«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл
Вид материала | Документы |
- Конституционная реформа в России (1989-1993г.), 376.36kb.
- Руководство по борьбе с насилием в семье, 126.99kb.
- Дацышен Владимир Григорьевич доктор исторических наук (2001), профессор кгпу. В 1989, 206.68kb.
- Учебного заведения и его местонахождение, 70.52kb.
- Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы, 7507.09kb.
- 1989 Kotenkova E. V., Osadchuk A. V., Lyalyukhina S. I precopulatory isolating mechanism, 207.56kb.
- Антропогендi фактор, 77.88kb.
- М. Әуезовтың «Абай жолы» романы, 152.68kb.
- Гаагская декларация по туризму межпарламентская конференция по туризму проведена, 355.3kb.
- Бюллетень новых поступлений, 1337.31kb.
«Алматы ақшамы» 4 қазан 1991 жыл
Мұхамед – Салықтың оралуы
Біздің халқымыз небір асылдардар мен алыптарды тудырған халық. Дарынды даналар жүз жылда бір-ақ рет келеді десек, олардың әрқайсысында бірін – бірі қайталанбайтын қасиет тағы бар. Заман ағымына, дәуір дауылына кеудесін тоса қарыс жүзген азаматтарымыздың әруақтары алдында тағзым етіп, олардың рухы алдында адалдығымызды сақатай алсақ, бұдан өткен бақыт, бұдан өзге рухани байлық болар ма еді!
Өкінішке орай, халқымыздың басына түскен нәумет барымызды базарлауға да мүмкіндік бермегені белгілі. Өз заманынан озық туған, халқының жоғын жоқтап, оған бостандық әперемін деп белін буған азаматтарымыздың есімін атауға да тиым салған тоталитарлық қысымды да көрдік. Халқымның жаны сірі екен. Бәріне де көнді, жүнжіп жүдемей бұл күнге де аман – есен жеттік. Енді – енді ес жиып дегендей, жоғымызды түгендеуге, асылдарымызды уақыт топырағының астынан аршып алып, қайта тірілте бастадық.
Мұндай күйді бүгінде қазақ кино өнеріде басынан кешуде. Әсіресе, архив қойнауындағы шаң басқан құжаттарды «сөйлетуде», ондағы тағлымды тағдырларды экран арқылы көпшіліктің алдына шығаруда деректі фильм жасаушылардың алатын орны ерекше. Осы салада азды – көпті Мұхамед Салық Бабажанов 1861 жылы Россияның География қоғамына мүше болып сайланған. Демек, Мұхамед Салық қазақ халқының арасынан Шоқаннан кейінгі шыққан екінші ғалым. Ол ерекше сіңірген еңбегі үшін Императорлық География қоғамының Күміс медалімен наградталған.
Шекара комисиясында қызмет ете жүріп, Қазақстанға келіп қоныстана бастаған орыстардың жергілікті халықтарға көрсеткен озбырлығына алғаш қарсы шыққан да Бабажанов. Ол құнарлы жерлерінен қазақтарды ығыстыра бастаған орыс патшасының басып алу саясатын қолдаған жоқ. Оған наразылық білдіріп, шекара қызметінен біржолата кетіп тынды. Ақырында қазақ халқының жалғыз қамқоршысын орыстартар у беріп өлтіреді....
Көпшілікке бұған дейін «Атамекен», «Замана шеру», «Тәушен» және «Мағжан» т.б. фильмдерімен танылып қалған режиссер Қалила Омаровтың біз әңгімелеп отырған «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі» атты деректі фильмі, міне, осы оқмғаларды шеберлікпен қамти білген.
Бұл киноны түсіруіңізге не себеп болды? Деп Қалиланың өзінен сұрағанымызда ол: Мұхамед Салық Бабажанов Шоқан сияқты үлкен тұлға болғанымен, ол жөнінде арнайы мамандарға ғана білетін-ді. «Замана шеру», «Тәушен» және «Мағжан» т.б. фильмдерін көріп, сүйсінген едім. Жаңа табысына жаным жадырады. Бұрын көп дерек, көп факт бастырмалап, автор ойын көмескелеп кете беретін секілді. Ал «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі» филмдерінде деректі өкшей пайдаланып, ойды соқталандыра айтуға көшіпті.
Бұл қазақтың қадау – қадау шыққан қайраткерлерінің трагедиясы, иісі қазақ халқының трагедиясы жайлы фильм. Бұл – отар ел, бодан халықтың боздағы жайлы элегия. Өткен ғасырда өмір кешкен зиялыларымыздың аз екені мәлім. Барының өзін бағалай алмай жүрміз ғой. Ал мына фильм тұсында режиссер Қ. Омаров, сценарист Р.Отарбаев, оператор Ю.Пак Мұхамед – Салық секілді азаматтарымызды «тірілтіпті» құтты болсын!
Кино көрермендерінің өтінішіне қарай, жас авторлар фильмдерді түсіру барысындағы ізденістері мен кездескен қиындықтар жөнінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ журналистердің сөздеріне жауаптар қайтарды.
Қазақ ССР Телевизия және радио хабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Ғ.Шаяхметов бұл фильмдер жааушылардың алатын орны ерекше. Осы салада азды – көпті тер төгіп, өз халқы үшін аянбай тер төгіп, өз халқы үшін аянбай еңбектеніп жүрген мамандар да бар екен. Солардың ішінде біраз құлшыныс танытып жүрген жастардың шығармаларымен танысқан едік. Әңгімемізді Кино үйінде қойылымы өткен деректі фильм төңірегінде қозғайық.
«Қазақтелефильм» студиясы шығарған үш фильм үш түрлі жанрды, әрқайсысы жеке – жеке тақырыпты қозғаған. Мәселен, «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі», «Чемпион», «Ұлытау» фильмдерінің тақырыптары өз-ақ айтып тұрғандай алғашқысы тағдырлар мен жылдар тағлымын әсерлі жеткізуге тырысса, екіншісі спортты сөз ете отырып, спортшы атын жамылған қылмыскердің әшкере бейнесін ашуға әрекеттенген. Ал «Ұлытау» фильмінде туған жер тарихы мен оған деген махаббат жан – жақты суреттеледі. Осылардың ішінен мен «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі» фильміне кеңірек тоқталғым келіп отыр,
Алдымен Мұхамед – Салық деген кім және оның есімі осы уақытқа дейін неге айтылмай келді? Міне, осыған түсінік бере кетейік. Мұхамед Салық Бабажанов қазақ халқының аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен асыл перзенттерінің бірі. Ол Шоқан Уәлихановпен қатар шығып, өз халқы үшін, оны бодандықтан құтқару жолында аянбай еңбек еткен жан. Жәңгір ханның мектебінде оқып, оны бітірген соң Орынбордағы Неплюевтің кадет ккорпусына түскен Мұхамед Салық Бабажанов небәрі 11 жаста еді. Сол кезеңде бұл мектеп патша әскеріне офицерлер даярлайтын озық оқу орындарының бірінен саналатын. Шәкірттер (оларды корнет деп атайтын) орыс, араб, парсы, татар тілдерін маманданып, Мұхамед Салық Бабажанов арифметика, география, тарих, сурет салу пәндерінен дәріс алатын. Сондай-ақ би, гимнастика соғыс өнеріне машықтанатын.
Он тоғыз жасында осынау оқу орнын тәмамдап, офицер шенін алған Мұхамед – Салық шекара коммисиясында қызмет етеді. Қазақ даласында ғылыми іздену жұмыстарымен шұғылдана жүріп, бай материал жинайды. Баса айтатын бір мәселе – Мұхамед – Салықтың сол кездің өзінде-ақ Қазақстанның картасын жасағаны дер едік. Мұхамед – Салық 1861 жылы «Северная пчела» газетінде мақала жазып, қазақтарды қырғыздар деп атайтындарға соққы беріп, бұлар туыс әрі өмір сүру жағынан ұқсас болғанымен екеуі екі бөлек халық екенін айтып дәлелдеп береді.
Семенов - Тяньшанский, Небольсин, және Ш.Уәлихановтың кепілдеме беруімен болғанымен, ол жөнінде арнайы мамандар ғана білетін-ді. Бсапа бетін көрген материалдар да жоқтың қасы. Осыдан бес – алты жыл бұрын «Жалын» журналынан ақын Есенғали Раушановтың «Салық өлген» атты поэмасын оқығаным бар. Ол маған қатты ой салды әрі көптен көкейімде жүрген идеяма түрткі болды. Мен әлгі поэманы қиып алып, жастығымның астына жастанып жүрдім.
Содан бірде жазушы Рақымжан Отарбаев осы Бабажанов туралы кино сценарий жазып әкеліпті. Көктен іздегенім, жерден табылғанына қуанып, «Қазақтелефильм» студиясының көркемдік советіне ұсынайын, не керек ой – мақсатымның бәрі шаңға көміліп, осы уақытқа дейін жатты.
Қазіргі бас редакторымыз, жазушы Мұса Рахманбердиев ағамызға үлкен рахмет, бізге қызметке келісімен осындай біраз игіліктерге қол жеткізе бастадық. Қалғанын аманшылық болса, тағы да көре жатарсыздар деген болатын.
Қазақ киносы ел бауырын жазып, қолтығын сөге алмай келеді. Әйтседе бүгін көрген деректі фильмдер үмітімді оятты. «Ұлттық деректі фильм» деген ұғым үшін К.Танаевқа қарыздармын. Талай кино таласқа шәкірттерін ала келіп, киноның ұлттық беті, ұлттық үні жөнінде ашына сөйлеген Кәрім әлі көз алдымда. Ал мына «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі» атты деректі тарихи фильм түсірген Қ.Омаровта сол К.Танаевтың шәкірті.
Бұл жігітті қадағалай жүргеніме біраз уақыт. «Атамекен» фильміне мемлекеттік комитетінің төрағасы Ғ.Шаяхметов бұл фильмдерге жоғары баға берді. Алдағы уақытта оларды теле бағдарламаға енгізіп, көпшілікке ұсыну үшін авторлары мен қазіргі нарық қатынасы қарай екі жақты тиімді келісім шарт жасасу жолдарын кешіктірмей қолға алу қажеттігін әңгімелей келіп, бұған өзі тікелей араласуға уәде етті.
Сонымен, халқымыздың тағы бір ірі тұлғасы «тірілді». Қазақстанның бейресми басылымдары Мұхамед Салық Бабажановтың жазбаларын, сол кездегі орыс басылымдарында жарияланған мақалаларын құрастырып, кітап етіп шығаруды ойластырып жатқан көрінеді. Бұл да бір игілікті шаруа болмақ әрине.
Халық арасында бұрынғылардан қалған «Салық өлді дегенше, халық өлді десейші» деген сөз бар екен. Осы сөз атақты күйші Дәулеткерейдің аузынан шыққан деген дерек те жоқ емес. Қалай болғанда да жаны бар сөз. Өйткені біз әңгімелеген деректі фильмде Мұхамед Салық Дәулеткерейдің қарындасына үйленгендігі айтылады. Дұшпандарының қолынан қаза болған Бабажановқа Дәулеткерей күй арнаған. Ол күйдің аты – «Салық өлген». Ұрпақтары Салықты қайта тірілтті. Салық өз халқына қайта оралды.
Е.Әшірбаев
Мәдениет № 14, 1992ж.
«Ұлы жұт» − ашаршылық ақиқаты
Қазақ халқының сана-сезімі оянып, тәуелсіздікке деген ұмтылысын өркениеттікке қадам басар алдындағы дүр сілкінуі. Иә, өткенімізді еске түсіріп, тарихымызды түгендеп жатырмыз. Бұл елдіктің басты өлшемі болса керек.
Ақтөбе облысының Комсомол ауданында қалың жұртшылық 31 мамыр – Аза күні империялық саясаттың құрбандары болған бауырларына ас беріп, олардың рухына дұға оқыды. Орталық көшелердің біріне болашақ орнатылар тұғыр тастығ орынан белгі қойылды. Аудан басшылары Игілік Сағиев пен Есімқан Есенбаев жан-жаққа сауын айтып, еске түсіру күнінің аса бір құрметпен өтілуін мұрындық болды. Қазақ даласын тегіс жайлаған зұлматтың мән-жайынан бейхабар бүгінгі ұрпақ енді мағлұмат ала бастады.
Республикамыздың жер-жерінде ашаршылық құрбандарына берілген астан біздің аудандағы шаралардың ерекшелігі – бұл асқа астанамыз Алматыдан «Қазақтелефильм» студиясының кинорежиссері Қ. Омаров, Мәскеуден жерлесіміз, публицист-жазушы «Ұлы жұт шежіресі» кітабының авторы В. Михайлов, түркиялық мейман, араб тілінің маманы, оқытушы Аққұш һабиб арнайы шақырылып, олар аудан тұрғындарымен кездесті. Комсомол аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі ретінде кинорежиссер Қалила ОМАРОВПЕН әңгіме өрбітіп, пікір алысқан едім. Сол сұхбатты «Мәдниет» газетінің оқырмандарына ұсынып отырмын.
- Қалеке, ауданымызға келіп жатырсыз, кешелі-бүгін мекеніміздің тарихынан ел басшылары сізді хабардар етіп жатқан болар. Бүгін енді ашаршылық құрбандарына ас берудеміз. «Ештен кеш жақсы» демекші, алпыс жыл бойы айта алмай келген шындықты енді жария етіп жатырмыз. Сол ақиқатты халыққа жайып көрсетуде сөз де атсалысып жүрсіз. Өйткені, осы бір зұлматты «Ұлы жұт» деректі фильміңізде шынайы баяндап көрсете білдіңіз. Фильмді түсіруге нендей себептер түрткі болды?
- Рахмет, бауырым! Біріншіден айтарым кешегі империялық саясаттың құрбандары – қыршын боздақтарымызды, ата-бабаларымызды еске түсірмек ниетпен ас беріп жатыр екенсіздер, ас қабыл болып, аруақтарға тие берсін! Екіншіден, осынау ұлы асқа астанадан іздеу салып, әдейі сауын айтып, шақырту жіберген аудан басшыларына ризашылығымызды білдіремін.
«Ұлы жұт» деректі фильмін түсірудегі мақсатым – ұлттық санасы оянып жатқан ел-халқыма трагедияға толы тарихымыздан бейхабар бүгінгі ұрпаққа орны толмас өкініштің ащы сабағын жеткізу бола-тұғын. Көкекесті бұл арманыма жартылай ғана жеттім. Бұлай деуімнің себебін кейін бір сөзімде айтып өтермін. 74 жылда қазақ халқының көрген құқайы аз емес. Дегенмен көз жасты құдай ескерген шығар тәуелсіздікке ие болдық қой ақыры. Енді жарқын болашаққа жету үшін жүріп өткен тарих-көшіміздің ұңғыл-шұңғылын терең білуіміз керек-ақ. Тарихтың ащы сабағын біліп жүру зұлматтың келешекте қайталанбауына негіз. Мінекей, осы бағыт-бағдарды ұстанғанда діттеген нысанаға қол жетпек. Онсыз ілгері басу мүмкін емес. Әр шығармашылық еңбегімнің қиындықтарын да қуаныштарын да бастан кешірдім. Өнер жолына түскен жанның өзіндік қолтаңбасын, ерекшелігін, шынайылығын қалдырсам деген өмірлік позициясы болуы тиіс деп ойлаймын. Бірде жазушы В. Михайловтың «Ұлы жұт шежіресі» деген кітабы қолыма тиіп, оқып шықтым. Көптеген жайттар ашық айтылған. Оыдан соң көкейде 1931-33 жылдардағы ұлт қасіретін фильмге түсіріп, тарихымыздың бұрмаланып келген ақтаңдақтарын халыққа нақты деректерге сүйеніп шыншылдықпен көрсетсем деген ой ұялады. Бірақ, деректі фильмді түсіруге кірісіп кеткен соң-ақ қиындықтар аңдағайлап шыға келді. МХК архивінен деректер алуға мүмкіндік болмады. Тоталитарлық режим қалыптастырған жүйенің салқыны әлі де бар екенін осыдан көруге болады. Қолдан келген көмегін аямаған абзал азаматтар да табылды. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қайдар Алдажұманов көптеген деректер беріп, тың мәліметтерге кезіктік. Сондай-ақ Қазақстан Республикалық музейінің қызметкері, фотограф Ораз Мұхамеджановтың жеке архивінен «Қазақ өлкелік комитетінің өліктерді жинамағаны үшін» сөніс алған құжатын алдық. Табалдырығын жан адам аттамаған кешегі құдіретті Қазақстан КП архивіне (Қазақ мемлекеттік архивтің қарамағына көшті) алғаш рет кіріп, әйгілі «бесеудің хатын» түсірдік. «Ұлы жұт шежіресі» кітабын, көнекөз қарттар айтқан естеліктерді пайдаландық.
- Осы деректі фильміңізге авторлық тұрғыдан бір сәт сын көзбен қарай аласыз ба? Нендей «әттеген-айлары» бар деп санайсыз?
- Жіберіп алған осал тұстарым болса түзеп отыруға тырысамын. Фильмнің «әттеген-айы» бары да рас. Әлгінде «мақсатым жартылай орындалды» деуімнің себебі мынау еді. Қазақ халқының басына төнген зұлматты кең көлемде фильмге түсірсем деген талпынысыма бүтіндей қол жеткізе алмадым. Бүгінгі өмірдің қыспағы қаржы тапшылығын тудырып, кейбір құжат фактілер кинолентасы тізбегінің қатарына ілікпей қалды. Сонан соң тағы бір жәйт, осы аштық жөнінде таспаға жазылған ... Голощекиннің Сталинмен құпия сөйлескен әңгімесінің дерегін фильмді түсіру жұмысын аяқтап болғанда ғана бір-ақ білдім.
- Енді бұл деректі фильмнің жалғасы болуы мүмкін бе?
- Фильммен танысқан халықтың тебіренгенін көріп қатты толқыдым. Зұлмат жылдарының қайғы-қасіретін әлде де ашық көрсетіп, қамтылмай қалған деректерді жинастырып, фильмнің жалғасын қолға алу керек деген ойға кешелі-бүгін іштей бекіндім. Аштық қаншама армандарды үзді. Сол армандар рухын қастерлеп өту – имандылығымыз.
- Қалеке, қазақ даласындағы қанды қырғынның кінәсін тек Сталин мен Голощекиннің мойнына арту дұрыс емес сияқты. Геноцидтің орын алуы – ұлы орыстың шовинистік саясаттың негізгі мақсаты емес пе еді?!
- Аштық туралы көптеген кісілермен жолығысып, ой-пікір бөлістім. Сол бір жылдардан сыр тарттым. Көзі көрген сұмдықтарды айтқанда төбе шашың тік тұрады. Босқынға ұшыраған қазақтар ішкі Ресейге, Өзбекстанға, Қарақалпақстанға қарай ағылған ғой. Сол кездерде орыс поселкелерінің тұрғындары шұбырындыларды кіргізбеу мақсатымен мылтықпен атып жолатпаған көрінеді. «Ұлы жұт шежіресі» кітабында автор «қазақтардан тартып алынған ет шет елдерге жіберілді» деп жазады. Әрине, сан жүз эшелонға тиелген ет шет мемлекеттерге емес, Мәскеу, Ленинград, новосибирьге жіберілгенін ғалымдар, тарихшылар дәлелдеуде. Мойнына қан жүктеген Голощекинді қандыбалақ Сталин құтқарып қалғанымен, кейін оны Берия белгісіз себептермен аттырды. Қазекем «итке ит өлімі» дегенді осындайларға айтса керек.
- Тарихи деректерді фильмге шығару кезінде ақыл-кеңесін, қол ұшын берген жанашыр ғалымдар мен әріптестеріңіз жөнінде бірер ауыз...
- Тарихшы-ғалым Манаш Қозыбаев ағамыз фильмнің кеңесшісі болды. Нақты фактілерді іріктеп шындықтың шырайын кіргізген пікірлері мақсатымыздың сәтті шығыуына көп әсерін тигізді. Оператор Мұстафа Өсеров сияқты әріптесіңнің болуы да жаныңды әркез ризашылық сезіміне бөлейді. Елгезек. Шығармашылықтың қызығына берілген жан десем артық айтқандық емес.
Сұхбаттасқан: Бөрібай КӘРТЕН, Комсомол аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі.
РЕДАКЦИЯДАН: ЖЕР-ЖЕРДЕГІ ОСЫНДАЙ ІЗГІ НИЕТТЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ӘРІ РЕЖИССЕР ҚАЛИЛА ОМАРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫНА КӨМЕК ЖАСАУ НИЕТІМЕН «МӘДЕНИЕТ» ГАЗЕТІ «АШАРШЫЛЫҚ −1932» ҚОРЫН АШҚАН ЕДІ. ОНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТІ ТУРАЛЫ ӨТКЕН НӨМІРДЕ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ЖАРИЯЛАНДЫ.
«Егемен Қазақстан» 1992 жыл
Міржақыптың мәйітін әкеле жатырмыз
Бұл іссапардың демеушісі – коперация және кәсіпкерлік қызметкерлері кәсіподағының Торғай облыстық кеңесі.
Санкт Петербур (телефон арқылы алынды). Айналып кетейін Карелия жері! 57 жыл бойы бауырында қысып жатқан Міржақыбымызды туған топырағына аманаттау үшін келіп жүрміз өзіңе. Аңқылдақ та, бауырмал халықына мың да бір алғыс айтамыз осы рахымы үшін.
...Қабырды ашып, Торғайдан әдейі жасап әкелген табытқа сүйекті салу рәсіміне арналған митингі болды. Онда Сосновец поселкелік Кеңесінің төрайымы С.Фролова кенттің байырғы тұрғындары Т.Кондратева мен К.Стеникова, міржақыптанушы ғалым Марат Әбсеметов, Міржақыптың жиені, жазушы «Интербук» баспасының директоры Ерлан Сатыбалдиев сөз сөйлеп, бұл оқиғаны екі ел арасындағы мәңгілікке жалғасытан достықтың жарқын мысалы деп бағалады. Қазақ халқы карельдіктердің бұл қызметін ешқашан ұмытпайды.
Бейіт басына еңбек ардагерлері, поселке тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары көптеп жиналды. Олар қолдарына кезектесіп күрек алып, қазақтың ұлы перзенті алдындағы соңғы парыздарын өтеді.
Міне, екі метр тереңдіктен табыт қақпағы көрінді... Бойым қалтырап қоя берді. Алмағайып бір сезімнен жүрек алқынды, тыныс тарылды. Көзім мұнартып, батылым жетпей, дәлдеп қарай алсамшы табытқа...Тәуекел! Ашылды табыт! Е, Аруақ, рухыңа бас идік!
Осынау тарихи оқиға кезінде Алматыдан арнайы келген «Қазақтелефильм» студиясының режиссері, Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Міржақып жайлы «Оян, қазақ!» атты деректі фильм түсіруші Қалила Омаров, Міржақыптың туған жері – Жангелдин ауданынан алты тәулікте Сосновецке келіп жеткен жігіттер: аудан жастарының жетекшісі Айдар Талпақов, милиция капитаны Серік Асқаров, Арқалық автобус паркінің жүргізушілері Кеңесбай Маркин мен Хамит Райымханов болды. Қазақтың ардақты перзенті, бір көздері газетіміздің бастауында тұрған Міржақыптың сүйегін елге әкеліп жерлеу оқиғасы күллі қазақ халқының, сондай-ақ оқиғаның басы қасында жүрген «Егеменді Қазақстан» журналистерінің де мәртебісін өсіреді деп есептеймін.
Сәрсенбінің сәтінде, 9- қыркүйекте табыт тиелген машина Торғайды бетке алып шықты. Жол амандығын берсе, Міржақыптың сүйегі туған топырағы, Жангелдин ауданындағы өзінің есіміменаталатын совхозға арулап қойылады.
...Торғайда жатқан Гүлнар апай не күйде екен?!
Қайсар Әлім
«Алматы ақшамы» 4 наурыз 1992 жыл
«Қазақ батырлары»
Алғашқы нөмерінен-ақ оқырмандардың ыстық ықыласына ие болған «Қазақ батырларының» кезекті төртінші нөмері жарық көрді.
Газеттің аты айтып тұрғандай ел мен жердің тыныштығын қорғаған шешендерім бен жау жүрекерлер жайлы бұл жолы да қызыға оқитын мақалалар жетерлік. Биыл халқымыздың ардагер азаматы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 80 жасқа толуына орай берілген «Жақаев пен Қонаев» атты үлкен дүние өз оқырманын табар деген ойдамыз. «Батыс өлкеміздің тарихи географиясы», «Қыпщақтар», «Төле би», «Көкжал Барақ», «Биназар атам», «Батырдың аты өшпейді» деген мақалалар мен «Құсни Жамал» әңгімесі кімді болса да бей-жай қалдырмайды. Сонымен қатар әр түрлі шағын, қызықты материалдар жарық көрген.
Б.Бек
«Алматы ақшамы» 4 наурыз 1992 жыл
«Атамекенде» шырқалған ән
Республикалық экологиялық «Атамекен» газетінің журналистері белгілі қазақ ақыны, композитор Кәкімбек Салықовпен кездесті.
Редактордың міндетін атқарушы Ғ.Есмағанбетов ақынды алпыс жасқа толуымен құттықтап, өлеңмен жазылған құттықтау тапсырды.
Бұдан кейін Кәкімбек Салықов өзінің соңғы жазған өлеңдерін оқып, домбырамен бірнеше ән айтып берді. Жас композитор Жағыпар Әлімханов ақын сөзіне жазылған өзінің әндерін орындады.
Ж.Бақытов
«Алматы ақшамы» 4 наурыз 1992 жыл
Өнер адамдары жайлы алты фильм
«Қазақтелефильм» режиссері Халиолла Омаров біраз жылдан бері картинада өнер адамдарының, белгілі қайраткерлердің бейнесін сомдаумен айналысып жүр.
Наурыздың 9-ында сағат 18-де кино үйінде режиссердің 6 фильмпортреті қойылатын болды. Олар: «Тәушен» (айтыс ақыны Тәушен Әбуова жайлы), «Замана шеру» (әкелі-балалы Рысбек, ғалым Ахметовтер), «Мағжан», «Барып қайт, балам, ауылға» (М.Өзтүрік), «Мұхаммед Салық мырзаның өмірі мен өлімі» атты фильмдер. Мұндай өнер адамдары жайлы картиналар қойып, олардың әр дүйсенбі сайын басын қосып, ортақ проблемалар жайлы пікір алысып отыруды Кино үйі алдағы уақытта жоспарлап отыр.
Қ.Мәди
«Алматы ақшамы» 11 наурыз 1992 жыл
Халиолланың деректі фильмдері
Кино үйінің әкімшілігі соңғы кездері астаналықтарға нағыз қазақи қызмет көрсете бастады. Олар әрбір дүйсенбі сайын қазақ кино шеберлерінің туындыларын Алматының зиялы қауымының талқысына қайта ұсынып, авторлар коллективімен кездесу ұйымдастыруды жақсы дәстүрге айналдырды. Кеше, наурыздың 9-ында мұнда осыдай алтыншы кездесу болып, көрермендер бұл күні соңғы жылдары өзінің ойлы да, салмақты деректі фильмдерімен жарқырап көзге түсіпжүрген жас режиссер Халиолла Омаровтың шығармаларын көріп, тамашалады.
Халиолла бұл жолы «Таушен», Мағжан Жұмабаев жөнінде «Атамекен», ақын Мәриям Хакімжанова, мүсінші Рысбек Ахметов және Мұхаммед – Салық Бабажановтың өмірбаянына арналған деректі фильмдерін көпшілікке ұсыныпты. Фильмдер көрсетілер алдында «Қазақтелефильм» студиясының директоры Ә.Жақсыбеков кіріспе сөз сөйлеп, киноны түсіруге қатысқан авторларға табыс тіледі.
Бұл – авторлардың халықтың алдында есеп беруі. Биыл «Қазақтелефильм» студьясының құрылғанына – 25 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін мұнда 200-дей дерект фильм түсірілген екен. Солардың арасында Х.Омаровтай талантты режиссеріміздің жасаған киноларының барына қуанамыз, - деді ол.
Халиолла жуырда ғана халқымыздың басынан өткен ұлы қасірет – ашаршылықжайында тағы бір деректі фильмді түсіруді аяқтады. Ол енді жазушы Амантай Сатаевтың сценарийі бойынша Міржақып Дулатов туралы кино түсіуге кіріспекші.
Е.Әлі
Алматы ақшамы, №60, 12 наурыз, 1992ж.
Мағжан – достық үйінде
Мағжан Жұмабаевтың туғпнына 100 жыл толуына орай Достық үйінде (Құрманғазы көшесі, 42үй, Төлебаев көшесімен қиылысында) 13 наурызда сағат 15. 00-де қазақтың ақиық ақынын еске түсіру кеші болады.
- Бұл кешке, әңгіме-сұхбатқа ақынның ағайын-туыстары, көзкөргендерімен қатар қазақтың бүкіл зиялы кауымы жиналатын шығар деген ойдамыз, − дейді Достық үйінің директоры Жібек Әмірханова.
Кеш соңында ақынның немересі Ұлжан Жұмабаеваның сценарийі бойынша «Қазақтелефильм» стуиясы түсірген толық метражды, 55 минөттік «Мағжан» деректі фильмі көретіледі. Өмірі сұрапыл кезеңге тап келген ақын туралы кезінде түрлі қайшы көзқарастар болғаны белгілі. Міне, дәл осындай шындықтың бетін ашуға тырысқан режиссер Халила Омаров пен оператор Мұстафа Өсеров бастаған кинотүсірушілер тобы фильмнен кейін көрермендердің сұрақтарына жауап беруге әзір. Келем деушілерге есік ашық.
Мәди