Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Вид материалаДокументы

Содержание


Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулық
17- тақырып: «Аудиторлық мәнділік және аудиторлық тәуекелдік»
Дәрістің мазмұны
Бақылау тәуекелділігі
Айқындамау тәуекелдігі
Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы өзара байланыс
Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық
2. Аудиторлық тәуекелділік деп нені айтады?
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:

1. Аудитор қандай ақпаратты сенімді деп санайды?

а. Тексерілетін компанияның менеджерінен алынған жазбаша ақпарат

в. Банк менеджерінен алынған ақпарат

с. материалдардың нақты санын аудитордың өзі тексергеннен кейін алынған ақпарат.

д. Қоймашыдан материалдардың нақты саны туралы алынған ауызша ақпарат

е. Тексерілетін компанияның менеджерінен алынған ауызша ақпарат

2. Түгендеуге анықтама беріңіз.

3. Жабдықтың жасырын тұрып қалуын анықтау мақсатында аудитор қандай процедураны қабылдайды?

а. Арифметикалық тексеріс

в. Логикалық тексеріс

с. Хронометраж

д. Визуалды қадағалау

е. Қарсы тексеру

4. Құжаттардың дұрыстығын анықтау үшін келесі әдістемелік тәсіл қолданылады?

а. Формальді тексеріс

в. Қарсы тексеру

с. Логикалық тексеріс

д. Түгендеу

е. Эксперттік бағалау

5. Шығарылған өнім туралы мәліметтердің шынайылығын аудитор қандай әдістемелік тәсілмен анықтайды?

а. Нормативті тексеру

в. Түгендеу

с. Арифметикалық тексеріс

д. Қарсы тексеру

е. Логикалық тексеріс

6. Нақты аудит тәсілдеріне не жатады?

а. Формальді тексеріс

в. Логикалық тексеріс

с. Эксперттік бағалау

д. Арифметикалық тексеріс

е. Қарсы тексеру

7. Аудиторлық тәуекелділікті азайту үшін не қажет?

а. Жеткілікті түрде аудиторлық дәлелдеулер жинау

в. Сенімді ақпарат жинау

с. Ішкі бақылау жүйесіне сену

д. Анықталған заң бұзушылықтарды жою шараларының жоспарын құру

е. Дұрыс жауап жоқ

8. Қаржылық есептіліктен алынатын аудиторлық дәлелдеулерге төмендегілердің қайсысы жатпайды?

а. Бухгалтерлік баланс

в. Пайда мен зиян туралы есеп беру

с. Ақша қозғалысы туралы есеп беру

д. Бас журнал

е. Меншікті капитал өзгерісі туралы есеп

9. Төмендегілердің қайсысы аудиторлық дәлеледеу болып табылады?

а. Аудитордың аудиторлық тексеріс кезінде жинаған ақпараты;

в. Аудиторлық есеп;

с. Аудиторлық бағдарлама.

10. Қадағалау деген не?

а. Қызмет нәтижесінің есепті көрсеткіштерін зерттеу;

в. Құралдардың нақты барының бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі.

с. Есеп тіркелімдерінде мәліметтерді топтастыру әдісі;

д. тәжірибелі мамандардың арнайы білім саласын зерттеуі;

е. Аудитордың қатысуымен есеп процедураларының орындалуын бақылау әдісі.


Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулық

СӨЖ мақсаты: тақырып бойынша берілген теориялық материалды толық меңгеру үшін аудиторлық дәлелдеулер мен оларды алу процедураларының әдістемелік тәсілдерін толықтырып, практикалық дағды қалыптастыру.

1. Тапсырма. Ұсынылған және өз бетіңізше таңдап алынған ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып:
    1. Аудиторлық дәлелдеулердің мүмкін болатын түрлеріне сипаттама беріңіз;
    2. Дәрісте берілген аудиторлық процедуралардың әрқайсысына сипаттама беріп, олардың құрамына кіретін әдістерін анықтаңыз.
  1. Тапсырма. Келесі есептерді шығарыңыздар

1-оқиғалық есеп

Құжаттар келесі көздерден алынған:
  • Үшінші жақтардан;
  • Клиенттен өзінің мәліметтері негізінде;
  • Клиенттің бухгалтерлік жазбаларының негізінде аудитордың жинақтаған құжаттары.

Талап етіледі: Берілген дәлелдеулерді сенімділігінің дәрежесіне қарай бағалаңыз.

2-оқиғалық есеп

Аудитор келесі процедураларды жүзеге асырған:
  • Көлік құралдарын тіркеу туралы құжаттарды тексеру;
  • Көлік құралдарын сатып алу құжаттарын тексеру;
  • Көлік құралдарының нақты барын тексеру;
  • Көлік құралдарын сатушының ауызша растап беруі.

Берілген аудиторлық процедуралардың қайсысы компанияның көлік құралдарына меншік құқығын береді?

17- тақырып: «Аудиторлық мәнділік және аудиторлық тәуекелдік»

Сабақтың мақсаты: аудиторлық мәнділік туралы ұғым қалыптастыру және аудиторлық тәуекелділікті анықтаудың, олардың компоненттерінің аудит барысындағы маңызын түсіну.

Дәріс сұрақтары:
  1. Мәнділік туралы түсінік және мәнділік деңгейін анықтау
  2. Қателіктердің мәнділігін бағалау және оның аудиттегі маңызы
  3. Аудиторлық тәуекелдік және оның компоненттері
  4. Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы өзара байланыс


Негізгі түсініктер: мәнділік, мәнділік деңгейі, аудиторлық тәуекелділік, бөлінбейтін тәуекелдік, бақылау тәуекелдігі, айқындамау тәуекелдігі, маңыздылық

Дәрістің мазмұны:

Мәнділік деңгейі деп бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен жоғары ықтималдықпен айыратын қателіктің шекті шамасын айтады.

Мәнділік деңгейінің абсалютті мәнін анықтағанда аудитор субъектінің есептілігінің шынайылығын сипаттайтын неғұрлым маңызды көрсеткіштерін негізге алуы керек. Олар бухгалтерлік есептіліктің базалық көрсеткіштері деп аталады. Кәсіпорын қызметінің салалық ерекшеліктеріне қарай базалық көрсеткіштер жиынтығы әр түрлі болып келеді.

Аудиторлық ұйым базалық көрсеткіштерден ауытқу пайызын, яғни жіберілетін үлесін бекітеді (неғұрлым мәнділеріне – екі пайыз, мәнділігі аздарға – бес пайыз).

Базалық көрсеткіштер жүйесі мен мәнділік деңгейін анықтау тәртібі құжатта көрініс тауып, тұрақты қабылданады. Кейбір жағдайларда олар өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Нақты тексеріс үшін мәнділік деңгейінің жалпы бір көрсеткішін, сонымен бірге, әрқайсысы бухгалтерлік есептің, баланс баптарының немесе есептілік көрсеткіштерінің белгілі бір тобын бағалауға арналған мәнділік деңгейінің әр түрлі мәндер жиынтығын есептеп шығаруға болады.

Аудиторлық тексеріс жүргізу барысында аудитор қателіктерді анықтап, олардың қандай-да бір базалық көрсеткіштер шамасының сомасын анықтайды және бұл шаманы мәнділік деңгейінің тиісті көрсеткіштерімен салыстырып, табылған қателіктердің қаржылық еесптілікке әсері туралы қорытынды жасайды. Аудиторлық ұйымдар тексеріс жүргізу барысында есептіліктің шынайылығын абсалютті нақтылықпен анықтауға міндетті емес, алайда барлық маңызды жағдайларда олардың шынайылығын міндетті түрде анықтауы тиіс.

Аудитор мәнділіктің сапалық және сандық жағына назар аударуы керек.

Сапалық жағынан аудитор өзінің кәсіби пікірін тексеріс барысында айқындалған экономикалық субъект жүзеге асырған қаржылық және шаруашылық операцияларын орындау тәртібінің Қазақстан Республикасының нормативті актілерінің талаптарынан ауытқуы мәнді немесе мәнді емес екендігін анықтауға бағыттауы тиіс.

Сандық жағынан аудитор табылған ауытқулардың әрқайсысы және олардың сомасы сандық өлшемнен-мәнділік деңгейінен басым түсуіне баға беруі қажет. Мәнділік деңгейін бекіту үшін аудитор бірнеше қадамдық процедураларды жүзеге асырады:

1 қадам. Мәнділік туралы алдын-ала пайымдау

2 қадам. Мәнділік туралы алдын-ала пайымдауды сегменттер бойынша қолдану

3 қадам. Сегменттегі жалпы қателіктерді бағалау

4 қадам. Сомалық қателіктерді бағалау

5 қадам. Сомалық бағаны мәнділік туралы алдын-ала пайымдаумен салыстыру.

Егер де бір уақытта біріншіден, аудит барысында белгіленген және болжанған қателердің жалпы сомасы мәнділік деңгейінен біршама аз болса және екіншіден, аудитордың кәсіби пайымдауы бойынша субъектінің есеп жүргізу және есептілік әзірлеу тәртібінің тиісті нормативті құжаттардың талаптарынан ауытқуларының сапалық айырмашылықтары елеусіз болса, онда аудитор тексерілетін субъектінің есептілігі барылық маңыздылығы жағынан шынайы болып табылады деген шешімге келе алады.

Алайда жоғарыда аталған жағдайлардың тым болмаса біреуі орындалмаса, онда субъектінің қаржылық есептілігі сенімді болып табыла алмайды.

Аудит барысында мынандай жағдайлар да туындауы мүмкін:

1. қаржылық есептілікте анықталған және болжанған қателердің жалпы сомасы мәнділік деңгейінен басым немесе азырақ, бірақ жалпы алғанда мәнділік деңгейінің шамасына жақын болады.

2. субъектінің есеп жүргізу және есептілік әзірлеу тәртібі мен тиісті нормативті құжаттардың талаптары арасында айырмашылықтар болса да, анықталған айырмашылықтар мәнді боп табылмайды.

Мұндай жағдайда аудитор өзінің кәсіби пікіріне сүйене отырып, осы жағдай бойынша тексерілген қаржылық есептілікте мәнді заң бұзушылықтардың болуы туралы шешім қабылдау немесе қабылдамау жауапкершілігін алуға немесе аудиторлық есепке тиісті ескертулерді кіргізу туралы қорытынды жасауға міндетті. Бұл ретте оқиғаны дәл анықтау үшін қосымша аудиторлық процедуралар жүргізу қажет болуы мүмкін.

Аудиторлық тәуекелділік және оның компоненттері

Аудиттің мақсаты мен міндеттерін анықтағаннан кейін аудиторлық тәуекелділік деңгейін анықтау қажет.

Аудиторлық тәуекелділік - бұл аудит аяқталғаннан кейін және оң аудиторлық қорытынды берілгеннен кейін аудитордың өз жауапкершілігіне алатын, қаржылық есептілікте мәнді қателіктер шығып қалу тәуекелділігінің субъективті түрде бекітілген деңгейі.

Аудиторлық тәуекелділік субъектінің қаржылық есептілігінде оның шынайылығын растағаннан кейін анықталмай қалған мәнді қателіктердің болу ықтималдығын немесе іс жүзінде мұндай қателіктер болмаса да, есептілікте қателік бар деп тануды білдіреді. Аудитор жұмыс барысында осы тәуекелділіктерді максималды түрде анықтап, бағалауы тиіс және бағалау нәтижелерін құжатқа түсіруі керек.

Тәуекелділікті бағалағанда аудитор тәуекелділіктің келесі шектерін пайдалана алады:

а) жоғарғы;

ә) орта;

б) төменгі.

Аудиторлық ұйымдар өз қызметінде тәуекелділіктерді бағалау барысында шектеулердің жоғарыда аталған түрлерінен басқа да көптеген шектеулерді қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін. Немесе тәуекелділіктерді бағалауға сандық көрсеткіштерді (пайыздар немесе бірлік үлестерін) пайдалана алады. Яғни аудиторлық тәуекелділік приоритеттер шектері бойынша өлшенуі не болмаса, 0-ден 1-ге дейін ықтималдықты есептеп шығарылуы мүмкін. Аудиттің шетелдік тәжірибесі бойынша бұл тәуекелділік минималды болуы керек және 0,01 немесе 1 пайыз болуы тиіс. Аудитор тексеріс барысында аудиторлық тәуекелділікті минималды деңгейіне дейін жеткізуге ұмтылуы керек және ол үшін тиісті шаралар қолданады. Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады. № 400 «Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау» ХАС- ында тәуекелдікке анықтама берілген(2). «Аудиторлық тәуекелдік- қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сай келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді». Аудиторлық тәуекелділіктің үш компоненті бар:

а) бөлінбейтін немесе ішкі шаруашылық тәуекелділік;

б) бақылау құралы тәуекелділігі;

в) айқындамау тәуекелділігі.

Ішкі шаруашылық тәуекелділігі

Ішкі шаруашылық тәуекелділік – бұл ішкі шаруашылық аудит іске асырылмайды деген ұйғарыммен қаржылық есептіліктің мәнді қателіктерге бейім болуы. Егер де аудитор ішкі шаруашлық аудит факторын ескермей жоғарғы ықтималдықпен қателердің болуы туралы қорытынды жасаса, онда ол дәл солай жоғарғы ықтималдықта ішкі шаруашылық тәуекелділігі бар деген қорытындыға келеді. Ішкі шаруашылық тәуекелділік деңгейін бекіту кезінде ішкі шаруашылық аудитке назар аударылмайды. Өйткені, ол аудиторлық тәуекелділіктің моделіне бақылау тәуекелділігі деп аталатын жеке элемент ретінде кіреді.

Бақылау тәуекелділігі

Бақылау тәуекелдігі- бухгалтерлік есеп процесінде клиент байқамаған қателердің болу ықтималдығын білдіреді. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100 %- ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады: тиімді құрылымдар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады.

Бақылау құралдарының тәуекелділігі кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды.

Бақылау құралдарының сенімділігі мен бақылау құралдарының тәуекелдігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады:
  • Сенімділіктің жоғары дәрежесіне төмен тәуекелдік сай келеді;
  • Сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелділік сай болады;
  • Сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелділік сай болады.

Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде үлкен сенімділік дәрежесіне сүйенуге қаншалықты ұмтылса., аудитор олардың сенімділігі мен тиімділігін соншалықты мұқият дайындауы керек.

Айқындамау тәуекелдігі

Айқындамау (қателерді) тәуекелдігі- бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір- бірін толықтыратындықтан, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдемесінің қажеттілігін пропорционалды азайтады. Аудиторлық тәуекелдік пен айқындамау тәуекелдігі арасында тікелей тәуекелдік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелдік пен жинақталуы қажет дәлелдердің жоспарланған саны арасында кері тәуекелділік бар.

Аудиторлық тәуекелдікті төмендету үшін келесідей пікір әрекет етеді: аудитор толық зерттеуге арналған элементтері қанша көбірек тексерсе, іріктеме көлемі сонша көп болады. Мысалы, егер аудитор талдамалық рәсімдерді тексеру мен елеулі элементтерді толық тексеруге акцент жасағысы келсе, іріктеме көлемі төмен болады және керісінше.

Кез келген аудиторлық тексерудің басты міндеті- аудитті аяқтаған кезде жиынтық аудиторлық тәуекелдік минималды төмен деңгейге жеткізілетіндей немесе керісінше, сенімділік деңгейі аудиторға қаржылық есептеме нақтылығы бойынша пікір білдіру үшін жоғары болатындай сенімділік деңгейіне дейін жететіндей етіп жекелеген шоттар немесе шаруашылық операциялар бойынша аудиторлық тәуекелділікті шектеу.

Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы өзара байланыс

Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелділік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар. Маңыздылық деңгейі жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекелділік төмен болады және керісінше. Егер, мысалы, маңыздылық деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелділік деңгейі өседі және аудитор, бақылау тәуекелдігі деңгейін төмендету мақсатында (бақылау рәсімдерінің жеткіліксіздігі тәуекелі) не қосымша бақылау тестерін жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арықлы бұның орнын толтыра алады. Бизнес тәуекелі осы клиентке ұсынылған аудиторлық қорытынды әділ болғанына қарамастан аудитордың клиентпен ара қатынасы сәтсіз болуы мүмкіндігінде болып отыр. Аудит практикасында аудиторлық тәуекелділігі бағалаудың екі негізгі әдісі қолданылады:
  • Сезгіштік
  • Сандық

Сезгіштік әдіс аудитор тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде қаржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелділікті жоғары, орташа, төмен деп анықтауда болады.
  • Төмен тәуекелділік- ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағалаған, бірақ аудитор мүмкін қателерді табуға қажетті сай процедураларды жоспарлай отырып, оған толық сенбеген жағдайда болады;
  • Орта тәуекелділік- ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан- жақты рәсімді жоспарлады;
  • Жоғары тәуекелділік- клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады.

Сандық әдіс аудиторлық тәуекелділік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді. Халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын ең кең тараған модель келесі формуламен есептеледі:

АТ= БТ*БқТ*АқТ

Мұндағы АТ- аудиторлық тәуекелдік

БТ- бөлінбейтін тәуекелділік

БқТ- бақылау тәуекелдігі

АқТ- айқындамау тәуекелдігі

Мысалы, аудитор бөлінбейтін тәуекелділікті 80 пайыз, бақылау тәуекеділігін 50 пайыз, айқындамау тәсілін 10 пайыз деп бағалайды. Осы шамалар негізінде аудитор аудиторлық тәуекелділіктің 4 пайыздық шамасын ала алады.

Айқындамау тәуекелділігі көп дәрежеде аудитор кәсіпқойлығын сипаттайтындықтан, оған аудиторлық тәуекелділік моделінен осы тәуекелділікті анықтау дұрыс болады:

АқТ= АТ/ БТ*БқТ

Аудитор аудиторлық тәуекелділікті 5 пайыз, бөлінбес тәуекелділікті 80 пайыз, бақылау тәуекелділігін 50 пайыз деңгейлерінде қойды делік. Сонымен айқындамау тәуекелділігі 12,5 пайызды құрайды.

Аудиторлық дәлелдемелердің қажетті саны айқындамау тәуекелдігі деңгейіне кері пропорционалды болады. Айқындамау тәуекелділік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелділік комопненттері мен аудиторлық тәуекелділік деңгейі, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арасындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелділік моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субьектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелділік компоненттерінің әрқайсысының мазмұнына терең түсінуді талап етеді.

Қорытынды

Сонымен, аудиттегі мәнділік және аудиторлық тәуекелділік аудиторлық қызметтің маңызды аспектілерінің бірі. Мәнділік деңгейі деп бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен жоғары ықтималдықпен айыратын қателіктің шекті шамасын айтады. Ал аудиторлық тәуекелділік оң аудиторлық қорытынды жасалғаннан кейін қателіктердің шығып қалу ықтималдылығы. Аудиторлық тәуекелділіктің болуы аудиторлық фирмалардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесін туындатады.

Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық:

Аудиттегі мәнділік пен тәуекелділік туралы түсінік алып, ұғым қалыптастыру үшін оның теориялық аспектілерін терең білу қажет. Сондықтан, дәріс материалымен жұмыс істеу барысында аудиторлық мәнділік, оның деңгейін анықтау мәселелеріне, аудиторлық тәуекелділік түрлеріне назар аударыңыздар. Ол үшін берілген әдебиеттер бойынша оқу материалына зер қойып оқып, бақылау сұрақтары мен тестілік тапсырмаларға жауап беріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:
  1. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы -20.11.98, 19.02.2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен;
  2. Аудиттің халықаралық стандарттары.1-Т.- Алматы: Раритет, 2001
  3. Кодекс этики аудиторов РК. Казахстанские стандарты по аудиту (под ред. С.Х. Кошкимбаева. Алматы, Каржы-Каражат, 1995).
  4. Абленов Д.О. “Аудит негіздері” Алматы, Экономика, 2005 ж
  5. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы 2006 ж.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Аудиттегі мәнділік деген не?

2. Мәнділік деңгейін анықтау жолын атаңыз.

3. Мәнділік деңгейін анықтауда аудитор қандай қадамдық процедураларды қарастырады?

4. Аудиторлық мәнділіктің сапалық сипатына не жатады?

5. Аудиторлық мәнділіктің сандық сипатына не жатады?

6. Аудитор қандай жағдайларда субъектінің есептілігі барылық маңыздылығы жағынан шынайы болып табылады деген шешімге келе алады?

7. Қандай жағдайларда аудитор аудиторлық есепке тиісті ескертулерді кіргізу туралы қорытынды жасауға міндетті?

8. Аудиторлық тәуекелділік деген не?

9. Тәуекелділікті бағалағанда аудитор тәуекелділіктің қандай шектерін пайдалана алады?

10. Аудиторлық тәуекелділіктің қандай компоненттері бар?

11. Бөлінбейтін тәуекелділік дегенміз не?

12. Бақылау құралдарының тәуекелділігі дегеніміз не?

13. Айқындалмау тәуекелділігі дегеніміз не?

14. Аудиторлық тәуекелділікті бағалауда қандай әдістер қолданылады?

15. Аудиторлық тәуекелділік моделінің формуласын көрсетіңіз.


Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:
  1. Аудиторлық мәнділік деп нені айтады?

А) Бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен жоғары ықтималдықпен айыратын қателіктің шекті шамасын айтады;

В) Аудит аяқталғаннан кейін және оң аудиторлық қорытынды берілгеннен кейін аудитордың өз жауапкершілігіне алатын, қаржылық есептілікте мәнді қателіктер шығып қалу тәуекелділігінің субъективті түрде бекітілген деңгейі;

С) Бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен айырмайтын қателіктің ең төменгі шамасын айтады;

Д) Аудит аяқталғаннан кейін қаржылық есептілікте мәнді қателіктердің болмауы.

Е) Аудит барысында аудитордың алғашқы құжаттармен және есеп тіркемелерімен расталған куәлік жинауы.

2. Аудиторлық тәуекелділік деп нені айтады?

А) Бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен жоғары ықтималдықпен айыратын қателіктің шекті шамасын айтады;

В) Аудит аяқталғаннан кейін және оң аудиторлық қорытынды берілгеннен кейін аудитордың өз жауапкершілігіне алатын, қаржылық есептілікте мәнді қателіктер шығып қалу тәуекелділігінің субъективті түрде бекітілген деңгейі;

С) Бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен айырмайтын қателіктің ең төменгі шамасын айтады;

Д) Аудит аяқталғаннан кейін қаржылық есептілікте мәнді қателіктердің болмауы.

Е) Аудит барысында аудитордың алғашқы құжаттармен және есеп тіркемелерімен расталған куәлік жинауы.