«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл
Вид материала | Документы |
- Конституционная реформа в России (1989-1993г.), 376.36kb.
- Руководство по борьбе с насилием в семье, 126.99kb.
- Дацышен Владимир Григорьевич доктор исторических наук (2001), профессор кгпу. В 1989, 206.68kb.
- Учебного заведения и его местонахождение, 70.52kb.
- Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы, 7507.09kb.
- 1989 Kotenkova E. V., Osadchuk A. V., Lyalyukhina S. I precopulatory isolating mechanism, 207.56kb.
- Антропогендi фактор, 77.88kb.
- М. Әуезовтың «Абай жолы» романы, 152.68kb.
- Гаагская декларация по туризму межпарламентская конференция по туризму проведена, 355.3kb.
- Бюллетень новых поступлений, 1337.31kb.
Гүлсім Оразалықызы
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты
«Аңыз адам» 2011. сәуір № 8.
Қалила Омаров, «Жамбыл. Адамзаттың ұлы жыршысы» деректі фильмінің режиссері:
Жамбылдың бағына бір қазақ тумай жатыр
Фильм қашан және қалай түсірілді? Жалпы, Жамбыл бейнесі сіз үшін несімен ерекше?
Фильм 1996 жылы Жәкеңнің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында мемлекеттік тапсырыспен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді. Сйенарийін Сүйінбайдың шөбересі, жамбылтанушы ғалым Сұлтанғали Садырбаев жазды, операторы Мұстафа Өсеров болды. Фильм арқылы мен Жәкеңнің көпшілікке беймәлім қырын көрсетуді, сенсация жасауды мақсат еттім. Материалдың көпшілігі Ұзынағаштағы Жәкеңнің мұражайынан, ҰҒА кітапханасынан алынды. Жалпы, бүгінгі қазақ қоғамындакөлеңкеде жатқан екі тақырып бар. Бірі – Қоқан хандығына қатысты ұлт-азаттық қозғалыс. Бұл тақырыпты алғаш көтерушілердің бірі Жамбыл болатын. Мұны оның «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» сияқты дастандарынан оқып-білуге болады.Жамбылдың бір ғана ұлт-азаттық көтеріліске арнап жыр жазуы, халыққа жақын болуы, Романовтардың 300 жылдық тойын мадақтап, жырлаудан бас тартуының өзі, яғни сарай ақыны болмауы – заманына сай ерлік. Мен оны сонысы үшін жақсы көремін. Өкінішке қарай Қоқан хандығымен қарым-қатынасымыз жайлы тақырып соншалықты сұранысқа ие болмағандықтан, Жәкеңнің бұл қыры қалың көпшілікке танылмай отыр. Екіншіден, сирек сөз болатын тақырып – қырғыз халқымен ара қатынасымыз. Шындап келгенде, Жамбыл – төскейде малы, төсекте басы қосылған қырғыз бен қазақтың арасындағы алтын көпір. Фильмді түсіруге кіріскенде оператор екеуіміз Қырғызстанға барық. Деректі фильмде кейіпкерімнің кіндік қаны тамған, табаны тиген туған жерінен бастап, атағы шыққан кезде өмір сүрген ортасы, жазып кеткен өлеңдері, әндері, жанында жүрген адамдардың естеліктері, жалпы Жамбыл арқылы халқымыздың бір ғасырлық тарихын көрсеттік.
Жалпы, фильмде барлық идеяныз көрініс тапты ма?
Фильмнің сценарийін жазған адам жамбылтанушы болғандықтан, көп нәрседен қиналған жоқпын. Алайда Сұлтанғали аға Әбділда Тәжібаевтың Жәкең жайлы айтқысы келген естелігін қосуыма үзілді – кесілді қарсы болды. Қазір ртамызда Әбділда да жоқ. Соған әлі күнге дейін өкінемін.
Деректі фильміңіз, өзіңіз айтпақшы сенсациясы неде болды?
Фильм түсірер алдында «ақынның 1933-37 жылдары айтқандары бар шығар, 1932 жылғы ашаршылықты көріп тұрып, Жәкеңнің ақын ретінде үнсіз қалуы қалай?» деген ой мазалады. Сұлтанғали ағадан ештеңе таппадық. Ойымның шешімін Бішкектен таптым. Жәкең 1932 жылы қырғыз еліне барыпты. 1916 жылы патшаның маусым жарлығына байланысты ұлт-азаттық көтерілісте қырғыздар қырылған кезде Кебек Шолақұлы деген азамат қырғыз жерінен анасымен паналап келіп Қарғалыда тұрыпты. Өлеңді сол кісінің немересі, Қырғызстанның ҰҒА манастану мен көркемөнер орталығының қызметкері Батма Кебековадан алдым. Жамбыл сол сапарында Кемін болысының төрағасы Кебек шоңның үйінде қонақта болыпты. Жиналған жұрт ақыннан «Елдің жағдайы қалай?» деп сұрайды. Сонда Жәкең домбырасын шертіп – шертіп жіберіп, қазақтың сол кездегі ауыр тұрмысын бейнелейтін өлеңді төге жөнелтіпті.
Қысқаша нұсқасы мынау:
Сұрадың қалың қандай, ауылың қандай,
Бәлшебек алып келген заңын қандай?
Айтайын өз жайымды, білгенімді,
Аралап халық тұрмысын көргенімді.
Ел іші өзгеріп жаңаланды,
Жарлы-жаршы бір азырақ қаруланды.
Бұрынғы жұрт билеген үлкен жандар,
Ажырап мал-жанына қайғыланды.
Қазақта ас пен тойдың азайғаны,
Жамбылдың аптығының бәсейгені.
Ауылыңа неше рет келіп едім,
Арғымақ озуын көріп, желіп едім.
Қазір мен бұрыңғыдай күлік емес,
Жиынға шақырылмай үйде қалдым.
Шолақ ат мініп солықтап белде қалдым.
Адамдар бір шаруаға бірігіскен,
Бәлшебек біріксін деп ұран тастап,
Барлығы колхоз болып иіріліскен.
Бас-аяғын жия алмай қазір үкімет қиналады,
Күн сайын жиын құрып ырғалады.
Ашаршылық сұр тұмандай қаптады қазақ халқын,
Тоқ адам білмейді ғой аштын парқын.
Нан сұрап жас балалар жылап отыр,
Аналар асыл жанын қинап отыр.
Аталар жан бағудың айласында,
Күн-түні бір жанына тыным бермей,
Қарындас, жекжат іздеп, қурап жатыр.
Үй иесі: «Жәке, мынаны біреу естісе, бәріміз қудаланамыз ғой» дегенде, «Сен сұрадың, мен айттым», деген екен. Міне, ақын! Кебек шоңда текті кісі болса керек, өлеңді қағазға түсіріп, сандығына тығып тастапты. Осы фильм үшін оператор екуіміз Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болдық.
Жамбыл тағдырының трагедиясы неде деп есептейсіз?
Жамбылдың трагедиясы - өз заманында еуропалық білім ала алмағандығында. Өйткені ол кезде біздің қоғам оған дайын болмады. Жамблы еуропалық білім алғанда алыптығы қандай өлшемде болатынын тіпті елестете алмаймын. Жамбыл – қазақтың маңдайында азаматтық және ақындық тұлғасымен мәңгі жарқырап тұратын жұлдыз. Жамбылдың көркемдік бейнесіне қатысты екі көркем фильм түсірілді. Екеуі де Жамбылдың алып тұлғасын өз дәрежесінде ашып көрсете алмады. «Бір алыпты бір алып шығарады» демекші, Абайдың бағына Мұхтар, Құрманғазының бағына Ахмет Жұбанов туды. Ал Жамбылдың бағына бір қазақ әлі тумай жатыр. Жамбылдың жолы ашылуы керек. Біздің алдымызда тұрған ұлы міндеттердің бірі – осы.
Сұхбаттасқан Мәдина Серікқызы
Аңыз адам 2011. мамыр № 10.
Қалила Омаров, «Алашорда» деректі фильмінің режиссері:
Егер қазақ билікке араласпаса, одан да сорақысы болатын еді
Тұрар туралы дерек табылып, соны «Алашорда» деректі фильміңізде көрсеткеніңіз көпшілік арасында біраз дүрбелең туғызғаны бар...
1919 жылы Сырдария өғңрңнде аштық болды. Қазақтар аштан қырылып жатқанда большевиктер «Кеңес үкіметін орнатамыз» деп алысып жатты. Сонда Тұрар «Халық қырылып жатқанда Кеңес үкіметінің керегі не?» деп айтысқан. Ол – жас та болс өте өткір, позициясы айқын, көзқарасы анық адам. Толқын соқса да, жел соқса да жартас секілді қасқайып тұра береді. Тұрардың образдық пішінінде осындай қайсарлық бар.
Алаш қайраткерлерісаяси аренадан кетіп, большевиктік билік келген кезде қазақты басқаруға сахнаға үш кісі шығады. Олар – Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов және Смағұл Сәдуақасов. Осы үшеуінің ортасына от түседі. Сталин «Ақ жолды» жауып тастауды бұйырып, хат жазады.
Тұрардың хатына келетін болсақ, қазақтың тағдыры қыл үстінде тұрғанда зиялы қауым ішінен билік басына қазақтын адамы келмесе болмайтын еді.
Тұрар бұл хатты өзінің бас пайдасын күйттегендіктен емес, қазақ халқының қамы үшін жазуға мәжбүр болды дегіңіз келе ме?
Өз басын күйттеді деп айта алмаймын. Қазақтың қамы үшін жазды. Өйткені большевиктік, пролетарлық көзқарастағы билік өкілдерінің ішінде қазақ болмаса, халықтың жағдайы қиындайтын еді. Егер қазақ билікке араласпаса, одан да соорақысы болатын еді.
Тұрардың тарих алдындағы үлкен еңбегі – қазақты ашаршылықтан құтқаруы. Ең бастысы қалай құтқарып қалды десеңізші... Ол үлкен ерлік істеді. Қазаққа тікелей геноцид жасап отырған Сталинге Еш қаймықпастан хат жазды. Ол кезде Сталинге тіке келіп, қатесін айту тұрмақ, сыртынан сөйлеу мүмкін емес болатын. Соған қарамастан бірінші болып Тұрар қарсы сөйледі.
Сұхбаттасқан Сабина Зәкіржанқызы
«Алаш айнасы» 26. 07. 2011 жыл. № 129
Қалила Омаров, режиссер:
Кенесарылар көлеңкеде қалды...
Қалила аға, деректі кино саласында дәл қазіргі уақытт ажемісті еңбек етіп жүрген санаулы режиссердің бірі де, бірегейі де өзіңсіз. Сондықтан осы жанрдың жай – күйі, бағыт – бағдары туралы ойыңыз қандай?
Бүгінгі деректі кино туралы айту үшін, амал жоқ оны кеңестік кезеңдегі киномен салыстыруға тура келеді. Онсыз бүгінгі портрет олық ашылмайды. Бұл ретте кеңес үкіметі өз идеологиясына қызмет ететін шығармашылық ұжымдарды, өнер қайраткерлерін өте жақсы пайдаланды. Және соларға барлық жағдайды жасап, өзінің идеологиялық құралына айналдыра бастады. Лениннің «кино өнері ішіндегі ең маңыздысы» деген сөзі бекер айтылмаған. Мысалы, бір киномен-ақ бүкіл кітаптың, газеттің жүгін көтеріп кетуге, сондай-ақ ақты қара, қараны ақ етіп көрсетуге болады. Бұрын өмірде болып жатқан құбылыстарды жан-жақты зерттейтін үлкен зертхана жұмыс істеді. Ал, қазір жаңа қоғам келді, біз капиталистік жүйеге бет бұрдық. Бірақ соның капиталистік қоғам екені айтылмайды. Қарап тұрсаң, әлі сол кездегі коммунистердің жасап беріп кеткен сценариймен өмір сүріп жатқан сияқтымыз.
Шындап келгенде, бүгінгі қоғамда болып жатқан өзгерістерді, елдің соған сәйкес психологиясын ғылыми тұрғыда зерттейтін, осы құбылыстарға талдау жасайтын, мән – маңызын себеп – салдарын ғалымдармен бірлесе отырып ашып көрсететін жүйелі жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Деректі фильм режиссерлерінің қазіргі түсіріп жүргендері – негізінен мерейтойлық кинолар. Яғни ірі – ірі тұлғаларымыздың пәлен жылдығын атап өтуге ақша бөлінеді, соның аясында кино түсіреміз, бала – шағамызды асыраймыз. Бұл - кинодокументалистиканың ең ауыр қалі. Өйткені қоғамда болып жатқан ірі құбылыстар назардан тыс қалып жатыр. Мысалы бір ғана жайтты алып қарайтын болсақ, қазір қаншама жасөспімнің қзін - өзі өлтіру фактісі тіркеліп отыр. Бұл тіпті қоғамдық ауруға айналып бара жатыр. Егер осы тақырып документалистің қолына берілсе, мұны жан – жақты зерттеуге болар еді. Мсыалы өкпе ауруын өздігінен емес, әлеуметтік жағдайдың салдарынан болатыны жасырын емес. Сол сияқты адамның жан – дүниесінің ауруға ұшырауы да әлеуметтік жағдайға байланысты. Яғни өзіне қол жұмсаушылық қоғамда олып жатқан керағар жайттардың әсері. Және бұл әсерді психологиялық тұрғыда зерттеп, шешімін табу қажет. Сонымен бірге оны ғылыми көпшілік фильм ретінде түсіріп, мектептер де, жоғарғы оқу орындарында, тіпті телеарналар арқылы көретіп, мына қоғамның шынайы бет бейнесін өзіне таныту керек. «Ауруын жасырған өледі» деген бар. Егер осыдай жағдайлар саналы түрде зерттелсе, бәрінің алдын алуға болады. Бірақ деректі киноны кез келген адам түсіре алмайды. Оны ғылыми тұрғыда түсіріп, мәселенің мәнін ашу үшін режиссердің екі мамандығы болуы керек. Біріншіден, ол кинорежиссер болса, екіншіден, ғылымға бір табан жақын адам болуы қажет. Сол үшін кеңес үкіметі кезінде мектепті жаңа бітіріп келген блаларды режиссерлік факультетке алмайтын. Әуелі басқа бір мамандықты игеріп, өмірді көріп, түсініп барып қана келу талап етілетін. Ал қазір кім қайдан ақша табады, кімнің қандай байланысы бар – сол кино түсіреді. Жас режиссерлердің көпшілігі клип түсіруге әуестенуге көшкен.
Сіздіңше, нағыз деректі кмно қандай болуы керек? Жалпы, кәсіби тұрғыда жасалған деректі киноның ерекшелігі неде?
Хабарды бір-ақ күнде жасауға болады.Ал мен соны деректі кино дәрежесінде түсіру үшін, кейіпкерімнің соныңда жыл бойы жүруім мүмкін. Сөйтіп барып, астарын ашып, онымен тура роман жазғандай жұмыс істеймін. Деректі киноны бір көрген адам ешқашан ұмытпайды және ол оның өміріне әсер етеді. Өмірде болып жатқан үлкен бір саяси ойындардың шын бейнесін деректі кино режиссеріне берсе, бәрін орын – орына қойып береді. Алайда нағыз деректі киноға сұраныс болмағаннан кейін клип, жарнама сияқты жанама баламалары амып кетті. Ал деректі киноның өзі дағдарыста.
Бүгінде деректі фильмдер мерейтойлық, саяси науқандық, «Мәдени мұра» бағытында түсірілуде. Олардың кәсіби көркемдік талаптарға жауап беруі бөлек әңгіме. Осы орайда мұндай фильмдердің белгілі бір деректерді беруі қаншалықты шынайы, сол сияқты қандай бұрмалаушылықтарға жол беріліп жүр?
Мерейтойлық киноларды түсіру барысында режиссердің қолы өте байлаулы болады. Бекер адамға кино түсірмейді. Яғни ол – тұлға. Ал тұлға – қоғамдық үлкен құбылыстармен байланыста болған адам. Мерейтойының үстінде сен оның толыққанды портретін жасап, күнгейі мен көлеңксіп ашып көрсете алмайсын. Қанша тырысып, жан жақты көрсеткін келгенімен, қырқылып қырқылып мақтаған жерін ғана қалады. Онымен қоймай «Біз саған мұның мерейтойына түсі дедік қой, сен не істеп жүрсің» деген әңгімеге қаласың. Мерейтойлық киноның ең сорақы жері де – сол.
Ал саяси науқандық фильмдер өздеріне жүктелген міндет шеңберінде, түсіріледі, тапсырманы орындайды, басқа нәрсемен шаруасы жоқ. Никита Михайловтың «кино үшке бөлінеді, біріншісі – жақсы кино, екіншісі – нашар кино, үшіншісі – үнді киносы» дегені бар. Былайша айтқанда бірініші және екінші топтағы кинолар туралы жақсы – жаманды пікір айтуға, көзқарас қалыптастыруға болатын болса, үшінші топ жөнінде айттын не, айтпадың не бәрібір. Өйткені үнді киносы сенің ешқандай талап – талғамыңа бағынбайды.
Әңгіме арасында айтқанымыздай, бізде телеарналардың өзінде өте оперативті түрде және аз қаржыға жасалып жатқан деректі кинолар да бар. Жалпы, жұртшылық оларды деректі кино деп қабылдайды. Ал, солардың көрерменге әсері қанашалықты. Олар бізге қай тұрғыда қажет немесе қажетсіз?
Мен оларды түсіріп жүрген жігіттерді білем. Бұл жерде олардан талантым артық немесе оларды меннен кем деп айта алмаймын. Бір білетінім оларға маған жасалатын жағдай жасалмайды. Олар бір жылда он хабар жасауы мүмкін, ал мен бір жылда бір фильм түсіремін, сөйтіп айды аспанға біррақ шығарамын. Қалай болғанда да қалың көрерменнің күнделікті сұранысын өтеу тұрғысынан алғанда, телеарналарда түсіріп жатқан деректі хабарлар қазір алға шықты. Соның әсерінен бүгінде нағыз деректі киноның иісін сезбейтін қоғам қалыптасып келе жатыр. Бұл, әрине жақсы емес. Себебі деректі кино деген жай ғана атаау емес қой. Оның ар жағында үлкен әлеуметтік зерттеулер, кешенді түрдегі ірі ғылыми жүйе жатыр.
Сіз кезінде ашаршылық тақырыбында тартымды дүниелер түсірдіңіз. Кейінгі жылдары алаш қайраткерлерін зерттеп, қуғын – сүргын құрбандарын деректі кино арқылы дәріптеуге күш салып жүрсіз. Осы орайда дәл қазіргі уақытта ұлттық маңызы бар қандай мәселелер, нендей тақырыптар қамтылмай жатыр?
Әдебиет пен өнер саласының қайраткерлері деректі кинода мүмкіндігінше зерттеліп жатыр, тіпті эфирден түспейді деуге болады.ең қиыны ғылым мүлде орбитадан түсіп қалды. Сосын жоғарыда айтқанымыздай, өзекті өзекті мәселелерді көтеру кенжеліп жатыр. Керісінше тарих үлкен саяси ойынның қолшоқпарына айналып отыр. Негізі, еуропацентристік тарих пен ұлттыө тарих арасында үлкен талас тартыс болып жатыр. Байқаймын ұлттық көзқарастағы ғалымдар біраз көтеріліп қалып еді, кейін олардың бәрі шегіндіріліп, қазір еуропацентристік ұстанымдағы тарихшылар көтеріліп кетті. Яғни үлкен тарих мейлі деректі киноның ішінде болсын, мейлі телеарналарда болсын, қазір саяси күштердің ықпалында. Тарих деген бәрін орын орына қоятын нәрсе. Бұл да математика сияқты, өтірік айтсаң, қисының келтіре алмайсың. Қарап тұрсаң, бізде Кенесары туралы әлі жөні түзу бір кино түсірілген жоқ. Ал Кенесарының тағдыры талай нарсені ашып береді. Кенесары сол кездегі қазақ қоғамында өте бір символға айналған фигура болды. Мысалы қазір бізге қазақтан шыққан тұңғыш ғалым деп Шоқанды дәріптеу оңай. Оны орыстар да, қазақтар да жақсы көреді. Сен мықты болсаң, Шоқанды емес, оның бауыры Кенесарыны шығар. Кенесары патшалы Ресейдің қазаққа қарсы бүкіл саясатын әшкерлеп берді. Қазақтың өз ішіндегі ауы жағдайларды түсінуге мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыдан келе отырып, бүгінгі деректі киноның тақырыбы қандай болуы керек десек, әр дәуірдің, әр кезеңнің өз Кенесарысы бар. Сол кенесарының бәрі қазір көлеңкеде. Бір ғана мысал, мен, мәселен, өткен ғасырдың барысында өмір кешкен Алаш қайраткерлерін көрсете аламын. Ал өзім көзін көрген, бір дәуірдің ауасымен бірге дем алған күні кешегі Заманбек, Алтынбек сияқты замандастарым туралы ештеңе айта да, түсіре де алмаймын. Міне, деректі кино режиссерлерінің дәл қазіргі трагедиясы да – осында.
Сұхбаттасқан Роза Рақымқызы
Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды...
Үстіміздегі жылдың мамыр айының 13 жұлдызында «Айқын» газетіне берген сұхбатымда кезінде Б.Момышұлына генералдық шенді, Кеңестер Одағы батыры атағын алуына кедергі болғандардың бірі сол кездегі Үкімет басшысы Н.Оңдасынов деген пікір айтқан едім.
Қазір анық болғаны, ол – тыңғылықты тексерілмеген құжаттар негізінде асығыс айтылған пікір еді. Сондықтан асығыс, ойланбай айтылған сөзім мен әрекетім үшін Нұртас Оңдасынов сынды біртуар мемлекет басшысының аруағынан, артындағы бала – шағасынан, туыстарынан, «Айқын» газеті оқырмандарынан кешірім өтінемін.
Қалила Омаров
Кинодокументалист режиссер
«Қазақстан әйелдері» журнал
Балаларды жеген әйелдер
Архив қойнауынан табылған мына суреттер 30 жылдардағы қазақ халқына жасалған зұлымдыққа қарғыс айтар фотоайыптау.
Мына суреттердегі адам айтқысыз сорақы көрініс 30 жылдары халқымыздың басына түскен ашаршылық нәубетіне байланысты ресми тіркелген бір ғана оқиғаны көрсетеді. Ал сол жылдары мұндай жантүршігерлік сұмдықтардың қаншасы орын алғаны белгісіз. Ашаршылық жылдарына байланысты өкімет органдарының есептерінде, ресми құжаттарында көп нәрсенің жасырын, айтылмай қалғаны анық.
Зұлмат жылдарының құжаттарын іздеу, зерттеу мақсатымен 90 жылдардың басында Москава, Ташкент, Бішкек қалаларының мемлекеттік архивтерінде біраз жұмыс істеген едік. 1991 жылы ақпан наурыз айларында Бішкек қаласындағы Қырғызстан орталық мемлекеттік архивінде болып, ашаршылық жылдары көршілес жатқан қырғыз еліне қашып барып, пана іздеген қазақтар жөнінде документтер жинап жүр едік дегенімізде, архив директоры, бір кезде Қырғызстан комсомолы Орталық комитетінің хатшысы болған еңбек ардагері Бибінұр Әбдіқадырова апай: «айналайын, қазақтардың аштықтан қалай қырылғанын көзімізбен көрдік, тіпті көшелерде жататын еді. Күндерің туды, айтатын кездерің келді, жазыңдар!» - деп, өздеріңде жинақталған қандай құжаттар бар, түгел көрсетіңдер деп қызметкерлеріне тапсырма берді. Онысына көп рахмет.
Жабық құжаттардың ішінде бір топ суреттер кездесті. 1933 жылы 8 сәуірде Фрунзе қалалық милиция басқармасының қызметкерлері қаланың шетіне орналасқан ашыққандарды тамақтандыру пунктінен жоғалып кеткен төрт жасар қызды іздестіру кезінде сол жерден 100 метр жерде шөп арасында адам етін жеп отырған 4 әйелдің қолға түскені жөнінде акт жасапты. Тергеу кезінде олар 20 күн бойы адам етімен тамақатнып жүргендерін айтқан екен. Хаттамада аты-жөндері толық келтірілген. Мына суреттердегілер сол әйелдердің екеуі.
Екінші суреттегі көрініс Тоқмақ қаласында балалар етін жеген адамдар жөнінде жасалған актіден алынды. Мұнда да басты кейіпкерлер - әйелдер.
1992 жылы кинорежиссер Қалила Омаров жазушы – журналист Валерий Михайловтың «Хроника великого джута» атты кітабы бойынша ашаршылық жөнінде деректі фильм түсірген еді. Режиссердің өтініші бойынша авторлық тексін жазып, қосымша біраз суреттер беріп, фильмді тарихи шындық логикасы бойынша қайта монтаж жасатқан едік. Оған менімен қоса жәрдем еткен тарих ғылымының докторы Жұлдызбек Әділқожин болатын. Біз сол фильмнің шын мәніндегі кеңесшісі болдық. Авторлық текст негізінен сол біз жазған күйінде қалған. Бірақ фильм экранға шыққанда ғана режиссердің алдап кеткеніне көзіміз жетті. Бүгінде осы екі суретті фильмнен жұлып алып, әркімдердің пайдаланып жүргенін білеміз. В.Михаиловтың өзі де 1996 жылы мамыр айында бір суретті «Казахстанская правдаға» жариялады. Бірақ олардың олардың қайдан алынғаны, қандай оқиғаға байланысты түсірілгенін ешкім білмейді. Әрине, мұны жазып отырғанда біз біреуді мұқату үшін айтып отырған жоқпыз. Халық басына түскен нәубет жылдары жөнінде қанша жазылса да, айтылса да фильмдер түсірілсе де көп емес. Бірақ осынау бір азалы тақырыпты байбына бармай тоғышарлық сана деңгейінде азыққа айналдырғандарға қарсы екенімізді айтқым келеді.
Х.Омаров фильміндегі екі суреттің тарихы осындай.
Қайдар Алдажұманов
Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және суреткерлік саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясына
Біздер, «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясы мен «Қазақтелефильм» студиясының ұжымы «Тәуелсіздік. Тарих. Тағдыр» атты ортақ атаумен белгілі кинорежиссер, Қазақстан киноматографистер Одағының мүшесі, Қазақстан Жастар Одағы мен Халықаралық Жамбыл сыйлықтарының лауреаты Қалила Омаровтың «Нәубет» (Великий джут), «Алаш туралы сөз», «Мұхамед Салық мырзаның өмірі мен өлімі», «Мағжан», «Міржақыптың оралуы», «Барып қайт, балам ауылға...» атты циклді деректі фильмдерін Қазақстан Республикасының 1996 жылғы Мемлекеттік сыйлығына ұсынамыз.
Қалила Омаровтың «Тәуелсіздік. Тарих. Тағдыр» атты ортақ атпен топтастырылған төмендегі деректі фильмдері:
І. «Нәубет» (Великий джут)
30-шы жылдардағы ашаршылық туралы
30 минуттық. Түсірілген мерзімі – 1992 жыл.
ІІ. «Алаш туралы сөз» (Слово об Алаше)
ХІХ ғасырдыңаяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы саяси қозғалысы.
30 минуттық. Түсірілген мерзімі – 1994 жыл.
ІІІ. «Мағжан» (Магжан)
Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев хақында
55 минуттық. Түсірілім мерзімі 1990 жыл
(Эфирге 1991 жылы шыққан)
IV. «Мұхамед Салық мырзаның өмірі мен өлімі»
(«Жизнь и смерть господина Мухамед Салыха
Этнограф ғалым М.С.Бабажанов туралы.
30 минуттық. Түсірілген мерзімі – 1991 жыл.
V. «Міржақыптың оралуы» («Возвращение Мир - Якуба»)
Көрнекті қоғам қайраткері, халқымыздың Тәуелсіздік жолындағы ұлттық қозғалысының жетекшілерінің бірі Һәм бірегейі Міржақып Дулатов туралы.
50 минуттық. Түсірілген мерзімі – 1993 жыл.
VI. «Барып қайт, балам, ауылға...» (Съезди, сынок, в аул...)
Атақты таэквондошы Мұстафа Өз Түрік жөнінде.
20 минуттық. Түсірілген мерзімі – 1991 жыл.
Қазақ кино өнерінің деректілік сипатын жан – жақты байыта түскен және деректі фильмдердің деңгейін биік сатыға көтере білген тамаша туындылар.
Жоғарыдағы циклды деректі фильмдердің барлығын басын бір арнаға біріктіріп, бір жүйеге келтіріп тұрған ортақ желі бар. Ол – Тәуелсіздік идеясы, Тәуелсіздік тақырыбы, Тәуелсіздік тағдыры. Тәуелсіздіктің тағдыры мен қаиеті. Тәуелсіздіктің бағасы мен баспалдақтары.
Тәуелсіздіктен биік, тәуелсіздіктен қымбат не бар? Міне, осы темірқазақ идея Қалила Омаровтың деректі фильмдерінде кино тілімен өте әсерлі, әрі бейнелі түрде суреттеледі. Талантты режиссердің фильмдеріне тән бір ерекшеліктердің молдығы мен дәлдігі. Бұрын айтылмаған, айтылса да астары ашылмаған дерек көздерін сөйлетеді. Архивтік айғақтарды куәге тартады. Жүрегіңді дір еткізіп, санаңды сілкіп – сілікіп алатын дерек детальдарға жүгінеді.
Мәселен, Қ.Омаровтың «Нәубет» фильмін көріп отырып, ашаршылықтың тек қасірет екенін ғана сезініп қоймайсын. Оның түпкі себебі мен сырын да терең түсінесін. 30-шы жылғы ашаршылықтың сол кезеңде шаруашылықты дұрыс ұйымдастыра білмеуден, асыра сілтеуден, түрлі саяси ағаттықтардан ған өрбімегенін, аштықтың алапат өріс алуының ең басты себебі – қазақ халқының өзгелерге тәуелді екендігінен, яғни Тәуелсіздіктің жоқтығынан туындағанын жан жүрегіңізбен ұғынасыз. Ұғынасыз да, фильмнің қоғамдық – саяси мәніне, танымдық қуатына тәнті боласыз.
Ал, енді «Алаш туралы сөз» атты деректі фильм жөнінде ерекше айта кеткен жөн. Біріншіден, қазақ документалистикасы үшін жабық тақырып болып келген мәселені Қалила Омаров алғаш рет кино тілімен шежірелеп берді. Екіншіден, Ресейдің ұлттық республикаларға жасап отырған өктемдігі, отаршыл – империялық саясаты бұрын соңды қазақ кино өнерінің тарихында сөз етілмегенді. Режиссердің осындай түрен ізі түсе қоймаған тың соқпаққа барып, аса күрделі әрі қайшылығы да мол, күрмеуі де көп қиын тақырыпты шебер игеріп алып шығуы – оның дайындығының зор, білім – білігінің кемел екенін айғақтай түседі.
Қазақтың ұлттық зиялыларының Ресейдің отарлау саясатына қарсы ұйымдастырған Алаш қозғалысының қайнар көздерін, оның саяси партияға айналуын, Алашорда өкіметінің құрылуы мен оның күресін, мақсатын, бағытын тарихи деректермен, ғылыми тұжырымдармен, ескі фотоқұжаттармен, көне кино кадрлармен бейнелей отырып, Қ.Омаров қазақ зиялыларының Тәуелсіздік жолындағы күресінің тұтас картинасын жасай алған. Алаш қозғалысының жетекшілері Ә,Бөкейхановтың, М.Дулатовтың және де өзге де озық ойлы күрескерлердің арман аңсарын, ар-ожданын, мұрат – миятын келістіре кескіндеп, осы баянды іс әрекетті біздің бүгінгі күнгі Тәуелсіздік бағытындағы талап – тілектерімізбен ұтымды ұштастырады. Кешегінің бәрі – бүгінімізге сабақ, ертеңімізге тағылым екеніне баса назар аударады. Өткенен өнеге алуымыздың қажеттігін еске салады.
Егер Қ.Омаровтың «Нәубет» атты туындысын фильм – реквием десек, ал «Алаш туралы сөзі» шартты түрде фильм – ескертпе не болмаса «Тәуелсіздік фильмі» деуге әбден болады.
Өзінің «Мағжан», «Мұхамед Салық мырзаның өмірі мен өлімі», «Міржақыптың оралуы» атты деректі фильмдерінде режиссер «Алаш туралы сөздегі» негізгі идеясы мен ойын онан әрі дамыта, кеңейте түседі.
«Тәуелсіздіе. Тарих. Тағдыр» атты циклге енген өзге фильмдердің де түсірілуі өте шебер, көркемдік шешімдері аса сәтті шыққан. Мұнда Мағжанның, Мұхамед Салық Бабажановтың, Міржақып Дулатовтың не болмаса Мұстафа Өзтүріктің жеке бастарының жәй күйі, күйініш – сүйініштері ғана емес, қазақ қауымының әлеуметтік сипаты, тарихи болмысы, заманның бет бейнесі терең ашылып көрсетіледі. Жалқыны суреттей отырып, жалпыны бейнелейді. Бір ғана тұлғаның іс әрекетін көрсету арқылы тұтас кезеңді қамтиды. Әрине, мұндай жетістік кино өнерінің қыр сырын аса терең меңгерген, өзінің кәсіби шеберлігін шындай білген режиссерға ғана тән болса керек.
Қалила Омаровтың «Тәуелсіздік. Тарих. Тағдыр» атты деректі фильмдер топтамасымен оның «Тәушен» (1989 жыл), «Атамекен» (1990 жыл), «Замана - шеру» (1990 жыл), «Дәулет Балуан» (1994 жыл), «Махаббат, қызық мол жылдар» (1994 жыл), «Жамбыл: Адамзаттың ұлы жыршысы» (1996 жыл) деп аталатын туындылары – қазақ кино өнерінің зор табыстары ғана емес, соныен бірге бұл фильмдер – қазақ кинодокументалистикасының көкжиегін кеңейтіп, өрісін ұзартқан өзіндік мектеп қалыптастырады десек, еш артық айтқанымыз емес.
Бүгінде өз қолтаңбасы айрықша дараланып, өзіндік мектебі қалыптасқан дарынды режиссер Қалила Омаровтың өнердегі ізденісі мен өнегесі, шығармашылық табысы мен шыққан биігі кейінгі буын кинорежиссерларға үлгі болып отыр. «Тәуелсіздік. Тарих. Тағдыр» атты деректі фильмдер топтамасының ерекшелігі, танымдық – тәрбиелік мәні, жаңалығы мен жетістігі туралы Қазақстан баспасөзінде өте көп және жиі жазылды.Осы баспасөз материалдарын және жоғарыдағы деректі фильмдер топтамасын Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну жөніндегі шығармашылық ұжым жиналысының есебін қоса тіркеп отырмыз.
«Қазақстан теледидары мен радиосы»
Республикалық корпорациясының
Президенті Ерлан Сатыбалдиев
«Қазақтелефильм» студиясының
Бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек