«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл

Вид материалаДокументы

Содержание


Осы тұңғыш туындың «Кісен ашқан» қазақтың әлі белгілі бола қоймаған жас режиссері Қалила Омаровты біраз жұртқа танытты-ау деймін
Ең алғашқы жетістіктің, дұрысын айтқанда жеңістің тәтті дәмі таңдайына қалай татыды? Өзіңді «Ұлылар» қатарына жақындатып қойған
Ендігі жердегі өзіңнің алдыңа қойған ең үлкен мақсатың не?
Егемен Қазақстан
Мұнай – адамдардың әлеуметтік тағдыры.
Мұнай халықтың, қазақтың келешегі.
Айнаш Есали
Подобный материал:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Қалила Омаров:

«Ақиқатты айту - арманым»


Қалила Омаров – өзінің туа бітті талантымен, талмас талап, ерекше еңбек қорлығымен бірталай биіктерге ту тіккен жас режиссер. Қазақстан Жастар Одағының, Халықаралық Жамбыл сыйлықтарының иегері деген атақтарға қол жеткізді. «Тәуелсіздік. Тарих. Тағдыр» деп аталатыын деректі фильмдер тптамасын құрайтын «Нәубет» (1992), «Алаш туралы сөз» (1994), «Мағжан» (1990), «Мұхамед Салық мырзаның өмірі мен өлімі» (1991), «Міржақыптың оралуы» (1993), «Барып қайт, балам ауылға» (1991) телефильмдері кешегі өткен Алаш арыстарының өмірінен сыр қозғаса, «Тәушен» (1989), «Атамекен» (1990), «Заман шеру» (1990), «Дәулет балуан» (1994), «Махаббат қызық мол жылдар» (1994), «Жамбыл – адамзаттың ұлы жыршысы» (1996) фильмдері қазақ деректі киносының жарық шамшырақтарындай ерекшеленіп көрермен көңілінен шығуда.

Режиссер Қалила Омаров туралы баспасөз бетінде аз жазылған жоқ. Әсіресе өнер адамдары туралы атақ, сыйлық алған кездерінде көбірек айтқымыз келіп тұратыны рас емес пе? Ал бұл жолы біщ режиссер Қалиланың ғана емес, адам, азамат Қалиланың да өмір, өнер жолындағы жан толқыныстарына назар аудара отырып, бірнеше сұрақтың төңірегінде әңгіме – дүкен құрған едік. Төменде осы сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қалеке, сенің көптеген әріптестеріңнен ерекшелігің Алаш тарихын, яғни Алаш ақиқатын деректі кино экранына шығаруға ұмтылысың екенін бәріміз білеміз. Әркімнің өзінің алдына қойған мақсаты және оның белгілі бір себеп – салдары болатынын да белгілі ғой. Сол сияқты әрбір істің бір бастауы бар. Осы тараптан келгенде, кино әлемінде өзің тұмсығын сыпырған тұмса төлің туралы әңгімелеп өтсең.

Алаш трагедиясының алғашқы ызғарын сонау 70-ші жылдардың соңында Олжастың «Аз и Я» - сын жастанған студент шағымда, Ленинградтағы «қазақ жастары отауы» қоғамдық ұйымының жұмысына белсене араласып, кейін сол ұйымның төрағасы болған кезімде, «Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 250 жылдығына» байланысты «Ұлы мерейтойдың» науқангершілігі кезінде сезініп едім.

Қазақтар мен Ресейліктердің арақатынасы туралы архивтегі құжаттардан колонизаторлық әскердің өлген бір солдаты үшін сол ауылдың бүкіл бар қазағын қырып салғанын біліп, «еркін қосылудың» шынайы деректерін саңлаудан сығалап көргенімізде, балаң жүрегімізде алғаш сызат пайда болып, ішіміз – мұз, сыртымыз – жас, тойды өткізіп едік.

Сол кездегі көрсетілген дипломдық «Кісен ашқан» атты деректі туындама Репин атындағы Ленинград көркем сурет академиясының түлегі қарағандылық мүсінші Жаубасар Қалиев сомдаған Құрманғазы образын алтын арқау ете отырып, ұлы суреткердің қайсар күйлеріндегі қазақ азаттығын фильмнің алмас діңгегіне айналдырып, өзімнің шығармашылық кредомның бет пердесін ашып едім.

Осы тұңғыш туындың «Кісен ашқан» қазақтың әлі белгілі бола қоймаған жас режиссері Қалила Омаровты біраз жұртқа танытты-ау деймін.

Тұңғыш төл туындымның идеялық көркемдік деңгейін көрермен анықтар, тек қосарым, сол «Кісен ашқан» 1982 жылы Ленинградтың дәстүрлі «Ақ түн - 82» кино фестивалінде 88 қысқа метражды киноның арасында бас жүлдені жеңіп алса, Таллин, Москва қалаларында өткен байқаулардың лауреаты атандырды. КСРО –ның 60 жылдығына байланысты Бүкілодақтық кино фестивалінің әділ қазылар төрағасы, атақты классик режиссер Леонид Гайдайдың қолынан арнайы диплом алғанымда төбем көкке жетіп еді.

Ең алғашқы жетістіктің, дұрысын айтқанда жеңістің тәтті дәмі таңдайына қалай татыды? Өзіңді «Ұлылар» қатарына жақындатып қойған жоқсын ба?

Бір қызығы, өнер бәйгесінде жеңіске жетіп,оның жемісіне желіккен қуанышым келесі туындым. «Тірідей көмілгендердің» («Похороненные заживо», Ленинградтық ұстазым Вячеслав Никифорович Героевтың сценарийі бойынша қойылған) желкісі қиылғанда су сепкендей басылды.

Оған себеп, елден жырақ жүргесін, тақырыбым сол Нева жағалауындағы қалалықтардың пендешілік ғұмырын суреттеуім болды. Олардың күні бойы «Социолизм орнатушыларды» мультификациялық тәсілмен секендете жүгіртіп қойып, кешке қарай әр қайсысы өздерінің тас қамау үйлеріне кіріп алып, сырт әлеммен тек төбелеріндегі қарауытқан крест – антеналар арқылы ғана араласатындықтарын,ал оған керісінше, сол үйлердің қабырғасындағы «Тірідей көмілген» антикалық құдайлардың тас бейнелері түнгі жұлдыздармен сырласатындығын метафора етіп алған бұл шарыж – бұл фильмнің идеялық темірқазығы – сол системаның қамшысы болған цензура арқылы өздері отырған бұтақты өздері аралағандай болатындығын көрсету еді ғой.

Туған елден жырақта қиыр қонып, шет жайлап жүргенде қапылыста алған қатты соққы жас адамның жігерін жасытып-ақ тастағанболар. Шыныңды айтшы, қандай әсерде болдың? Бұдан кейінгі өнердегі жолын қалай жалғасты?

Күнге ұмтылған Сұлтанмахмұт ақындайкино әлеміне талпынған жігерім жасып, ЛГИК-ті тастадым. Сондағы ұстаздарымның, «Шляпа, қайда барасын?» дегенқынжылыстарына да қарамай, ауылға оралдым. Кейін Алматыға келіп қазақ телекиносының қара шыңырағы «Қазақтелефильм» студиясында аяулы азамат ұстазым Кәрім Танаевтың тікелей басшылық қолдауымен дүниеге келген үлкен экрандағы алғашқы тұсаукесерім болған «Тәушен» деректі фильм портретімен соң, тағдыр мені бір ғасырдың куәгері, халық ақыны Мәрия Хакімжанова апамен жолықтырды.

Мен «Тәушенде» танымал айтыс ақынның жеке ғұмырының күнгейі мен көлеңкесін көрсете отырып, экзотикалық штампқа айналған ауыл өмірінің астарында жатқан деградациялық ащы шындықтарға кино толғаныс құрдым. Мұны кейбіреулер түсінбеді. Ал «Атамекен» менің режиссерлік ауанымның мүлде жаңа бағытта, терең тамырлы халық тұрмысының ұлттық кеңістігіне көтерілуге баспалдақ болды.

Ауыл сыртындағы төбеге адым басқан көнекөз қария немересінің жетесінде қалсын деп, талай әңгімені бүлдіршіннің құлағына құйған сияқты, Мәриям апай да мені балалық шағының базары болған мезгіліне ертіп барып, қабірі аяқ асты болған Ыбырай Алтынсариннің мазар – мавзолейінің әлі күнге салынбағанына қынжыла тұрып жасын төкті. Фильмнің шарықтау шегінде кейуананың көз жасы көктемгі алматы аспанының тамшыларына қосыла, астананың алып бәйтеректерінің тарам - тарам болған діңдерімен төмен қарай сырғыды. Фильм бітті. Студиямыздың директоры марқұм Кәрім Танаевтың кабинетінде шам жанғанмен, ұзақ үнсіздік орнады. Киноны қабылдауға келген Қазақ ССР-і Телерадио комитетінің басшылары да үнсіз. Тыныштықты селт еткізіп марқұм Сағат Әшімбаев бұзды.

Кінә өзімізден, тек өзімізден, - деп күрсінген күйі аялы алақынмен маңдайымнан сыйпап, қолымды қысып, «Атамекенге» үлкен жолдама беріп еді сонда.

Бұл сәт «Телефильмнен» таяқ тастам жерде ел тізгінін ұстаған Колбин мырзаның халықтар достығын бұрқылдата қайнатып жатқан 1990 жылдың ызғарлы көктемі еді. Бұл сәт қазақ зиялыларының жан қиярлықпен еңбек етіп, шаң басқан архивтегі құжаттардан Алаш трагедиясының айсберг мұздығының ұшын қылтита көрсеткен үмітті кезеңі еді...

Өзіңе шын ұстаз бола білген адамдар бар шығар.Солар туралы...

Деректі киноның қазақи парағын ашуға өзі көпір болған Кәрім Танаев ағаның бір топ жастарды, атап айтқанды, Мұстафа Өсеров, Тілеген Ахметов, Балтабай Иманбаев сынды телефильм режиссерларының жүгендерін сыпырып, «Тартыңдар алға!» деп қуанып, ауылдан келген қара домалақ біздерді өнер жәрмеңкесіне енгізіп жіберген сол күндер естен кетпес.

Ендігі жердегі өзіңнің алдыңа қойған ең үлкен мақсатың не?

Қысқа да нұсқа түрде түйіндеп айтсам, алдыма қойған арман мақсатым – Алаш ақиқатын ел жұртыма деректі фильм тілінде жеткізу. «Арман – алыс, өмір - шақ» деген Абай. Мұның бәрінің орындалуы бірінші Құдайдың, одан кейін өзіміздің қолымызда.

Әңгімелескен Әбубәкір Қайран



Дүкенбай Досжан (09.09.1942) мемлекеттік сыйлықтың (1996), М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987), Түркістан қаласының құрметті азаматы.

Алғашқы әңгімесі 15 жасында жарық көрген. Бұл күнде кітаптары әлемнің 19 тіліне аударылып, 3,3 миллион таралыммен басылып шыққан. Қаламгер 11 роман, 22 хикаят, 100-ден аса әңгіме жазған.

Д.Досжан 1974 жылы «Трудный шаг» кітабы үшін Молодая гвардия баспасының «осы заманғы үздік роман» сыйлығын иеленіді. 1998 жылы Украинаның «Дніпро» баспасының «Жібек жолы» роаны үшін «тарихи тақырыптағыүздік кітап» сыйлығын алды. Есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 3-ші томына, Абай энциклопедиясына енген.


Қалила Нематұлы Омаров (04.05.1957) 1987 жылы Ленинградтағы мәдени ағарту училищесін тәмәмдаған. Оның дипломдық жұмысы Қарағандылық мүсінші Жаубасар Қалиев туралы түсірген «Кісен ашқан» фильмі Ленинградтағы «Ақ түндер - 82» кинофестиваліндеГран-приді жеңіп алған. 1988 жылы Алматыға келіп «Қазақтелефильм» студиясында атақты кинодраматург Кәрім Танаевпен бірігіп «Тәушен» және «Атамекен» телефильмдерін түсіріп, көпшілікке танымал болды. 1999 жылдан бері «Хабар» телеарнасында дубляждың режиссері. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты.

Деректі фильмдері: «Тәушен» 1989 ж., «Замана шеру» 1990 ж (Рысбек Ахметов), «Атамекен» 1990 ж. (Мәриям Хакімжанова), «Мағжан» 1990 ж., «Барып қайт, балам ауылға» 1991 ж., (Мұстафа Өзтүрік), «Мұхамед Салық мырзаның өмірі мен өлімі» 1991 ж., «Великий джут» 19925 ж., «Міржақыптың оралуы» 1993 ж., «Дәулет балуан» 1994 ж., (Дәулет Тұрлыханов), «Слово об Алаше» 1994 ж., «Махаббат қызық мол жылдар» 1994 ж., «Жамбыл – адамзаттың ұлы жыршысы» 1996 ж., «Кісен ашқан» 1999 ж. (Құрманғазы), «Дүкенбай жолы» 2003 жыл.

Егемен Қазақстан


Қарамай тамшысында қилы – қилы тағдырлар


Сәрсенбі күні Алматыдағы Кино үйінде кинорежиссер – документалист Қалила Омаровтың «Мұнай тамшысындағы тағдырлар» деректі кино лентасының тұсауы кесілді. Әрқайсысы 26 минцттан тұратын 3 фильмде бүкіл саналы ғұмырын осы салаға арнаған. Қазақ мұнайшыларының ғасырдан астам шежіресі Қазақ елі тарихымен астарласа баяндалады. Осылайша «ҚазМұнайГаз» компаниясы бейнетпен шашы ағарған өз ардагерлерінің жүріп өткен жолын кейінгілерге мәңгілік өнеге, мәңгілік естелік етуді мұрат тұтыпты.

Мұнай – саясат, мұнай – адамдардың әлеуметтік тағдыры екені аян. Фильмнің сценарийін кезінде газетіміздің арнаулы тілшісі ретінде Жаңаөзен қаласындағы текетірес туралы «Жаңаөзен: дауылдан кейінгі жауын» деген тақырыппен мақала жазып, осы әлеуметтік әділетсіздіктерге сараптама жасаған Қайнар Олжай жазыпты. Ал мұнай саласының кешегісі мен бүгінін екшеп, деректі фильм тудыру туралы идея – Тимур Құлыбаевтікі.

Қара мен Шүңгілдің көз жасы.

Фильм толық түсіріліп, көрермендеріне жол тартқанға дейін екі жыл кетіпті. Әрине, бұл аз уақыт емес. Осы аралықта Қалила Омаров бүкіл Атырау мен Маңғыстау өңірін аралап, тақырыбына терең бойлап, тыңдай ізденумен болған. Бұл деректі фильм болғанымен, режиссердің туындыдағы көркемдік – образдық шешімдерді табуынп уақыт көмектескен деуге болады.

Қарап отырсақ, қазақ даласында мұнай өңдіріле бастағанына ғасырданда артық уақыт өтіпті. Анығырағы 103 жыл. Сол кезден баспан бұл салада өз қандастарымыз аз тер төкпеген, өткен ғасыр басында алғашқы мұнай мамандары пайда бола бастаған. Режиссер Қалила Омаров жоғарыдағы фильмдерді түсіру барысында өзі бұрын соңды естімеген Қарашүңіл аңызына тап болып, осы бір махаббат тарихын алғашқы фильміне өзек етіп алыпты.

Тұңғыш мұнай көзі табылған Қарашүңгілде есте жоқ ескі замандарда қазақ жігіті Қара мен Қалмақ қызы Шүңгіл бірін бірі құлай сүйіп, қосыла алмай кеткен деседі. Кейін қос ғашықты бірге жерлейді. Олардың көз жасы тамған жерден уақыт өте келе қара алтынның кені ашылып, алғашқы мұнай бұрқағы аспанға атқылаған.

Сығымдалған шежіреде Доссор, Қосшағыл мен Атыраудағы алғашқы мұнай айыру зауыттарының салыну тарихы көрсетіледі. Бұл фильмде еліміздегі тұңғыш қазақ мұнайының атасы атанған Сәпи Өтебаев және Сақтапберген Бимұрзиев, Қуаныш Құдабаев, Наурызғали Бешімов сыр шертеді.

Үш бөлімнен тұратын, барлығы бір жарым сағатқа созылатын деректі дүниеде бүкіл мұнай тарихы мен оған қатысты тағдырлар туралы қамтып, бүге шігесіне дейін баяндап шығуы мүмкін емес екені белгілі. Газды қосып есептегенде, бүгінде республикамыздың төрт облысында мұнай өндіріледі екен. Әр облыста қаншама кеніш бар. Кеңес өкіметі тұсында бұлардың бәрі бір ғана басқарманың құзырында болса, бүгінде жеке компаниялардың өзі ондап саналады. Одан бөлек шетелдік мұнай бірлестіктері де жеткілікті. Дегенмен, режиссер осы саланың бір кездегі тұтқасын ұстаған негізгі тұлғаларды қамтуға ұмтылады. Күй атасы – Құрманғазы, күш атасы – Қажымұқан болса, мұнай атасы ақсақал – Сәпи Өтебаевтың есімі түседі. Фильмдердің режиссері Қалила Омаров осы кісімен кездесіп, мұнай өндірісінің бүкіл тарихы мен тауқыметін бастан өткерген қарияның бірінші фильмнің өң бойында сөйлетіп отырады. Сол секілді, мұнда мұнайды іздестіру, барлау жұмысына қатысқан кісілер аузынан айтылатын деректер де тың.Фильмнің тағы бір жаңалығы – Рахмет Өтесіновтің ерлігі. Бұл кісінің де тағдыры кинода эпизод болып беріледі.

Бір ғажабы, қазіргідей мұнай өндіру технологиялары жетілмеген, қыстың көк мұз, ақ боранында, жаздың аптап ыстығы мен қапырық желінде қарамайға малынып, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей еңбек еткен кісілердің бәрі де өзін өзгелерден артық қоймайды. Біз сондай қиындықты бастан кешірдік деп айтпайды. Ал фильм барысында пайдаланылған мұрағаттық кадрлар да олардың қандай ауыр күндерді бастан кешіріп, тіпті өз бастарының қауіпсіздіктерін де ойламай, өмірлерін қатерге тіккен кезеңдері нанымды көрініс тапқан.

Мұнай – адамдардың әлеуметтік тағдыры.

Фильмнің екінші бөлігі Маңғыстау мұнайының ашылу мен игерілуіне, сондай-ақ Жаңаөзен жастарының 1989 жылғы дүрлігуіне арналады. Бұл оқиғаның туу себеп – салдары туралы сол кездің куәгерлері сыр шертеді. Соңы үлкен насырға шауып кете жаздады. 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы ауызекі әңгімеге ғана құралмаған. Фильм барысында сол түсіріліп алынған мемлекеттік мұрағаттың кино ленталары пайдаланылған. Мұнай саласындағы арнаулы білімдерінің болуына қарамай, қазақ жастары бұл саладан шеттетіліп, тек қара жұмысқа салынғаны жергілікті халықтың ашу ызасын туғызғаны белгілі. Қара алтынның үстінде отырып, бейнеттен басқаны көрмеген қандастарымыздың сол кездегі жан айқайы туралы көп деректер жабулы күйінде қалғаны тағы да тарихтың шындығы.Жаңаөзеннен бөлек, бұл бөлімде мұнай өндірісі дамуында қарамайға малынып өткен жандар, нақты кейіпкерлерімен, шынайы сюжеттермен толықтырып отырады. Қарап отырсақ, кешегі Жаңаөзен бүгін мүлде басқа.

Мұнай халықтың, қазақтың келешегі.

Фильмнің үшінші бөлімі бүгінгі мұнай өндірісі туралы ғана сөз етіп қоймай, қазақ мұнайшыларының ерлікке толы тиарихын Қазақ елінде болған ірі оқиғалармен астастыра отырып баяндайды.

Фильм барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Құлыбаев, Ұзақбай Қарабалин, Нәсіпқали Марабаев пен басқада белгілі мұнайшылар және аймакқтық экология мәселелері орталығының директоры, Қ.Р. ҰҒА акдемигі Муфтах Дияров сөз алады.

...Естеріңізде ме теңіздің жанындағы №37 ұңғымада шыққан өрт бір жыл бойы, биіктігі 150 метр болып атқылаған кезде аспанда ұшып бара жатқан құс күйіп түсті, түтінін бір иіскеген ат өлді. Себебі, мұнайдан шыққан өрт құрамында 2 пайыз күкірттегі болса, тіршілік иесі бір демалғаннан өледі. Бұл алапат өртті ешкім сөндіре алмады. Бұл бірінші шарасыздық еді., - дейді Елбасы 1985 жылы болған оқиғаны еске алып. Бұл өрт кезінде Бүкілодақты дүрліктіріп, оны сөндіру үшін арнайы штаб құрылып, ұңғыма маңында күндіз – түні адамдар тұрғаны белгілі. Оны сөндіруге бақандай 399 тәулік кеткені тағы да шындық.

... Екіншіден, Қазақстанға миллиард долларға жуық инвестиция келді. Ешқандай мемлекет кепілінсіз. Ал енді болашақта алдағы он жылда елімізге 8 миллиардтай инвестиция келмеді. Оның әрбір доллары Қазақстан экономикасына 5 долларға көбейіп қайтады. Оны бізге кім әкелер екен. Сол кезде қай қазақта, қай Қазақстандықта ондай ақша бар дейсіз. Бізге жаңа технологиялар келетін болды. ... Теңіз деген кен орны ғой. Теңізде және Каспийде мұнайдың шығатын жеріндегі мұнайдың қысымы 800 атмосферді құрайды, оның құрамындағы күкірттегі 2 пайыз. Күкірт деген не. Құрамында осынша күкірттегі мұнай бір жылдың ішінде құбырларды жеп қояды деген сөз. Бізде ондай металл жоқ. Кеңес өкіметі тұсындағы социалистік лагерлердегі Европада да ондай қондырғылар болған жоқ, - дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Фильм барысында зиялы қауым өкілдернің алдында мұнай саласының шындығын ақтарып.

Елбасы бір кезде Оман республикасының сұлтаны мен болған кездесудегі әңгімесі өзіне қарсы әсер еткенін айтады. Бүгінде мұнайын тауысып алып, ол кезде экономиканың басқа салаларын дамытуды ойламан ел қателігін қайталамау қажеттілігі туралы Елбасының пайымдамасы көрермендерді шынында да қара ойға қалдырғаны анық.

Айнаш Есали


Ақын әруағын бір аунатқан

Халықаралық айтыс жүлдегерлері де анықталды.

Ұлы ақын Жамбыл бабамыз Өлең өнерінің қай түрінде болса да шашасына шаң жуытпаған, айтыста да талайларды алып ұрған аса ірі дарын иесі екендігін исі қазақ білсе керек. Оның Үмбетәлі, Нүрилә, Айкүмістермен айтысы бір жағынан бүгінгі ақын ұрпаққа үлгі, екінші жағынан сөзімізге дәлел. Ақын ұрпаққа үлгі дейтініміздің басты себебі – тамыз айның 19-ы, 20-сы, 21-і күндері Республика сарайында Жамбыл Жабаеытың 150 жылдығына арналып өткізілген Халықаралық айтыс.

Мұхамеджан Тазабеков, Мельс Қосымбаев, Әсия Беркенова, Бекарыс Шойбеков, Айнұр Тұрсынбаева, Есенқұл Жақыпбеков, Алтынкүл Қасымбекова, Әселхан Қалыбекова, Ермек Жұматаев сияқты Жамбылға жалғас боларлық тарландармен бірге жаңа таныс есімдер де сөз сайыстырды. Сондай-ақ Жылбек Тоқтасынов, Разалия Сұлтангереева, Тұяқ Шәмелов, Назарқұл Сидырақманов, Болат Байбышев, Қуаныш Қазымбетов сынды жыршы, термеші, күйшілер ұлы ақынның өнердің қай саласында да шебер екендігін танытқандай болды.

Сонымен, ақын әруағын бір аунатқан аламан жыр бәйгесінің тұяқ дүбірі тоқтатылып, жүйріктер де анықталды. Бас жүлде Б.Шойбеков пен А.Тұрсынбаеваға, бірінші орын М.Тазабековке, екінші орын А.Әлтаевқа, үшінші орын Ж.Болтанова мен А.Қасымбековаға берілді. Жамбыл облысының әкімі Амалбек Тышанов тағайындаған «Тайота» жеңіл мәшинесі Айнұрға, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов тағайындаған «Тайота» жеңіл мәшинесі Бекарысқа тапсырылды.

О.Тұрсынәліұлы