаушы және жалпылаушы құжаты аудиторлық есеп беру (аудиторлық қорытынды) болып табылады, ол тек қана нақты фактілер мен сәйкес құжаттар сілтемелеріне негізделіп, анықталған кемшіліктерді, бұзушылықтарды және асыра пайдаланулардың кезекті мазмұндалуын қамтуы тиіс. Аудиторлық есеп беру шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық және әлеуметтік қызметінің аудитінің нәтижелерін рәсімдеу және көрсету үшін қажет. Ол жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша тексерілген ұйым басшысының шешім қабылдауына негіз болып табылады. Аудиторлық есеп беру жеңіл, түсінікті тілмен жазылуы тиіс.

Аудиторлық есеп берудегі барлық фактілер олардың әрқайсысы бойынша келесі сұрақтарға құжаттарға негізделген жауаптарды алуға болатындай түрде мазмұндалуы керек:
  • не бұзылған (параграфы, параграф бабы, тармақшасы көрсетілген үкім, стандарттар, нұсқау, бұйрық);
  • кім бұзған (лауазымды немесе материалды жауапты тұлғаларды көрсете отырып);
  • бұзушылық уақыты (бұзушылық күні немесе кезеңі);
  • бұзушылық әдісі (жетіспеушілік, ұрлау, қызметтік жағдайды асыра пайдалану);
  • бұзушылықты не тудырған (бұзушылықтарды тудыратын себептер мен шарттар);
  • тигізілген материалдық зиянның мөлшері.

Мазмұндалатын бұзушылықтар фактілерінің соңғы редакциясы кінәлі тұлғалардан сәйкес түсіндірмелерді алғаннан соң, олардың келіспеушіліктерін мазмұны бойынша қайта тексеруден кейін бекітіледі. Аудиторлық есеп беруде материалдарды мазмұндау барысында тексерілетін кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне баға беретін (квалификациялайтын) түсініктерді қолдануға болмайды. Мысалы, мемлекетке қарсы тәжірибе, жауапкершіліксіз көзқарас, ұрлық, қызметтік жағдайды асыра пайдалану сияқты терминдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

Аудиторлық есеп беруде қорытынды мәліметтер және анықталған бұзушылықтардың мазмұны көрсетіледі, қосымшаларға сілтемелер жасалады. Аудиторлық есеп беруге қосымшаларда әдетте келесі бұзушылықтар келтіріледі: іссапар шығыстары бойынша нормалардан ауытқу, еңбек ақы мен сыйлық ақыларды негізсіз есептеу, мемлекет қаражаттарын мақсатқа сәйкес пайдаланбау, штатты тәртіпті бұзу, өнім, жұмыс, қызмет және т.б. көлемдеріне артық жазулар. Аудиторлық есеп беруде, кез-келген құжатта сияқты, өшірулер және келісілмеген түзетулер болмауы тиіс.

Аудиторлық қорытындының (есеп берудің) қатаң стандартталған нысаны жоқ. Сонымен қатар белгіді бір сызбаға нгегізделуге нұсқау беріледі. Аудитор қорытындысы 3 бөлімнен құрылуы керек: кіріспе, талдамалық және қорытынды.

Кіріспе бөлім аудиторлық фирма туралы жалпы мәлімет болып табылады және келесі элементтерді қамтиды:
  • «Аудиторлық қорытынды» деген құжат атауы;
  • аудиторлық фирманың заңды мекен-жайы және телефондары;
  • аудиторлық фирмаға аудиторлық қызметті жүзеге асыру лицензиясын берген органның атауы, лицензия нөмірі, берілген күні және қызмет ету мерзімі;
  • аудиторлық фирманың мемлекеттік тіркеу куәлігінің нөмірі;
  • аудиторлық фирманың есеп айырысу шотының нөмірі;
  • аудитке қатысқан барлық аудиторлардың аты-жөні.

Талдамалық бөлім аудиторлық фирманың экономикалық субъект бойынша және жалпы тексеріс нәтижелері туралы есеп беруі болып табылады және мыналарды қамтиды.
  • «Аудиторлық фирма есеп беруі» деген бөлім атауы;
  • талдамалық бөлім кімге арналған;
  • ұйым атауы;
  • аудит объектісі;
  • экономикалық субъектіде ішкі бақылау жағдайын тексерудің жалпы нәтижелері;
  • бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жағдайын тексерудің жалпы нәтижелері;
  • қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында заңнаманың орындалуын тексерудің жалпы нәтижелері.

Аудиторлық есеп берудің талдамалық бөлімі аудит бағдарламасында белгіленген сұрақтарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысындағы оң және теріс жақтары көрсетілген тексеріс нәтижелерін кезекті мазмұндау болып табылады:
  • өнім, жұмыс, қызметтер өндіру және өткізу;
  • негізгі құралдарды пайдалану және сақтау,
  • еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу, еңбек ақы қорларын пайдалану;
  • ТМҚ-дың нақты бар болуы, сақталуы, пайдаланылуы;
  • кассалық, банктік, есеп айырысу операциялары;
  • өнім өндірісіне және өзіндік құнына шығындар;
  • кірістер, шығыстар, резервтер және қаржылық жағдай;
  • бухгалтерлік есептің, есеп берудің және ішкі шаруашылық бақылау жағдайы.

Қорытынды бөлім- аудит нәтижелері бойынша қалыптасқан аудиторлық фирманың қаржылық есеп берудің сенімділігі жайлы пікірі және ол мыналарды қатиды:
  • «Аудиторлық фирма қорытындысы» атауы;
  • қорытынды бөлім кімге арналған;
  • аудит объектісі;
  • қаржылық есеп беру сәйкес болуы тиіс нормативтік актіге нұсқау;
  • экономикалық субъектінің және аудиторлық фирманың арасында қаржылық есептіліктер сенімділігіне деген жауапкершіліктің бөлінуі;
  • аудиттің жүргізілуі негізделетін нормативтік акт;
  • аудиторлық қорытындының сөзсіз оңнан өзге нысанда құрылуына әкелген маңызды жағдайлардың мазмұндалуы және мүмкін болса олардың экономикалық субъектінің қаржылық есеп беруіне әсерінің құндық өлшемде бағалануы;
  • аудиторлық фирманың экономикалық субъектінің қаржылық есеп беруінің сенімділігі туралы пікірі;
  • аудиторлық қорытынды күні, оған қоса қорытынды ұйымның қаржылық есептілігіне қол қойылған күнінен бұрын аяқтала алмайды.

Аудиторлық есеп берудің әр бетіне тексерісті жүргізген аудитор қолын қояды және оны дербес мөрімен бекітеді. Аудиторлық есеп беру бухгалтерлік есептілікпен бірге тігіліп, экономикалық субъектінің атқарушы дирекциясына және акционерлеріне (қатысушыларына) тапсырылады.

Сыртқы мүдделі тұлғаларға (салықтық қызметтерге, несиелік ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына балансты басылымға шығарған жағдайда және т.б.) бухгалтерлік есептіліктің сенімділік дәрежесін қамтитын аудиторлық қорытындының қорытынды бөлімі ғана беріліп, қаржылық есептіліктерін, оның ішінде баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қорытындыға қосымша ретінде келтіріледі (егер оларға алдыңғы бөлімдерде сілтемелер бар болса).

Аудиторлық фирма аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен кейін, бірақ қаржылық есептілікті беру күніне дейін болған оқиғаларға жауапты болмайды. Егер аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен есептілікті беру күніне дейінгі кезеңде болған және есептіліктің сенімділігіне әсер ететің оқиғалар туралы мәлім болса, олар субъектіден сәйкес өзгертулерді енгізуді талап етуге міндетті.

Аудиторлық ұйым қаржылық есептілікті беру күнінен кейінгі оқиғаларға жауапты болып табылмайды. Ол клиенттен есептілікке қандай да бір өзгерістерді енгізуді талап етуге міндетті емес. Аудиторлық фирма экономикалық субъектіге аудиторлық қорытындыны кемінде екі нысанда ұсынуы тиіс. Әр дана оған қосымша қаржылық есептілік нысанымен қатар біртұтас болып табылатын және тігілуі керек.


Аудиторлық қорытынды түрлері

Аудиторлық қорытынды ұйымның қаржылық есептілігінің сенімділігі мен шынайылығының тәуелсіз куәлігі болып табылады. Аудиторлық қорытындының 4 нысаны бар:

1. Оң;

2. Шартты-оң, яғни белгілі бір ескертулері (шектеулері) бар;

3. Теріс- аудитор қаржылық есептіліктің сенімділігін толығымен растай алмаса;

4. Қорытынды беруден бас тарту.

Оң аудиторлық қорытынды ұйымның қаржылық есептілігінің оның қаржылық жағдайын, пайда мен зияндарын, ақша қозғалысын, негізінен дұрыс көрсететінін, ал бухгалтерлік есеп заңнамалық және нормативтік актілер талаптарына сәйкес екендігін растайды. Оң нәтиже аудитор мыналарға сенім білдіргенде беріледі: ұйымның қаржылық есептілігі дұрыс, бухгалтерлік есептің сенімді және шынайы мәліметтеріне негізделген болса; бухгалтерлік есеп белгіленген принциптер мен талаптарға сай, ал ұйымның есеп саясаты дұрыс таңдалған болса; салықтар және басқа міндетті төлемдер уақытылы және толық төленсе; есеп берулерге қосымшаларда және түсіндірмелерде қаржылық есептілікке қатысы бар барлық сұрақтар ашылып көрсетілсе, ішкі бақылау шаруашылық операциялардың тиімділігін және мақсаттылығын растаса, қаржылық есептілік мәліметтері аудиторға ұйым туралы белгілі мәліметтерге қайшы келмесе.

Шартты-оң қорытынды аудитордың келіспеушілігі және күмәндәнуі маңызды, бірақ елеусіз мәні болған жағдайда қаржылық есептілік сенімділігн шектеулермен (ескертулермен) растайды. Егер қорытындыны жасау кезінде оны қалыптасытыру мүмкіндігіне күмән туса немесе аудитор пікірі қаржылық есептілік мазмұнына сәйкес келмеген әлде қайшы келген жағдайда аудитор сөзсіз оң қорытынды жасауға шамасы келмей қалуы мүмкін. Егер қанағаттанарлық есеп жазбаларының жоқтығы немесе қажет аудиторлық процедураларды орындау мүмкін еместігі салдарынан барлық қажетті ақпаратты ала алмаса, ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі әлде мүлдем жоқтығы салдарынан жеке құжаттар мен фактілерді жасыру туралы күдіктер, т.б. бар болса, аудитордың сенімсіздігі туады. Аудитор келіспеушілігі кәсіпорын басшылығының қаржылық-шаруашылық қызмет және қаржылық есептілік көрсеткіштері бойынша пікірлерінің сәйкес келмеуі; есеп объектілерін бағалау әдістері мен басқа есептік мәндердің есептелу дұрыстығымен келіспеу, шоттар корреспондециясының тексерілген шаруашылық операциялардың экономикалық және құқықтық мәніне сай болмауы; заңнамалық актілерді, ережелерді және басқа да нормативтік құжаттардың мәнін түсіндіру және қолдану бойынша айырмашылықтар және т.б. Осы жағдайда қорытындыда аудитордың сұрақ бойынша пікір білдіруден бас тартқанын көрсету қажет. Аудитор, оның пікірінше қаржылық есептілік жағдайына әсер ететін барлық мәселелрді көрсетуі тиіс.

Теріс қорытынды аудитордың қаржылық есептілік сенімділігіне күмәні соншалықты, оның пікірінше пайдаланушыларды шатастырады және қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен сенімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Аудиторлық қорытындыда аудитор қаржылық есептіліктің заңнамаға және бухгалтерлік есептің нормативтік актілеріне сәйкес еместігін түсіндіретін себептерді нақты атап көрсетуі қажет.

Аудитордың қорытынды беруден бас тартуы күмәндәну немесе тексеріс көлемінің шектелуі соншалықты, ол аудиторға қаржылық есептілік жағдайы туралы қорытынды жасауға негіз бермейді. Қорытындыда қорытынды жасау неге мүмкін емес екенін нақты және анық көрсету қажет. Егер кәсіпорын аудиторлық тексеріс барысында немесе одан кейін бухгалтерлік есептегі заңнаманы және басқа да нормативтік актілерді орындаудағы елеулі кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоятын болса, қаржылық есептілікке өзгерістер енгізсе, аудитор теріс немесе шартты-оң қорытындыны сәйкесінше шартты-оң және оң қорытындыға өзгерте алады.

Аудиторлық қорытынды өзгертілгенге дейін кәсіпорынның бухгалтерлік есебіне, ішкі бақылауына және қаржылық есептілігіне жасалған түзетулер, нақтылаулар және толықтырулардың тексерісі жүргізілуі тиіс.

Аудит материалдырын жүзеге асыру

Аудит материалдырын жүзеге асыру кезеңінде 2 процедура бар:

1. Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шаралар;

2. Жоспарланған шаралардың орындалын бақылау.

Осы кезеңдегі аудитор қызметі анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоюмен байланысты шараларды дайындаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың орындалуын тексеруді қамтиды. Аудиторлық ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі бұзушылықтарды жою бойынша жоспарды құрайды, аудит материалдарын құқық қорғау органдарына тапсырады, материалдық зиян келтіргенге кінәлі тұлғаларға қуыным (иск) ұсыну, кадрларды орналастыруды жүзеге асырады, аудит нәтижелері бойынша басқа да шараларды жүргізеді.

Аудиторлық топ мүшелері шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларын және басқа да жұмысшыларының назарын аудара отырып, кемшіліктерді жоюда белсенді көмек көрсетеді. Аудиторлар анықталған бұзушылықтардың жойылу толықтығын тексеріп, оған бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына қатысады.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларға мыналар кіреді.

Біріншіден, анықталған кемшіліктерді аудит барысында, оның аяқталуын күтпей, жою. Мысалы, кассадағы нақты бар ақша мен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы ауытқу 3 күн ішінде жойылады. Анықталған артықшылықтар кірістеледі, ал жеткіліксіздік кәсіпорында белгіленген өтеу нормалары шегінде кінәлі тұлғамен, қылмыстық жауапкершілікке тартусыз, өтеледі.

Екіншіден, кемшіліктерді жою дайындалған жоспар бойынша жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар жоспарын құрып, оған сәйкес жұмыс атқарылады.

Үшіншіден, аудит материалдарын талқылау жоғарыда тұрған ұйымда жүзеге асырылады. Ведомстволық кәсіпорындарының бірінде анықталған кемшіліктерінің талқылануы басқа ішкі ведомстволық ұйымдарды ұқсас бұзушылықтарды алдын алу үшін жүргізіледі.

Төртіншіден, аудит материалдарын тергеу органдарына тапсыру. Материалдық зиянға әкеліп соқтырған ірі жетіспеушіліктер, қызмет жағдайын асыра пайдалану анықталған жағдайда аудит материалдары кәсіпорын басшылығының келісімімен құқық қорғау органдарына тапсырылады.

Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және кейін болдырмау шараларын жүзеге асырудың уақытылығына және толықтығына бақылау жүргізу де маңызды болып табылады. Оған жататындар:

1. Тексерілетін ұйым басшысының кемшіліктерді жою туралы ақпаратты шаруашылық жүргізуші субъекті басшысы аудиторлық ұйымға курьер арқылы немесе поштамен анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша жүргізілген шаралар туралы жазбаша есеп беруді жібереді.

2. Аудитордың келуі және орында тексеруі. Аудиторлар тексерілетін объектіге анықталған кемшіліктердің жойылу фактісін тексеру мақсатымен келе алады.

3. Кейінгі аудит барысында кемшіліктерді жою бойынша шаралардың жүзеге асырылғанын тексеру.

Кейінгі тексеріс кезінде аудитор міндетті түрде алдыңғы аудит материалдарымен танысады, есеп беруде және қорытындыда көрсетілген кемшіліктер мен бұзушылықтарды қарастырып, қандай шаралар жүргізілгенін және оларды жою бойынша шаруашылық жүргізуші субъект қандай шаралар қабылдағанын анықтайды.


Әдебиеттер тізімі

1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы 20.11.1998ж. (өзгертулер мен толықтырулармен)

2. Международные стандарты аудита. 510 «Первоначальные соглашения-начальные сальдо», 700 «Аудиторский отчет по финансовой отчетности»

3. Әжібаева З.Н. Аудит негіздері-Алматы: Экономика, 2004

4. Шеремет А.Д., Суиц В.П. Аудит- М.: ИНФРА-М, 1995

5. Ержанов М.С. Аудит-1 (базовый учебник)- Алматы: Бастау, 2005


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Аудиторлық қорытынды (есеп беру) дегеніміз не?

2. Оның мақсаты неде?

3. Аудиторлық қорытындыға қосымшаларда не көрсетіледі?

4. Аудиторлық қорытындының бөлімдерін атаңыз және әрқайсысының мазмұнын ашыңыз.

5. Аудиторлық ұйым қандай оқиғаоарға жауапты?

6. Аудиторлық қорытындының түрлеріне сипаттама беріңіз

7. Аудиторлық қорытынды қай жағдайда өзгертіледі?

8. Аудит материалдарын жүзеге асыру кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

9. Осы кезеңдердегі аудиторлық ұйым қызметі неде?

10.Анықталған кемшіліктерді жою және оларды алдын-алу шараларына не кіреді?

Тест сұрақтары

1. Аудиторлық фирма туралы жалпы мәліметтер аудиторық есеп берудің қай бөлімінде көрсетіледі?

А) кіріспе

B)талдамалық

C)қорытынды

D) қорытынды және талдамалық

2. Аудиторлық фирманың экономикалық субъектіні тексерудің жалпы нәтижелері аудиторлық қорытындының қай бөлімінде көрініс табады?

А)кіріспе

B)қорытынды

C)талдамалық

D)кіріспе және қорытынды

3. Аудиторлық фирманың қаржылық есептілік сенімділігі туралы пікірін қай бөлімнен көруге болады?

А)кіріспе

B)талдамалық

C)кіріспе және талдамалық

D)қорытынды

4.Сыртқы мүдделі тұлғаларға аудиторлық қорытындының қай бөлімі беріледі?

А) талдамалық және кіріспе

B)кіріспе және қорытынды

C)тек қана талдамалық

D)тек қана қорытынды

5. Аудиторлық ұйым төменде көрсетілген оқиғалардың қайсысына жауапты болып келеді?

А) аудиторлық қорытындыға қол қойылған күнге дейінгі оқиғалар

B)қаржылық есептіліктің ұсынылу күніне дейінгі оқиғалар

C) аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен кейінгі оқиғалар

D) қаржылық есептілікке қол қойылған күннен кейінгі оқиғалар

6. Егер ұйымның қаржылық есептілігі оның қаржылық жағдайын дұрыс көрсетсе, ал бухгалтерлік есеп заңнама талаптарына сай болса, аудитор қандай қорытынды шығарады?

А)оң

B)шартты-оң

C)теріс

D)қорытынды жасаудан бас тартады

7. Егер аудитор қаржылық есептілік сенімділігін растаса, бірақ кәсіпорында есеп объектілерін бағалау әдісімен келіспесе, ол қандай қорытынды шығарады?

А)оң

B)шартты-оң

C)теріс

D)қорытынды жасаудан бас тартады

8. Егер аудитор қаржылық есептілік сенімділігі туралы қорытынды жасай алмаса және оның күмәндану дәрежесі өте жоғары болғанда, қай қорытынды шығарады?

А)оң

B)шартты-оң

C)теріс

D)қорытынды жасаудан бас тартады

9. Төмендегілердің қайсысы талдамалық бөлімде көрсетіледі?

А) экономикалық субъектіде бух. есеп жағдайын тексеру нәтижелері

B)аудиторлық фирманың заңды мекен-жайы

C)аудиторлық фирманың есеп айырысу шотының нөмірі

D)аудиторлық фирманың қаржылық есептілік сенімділігі туралы пікірі

10. Қорытынды бөлімде төмендегілердің қайсысы көрсетіледі?

А) шаруашылық операциялардың заңнамаға сәйкес жүргізілуін тексеру нәтижелері

B) субъектінің ішкі бақылау жүйесін тексеру нәтижелері

C) аудитке қатысқан аудиторлар аты-жөні

D) аудиторлық фирманың қаржылық есептілік сенімділігі туралы пікірі


Семинар сабақтарында талқылауға арналған сұрақтар

Аудиторлық қорытындының мәні мен мақсаты

Аудиторлық қорытындының бөлімдері

Аудиторлық қорытынды түрлері

Аудит материалдарын жүзеге асыру


Семинардың мақсаты: аудиторлық қорытынды, оның құрылымы, түрлері, жүзеге асыру шаралары туралы теориялық білімді бекіту және тереңдету


Студент мыналарды білуі тиіс:

- аудиторлық қорытындының мәні мен мақсаты;

- аудиторлық қорытындының құрылымы, мазмұны;

- аудиторлық қорытынды түрлері және мәні;

- анықталған кемшіліктерді жою және орындалуын бақылау шаралары.

Студент меңгеруі тиіс:

-лекция бойынша материалды мазмұндау;

-аудиторлық қорытындының бөлімдеріне сипаттама беру;

-аудиторлық қорытынды түрлерін атап, олардың әрқайсысының қалыптасу жағдайларына мысал келтіру;

- аудит материалдарын жүзеге асыру шараларын атап көрсету.


Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Семинарда талқылауға арналған сұрақтар тізімімен танысыңыз, олармен лекция конспекті мен әдебиеттер тізімі арқылы жұмыс істеңіз. Дайындық барысында семинар сұрақтарын белсенді талқылуға қажет студенттер біліміне және қабілетіне қойылатын талаптарға назар аударыңыз.


СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары мен әдістемелік нұсқаулары

Мақсаты:
          1. Тақырып бойынша алынған теориялық білімді есте сақтау және тәжірибелік білім беру.
          2. Тақырып бойынша сұрақтарды толықтырып, білімін тереңдету.

1-Есеп

«Самұрық» компаниясы қаржылық есептілікте «Ақша қозғалысы туралы есебін» көрсетпейтін болып шешім қабылдады.

Аудитор мұндай жағдайда аудиторлық есептің қандай түрін құрады?

2-Есеп

Аудиторлық фирманың аудит жүргізуге келісім бергені туралы келісім-хатты құрыңыз. Тапсырманы орындау барысында 210-АХС талаптарына негізделіңіз.

Келісім-хат келесі мәліметтерден тұруы керек:
  1. аудиторлық тексеріс объектісі және мақсаты туралы;
  2. аудит негізделетін заңнамалық актілер мен нормативті құжаттар туралы;
  3. жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша аудиторлық фирманың есептілігінің нысаны жөнінде;
  4. тараптардың жауапкершілігі мен міндеттері жөнінде;
  5. бухгалтерлік есеп және есептілікте анық емес мәліметтер мен мәнді қателіктердің анықталмай қалу тәуекелділігінң болуы туралы.

Келісім-хатқа қосымша аудиторлық фирма туралы мәліметтерді қосыңыз (атқаратын қызметтер, фирма персоналы мен біліктілігі туралы, қолданылатын аудит әдістері туралы және т.б.). Келісім-хат презентация арқылы таныстырылады.