«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл

Вид материалаДокументы

Содержание


Лирикалық шегініс
Лирикалық шегініс
Сізді Орынборға барып-қайтты деп естідік...
Ол үйлерде шынымен де «Қазақ» газеті шығып, Алаш Үкіметінің съезі өткені дәлелденген жоқ па?
Деректі фильмдегі басты идея не еді?
Кино Орынбор қаласынан өзге қай аймақтарда түсірілді?
Көрерменге тосын сыйлықтарыңыз бар деп естідік?
Болат бұл жаңалығыңыз қамкөңіл жүрген халыққа тамаша тарту болды...
Байтұрсынов ол кезде қандай қызметте еді?
Подобный материал:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Лирикалық шегініс

Қалила Нематұлының «Қазақтелефильмде» жүріп жасаған тұңғыш картинасы «Тәушен» фильмі еді. Бұл – оның режиссерлік қолтаңбасын айқындап, қабілет-қарымын танытқан туынды болды десек, асыра айтқандығымыз емес. Әлі күнге дейін сол фильм жас мамандарға оқу құралы ретінде пайдаланып келеді. Қалила Омаров – қара шалдың тәрбиесін алып өскен адам. Алматыға да сол қара шалдың тақиясын киіп келеді. Үйде де, түзде де тақиямен жүріп, эфиргеде сол тақиямен шығады.

Қалила Омаров айтады:

Оның пайдасын көрген кездерім де болды. «Тәушен» фильмі көгілдір экраннан көрсетілгеннен кейін, көп ұзамай белгілі ғалым, академик Рымғали Нұрғалиев ағамызбен көшеде кездесіп қалдық. Ол мнеі тақияма қарап, таныпты. Қолымды алып тұрып: «Тәушен» фильмін айызым қанып отырып көрдім. Дәл осындай 20 туынды түсірсең қазақ киносының классигі боласың деді. Рымғали ағамыз дуалы ауыз адамдардың бірі ғой. Міне, содан бері 25 фильм түсіріппін. Солардың ең соңғысы күні кше ғана тұсауы кесілген «Ахмет Жұбанов» деректі фильмі. Азғана уақыттың ішінде мұншама кино түсіру - кез-келген режиссердің басына қона бермейтін бақ. Егер мен 17 жылдың ішінде 25 фильм түсіріп, сол деректі фильмдер арқылы алты аштың ардақты азаматтарын ұлықтап, қазақ тарихының шынайы беттерін қайта жазуға түрткі бола білсем, соның бәрі Кәрім танаев, Сағат Әшімбаев, Мұса Рахманбердиев, Ғаділбек Шаяхметовтердің аялы алақандарының арқасында деп ойлаймын. Жоғарыда айтқан ағаларымның бірі қызметтен, бірі өмірден өткен соң түсіретін кино таппай, тоқырап, базар жағалап кеткенімді несіне жасырайын?!

Лирикалық шегініс

Осы жерге келгенде кейіпкеріміз ауыр күрсініп, қалың ойға батты. Оның бала-шағасын елден қалдырып, өзі «Қазақтелефильм» ғимаратындағы оператордың кабинасында тұрғандығынан хабардар едік. Нарықтық экономика шөміштен қысқан кезде, өнер адамдары базар жағалап кеткендері де рас. Бәлкім ол соны есіне алды ма екен? Біз оның көңілін ауламақ болып Мұстафа Өзтүрік туралы түсірген фильмі туралы сұрадық. Өзінің жанына жақын фильм туралы сұрағанымызда, жаны жадырап, жүзі жылып сала берді.

Бұл фильмді түсіру әсте ойымда болған жоқ. Кезекті іс сапардан келсем, сол күні түс ауа «Қазақтелефильмге» келсем, елдің барлығы дүрлігіп жүр. Баршаның айтатын әңгімесі: «Алматыға әйгілі каратэші Брюс Лимен бірге жаттыққан қандасымыз Мұстафа Өзтүрік келе жатыр». Режиссер Тілеген Ахметов сол азамат жайында кино түсіремін деп жанталасып жүр екен. «Қазақтелефильм» киностудиясының директоры Кәрім Танаев мені шақырып алып: «Сен түсіріп жүрген тақырыпқа келіңкірейді. Тілеген екеуің бірігіп, жақсы бір деректі фильм түсіріңдер», деп табыстады. Содан біз бірден әуежайға тарттық. Сол жерден қонақтарды күтіп алдық. Мұстафа өзімен бірге бір топ шәкірттерін ала келіпті. Екеуі қазақ, қалғандары түріктер. Солармен бірге Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарын араладық. Оны Тоқтар Әубәкіров, Иманғали Тасмағанбетов, Тұңғышбай Жамақұлов, Досхан Жолжақсынов, Талғат Теменов сынды азаматтар бастап алып жүрді. Қазір ол туынды Алтын қорда сақтаулы. Осы фильмді түсіру барысында, жоғарыда айтқандай, біз бірнеше аймақта болдық. Сонда бір байқағаным, елдің әкім-қаралары мен бай-манаптары Мұстафаға ат та мінгізді, шапан та жапты, қаржы да берді. Ол соның бірін де алмай, ел-жұртқа таратып берді. Сол аймақтардан таэквондо мектептерін ашты. Міне, нағыз «елім-жерім» деген азамат осындай болса керек.Қысқасы, мен оның бойынан адамзат баласына тән бірде-бір кінәрат таппадым.


«Қазақ әдебиеті» 23 ақпан 2008 жыл №52


Қазақтың қаласы

Алаштың ақадал азаматы мекендеген, ұлтшыл жүректері бір бағытта тоғысқан Алаш ұлдарының басын қосқан осы екі үйді, оларды ғана емес, қазақ тарихының бүтін бір кезеңін ғимараттарыменде , дерек көздеріменде сипаттап бере алар жәдігерлерді құшағына алып жатқан Орынбор қаласына «Қазақфильм» киностудиясы қызметкерлерімен барып қайтқан Қамбар Атабаевқа жолығып, аз-кем сұхбаттасудың сәті түсті.

Сізді Орынборға барып-қайтты деп естідік...

Оның рас. «Қазақфильм» киностудиясының өтінішімен орынбар қаласына барып келдік. Ола «Алаштың 12 - желтоқсаны» деген деректі фильм түсіруде. Сценариін жазған - белгілі журналист – Болат Мүрсәлім, режиссері – танымал деректанушы Қалила Омаров. Олардың айтуынша бұл біріншіден, Алашорда қозғалысына, екіншіден Алаш үкіметінің құрылуына байланысты деректі фильм болмақ. Алаш үкіметінің екі съезі де Орынборда өткен. Сондықтан фильмді түсіру барысында бұл қалаға бір соқпай өтпеуге болмайды.

2000 жылдың аяғында Орынбор қаласына ғылыми іс-сапар барысында Орынбор облыстық мұрағатында жұмыс істеп, Ахмет Байтұрсынов бес жыл бойы тұрған және Алаш үкіметінің қос съезі өткен үйді тауып, ғылыми түрде дәлелдеген едім. Сол мұрағат құжаттарына байланысты мақалаларымды деректі фильм түсірушілер оқып, хабарласты. Орынборға деректі фильмнің кеңесшісі ретінде болдым.

Біздің газетке берген мақалаңызда «осы екі үйдің алдына ескерткіш-тақат қойылса» деген тілегіңізді айтқан едіңіз. Одаг бері бес жыл өтті. Қос үйдің ең болмағанда біреуіне ескерткіш-тақта орнатылған болар?

Өзіміздің министрлікке, Орынбор облыстық губернаторына, Орынбор қаласының мэріне, екі аймақтың арасы жақын ғой деп Ақтөбе облысының әкіміне де хат жаздым. Барлығынан «ниетіңізді құптаймыз, жақсы бастама екен» деген хат алдым. Бірақ ешқандай тақта әлі күнге дейін қойылмады. Орынбор «қос үйді өзіңіз айтқандай тарихи уақиғалар болғанын құжаттық негізде дәлелдеңіздер, сосын өз қаржыларыңызға ескерткіш тақта орната беріңіздер, біздің ешқандай қарсылығымыз жоқ», - деді.

Ол үйлерде шынымен де «Қазақ» газеті шығып, Алаш Үкіметінің съезі өткені дәлелденген жоқ па?

Дұрыс айтасың. Көзіқарақты оқырман онымен жақсы таныс десек те, дәлелдің аты дәлел ғой. Сондықтан, сол деректерді тағы да бір келтіре кетейін.

Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген қазақ басапсөзін Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде зерттеу барысында, Орынбор облыстық мұрағатының 10-шы қорынан А.Байтұрсынов пен М.Дулатов құрған «Азамат» серіктігінің шарттарының түпнұсқасын таптық. Шарт 1913 жылы желтоқсан айында орыс және қазақ тілінде, Орынбор қаласындағы Керимов-Құсайынов баспаханасында басылып шыққан екен.Міне, сол шартты 3548 нөмірімен тіркеген нотариус серіктікті ашқан адамдардың мекен-жайлары туралы: «А.Байтұрсынов – Орынбор қаласы, Гришковская көшесіндегі Дмитриеваның үйінде, М.Дулатов – Поцецувевский бұрылысындағы Абрамованың үйінде тұрады» деп жазған /Ор. ОММ. 10к., 10/17 іс, 46 п/. 1867 жылы жасалған Орынбор қаласының картасында бұл көшелердің 27-ші квадратқа жататыны және екеуінің бір-бірімен қиылысатыны көрсетілген. Ал, «Қазақты» шығарушылар газеттің мекен жайы туралы: «Алдырушыларға адрес мынау: Оренбург, ул. Гришковская, дом Дмитриевой. Редакция газеты «Казак» деп көрсеткен. Демек, газет редакциясы А.Байтұрсынов тұрған үйде орналасқан. 1916 жылы жарық көрген Орынбор қаласы көшелерінің анықтамасынан бұрынғы Гришковская көшесінің қазіргі Чичерин көшесі екені, ал Поцецуевский бұрылысының қазір «Хозяйственный» деп аталатынын анықтадық. Бұл мәліметтердің дұрыстығын, сол анықтаманың авторы, өлкетанушы В.В.Дорофеев те растады.

Ал, енді, Гришковская көшесіндегі Дмитриеваның үйінің дәл қай үй екенін анықтау үшін аталған көшеде тұратын байырғы орынборлықтармен кездестік. Ондаған адаммен әңгімелесу нәтижесінде өзімізге қажетті жанды да таптық. Балалық шағын сол көшелерде өткізген, қазіргі Әскери-теңіз флотының запастағы екінші ранглі капитаны, зейнеткер, қазаққа жиен башқұрт жігіті И.Г.Алишев, А.Байтұрсынов тұрып, газет шығаратын үйді жақсы білетінін айтты. Қазақтардың осы үйді ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір іздеп келетініне сенгенін айта отырып, ол өз естігендерін жазбаша түрде жеткізуге келісті. Алишевтің нағашы атасы Болатов Кенжалы - Чичерин көшесіндегі 75 – үйдің бірінші қабатында А.Байтұрсыновтың жұмыс бөлмесінде талай рет болып, сол жерден Шалқар қаласына тарату үшін «Қазақ» газетін алып тұрған екен. 1886 жылы дүниеге келіп, 1983 жылы 97 жасында қайтыс болған. Кенжалы Болатов уағында Шалқар қаласындағы «Қазақ» газетін таратушы өкіл міндетін атқараған. Ол кезде газет таратудың мұндай тәсілі кеңінен қолданылған. Орынбор қаласы мен Шалқар қалаларының арасында сауда ісімен айналысқан. Қ.Болатовтың бұл іске лайық адам болғаны және өз білгендерін немересіне айтуы әбден мүмкін екені даусыз. Демек, Алишев көрсеткен қазіргі Чичерин көшесі, 75 үйде 1913-1918 жылдар аралығында А.Байтұрсынов тұрып, «Қазақ» газетін шығарғаны анық. Ал, екініші үйді еш қиындықсыз-ақ, сол жылдары шығып тұрған жергілікті газеттерді қарау арқылы анықтадық. Мысалы, «Южный Урал» газетінің 1917 жылғы 75-нөмірінде «Второй общекиргизский съезд, в состав до 70 участников и делегатов открылся 5 декабря в бывшем областном Правлении на углу Введенской и Орской ул. Где проходил и первый съезд 21-25 июля… 11 декабря съезд принял чрезвычайно важное решение Киргизской Федерации» деп жазылған. Демек, қазақ халқының өміріндегі аса маңызды үш бірдей уақиға болып өткен үй – Введенский және Орский көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы облыстық Басқарма үйі.


Қазақ әдебиеті 25.12.2008 жыл

«Әлиханды көріп, көзайым боласыздар»

Газетіміздің өткен санында тарихшы Қамбар Атабаевпен сұхбатымызда «Қазақфильм» киностудиясы Алаш тақырыбына арнап деректі фильм түсіріп жатқанынан хабардар еткенбіз. Ол киноны түсірудегі мақсат пен жаңалықтарды білу үшін режиссер Қалила Омаровқа телефон соқтық.

Деректі фильмдегі басты идея не еді?

Алаш тақырыбын ат үсті қарамай, әр оқиғасына нәзік үңілуді қажет ететін тақырып. Сценарий авторы Болат Мүрсәлім екеуміз фильмді Алаштың саяси қызметіне арнуды жөн көрдік, өйткені 40 минөттік фильмге Алаштың бүкіл тарихын сыйдыру мүмкін емес.

Біріншіден, Алаш автономиясы 1917 жылдың 12 желтоқаны күні жарияланып, 1920 жылдың 5 наурыз күнгі ҚазРевкомның қаулысымен ресми түрде таратылғанға дейін 2 жыл 3 ай өмір сүрген. Яғни Алаш автономиясының Алашорда үкіметі Кеңес үкіметі тұсында ең ұзақ өмір сүрген мемлекеттік құрылым.

Екіншіден, Француз Республикасының «Бостандық, теңдік, туысқандық!» ұранын үлгі еткен Ә.Бөкейханов бастаған қазақ саяси элитасының арманы – демократиялық негіздегі Бірінші Қазақ республикасын құру болатын. Кенесарының ұлы бұлғағынан соң 70 жыл (1847-1917ж.ж) мемлекеттілігінен айырылып, Жоңғария сияқты жер бетінен құрып кету қаупі төніп тұрған мемлекетті республика үлгісінде қайта қалпына келтіру сол заман үшін ұлы арман.Бұл ауыр тағдырлы, жалалы заман еді. Сол уақыттарда еуропадағы жиырма мемлекеттікң тек екеуі – Франция мен Швейцария ғана республика, қалғандарының бәрі монархия болғанының өзі-ақ қазақты жалпы адамазаттық көштің алдыңғы қатарына шығаруды мұрат еткен Алаштың саяси дайындығының қандай биік деңгейде болғандығын көрсетсе керек.

Үшіншіден, олардың күресінің түп мәнісі – қазақтың жерін сақтап қалу, өзге елдермен шекарасын анықтау. 1924 жылғы ұлттық шекараларды межелеуде Алаштың саяси элитасы ұсынған меже толық басшылыққа алынғаны тарихи ақиқат. Бұл мәселеде тікелей Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсынұлының, Ә.ермековтің еңбегі зор. Және Алаш күресінің оған дейінгі қазақтың 300-ге тарта ұлт азаттық күресінен басты айырмашылығы, оның интеллектуалдық сипатта болуында. Олардың қашанда ресейлік емес, еуропалық әсіресе, француз демократиясы дәстүріне сүйенуінде. Бұған бір ғана дәлел – Қазақ гезетінің эмблемасындағы киіз үй түңлігінің еуропа жағынан ашылуы. Ахмет пен Міржақыптың жазуына қарағанда, «қазаққа сәуле еуропаның өнерлі жұртынан түссін» деген. Бұның бәрі сценарий авторы ұсынған тұжырымдама.

Кино Орынбор қаласынан өзге қай аймақтарда түсірілді?

Енді оны кино тілінде көрсету үшін сценарийімізді қолға алып дегендей, бір жолға шықтық. Алаштың ізі қалған Орынбор, Петербор, Семей қалаларына бардық. Сол жерлердегі Алаш зиялыларына қатысты әрбір үйді түсіріп, Алаш тақырыбын зерттеп жүрген өзімізді ғалымдарды, ресей тарихшыларын сөйлеттік.Бұл арада біз Алаштың саяси қозғалысының әрбір сәтін әңгімелеп беріп, ғылыми кеңесшілік жасаған Мәмбет Қойгелдіге, Орынбордағы қасиетті қара шаңырақ «Қазақ» газетінің редакциясы орналасқан үй мен «Алаш» партиясы, Алаш орда үкіметі құрылып, Алаш автономиясыжарияланған үйге ертіп апарған Қамбар Атабаевқа екі-ақ жыл боса да, қазақтың деократиялық негізінде бірінші үкіметінің астанасы атанған Семейдегі алаш қаласына апарып, Алашорда үкіметі орналасқан үйді көрсеткен Ерлан Сайлаубайға арнайы алғысымызды білдіруіміз керек.

Көрерменге тосын сыйлықтарыңыз бар деп естідік?

Фильмнің ең басты табысы - Әлихан Бөкейхановтың бейнетаспаға жазылып аланған тірі бейнесін табуымыз дейге болады. Сценарий авторы Болат Мүрсәлім Орталық бейне мұрағаттан Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының тірі бейнесі жазылған кадрларды тауыпты. Ол 1925 жылы астананың Қызылордаға көшіне байланысты екі деректі фильм түсіріпті. Сол жеорд Алаш қайраткерлірінің болмауы мүмкін емес деп айтып жүрген. Ешкім болмады дегенде, С.Қожанов, А.Байтұрсынов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов сияқты Халық коммисариатында алашордашылар болуы мүмкін деген. Десек те, біздің тапқанымыз қазақстандық режиссерлердің түсірген карлары. Сапасы өте жақсы деуге келеді. Ал, Болат Мүрсәлімнің айтуына қарағанда, Мәскеудің «Культкиносы» түсірген «ҚазАССР-нің V съезі» (Қызылорда 1925 жыл) деген екінші деректі фильм болған. Ол фильм ресейлік мұрағаттардың бірінде жатқан да шығар. Ол съезге Алаш қайраткерлерінің түгелге дерлік қатысқаны белгілі. Оны іздеп тауып, сатып алуға біздің фильмнің ақшасы жетпді. Бұндай құнды деректерді сатып алуға үкімет көмектесуі керек. Тіпті, үкімет Алаш тарихына қатысты деректі фильмдер сериясын, «Мұстафа Шоқай» сияқты көркем фильм түсіруге қаржы бөлуі тиіс деп ойлаймын.

Енді фильмді сөзбен айтпайды, оны көреді. Қалай шыққанына халық қазы. Бірақ қалай болғанда да, Әлиханды көріп, көзайым боласыздар.

Әңгімелескен Қарагөз Сімәділ

Япырай! 2009. - № 4.

Алашорда


Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ – ның «Алашорда» деректі фильмі Алаш қайраткерлерінің ізімен Орынбор, С.Петербор, Семей, Алматы қалаларында түсірілді.

Алаштың түп мақсаты – патшалық отарлау саясатының кесірінен империялық губернияларға бөлшектеніп кеткен қазақ жерін тұтастандыру, сол территорияның негізінде мемлекеттілікті қайта қалпына келтіру болатын.

Алаш қайраткерлерінің патшалық өкіметке қарсы интелектуалды күресі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә. Ермеков, С.Қожанов сияқты Алаш қайраткерлерінің В.Ленинмен И.Сталинмен 1920-24 жылдардағы келіссөздерінің нәтижесі қазақ елін Одақтас республика ретінде тануға, оның шекарасын қазақ қоныстанған жерлер шегінде нақты межелеуге алып келді. Қазіргі Қазақстан Республикасының шекарасы осы территория негізінде делиметацияланды.

Сол кездегі алты миллион қазақтың басын қосып демократиялық бағыттағы республика құру жолындағы күресте «ағаларының ағасы», тұтас жұрттың панасы бола білген «бір һәм бірінші қазақ» («Қазақ»газеті) Әлихан Бөкейханов еді. Кеңес өкіметі орнап, саясаттан шеттетіліп, 15 жыл (1922-37ж.ж) Мәскеуде бір бөлмелі пәтерде үй қамақта отырған шағындада Әлихан өзінің көшбасшылық саяси миссиясын атқарып отырды. Сталин: «Мәскеуге келген қазақ зиялылары алдымен Кремльге емес, Бөкейхановқа барып сәлем береді» деп ашуланған шағында Ә.Бөкейханов маңынан Н.Нұрмақов, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан сияқты қазақ зиялылары табыла білген. Фильмде Ә.Бөкейхановтың осындай саясаткерлік рөліне үлкен маңыз берілген.

«Алаш Орда» деректі фильмінде алаш қозғалысына қатысты бірнеше тарихи ғиматар тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылады. Сондай тарихи ғимараттың екеуі Орынбор қаласында орналасқан. Профессор Қ.Атабаев тауып, дәлелдеген бірінші үй – «халықтың құлағы, көзі һәм тілі» болған «Қазақ» газетінің редакциясы (1913-18 ж.ж) орналасқан үй. Екінші ғимарат – 1917 жылы І және ІІ жалпықазақ съездері өтіп, «Алаш» партиясы, Алаш Орда үкіметі, Алаш автономиясы дүниеге келген қара шаңырақ. Әлімхан Ермековтің: «Желтоқсанның 12 күні, түс ауа, сағат үште дүниеге келген «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаш баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Автономия бізге өмірлік мақсат еді. Жасасын Алаш автономиясы!» («Сарыарқа» газеті, 22 қаңтар, 1918 жыл) деп, сүйінші мақала жазуына себепкер болған осы үй. Бүгінгі күні ғалымдар осы екі үйге ескерткіш тақта орнату туралы ұсыныс айтып отыр.

Семей қаласының бір бөлігі (Қазіргі Жаңа Семей) 1916-20 жылдары ресми түрде Алаш қаласы атанғаны белгілі. Фильмде көрсетілетін тағы бір ғимарат осы Алаш қаласындағы Алаш Орданың орталық үкіметі (1918-20 ж.ж) орналасқан үй. Өкінішке қарай, зиялы қауымның Жаңа Семейге «Алаш қаласы» атты тарихи атауын қайтару туралы ұсынысы да жергілікті билік тарапынан қолдау көрмей келеді.

Фильмді түсіру барысында Қазақстан Республикасының КиноФотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған құнды пленкадағы бейнелер туралы пікір талас баспасөз бетінде жарияланды. Тарихшылар кинопленкадан Жалау Мыңбаев, Нығмет Нұрмақов, Ұзақбай Құлымбетов сияқты Алаш азаматтарын анық танып отыр. Өзге тұлғаларды тану мәселесі әлі жалғасуда.

Толықметражды «Алаш Орда» деректі фильмі 2008 жылдың қыркүйегімен 2009 жылдың ақпан айы аралығында түсірілді. Фильмнің ұзақтығы 52 минут.

«Алматы ақшамы» 15 қаңтар 2009 жыл № 5


Сүйінші! Әлихан Бөкейхановтың төл бейнесі кинохроникадан табылды


«Алаш Орда» фильмінің бірден – бір табысы, жас та болса, осыған үлкен еңбек сіңіріп отырған, фильм сценарийінің авторы Болат Мүрсәлімнің Алматыда Қазақстан Респуьликасының мемлекеттік Орталық Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатындағы кинокадрлардың ішінен қарап отырып, мұрағат қызметкері Ләззат Ақтаевамен бірге ізденісінің нәтижесінде қолға түсірген Бөкейхановтың бейнесі түсірілген кадр болып отыр. 1925 жылы Қызылордада Кеңес үкіметінің 5 жылдығына арналған жиналыс болған. Яғни астанамыз Орынбордан Ақмешітке көшіп келгеннен соң өткен осы жиналыста президиумда Жалау Мыңбаев сөйлеп тұр, тағыбасқалар бар, сол жерде отырған Әлихан Бөкейхановтың кинохроникадағы бейнесі табылды. Бұл кадр – Қазақстан үкіметінің мұрағатында сол кезден бастап сақталынған. Және Мәскеудегі мұрағатта да сақталыпты. Яғни екі нұсқасы табылып отыр. Екеуініңі сақталыну сапасына байланысты сәл ғана айырмашылық бар. Біз екеуін де сатып алдық. Кеңес үкіметі идеологиялық тұрғыдан өздерін қатты насихаттайтын болғандықтан өткізген шараларының барлығын кинохроникаға түсіртіп отырған. Ол кезде теледидар жоқ.

1922 жылы Әлихан Бөкейханов Семейде ұсталады. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановқа патшалы Ресейде қарсы болды, кеңес үкіметі де қарсы болды. Патшалы Ресей Әлиханды 1908 жылы соттап, Воронежге өмір бойына жер аударды ол содан қазақ жеріне келе алмады. Енді қараңыз, Патшалы Ресей құлағаннан кейін, ол қоғамдық өмірге қайта араласа бастады. Енді 1922 жылы Әлиханды Кеңес үкіметі қайтадан тұтқындап, өмірінің соңына, 1937 жылға дейін Мәскеуде мырзақамақта ұстайды. Бірақ мына қызықты қараңыз, құдай жарылқаймын десе әйтеуір бір жерден жарылқайды-ау. Большевиктердің Қазақстандағы 1925 жылғы тойына Әлихан Бөкейхановтың келуіне рұхсат берілген сияқты. Және кинокадрда мынандай қызық жайт бар. Патшалы Ресейдің Думасындағы депутаттар болсын, біздің Әлихандар болсын бәрі бір тектес болды. Киім киістері, аристократиялық жүріс – тұрыстары бір – біріне ұқсайды. Кейіннен олар Ленинмен, Сталинмен қарым – қатынасқа шыққан кезде Әлекеңдердің, Ахандардың ақсүйек екені көрініп тұрды. Дәл сол сәтте, яғни 1925 жылғы тойға Әлекең келеді. Үстіне ақ плащ киіп алған, өзі жас, сұлу әдемі мұрт қойған. Ал большевиктер жетекшілерінің бәрі қарабайыр киінген. Олардың ортасында Әлихан ерекше көрінеді. Большевиктер бұл билікті өз қолдарына алғандықтан, президиумда отыр. Бірақ сол тойға келген Әлекеңнің абыройының жоғарылығы соншалықты, оны залға отырғызуға сескенген болар, мүмкін ұялған шығар.... Екінші жағынан президиумның ортасына отырғызып қоюға тағы кеңестік көзқарасқа қайшы болады. Сондықтан Әлихан Бөкейхановты прездиумның жанына отырғазған. Мінбеніңң қасына жеке бір үстел мен орындық қойғызып, сонда отырғызған екен. Осы арада тағы бір қызықты деталь бар. Кеңес әнұраны ойналған кезде барлық большевиктер орындарынан түрегеліп тұрған, ол кісі қолын қалтасына тұрады да қояды. Осының өзі алашордашылардың мінезін көрсетіп тұрған сияқты. Бұл жерде Әлекеңнің шығып сөйлегені көрсетілмеген. Мүмкін сөйлеген де болар...

Осы кадрдағы Әлиханның өзі екені танылған соң, бұл – біздің фильм үшін үлкен қуаныш, олжа болғанында сөз жоқ.

«Қазақстан» 15 қаңтар 2009 жыл № 1.


Әкім Нығметуллин мойындайтын

Әлихан қазағымен қайта қауышпақ

«Қазақфильм» киностудиясында түсіріліп біткен режиссер Қалила Омаровтың «Алашорда» атты деректі фильмінде Алаш қайраткерлеріне қатысты бұрын еш жерде жарияланбаған тың деректер көрсетілетін болды. Фильмнің ерекшелігі сонда – мұнда Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың көзі тірісінде жазылып алынған кадрлары тұңғыш рет пайдаланылып отыр. Алаш қайраткерлерінің артында ешқандай мұра қалмады. Бәрі жойылды, тарихтан өздерімен бірге өшті. Алайда, лықсып ьарып басылған жалынның бір жұрнағы бәрі бір қалатыны секілді, арыстардың да саусақпен санарлық мұрасы сан жылдардан кейінәр жерден бой көрсеіп қалуда. Бұл да сондай жайттың бірі. Тың деректерді табуда сценарист Болат Мүрсәлімнің еңбегі зор. Орталық архивтен бұрын пайдаланылмаған кадрларды тауып, көрермен назарына ұсынылғалы отырған сценарий авторы Болат Мүрсәлімді біз аз кем әңгімеге тартқан едік:

Болат бұл жаңалығыңыз қамкөңіл жүрген халыққа тамаша тарту болды...

Бұл ақпаратты кімнің қалай қабылдайтыны әлі белгісіз. Бірақ, өзім үшін ерекше нәтижелі ізденіс болды. Бұл кадрлар 1925жылы Қызылордада ҚазАКСР-нің бес жылдығын тойлау кезінде түсірілген екен. «Востоккино» түсірген осы хроникада Алаш қайракерлері болмауы мүмкін емес деп іздеп, мұрағатқа барғанымызда, орталық кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты директорының орынбасары Ләззат Ақтаева бұл хроникада Ахаң – Ахмет Байтұрсынов бар еді. Сөйтсек, төрдегі президиумда сол уақыттағы қазақ ұлтының саяси көсемі Әлихан Бөкейханов отыр.

Бұл той қазақ халқы үшін ерекше қуаныш болғаны бәрімізге аян. Өйткені бұрын Ресей патшалығы бізді кемсітіп, «кингиз» атап келген болса, «Қазақ» газетін шығарған Ахаңдардың бастамасымен 1925 жылдан біз қайтадан «Қазақ» деген атымызды алып, өзіміз де, өзге де бізді қазақ деп атайтын болды. 1924 жылы қазақ қоныстанған жердің негізінде шекарамыз бекітілді. Бұл істе де Ахаң мен Әлімхан Ермековтің ермегі зор болған. Бұған қоса, астанамыз Орынбордан қазақтың өз арасына – Қызылордаға көшті. Алаш зиялыларынан: «Бұрын «Алашорда» едік, енді «Қызылорда» болдық, ең бастысы шекарамызды бекітіп, ордамызды бүтіндедік» деген сөз қалған.

Байтұрсынов ол кезде қандай қызметте еді?

Ахмет Байтұрсынов ол уақытта Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте. Сондықтан, Ахаңның ол тойда болуы заңды да шығар. Бірақ, Кеңес үкіметі кейіннен «халық жауы» атаған Бөкейханов неге Қазақстанның бірінші басшысы Жалау Мыңбаевпен бірге президиумда отыр? Тарихтан білетініміз, Әлихан Бөкейханов бұл уақытта (1922-37ж.ж) Мәскеуде граф Шереметьевтің үйіне саяси сеімсіз тұлға ретінде «үй тұтқыны» болып отырған. Дегенмен, қазақтың мемлекеттік мәселелерін қай-қайсысы болсын Әлихансыз шешілмейтін. Қазақ елінің билік басында жүргендер, Мәскеуге барғанда әуелі Кремльге емес, Әлихан Бөкейхановқа барып жолығатын. Әлихан да елдік мәселелер туралы Қазақстан басылымдарына мақала жазып, оған лақап ат емес, сұрақ белгісін (?) қойып отырған. Сондықтан біздің ойымызша ұлттың саяси көсемі Әлихан Бөкейханов бұл тойға құрметті қонақ ретінде шақырылған сияқты. Анығын тарихшылар айтар.