«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл
Вид материала | Документы |
- Конституционная реформа в России (1989-1993г.), 376.36kb.
- Руководство по борьбе с насилием в семье, 126.99kb.
- Дацышен Владимир Григорьевич доктор исторических наук (2001), профессор кгпу. В 1989, 206.68kb.
- Учебного заведения и его местонахождение, 70.52kb.
- Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы, 7507.09kb.
- 1989 Kotenkova E. V., Osadchuk A. V., Lyalyukhina S. I precopulatory isolating mechanism, 207.56kb.
- Антропогендi фактор, 77.88kb.
- М. Әуезовтың «Абай жолы» романы, 152.68kb.
- Гаагская декларация по туризму межпарламентская конференция по туризму проведена, 355.3kb.
- Бюллетень новых поступлений, 1337.31kb.
Ғалым Сүлеймен
Сұлтан 2006. № 1.
Қырық қыздың ішінен таңдап алдым
Өмірдерек:
Білімі: Ленинград кино және музыка институты
Қазіргі қызметі: кинорежиссер
Отбасылық жағдайы: Төрт бала, бір әйел, ауылдан келетін ағайын – туыстары
Марапаттары: Жастар Одағы және халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты
Шығармашылық шыңы: алда
Әйелдер туралы пікірі: Іші сұлуларды ұнатады
Қалила Нематұлы, әңгімені деректі кинодан бұрынбалалық шағыңыздан бастасақ. Қазақта ойын баласы дейді ғой.Бала Қалила неге әуес еді?
Жаңақорғанда өткен балалық шағымдағы ең үлкен әуестігім – кітап оқу, кино көру болатын. Сол үшін таяқ та жеген кездерім болды.(малға қарамайсың деп ұрысады ғой)
Кәсібіңіз, деректі кино туралы ой бөліссеңіз? Қазақ дерегінің өзге ұлттардың деректі киносынан өзіндік ерекеліктері бар ма?
Қазақ деректі киносының жалғыз ғана ерекшелігі – ол туындылар билік иесінің болмаса, байлық иесінің тапсырысымен түсірілуде, яғни режиссер тәуелді болып тұр ғой. Әлемдік сахнаға танымал деректі дүние туатын заман алда болар...
Қалай үйлендіңіз? Сіз, әйеліңізді таңдадыңыз ба, әлде...?
Ленинградта оншақты жыл жүріп, сүр бойдақ болып оралдым. Күріш жинап жүрген қырық қыздың ішінен жұбайым, Рыскүлді ұнатып, «алып қашып» үйлендім.
Сізді көп балалы әке дейді. Әрі «қазақта баланы санамайды», балаларыңыз ержеткен болар. Олардың сын ескертпесіне құлақ асасыз ба?
Екі ұл, екі қызым бар.Ұлдарым өз соңымнан еріп, фото өнерімен айналысады және колледжде осы мамандықта оқиды. Қыздарым мектепте.
Әдемі келіншектерді көргенде неге назар тоқтатасыз?
Алдымен сыртқы сұлулықтарына елігемін, іші сұлулармен сырласуға, дос болуға құмармын.
Ой адамы, белгілі режиссердің бүгінгі талғамымен қарағада ХХІ – ғасыр деректі киносы қандай болмақ?
Өзімізіді өзіміз мақтай да, даттай да бермей әлемдік сұранысқа лайық, қаржысы қомақты продюсерлік кино түсіретін «қарны тоқ» режиссердің заманы болса деп тілеймін.
Кинодан отбасына оралсақ.Үй шаруасына қалайсыз?
Әйелім үйде жоқ кезде, балаларыма тамақ пісіріп беретінмін. Басқа үй жұмытарының барлығын ұнатпамын. Әйелім маған сенеді. Мамандығымнан жұққан қасиетім болар, үйде де басқарғанды ұнатамын.
Сұхбаттасқан Гүлжан Адай
Спорт−KZ, №1-2, 4430, 05.01.2006г.
«Барып қайт, балам, ауылға» және «Дәулет Балуан» фильмдерін түсірген режиссер қайда жүр?
Қазақстанда спорт тақырыбына жазылған әдебиеттер аз емес. Сейдахмет Бердіқұлов, Несіп Жүнісбаев, Қыдырбек Рысбекұлы, Өмірзақ Жолымбетов сынды қаламы қарымды жазушылар мен журналистердің қиялынан талай тамаша туындылар дүниеге келді. Сол әдебиеттерді оқып, салауаттылыққа бет бұрған, спортты серік еткен жандар қаншама десеңізші...
Ал жарнамалау мен насихаттаудың басты құралы болып саналатын елдегі спорттық киноның жай-күйі қалай? Осы сауалға келетін болсақ, жанарымызбен жер шұқитындай жағдайдамыз. Өкінішке қарай? Даңқымызды төрткүл әлемге танытқан спортшыларымыздың өмірін бейнелейтін, жеңісті жолын дәріптейтін деректі дүниелер бізде сирек көрсетіледі. Кейде қайдағы жоқты үлкен экранға шығаруға құмар режиссерларымыз спорт тақырыбына келгенде тосылып қалады. Бұл ретте біз санаулы ғана фильмдерімізбен мақтана аламыз. Солардың арасында шоқтығы биік тұрған «Барып қайт, балам, ауылға» және «Дәулет Балуан» фильмдер. Алғашқысы – жырақта жүріп, қазақтың тектілігін танытқан таэквондошы, қара белбеу, VІ дан иегері Мұстафа Өзтүрік, екіншісі – әйгілі балуан, грек –рим күресінен екідүркін Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Дәулет Тұрлықанов жайында. Ал сол фильмдерді түсірген Қалила Омаров жайында біз не білеміз? Ол кісі қазір қайда жүр? Айтулы туындылардың өмірге келу тарихы қандай? Міне, осы сауалдармен қаруланған біз режиссер ағамызды іздеп тауып, әңгімеге тарттық.
- Қалила аға, спорт тақырыбына немқұрайлы қарағандықтан ба, әлде өзге шаруалардан қолдары босамайды ма, әйтеуір көптеген режиссерларымыз спорт саңлақтары жайында кино түсіруге құлшыныс танытпайды. Ал сіздің осы салаға бет бұруыңызға не түрткі болды?
- Енді әркім жүрегі қалаған тақырыбын таңдайды ғой. Менің де өзіме ұнайтын салам бар. Көбінесе сол бағытта жұмыс істеймін. Тарқатып айтсақ, Мағжан, Міржақып, Жамбыл сынды тарихи тұлғалар жайында бірқатар деректі фильмдерді әкеліп, ел ықыласына бөлендім. Ал «Барып қайт, балам, ауылға» және «Дәулет Балуан» фильмдеріне келетін болсақ, мен кейіпкерлерімді тек спортшы ретінде ғана емес, басқа да қырынан көрсетуге тырыстым. Бұл менің түсіріп жүрген тақырыптарыма өткен өте ұқсас. Өйткені, Мұстафа мен Дәулет әйгілі спортшылар ғана емес, олар тарихи тұлғалар. Мәселен, мен өз фильмдерімде ашаршылық кезінде, басқа да қилы заманда тағдыр тауқыметін тартып, шегара асқан қандастарымыздың өімірін бейнеледім. Мұстафаның ата-анасы да сондай жайтты басынан кешірді. Ол – қолдан жасалған содыр саясаттың құрбаны болған қазақтардың ұрпағы. Ал Дәулетті мен бұрынғы батырлардың тұяғы деп есептеймін. Оңай ма, шалғайдағы ауылдан, көп балалы отбасынан шыққан қарапайым қазақ баласы азуы алты қарыс Кеңестер империясында қатарынан жеті мәрте чемпион атанып, әлемдік деңгейдегі жарыстардың биігінен көрінді. Оның үстіне, Дәулеттің атасы Тұрлықан өз заманында мықты балуан ретінде танылған, Алаштың көзі ашық, көкірегі ояуазаматы болған. Міне, Дәулет сол асылдың сынығы. Сондықтан да қазақтың маңдайына біткен осы қос азаматты тарихи тұлғалар десек, еш ағаттығы жоқ.
- Енді алғашқы фильмнің қалай түсірілгені жайында тоқтала кетсеңіз?
1990 жылы Мағжан мен Міржақып отырған концлагерьлерді іздеп, еш нәтиже шықпағаннан соң елге оралдым. Сол күні түс ауа «Қазақтелефильмге» келсем, елдің барлығы дүрлігіп жүр. Баршаның айтатын әңгімесі: «Алматыға әйгілі каратэші, Брюс Лимен бірге жатыққан қандасымыз Мұстафа Өзтүрік келе жатыр». Ол кезде таэквондо деген сөзді құлағымыз естімеген. Жақсы төбелесетіндердің барлығы біздер үшін каратэші. Режиссер Тілеген Ахметов сол азамат жайында кино түсіремін деп жанталасып жүр екен. «Қазақтелефильм» киностудиясының директоры Кәрім Танаев мені шақырып алып: «Сен түсіріп жүрген тақырыпқа келіңкірейді. Тілеген екеуің бірігіп, жақсы бір деректі фильм түсіріңдер» деп табыстады. Содан біз деп табыстады. Содан біз бірден әуежайға тарттық. Сол жерде қонақты күтіп алдық. Мұстафа өзімен бірге бір топ шәкіртерін ерте келіпті. Екеуі қазақ, қалғандары түріктер. Солармен бірге Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарын араладық. Бір апта ішінде бір фильмге жүк болатындай деректер жинап қайттық. Сөйтіп, «Барып қайт, балам, ауылға» фильмі дүниеге келді. Әуелде ол теледидардан көрсетілсе, іле-шала үлкен экранға жол тартты. Фильмнің тұсау кесерін «Достық» үйінде өткіздік.
- Сол бірге жүрген, аралас-құралас болған уақытта Мұсатфаның қандай қасиеттеріне қанық болдыңыз?
Өркениетті мемлекетте өмір кешіп, дамыған елдің дәмін татса да, «Мқнда менің елім бар, жерім бар» деп атажұртын аңсап келген ұлын халық ерекше ықыласпен қарсы алды. Ол аралаған үлкен қалалар мен шағын ауылдарда жамағат оның аяғын жерге тигізбей, көкке көтерді.айтып, айтпай не керек, халықтың Мұстафаға деген ықыласы шексіз еді. Онымен қауышып, жүздесіп, тілдесіп қалуға талпынғандарда сан жоқ. Барған жерінде сый, барған жерінде құрмет. Бірақ Мұстафа қарапайым қалпынан айныған жоқ. Тіптен, жеке саған, игілігіңе жарат деп жұрттың сыйға тартқан дүниелердің өзін жергілікті халыққа үлестіріп берді. Ақшаны да, басқаны да өзімен бірге алып кеткен жоқ. «Спорт залдары мен таэквондо үйірмесін ашыңдар, шәкірттер баулыңдар, олардың алаңсыз жаттығуына жағдай жасаңдар» деп бәрін алған жерінде қалдырып кетті. Былай ойлап көрсем, сол қилы-қилы заманда көптеген қандастарымыздың ата-бабалары, туған-туыстары жан-жаққа тарап кетті ғой. КСРО кезінде «шет елде туысым бар» десең, басың пәлеге қалатын еді. Содан ешкім де тіс жарып, жаңағыдай мәселені жарнамаламайтын. Сол халық Мұстафаны көргенде өздерінің тағдыр тәлкегіне ұшыраған еті жақын адамдары естеріне түсірсе керек, әйтеуір онымен жылап көріспегендері сирек. Бүкіл бір халықтың, тұтас бір ұлттың тағдыры ғой, бұл.
- Осындай әсер алған сізге жақсы бір дүние түсіру аса қиынға соқпаған болар?
- Енді шама-шарқымыз жеткенше кино түсірдік қой. Негізінен маған Мұстафаны – спорттық жетістігінен гөрі, атамекенін аңсап, атажұртына оралған азамат ретінде көрсету қажет болды. Әсіресе, трагедиялық жағы молынан қамтылу керек еді. Мәселен, қызылдар империясының соқыр саясатының салдарынан талай қазақ қырылды, талайы шет елге асып кетті. Сол тарыдай шашылған қазақтың ұрпағы ретінде Мұстафа Өзтүріктен КСРО жайында пікірін естісем деп едім. «Кеңес Одағын ол жерден алып, жерге салады ма» деген оймен алдын ала әзірлеген сұрақтарды қойдым. Бірақ Мұстафаның аузынан өзім күткен жауапты ести алмадым. Ол маған: «Өткенді жамандауға болмайды. Ащы болса да, қасірет пен қайғыға толы болса да, ол – біздің тарихымыз» деп кесіп айтты. Міне, бұл да азаматтықтың белгісі емес пе?!
- Фильмді неліктен «Барып қайт, балам, ауылға» деп атадыңыздар?
- Мұстафаның бұл сапарында қасында Иманғали Тасмағамбетов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Талғат Теменов, Досхан Жолжақсынов сынды азаматтар болды. Әр кездесу барыснда Тұңғышбай ағамыз өзіне тән қоңыр даусымен сазгер Темірәлі Бақтыгереевтің «Барып қайт, балам, ауылға» әнін шырқағанда бүкіл халық жылап тұрып тыңдайтын. Соның әсері болса керек, осы әннің атауын таңдап алдық.
- Мұстафаның өмірден өткені жайында хабарды естігенде қандай күйде болдыңыз?
- Ол кезде «Қазақтелефильм» киностудиясы құлдырауға ұшырап, мен коммерцияға бет бұрғанмын. «Коммерция» деген атауы ғана, әйтпесе көшеде тұрып темек, сыра саттық. Әйтеуір күнкөрістің қамы. Сондай бір сауда қызып тұрған шақта мені анадайдан байқап қалған белгілі ғалым Мәмбет Қойгелдиев қасыма келіп: «Мұстафа бауырымыздан, біртуар батырдан айырылдық» деп ағыл-тегіл жылады. Сөйтсем, ол кісі жаңа ғана Мұстафаның денесін Түркияға жөнелтіп келе жатыр екен.
- Арыстай азамат өз ажалынан өлді дегенге өз басыңыз сенесіз бе?
- Өз басым сеніңкіремеймін. Мұстафа жұмбақ жағдайда көз жұмды. Қазір ел арасында оның өлімі туралы қауесет көп. Ерте ме, кеш пе, ақиқаттың беті ашылады деп ойлаймын.
Әйтеуір, көңілге жұбаныш болатыны Мұстафа Өзтүрік әкелген өнер өміршең болды, бүгінгі таңда Қазақстанның таэквондошылары ең мықты деген командалармен терезесі тең өнер көрсететіндей деңгейге жетті...
Бірде Талдықорғанға барғанымызда қазақтың жас жігіті кездесуге бес жасар баласын ертіп әкеліпті. Ырым болсын деп, Мұстафаның бұтынан өткізді. Бізге енді белгілі жайт, ал қонақтар аң-таң. Сол Мұстафаның бұтынан өткен, ақ батасын алған балалар бұл күндері ер жетіп, ел намысын қорғайтындай деңгейге жетті. Солардың алды таэквондо өнерін бүге-шігесіне дейін меңгеріп, халықаралық ареналарда жасындай жарқырап жүр. Міне, «Жақсының ісі өлиейді» деген осы.
- Сол жылдары бизнестің тұтқасын ұстап, коммерцияға ден қойған азаматтардың көбі байып жатты ғой. Сіздің де сауда-саттықпен айналысқаныңыз жайында елден естідік. Ал сол кәсіпті тастап, қайта кино саласына келуіңізге не себеп болды?
- Ұмытпасам, 1993 жыл. Ол кезде «коммерсантпын». Жандосов көшесінің бойында орналасқан жеміс-көкөніс зауытының қасында темекі сатып тұрғанмын. Мамандығым бойынша қызмет істеп үш айда табатын жалаұыны сауда-саттық жасап, бір аптаның ішінде табатындай жағдайға жеттік. Саудаға беріліп кеткенім соншалық, бір күні «Қазақтелефильм» киностудиясының директоры Мұса Рахманбердиевтің қасыма таяп қалғанын байқамай қалыппын. Ол кісі: «Мынауың не тірлік? Білдей бір режиссерсің. Бірқатар конкурстардың лауреатысың. Ұят емес пе?» деп ашына сөйледі. Сол кезде қызым реанимацияға түсіп, қажетті қаражат таппай, әбден қиналып жүрген кез болатын. «Несі ұят, бұл да кәсіп. Қызым ауырып жатыр, соған қажетті дәрі-дәрмек тауып бере алмасам, ұяттың көкесі сол болады» деп міз бағатын емеспін. Ағам қатты ашуланса керек, үндемей кетіп қалды. Екі-үш сағаттан соң қайта оралды. Қолыма бес мың рубль ұстатты да: «Шамаң жетсе, әйтеуір бір қайтарарсың. Бірақ бұл қарыз емес, қайтара алмасаң ренжімеймін. Бар да қызыңды емдет. Бірақ мына кәсібіңді қой, сен киноның адамысың» дегені бар. Бес мың рубль ол кезде біраз ақша еді. Мұсекең берген қаражатқа дәрі-дәрмек сатып алып, біраз мәселені шештік.
Бір апта өтер-өтпестен құдайым тағы бір жарылқады. Қасыма су жаңа «Джип» көлігі тоқтап, ішінен сыптай киінген азамат шықты. Қарасам, кезінде Жаңақорғанда бірге өскен, Ленинградта бірге оқыған Әлжан Абдуллаев екен. «Әу, дос, бизнесмен болып кеткеннен саумысың? Кино қайда?» деп езу тартты. «Ақша болмаса, кино қайдан болсын» деп жауап қайырдым. Содан ол жағдайдың бәрін тәтіштеп сұрады. Бар шындықты жайып салдым. «Жақсы бір кино түсіру үшін қанша қаржы керек?» деп сауал қойды. 20 мың доллар қажет екенін айттым. «Онда ертеңнен бастап жұмысқа шық. Қажетті қаражатты табамыз» деді де жөніне кетті. Келесі күні жұмысқа келсем, бухгалтерияға ақша түсіпті. Сөйтіп, Әлжанның арқасында өз кәсібіме қайта оралдым.
- Ол қаражатты қалай жұмсадыңыз? Әлжан достың арқасында қандай фильм дүниеге келді?
- Тиісті қаржы қолға тигеннен кейін Әлжанмен ақылдастым. Ол көп ойланып, толғанбады. Бірден: «Дәулет Тұрлықанов жайында кино түсіргенің жөн болар. Әйгілі балуан, абзал азамат, қоғам қайраткері, бір сөзбен айтсақ, жігіттің төресі ғой. Одан артық қандай кейіпкер керек?!» деп өз ойын білдірді. Мен: «Бәркелді!» дедім де білек сыбандым.
Дәулетті бұрындары сырттай білетінмін. Дардай атағы бар, жауырыны жер иіскемеген балуан. Ал онымен танысқанымда Дәулетті басқа қырынан таныдым. Әкесі Болат аға, анасы Мәрзия апаймен әңгімелесіп, құнды деректерге қанықтым. Шыныда да, Тұрлықановтардың әулеті тұнып тұрған тарих екен. Тұрлықанның өзі, оның атасы Қасен Алаштың ардақ тұтар азаматтары болған. Әрқайсысы бір-бір кітапқа жүк болатындай тұлғалар. Алтайдан Атырауға дейін қазақтың жерін ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғады десек, Дәулет сол батырлардың тұяғы. Фильм арқылы мен соған көрермендердің көзін жеткізгім келді. «Кіші ұлттың өкілі» деп мәскеулік мамандар қазақтың ұлына қаншама қысым жасаса да, ол қацйыспай, бар қиындықты жеңіп шықты. Қатарынан жеті жыл КСРО-ның бас балуаны атану екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Оның үстіне әлем және Еуропа чемпионы, әлем кубогының екі мәрте иегері, Гран-при жарыстарының жеңімпазы атақтарын жеңіп алды. Ол аз десеңіз, ел спортын өрге сүйреп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген азамат. Соның бәрін, тарқатып айтсақ, Дәулеттің балуан ретінде ғана емес, оның азаматтық қасиеттерін, бітім-болмысын, жаратылысын, қазіргі заманның батыры екенін көрсеткім келді.
- Соның барлығын ашып көрсете алдыңыз ба? Сіздің ойыңызша, «Дәулет балуан» фильмі көрермендер көңілінен шығатындай дүние болды ма?
- Оның шынайы бағасын халық бере жатар. Жеке өз басым көрермендерге бұл фильм ұнады деп ойлаймын. Десек те, кемшіліксіз дүние болмайды ғой. Бізден де азын-аулақ кемшілік кеткен болар. Ал маған бұл фильмді түсіру барысында ең бір қиындық туғызған мәселе – кейіпкерімнің ішкі дүниесін түсініп, оны көрермендерге жеткізу болды. Өйткені, Дәулет көп сөйлемейтін жігіт екен. Ал бұл біраз қолайсыздық туғызды.
- Бұл фильмді бір жыл бойы түсіріпсіз. Сол уақыт аралығында небір қызықты оқиғаларды бастан өткерген боларсыз. Соның бірін баяндап берсеңіз?
- Дәулет депутаттыққа түсіп, біздер Семей өңірін аралап жүргенбіз. Қыс ол жақта қатты болатынын білесіз. Таскескеннің маңы болса крек, көліктердің дөңгелегі омбы қарға көміліп. Тұрып қалдық. Ал жылуы жоқ клубта дірдек қағып жүздеген адам депутаттыққа үміткерді күтіп отыр. Жолды тазалау біраз уақытқа созылатынын біліп, Дәулет ауылға «Халық жаурамай, үйді-үйлеріне тарай берсін» деген хабар жіберді. Ол жақтағылар: «Балуанды көрмей кетпейміз, біз үшін алаңдамай-ақ қойсын» деп жауап қайтарыпты. Содан біраз уақытқа кешігіп, ауылға жеттік. Аз- маз бой жазып алғаннан кейін жиналған жұртпен жүздестік. Түрлі сұрақтар қойылды, Дәулет іркілмей жауап беріп жатты. Бір мезетте бір қария: «Балам, саясатты қайтесің, спортыңмен айналыса бермеймісің. Біз келсісіп, осы өңірдің беделді бір азаматына дауыс береміз деп уәде беріп қойған едік-» деп тіл қатты. Дәулет сабырлы кейпінен айнымай, жауап беруге ыңғайланған еді, шыдамай мен орнымнан атып тұрып, сөз сұрадым. Ол кезде жер мәселесі қатты көтеріліп жатқан. Соны алға тарта отырып, «Бұл сөзіңізбен келіспеймін, қария. Кезінде ата-бабамыздан мұра болып қалған жерге жаулар көз алартқанда батырларымыз қорғаған. Бозбала шағында Абылай жауға шабарда, өзге мықтылар оған «бала» деп қараған жоқ. Керісінше, оны қолдап, әскерінің қарасын молайтты, таққа отырғызып, хан көтерді. Дәулет сол батырлардың, асылдардың сынығы. Жарысқа баруға қаражат таппай қиналған кезінде ешкімнің алдына алақан жайып барған жоқ. Жат жерде жалғыз қазақ қысымды да, қыспақты да көрді. Бірақ сіздерден көмек сұраған емес. Жарыстарда жауырыны жер иіскемей, әлем чемпионаты мен Олимпиадада олжа салды. Күллі әлем өнеріне қол соқты. Ал қазір жаңа өмірге қадам басқанда теріс айналғандарыңыз қалай, ағайын?! Баяғыда Сағынайдың асында Ақан мерінің Құлагерін құлатқан Батыраш пен Қотыраш еді. Сіздердің де сүектеріңізде сондай дақ қалмасын. Еуропада, Америка мен Азияда жығылмаған балуанды енді туған жеріне келгенде жерлестерінің жығып бергені қалай болмақ?» деп көсіле сөйледім. Қария сөз қадірін түсініп, ақылға тоқтады. Сол ауылдың жасы бар, кәрісі бар сайлауда түгелімен Дәулетке дауыс берді.
- Тамаша туындыларыңыз көрермен жүрегіне жол тапты. Енді алдағы уақытта спорт тақырыбына тоқталу ойыңызда бар ма?
- Спорт саласына кино түсірмегеніме он екі жыл болыпты. Одан бері талай тарихи оқиғалардың куәсі болдық. Мен енді Дәулет жайлы фильмнің жалғасын түсіруді жоспарлап жүрмін. Бұйыртса, келесі жылы сол жобаны қолға аламын. Дәл қазір «Нұртау» гольф клубының фотощежіресін жасап жатырмын.
- Өзіңіз қандай спорт түрлерін ұнатасыз?
- Бокс пен күрестен өткен жарыстарды жиі-жиі тамашалаймын.
- Режиссер ретінде бірқатар деректі фильм түсірдіңіз. Солардың ішіндегі өзіңізге қатты ұнаған дүние ретінде бөле-жара қайсысын атар едіңіз?
- Өзім түсірген фильмдердің маған бәрі де қымбат. Бір қызығы – қай жаққа барсам да, халық менің «Барып қайт, балам, ауылға» және «Дәулет Балуан» атты фильмдерімді көбірек тілге тиек етеді. Әйтеуір, «Бұл Мұстафа мен Дәулет жайында кино түсірген режиссер» деген сөз шықса болды, барған жерімде кәдімгідей сый-құрмет көрңп қайтамын.
- Әңгімеңізге рахмет!
Ғалым СҮЛЕЙМЕНSport KS 5 қаңтар 2006 жыл.
«Барып қайт, балам, ауылға» және «Дәулет палуан» фильмдерін түсірген режиссер қайда жүр?
Қазақстанда спорт тақырыбына жазылған әдебиеттер аз емес. Сейдахмет Бердіқұлов, Несіп Жүнісбаев, Қыдырбек Рысбекұлы, Өмірзақ Жолымбетов сынды қаламы қарымды жазушылар мен журналистердің қиялынан талай тамаша дүниелер дүниге келді. Сол әдебиеттерді оқып, саалауаттылыққа бет бұрған, сортты серік еткен жандар қаншама десеңізші.
Ал жарнамалау мен насихаттаудың басты құралы болып саналатын елдегі спорттық киноның жай-күйі қалай? Осы сауалға келетін болсақ,жанарымызбен жер шұқитындай күйдеміз. Өкінішке қарай, даңқымызды төрткүл дүниеге танытқан спортшыларымыздың өмірін бейнелейтін, жеңісті жолын дәріптейтін, деректі дүниелер бізде де сирек көрсетіледі. Кейде қайдағы жоқты экранға шығаратын режиссерлеріміз спорт тақырыбына келгенде тосылып қалады. Бұл ретте біз санаулы ғана фильмдерімен ғана мақтана аламыз. Солардың арасында шоқтығы биік тұрған «Барып қайт, балам, ауылға» және «Дәулет балуан» атты фильмдер. Алғашқысы - жырақта жүріп, қазақтың тектілігін танытқан таэквондошы, қара белбеу, VI дан иегері Мұстафа Өзтүрік, екіншісі әйгілі балуан, грек – рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы Дәулет Тұрлықанов жайында. Ал сол фильмдерді түсірген Қалила Омаров жайында не білеміз? Міне, осы сауалдармен қаруланған біз режиссер ағамызды іздеп тауып, әңгімеге тарттық.
Қалила аға, спорт тақырыбына немқұрайлы қарағандықтан ба, әлде өзге шарулардан қолдары босамайды ма, әйтеуір көптеген режиссерлеріміз спорт саңлақтары жайында кино түсіруге құлшыныстары жоқ. Ал сіздің осы салаға бет бұруға не түрткі болды?
Енді әркім жүрегі қалаған тақырыбын таңдайды ғой. Менің де өзіме ұнайтын салам бар. Көбінесе, сол бағытта жұмыс істеймін. Тарқатып айтсақ, Мағжан, Міржақып, Жамбыл сынды тарихи тұлғалар жайында бірқатар деректі фильмдерді дүниеге әкеліп, ел ықыласына бөлендім. Ал «Барып қайт, балам, ауылға» және «Дәулет балуан» фильмдеріне келетін болсақ, мен кейіпкерлерімді тек спортшы ретінде ғана емес, басқа да қырынан көрсетуге тырыстым. Бұл менің түсіріп жүрген тақырыптарыма өте ұқсас. Өйткені, Мұстафа мен Дәулет әйгілі спортшылар ғана емес, олар тарихи тұлғалар. Мәселен мен өз фильмдерімде ашаршылық кезінде, басқа да қилы заманда тағдыр тауқыметін тартып, шекара асқан қандастарымыздың өмірін бейнеледім. Мұстафаның ата-анасы да сондай жайтты бастан кешіріп отыр. Ол – қолдан жасалған содыр саясаттың құрбаны болған қазақтың ұрпағы. Мұстафа арқылы мен тарыдай шашылып жүрген барша қандастарымның тағдырын көрсеткім келді. Ал Дәулетті мен бұрынғы батырлардың тұяғы деп есептеймін. Оңай ма, шалғайдағы ауылдан, көп балалы ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласы азуы алты қарыс Кеңестер империясында қатарынан жеті мәрте чемпион атанып, әлемдік деңгейдегі жарыстардың биігінен көрінді. Оның үстіне, Дәулеттің атасы Тұрлықан өз заманында мықты балуан ретінде танылған, Алаштың көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болған. Міне, Дәулет сол асылдың сынығы. Сондықтан да қазақтың маңдайына осы қос азаматты тарихи тұлғалар десек, еш ағаттығы жоқ.
Енді алғашқы филмьнің қалай түсірілгені жайында тоқтала кетсеңіз?
1990 жылы Мағжан мен Міржақып отырған концлагерьлерді іздеп, еш нәтиже шықпаған соң, елге оралдым. Сол күні түс ауа «Қазақтелефильмге» келсем, елдің барлығы дүрлігіп жүр. Баршаның айтатын әңгімесі: Баршаның айтатын әңгімесі «Алматыға әйгілі каратэші Брюс Лимен бірге жаттыққан қандасымыз Мұстафа Өзтүрік келе жатыр». Режиссер Тілеген Ахметов сол азамат жайында кино түсіремін деп жанталасып жүр екен. «Қазақтелефильм» киностудиясының директоры Кәрім Танаев мені шақырып алып: «Сен түсіріп жүрген тақырыпқа келіңкірейді. Тілеген екеуің бірігіп, жақсы бір деректі фильм түсіріңдер», деп табыстады. Содан біз бірден әуежайға тарттық. Сол жерден қонақтарды күтіп алдық. Мұстафа өзімен бірге бір топ шәкірттерін ала келіпті. Екеуі қазақ, қалғандары түріктер. Солармен бірге Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарын араладық. Бір апта ішінде бір фильге жүк болатындай деректер жинап қайттық. Сөйтіп, «Барып қайт, балам, ауылға» фильмі дүниеге келді. Фильмнің тұсаукесерін «Достық» үйінде өткіздік.
Сол бірге жүрген, аралас – құралас болған уақытта Мұстафаның қандай қасиеттеріне қанық болдыңыз?
Өркениетті мемлекетте өмір кешіп, дамыған елдің дәмін татса да, «Мұнда менің елім бар, жерім бар» деп ата- жұртын аңсап келген ұлын халық ерекше ықыласпен қарсы алды. Ол аралаған үлкен қалалар мен шағын ауылдарада жамағат оның аяғын жерге тигізбей көкке көтерді. Айтып айтпай не керек халықтың Мұстафаға деген ықыласы шексіз еді. Онымен қауышып, жүздесіп, тілдесіп қалуға талпынғандарда сан жоқ. Барған жерінде сый, барған жерінде құрмет. Бірақ Мұстафа қарапайым қалпынан айрылған жоқ. Тіптен «жеке саған», «игілігіңе жарат» деп жұрттың сыйға тартқан дүниелерінің өзін жергілікті халыққа үлестіріп беріп жатты. «Спорт залдары мен таэквондо үйірмесін ашыңдар, шәкірттер баулыңдар, олардың алаңсыз жаттығуына, жарысқа қатысуына жағдай жасаңдар», деп бәрін алған жеріне қалдырып кетті. Былай ойлап көрсем, сол қилы – қилы заманда көптеген қандастарымыздың ата- бабалары, туғандары жан – жаққа тарап кетті ғой. КСРО кезінде «шет елде туысым бар» десең басың бәлеге қалатын еді. Содан ешкімде тіс жарып, жаңағыдай мәселені айтпайтын. Сол халық Мұстафаны көргенде өздерінің тағдыр тәлкегіне ұшыраған ет жақын адамдарын естеріне түсірсе керек, әйтеуір онымен жылап көріспегендері сирек. Бүкіл бір халықтың, тұтас бір ұлттың тағдыры ғой, бұл.
Осындай әсер алған сізге жақсы бір дүние түсіру аса қиынға соқпаған болар?
Енді шамамыз жеткенше кино түсірдік қой. Негізінен, маған Мұстафаны спорттық жетістігінен гөрі, атамекенін аңсап, ата жұртына оралған азамат ретінде көрсету қажет болды. Әсіресе, трагедиялық жағын иолынан қамту керек еді. Кеңестер одағын жерден алып, жерге сала ма деген оймен алдын ала әзірлеген сұрақтарды қойғам. Бірақ Мұстафаның аузынан өзім күткен жауапты ести алмадым. Ол маған: «Өткенді жамандауға болмайды. Ащы болса да, қасірет пен қайғыға толы болса да, ол – біздің тарихымыз» - деп кесіп айтты. Міне, бұл да азаматтықтың белгісі емес пе?!
Фильмді неге «Барып қайт, балам, ауылға» деп атадыңыздар?
Мұстафаның бұл сапарында қасында Иманғали Тасмағанбетов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Талғат Теменов, Досхан Жолжақсынов сынды азаматтар болды. Әр кездесу барысында Тұңғышбай ағамыз өзінің қоңыр даусымен сазгер Темірәлі Бақтыгереевтің «Барып қайт, балам, ауылға» әнін шырқағанда бүкіл халық жылап тұрып тыңдайтын. Соның әсері болса керек, осы әннің атауын таңдап алдық.
Мұстафаның өмірден өткені жайында хабарды естігенде қандай күйде болдыңыз?
Ол кезде «Қазақтелефильм» киностудиясы құлдырауға ұшырап, мен коммерцияға бет бұрғанмын. «Коммерция» деген атауы ғана, әйтпесе көшеде тұрып, темекі сыра саттық. Әйтеуір күнкөрістің қамы. Сондай бір сауда қызып тұрған шақта мені анадайдан байқап қалаған белгілі ғалым Мәмбет Қойгелдиев қасыма келіп: «Мұстафа бауырымыздан, біртуар батырдан айрылдық» деп ағыл-тегіл жылады. Сөйтсем, ол кісі жаңа ғана Мұстафаның денесін Түркияға жөнелтіп келе жатыр екен.
Арыстай азамат өз ажалынан өлді дегенге өз басыңыз сенесіз бе?
Өз басым сеніңкіремеймін. Мұстафа жұмбақ жағдайда көз жұмды. Қазір ел арасында оның өлімі туралы қауесет көп. Ерте ме, кеш пе, ақиқаттың беті ашылады деп ойлаймын.
Әйтеуір, көңілге жұбаныш болатыны Мұстафа Өзтүрік әкелген өнер өміршең болды. Бүгінгі таңда Қазақстанның таэквондошылары ең мықты деген командалермен терезесі тең өнер көрсететіндей деңгейге жетті...
Бірде Талдықорғанға барғанымызда қазақтың жас жігіті кездесуге бес жасар баласын ертіп әкеліпті. Ырым болсын деп, Мұстафаның бұтыннан өткізді. Бізге енді белгілі жайт, ал қонақтар аң-таң. Сол Мұстафаның бұтынан өткен, ақ батасын алған балалар бұл күндері ер жетіп, ел намысын қорғайтындай деңгейге жетті. Солардың алды таэквондо өнерін бүге – шігесіне дейін меңгеріп, халықаралық ареналарда жасынан жарқырай жүр.Міне, «Жақсының ісі өлмейді» деген осы.
Сол жылдары бизнестің тұтқасын ұстап, коммерцияға ден қойған азаматтардың көбі байып жатты ғой. Сіздің де саудамен айналысқаныңызды елден естідік. Ал сол кәсіпті тастап, қайта кино саласына келуіңізге не себеп болды?
Ұмытпасам, 1993 жыл. Ол кезде коммерцантпын. Жандосов көшесінің бойында орналасқан жеміс-көкөкіс зауытының қасында темекі сатып тұрғанмын. Ммандығым бойынша қызмет істеп үш айда табатын дай жағдайға жеттік. Саудаға беріліп кеткенім соншалықты, бір күні «Қазақтелефильм» киностудиясының директоры Мұса Рахманбердиевтің қасыма таяп қалғанын байқамай қалыппын. Ол кісі; «Мынауың не тірлік? Білдей бір режиссерсің, бірқатар конкурстардың лауреатысың. Ұят емес пе?» деп ашына сөйледі.Сол кезде қызым реанимацияға түсіп, қажетті қаражат таппай, әбден қиналып жүргем. «Несі ұят, бұлда кәсіп. Қызым ауырып жатыр, соған қажетті дәрі – дәрімек тауып бере алмасам, ұяттың көкесі сол болады» деп міз бағатын емеспін. Ағам қатты ашуланса керек, үндемей кетіп қалды. Екі-үш сағаттан соң қайта оралды. Қолыма 5 мың рубль ұстаттыда: «Шамаң жетсе, әйтеуір бір қайтарарсың. Бірақ бұл қарыз емес, қайтара алмасаң ренжімеймін. Барда қызыңды емдет. Бірақ мына кәсібіңді қой, сен киноның адамысың» дегені бар. Бес мың рубль ол кезде біраз ақша еді.
Бір апта өтер-өтпестен құдайым тағы да бір жарылқады. Қасыма су жаңа «Джип» көлігі тоқтап, ішінен сыптай киінген азамат шықты. Қарасам, кезінде Жаңақорғанда бірге өскен, Ленинградта бірге оқыған Әлжан Абдуллаев екен. «Әу, дос бизнесмен болып кеткеннен саумысың. Кино қайда?» деп езу тартты. «Ақша болмаса, кино қайдан болсын» деп жауап қайтардым. Содан ол жағдайдың бәрін сұрап шықты. Бар шындықты жайып салдым. «Жақсы бір кино түсіру үшін қанша қаржы керек?» деп сауал қойды. 20 мың доллар қажет екенін айттым. «Онда ертеңнен бастап, жұмысқа шық. Қажетті қаржыны табамыз» деді де жөніне кетті. Досым уәдесінде тұрды. Келесі күні жұмысқа келсем, бухгалтерияға ақша түсіпті. Сөйтіп, Әлжанның арқасында өз кәсібіме қайта оралдым.
Ол қаражатты қалай жұмсадыңыз? Әлжан достың арқасында қандай фильм дүниеге келді?
Тиісті қаржы қолға тигеннен кейін Әлжанмен ақылдастым. Ол көп ойланып, толғанбады. Бірден: «Дәулет Тұрлықанов жайында кино түсіргенің жөн болар Әйгілі балуан, абзал азамат, бір сөзбен айтқанда, жігіттің төресі ғой. Одан артық қандай кейіпкер керек?!» деп өз ойын білдірді. Мен: «Бәрекелді!» дедім де білек сыбандым.
Дәулетті бұрындары сырттай білетінмін. Дардай атағы бар, жауырыны жер иіскемеген балуан. Ал онымен танысқанымда, Дәулетті басқа қырынан таныдым. Әкесі Болат аға, анасы Мәрзия апаймен әңгімелесіп, құнды деректерге қанықтым. Шынында да, Тұрлықановтардың әулеті тұнып тұрған тарих екен. Тұрлықанның өзі, оның атасы Қасен Алаштың ардақ тұтар азаматтары болған. Әрқайсысы бір-бір кітапқа жүк болатындай тұлғалар. Алтайдан Атырауға дейін қазақтың жерін ата-бабамыздың найзаның ұшымен білектің күшімен қорғады десек, Дәулет сол батырлардың тұяғы. Фильм арқылы мен соған көрермендердің көзін жеткізгім келді. «Кіші ұлттың өкілі» деп Мәскеулік мамандар қазақтың ұлына қаншама қысым жасаса да, ол қайыспай, мойымай, бар қиындықты жеңіп шықты. Қатарынан жеті жыл КСРО-ның бас балуан атану екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Оның үстіне әлем және Еуропа чемпионы, әлем кубогының екі мәрте иегері, Гран-при жарыстарының жеңімпазы атақтарын жеңіп алды. Ол аз десеңіз, ел спортын өрге сүйреп, жарғақ құлағы жарға тимей жүрген азамат. Соның бәрін тарқатып айтсақ, дәулеттің балуан ретінде ғана емес, оның азаматтық қасиеттерін, бітім-болмысын, жаратылысын, қазіргі заманның батыры екенін көрсеткім келді.
Соның бәрін ашып көрсете алдыңыз ба? Сіздің ойыңызша, «Дәулет Балуан» фильмі көрерменнің көңілінен шығатындай дүние болды ма?
Оның шынайы бағасын халық бере жатар. Жеке өз басым көрермендерге бұл фильм ұнады деп ойлаймын. Десек те, кемшіліксіз дүние болады ғой. Бізден де азын-аулақ қате кеткен болар. Ал маған бұл фильмді түсіру барысында ең бір қиындық туғызған мәселе – кейіпкерімнің ішкі дүниесін түсініп, оны көрермендерге жеткізу болды. Өйткені Дәулет көп сөйлемейтін жігіт екен. Ал бұл бір қолайсыздық туғызды.
Бұл фильмді бір жыл бойы түсіріпсіз. Сол уақыт аралығында небір қызықты оқиғаларды бастан өткерген боларсыз?
Дәулет депутаттыққа түсіп, біздер Семей өңірін аралап жүргенбіз. Қыс ол жақта қатты бодатынын білесіз. Таскескеннің маңы болса керек, көліктердің дөңгелегі омбы қарға көміліп, тұрып қалдық. Ал жылуы жоқ клубта дірдек қағып жүздеген адам депутатыққа үміткерді күтіп отыр. Жолды тазалау біраз уақытқа созылатынын біліп, Дәулет ауылға: «Халық жаурамай, үйді-үйлеріне тарай берсін» деген хабар жіберді. Ол жақтағылар: «Балуанды көрмей кетпейміз, біз үшін алаңдамай-ақ қойсын» деп жауап қайтарыпты. Содан біраз уақытқа кешігіп, ауылға жеттік. Аз-маз бой жазып алғаннан кейін жиналған жұртпен кездестік. Түрлі сұрақтар қойылды, Дәулет іркілмей жауап беріп жатты. Бір мезетте бір қария: «Балам саясатты неғыласың, спортыңмен айналыса бермеймісің. Біз келісіп, осы өңірдің беделді бір азаматына дауыс береміз деп уәде беріп қойып едік» деп тіл қатты. Дәулет сабырлы кейпінен айрылмай, жауап беруге ыңғайланған еді, шыдамай мен орнымнан атып тұрып, сөз сұрадым. Ол кезде жер мәселесі қатты көтеріліп жатқан. Соны алға тарта отырып: «Бұл сөзіңізбен келіспеймін, қария. Кезінде ата-бабамыздан мұра қалып қойған жерге жаулар көз алартқанда, батырларымыз қорғаған. Бозбала шағында Абылай жауға шабарда, өзге мықтылар оған «бала» деп қараған жоқ. Керісінше, оны қолдап, әскерінің қарасын молайтты, таққа отырғызып, хан көтерді. Дәулет сол асылдардың, батырлардың сынығы. Жарысқа баруға қаражат таппай қиналған кезінде ешкімнің алдына алақан жайып барған жоқ. Жат жерде жалғыз қазақ қысымды да қыспақты да көрді. Бірақ сіздерден көмек сұраған емес. Жарыстарда жауырыны жер иіскемей, әлем чемпионаты мен Олимпиадада олжа салды. Күллі әлем өнеріне қол соқты. Ал қазір жаңа өмірге қадам басқанда, теріс айналғандарыңыз қалай, ағайын?! Баяғыда Сағынайдың асында Ақан серінің Құлагерін құлатқан, Батыраш пен Қотыраш еді. Сіздердің сүйектеіңізде сондай дақ қалмасын. Еуропада, Америка мен Азияда жығылмаған балуанды енді туған жеріне келгенде жерлестерінің жығып бергені қалай болмақ?!» деп көсіле сөйледім. Қария сөз қадірін түсініп, ақылға тоқтады. Сол ауылдың жасы бар, кәрісі бар түгелімен, Дәулетке дауыс берді.
Тамаша туындыларыңыз көрермен жүрегіне жол тапты. Енді алдағы уақытта спорт тақырыбына тоқталу ойыңызда болды ма?
Спорт саласына кино түсіргеніме жыл болыпты. Одан бері талай тарихи оқиғалардың куәсі болдық. Мен енді Дәулет жайлы фильмнің жалғасын түсіруді жоспарлап жүрмін. Бұйыртса келесі жылы сол жобаны қолға аламын. Дәл қазір «Нұртау» гольф клубының фотошежіресін жасап жатырмын.
Өзіңіз қандай спорт түрлерін ұнатасыз?
Бокс пен күрестен өткен жарыстарды жиі-жиі тамашалаймын.
Режиссер ретінде бірқатар деректі фильм түсірдіңіз. Солардың ішіндегі өзіңізге қатты ұнаған дүние ретінде бөле жара қайсысын айтар едіңіз?
Өзім түсірген фильмдердің маған бәрі де қымбат. Бір қызығы – қай жаққа барсам да, халық менің өзге дүниелерімнен гөрі «Барып қайт, балам, ауылға» және «Дәулет балуан» атты фильмдерімді көбірек тілге ьиек етеді. Әйтеуір, «Бұл Мұстафа мен Дәулет жайында кино түсіріп жүрген режиссер» деген сөз шықса болды, барған жерімде кәдімгідей сый құрмет алып қайтамын.
Әңгімеңізге рахмет!
Ғалым Сүлеймен.
«Егемен Қазақстан» 11 қаңтар 2006 жыл