Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
Вид материала | Документы |
- Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын, 650.15kb.
- Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14. 30-да Қазақстан Республикасы Білім, 486.04kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау, 846.05kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, 2688.62kb.
- Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.), 406.09kb.
- Диссертация ның, 975.74kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2199.79kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 1990.59kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, 2670.73kb.
«Ағымдағы активтердің есебі:
Ақша құралдары және олардың эквиваленттері» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..
Негізгі түсініктер: ақша эквиваленттері, каасалық операциялар, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, банк үзіндісі, төлем тапсырмасы, аккредетив, инкассалық өкім, бағамдық айырма.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: ақша қаражаттары есебінің теориялық және әдістемелік аспектілерін түсініп, ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялар бойынша есеп шығара білу.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
- Ақша және оның эквиваленттері.
- Кассадағы кіріс операцияларының есебі.
- Кассадағы шығыс операцияларының есебі.
- Кассалық операцияларды құжаттау.
- Ағымдық және басқа да банктік шоттардағы ақша есебі.
- Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандары.
Студент білуі тиіс:
- дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
- Кассадағы және банк шотындағы ақша операцияларын шоттарда бейнелеу
- Шетел валютасында жүргізілетін операцияларды бухгалтерлік есепте бейнелей білу және бағамдық айырмалардың шоттарда бейнеленуін;
Студент меңгеруі тиіс:
- Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
- Кассалық операцияларда қолданылатын алғашқы құжатар мен есеп тіркелімдерін толтыруды;
Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:
Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, ақша құралдары мен олардың эквиваленттерінің мәнін түсіну және олардың есебін меңгеріп, іс жүзінде қолдана білу.
Есеп 1. – Ақша құралдары мен олардың эквиваленттерін жіктеу
Келесі баптар қай шоттарда есепке алынады:
а) монеталар мен валюталар;
б) Қазына облигациялары;
в) депозиттік сертификаттар;
г) Шоттағы қаражатпен жабылмаған чектер (банк үзіндісімен бірге қайтарылған чектер);
д) шетел банкісіндегі депозит;
е) алдағы мерзіммен берілген чек (көрсетілген мерзімге дейін ақша алға болмайды);
ж) ұзақ мерзімді міндеттемелерді өеуге пайдаланылатын ақша қаражаты;
з) жолдағы депозиттер;
и) басқа компанияның 100 акциясы (бір жыл немесе одан да аз мерзім ішінде сатып жіберуге ниеті бар);
к) жинақ шоты;
л) пошта маркалары;
м) іссапар шығындарына берілген аванстар.
Есеп 2. Чек бойынша төлем
- Компания 20/12/ 04 жылы несиеге 20,000 теңгеге кеңсе тауарларын сатып алады. Операцияны шоттарда бейнелеңіз.
- 28. 12.04 ж. жабдықтаушының квитанциясын төлеуге чек жазылып берілді. Операцияны бейнелеңіз.
- Жабдықтаушыға чек тек 05.01.05ж. ғана жеткені анықталды. Қаржылық қорытынды есептілікте 2004 жылдың 31- желтоқсанына қалдықтарды дұрыс бейнелеуге қажетті кері бухгалтерлік өткізбе беріңіз.
- Енді, шын мәнінде жабдықтаушы чекті 2004 жылдың 29- желтоқсанында алғаны анықталды. Бірақ ол чекті банкке 2005 жылдың 3-қаңтары күні жеткізіп, ақша алғаны мәлім болды. Корректуралық жазу қажет деп ойлайсыз ба? Неге екенін түсіндіріңіз.
Есеп 3. Ақша құралдарын жіктеу
2004 жылдың 31- желтоқсанында компанияның меншігінде келесі активтер болған:
- Банктегі ақша қаражаты – жинақтық шот 63000
- Кассадағы ақша 9300
- Салық инспекциясынан қайтарылған ақша 31000
- Арнайы шоттағы қалдық 17000
- Болашақ датамен бекітілген чектер 750
- Депозиттік сертификаттар (180 күн) 90000
Ақша құралдарының сомасын анықтаңыз?
Есеп 4. Ақша құралдары бойынша қалдықты анықтау
Төменде бір-біріне тәуелсіз ситуациялар берілген. Әрбір жағдай бойынша ақша құралдары шотындағы қалдық соманы анықтаңыз. Егер, бір тармақта ақша құралдары шотында бейнеленетін ешқандай бап жоқ деп санасаңыз, түсініктеме беріңіз:
- Ағымдық шоттағы қалдық – 925000 тг., депозиттік сертификаттар – 1400000 тг., еншілес компаниядан алынған аванс – 980000 тг, газға төленген алдын-ала төлем – 180 тг.
- Ағымдық шоттағы ақша – 600000тг, овердрафт- 17000 тг, облигацияны өтеу қорындағы ақша – 200000, кіші касса-300, монеталар мен купюралар-1350тг.
- Ағымдық шоттағы қалдық – 590000 тг, сатып алушыдан алынған, болашақ күнмен жазылған чек – 11000тг, компенсациялық қалдыққа қалдырылған ақша – 100000тг, сатып алушымен куәландырылған чек – 9800тг, поштп маркілері – 620 тг.
- Ағымдық шоттағы қалдық –37000 тг, қысқа мерзімді инвестициялық инструменттер (салымды есеп айырысу мақсатында жұмсауға тыйым салынады) – 48000 тг, сатып алушыдан алынған қамтамасыз етілмеген чек – 800 тг.
- Ағымдық шоттағы қалдық –700000 тг, жұмсалуына шек қойылған, жаңа өндірістік жабдықтар құрылысын қаржыландыруға арналған ақша қаражаты – 500000 тг, қысқа мерзімді казначейлік облигациялар-180000 тг, ағымдық шоттағы қалдыққа қосылмаған, сатып алушылардан алынған аванс – 900 тг, компанияның қызметкеріне берілген, бірінші талап бойынша қайтарылатын аванс- 7000 тг,
Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:
1. Ағымдағы активтердің жіктелуіне.
2. Шетел валютасында жүргізілетін операциялар бойынша ақшалай және ақшалай емес баптардың айырмашылығына аса назар аудару керек.
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және ақша құралдары есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:
1. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандары және олардың сызбасын жасаңыз.
- Банктердегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебін толықтырыңыз
1. Есеп
Қолма-қол ақшаға импортты ТМҚ алу бойынша бухгалтерлік өткізбе құрыңыздар:
1. Кәсіпорынның өкілетті банкінің валюталық несиесі есебінен шетелде 3000 шетел валютасына аккредетив ашылды.
2. Шетел банкінен жабдықтаушыға аккредетивтен 3000 шетел валютасы төленгендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Тақырып 7. Дебиторлық борыш есебі.
Сабақтың мақсаты:
Дебиторлық борыштың түсінігі мен түрлерін қарастыру, дебиторлық борыш бойынша есеп айырысуды зерттеу, және оларды тану мен бағалауды меңгеру.
Дәріс сұрақтары:
1. Дебиторлық борыш туралы түсінік және оның түрлері.
2. Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі.
3. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі.
4. Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі.
5. Алынған вексельдерді есепте бейнелеу және өлшеу.
Негізгі түсініктер: дебитор, алынуға тиісті шоттар, саудалық дебиторлық борыш, саудалық емес дебиторлық борыш, ақшалай жеңілдік, сауда жеңілдігі, сатылған тауарлың қайтарылуы, күмәнді борыш, несиеге таза сатып өткізуден пайыз әдісі, дебиторлық борышты төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі, есеп беруге тиісті тұлға, вексель, алдағы кезең шығыстары.
Дәріс мазмұны:
Ақша құралдары және оның эквиваленттерінен басқа қысқы мерзімді өтімді активтерінің маңызды түрлерінің бірі дебиторлық борыш (алынуға тиісті шоттар) және алынған вексельдер болып табылады. Олар тауарды несиеге сатқанда пайда болады. Алынуға тиісті шоттар осы кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады. Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады. Дебиторлық борыш шот-фактурамен немесе ресми қарыздық міндеттемемен расталады (вексельдер).
Дебиторлық борыштар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
- ұзақ мерзімді;
- қысқа мерзімді (ағымдағы);
Қысқа мерзімді қарыздар- ұйымның бір жылға дейінгі қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып саналады.
Дебиторлық борышты қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып табылады, бұл мерзімнен асып кесте дебиторлық борыштың өтелу мерзімі өтіп кеткен болып саналады.
Дебиторлық борыш
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар
Берілген аванстар
Дебиторлық борыштың ағымдық бөлігі
2-Сызба. Ағымдағы дебиторлық борыштың түрлері
Халықаралық және қазақстандық стандарттар арасында дебиторлық борыш есебін жүргізу тәртібі мен есептілікте бейнеленуін тікелей реттейтін стандарт жоқ. Дебиторлық борыштың баланста қөрсетілуі №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» ҚЕХС анықталады, бұл жерде саудалық және басқа да дебиторлық борыштың баланста бейнеленуі талап етіледі. (66 тармақ, f тармақша). Сонымен қатар 72 тармақта бас, еншілес, қауымдастырылған ұйымның және басқа да байланыс жақтардың бөлек баптарында дебиторлық борыштың бөлек ашылуы тиіс екендігі айтылдады.
Дебиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген мәселелері №39 «Қаржылық құралдар: тану мен бағалау» ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66 тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі. Дебиторлық борыш баланста күмәнді талаптар бойынша құрылған резервтерді шегеру арқылы көрсетіледі.
Сонымен дебиторлық борыш жасалған саудалық, саудалық емес операциялар нәтижесінде пайда болады. Саудалық дебиторлық борыш дегеніміз кәсіпорынның қалыпты қызметі нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушының міндеттеме сомасын айтамыз. Саудалық емес дебиторлық борышқа қызметкерлердің дебиторлық борышы, алынуға тиісті дивидендтер мен пайыздар, сақтандыру жағдайлары туындағанда сақтандыру компаниясына қойылатын талаптар, мемлекеттік органдарға салықты қайтару бойынша қойылатын талаптар және т.с.с жатады.
Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне, сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.
Дебиторлық борыш есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома, кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.
Дебиторлық борыш танылғанда келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:
Дебет 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
Кредит 6010 «Өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс»
Сатып алушыларды өзіне тарту үшін ұйымдар әр түрлі женілдіктер жасайды, оларды екі топқа бөлуге болады.
- Ақшалай жеңілдіктер;
- Сауда женілдіктері.
Жұмыс жоспар шотына байланысты жеңілдік есебі 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шотында жүргізіледі. Бұл шот контрпассивті, өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс сомасын өзгертеді.
Төлемді белгілі бір кезең ішінде жасаған сатып алушыларға ақша жеңілдігі беріледі, яғни шот-фактурада көрсетілген сома жеңілдік сомасына азаюы тиіс. Мұндай шаралар өткізу көлемін ұлғайту үшін жасалады, сатып алушыны уақытылы немесе ерте төлем жасауға ынталандырады және төлеу мерзімі өтіп кеткен және күмәнді қарыздарды азайту үшін жасалады.
Мысалы, егер клиент сатып алған тауар үшін 10 күн ішінде есеп айырысса, онда «Алға» ЖШС өз клиенті «Рамстор» дүкеніне 5 % ақшалай жеңілдік береді. Есеп айырысудың ең ұзақ мерзімі 30 күн (жалпы қабылданған белгісі – 5/10, n30). Шот-фактурадағы сома 100000 теңге, тауардың өзіндік құны 85000 тг. Тауар 1-қазанда тиеп жөнелтілген.
Сату кезінде уақытылы төлегені үшін клиентке берілген жеңілдікті есепке алудың екі әдісін қолдануға болады:
- Жалпы;
- Таза.
Жалпы әдіске байланысты, жеңілдік сатып алушы оны алғанға дейін, яғни тауар үшін төлем жасағанға дейін танылмайды. Сатудан түскен түсім мен дебиторлық борыш алынуға тиісті шоттың толық (жалпы) сомасында көрсетіледі:
- Дебет 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 100000
Кредит 6010 «Өнімді өткізуден түскен кіріс» 100000
Дебет 7010 «Өткізілген өнімнің өзіндік құны» 85000
Кредит 1330 «Тауарлар» 85000
- Сатып алушы жеңілдікті пайдаланып, шотты 9 қазанда төледі. Яғни оған 5000 теңге жеңілдік берілуі тиіс (100000*5%/100%), бұл келесі жазумен көрсетіледі:
Дебет 1040 «Ағымдағы банктік шоттағы теңгемен ақша қаражаты» 95000
Дебет 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» 5000
Кредит 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 100000
Таза әдісті қолдану барысында жеңілдік бірден есепке алынады. Дебиторлық борыш сомасы мен өткізуден түскен пайда жеңілдік сомасына шегеріледі.
Ұйым әкімшілік және шаруашылық шығыстардың бір бөлігін, сонымен қатар іс-сапар шығындары мен қолма-қол ақшаны аралық звено арқылы өткізеді. Осындай аралық звено болып есеп беруге тиісті тұлға табылады. Қолма – қол ақша тиісті лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың есебіне беріледі.
Есеп беруге тиісті тұлғалардың есебі 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына ашылған «Есеп беруге тиісті тұлғалардың берешегі» аралық шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде есеп беруге тиісті тұлғалардың айдың басы мен аяғындағы қарызының қалдығы және есеп беруге тиісті тұлғаның есепті ай ішіндегі дебиторлық берешегі бейнеленеді. Кредит бойынша қарыздың өтелуі көрсетіледі.
Есеп беруге тиісті тұлға басшыға орындаған жұмыстар туралы рапорт береді, ал бухгалтерияға іс-сапар куәлігі мен іс-сапар кезіндегі шығыстар туралы аванстық есеп береді. Іс-сапар шығындарына байланысты аванс сомасы бухгалтерия жасаған есебі негізінде жүргізіледі.
Іс-сапар шығындарының аванстық есебін тексергенде бухгалтер 24.12.2001ж. №1676 «Кіріске салық салынғанда есепке алынатын іс-сапар шығындарының нормалары» туралы ҚР Үкімет қаулысын басшылыққа алады. Үкімет қаулысында іс-сапар шығындарын өтеу нормалары көрсетілген. Мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырушылық және іс-сапар шығындары салық салғанға дейінгі кірістен шегеріледі. Жоғарыда айтылған шығындардың барлығына растаушы құжаттар болуы тиіс.
Ұйымның дебиторлық борышы келесі жағдайларда күмәнді талаптар болып саналады:
- Келісім шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмесе;
- Қажетті кепілдемемен қамтамасыз етілмесе.
Дебиторлық борыштың сенімсіз талаптары деп, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен борышты айтады. ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес бұл мерзімге 3 жыл берілген.
Күмәнді талаптар бойынша резерв құрудың мәні сатып алушының қарызын төлеумеуден кәсіпорынды сақтандыратын тәуекелдік қорын құру болып табылады. Мұндай резервтің құрылуы кәсіпорынның экономикалық тұрақсыздықта жұмыс істеуімен байланысты. Жаппай төлем қабілетін жоғалту жағдайында кәсіпорындар жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдын-ала төлем алуға мүдделі. Алайда, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің әр кез төлемдік қабылеті және алдын-ала төлем жасауға мүмкіндігі бола бермейді. Осы қалыптасқан жағдайларда сату көлемін арттыру, соған байланысты пайда мөлшерін ұлғайту мақсатында кәсіпорындар тауарды төлеу мерзімін кейінге қалдырып, несиеге беруге мәжбүр. Бірақ кәсіпорын өнімді өткізумен байланысты шығындар шығарғанда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер әр түрлі себептер бойынша қарызын өтей алмауы мүмкін. Дәл осы жағдайда кәсіпорындар күмәнді талаптар бойынша резерв құру тәжірибесін қолдануы керек. Бұл резерв кәсіпорынға қаржылық есептілік құруда негізгі ережелердің бірі – сәйкес келу қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді. Ендеше, бір мәміле немесе оқиға нәтижесінде пайда болған кірістер мен шығыстар бір уақытта танылады, ал күмәнді талап сомалары өткізілген өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес келуі керек және тауар өткізілген, жұмыс орындалған және қызмет көрсетілген есерпті мерзімнің шығындарына жату керек.
Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында жүргізіледі. Бұл шот контрактивті, өйткені сатып алушы мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борышының бағасын түзетеді.
Есепте күмәнді талаптар бойынша резервтің жәй-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат баланста және пайда мен зиян туралы есете келесідей көрсетіледі:
- баланстағы дебиторлық борыш 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында есептелетін күмәнді талаптар бойынша резерв сомасына азайтылып көрсетіледі;
- пайда мен зиян туралы есепте құрылған резерв сомасы кезең шығыстары ретінде танылады.
Егер сенімсіз дебиторлық борыш сомасы белгілі болса онда оны шығыстарға жатқызамыз:
Дебет 7440 «Күмәнді талаптар бойынша шығыстар»
Кредит 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»
Сенімсіз дебиторлық борыштың сомасын, яғни іздену мерзімі өтіп кеткен борышты баланстан шығару мына бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:
Д-т 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»
К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
Күмәнді талап бойынша резервті бағалаудың екі тәсілі бар:
- Таза өнімді өткізуден, жұмыс орындағаннан, қызмет көрсетуден пайыз әдісі;
- Дебиторлық борышты төлеу мерзіміне байланысты есепке алу әдісі
Көптеген кәсіпорындар өз міндеттемесінің төлем мерзімін ұзарту үшін борышын шартсыз жазбаша міндеттемемен, яғни вексельмен қамтамасыз етеді. Қарапайым вексельді есепке алғанда келесі көрсеткіштердің маңызын жақсы ұғыну қажет:
- өтелу күні
- вексель мерзімі
- пайыздық ставка
- өтелетін сомасы.
Вексельдер пайыздық және пайызсыз болып екіге бөлінеді. Пайыздық вексельдер бойынша пайыз келесі формуламаен есептелінеді:
Негізгі борыш сомасы х Пайыздық ставка х Вексель мерзімі (3)
Қорытынды:
Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады.
Алынуға тиісті шоттар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай ұзақ және қысқа мерзімді болып екі түрге бөлінеді. Олардың есебі сәйкесінше, жұмыс шоттар тізбегінің 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш» бөлімшелерінде жүргізіледі. Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады.
Егер дебиторлық борыш келісім-шартта көрсетілген мерзімде немесе төлеу мерзімі бекітілмеген жағдайда қажетті қалыпты уақытта өтелмесе және қажетті кепілдемемен қамтамасыз етілмесе күмәнді талап болып саналады.
Әдістемелік нұсқау:
- «Дебиторлық борыш есебі» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).
- Тақырып бойынша алған білім базсының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
- Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
- Тестіні орындаңыз.
- Ситуациялық есепті шығарыңыз.
- СОӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -28.02.2007
- ҚР «Ақша төлемдері мен аударымдары» туралы» Заңы
- Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
- Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- ҚЕХС бойынша дебиторлық борыш түсінігі.
- Дебиторлық борыш түрлері.
- Дебиторлық борыш қалай танылады?
- Тауардың базалық бағасынан сауда жеңілдігін жасау әдісіне сипаттама беріңіз.
- Мерзімінде төлегені үшін жасалатын жеңілдік түріне сипаттама беріңіз.
- Жалпы әдіс бойынша жеңілдік есебі.
- Таза әдіс бойынша жеңілдік есебі.
- Шағымдар бойынша есеп айырысу есебі.
- Күмәнді талаптарға сипаттама беріңіз.
- Күмәнді талаптар бойынша резервтер құру әдістері.
11. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу есебі қандай шотта есепке алынады?
12. Алдағы кезең шығыстарына не жатады?
13. Алдағы кезең шығыстары өандай шота есепке алынады?