Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
Вид материала | Документы |
- Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын, 650.15kb.
- Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14. 30-да Қазақстан Республикасы Білім, 486.04kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау, 846.05kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, 2688.62kb.
- Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.), 406.09kb.
- Диссертация ның, 975.74kb.
- Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау >07., 944.02kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2199.79kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 1990.59kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, 2670.73kb.
Егер операцияның сомасы ұлғайтылып қате берілсе, онда кері сан жазу тәсілі қолданылады. Мысалы, жоғарыда берілген операция бойынша кәсіпорын шығынына 17250 теңге апарылған делік. Онда кері сан жазу арқылы артық соманы алып тастаймыз.
Дт 7210 Кт 1010 17520
Дт 7210 Кт 1010 -270
Бұл тәсілді есеп тіркелімдерінің қорытындысы шығарылып қойылғаннан кейін де қолдануға болады.
3. Қосымша жазу тәсілі шаруашылық операциясын бейнелеу кезінде сомасы азайтылып қате берілгенде қолданылады.
Мысалы, кәсіпорын қызметкеріне 28547 теңге еңбек ақы есептелінді. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік жазу құрады:
Дт 7210 Кт 3350 27547
Жетпей тұрған сомаға дәл осындай қосымша бухгалтерлік жазу құрылады:
Дт 7210 Кт 3350 1000.
Қорытынды.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің негізгі элементтеріне жататын құжаттау мен түгендеу бір-бірін өзара толықтырушы әдістер болып табылады. Құжаттау арқылы ұйымда жүргізілген шаруашылық фактілері алғашқы құжатта көрініс тауып жатса, түгендеу жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің сенімділігі мен шынайылығын қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар мен есеп тіркелімдеріне тіркелетін бухгалтерлік жазулар, нысаны мен жүйесіне қарай, қолмен немесе машина арқылы толтырылады. Олардың құжаттарға ұқыпты түрде, дәл және түзетусіз енгізілуі талап етіледі. Ал анықталған қателер арнайы тәсілдерді қолдана отырып түзетеді. Олардың ішінде кеңінен таралған үш тәсіл бар: корректуралық, сторнолық және қосымша жазу тәсілі.
Әдістемелік нұсқау:
- Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
- Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
- Тестіні орындаңыз.
- Ситуациялық есепті шығарыңыз.
- СОӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007
- Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуоазия ұлттық университеті, 2006
- Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
- Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.
- Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Алматы: ТОО «Lem», 2005
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- Бухгалтерлік құжатқа түсініктеме беріңіз.
- Барлық құжаттарға тән жалпы деректемелерді атаңыз.
- Құжаттардың жіктелу белгілерін атаңыз.
- Ақтаушы құжаттардың өкімдік құжаттардан айырмашылығы неде?
- Есеп тіркелімдері деп нені айтады?
- Есеп тіркелімдерінің түрлерін атаңыз?
- Қателерді түзетудің корректуралық әдісіне сипаттама беріңіз?
- Қандай жағдайларды сторнолық жазу әдісі қолданылады?
- Бухгалтерлік есепті жүргізудің мемориалды-ордерлік нысанының мәні неде?
- Бухгалтерлік есепті жүргізудің журналдық-ордерлік нысанына сипаттама беріңіз?
- Түгендеу дегеніміз ен?
- Түгендеу түрлеріне сипаттама беріңіз?
- Жоспардан тыс түгендеу қандай жағдайлара жүргізіледі?
- Тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеушілігі есепте қалай бейнеленеді?
- Есеп саясатына түсініктеме беріңіз.
- Қандай жағдайларда есеп саясатына өзгеріс енгізуге болады?
Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырма:
- Түгендеу нәтижесі бойынша анықталған материалдардың артықшылығын:
А. Өндіріске есептен шығару қажет
Б. Кінәлі тұлғаның жауапкершілігіне тарту керек.
С. Кіріске алу қажет.
Д. Ұйымның таза табысы есебінен есептен шығару.
Е. Кірісті ұлғайту қажет.
2. Түгендеу нәтижесі бойынша анықталған материалдардың жетіспеушілігін табиғи кему нормасының шегінде:
А. Өндіріске есептен шығару қажет
Б. Кінәлі тұлғаның жауапкершілігіне тарту керек.
С. Кіріске алу қажет.
Д. Ұйымның таза табысы есебінен есептен шығару.
Е. Ұйымның шығынына жатқызу керек.
3. Кассадағы ақшаның жетіспеушілігі:
а. Пайыздар бойынша шығынға жатқызылады.
Б. Ұйымның кірісіне жатқызылады.
С. Материалды-жауапты тұлғаның жауапкершілігіне.
Д. өнімнің өзіндік құнына.
Ұйымның өткізу бойынша шығындарына жатқызылады.
- Құжаттардың жалпы деректемелеріне не жатады?
А. Материалдың атауы.
Б. Құжаттың атауы.
С. өлшем бірлігі.
Д. Сомасы.
Е. Бағасы.
- Қате жазуларды түзету әдістері:
А. Хронологиялық
Б. Жүйелік.
С. Сторнолық.
Д. Формулалық.
Е. Қарапайым.
- Есепті жүргізу нысанына:
А. Есептілік нысаны.
Б. Мемориалдық-ордерлік.
С. Баланс.
Д. Бас кітап.
Е. Қарапайым жазу.
- Туындау орнына қарай қателердің қандай түрлері болады?
А. Локальды.
Б. Транзиттік.
С. Жазудағы қате.
Д. Қысқа уақытты
Е. Біруақытты.
«Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ.
Негізгі түсініктер: құжат, алғашқы құжат, құжаттама, құжат айналымы, есеп тіркелімдері, деректеме, бухгалтерлік есеп нысандары, түгендеу, корректуралық тәсіл, қызыл сторно, қосымша жазу тәсілі.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: құжаттаудың бухгалтерлік есептегі алатын орны мен маңызын, түгендеудің түрлері мен жүргізілу мақсатын, есеп тіркелімдері туралы түсінік алып, есеп тіркелімдерінде кездесетін қателерді түзету әдісін меңгеру.
Тәжірибелік сабақ сұрақтары:
- Бухгалтерлік құжаттар туралы түсінік және олардың түрлері
- Түгендеу және оның түрлері
- Қателерді түзету әдістері
- Есеп тіркелімдері
- Есеп нысандары
- Есеп саясатының кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы маңызы
Студент білуі тиіс:
- дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
- құжаттар жіктемесін зерттеп білу;
- түгендеу мен оның түрлерін,
- түгендеу нәтижелерін рәсімдеу тәртібін;
- бухгалтерлік есеп нысандарының сипаттамасын.
Студент меңгеруі тиіс:
- есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
- кәсіпорындар мен ұйымдарда жүргізілетін әр түрлі шаруашылық оперцияларының экономикалық мазмұнын түсіне отырып, оларға бухгалтерлік өткізбе құруды;
- құжаттардың түрлерін анықтай білу;
- қателерді түзету тәсілдерін қолдануға арналған есептерді шығара білу.
Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:
Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.
СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік құжаттардың жіктелуі және бухгалтерлік құжаттарда жіберілген қате жазуларды түзету әдістерін меңгеріп, іс жүзінде қолдана білу.
№1 Тапсырма
Құжаттардың жіктелуі бойынша:
Берілгені:
Кіріс кассалық ордері, төлем тапсырмасы, шығыс кассалық ордер, сенімхат, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық, талап, лимиттік-жинақтау картасы,тауарлық-жүк құжаты, сет-фактура, еңбек ақы бойынша төлем ведомосі, кіріс ордері, материалдарды қабылдау актісі, негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, материалдардың ішкі қозғалысына арналған накладнойлар, банк үзіндісі.
Талап етіледі:
Бухгалтер лік құжаттарды жіктелу белгілері бойынша топтастыру.
№2 Тапсырма
Қате жазуларды түзету бойынша:
- кәсіпорын кассасына банктегі ағымдық шоттан еңбек ақы төлеу үшін ақша келіп түсті, сомасы: 215000 тг. Бухгалтерияда келесі бухгалтерлік өткізбе құрылған:
Дт-1010 Кт-1040 21500.
Түзету енгізіп, бухгалтерлік есепте бейнелеу қажет.
- Жабдықтаушылардан материалдар алынып, қоймаға кірістелді, сомасы: 40000 тенге. Оған бухгалтерияда келесі бухгалтерлік жазу құрылған:
Дт-1320 Кт-3310 40000
Қателік келесі айда анықталған. Қатені түзетіңіз
Әдістемелік нұсқау. Студенттер мыналарды назарына алып ескерулері керек:
1. Шаруашылық операциясының орындалуына рұқсат беретін және орындалғанын дәлелдейтін құжатардың айырмашылығы бар.
2. Банктік және кассалық құжаттарға түзету енгізуге болмайды
СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және бухгалтерлік баланс туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:
- Бухгалтерлік құжаттар түрлерінің әр түрлі белгілері бойынша салыстырмалы сипаттамасын сызба түрінде көрсетіңіз.
- Есеп тіркелімдері және олардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандарына сипаттама беріңіз.
- Шаруашылық жүргізуші субъектісінің есеп саясатына қысқаша сипаттама беріңіз.
6 - Тақырып: «Ағымдағы активтердің есебі:
Ақша құралдары және олардың эквиваленттері»
Сабақтың мақсаты: ақша құралдары мен олардың эквиваленттерң туралы түсінікті ашу, олардың кәсіпорын кассасындағы, аңымдық банктік шоттағы тенгемен және шетел валютасындағы есебін оқып зерттеу.
Дәріс сұрақтары:
1. Ақша құралдары және олардың эквиваленттері туралы түсінік.
2. Касса операцияларының есебі.
3. Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
4. Шетелдік валютамен орындалатын операциялар есебі.
Негізгі түсініктер: ақша құралдары, ақша эквиваленттері, овердрафт, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, валюта, валюталық бағам, бағамдық айырма.
Дәрістің мазмұны:
Өндірістік қызмет барысында ұйымдар өнімді өткізумен, жабдықтаушылардан материалдардың келіп түсуімен, қаржылық міндеттемелерінің орындалуы және тағы басқаларымен байланысты әр түрлі қарым – қатынасқа түседі. Осыған байланысты ақшалай есеп айырысулар не нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде, не қолма – қол ақша айналымы түрінде жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысу жүйесінің дұрыс және тиімді ұйымдастырылуы кәсіпорын қызметі барысында үлкен роль атқарады.
Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек.
Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражатына қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік – ақшалай құжаттар жатады.
Ақшы қаражатының эквиваленті деп ақша, қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдарды айтады. Мысалы, банктік овердрафт. Овердрафт –бұрын дебеттік қалдықтан асатын сомаға төлем жасағанда активті шотта пайда болатын кредиттік қалдық. Яғни, банк төлеген сома клиент шотындағы ақшадан асып түссе овердрафт туындайды. Овердрафт әдетте қысқа мерзімді міндеттеме ретінде есепке алынады.
Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетіне қажет нақты ақша кассада сақталады. Кассаға қабылданған нақты ақша КО-1 нысанындағы кассалық кіріс ордері бойынша кіріске алынады. Кассадан берілген нақты ақша КО-2 нысанында кәсіпорынның шығыс ордері куәландырады. Кәсіпорында кассаның кіріс және шығыс ордерлерінің мәлеметтері жүзеге асқан соң касса кітабына (КО-4) тіркеледі.
Кассадағы операциялар есебі 1000 «Ақша қаражаты» бөлімшесінің 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының банк мекемелері заңды тұлғалар арасындаға есеп айырысуларды жүргізу үшін және ақша қаражаттарын сақтау үшін теңгемен және шетел валютасында банктік шоттар ашады. Банктік шот – бұл клиентке банктік қызмет көрсету және ақша қабылдау туралы банк пен клиент арасындағы келісімдік қатынасты бекіту әдісі. Ұйымдар банктерде ағымдық, корреспонденттік, жинақтық, депозиттік және карт-шоттар аша алады.
Қазақстанда ҚР «Төлемдер және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді (27.06.1998 жылғы № 237-I, 28.12.1998ж., № 36-1; 29.03.2000ж. № 42-П; 13.03.2003ж № 394-П; 05.05.2003 № 409-П; 08.05.2003ж. № 482-П; 13.12.2004ж. №11-Ш; 08.07.2005жылғы. № 69-Ш ҚР Заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) .
Ағымдық шоттар бойынша операциялар шот иесінің жазбаша бұйрығы негізінде жүргізіледі. Субъектінің банктегі ағымдық шотына нақты ақша қабылдануы және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп айырысу үшін кең тараған құжаттар:
-төлем хабарламасы
-ақша чегі
-төлем тапсырмасы
-талап төлем тапсырмасы
-есеп айырысу чегі
Кәсіпорын банкіден уақтылы (күн сайын немесе банк тағайындаған уақытта) ағымдық шотынан үзінді, яғни есепті кезеңдегі жасалған операциялар тізбегін алып отырады. Банкінің үзіндісіне басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан ағымдық шотқа келіп түскен және одан аударылған ақша қаражаты бойынша құжаттар, сондай-ақ кәсіпорыннан келген құжаттар тіркеледі.
Ұйымның бухгалтериясы ағымдық шоттағы операциялардың синтетикалық есебін 1030 «Банктік ағымдық шоттағы ақша қаражаты» шотында жүргізеді.
Шетел валютасымен байланысты операциялар № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Кәсіпорындарда шетел валютасындағы ақша қаражатының есебі 1032 «Банктегі ағымдық шоттағы валютамен ақша қаражаты» шотарында жүргізілуі мүмкін. Бұл шоттар активті. Бұл шоттардың дебетінде есепті мерзімнің басындағы және соңындағы шетел валютасымен ақша қаражатының қалдығы, шетел валютасымен түскен ақша қаражаты, ал кредитінде шыққан шетел валютасы көрсетіледі. Бұл шоттардың аналитикалық және синтетикалық есебі 1010 және 1030 шоттарындағы есеп тәріздес жүргізіледі.
№ 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС –на сәйкес, шетел валютасындағы операция шетел валютасында көрінетін және реттелетін мәміле болып табылады. Оған келесі мәмілелер жатады:
- бағасы шетел валютасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда немесе сатқанда;
-алашақ немесе берешек сома шетел валютасында көрсетілгенде;
- валютаны айырбастау келісімін орындалмаған тарап болып табылса;
Шетел валютасын теңгемен қайта есептегенде ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген бағам емес, нарықтық бағамды қолдану керек делінген.
Шетел валютасындағы операциялар есепте операцияны валютада жүргізу күнгі бағаммен бейнеленеді.
Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну қағидаларымен бекітілген тану критерилеріне сәйкес, операцияны жүргізу күні болып операцияны есептілікте тану күні саналады. Шетел валютасында көрініс тапқан баланс баптарын қайта бағалау мақсатында олар ақшалай және ақшалай емес болып екі топқа бөлінеді.
Шетел валютасындағы ақша қаражаты және шетел валютасының тұрақты сомасы төлемі арқылы алынатын немесе өтелетін активтер мен міндеттемелер ақшалай бап болып табылады. Мысалы, қысқамерзімді дебиторлық және кредиторлық борыштар, алынған және берілген несиелер. Балансты құру кезінде шетел валютасындағы ақшалай баптар есептілікті құру күнінің бағамы бойынша қайта есептеледі.
Ақшалай баптарға жатпайтын баптар ақшалай емес болып саналады. Мұндай баптарға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар және т.б. жатады. Олар қайта бағаланбайды және баланста операцияны жүргізу күнгі бағаммен көрсетіледі.
Ақшалай баптарды балансты құру күніне немесе есеп айырысу күніне қайта бағалау (қайта есептеу) нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмалар пайда мен зиян туралы есепте бейнеленеді.
Бағамдық айырма – бұл бағам өзгерген жағдайда шетел валютасының дәл сол мөлшерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінде есептілік валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылық. Пайда болған айырма шаруашылық субъектісінің қарауына қарай, бухгалтерлік есепте екі тәсілмен бейнеленуі мүмкін:
- қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне тікелей жатқызу тәсілі: оң айырма – қаржылық қызметтен алынған кіріс есебінің шоттарына, ал теріс айырма – қаржылық қызмет нәтижесінде шыққан шығыстар есебінің шоттарына жатқызылады.
- жинақтық тәсіл: оң айырма алдын-ала алдағы кезең кірісі шотында, ал теріс айырма алдағы кезең шығыстары шотында жинақталып, қаржылық – шаруашылық қызмет нәтижесіне келесі тәртіппен:
а) шетел валютасындағы дебиторлық және кредиторлық қарыз – олардың өтелуіне есептен шығарылуына) қарай;
б) басқа жағдайларда – баланстың тиісті баптарымен шаруашылық операциялардың жүргізілуіне қарай жатқызылады.
барлық сомасы осы есепті мерзімде танылады.
Қорытынды:
Ақша қаражаты мен оның эквиваленттері қысқамерзімді активтер болып табылады. Ұйымның ақша қаражаты кассадағы қолма-қол ақшадан және банктегі нақты ақшадан тұрады. Жалпы алғанда, ақша қаражатының есебі №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» ҚЕХС-мен реттеледі. Қазақстанда ҚР «Төлемдер және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Шетел валютасымен байланысты операциялар және № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Дәріс тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқау:
- «Ақша құралдары және олардың эквиваленттері» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).
- Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
- Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
- Тестіні орындаңыз.
- Ситуациялық есепті шығарыңыз.
- СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -28.02.2007
- ҚР «Ақша төлемдері мен аударымдары» туралы» Заңы
- Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуоазия ұлттық университеті, 2006
- Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
- Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- Кассадағы ақшаның есебінде қандай құжаттар рәсімделеді?
- Ақшаның есебі қандай заңнамалық және нормативті құжаттармен реттеледі?
- Қазақстанда қолданылатын нақты ақшасыз есеп айырысу нысандарын атаңыз.
- Банкте ағымдық шот ашу үшін қандай құжатар талап етіледі?
- Банк операциялары қандай құжаттармен рәсімделеді?
- Кассадағы және аңымдық банктік шоттағы ақшаның синтетикалық есебі қандай есеп тіркелімдерінің көмегімен жүргізіледі?
- Ұйымдар қандай мақсатпен карт-шоттар ашады?
- Қандай жағдайларда аккредетивтер ашу ұсынылады?
- Чектің қандай түрлері бар және оларға сипаттама беріңіз.
- Ұйымдар қандай жағдайларда төлем карточкаларын қолданады?
- Қандай жағдайларда ұйым «Жолдағы ақша» шотын қолданады?
- Кассадағы ақша қаражатына түгендеу жүргізудің жиілгі қандай?
- Түгендеу жүргізу тәртібі?
- Бухгалтерлік есепте кассадағы ақша қаражатының жетіспеушілігі қалай рәсімделеді?
- Түгендеу нәтижесінде анықталған ақша артықшылығы қалай рәсімделеді?
Тестілер мен есептер:
1.Ұйымның ағымдық шотына сатып алушылардан ақша келіп түсті:
а. Д 1030 К3310
в. Д 1030 К1210
с. Д 3310 К1030
д. Д 1070 К3310
е. Д 1210 К1030
2. Ағымдық шоттан банк несиесі қайтарылды:
а. Д 1010 К1030
в. Д 1030 К3010
с. Д 3010 К1030
д. Д 3010 К1010
е. Д 1010 К3010
3.Ұйымның ағымдық шотына сатып алушылардан келіп түскен ақша қандай құжат негізінде рәсімделеді:
а. төлем тапсырмасы
в. төлем хабарламасы
с. кіріс ордері
д. шот-фактура
е. кіріс кассалық ордері
4. Ағымдық шоттағы қаржы есебінен аккредетив ашылды.
а. Д 1060 К1030
в. Д 1030 К1210
с. Д 1060 К1210
д. Д 1210 К1060
е. Д 1030 К1060
5.Банк несиесі (3010) арқылы қызметкерлерге еңбек ақы төленді (3350)?
а. Д 7210 К3310
в. Д 3010 К1030
с. Д 3310 К3010
д. Д 3310 К3010
е. Д 3310 К1030
6. Ұйымның кассасынаа ақша қандаі құжат негізінде кірістеледі:
а. кіріс ордері
в. кассалық кіріс ордері
с. чек
д. кіріс наклоднойы
е. төлем хабарламасы
7. Ұйымның ағымдық шотынан ақша қаражатының шығуының синтетикалық есебі қандай құжатта жүргізіледі:
а. Бас кітапта
в. 2-ші Журнале-ордерде
с. 1-ші Журнал-ордерде
д. Кассалық кітапта
е. 2-ші Журнале-ордерге ашылған 2-ші ведомосте.
8. Қандай жағдайларда заңды тұлғалар арасында есеп айырысулар нақты ақшасыз есеп айырысу нысандарыменжүргізіледі:
а. Егер ақшаны алушы басқа қалада болса;
в. Төлем 4000 теңгеден асса;
с. Төлем 4000 АЕК-тен асса;
д. Төлем 40000 тенгеден аз болса;
е. Тқлем 40000 АЕК-тен асса.
9. Чектер қандай түрлерге бөлінеді:
а. өтелген және өтелмеген
в. Ақшалай және ақшалай емес
с. бір ретті және көпретті қолданылатын
д. төлемдік және өтелген
е. Бөлшектік және толық
10. Банкке ағымдық шот ашу үшін тапсырылатын құжаттардың бірі:
а. Төлем тапсырмасы
в. Ұйым жарғысының көшірмесі
с. есеп айырысу чегі
д. төлем карточкасы
е. технико-экономикалық негіздеме