«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл

Вид материалаДокументы

Содержание


Алаш орда қайраткерлерінің ізі қалған Орынбордағы үйді мұражайға айналдыру керек
Біз бүгін оқырманға берген уағдамызға сай «Алаш Орда» фильміне тоқталғалы отырмыз.
Автономия 2 жыл, 3 ай өмір сүрді
Фильмде Алаш Орда зиялылары мен кеңестік қайраткерлердің ара қатынасына тоқталды
Фильм соңы тәуелсіз Қазақстанмен аяқталуы мүмкін
Мәриям Әбсаттар.
Сергей Әзімов, документалист-режиссер
Аға, ашығын айтыңызшы, айлықтарыңыз қанша?
Жаңа фильм көрерменге жол тартпақ
Фильмнің режиссері және операторы – Қалила Умаров, сценарий авторы – Болат Мүрсәлім.
Подобный материал:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

«Алматы ақшамы» 17 қаңтар №6. 2009


Алаш орда қайраткерлерінің ізі қалған Орынбордағы үйді мұражайға айналдыру керек


Қалила Омаров, «Алаш Орда» деректі фильмінің режиссері:

«Алматы ақшамы» басылымы өткен санында оқырман қауымын ақжолтай хабармен қуантқан болатын. (Қараңыз: «Сүйінші! Әлихан Бөкейхановтың төл бейнесі кинохроникадан табылды», № 5 (4096), 15 қаңтар, 2009 жыл). Яғни Алаш Орда қозғалысының жетекшісі Әлихин Бөкейхановтың 1925 жылы сол уақыттағы ел астанасы Ақмешітте кинохроникаға жазылып қалған бейнесі 85 жыл шамасында мұрағаттан табылып, туған жұртымен қайта қауышты. Бұл кадр жуырда түсірілімі аяқталғалы отырған «Алаш Орда» фильміне пайдаланылды. Кинохроникада сонымен қатар Жалау Мыңбаев пен Санжар Асфендияров та көрсетіледі. Бұл – Тәуелсіздік жолында күрескелікпен жазылған тарихтың үлкен олжасы екенінде дау жоқ.

Біз бүгін оқырманға берген уағдамызға сай «Алаш Орда» фильміне тоқталғалы отырмыз.

Алаш тақырыбы – шығармашылығымның алтын өзегі

«Алаш Орда» деректі фильмі мемлекеттік тапсырыспен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бастамасы бойынша түсіріліп жатыр. Және ел Үкіметінің «Алаш Орда қозғалысының 90 жылдығы» аясында атқарылып жатқан ең маңызды шараларының бірі деуге болады. Бұл дүние тікелей Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің араласуымен жасалынып жатыр.

Алаш тақырыбы – мен үшін шығармашылығымның алтын өзегі десе де болады. Өйткені, 1990 жылдары Алаш қайраткерілерінің өмірі мен шығармашылығының жарыққа шығаруға жағдай туған соң, мен алғаш Мағжан Жұмабаев туралы фильм түсірдім. Одан кейін «Міржақыптың оралуы» дейтін фильм түсірдік. 1994 жылы «Алаш туралы сөз» фильмін жарыққа шығардық. Мұның бәрін біз «Қазақфильм» киностудиясында түсірдік. Енді 1994 жыл мен 2008-09 жылдардың айырмашылығын айтайық. 90 жылдардың басындағы фильмдерде біз 50-60 жыл халықтан аластатылып, ұлттың санасынан жойыла бастаған алаш қайраткерлерінің өмірі мен тағдырын арқау еттік. Ол кездерде алаш қайраткерлерінің көзі тірі жұбайлары мен балалары, ұрпақтары көбірек болатын. Бұл жайт біз сияқты ізденушілерге көбірек болатын. Бұл адамдардың көмегімен, яғни айтылған естеліктерімен Алаш күресі жүрген уақыттың ішкі иірімдерін ашуға бірқатар мүмкіндіктер оңтайынан келіп жатты. 90 жылдар – Алаш қозғалысын зерттеуге тарихшыларымыздың енді ғана барып жатқан кезі еді. Сол уақыттарда халыққа белгісіз жәйттарды жеткізу үшін көптеген ақтаңдақтар айтылды. Қазір - 2009 жыл. Мен бұл тақырыпқа көптеген жылдардан кейін қайта оралып отырмын. Менің бұл түсірілімдегі ең басты олжам – фильмнің жас сценарий жазушысы – Болам Мүрсәлім. Киноның алғашқы идеясын ең бірінші қолға алған осы жігіт болатын. Өзі «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етеді. Жас та болса, көп ізденушілігінің арқасында менің қолыма өте бір кең ауқымда және Алаш тақырыбын өте бір ыждақаттылықпен зерттеген адмның жазған сценарийі түсті. Бізде сценарийлер көбінесе үстірт жазылады ғой. Фильмді түсірмес бұрын Болат екеуіміздің уағдаласқан жағдайымыз бар еді. Алаш қозғалысы және оның көсемі Әлихан Бөкейхановты бір ұстын деп алайық, екінші жағнда Түркістан идеясы, оның қайраткері – Мұстафа Шоқай. Ал енді осылардың бүкіл өмірін арнаған идеялық қозғалыстарының біріншіден, патшалық Ресеймен арақатынасы, екіншіден большевиктермен, Кеңес үкіметімен байланыстары бізді қызықтырды. Біз ойымызды осы жөнінде өрбітсек, кино тақырыбын ашамыз деп ойладық.

Кенесары ханнан кейін Қазақстанда мемлекеттілік жойылды да, 70-80 жыл елімізде мемлекеттік құрылым болған жоқ. Хандық билік толықтай жойылып, бодандыққа енгеннен кейін жеріміз түгелдей патшалы Ресейге қарады. Кіші жүз жерінің барлығы Орынбор губерниясына, Сарыарқа жағы Омбы губерниясына, Жетісу жағы ташкент губернаторлығына бағынышты болды. Бір орталыққа бағындырмаудаң арқасында, Ресей қазақтарды өз ықпалына күштеп көндірді. Тарихтан білесіздер, кезінде өте қуатты Жоңғар мемлекеті болды. Сол мемлекет Қытай мен Ресейдің қыспағынан тарих сахнасынан жойылып кетті. Яғни бізде де сондай қауіп тұрды. Сондықтан Әлиханның да, Мұстафаның да жасаған іс әрекеттері осындай қауіпке жол бермеу болатын. Әрине, Мұстафа бүкіл түркі әлемі деп кең ауқымда кетіп қалды да, Әлихан алдымен қазақ жерін біріктіруді мақсат тұтты. Және оған ғұмырын арнады. Осы тұрғыдан алғанда барлығы Ресеймен ара қатынастағы жағдайды реттеу болатын.

Патшалы Ресейден кейін билік басына орныққан большевиктік Ресей де сол саясатты ары қарай жүргізді. «Социализм, демократия» деп даурыққанымен іс жүзінде диктатураға сүйенген мемлекет құрды. Біз бастапқыда үштаған ретінде, бір жағында Ресей, бір жағында Әлихан, бір жағында Мұстафаны алмақ едік. Фильм түсірер кезде «Қазақфильм» студиясында Мұстафа туралы көркем фильм дүниеге келді де, бізге Мұстафа туралы айтуға жағдай болмай қалды. Себебі, фильмнің материалдық ауқымы тым кеңейіп кететін болды. Сондықтан біз тек Алаш Орда қозғалысын ғана алдық.

Автономия 2 жыл, 3 ай өмір сүрді

Негізі, саяси қозғалыс 1905 жылы Қарқаралыдағы саяси петициядан басталды ғой. Одан кейін Мемлекеттік Думаға араласып, депутаттыққа сайланды, одан кейін «Қазақ» газеті шықты, мұның бәрі біздің фильмде тек кіріспе есебінде қалдырылды да, негізінен Алаш Орда автономиясын жариялау, бүкіл жердің бәрін біріктіру турасында, Алаш Орда күрескерлерінің Мәскеуде Ленин және Сталинмен қалай араласып, автономияны қалай құрғаны жөніне тоқталдық. Автономия 2 жыл, 3 ай өмір сүрді. Патша құлағаннан кейін Ресейде 30-40 автономия жарияланған екен. Олардың барлығы дерлік алды бір айдан, арты алты айдан, бір жылдан артық өмір сүрмеген. Қарап отырсаңыз, сондағы ірі мемлекеттер Украина, Кавказ төңірегі сынды Еуропалық елдердік автономиясы бір ай, алты ай өмір сүрген уақытта, Алаш Орда автономиясы екі жыл, үш ай өмір сүреді. Оның ең басты жетістігі неде? Бұл автономияның ең үлкен жемісі – қазақ елінің меншігі болып саналатын осы жерді біріктіру болатын. Алаш қайраткерлері осы жерлердің бәрін біріктірді. Және Ленин, Сталин бастаған Кеңес үкіметі Алаш Орда қайраткерлерін мойындады. Бұл Алаш зиялыларының қазақ даласындағы абыройының жоғарылығынан туған мәжбүрлік еді. Кейін Ленин мен Сталин сөздерінен тайқып кеткен соң, алашордашылар халықты бекерге қырғызбас үшін өз әскерімен, басқа да Алаш үкіметінің дүние – мүлкімен Кеңес билігіне берілді. Өйткені Алаш Ордада бес мың әскер болғанымен, қызылдар жан - жағының барлығын жайпап, жойып келе жатыр еді. Сонымен қатар 1920 жылдары да қазақ даласында ашаршылық болып, 1миллиондай қазақ қырылып кетті. Сондықтан да алашордашылар осы компромисске барды.

Бертін келе ашылған тағы бір жайт, сол кезде Қазвойнревком құрылды да, оның басшысы болып Песковский, екінші бастығы болып Ахмет Байтұрсынов бекітілді. Сол кездің өзінде біздің Қостанай уезін ешкімге айтпай Ресей өзіне алып қойған болатын. Оны бұлар қайтарды. Семейде де жерге, шекараға байланысты үлкен сұрақтар туындада. Оны да алашордашылар жеңе білді. Бұл мәселе Оралда да орын алды. Алашордашылар Кеңес Одағының ішіне енсе де, Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсыновтар, бүгінгі Қазақстанның шекарасын сол кезде сақтап қалды. Фильмдегі ең бірінші көтерілетін мәселе осы жағдай. Яғни, қазақ мемлекеттігінің 70-80 жылдан кейін қайта құрылуы, қалпына келтірілуі, екіншіден жан – жаққа шашырап кеткен жердің біріктірілуі тақырыпқа өзек болды.

Әлекеңнің саясаткерлігі, даналығы, лидерлігі және ол кісінің жасаған Алаш автономиясының мемлекеттік құрылымы жалпы еуропалық мемлекеттердегі республикалық жүйеге негізделген еді. Фильмде бұл ашылып айтылады.

Фильмде Алаш Орда зиялылары мен кеңестік қайраткерлердің ара қатынасына тоқталды

Империя қай уақытта да өзінің қол астындағы мемлекетті дамытуға ықыласты емес. Кім өзінен асып кеткенін қалайды? Сондықтан неше түрлі құйтырқы саясаттар да жасалады. Және ұлттық интеллегенция сол империя саясатының арқасанда екіге бөлінеді. Яғни, бірі өзінің ұлты үшін кәдімгі үлкен зиялы қауым болып саналатьн, екіншісі сол кеңестік биліктің номенклатурасына айналған зиялы қауым өкілдері болды. Оның басында әрине Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Сейітқали Меңдешов сынды қайраткерлер тұрды. Біз бұлардың да ара қатынастарын фильмде мүмкіндігінше құжаттар арқылы бердік. Өйткені Алаш қайраткерлері үлкен саясаттан кеткеннен кейін сахнаға жаңағы таптық көзқарастағы қайраткерлер шықты. Қазір кеңестік қазақ қайраткерлеріне байланысты ой-пікірлер екіге жарылып, ғылыми тартыста жүріп жатыр. Сондықтан маған бұл тақырыпқа соқпай кетуге мүмкіндік болмады.

Қапездің «Қоштасу» әні пайдаланылды

Әрине, фильмнің эмоциялық образына музыка іздедім. Көптеген әуендерді қараған ізденісімнен соң әнші Рамазан Стамғазиевпен жолығып, оның бір әнін фильмге пайдаланып отырмыз. Бұл – Қапездің «Қоштасу» әні. Қапез Байғабыловтың өзі 1937 жылы атылды. Осы ән фильмнің ауқымдылығы мен әсерлілігін арттырып, терең бір сезімдерге жетелеп отырады.

«Алаш Орда» фильмінің бірден – бір табысы, жас та болса, осыған үлкен еңбек сіңіріп отырған, фильм сценарийінің авторы Болат Мүрсәлімнің Алматыда Қазақстан Респуьликасының мемлекеттік Орталық Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатындағы кинокадрлардың ішінен қарап отырып, мұрағат қызметкері Ләззат Ақтаевамен бірге ізденісінің нәтижесінде қолға түсірген Бөкейхановтың бейнесі түсірілген кадр болып отыр. 1925 жылы Қызылордада Кеңес үкіметінің 5 жылдығына арналған жиналыс болған. Яғни астанамыз Орынбордан Ақмешітке көшіп келгеннен соң өткен осы жиналыста президиумда Жалау Мыңбаев сөйлеп тұр, тағыбасқалар бар, сол жерде отырған Әлихан Бөкейхановтың кинохроникадағы бейнесі табылды. Бұл кадр – Қазақстан үкіметінің мұрағатында сол кезден бастап сақталынған. Және Мәскеудегі мұрағатта да сақталыпты. Яғни екі нұсқасы табылып отыр. Екеуініңі сақталыну сапасына байланысты сәл ғана айырмашылық бар. Біз екеуін де сатып алдық. Кеңес үкіметі идеологиялық тұрғыдан өздерін қатты насихаттайтын болғандықтан өткізген шараларының барлығын кинохроникаға түсіртіп отырған. Ол кезде теледидар жоқ.

Әлкеңдердің, Ахаңдардың ақсүйек екені көрініп тұрды

1922 жылы Әлихан Бөкейханов Семейде ұсталады. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановқа патшалы Ресейде қарсы болды, кеңес үкіметі де қарсы болды. Патшалы Ресей Әлиханды 1908 жылы соттап, Воронежге өмір бойына жер аударды ол содан қазақ жеріне келе алмады. Енді қараңыз, Патшалы Оесей құлағаннан кейін, ол қоғамдық өмірге қайта араласа бастады. Енді 1922 жылы Әлиханды Кеңес үкіметі қайтадан тұтқындап, өмірінің соңына, 1937 жылға дейін Мәскеуде мырзақамақта ұстайды. Бірақ мына қызықты қараңыз, құдай жарылқаймын десе әйтеуір бір жерден жарылқайды-ау. Большевиктердің Қазақстандағы 1925 жылғы тойына Әлихан Бөкейхановтың келуіне рұхсат берілген сияқты. Және кинокадрда мынандай қызық жайт бар. Патшалы Ресейдің Думасындағы депутаттар болсын, біздің Әлихандар болсын бәрі бір тектес болды. Киім киістері, аристократиялық жүріс – тұрыстары бір – біріне ұқсайды. Кейіннен олар Ленинмен, Сталинмен қарым – қатынасқа шыққан кезде Әлекеңдердің, Ахандардың ақсүйек екені көрініп тұрды. Дәл сол сәтте, яғни 1925 жылғы тойға Әлекең келеді. Үстіне ақ плащ киіп алған, өзі жас, сұлу әдемі мұрт қойған. Ал большевиктер жетекшілерінің бәрі қарабайыр киінген. Олардың ортасында Әлихан ерекше көрінеді. Большевиктер бұл билікті өз қолдарына алғандықтан, президиумда отыр. Бірақ сол тойға келген Әлекеңнің абыройының жоғарылығы соншалықты, оны залға отырғызуға сескенген болар, мүмкін ұялған шығар.... Екінші жағынан президиумның ортасына отырғызып қоюға тағы кеңестік көзқарасқа қайшы болады. Сондықтан Әлихан Бөкейхановты прездиумның жанына отырғазған. Мінбеніңң қасына жеке бір үстел мен орындық қойғызып, сонда отырғызған екен. Осы арада тағы бір қызықты деталь бар. Кеңес әнұраны ойналған кезде барлық большевиктер орындарынан түрегеліп тұрған, ол кісі қолын қалтасына тұрады да қояды. Осының өзі алашордашылардың мінезін көрсетіп тұрған сияқты. Бұл жерде Әлекеңнің шығып сөйлегені көрсетілмеген. Мүмкін сөйлеген де болар...

Осы кадрдағы Әлиханның өзі екені танылған соң, бұл – біздің фильм үшін үлкен қуаныш, олжа болғанында сөз жоқ.

Фильм соңы тәуелсіз Қазақстанмен аяқталуы мүмкін

Бұл фильм негізінен өткен жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс еді. Алғашқы түсірілімдерді 2008 жылдың 8-қыркүйегінде бастадым. Жоспар бойынша үш ай уақытта түсіріліп бітуі тиіс еді. Фильмге 26 минут уақыт берілген болатын. Біз фильм жұмыстарымен Орынборға, Петерборға, Семейге бардық. Тарихшыларды көптеп таптық. Мәселен, Мәмбет Қойгелді, Қамбар Атабаев, Ордалы Қоңыратбаев, Семейден Ерлан Сайлаубаев, Түркістаннан Тұрсын Хазірет сияқты тарихшылар фильмге қатыстырылып отыр. Бірақ фильмнің негізгі ауырпашылығы, алтын өзегі Мәмбет Қойгелдіге берелді.

«Алаш айнасы» 29 қаңтар 2009 жыл. № 2


Деректі фильм керек болмай тұр


Қазақтың деректі фильмі тірі ме? Өнердің осы бір ең маңызды саласының бүгінде тамырынан қан, кеудесіне жан кеткендей. Сұлық жатыр. Әйтеуір анда-санда қыбыр етіп бір қозғалып, қайтадан бір нүктеге қадалған күйі қатып қалатын дімкас адамдай. Біздің айтып отырғанымыз- қазақтың нағыз кәсіби деректі киносының жайы. Бүгінде қалталылар «ата-бабам пәленше, түгенше болған» деген өздерінің әл-ауқатына жалған жарнама жасау мақсатындағы фильмдерге жеке тапсырыс беретін болды. Жалпы қазаққа керек деректі фильм жанры күйреудің сәл-ақ алдында тұр.

Мәриям Әбсаттар.

Алысқа бармай-ақ қояйық, Ресейде мемлекеттің қолдауымен жылына 400 деректі фильм көрсетумен ғана аудиториясын 100 миллионнан асырған бір ғана «Культура» арнасының болуынаң өзі көп нәрсені аңғартатындай. Біріншіден, Ресейде деректі кино қоғамды ағарту мен тәрбиелеу құралы болып қалыптасқан. Ал біздің елімізде кейінгі жылдары қазақтың тарихын, рухани құнды мұраларын, ұлттық дәстүрін дәріптейтін деректі фильм жоқтың қасы. Солай бола тұра, сандық технологияның келуімен әлемде әлдеқашан алға дамып кеткен деректі фильм жанрын дамытуға біздің еліміз неге құлықсыз?

Бүгінде қазақтың деректі киносы өзінің кеңестік кезеңде бастан кешірген «алтын заманын» аңсайтындай. Себебі ол кезде «Қазақтелефильм» студиясы жылына 30-ға дейін фильм түсіріп, Кеңес Одағы бойынша Мәскеу мен Киевтен кейінгі 3-ші орында тұрды. Ал қазір «Қазақфильмнің» жағдайы жылына 5-6 фильм түсіруге ғана шамасы жетеді. Мемлекет «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша үш жылда 30 деректі фильм түсіруге қаржы бөліпті. Соның бірі – Сергей Әзімов түсірген қазақтың атақты қаламгері Ғабит Мүсіреповтың өміріне қатысты «Классиктің кешігіп келген махаббаты» атты деректі фильмібиылғы жылы Мәскеуде өткен ХI Еуразиялық телефорумда «Мәдениет әлемі» номинациясын жеңіп алды. Алайда, ең бір өкініштісі, бұл фильмді көрермен теледидардан көрген жоқ. Неге? «Мұның жауабын, неде болса режиссердің өзі білер» деп біз Сергей Әзімовқа хабарластық.

Сергей Әзімов, документалист-режиссер:

«National Geographic», «Культура» секілді арналар тек деректі фильмдерді көрсетумен-ақ миллиондаған көрермен назарын өздеріне аударып отыр. Біріншіден, ол фильмдер өте сапалы, өйткені оларды жасауға қомақты қаржы бөлінген. Екіншіден, ол арналар фильмдерді жасап шығарған киностудиялардан, авторлардан сатып алған. Ресей, Еуропа елдерінде бұл жағы кәдімгідей жолға қойылған. Ал бізде қалай? Мен өз басым талай телеарналарға киноларымды көрсетуге ұсыныс жасадым, бірақ ешқайсысының ол үшін ақша төлегілері келмейді не өте арзан бағаға сұрайды. Міне, осы себептен талай деректі киноларымыз көрерменге жетпей, жетімсіреп тұр.

Біз білетін тағы бір басты фильм – Алаш өкіметінің 90 жылдығына орай 2008 жылы түсіріле бастаған «Алашорда» фильмі. Біз осы туындының қашан түсіріліп білетінін білуге әрі деректі фильмнің жалпы жағдайы туралы сұрауға режиссер Қалила Омаровқв жолықтық:

Қалила Омаров, кинорежиссер-документалист, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі:

«Алашорда» фильмін жылдың соңына дейін бітіреміз деп ойлағанбыз. Енді оны аяқтай алмай отырған себебіміз, біз басында фильмді 26 минут жасамақ болдық. Бірақ кейін келе басшылардың ұйғарымымен әрі тарихи деректердің табылуына байланысты 52 минутқа ұзартылды. Бір ғана құнды деректі айта кетейін, біз бұл фильмге Әлихан Бөкейхановтың 1925 жылы түсірілген тірі бейнесін тауып, қосып отырмыз.

Әңгімеңізге қарағанда, деректі фильм саласында қозғалыс бар сияқты, бірді-екілі дүниелер түсіріліп жатыр екен. Бірақ айтыңызшы біз оларды қашан көреміз?

Нағыз жанды жерге тйдіңіз ғой. Мұның басты себебін айтайын, бізде «Кино туралы» заң жоқ. Кинопрокат дұрыс жолға қойылмаған. Соның салдарынан менің 2006 жылы түсірілген Мұхамед Хайдар Дулати туралы және композитор Ахмет Жұбанов жайлы фильмдерімнің экрандағы тұсаукесері болған жоқ. Менің білуімше, мұның себебі, телеарналар бұл фильмдерді көрсетейін десе, «Қазақфильм» ақша төлеуді талап етіп отырған сыңайлы. Ал бұрын фильмді бүгін бітірсем, ертең эфирге шығатын. Сондай сұранысқа үйренген мен үшін бұл кезең ауыр соғып тұр.

Аға, ашығын айтыңызшы, айлықтарыңыз қанша?

Ресми айлығым 24 мың теңге.

Соған күн көріп отырсыздар ма?

Шынын айту керек, жеке тапсырыстар бойынша кино түсіруге мәжбүрміз. Екі азаматтың жеке сұранысын жасап беріп едім, бір-бір көліктен міңгізді. Алдында тағы сондай фильм түсіріп, қаламақысына бала-шағама үй сатып әпердім.

Міне, бізде жағдай осылай, ал әлемдік нарықта бір жақсы деректі фильм түсірген режиссер соның қаламақысына бір жыл өмір сүреді екен. Ал, Қазақстандық режиссерлердің бүйірін шығармай тұрған бір нәрсе қандай бір туынды түсірілсе де, ол белгілі бір мекеменің құзырында саналады да, авторлық құқық та соларға тиесілі болып шығады. Сондықтан «Кино туралы» заң қабылдағанда, ең бірінші, осы мәселе дұрыс жолға қойылуы керек. Сонымен, қорыта айтқанда, дәл қазіргі жағдайда деректі фильмді тірілту үшін алдымен заң керек, одан кейін де қаржы мәселесі сол заңға қарай реттеледі. Яғни кімге-кім төлеп, кімнен қанша ақша талап ететіні, кино, мультфиильм, деректі фильмдердің телеарналарда насихатталу жағдайы осы заңда нақты көрсетілуі шарт.

Бұл – бір десек, екіншіден, деректі фильмнің түсірілу тәсілін, формасы мен драматургиялық шешімін талдап, баға беретін сыншы болуы керек. Әйтпесе қазір көрермен қарапайым ғана телехабар мен деректі фильмді айыра алмайтын дәрежеге дейін құлдырап кетті.


«Қазақ әдебиеті» 13 наурыз 2009 жыл. № 9


Алашорда

Жаңа фильм көрерменге жол тартпақ


16 наурыз күні сағат 12.00-де Алматы қаласындағы «Цезар» кинотеатрында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның ұсынуымен «Алашорда» деректі фильмінің тұсу кесері болады. Фильм ХХ ғасыр басында саясат сахнасына шыққан Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлерінің саяси күресі және Ресей империясының әр түрлі губернияларынан бөлініп тасталған қазақ жері һәм Қазақ мемлекеттілігі жойылу қаупінде тұрған кезеңдегі саяси оқиғалар туралы баяндайды.

Бүгінгі егемен еліміздің іргетасын қалаған Алаш ардақтыларының өмірі деректі фильмде жан жақты көрініс тапқан. Фильмнің мазмұнында Алаш қайраткерлерінің алдымен Ресей патшалығымен күресі, Керенский бастаған Уақытша өкіметпен және Кеңес өкіметімен күресі деректі кино тәсілдермен көрініс тапқан. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлерінің саяси аренадан кеткеннен кейінгі тағдырлары, осы тарихи оқиғаларға байланысты қазіргі қоғамдағы әр қилы көзқарастар да назардан тыс қалмаған. Деректі фильмге Гүлнар Міржақыпқызы, Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Рымғали Нұрғалиев, Мұхтар Құл-Мұхамед, Тұрсын Хазіретәлі, Мәмбет Қойгелдиев, Қамбар Атабаев, Ерлан Сайлаубай, Дина Аманжолова, Михаил Флоринский, Генадий Собольев (Санкт Петербург) қатысты.

Фильмнің режиссері және операторы – Қалила Умаров, сценарий авторы – Болат Мүрсәлім.

«Алматы ақшамы» 14 наурыз № 30.2009 жыл


«Алаш Орда» деректі фильмі көрермен назарына ұсынылады


Думан Анаш.

Көрермен қауым көптен ынтыға күткен «Алаш Орда» деректі фильмінің түсірілімі аяқталды. Деректі фильм келесі аптаның дүйсенбі күні, яғни 16 наурызда «Цезарь» кинотеатрында алғаш рет жұрт назарына ұсынылмақ. Естеріңізде болса, біз жыл басында «Алаш Орда» деректі фильмінің түсіру жұмыстары шегіне жетіп, қалғанынна өз оқырманымызды хабардар еткен болатынбыз (қараңыз: «Алматы ақшамы», №5; «Алаш Орда қайраткерлерінің ізі қалған Орынбордағы үйді мұражайға айналдыру керек», «Алматы ақшамы», №6).

Бұл фильм мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді. Сценарий авторы – Болат Мүрсәлім, режиссері және операторы – Қалила Омаров. Фильмнің тұсау кесері алдында фильм режиссерімен сұхбаттасудың сәті түсті.


Қалила Омаров, «Алаш Орда» деректі фильмінің режиссері:


Қазақ мұнайының атасы Сәпи Өтебаев турасында фильм түсірмекпін


Алаш орда – еліміз егемендіе алған кезде ашылған тақырып болғандықтан тың тақырып. Бұл турасында қанша кітаптар шығып, ғылыми диссертанциялар қорғалып жатыр. Қазақ журналистері де Алаш Орда тақырыбына өз үлесін қосуда. Дегенмен, деректі кино біздің Алаш Орда төңірегінде білмейтініміз әлі де көп екен. Кино түсіру барысында әр түрлі оқиға болып жатады. Соның бірі – 1925 жылы түсірілген бейнетаспадағы бір адамды біз Әлихан Бөкейхановқа ұқсатып, оны ақпарат құралдарында жария жасаған болатынбыз. Көпшілік оны білетін. «Алматы ақшамы» басылымының оқырмандары да бұдан хабардар. Осы бейнені анықтаған ізденіс барысында тарихшылар екіге жарылды. Бірі қостады, бірі келіспеді. Кино сценариінің авторы Болат Мүрсәлім ұрағаттарды ақтару барысында, қазіргі Президенттік мұрағаттан 1925 жылғы Қызылордада өткен оқиғаның хаттамасын (Протоколын) тапты. Сөйтіп, көптеген ізденіс, сұрау салулар арқылы біз жария қылған бейненің Әлихан Бөкейханов емес, Әлиасқар Әлімбеков екенін анықтадық. Әрине бет-пішіндері өте ұқсас. Әлиасқар Әлімбеков сол кезеңде Жер халық комиссары (наркомзем) болып қызмет еткен. Әрине мен режиссер ретінде бұл ізденісті, кинотаспаны қолымызға алғаннан бастап, тарихшылардың ой-толғаныстарын, бір – біріне керағар пікірлерін «Алаш Орда» фильмінің сюжетіне енгізген болатынбыз. Яғни драматургиялық шешімін соған алып келген едік. Өздеріңізге белгілі, о баста бізге берілгені 26 уақыт минөт болатын. Тақырыптың кеңдігіне, құндылығына, маңыздылығыа қарап, киностудия басшысы Ермек Аманшаев тікелей өзі араласып, қаржы көздерін қарастыра отырып мұны толықметражды (52 минөттік) фильмге жеткізіп отыр. Сондықтан басшылармен фильмді талқылаған соңғы көрсетілімде 1925 жылғы түсірілген бейнетаспаға байланысты таластардың барлығы фильмнен алынып тасталды. Режиссер ретінде өзімнің көзқарасым болғаныммен, Ермек Аманшаевтың бірауыз сөзіне тоқтадым.

Алайда, жуырда Прагадан Сұтанхан Аққұлов қоңырау шалды. Ол да кезінде Әлихан Бөкейханов турасында «Қыр баласы» атты 5 фильмнен тұратын телехабар жасаған еді. Әлихан жайында диссертация қорғаған. Ол Алаш тақырыбына өте берілген жандардың бірі. (Әрине, Алаш Орда тақырыбын кең толғаған адам Мәмбет Қойгелді. Оған ешкімнің дауы жоқ). Сұлтанхан Прага қаласынан қоңырау шалып: «Гүлнар апамыз (Міржақып дулатовтың қызы) Қазақстанға 1926 жылы келген. Бұл – дұрыс. Бірақ менің қолымда құжаттар бар. Оның ішінде 1925 жылы Әлихан Бөкейхановтың Қызылордаға жасырын келгені туралы құжаттар да бар» деді.

Соған қарағанда Әлихан Бөкейханов Мәскеуде үйқамақта отырғанына қарамастан Қазақстаннан байланыс үзбеген. Сол себепті бұл тақырып әлі де зерттеуді қажет етеді. Яғни ізденістер жалғасады.

1925 жылы Қызылордадағы жиында Ахмет Байтұрсынов та, Міржақып Дулатов та болған. Бірақ олар таспада жоқ. Яғни бұл бейне-жазбада тек большевиктік көзқарастағы адамдар ғана жоғары мінберде отырғаны көрсетілген. Әлекең бұл жиынға келген күннің өзінде ол халықтың ішінде отыруы мүмкін.

Фильмдегі Әлиханның бейнесіне келер болсақ, ол Қызылордаға келмегеннің өзіне Мәскеуде болған үлкен оқиғалардың, әсіресе Қазақстанға байланысты болған оқиғалардан (1936 жылғы декада) тыс қалуы мүмкін емес. Сондықтан біздің киномен, мұрағатпен айналысатын зерттеушілеріміз осы тұрғыдан ізденсе деген тілектемін. Мәскеудің мұрағаттарында Қазақстанға байланысты емес оқиғалардың ішінде де ол кісінің болуы әбден ықтимал. Өйткені өзінің жеке іс қағазын көргенімде, Әлихан Бөкейханов мамандығының тұсына «Журналист - аудармашы» деп жазған екен. Оның таныстары да көп болды, жүрген ортасы да үлкен болды. Сондықтан ол бір ғана Қазақстанмен шектеліп қалды деп ойламаймын. Әлихан Бөкейханов кадеттермен де, большевиктермен де байланыста болды. Сондықтан сол кезде Мәскеуде болып жатқан оқиғалардың ортасында болды деп есептеймін.

Тағы бір айта кетер жайт, мен Алаш Орда туралы екі фильм түсірдім. Араға 16 жыл салып түсірген екі фильмде де Әлекеңнің саяси өмірі, қайраткерлігі, тағдыры алға шығады да, жеке өмірі кадр сыртында қалып қояды. Биыл 5 наурызда Әлихан Бөкейхановтың туғанына 145 жыл толды. Құдай қаласа, алдымызда 150 жылдығы бар. Сондықтан Әлекеңнің жеке тағдырына арнап бір кино түсірсе деген ойдамын. Өйткені оның ұрпақтары қазір Мәскеуде тұрып жатыр. Үлкен тарихты алып қарайтын болсақ, қазақ халқы жан-жақтан қаншама ұлттарды сіңірді, бауырға басты. Тарихты ешкім жасыра алмайды. Мәселен, Әлихан Бөкейханов – Шыңғыс ханның тікелей 25 ұрпағы. Ал, Әлекеңнің өзінің ұрпақтары – қазір бәрінің тегі Бөкейханов болып жазылып жүр, бірақ аттарының бәрі Петр, Евгений, Сергей деп келеді. Олар Мәскеуде тұрып қалғаннан соң да, бәлкім солай шығар. Яғни бұл да жеке тақырып аясы.

Және бір мәселе Алаш Орда қайраткерлерінің ғашықтық сезімдері, махаббаттары, өзара сыйласулары, сүйген адамына деген махаббаттан өзге бір-біріне деген адамгершілік құрметтері – өте керемет, ғажап болған. Сондықтан Әлиханның өзіне арналған жеке кино түсірілсе жақсы іс болар еді.

Былтыр «Қазақфильм» киностудиясы қазақ халықына жақсы бір сыйлық жасады. Бұл – «Мұстафа Шоқай» көркем фильмі. Режиссері – Сатыбалды Нарымбетов. Ол өзі адамның нәзік сезімдеріне құрылған туынды жасап жүрген режиссер болғандықтан кинода да Мұстафа мен оның жұбайы Мәриям туралы, олардың сүйіспеншіліктері туралы түсірді.

Сондықтан қазақ халқына еткен еңбегіне парықпен қарап Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арнап көркем фильм түсіру қажет деп ойлаймын. Бүгінде территориясы жағынан әлемде 9-шы орында тұрған тәуелсіз Қазақстанның шекарасының қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген Әлихан Бөкейханов қандай құрметке болса да лайық тұлға деп білемін.

«Алаш Орда» фильміне бір жыл шамасында уақыт жұмсадым. Неді мұнайшы туралы фильм түсірмекпін. Мұның алдында да мен қазақ мұнйшылары жөнінде 3 фильм түсірген едім. «Мұнай тамшысындағы тағдырлар» тақырыппен қазақ мұнайының 100 жылға тарта уақытын сол тағдырлар арқылы көрсеткенмін. Бұл туынды Тимур Құлыбаевтың тікелей қолдауымен жасалған болатын.

Қазақта кеңінен тарап кеткен сөз бар: «Күй атасы - Құрманғазы», «Күш атасы - Қажымұқан» дегендей. Сол сияқты мұнайдың атасы кім десеңіз – Сәпи Өтебаев дейді. Сәпи ақсақалдың арамыздың кеткеніне 2-3 жыл болды. Биыл бұл кісі 100-ге толып отыр. Алматы да Нәсіпқали Марабаев атындағы мұнайшылар қоғамдық қоры бар. Сол қор маған Сәпи Өтебаев туралы кино түсіруді тапсырды. Қазір жұрт арасында жаңсақ пікір қалыптасқан. Олар мұнайшылардың бәрі бай – манаптар деп ойлайды. Алайда мұнайшылардың да ерліктері, көзге көрінбейтін тауқыметтері бар. Міне, осының бәрін Сәпи ақсақалдың тағдыры арқылы халыққа көрсеткім келеді.