«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл

Вид материалаДокументы

Содержание


Бұл фильмнің басты ерекшелігі неде? Қандай тың ақпарат бере алдық деп ойлайсыз?
Алаш қайраткерлерінің өз ішінде де алауыздық болған жасырын емес. Осы жағы фильмде ашылды деп ойлайсыз ба?
Фильмге саяси не басқа да бір себеппен енгізілмей қалған кадрлар болды ма?
Біздің ұрпақ – «Қызыл жебені» оқып өскен, Тұрарды тұлға санаған ұрпақ...
Ерболат Құдіреұлы Әуезов
Бейбіт Қойшыбай, тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» құқық қорғау қоғамының президенті
Подобный материал:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

«Айқын» 17 наурыз. 2009 жыл. № 45


«Алаш Орда» деректі фильмі көрсетілді


Кеше Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы толықметражды «Алаш Орда» деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді. Көрнекті ғалымдар мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері және Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары қатысқан тұсаукесер рәсімінде біз аталған фильмнің режиссері Қалила Омаровты әңгімеге тартқан едік.

Қалеке, алдымен «Алаш Орда» фильмін түсіру идеясы қалай туды?

Бұл – менің жиырма жылдық киношығармашылығымдағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Себебі сонау тоқсаныншы жылдардың басында Алаш қайраткерлері – Мағжан, Міржақып туралы деректі фильм түсіргенмін. 2008 жылы Алаш қозғалысының тоқсан жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы осы фильмді қолға алып, маған сеніп тапсырды. Киносценариінің авторы – Болат Мүрсәліммен бірге жан-жақты ізденісіміз кино түсіру барысында тіптен өрши түсті. Басында 26 минөттік фильмге қаржы бөлінген, сонымен Орынборда, Санкт-Петерборда, Семейде, Астанада, Алматыда түсіріп, алғашқы нұсқасын ұсынғанымызда, «Қазақфильм» басшылары 52 минөттік толықметражды фильм етіп жасауға кеңес беріп, қаржы бөлді.

Бұл фильмнің басты ерекшелігі неде? Қандай тың ақпарат бере алдық деп ойлайсыз?

Алаш идеясы шыққан уақыт – Ресейдің толық ықпалына көшкен және ХХ ғасырдың басында хандық биліктің жойылғанына 70 жылдан асып кеткен кез. Қазақ жері түгел Ресейдің губернияларына бөлініп тасталған болатын, яғни бұл кезде бізде мемлекеттік болған жоқ. Сулы, нулы жердің бәрі империяның халқына басыбайлы беріліп жатқан кез. Қазақ халқының Ақтабан шұбырындыдан кейінгі елінен, жерінен заңды түрде айырылып жатқан кезі. Губернияларға шашылып кеткен жердің бәрінің басын қосу үшін саяси сахнаға Әлихан бастаған қазақ зиялы қауым өкілдері шықты. Олар Алашқа бірікті. Сонымен қатар Түркістан өлкесінде Мұстафа Шоқай бастаған қайраткерлер тұрды. О баста «Алаш және Әлихан», «Түркістан және Мұстафа» деп әрқайсысының көзқарастарын терең ашып, Ресеймен байланыстырып бермек болдық. Бұл фильмнің ішіне кіріп кеткен соң, қазақ жерін біріктірген «Алаш Орда» тарихы туралы тақырыпқа аса мән бердік. Қазақ жерін тұтастандыру, Алаш автономиясын ариялау, одан бұрын патшаның тұсында Мемлекеттік Думаға шығу арқылы қазақтың жерін қорғау, ондағы күрес жолы, уқытша үкіметтің, қызылдардың кезіндегі алашордашылардың еңбегі дегендей...

Мынандай қызық фактіге кезіктік. Ақ патша құлаған соң, бүкіл Ресей империясындағы қаншама ұлттар өзінің егемендігін жариялаған десеңізші. Сол жүзге тарта ұлт пен ұлыстың біз отыз шақтысын ғана іріктеп алдық. Солардың егемендікке ұмтылған ғұмырларының бәрі он шақты күн, алты ай, көп болса, бір жылға ғана созылған. Ал енді солардың ішінде ең ұзақ, екі жыл үш ай өмір сүрген және қызылдармен арпалысып жүріп өз ұстанымында тұра білген біздің Алаш Орда болып тұр. Міне, фильмнің бірден-бір ерекшелігі осы деп есептеймін. Екінші ерекшелігі ретінде Ленин, Сталин бастаған большевиктік өкіметпен Алашорданың арасындағы қарым - қатынасты айтар едім. Тарихи құжаттар және компьютерлік графика арқылы көрерменнің көз алдына осы процестерді ашып беруге тырыстық. Оның қаншалықты жүзеге асқанын көрермен айта жатар. Фильм ғылыми – танымдықжанрда түсірліген. Философиялық ой қуып кеткен жоқпыз. Қазір экрандарымызды жаулап алған және үлкен жоғары деңгейде жасалған қаншама шетелдік ақпараттың арасында бұлт арасынан сығалап шыққан күн сияқты ХХ ғасырдың басындағы тарихымызды ашатын жарқын сәуледей өз миссиясын орындайды деп білемін.Бұл – алдымен жастарға керек фильм.

Алаш қайраткерлерінің өз ішінде де алауыздық болған жасырын емес. Осы жағы фильмде ашылды деп ойлайсыз ба?

Бұл - өте ауыр сұрақ. Алаш қайраткері турасында зерттеушілеріміздің арасында қарама – қайшы көзқарас бар. Мен фильмде осы екі түрлі көзкарастарды да көрсеттім гой деп ойлаймын. Алаш қайраткерлерінің ауызбіршілікте болмауы – сол заманның көзімен қарасақ, қай жағынан қарасақ та негізді. Неге? Өйткені Әлекең бастаған топ биліктен шеттетілген соң қазаққа еге болатын тұлға қажет болды.Мың жерден іші «Алаш» деп қан жылап тұрса да, олар ашықтан – ашық большевиктің жасырын жырлауға, Алаш қайраткерлеріне ашық қарсы шығуға мәжбүр болды. Тұрар Рысқұлов та, Сәкен Сейфуллин де, Сейітқали Меңдешев те осындай көзқарастағы адамдар. Сол себепті мен әр түрлі көзқарастағы замандас тарихшыларды фильмге түсуге шақырып, оларға да сөз бердім. Бұл орайда сенсация қуған жоқпыз, ғылыми саналы түрде жауап беруге тырыстық. Мәселен, ғалым Тұрсын Хазіретәлі Тұрар Рысқұловтың Сталинге жеке өз атынан жазған құпия хатын жариялады ғой. Осынын өзі Тұрарды жақтаушылар тарапынан Тұрсынды айыптаған қаншама даудамай туғызды. Не десек те, бұл - өмірде бар құжат, сондықтан ол құжат фильмде көрсетілді. Және Рысқұловтың хатының соны алашордашылардың ауыр тағдырына апарып соқтырғаны белгілі. Мәселен, «Ақ жол» газетінің басында отырған Сұлтанбек Қожанов Ташкентте жұмыссыз жүрген Алаш қайраткерлерінің бәріне пана болды ғой. Ал Рысқұлов оларды «Сұлтанбектің арқасында күн көріп, кеңес органдарында жасырын қызмет етіп жүрген алашордашылар» деп жиырма беске жуық адамды Сталинге көрсетіп жазып берген. Қай пиғылда көрсеткенін Рысқұловтың өз ары біледі. Бірақ фактінің аты факті ғой. Осы хаттан соң Сталин «Ақ жол» газетіне шүйіліп, онсыз да қалт – құлт етіп күн көрі жүрген алашордашылар тегіс қуғындалып, мүлдем тентіреп кетеді. Көп ұзамай олардың атылатыны – атылып, ұсталатыны – ұсталады. Бұл орайда мен бүкіл саналы өмірін Тұрарды зерттеуге арнаған жазушы Шерхан Мұртазаға арнайы бардым. Түсіндіріп айтқан соң, Шер-ағаң Тұрар мен Алаш қайраткерлерінің қарым – қатынасындағы ой-тұжырымдарымен бөлісті. Мұнын бәрін кинодан көрсеттім.

Сіздер «Әлихан Бөкейхановтың бейне көрінісі сақталған кинохроника таптық» деп жар салып, оны БАҚ біткеннің бәрі сүйінші сұрап жазды. Енді ол бейне Әлихан болмай шыққан сияқты...

Бұл өзі қызық болды (күліп). «Жұмыс істемеген адам ғана қателеспейді» дейді ғой. Мен Жамбыл туралы кино түсіру тапсырылған да марқұм Мұса Рахманбердиев ағамызға: «Жамбыл жайлы айтылмаған жай жоқ. Мен Жәкеңнің ашаршылық туралы және қуғын-сүргінге байланысты өлеңін тапсам ғана киноға кірісемін» дедім. Ол кісі «біздің қолымызда ондай ештеңе жоқ» деді. Іздеп жүріп Қырғызстаннан Жәкеңнің ашаршылық туралы өлеңін тауып келіп, сақтап келген адамның суретімен бірге газетке жариялаттым. Сол сияқты Алаш Орда туралы фильмде де өзімізше бір жаңалық тапсақ дедік. Ол - Әлихан Бөкейхановтың кинотаспадағы бейнесін табу. Ол кісінің 1925-26 жылдары Қазақстанға келгені туралы анық фактілер бар. Ал кеңестік идеология үлкен шараларды насихат үшін фотоға да, киноға да түсіртіп отырған. Сондай үмітпен 1925 жылы Қызылордада сәуір айында болған КАССР Кеңесінің V съезінен түсірілген бейнетаспадағы бір адамды Әлекеңе қатты ұқсаттық. Түр-тұлғасы, мұрт қойысы, киім киісі, отырысы айнымайды. Мінбер басындағы большевиктердің бәрі гимнастерка, галифе шалбар киген, қарабайыр да, солардың шетінде аққудай болып ақ плащ киген бір кісі ерекше болып емін-еркін отыр. Және президиумның бір шетіне, алдымен таман жайғасқан, яғни оның келетінін ешкім білмеген, төмендегі жұрттың арасына отырғызып қоюға тағы бата алмаған. Осындай оймен оны біз, Әлекеңе ұқсаттық. Газеттің бәрі сүйінші сұрап жазды. Бірақ шындықтан артық ештеңе жоқ. Бейнені арнайы көрсеткенімізде, тарихшылар Қамбар Атабаев пен Талас Омарбеков оның Әлихан екенін қоштаған-ды. Ал тарихшы Мәмбет Қойгелдиев екі ойлы болып: «Мынаның көзінде зіл бар және жастау көрінеді, Әлекең болуы мүмкін емс» дей берді. Сонымен Әлиханды көзімен көрген мен білетін жалғыз адам – Гүлнар апай Міржақыпқызына бардық. Жасы тоқсан бестен асқан әжей ол кезде тоғыз-он жастағы қыз екен, «кинодағы боып жатқан оқиғаның ішінде болдым. Ахмет Байтұрсынов фаэтон арбаға мінгізіп, Ахаңның қызы Шолпан –бәріміз тойға баратындай киініп шықтық.Бірку атпен, біреу есекпен дегендей, халық лег-легімен жиналып жатыр. Ахаң: «Сендер арбадан түспендер, халық таптап кетеді» деп, өзі ішке іріп кетті. Бірақ мен ол жерден Әлиханды көрген жоқпын. Мынау кинохроникадағы адам Әлихан емес» деді. Сосын 1926 жылы Әлихан Мәскеуден келгенде әкесі Міржақыппен бірге пойыздан қарсы алуға барғанын, жел тұрып, Әлиханның басындағы шляпасы ұшып кеткенін, Міржақып артынан қудалап, түн ішінде таппағанын, ертесіне қаланы түгел кезіп, Әлекең шляпа іздегенін айтты. Әлекеңнің басы үлкен екен, ондай размерлі шляпа болмай шығады. Содан Міржақып бір кепка тауып алып келеді, Әлекең «қазақтың даласында шляпа киіп қоқиғанша, мына сенің кепкаң жарасып кетті» деп күледі. Яғни Әлиханды көзімен көрген Гүлнар апа келіспеген соң, бұл қандай беделді қазақ деп іздестіріп, Президенттік мұрағаттан 1925 жылғы оқиғаның протоколына кезіктік. Аты-жөнін тауып, суретімен салыстыра келгенде, Бөкейханов деп жүргеніміз Жер халық комиссары Әлиасқар Әлімбеков болып шықты. Дегенмен бұл кадрдың бәрін киноға енгіздік, себебі Әлихан болмағанмен сол жерде, Ахмет Байтұрсынов отыр, соның өзіне төрде орын жоқ, яғни бұл большевиктік көсемдердің Алаш қайраткерлерімен араларының қаншалықты ажырағанын көрсететін кадр.

Фильмге саяси не басқа да бір себеппен енгізілмей қалған кадрлар болды ма?

Осы фильмді түсіру барысында белгілі қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың немересі Зарина Жандосова хабарласты. Санкт-Петербор университетінде сабақ береді екен. Тарихшы ғалым. Ол Ресей империясы мен Британ империясы Орталық Азия үшін болған таласында қазақ даласын қалай алғанын айтып берді, кеңірек жазып алдым. Дегенмен киноға енбей қалды. Сондай-ақ Мәскеулік ғалым Дина Аманжолованың ашық ойлары енбей қалды.

Мәселен...

Динаның айтуынша, «Тұрар Рысқұловтың алашордашылар туралы хаты ештеңе емес. Тұрардың жеке қолтаңбасымен жазылған хаты Сталинның арзивінде тұр, оқыдым» деді. «Қазаққа автономияның ешқандай керегі жоқ, қазір таратып жіберсеңіз де, оған жаны ашитын бірде бір адам көріп тұрған жоқпын» деп жазыпты. Дина осылай дегенмен, бұл хат менің қолымда болмағандықтан, оны фильмге енгізе алмадым. Сөз срңында айтарым, Алаш Орда – бұл Әлихан Бөкейхановтың арманы және Нұрсұлтан Назарбаевтың шындығы. Елбасының БҰҰ мінберінде қазақ атынан сөйлеуі - Әлиханның орындалған арманы. Фильм осындай оптимистік кадрмен аяқталды...

әңгімелескен: Төреғали Тәшенов

Алаш айнасы 19 наурыз 2009 жыл. № 36


«Алашорда» фильмі адамша сөйледі


Осыдан бірер күн бұрын Алматы жұртшылығ көпшілік көптен күткен келелі дүние – «Алашорда» деректі фильмін көріп, көзайым болды. Өткен жылдың қыркүйегімен биылғы ақпан аралығында Алаш арыстарының ізі қалған Орынбор, Петербург, Семей және Алматы қалаларында түсірілген аталмыш фильмнің деректі кино саласындағы үлкен жетістік екенін айтқан абзал...


Алаш арыстары тарих сахнасына қандай жағдайда көтерілді? Фильм сценарииінің авторы Болат Мүрсәлім айтпақшы, «Қазақ жұртын оятумен, бостандыққа деген нәзік үмітпен, цензурамен, бүргеге таланған түрмемен, окоп қазған жігіттерге капустаны қалай жеуге болатынын үйретумен, өлім мен өмір арасында жүріп... Қазақ зиялылары нендей мақсатты көздеді? Қандай нәтижеге қол жеткізді» дегенде, фильмге зер сала отырып, біздің түйгеніміз мынау...

Сырым Датұлы ұйтқы болған алғашқы бас көтеру мен Кенесарының соңғы жеңілісіне дейінгі аралықта қазақ жерінде орын алған 300-ден астам ұлт-азаттық көтерілістері орыс переселендерінінің ағылып келіп, қазақтың ең шұрайлы жерлеріне қоныстануын тоқтата алаған жоқ.Қанша жерден наразылық білдіргенімен, не әскері, не қару-жарағы, не қаржысы жоқ қараша халықтың интеллектуалдық күшінен басқа, орыс отарлауына қарсы қоятын ештеңесі болмады. Осындай жағдайда саяси күрес аренасына Алаш арыстары шықты. Сонау 1905 жылдың өзінде Ресей билігіне петиция жолдап, қазақ мүддесін қорғайтын батыл талаптар қойған ұлт зиялылары алған бағыттарынан ешқашан тайған жоқ. Өз талаптарын Мемлекеттік Дума мінбесінен де ашық айта білді. 1913 жылдан бастап, Орынборда «Қазақ» газетін шығарған олар, аталмыш басылым арқылы ұлтты саяси күреске оятуға барынша күш салды. Нәтижесінде Алаш автономиясы дүниеге келді, Алашорда өкіметі қазақ билігін тұтастай өз қолына алды, сөйтіп, қазақ жерінің бүгінгі шекарасын анықтау және бекіту ісіне ұлан-ғайыр еңбек сіңірді. Екі жыл, үш ай бйлік құрған Алашорданың Кеңес өкіметі тұсында ең ұзақ өмір сүрген ұлттық автономия болғандығының өзі – оның айқын мақсат-мұраты, бағыт-бағдарының болғандығының дәлелі...

Алаш пвтономиясының құру процесіндегі белгілі бір мәселелерге қатысты, қайсы қайраткер алға шықты, фильмде сол көрінеді. Бір жерінде – Әлімхан Ермеков, Бір жерінде – Ахмет Байтұрсынов, келесі бір кадрлерде – Халел мен Жаханша Досмұхамедовтер. Ал фильмнің жалпы өзегі – Алаш қозғалысының негізгі көсемі ретінде Әлихан Бөкейханов тағдырына құлалған. «Қазақ» газетін шығарушылардың және белсенді авторлардың бірі - Ж.Аймауытов туралы мүлде айтылмайды. Әрине, бас-аяғы 52 минуттық фильмде Алаш қайраткерлерінің бәрін түгелдей тізіп шығу мүмкін емес еді. Дегенмен бізге «негізі-негізгі тұлғаларды бөліп алып, әрқайсысының Алашорда өкіметін құру мен ұлт мүддесін қорғаудағы нақты еңбегіне тең дәрежеде тоқталса, қайтер еді?» деген ой келді. Әсілі, Алашорда тақырыбы - тұтас бір сериялға арқау боларлық дүние. Мейлі көркем, мейлі деректі фильм тұрғысында болса да, бұл мәселелеге қалайда оралған жөн.

Фильмде Алашорданың Ленинмен, Сталаинмен келіссөз жүргізуге Мәскеуге Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтарды жіберетіні, артынша большевиктердің Алаш автоомиясының орталығы – Семейге байланыс арқылы шығатын айтылады. Одан 1919 жылы Ә.Жангелдин Мәскеуде А.Байтұрсыновты Мәскеуде Ленинмен кездестіреді... Осы деректердің бәрі ауызекі айтылатындықтан, аңыз сияқты болып көрінеді. Былай қарасаң, маңызды жайт. Тек соның нақты бір протоколдық үлгісін, немесе басқаша бір деректік құжаттарын іздестіріп, тауып, фильмге кіргізгенде, тіпті жақсы болар еді.

Фильм басталған сәтте Гүлнар Міржақыпқызы әлдебір үлкен жиынға басқа балалармен бірге, өзін де Ахмет Байтұрсыновтың алып барғанын, сондағы көргендерін естелік қып айтады. Тағы бір жерінде Әлихан Бөкейхановты әкесінің күтіп алып, үйіне әкелгенін, үлкендердің түнімен әңгімелескенін сөз етеді. Осы орайда, «қай жиынды айтып отыр?» болмаса, «Әлихан Бөкейхановтың қайдан келегн сәті? Бұл тақырыпқа мұның не қатысы бар?» деген сияқты сұрақтар туындайды. Сөйтсек, әуелі жиын – 1925 жылғы 5-сәуірде, Қаз-АССР-інің 5 жылдығына байланысты өткен той екен де, Гүлнар апайдың кейінгі айтып отырғаны - Әлихан Бөкейхановтың Мәскеуде Мырзақамақта 4 жыл отырып келген кезі екен. Режиссер Қалила Омаров: «Мен мұның бәрін фильмнің басында, хронология арқылы көрсеткем» деген уәж айтты. Әйтсе де, осы нәрсені апайдың естелігі берілген тұста, жүгіртпе жолмен нақтылай кетсе қалай болар еді?..

Гүлнар Міржақыпқызы - сол кезеңді көзімен көрген Алаш қайраткерлері ұрпақтарының бүгінгі жалғыз өкілі. Сол себептен де болар, шығармашылық топта ол кісінің қалайда болса, әйтеуір сөйлетіп қалуға тырысқандығы байқалады. Бұл әрмне, құптарлық жайт.

Әйтсе де, ол кісіні неғұрлым тақырыпқа сай әңгімеге тартсақ, естеліктің салмағы да арта түсер еді.


«Түркістан» 19 наурыз 2009 жыл


«Алаш Орда» деректі фильмге айналды


Күні кеше ғана Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында «Алаш Орда» деректі фильмінің тұсауы кесілді. «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевтың сөзімен айтқанда, алғаш рет премьерасы өткен деректі фильмге көрермен көп жиналды. Бұл фильмді «Алаш Орда қозғалысының 90 жылдығы» аясында атқарылған шара десек те болады. Фильмнің шығуына ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл – Мұхамед мырза тікелей себепкер болса, оны түсіруге Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы әсер еткені белгілі.

52 минутқа созылған деректі фильм көрерменге беймәлім көп дүниені ұсынды десек, артық болмас. Фильм 1905 жылғы Қарқара петициядан бастау алғанымен, негізінен Алаш Орда күрескерлерінің Мәскеуде Ленин мен Сталинмен қалай келіссөз жүргізгендіктері, автономияның қалай құрылғандығы туралы көбірек ақпараттар беріледі. Тарихты зерттеп жүрген ғалымдарымыздың еңбектеріне сүйене отырып, алаш қайраткерлері жүрген орта, алаш қайраткерлерінің табанының ізі, қолының табы қалған жерлердің барлығын дерлік қамтуға тырысыпты.

«Патша құлағаннан кейін Ресейде 30-40 автономия жаряланған екен. Олардың барлығы дерлік басы бір айдан, аяғы алты айдан, бір жылдан артық өмір сүрмеген. Қарап отырсаңыз, сондағы ірі мемлекеттер Украина, Кавказ төңірегі сынды еуропалық елдердің автономиясы бір ай, алты ай өмір сүрген уақытта, Алаш орда автономиясы екі жыл үш ай өмір сүреді. Оның ең басты жетістігі неде? Бұл автономияның ең үлкен жемісі – қазақ елінің меншігі болып саналатын осы жерді біріктіру болатын. Және Ленин, Сталин бастаған кеңес үкіметі Алаш Орда қайраткерлерін мойындады. Бұл алаш зиялыларының қазақ даласыедағы абыройының жоғарылығынан туған мүмкіндік еді», - дейді режиссер Қалила Омаров.

Деректі фильмнің ең үлкен жаңалығының бірі – Алаш Орда қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың 1925 жылғы сол уақыттағы ел астанасы Ақмешітте кинохроникаға жазылып қалған бейнесі. Араға қаншама жылдар салынып, көрерменімен қауышып отырған кино хроника фильм режиссері Қалила Омаров пен сценарий авторы Болат Мүрсәлімнің жеңісі.Осы сценарий авторы Алматыдағы ҚР Мемлекеттік Орталық Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатындағы кинокадрлердің ішінен қарап отырып, мұрағат қызметкері Ләззат Ақтаевамен бірге іздеп тауыпты. Сол жылы, яғни 1925 жылы Қызылордада Кеңес өкіметінің бес жылдығына арналған жиналыс болады. Сол жиналыстан түсірілген кинокадрлер екен. Әлихан Бөкейханов пен қатар, Жалау Мыңбаев пен Санжар Асфендияров та көрсетіледі. Бұл кадрлер екі жерде сақталыпты. Бірі – өзімізде, екіншісі – Мәскеуде. Деректі фильмді түсірушілер екі деректі кадрді де сатып алыпты.

Деректі фильмді түсіру барысында, Орынборға, Петерборға, Семейге барады. Сол жерлерде сақталынған көне деректерді, алаш қайраткерлерінің ізі қалған Орынбордағы үй, барлығы дерлік фильмге арқау болыпты. Белгілі тарихшыларымыз Мәмбет Қойгелді, Қамбар Атабаев, Ордалы Қоңыратбаев, Семейден Ерлан Сайлаубаев, Түркістаннан Тұрсын Қазірет қатысып, алаш орда тарихына қатысты көп деректерді келтіреді.

Сонымен қатар, деректі фильм арқылы Ахаң тұрған үйді де көрдік. Ол үйдің бірінші қабатында «Қазақ» газетінің редакциясы болыпты. Кино түсірушілердің айтуына қарағанда, ол үйдің сыртында әлі күнге дейін тақта орнатылмапты. Әрі Орынборда Алаш Орданың екі бірдей съезі өткенін белгілі. Ол съездер өткен үйде сол қалпынша сақталынған. Онда да ешқандай белгі жоқ.

Семей де алаш қайраткерлерінің ізі қалған жерлер бар. Естуімізше, ол үйлерде қазір жеке адамдар тұрып жатқан секілді. Ол үйлердің бәрін өкімет қарауына алып, мұражай жасалса, бүгінгі ұрпақтың тамашалайтын игілікті орнына айналар еді.

Сонымен қатар, деректі фильмде тарихшылардың әңгімелеуімен қатар, көне суреттер де сыр шертеді. Әсіресе, қуғын – сүргін басталған 1937 жылғы азап кезіндегі алаш қайраткерлерінің көне суреттерін көргенде көзімізге еріксіз жас алдық. Тіпті алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1935 жылғы суретімен 1937 суретін салыстыру мүмкін емес. Екі жыл ішінде, қайраткерді азып – тозуға алып келген империяның сұмдық саясаты екені анық. Тіпті, жап – жас М.Әуезовтың де түрмеден кейінгі түріне бей-жай қарай алмайсыз. Сосын көз жасымызға ерік берген сюжеттің бірі, Мағжан Жұмабаевтың жарының ақталғаннан кейінгі кітабын қолына ұстап, өңім бе, түсім бе дегендей, қолындағы үлкен лупасымен үңіліп жатқан тұсы.

Деректі фильмде ұнаған тағы бір нәрсе, оператордың шеберлігі. Ғалымдарымызды сөйлетіп қана қоймай, сол оқйғаға қатысты, табиғаттың тылсым дүниелерін өте шебер пайдалана білген. Режиссерде әр көріністі бір – бірімен жымдастыра біліпті.

Фильмнің образын ашқан тағы бір дүние, ол Қапездің «Қоштасу» әні. Қапез Байғабыловтың өзі 1937 жылы атылып кетті. Бұл әнді белгілі әнші Рмазан Стамғазиев орындады. Әншінің даусына әні мен үні қатар үйлесіп тұр. Жан – жүрегіңді шымырлатар әлгі ән еңсемізді езіп-ақ жіберді. Көз алдымызда әлгі көне суреттер, күйеуінің шығармаларымен қанша жылдардан соң қайта кездескен әйелдің бейнесі, әлгі ән, біраз уақыт есімізден шықпайтыны анық.

Тарихшылар бұл фильмді Алаш қайраткерлеріне арналған алғашқы дүниелердің басы деп қабылдап, әлі де игілікті дүниенің жалғасын табатынына сенім білдіріп жатты.


«Айқын» 20 мамыр 2009 жыл


Тұлғаны сұлбаға айналдырған фильм


Біздің ұрпақ – «Қызыл жебені» оқып өскен, Тұрарды тұлға санаған ұрпақ...

Біздің ұрпақ – «Сталинге хатты» көріп, Тұрарға табынған ұрпақ...

Біздің ұрпақ – Тұрарды қылышынан қан тамған Сталинмен терезесі тең адамдай сөйлескен батыр деп сенген ұрпақ...

Әттең!...

Тағы бір тұлға құлады...

Тағы бір сенім су алды...

Тағы бір жұлдыз сөнді...

«Алаш Орда» фильмінде келтірілген құжаттық деректедің кез келгені адамды бейжай қалдыра алмайды. Соның бірі – Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған және бір хаты табылыпты. Тұрар Рысқұлов бұл хатында Ә.Бөкейханов, С.Қожанов, М.Дулатовтардан бастап 20 астам Алаш қайраткерлерінің тізімін жазып, «Қазақстанда большевиктердің жұмысы алға жылжуына осылар кедергі жасап отыр» дегенге келтіріп, олардың кім екенін немен айналысатынын көрсетеді. Тарихшылар осы мазмұндас хаттарды Сталинге, Молотовқа кезінде Мендешев,Сейфуллиндердің де жазғанын айтады. Әрине, олар мұндай хатты жазбаса да «Ұлтшыл элементтерден» тазарту процесі жүрер еді. Ал мына тектес хаттар сол процесті жылдамдатуға түрткі болғандай. Өйткені көп ұзамай олардың бәрі де тұтқындалып, итжеккенге айдалады. 1929 жылы-ақ Алашордашылардың бір тобы атылады...Ал, 1924 жылы сәуір айында жазылған Тұрардың және бір хатын тарихшы – ғалым Дина Аманжолова Сталиннің жеке архивінен тауыпты. Бұл туралы фильмнің режиссері Қалила Омаров өз сұхбаттарында айтып жүр. «Қазақ автономиясын қазір таратып жіберсеңіз де оған ешкімнің қабырғасы қайыса қоймайды...» дейді Тұрар...

Осы деректі естігенде көңіліп құлазып сала берді. Көзге жас үйірілді. Қиялыдағы тау тұлға Тұрар Рысқұлов... Сәкен Сейфуллиндер...бүгежектей басып, құр сүлдерін сүйретіп бара жатты...

Құжаттың аты құжат. Ол – өтірік сөйлей алмайды. Оның құдіреті де сонда болса керек...Ия, айдын арғы беті қараңғы. Өйткені ол Күнге тек бір жақ бетін беріп айналады...Сол сияқты медальдің екінші беті – сұрықсыз. Қандай өкінішті!


***

«Алаш Орда» фильмінің алғашқы тұсау кесері «Цезарь» кинотеатрында өткен еді. Ал, өткен аптада Алаш ардақтыларын еске алу және халықаралық музей күніне орай Алматы қаласының тарихи музейінде «Алаш Орда» фильмінің таспасы мен оған қатысты шығармашылық деректерді осы музейге салтанатты түрде табыс ету рәсімі болды. Кеш басында алаш ардақтыларына құран бағышталды.

Басқосуда фильмнің режиссері Қалила Омаров «Алаш Орда» деректі фильмі қалай түсірілгені туралы әңгімелесе, тарихшы ғалымдар Алашордашыларға қатысты тың деректермен бөлісті. Ал «Алаш» қайраткерлерінің ұрпақтары қасіретті жылдар естелігінен сыр шертті.

Еске алу кешін музей директоры Ерболат Құдіреұлы Әуезов ашты. «ХХ ғасырдың басында саясат сахнасына шыққан Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлерінің саяси күресі, елі үшін атқарған еңбектері бүгінгі егемен еліміздің ірге тасы іспеттес. «Алашорда» деректі фильмі арқылы Алматы қаласы тарихының музейі ғана емес, қазақ тарихы және бір тың дерекпен толықты...»

Бейбіт Қойшыбай, тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» құқық қорғау қоғамының президенті: «Алаш идеясы - күллі қазақтың ұлттық идеясы. Бұл идея бүгінгі және келешек ұрпақтың ұстанатын ең басты бағытына айналуы тиіс. Соны қалыптастыратын бүгінгі ұрпақ – біздерміз. Тарихыызды танып, өткенімізді білу – азаматтық парыз. Бұған дейін Алаш қайраткерлерінің өмірі жан – жақты қамтылған тың деректер халыққа ұсыналмаған сияқты. «Алашорда» фильмі Алаш жайлы айтылмай келген талай әңгімелердің басы деп ойлаймын. Әрине, алаш қайраткерлерінің тізімі біз білетін бес – алты адаммен шектеліп қалмайды. Жер – жерде Қазақстанның барлық аймақтарында Алаш қайраткерлері болған. Олардың әрқайсысының өмірін жеке – жеке зерттеу – тарихқа бейжай қарамайтын жастардың еншісінде. Менің көңіліме қонбайтын бір нәрсе – біз соңғы жылдары – «ел болғанымызға 15 жыл.., 18 жыл...» деп жиі айтамыз. Бұл қате. Егемендік идеясы сонау Алаштан басталады. 1917 жылы 25 желтоқсан күні Алашорда үкіметі құрылды. Осы күнді атаулы күн ретінде күнтізбеген енгізсек үлкен іске қолжеткіземіз...»

Қамбар Атабаев, тарих ғылымының докторы, профессор: «Нақты құжаттарға құрылған деректі фильмнің танымдық маңызы зор, әсері ерекше болуы заңды. Алаш ардагерлерінің өмірі мен идеясын біз әлі шын мәнінде танып, түсініп үлгерген жоқпыз. Мен 2000 жылы Орынбор облыстық архивін ақтарып отырып, А.Байтұрсыновтвң 1913-1918 ж.ж тұрған үйі туралы дерекке кезіктім.Сонымен қатар бұл үй «Қазақ» газетінің редакциясы болған. Сол үйді тауып дәлелдедім. Деректі фильмде ол үй көрсетілген...Екінші екі рет жалпықазақ съезі өткенін білесіздер. Маусым айында өткен съезде «Алаш» партиясы құрылды, ал 5- 12 жылтоқсанда өткен екінші съезде «Алашорда» үкіметі құрылды. Осы съезде Қазақ автономиясы жарияланды... Мен сол екі съезд өткен үйді де тауып, олардың тарихи маңызы бар үй екенін дәлелдедім. 2000 жылы ол үй коммерциялық бағытта жұмыс істейтін. Кейін осы фильмді түсіру қарсаңында біздің араласуымызбен, жергілікті билік өкілдерінің шешімімен бұл үй, съезд өткен зал қайтадан бұрынғы тарихи қалпына келтірілді. Біздің бейшаралығымыз – сол үйге осы уақытқа дейін бір мемориал тақта орната алмағандығымыз. Реставрация қызметкерлері «орнатып берейік» деді, бірақ Ресейдің заңы бойынша, мұндай тірлік мемлекеттік деңгейде ғана шешілуі тиіс. Ресей өзінің тарихына және «осыдан қаржы түседі-ау» деген дүниеге ұқыпты қарайды. Ол жерде Ленин ескерткіші тұр, большевиктердің тақтасы тұр, казактардың да ескерткіші тұр, көшелерінің аттары да сол күйі тұр. Өкінішке қарай, күллі қазақ үшін Орынбордағы ең киелі екі үйде бір жапырақ тақта да жоқ...Ахаң тұрған үйде сегіз пәтер бар екен. Неге сол үйді тұтас сатып алып, түгел реставрация жасап, Қазақстан мен Ресей достығының айқын көрінісі ретінде, сол үйді музейге айналдырып, елден баратын зерттеушілер мен тарихшылардың, туристердің түсетін қара шаңырағына айналдырмасқа?...»

Қалила Омаров, «Алашорда» фильмінің режиссер – операторы:

«... Мәриям Хәкімжанова туралы фильм түсіргенім бар еді. Сонда ол кісінің айтқан бір әңгімесі есімнен кетпейді: «1935 жылдар шамасы, - дейді – Ахмет Байтұрсыновтың айдаудан келген кезі болса керек. Орталықта туберкуллез ауруханасы бар еді. Қалың көпшілік таң атар – атпастан келіп, кезек алатын. Ахаң сол жерге емделуге келді. Қолында таяғы бар, жұпыны киінген. Жан-жағына қарап бір сәт аялдады. Сәкілерде бос орын жоқ. Ешкім тұрып орын бермеді. Анандай жерде кесілген бәйтеректің жуан діңгегі қалыпты, Ахаң маңғаз басып барып, сол кесілген теректің діңгегіне отырды да қалтасынан газет алып оқыды... » Шабылған бәйтеректің діңгегіне келіп отырған Ахаң маған ұрпақ жалғастығының, идея сабақтастығының символындай елестеді. Мені алғаш рет Алаш тақырыбына, Алаш тарихына жетелеп әкелген Мәриям апайдың осы әңгімесі еді...»

Алаш қайраткерлері туралы осыдан 85 жыл бұрын заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері азда болса мағыналырақ, тәуір күндердің бірі болып саналады» деген екен. Елдің ырысын арттырып, ынтымағын жарастыратындар да – солар еді.Өкінке қарай Алаш қайраткерлерінің артынан еруді емес, соңынан шам алып түсуді мұрат еткізген «зар-заманға» не дерсің?!.

Деректі фильм түсіру оңай емес. Маңдай терді тамшылатып төгуді талап ететін әрі «ұсақ», әрі күрделі еңбек. Дәлдікті, нақтылықты, төзімді қажет етеді. «Қазақфильм» жылына 4-5 деректі фильм түсіретін көрінеді. Өкініштісі, олар халыққа жетпей, «шаң басқан архивтерде» жиналып жатыр... Қазақтың тарихынан сыр шертетін деректі фильмдер қатары және бір тың, сапалы, мазмұнды фильммен толықты. «Алашорданы» бүкіл халық күтіп отыр. Оның Отандық телеарналар арқылы көрерменге жол тартар күні де алыс емес шығар.