Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Вид материалаДокументы

Содержание


Сабақ түрі
Тәжірибелік сабақтың мақсаты
Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ)
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Бөлінбеген пайда туралы
13-Тақырып: «Табыстар мен шығыстар есебі»
Тура шығыстар
Таратылған шығыстар
Сатылған өнімге кепілдемелік міндеттемелер бойынша шығыстар
Бастапқы тура шығындар
Дәріске әдістемелік нұсқау
Негізгі түсініктер
Тәжірибелік сабақтың мақсаты
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ)
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Меншікті капитал есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: меншікті капитал, серіктестік, акционерлік қоғам, акционерлік капитал, акциялар, акцияның атаулы құны, номинал, жай және артықшылығы бар акциялар, өтелетін артықшылығы бар акциялар, айырбасталатын артықшылығы бар акциялар, кумулятивті акциялар, мерзімі ұзартылған дивидендтер, меншікті сатып алынған акциялар, шығарылған және циркуляцияланған акциялар.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: меншікті капитал және оның есебі туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану мәселелерін меңгеру, серіктестіктердегі және акционерлік қоғамдардағы меншікті капитал есебінің негізгі айырмашылықтарын түсініп, осыған байланысты есептер шығара білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Меншікті капитал құрамы.

2. Серіктестіктердегі капитал есебі.

3. Серіктестіктегі пайда мен залалды бөлу.

4. Серіктестікті тарату, серіктестің капитал үлесін сатып алу, серіктестікке капитал салу.

5. Бұрынғы серіктестерге сыйақы төлеу, жаңа серіктеске сыйақы төлеу тәртібі.

6. Акционерлік капитал және оны ңқұрамы.

7. Акция түрлері.

8. Бөлінбеген пайда есебі.

.

Студент білуі тиіс:
  • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
  • меншікті капитал және оның құрамын;
  • серіктестіктегі меншікті капитал есебін;
  • акционерлік қоғамдағы капитал есебін.


Студент меңгеруі тиіс:
    1. Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
    2. Меншікті капиталды есепке алу бойынша шоттар корреспонденцияларын құруды;
    3. Құнды қағаздармен жүргізілетін операциялардв есепке алуды;
    4. Бөлінбеген пайда туралы есепті құру тәртібін.

Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер


СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, әр түрлі ұйымдастырушылық –құқықтық нысандағы кәсіпорындардағы меншікті капитал есебін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):

1 Есеп

Есептің мақсаты- меншікті капитал құрамын меңгеру.

Тапсырма

Төмендегі берілген мәліметтер «Сұлтан-Бейбарыс» компаниясының меншікті капитал есебі шоттарын қамтиды. Берілген мәліметтерді баланстық есепте «Меншікті капитал» бөлімін әзірлеуге пайдаланыңыз.

Берілгені

Шығарылуына рұқсат берілген, номиналдық құны

2500 теңгеден 100,000 жай акция ___________?


Әрбір акциясының номиналы 5000 тг болатын,

шығарылуына рұқсат берілген 9%-дық, 5500 теңгеден

сатып алуға болатын 20000 артықшылығы бар акция ___________ ?


Номиналдан артық төленген капитал, жай акциялар 100000_____

Номиналдан артық төленген капитал, артықшылығы бар акциялар ___________?


Бөлінбеген пайда 500000


Меншікті сатып алынған акциялар, 25000 акция 400000

МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ БАРЛЫҒЫ __________?


2 Есеп

Есептің мақсаты  дивидендтер есебін меңгеру және оның акционерлік капитал көлеміне әсерін білу.

Тапсырма

«Астана Бәйтерек» компаниясы 1- ақпанда өзінің жай акциялары бойынша 1.000,000 ш.б. мөлшерінде ақшалай дивиденд төлейтінін жариялады. Бекітілген тіркеу күні-1 наурыз. Дивидендтер 15-наурызда төленді. Дивидендтерді есепке алу бойынша барлық қажетті бухгалтерлік өткізбелерді құрыңыз. Компания келесі жылға акция түрінде 2%-дық дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Баланстың «Акционерлік капитал» бөлімінде дивидендтерді акция түрінде төлеу жарияланғанға дейін келесі ақпарат көрсетіледі:

Дивидендтерді Дивидендтерді

жариялағанға дейін жариялағаннан кейін

Номиналы 5 ш.б. жай акциялар

(шығарылуына рұқсат берілген 1.000,000 дана) 5.000,000 ?

Номиналдан артық төленген капитал 20.000,000 ?

Бөлінбеген пайда 75.000,000 ?

Акционерлік капиталдың барлығы 100.000,000

Компанияның жай акциялары дивидендтер жарияланғанға дейін 150 ш.б. сатылды.
  1. Акция түріндегі дивидендтерді бейнелейтін бухгалтерлік өткізбелер құрыңыз.
  2. Акциямен төленген акцияларды есепке алып шығарылғаннан кейінгі баланстың «Акционерлік капитал» бөлімін әзірлеңіз.


kрр


СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді толықтыру, талдап зерделеу және меншікті капитал есебі туралы теориялық білімін толықтырып, тәжірибе жүзінде бекіту.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Ақшалай дивиденд пен акция түрінде төленетін дивидендтердің айырмашылықтарын анықтап жазыңыз.

2. Қандай себептермен корпорация өз акциясын сатып ала бастауы мүмкін?

3. Жай акциялар мен артықшылығы бар акциялардың негізгі ерекшеліктерін атаңыз.

4. Меншікті капитал мен енгізілген капиталдың және алынған капиталдың айырмашылығын анықтаңыз.

5. берілген есепті өз бетіңізше шығарыңыз.

1-Есеп. Мақсаты- бөлінбеген пайда туралы есеп құруды меңгеру.

Берілгені:

«Омега» компаниясының 2002 жылғы қызметі мен жағдайы туралы келесі мәліметтер берілген:

Бөлінбеген пайда туралы

есепке кіре ме?

Иә Жоқ

2002 ж. амортизациясы 21400

2002 ж. таза пайдасы 34100

ТМҚ азаюы 24000

Төленген дивидендтер 12000

Капиталға инвестициялар 57500

Жабдықтың шығуынан болған залал 4000

31.12.2001ж. бөлінбеген пайда 167300

Тапсырма:
  1. Берілген мәліметтердің қайсысы 2002 жылғы бөлінбеген пайда есебіне қосылатынын көрсетіңіз.
  2. 2002 жылдың 31-желтоқсанына бөлінбеген пайда туралы есебін құрыңыз.



13-Тақырып: «Табыстар мен шығыстар есебі»

Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның табысы мен шығысын тану қағидалары, олардың өлшемін, табысты тану оқиғаларын зерттеп, табыс пен шығыс есебін меңгеру.

Дәріс сұрақтары:

1. Табысты тану қағидалары

2. Ұйымның табысының есебі

3. Ұйымның шығысының есебі

4. Пайда мен зиян есебі.

Негізгі түсініктер: табыс, түсім, шығыс, пайда, зиян


Дәрістің негізгі мазмұны

Қаржылық есептіліктің №18 «Түсім» халықаралық стандартынасәйкес табыстар төмендегі жағдайда танылады:
  • Тауарды сатқан кезде;
  • Қызмет көрсеткен сәтте;
  • Компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.

Табыстардың жіктелуі ақпаратты пайдаланушының компания операцияларын түсінуге мүмкіндік береді. Табысты операциялық қызметтен алынған және операциялық емес қызметтен алынған деп бөліп көрсету қажет.

Табысты есепке алған кезде табысты тану сәтін анықтау маңызды болып табылады. Табыс төмендегі жағдайда танылады:
    1. Тауарды сатып алу мен иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;
    2. Табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;
    3. операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;
    4. Есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.
    5. Операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.

Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт түрі табысты тануға мүмкіндік береді.
  1. Сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;
  2. Қызметтерді көрсетуден түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады.
  3. Активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады.
  4. ТМҚ-ға жатпайтын активті сатудан түскен атбыс сату кезінде танылады.

Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай анықталады. Осы кезде берілетін сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда табыс сомасын азайтады. Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.

Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:
  • активті бергеннен кейінгі танылған табыс;
  • активті бергенге дейінгі танылған табыс;
  • активті беру сәтінде танылған табыс.

Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:
  1. Келісім-шарттың толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.
  2. Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.

№11 стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.

Жұмыстың аяқталу сәтін анықтау әдісі «шығыстан шығысқа» деп аталады. Бұл әдісті мерзімдегі шығындардың сомасы құрылыс жобасының аятауға қажетті шығындардың жалпы сомасына бөледі:

Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар: жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100

Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:

Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* ( келісімнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)

Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады. Бұл кірісті тану процессінің екінші сатысы. Сәйкес келу қағидасы тану өлшемдеріне сай кез келген есепті кезеңде табыстың табыс қағидасына сәйкес анықталуын талап етеді. Кейіннен дәл осы кезең үшін сол кезеңде табыс алу барысында туындайтын шығыстар анықталады.

Шығыстарды келесідей жіктеуге болады:
    1. Тура шығыстар- табысппен байланысты өткізілген тауардың өзіндік құны. Мұндай шығыстар дәл сол операциялар немесе оқиғаларды іске асыру нәтижесінде туындайтын табысты танумен бірге танылады.
    2. Кезең шығыстары­- -өткізу процессімен байланысты шығыстар және жалпы әкімшілік шығыстар. Бұл шығыстар қай кезеңде туындаса сол кезең ішінде танылады.
    3. Таратылған шығыстар- бұл амортизация және сақтандыру тәріздес шығыстар. Мұндай шығыстар тиісті активтер пайда әкеледі деп күтілетін кезеңдерге жүйелі түрде таратылып бөлінеді.


Өнімді өткізуге тікелей қатысты шығыстар.

Кезең ішінде өнімді сатумен тікелей байланысты шығыстарға әдетте мыналар жатады:
  1. Өндірісте пайдаланылатын материалдар мен еңбектің өзіндік құны немесе есепті кезең ішінде өткізілетін тауарларды, қорларды, шикізатты сатып алу шығыстары (өткізілген тауарлардың өзіндік құны).
  2. Өткізу процессімен байланысты шығыстар (сату бойынша сыйақылар, еңбек ақы, жал, жүкті тасымалдау шығындары).
  3. Сатылған өнімге кепілдемелік міндеттемелер бойынша шығыстар.

Сәйкес келу қағидасына сәйкес,өнімді өткізумен тікелей байланысты шығыстарды өнімді сатумен байланысты табыстар танылатын есепті кезең ішінде шығыс ретінде тану қажет.


Қызметті өткізуге тікелей қатысты шығыстар.

Оларды келесідей жіктеуге болады:
  1. Бастапқы тура шығындар-бұл қызмет көрсету бойынша жүргізілген операциялар және келіссөздермен тікелей байланысты шығындар. Мұндай шығындарға сыйақылар, заң қызметтерін көрсеткені үшін гонорарлар, сауда агенттеріне берілетін өтем ақы жатады.
  2. Қосымша тура шығындар-бұл қызметтерді өткізумен байланысты шығындар. Мысалы, қызмет көрсету мәмілесіне қосылмай қалған, бірақ қызмет көрсету операцияларына қатысқан қосалқы бөлшектер мен еңбек құны.

Барлық тура шығыстарды табыстар мен шығыстардың сәйкес келуі қағидасы бойынша танылатын қызметтен түскен табыс танылған кездегі кезең шығыстары ретінде тану қажет.

Табыс пен шығыстар есебі Типтік шоттар тізбегінің 6 «Табыстар» және 7 «Шығыстар» бөлімінің шоттарында есепке алынады. Табыс танылғанда 6-бөлім шоттары кредиттеледі және ал шығыс танылғанда 7-бөлім шоттары кредиттеледі. Есепті кезең аяғында уақытша шоттарда есепке алынған табыстар мен шығыстар есепті кезеңнің бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зиян) шоттарына аударылып жабылады. Табыс шоттары жабылғанда дебеттеледі, ал шығыстар шоттары – кредиттеледі.

Қорытынды:

Кәсіпорынның табысы мен шығысының есебі қаржылық есептіліктің № 18 «Түсім» халықаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Табыстың дұрыс жіктелуі ақпаратты пайдаланушыға компанияның операцияларын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру үшін операциялық қызметтен алынатын және операциялық емес қызметтен алынатын табыстарды бөліп көрсету қажет. Негізгі қызметтен алынған табысты есепке алғанда табысты тану мерзімі негізгі сұрақ болып табылады. Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады.


Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәріс сұрақтарын оқу барысында кәсіпорын табысы мен шығыстарының жіктелуіне және олардың қаржылық есептілікте танылу шарттарына аса назар аудару керек. Сонымен бірге, берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде:

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.

2. Тақырып бойынша негізгі түсініктерді беріңіз.

3. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

4. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, 28.02.2007ж.

2. Қаржылық есептіліктің №18 «Түсім» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006

3. Қаржылық есеп: Оқу құралы/К.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.А. Жантаева – Алматы: Экономика, 2001

4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
  1. Табыс пен шығыс есебі қандай нормативті құжат негізінде жүргізіледі?
  2. Табыс деген не?
  3. Кәсіпорын табысы қандай түрлерге бөлінеді?
  4. Кәсіпорын шығысы қандай түрлерге бөлінеді?
  5. Тану дегеніміз не?
  6. Тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен табыс қалай танылады?
  7. Табыспен байланысты операцияладың қандай төрт түрін білесіз?
  8. Табыс қалай өлшенеді?
  9. Активті бергеннен кейін табыс қалай танылады?
  10. Активті бергенге дейінгі танылатын табысқа мысал келтіріңіз.
  11. Активті беру сәтінде танылған табысқа мысал келтіріңіз..
  12. Ұзақ мерзімді құрылыс мәмілелерін есепке алудың қандай әдістері бар?
  13. Аяқталу пайызы деген не?
  14. Шығыстарды тану мақсатында қандай қағида қолданылады?
  15. Шығыстарды қандай топтарға бөлінеді?
  16. Табыс пен шығындар Типтік шоттар тізбегінің нешінші бөлімдерінің шоттарында есепке алынады?
  17. Өнімді өткізумен байланысты шығыстарға не жатады?


Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:
  1. Активті беру сәтінде табыс қандай бухгалтерлік өткізбе арқылы есепке алынады?

А) Дт- Алынуға тиісті шоттар

Кт- Өнімді өткізуден түскен табыс

В) Дт-Өнімді өткізуден түскен табыс

Кт- Алынуға тиісті шоттар

С) Дт- Ақша құралдары

Кт- Алдағы кезең табыстары

Д) Дт- Алдағы кезең табыстары

Кт- Ақша құралдары

Е) Дт- Алдағы кезең табыстары

Кт- Өнімді өткізуден түскен табыс
  1. Шығыс кілемдерімен сауда жасайтын дилер өзінің тұрақты клиентіне кілемнің бөлмеде қалай көрінетіндігін көріп алуы үшін кілемді үйге алып кетуіне рұқсат береді. Кілемнің 45000 тг, ал дилер үшін кілемнің құны 32000 тг. Дилер қандай табысты қандай мөлшерде таниды?

А) 0;

В) 45000;

С) 32000;

Д) 13000.

Е) басқа сома.

3. Есептеу қағидасы бойынша шығыстар сәйкес келу қағидасына негізделіп қандай мерзімде танылады?

А) Шығыстар ақша қаражатымен төленгенде

В) Ағымдағы есепті кезеңде алынған табыстармен сәйкес келетін кезде;

С) Алынған барлық табыстармен сәйкес келгенде

Д) Ағымдағы есепті кезеңмен сәйкес келетін кезде

4. «Клиентке қолма -қол ақшаға қызмет көрсетілді». Дұрыс шоттар корреспонденциясын көрсетіңіз:

А) Дт 1010 –касса Кт 6010 -өткізілген өнімнен, қызмет көрсетуден түскен кіріс;

В) Дт 1010-касса Кт 1210-сатып алушылардың дебиторлық берешегі;

С) Дт 1010-касса Кт 3310 –жабдықтаушылар мен мердігерлерге қарыз;

Д) Дт 1210-сатып алушылардың дебиторлық берешегі Кт - 1010–касса;

Е) Дт 1210-сатып алушылардың дебиторлық берешегі Кт-1040 – ағымдық шот.

5. Табысты ақшаның келіп түсуі емес, тауарды жөнелту сәтінде тану ненің туындауына әкеледі?

A) зиянның

B) пайданың

C) міндеттемелердің

D) саудалық дебиторлық борыштың;

E) бюджет алдындағы қарыздың

6. Негізгі емес қызметтен алынған табыс пен шығысқа не жатады?

A) Өнімді ( жұмыстар мен қызметтерді) өндірумен және өткізумен тікелей байланысты табыс пен шығыстар;

B) Өнімді өндірумен және өткізумен тікелей байланысы жоқ табыстар мен шығыстар;

C) Өнімді өткізуден түскен түсім;

D) Жалпы әкімшілік шығыстар;

E) Өнімді өткізумен байланысты шығыстар.

«Табыс пен шығыстардың есебі және оларды тану» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: табыс, шығыс, сәйкес келу қағидасы, табысты тану, шығысты тану, жалпы әкімшілік шығыстар, операциялық қызметтен алынған табыс, аяқталу пайызы, пайда, зиян

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: негізігі құралдар мен материалдық активтер есебі және оның түрлері туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, олардың өзіндік құнын және басқа да құн түрлерін анықтау, сонымен бірге, амортизацияны есептеу әдістері бойынша, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
  1. Табыс пен шығысты тану қағидалары
  2. Табысты тану әдістері
  3. Табыстың активті беру сәтіндегі танылуы
  4. Табыстың активті бергеннен кейінгі танылуы
  5. Табыстың активті бергенге дейінгі танылуы
  6. Шығыстың танылуы.
  7. Табыс пен шығыстар есебі

Студент білуі тиіс:
  • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
  • Табыс пен шығысты тану өлшемдерін;
  • Оларды тану әдістері мен тану оқиғаларын;


Студент меңгеруі тиіс:
  1. Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  2. Табыстар мен шығыстарды әр түрлі әдістерімен тануды.
  1. Табыстар мен шығыстар есебін.

Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында табыс пен шығысты танудың негізгі қағидаларына аса назар аударыңыз.


СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, табыстар мен шығындарды танудың нормативті реттелуңн, оларды есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру


Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысына арналған есептер (СОӨЖ):

1 Есеп

Төменде берілген әрбір оқиға үшін:
  1. Операция жасалған күнге бухгалтерлік өткізбе беріңіз.
  2. Табысты танудың қай әдісін қолдануға болатындығын анықтаңыз.

Берілгені:

Есеп беру мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатындығын есіңізде сақтаңыз.
  1. 2005 жылдың 31-желтоқсанында «АРТ» компаниясы арнайы машинаны 500000 тг сатып, 200000 тг қолма-қол алады. Қалған 300000 тг және оның үстіне қосылған 10% 2006 жылдың 31-желтоқсанында алатын болды. «АРТ» компаниясы машинаны 2006 ж. 5-қаңтарында жеткізіп береді. Сатып алушының несие қабылеттілігі жоғары деп саналады, сондықтан төлемді уақытында алу кепілі бар.
  2. 2005 ж, 15-қарашада «Барыс» компаниясы Х өнімін 50000 тг сатады. Сатып алушы оның орнына екі дана тауар береді. Сатып алушы тауарларды 2006 ж. 31-қаңтарында жеткізіп беруге уәде береді.
  3. 2006 ж. 2-қаңтарында «Айқара» компаниясы ай сайын шығатын «Айқара» газетіне бір жылдық жазылымға 200000 тг жинап алды. Газетке жазылған оқырмандарға бірінші шығарылған басылымды тарату осы жылдың наурыз айына қойыолып отыр.