Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi

Вид материалаДокументы

Содержание


4. Аудиттің мамандық этикасы
Кодекстің негізгі принциптері
Нанымдылық (көз жеткізгендік)
Негіз болатын принциптер
Адалдық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін адал атқаруға тиісті. Әділдік (объективтілік)
Кәсіби жетік білімділік және тиісті ұқыптылық
Ақпараттардың құпиялығын сақтау
Кәсіби мінез құлық
Техникалық стандарттар
Дәріске әдістемелік нұсқау
Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтар
Практикалық сабақ мақсаты
Тәжірибелік сабаққа әзірленуге әдістемелік нұсқау
Студенттердің оқытушылармен бірге орындайтын өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулық
Жауап беріңіз
Негізгі түсініктер
Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

3. Аудиттің фирмаішілік стандарттары

Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру жүргізу процесінде қолданылатын нақты іс-әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмайды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары атқарады.

Жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін аудиторлар мен аудиторлық фирмалар халықаралық аудит стандарттарының негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы (ерекшелігі) ескерілетін және тексеру жүргізудің нақты процедураларының, аудиторлық дәлелдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиентпен өзара қарым-қатынас саясатының, ішкі бақылаудың және фирманың ішкі қорытынды есебінің мазмұны ашылып көрсетілетін өздерінің ішкі стандарттарын жасауға тиісті. Тексеру жүргізу кезінде ол қажетті дәлелдеулер жинауды жеңілдетеді, тексеру жүргізу уақытын қысқартады, аудиторлық қорытынды жасау кезінде қате жіберу тәуекелділігін азайтады.

Аудиттің ішкі стандарттары белгілі бір аудиторлық фирмада аудиторлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін қамтамасыз етеді. Орындалатын жұмыстардың көлемін ұлғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды – ассистенттерді кеңінен пайдалану, аудит технологиясын жетілдіру мүмкіндігі туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақтыланбауға, аудитордың еркін тежемеуге тиісті. Себебі, ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана мәлеметтер жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін ішкі стандарттардың маңызы жоғары болғандықтан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.

Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.

Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады:
  • аудиторлық фирмалардың құрылымы және оның қызметін ұйымдастыру технологиясы;
  • заңдар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;
  • тексеру жүргізу әдістемесі.

Бірінші блоктың құжаттары аудиторлық фирма жұмысының ерекшелігін, оның ұйымдық құрылымын, клиентерімен өзара қарым-қатынасын жасау принциптерін, ішкі бақылаудың және ішкі қорытынды есеп берудің құрылымын, жұмыскерлердің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерін, олардың білім деңгейіне қойылатын талаптарды, кәсіби этика мәселелерін және тағы басқаларды ашып көрсетеді.

Екінші блок құжаттарының негізін бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп беру мәселелерін реттеуші нормативтік құжаттардың тізімі; бастапқы құжаттардың, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінің құрамы; есептің белгілі бір салалары бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы; аудиторлық процедуралардың орындалу реті; аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізу үшін жасалынған тестілер немесесұраулар тізімі құрайды.

Үшінші блокқа қатысты әдістемелер келесі бағыттар бойынша жасалынады:
  • бухгалтерлік – клиенттің бухгалтерлік есебінің жекелеген бөлімдері бойынша әдістемелер;
  • заңдық – клиент қызметінің құқықтық жағынан қамтамасыз етілуін тексеру әдістемелері (құрылтай құжаттарының және жарғылық капиталдың аудиті, шаруашылық келісім-шарттарының сараптамалары, салық заңының сақталуына талдау жасау және т.б.);
  • арнайы – ортақ арнайы белгілерді иеленуші кәсіпорындар тобына тексеру жүргізу әдістемелері (шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, шетелдік инвестициялары бар объектілердің өкілдіктерінің және т.б. аудиті).

Бұл стандарттардың әрқайсысында төмендегілер болуы мүмкін:
  • тексерудің мақсаты мен міндеттері;
  • тексерілетін бөлімдер көрсетілген аудит өткізу бағдарламасы;
  • нормативтік-құқықтық құжаттар;
  • клиенттің бухгалтерлік және басқа құжаттары (қаржылық есеп беруі, регистрлер, бастапқы құжаттар);
  • есептің осы участогы бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы (аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізуге арналған тестілер немесе сұраулар тізімі; осы участоққа тексеру жүргізу кезінде қолданылатын аудиторлық роцедуралардың тізімі);
  • аудиторлық процедуралардың орындалу реті;
  • аудитордың жұмыс құжаттарының жасалынған нысандары.

Сондай-ақ, аудиторлық стандарттардың болуы аудиторлық фирма мен оның жұмыскерлерінің қызметіне тиімді ішкі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

4. Аудиттің мамандық этикасы

Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп (рухани аспект) және кәсіби әдеп (іс-тәжірибелік аспекті).

Әдеп кең мағынада өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдепі ретінде баяналады. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар.

Кәсіби бухгалтерлердің халықаралық Федерациясының (КБХФ) “Кәсіби аудиторлардың этикалық кодексінен” бірқатар үзінділерді келтірейік.

Мақсаттары. Аталмыш кодекске сәйкес аудитордың кәсібі төмендегі мақсаттарды көздейді:
  • ең жоғары стандарттардың талаптарына сай жұмыс істеу;
  • қоғамның мүддесі соны талап ететіндіктен, ең жоғары кәсіби деңгейге жету.

Кодекстің негізгі принциптері:

Сенімділік – қоғамға дұрыс ақпараттар және сенімді ақпараттық жүйелер қажет.

Кәсіптенгендік – қоғамда клиенттер, жұмыс берушілер және басқа да мүдделі жақтар бухгалтерлік есеп саласында кәсіптенген маман ретінде көрсете алатын тұлғаларға деген қажеттілік бар.

Қызметтердің сапасы – аудиторлар көрсететін барлық қызметтердің ең жоғары стандарттарға сай келетіндігіне кепілдік қажет.

Нанымдылық (көз жеткізгендік) – аудиторлардың кәсіби қызметін пайдаланушылар көрсетілген аудиторлық қызметтерді реттейтін кәсіби этиканың тұжырымдамалық негізі бар екендігіне көз жеткізген болуға тиіс.

Негіз болатын принциптер. Бухгалтерлік кәсіптің мақсаттарына қол жеткізу үшін кәсіби аудиторлар бірқатар ұйғарымдарды немесе негіз болатын принциптерді сақтауға тиіс.

Оларға төмендегілер жатады:

Адалдық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін адал атқаруға тиісті.

Әділдік (объективтілік) – кәсіби аудитор әділ болуға және қате түсініктерді немесе қате қарым-қатынастарды, мүдде қақтығыстарына немесе әділдікті ескермеуге бағытталған қандай да бір әсер етуші факторларды болдырмауға тиісті.

Кәсіби жетік білімділік және тиісті ұқыптылық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметтерін тиісті ұқыптылықпен, жетік біліммен және зор зейінмен көрсетуге, сонымен бірге ол клиентке немес жұмыс берушіге өзінің кәсіби білімін іс-тәжірибенің, заңнамалардың, әдіснамалардың соңғы жетістіктеріне негізделген, жетік білімді кәсіби қызмет көрсетуді кепілдендіретін деңгейге дейін тұрақты түрде көтеріп отыруға міндетті.

Ақпараттардың құпиялығын сақтау – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін көрсету кезінде алынған ақпараттардың құпиялығына құрметпен қарауға тиісті және кез-келген ондай ақпараттарды (заңдық немесе кәсіби құқық не болмаса міндет ондадай ақпараттарды жариялауды талап есетін жағдайларды қоспағанда) тиісті арнайы рұқсатсыз пайдаланбауға және жария етпеуге тиісті.

Кәсіби мінез құлық – кәсіби аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін мінез-құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттер мен әдістерге сәйкес болуға тиісті. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясына қатысушы ұйымдардан этикалық принциптерді жасау (құру) кезінде кәсіби аудитордың өз клиентерінің, үшінші жақтардың, аудиторлық кәсіптің басқа мүшелерінің, персоналдың, жұмыс берушілердің және қоғамның алдындағы жауапкершіліктерінің мөлшерін қарастыру талап етіледі.

Техникалық стандарттар – кәсіби аудитор техникалық және кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіби қызмет көрсетуге тиісті. Кәсіби аудиторлар клиенттердің немесе жұмыс берушілердің құсқауларын тиісті ұқыптылықпен және шеберлікпен орындауға міндетті. Одан басқа аудиторлар кәсіби бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жасап ұсынған (мысалы, халықаралық аудит стандарттары), бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет, басқа да реттеуші органдар жасаған, тиісті заңдарға сәйкес жасалынған техникалық және кәсіптік стандарттардың талаптарын сақтауға тиісті.


Қорытынды:

Сонымен нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз- бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. Қазақстанда аудиторлық қызметті реттейтін бірінші деңгейлі құжат ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы болып табылады. Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және постулаттармен реттеледі.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Аудиторлық қызметтің негіздері және оның реттелуі туралы түсінік алып, ұғым қалыптастыру үшін оның теориялық аспектілерін терең білу қажет. Сондықтан, дәріс материалымен жұмыс істеу барысында ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңына негізделіп, аудиттің халықаралық стандарттары, аудитордың мамандық этикасы ұғымдарына көңіл аударыңыздар. Ол үшін берілген әдебиеттер бойынша оқу материалын зер қойып оқып, бақылау сұрақтары мен тестілік тапсырмаларға жауап беріңіз және СӨЖ тапсырмасын орындаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:
        1. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы -20.11.98, 19.02.2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен;
        2. Аудиттің халықаралық стандарттары.1-Т. 120 Стандарт «Аудиттің халықаралық стандарттарының тұжырымдамалық негіздері» - Алматы: Раритет, 2001
        3. Кодекс этики аудиторов РК. Казахстанские стандарты по аудиту (под ред. С.Х. Кошкимбаева. Алматы, Каржы-Каражат, 1995).
        4. Абленов Д.О. “Аудит негіздері” Алматы, Экономика, 2005 ж
        5. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы 2006 ж.


Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырмалар:


  1. Міндетті аудит қай уақытта жүргізіледі?:

А) заңнамааен бекітілген мерзімде

В) клиенттің шешімі бойынша

С) қаржылық органдардың тапсырысы бойынша

D) салық органдарының тапсырмасы бойынша

Е) қатысушылардың тапсырмасы бойынша
  1. Аудиторлық тексерістің негізгі мақсаты:

А) бухгалтерлік есепті жүргізуде қателіктер анықтау

В) оң аудиторлық қорытынды беру

С) клиенттің ҚР заңнамаларымен құастырған есеп беруінің сенімділігі мен шынайылығын айқындау

D) ішкі бақылаудың жағдайын бағалау

Е) салық есебіндегі заң бұзушылықтарды анықтау
  1. Бастамашылық аудит – бұл:

А) мемлекеттік органның бастамасымен жүргізілетін аудит

В) аудиттелетін субъектінің бастамасымен жүргізілетін аудит

С) аудитордың бастамасымен жүргізілетін аудит

D) аудиторлардың республикалық палатасы жүргізетін аудит

Е) аудиторлардың территориялық палатасы жүргізетін аудит
  1. ҚР аудиторлық қызмет қағидасына жатпайды:

А) тәуелсіздік пен шынайылық

В) кәсіби біліктілік және құпиялылық

С) адалдық және ұйымның стандарттарын сақтау

D) аудиторлардың мамандық ар намыс Кодексін сақтау

Е) есептеу және үздіксіздік

5. Аудит стандарттары дегеніміз не?

А) аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

В) аудиторлық фирманың ұйымдық-құқықтық нысанын анықтап беретін ережелер жиынтығы;

С) аудиттелетін субъектінің ұйымдық-құқықтық нысанын анықтап беретін ережелер жиынтығы;

Д) Аудиторлардың республикалық палатасы анықтап берген нормативтік құжат

Е) Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті тікелей реттейтін құжат

6. Төмендегілердің қайсысы аудит стандарттарының маңызын айқындай алмайды?

А) жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

В) аудит өткізудің барлық кезендері (сатылары) бойынша регламентті анықтайды;

С) аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

Д) Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

Е) қарама қайшылықтарға жол беріледі.


Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтар:


ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңымен танысу

Аудиторлық қызметті реттеуші өзге де нормативтік құжаттар

Аудиттің халықаралық стандарттары

Аудиттің фирмаішілік стандарттары

Аудитордың мамандық этикасы


Практикалық сабақ мақсаты: аудиторлық қызметті реттеуші құжаттар туралы алған теориялық білімін бекітіп, тереңдету


Студент білуі тиіс:
  • Аудитті реттеуші негізгі нормативтік құжаттарды;
  • Аудиттің Халықарлық стандарттарының маңыздылығын;
  • Фирмаішілік стандарттардың мәні мен маңызын;
  • Аудитордың мамандық этикасы бойынша негізгі қағидаларды;
  • Міндетті аудит жүргізуге аудиторлық фирмаларға қойылатын біліктілік талаптарын;
  • Аудиторлық қызмет туралы» Заңының құрылымы мен мазмұнын білу

.

Студент меңгеруі тиіс:
    • Дәріс тақырыбы бойынша материалды;
    • Әр түрлі экономикалық ситуацияларда заң талаптарын, қолдануды



Тәжірибелік сабаққа әзірленуге әдістемелік нұсқау

Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтар тізімімен танысыңыз, оларды дәріс конпектісі жне ұсынылған әдібиеттер тізімі бойынша пысықтап шығыңыз. Сабаққа әзірлену барысында тәжірибе сабақ сұрақтарын белсене талқылауға қажетті студенттердің біліміне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.


Студенттердің оқытушылармен бірге орындайтын өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

СОӨЖ: тақырып бойынша алған теориялық білімін бекіту және аудиторлық қызметтің нормативтік реттелуі бойынша тәжірибелік дағды қалыптастыру .

          1. Есеп. Аудитор компаниямен келісім-шартқа отырып, компанияны тексеруге кірісті. Аудит барысында клиент аудит жүргізуге қажетті құжаттарды беруден бас тартады.

Тапсырма: аудитордың құқықтарын анықтаңыз және осы жағдайда аудитордың мүмкін болатын әрекетін сипаттаңыз.

2. Есеп. «Кәмпит» АҚ да «Бастау» ЖШС-гі аудит жүргізеді. ЖШС-тің аудиторларын кәмпит, шаймен дәм татқызады және аудиторлардың әрқайсысына бір қорап кәмпиттен сыйлайды.

Тапсырма: этикалық нормалар сақталу, сақталмауын анықтаңыз; аудиторлар іс әрекетін анықтаңыз.

3 Есеп. «Табыс» аудиторлық фирмасының бір маманы «Алтын» АҚ-да аудит жүргізіп жатыр. Бұл аудитор Акционерлік қоғамның екі акциясының иегері.

Тапсырма: Осы жағдайдағы аудитордың іс-әректінің заңға сәйкестігін анықтаңыз.


Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулық

СӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алған мағлұматын кеңейтіп, аудиторлық қызметтің реттелуінің әр түрлі деңгейлері туралы теориялық аспектілерді нақтылау.


1. Тапсырма. Ұсынылған және өз бетіңізше таңдап алынған ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып:
  1. Аудиторлық қызмет қағидаларын сипаттаңыз;
  2. Аудиторлық қызмет түрлерін ашып көрсетіңіз;
  3. Кестеде аудиторлық қызметті нормативті-құқықтық реттейтін заңнамалық актілерді келтіріңіз.

2. Тапсырма. Берілген есепті шығарыңыз.

1-Есеп

"Жәңгір" қайырымдылық қоры аудиторға бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және қаржылық есептілікке бастамашылық аудит жүргізіп беруі туралы өтініш жасады.

Жауап беріңіз: а) аудитор екі ұсынысты қабылдай ала ма? ә) аудитордың әрекетін анықтаңыз


16  Тақырып: «Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері»

Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:

1. Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі және түрлері

2. Аудиторлық процедуралар және олардың сипаттамасы

3. Аудиторлық дәлелдеулерді алу көздері


Сабақтың мақсаты: аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері туралы мағлұмат беру және аудиторлық дәлелдеулерді жинаудың маңыздылығын анықтау.

Негізгі түсініктер: аудиторлық дәлелдеулер, саналы сенімділік, аудиторлық процедуралар

Дәрістің мазмұны

Тексеріс кезінде алынған аудиторлық дәлелдеулері тура және жанама болып екі түрге бөлінеді.

Тура дәлелдеулер – алғашқы құжаттармен және есеп тіркемелерімен расталған куәлік. Жанама дәлелдеулерге осы мәселе бойынша фактілерге тікелей қатысы жоқ куәліктер жатады. Мысалы тексерілген ұйымның қаржылық есептілігінде мәнді қателіктердің болмауы ішкі аудит жүйесінің сенімділігінің жанама куәлігі.

Аудиторлық дәлелдеулер сыртқы, ішкі және аралас болады. Ішкі аудиторлық дәлелдеулерді клиенттен алады. Үшінші жақтан және басқа ұйымдардан алынған болса ақпарат сыртқы дәлелдеу болып саналады. Клиенттен алынған сыртқы ақпарат көзімен дәлелденген ақпарат аралас дәлелдеулерге жатады. Сыртқы дәлелдеулер анағұрлым құнды және сенімді болып табылады (мысалы, клиенттің банктік шотынан алынған үзінділер). Одан кейін аралас дәлелдеулерді, ең соңында ішкі дәлелдеулерді атауға болады.

Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оларды алу көзіне тәуелді болады. Олар құжаттардан, клиенттің қызметкерлері мен үшінші тұлғаларды ауызша сұрау арқылы және кәсіпорында есептік және басқа да операциялардың орындалу барысын тікелей аудитордың қадағалау арқылы алынуы мүмкін. Сенімділігі мен шынайылығы жағынан аудитордың өзі алған ақпарат құнды болып келеді. Құжаттық дәлелдеулер мен клиенттің жазбаша түсініктемесі ауызша алынған дәлелдеулерден сенімдірек болады.

Егер де аудитор әр түрлі көздерден алынған дәлелделерді жұмыс барысында қолданса, онда аудиттің дұрыс шешім қабылдамау тәуекелділігі азаяды. Егер де бір ақпарат көзінен алынған дәлел екінші ақпарат көзінен алынған дәлелге қарама-қайшы келсе, онда аудитор ақпарат жинаудың тереңдетілген процедураларын пайдалануы керек, сөйтіп, жиналған дәлелдеулердің шынайылығына және қабылдаған шешімінің негізділігіне сенімді болады.

Егер аудитор аудиторлық дәлелдеулерді жеткілікті түрде жинай алмайтын болса, онда ол бұл фактіні өзінің есебі мен қорытындысында көрсетуі керек.

Аудитор тексеріс кезінде аудитор қаржылық есептілік ұйымның шынайы қаржылық жағдайын дұрыс бейнелейтіндігіне кепілдеме алу үшін белгілі бір процедуралар орындайды. Аудиторлық процедуралар деп аудиттің әрбір сатысында қандай да бір куәлік түрлерін жинау ерекшеліктерінің нақты нұсқаулықтарын айтады. Дәлелдеулер жинау барысында аудитор келесі процедураларды қолдануы керек:
  • Нақты тексеріс,
  • растау,
  • құжаттық тексеріс,
  • қадағалау, сұрау,
  • механикалық дәлдікті тексеру,
  • талдау тестілері,
  • сканерлеу,
  • зерттеу,
  • арнайы тексеру,
  • сараптау,
  • қарсы тексеру және басқалары.

Жинақталған аудиторлық дәлелдеулер аудитордың жұмыс құжаттарында бейнеленеді.

Аудиторлық дәлелдеулерді алу көздеріне мыналар жатады:

1) қаржылық есептілік;

2) бухгалтерлік тіркелімдер (есептік және бақылау);

3) экономикалық субъектінің және үшінші жақтардың алғашқы құжаттары;

4) статистикалық есептілік;

5) салық салу бойынша есеп беру;

6) жарғылық құжаттар, келісім-шарттар, бұйрықтар мен басқа да әкімшілік құжаттар;

7) қаржылық- шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау;

8) субъекті қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың ауызша берген деректері;

9) субъектінің құжаттарын бір-бірімен салыстыру, және де ұшінші тұлғалардың құжаттарымен салыстыру;

10) түгендеу нәтижелері;

11) басқармаға жазбаша және ауызша түрде түсініктеме беруі туралы сұрау жазу.

Қорытынды

Сонымен, аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары, яғни аудиторлық дәлелдеулері жеткілікті, толық, анық және сенімді болуы қажет. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы, сенімділігі оларды алу көздеріне және ақпараттың сипатына байланысты.

Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық:

Аудиторлық дәлелдеулер мен аудиторлық процедуралар туралы түсінік алып, ұғым қалыптастыру үшін оның теориялық аспектілерін терең білу қажет. Сондықтан, дәріс материалымен жұмыс істеу барысында аудиторлық дәлеледеулер түрлеріне көңіл аударыңыздар. Ол үшін берілген әдебиеттер бойынша оқу материалына зер қойып оқып, бақылау сұрақтары мен тестілік тапсырмаларға жауап беріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:
        1. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" Заңы -20.11.98, 19.02.2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен;
        2. Аудиттің халықаралық стандарттары: 500 «Аудиторлық дәлелдеулер», 520 «Талдау процедуралары»1-Т.- Алматы: Раритет, 2001
        3. Кодекс этики аудиторов РК. Казахстанские стандарты по аудиту (под ред. С.Х. Кошкимбаева. Алматы, Каржы-Каражат, 1995).
        4. Абленов Д.О. “Аудит негіздері” Алматы, Экономика, 2005 ж
        5. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит, Алматы 2006 ж.
        6. Аудит: Учебник для вузов/ В.И. Подольский, А.А. Савин и др.; Под ред. В.И. Подольского.-3-е изд. перераб. и доп.- М.: Аудит, ЮНИТИ-ДАНА, 2004.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
  1. Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз не?
  2. Аудиторлық дәлелдеулер қандай белгілері бойынша жіктеледі?
  3. Аудиторлық дәлелдеулер түрлерін атаңыз.
  4. Ішкі аудиторлық дәлелдеу деген не?
  5. Сыртқы аудиторлық дәлеледеу деген не?
  6. Аралас аудиторлық дәлелдеу деген не?
  7. Аудиторлық процедуралар түрі?
  8. Талдамалық процедуралар қандай мақсатта құрылады?
  9. Аудиторлық процедура ретінде сұрауға қаншалықты сенуге болады?
  10. Растау дегеніміз не?
  11. Сканерлеу деген не және ол қандай жағдайларда қолданылады?
  12. Арифметикалық тексеріс қандай жағдайларда қолданылады?