«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл
Вид материала | Документы |
- Конституционная реформа в России (1989-1993г.), 376.36kb.
- Руководство по борьбе с насилием в семье, 126.99kb.
- Дацышен Владимир Григорьевич доктор исторических наук (2001), профессор кгпу. В 1989, 206.68kb.
- Учебного заведения и его местонахождение, 70.52kb.
- Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы, 7507.09kb.
- 1989 Kotenkova E. V., Osadchuk A. V., Lyalyukhina S. I precopulatory isolating mechanism, 207.56kb.
- Антропогендi фактор, 77.88kb.
- М. Әуезовтың «Абай жолы» романы, 152.68kb.
- Гаагская декларация по туризму межпарламентская конференция по туризму проведена, 355.3kb.
- Бюллетень новых поступлений, 1337.31kb.
«Жас қазақ» 12 желтоқсан 2009 жыл. № 50
Қалила Омаров: Тәуелсіздік үшін күрестің тарихын таспаладық
12 желтоқсан. Алаш тарихында алтын әріптермен жазылуға тиіс осы бір күннің мәнісін ұғындыру үшін «Қазақфильм» киностудиясы деректі фильм түсіруде. Режиссері – белгілі киногер – документалист Қалили Омаров. «Орынбор, Санкт-Петербор сынды арыстарымыздың ізі қалған жерлерді аралап, тың дүниелерді тауып, фильм түсіріп жатыр екен» деген жақсы жаңалықты естігген соң, Қалила Омаров пен сұхбаттасуды жөн көрдік.
«Алаштың 12 желтоқсаны»
«Қазақфильм» Алаш жайлы деректі кино түсіруде де естіп, қуанып жатырмыз. Бұл сіздің Алаш тақырыбына жасаған алғаш қадамыңыз еместігін де білеміз. 1994 жылғы «Алаш туралы сөз» атты туындыңызбен осы түсіріп жатқан фильміңізді салыстыра аласыз ба? Нендей ерекшелік, нендей тың жаңалық бар?
Ең бірінші ерекшелігі – атауы. Фильм сценариін жазған Болат Мүрсәлім екеуміз ақылдаса келе, оның Алаштың 12 желтоқсаны» деп атау керек деп шештік. Өйткені, 1917 жылы дәл осы күні тұңғыш Қазақ автономиясы – Алашорда өкіметі құрылды ғой. Сол Алаш автономиясының ресми жарияланған күнін фильмнің символикасы етіп қоймақпыз. Неге олай еттік? Себебі 12 желтоқсан қандай күн деп сұрасаңыз, ешкім білмейді. Тек тарихшылар және басқа да Алашты зерттеп жүргендер ғана білер. Ал негізінде Алаш идеясын насихаттаудың басы осы датадан басталуы керек. Қазір аталған фильмді түсіріп бітірдік, тек ең соңғы бір эпизоды қалды. Түсіру жұмысының соңғы нүктесін Семейде қоймақпыз. Жалпы фильмді түсіру барысында Орынборға барып, бір жетідей уақыт сонау Алаш үкіметін жариялаған ғимаратты, Ахмет Байтұрсынов атамыздың тұрған үйі әрі «Қазақ» газетін шығарған редакциясын түсіріп қайттық. Содан соң Санкт Петербург қаласында да біраз түсіру жұмыстарын жүргіздік.
Мен үшін Қазақ пен Алаш екеуі – егіз ұғымдар. Алаш не үшін және қалай күресті? Кешегі Кенесары хан, Сырым батырлар білектің күшімен, найзаның ұшымен күрессе, Алаштықтар – халықтың санасын оятып, мәдениетін көтеру арқылы, саналы саяси күш ретінде күрескен адамдар. Әлихан Бөкейханов бастаған зиялыларымыз осы Алаш идеясын ту етсе, қазақ даласында дәл осы тұста тағыда бір Түркістан автономиясын құруды көздеген Мұстафйа Шоқайдың түркішілдік идеясы да өмір сүрді ғой. Екеуінің де барып тірелер жері қайсы? Бұл – әрине, Ресей. Біздің ата – бабаларымыздың жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақты аман алып қалу үшін амалсыз Ресейден пана іздегені рас. Бірақ кейін заман өзгеріп, патшалар ауысқан соңғ, Ресейдің қазақ еліне қатысты көз қарасы да мүлдем өзгеріп сала берді. Басындағы бейбіт келісімнің соңы отарлау саясатына ұласқанын өздеріңіз білесіздер. Фильмде осы жағына экскурс жасалады. Бұл – бірінші ерекшелік.
Екінші бір айтар нәрсе, әлгінде өзіңіз сұрағандай 1994 жылы «Қазақтелефильм» студиясында түсірілген «Алаш туралы сөз» атты деректі фильм тек Мәмбет Қойгелді ағамыз бастаған Қазақстандық тарихшылардың көз қарасы тұрғысынан жасалды. Дегенмен біздің қай кезеңдегі тарихымыз болсын Ресеймен тығыз байланысты емес пе? Сондықтан бұл фильмге біз Санкт-Петербург пен Мәскеудің де тарихшыларын қосқалы отырмыз. Себебі, тарих бір халықтың немесе бір мемлекеттің көзқарасымен шектелмеуі керек.
Алаш үйінде қазір... құлпытас әзірленеді
Орынбордағы, «Қазақ» газетінің редакциясын, Ахаң тұрған үйді көрсету арқылы-ақ ел-жұртты елең еткізуге болатын сияқты. Әйтсе де, ол үй қалпында сақталған ба, әлде сіздер оны түсіру кезінде сол кездегідей кейіпке келтіреміз деп әуре болдыңыздар ма?
Бір жақсысы, біз көркем фильм емес, деректі фильм түсіріп жатырмыз. Сондықтай нендей дүниені болсын әсемдеп, көркемдеп жататын бізде қаржы да, ниет те жоқ. Алайда қуантып қояйын, ол үй сол қалпында сақталған. Екі қабатты үйде бүгінде сегіз пәтер орналасыпты.Оны әуелі тауып, дәл сол Байтұрсынов тұрған үй екенін дәлеелдеген, газеттерге суретін жариялаған Қамбар Атабаев болатын. Бізді сол кісінің өзі ертіп апарды.
Орынбор саяси, мәдени, қай жағынан болса да, қазақ пен Ресейдің арасындағы алтын көпір десе де болады. Онда біздің талай – талай тұлғаларымыз білім алды, қаншама тарихи тдүниелеріміз сонда жатыр. Орынборда әлі күнге дейін тұратын қандас бауырларымыз үшін бірден бір алтын бесік – сол Ахаң тұрған үй болары даусыз. Небары сегіз пәтерден тұратын ол үйді небары 400 мың долларға сатып алуға болады екен. Алаштың құнды мұрасы ретінде ол үйді сатып алу керек дер едім мен. Бірақ бір қорқатыным, бізде ондай құнды дүниені қастерлейтін қасиет қалмаған-ау, сірә.Олай дейтінім, Қамбар Атабаев ол үйді тапқалы бері де сегіз жыл болыпты. Содан бері ол үйді сатып алмақ былай тұрсын, бір жапырақ белгі орната алмай, талай рет баспасөз бетіне жариялап, Мәдениет және ақпарат министрлігінің атына қаншама рет хат жолдапты да. Ресей жағы «өз елдеріңізден қағаз алып келсеңіз, біз күні ертең-ақ ілуге даярмыз» деп отыр екен. Сонда құлықсыздық танытып отырған Қазақстан болып тұр. Министрдің өзі бұл іске қарсы дей алмаймын, меніңше, министрлікте отырған қызметкерлер құжат әзірлеуге ерініп отырған сияқты.
Дәл осындай елеусіз, ескерусіз қалып жатқан мұраларымыз бар ма тағы?
Осы фильмді жасау барысында Семейге бардым. Сонда Ерлан Сайлаубай деген тарихшы, алаштықтарды зерттеп, кандидаттық диссертация қорғаған ғалым Алаш автономиясы тұрған үйді көрсетті. Бұл осыған дейін ғалымдар айтып келген сондағы монастырь емес. Бұрынғы Алаш қаласының Алаш Орда көшесінде орналасқан Алаш үкіметінің үйінде бүгінде қабірдің басына қойылатын құлпытас әзірленеді. Бұл деректің дұрыстығын, нақтылығын анықтау үшін ғалымдар өзара пікірлесер, зерттру жұмысын жүргізер. Бірақ жобасы соған келіп тұр. Себебі ғалымдар осы деп көрсетіп жүрген монастырьдың құжаттарын тексерген кезде ол 1902 жылдан бері үздіксіз халыққа қызмет етіп келе жатқан монастырь болып шығыпты. «Ол жерде Алаш Орданың ту тігуі мүмкін емес!» дейді Ерлан Сайлаубай.
Қадірін білгенге бұл да бір құнды дерек екен...
Әрине! Өйткені, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің алтын қазығы сол Алаш тіккен Орда да жатыр. Егер Әлихан бастаған арыстарымыз өз беделдерін салып, қазақтың шекарасын сызып алмағанда, кім біледі, бүгінгі байтақ даламыз түгілі, ұлтарақтай жеріміз болар ма еді, болмас па еді?
Бұл фильмнің экрандағы тағдыры тұманды...
Деректі фильм жасауда ең керекті нәрсе – бейнекөрініс. Арыстарымыздың кезінде бейне камера деген болмағанын білеміз, түпнұсқа суретін тапсақ, қуанамыз ғой. Олай болса, фильм жасау барысында тұлғалардың рөлінде әртістерді ойнату әдісін пайдаландыңыздар ма? Қазір Ресейлік деректі фильмдердің кейбірінде осындай элементтер байқалып жүр ғой...
Басында Әлихан мен Мұстафаны әртістерге ойнату идеясы болған. Сценарийде солай жазылған. Бірақ түсіру барысында қаншама тың деректер мен материалдардың табылуына байланысты ол ойымыздан айныдық. Бұл бір, екіншіден, қанша дегенмен мен өзім таза документалиспін. Көркем киноның элементін деректі фильмнің ішіне сіңіріп, бір стиль шығару үшін өте үлкен күш керек, қаржы керек.
Сонда қанша қаржы бөлініп еді?
«Қазақфильм» студиясының бір шарты – бөлінген қаржы сомасын жария етпеу.
Материалдық жағдайды былай қоя тұрып, енді рухани жағына көшсек. Қазір Ресейдің «Адмирал» атты киносын көрген жұрт оны орыстың импералистік рухын көтеруге бағыттылған туынды десіп жүр. Жарайды, ол көркем фильм делік. Дегенмен Алаш жайлы бұл туындыны ұлтымыздың рухын көтеруге үлесін тигізеді деп айта аласыз ба?
Ата – бабамыздан бізге мұра боп қалған жер ме? Алаш сол жер үшін күресті ме? Қазірде тәуелсіз еліміздің жеріне, жер асты байлығына алпауыт елдердің қай – қайсысы болса да, көз тікпей отыр дей алмайсыз. Фильмнің негізгі мақсаты Әлихан, Ахмет, Міржақыптарды көрсетіп, олар өйтті, бүйтті дей салу емес. Жалпы фильм арқылы қазақ халқының осы жеріне иелік етіп қалу үшін тарихын көрсету – міне, біздің басты мақсатымыз. Келешегіміз үшін нені біліп, не нәрседен сақтандыруымыз керек екенін қазіргі ұрпаққа ұғындыру. Бұл – менің режиссерлік зор міндетім.
Жұмыстарыңыз қазір қаншалықты дәрежеде орындалды, қашан оны жұртшылыққа ұсынбақ ойдасыздар?
Қазір түсіру кезеңін аяқтап қалдық, соңғы нүктесін Семейдегі конференцияны түсіргеннен соң қоймақпыз. Сонан соң моетаж жұмыстары басталады. Тәуелсіздік мерекесіне дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.
«Алаштың 12 желтоқсанын» қай арнадан көре аламыз?
Мен осыған дейін 2006 жылы А. Жұбанов туралы Парижге дейін барып түсірдім, Үндістанның Кашмирін кезіп, М. Х. Дулати туралы фильм түсірдім. Өкінішке қарай, олардың осы күнге дейін үлкен экранға шыққан жоқ. Бұл фильмнің де экрандағы тағдыры тұманды. Бүгінгі телеарналар көрсетілім үшін, қомақты қаржы сұрайды.
Мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырмаған сияқтысыз. Алдыңғы туындыларыңыздың тағдырын көре тұра, Алаш жайлы фильм түсіруге қалай кірістіңіз?
Ең үлкен теңдесі жоқ құнды зат не екенін білесіз бе? Бірінші – уақыт, екінші - адамның ойы. Егемендік алғалы бері болып жатқан тарихи құбылыстар бүгін қағаз бетіне осы күйінде түсірілмесе, уақыт өте ол бұрмаланады. Сондықтан менің түсірген фильмдерім экранға шықсын – шықпасын - ол менің мәселем емес. Оны ұйымдастыратын адамдар бар. Менікі қазіргі тарихи құбылыстарды ашып жатқан тарихшылар: Мәмбет Қойгелді болсын, не болмаса азаматтардың, яғни өз замандастарымыздың ойында, қиялында қандай құбылыстар орын алып жатқанын документалист реінде камераға, таспаға түсіріп қою.
Ескерткішті ең болмаса Семейдің төріне қою керек!
Алаштанудың өзі бірнеше кезеңді бастан өткерді. Гүлнар Дулатова және Ахмет атамыздың қызы Шолпан апаларымыз, бір сөзбен айтқанда, асылдың сынығындай ұрпақтары мен Кеңес Нұрпейісов, Мәмбет Қойгелді сынды тарихшыларымыз ақтаңдақтардың ақиқатын ашу ісін бастап берді. Дәл қазір алаштану сіздіңше қандай кезеңде тұр.
Алаштың қазіргі жағдайын айтайын ба сізге? Қолында жүз арнаның тетігін ұстап отырған бүгінгі көрерменнің бірі алашты білсе, мыңы білмейді. Алысқа ұзамай-ақ өз бала – шағамнан бастайыншы, таңертеңнен кешке дейін сериал көреді, солардың санасына сәл де болса бір нәрсе баруы керек қой. Біле білген адамға бүгінгі егемендіктің басы сол ХХ ғасырдың 20 жылдарында құрылған Автономияда жатыр емес пе? Ленинің көзі тірісінде қазақтың ұлы халық екенін дәлелдеп, өз білімі мен беделінің арқасында арыстарымыз шекарамызды айқындап алды. Егер осындай тарихымызды бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, рухын көтермесек, онда олардың кез келген күштің жетегінде кетуі әбден ықтимал.
Мен көре тұра айтпай кетсем, күнә болар. Осы «Алаш алыптары» фильмін түсіру барысында Семейге бардым. Онда Алаш көсемдерінің тұлғалары мүсінделген ескерткіш мемориалы дайындалып жатыр екен. Идеясы маған ұнады, әппақ мәрмәрдан рауандап атып келе жатқан күннің бейнесі, сол азаттық күні алдында Әлихан, Ахмет, Міржақып бастаған алаш арыстары жүріп келе жатады. Символы сұмдық! Бірақ бүкіл қазақ даласын, қазақ баласын қорғау жолында құрбан болған көсемдердің еліміздің қай қаласына қойсақ та, жарасатын ескерткішіне, өкінішке қарай, ұлан – ғайыр даламыздан ұлтарақтай жер табылмай қалыпты. Астана мен Алматыны айтпақ түгілі, Семейдің орталық алаңынан орын берілмеген соң... Тіпті теңеуге сөзім жоқ! Семейдің жергілікті зейнеткерлері ме, әлде кімдер орталық алаңға арыстарымыздың ескерткішін қоюға қарсы екенін білдіріп хат жазған ба?... Сонымен ескерткішті Семейдің қаладан шыға беріс бір қалтарысына қойғалы жатыр екен. Ақыры не Астана, не Алматыға бұйырмаған ескеркішті Семейдің төріне қою керек қой?! Ескерткіш деген нені білдіреді? Бұл – тасқа бедерленген тұмса тарих қой. Әлі де болса семейлік ардагерлеріміз ойланар деп үміттенем. Қазақтың рухы биік болсын десек, өз тарихымызды жоғары бағалауымыз керек. Менің айтарым осы...
Мәриям Әбсаттар.
«Аңыз адам» 2010. № 9
Баукеңнің тағдыры кадр сыртында қалды
Қалила Омаров, «Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмінің режиссері:
Баукеңнің 100 жылдық мерейтойына арналған арнайы фильм түсіру барысында сіз «Тың дерек таптым» деп жарияладыңыз. Бірақ баспасөз мәслихатында еліміздің зиялы деген азаматтары «әлдеқашан о дүниелік болған екі тұлғаның артынан топырақ шаштың» деп кінәлағандай болып еді. Осы жайында азырақ мағұлұмат берсеңіз?
Барлық дау Баукеңнің немере інісі Әбділдаға жазған хатына байланысты туындап отыр. Хатында Баукең былай деген: «Меня накануне праздника навестил бывший Совета Министров и Верховного Совета Нуртас Ондасынов. Я был приятно удивлен его визитом. Я лежал он сидел. Мы с ним беседовали 4 часа. Но все подробности не возможно написать в этом письме. Как – то я не выдержал: Нұреке бұрын араласып журген кісі емес едік, Қарым – қатынасымыз жоқ еді. Мүмкін болса, шыныңызды айтыңызшы, неге келдіңіз, - дедім. Оңдасынов расхохотался. Как раз батыр ожидал этот вопрос давным – давно. Ал енді жауап берейін. Келген себебім – баяғыда марқұм Жұмекең Шаяхметов екеуміз саған қастық жасаппыз. «Генерол болсын» деген ұсыныс болып еді, «болмасын» деппіз, «Герой Советского Союза» болсын дегенде «болмасын» деппіз. Соған кейіннен түсініп, қатты өкінем, қатты ұялам. Кейіннен екінші түсінгенім – сен бізді жеңдің. Жер жүзіне атағың шықты. Көрнекті Совет Одағының жазушысы болдың...
Рахметү Нұреке. Өкінбеңіз, сіздің жаман ініңіз международный герой, дегенімде, шал қып – қызыл болып кетті».
Бұл әңгіменің бірден – бір растайтын құжат, міне, осы. Мемлекет қайраткері, тау тұлға Нұртас Оңдасыновтың бұл ісі шариғаттағы «қандай қылмыс жасасаң да, көзіңнің тірісінде өзің қиянат жасаған адамның кешірімін алуың керек» деген адамгершілік, имнаи қағидасына сәйкес келіп тұр. Үлкен басын кішірейтіп кешірім сұрап келу де, адамның ұлылығын білдіретін қасиет. Келмей кетіп қалса да, ешкім еттеңе демес еді. Алайда, Нұрекңнің ұрпақтары да, тіпті қазіргі зиялы деген ағаларымыз да оны басқаша қабылдап, өзімді жерден алып, жерге салды. Негізінен фильм жұртқа көрсетілмес бұрын осы дерек жайлы баспасөзге мақала бергендегі бір мақсатым да оның анығын тексеру, көпшілік талқысына салу болатын.
Бірақ талқыға хат емес, өз басыңыз салынып кеткен сияқты. Нұртас Оңдасыновтың ұрпақтары хатты экспкртизаға беріп, сізді «жалған ақпарат таратқаныңыз үшін сотқа береміз» деп еді, осы істің соңы не болды.
Сол баспасөз маслихатынан кейін дау біраз жерге жейін барды, Нұртас Оңдасыновтың ұлы Мәскеуден арнайы келіп, сот процесін бастайтын болған. «Мроальдық залал келтіргенім үшін» деп, менен 10 миллион теңге талап етпек болған. Бірақ дәл жолға шыққалы тұрғанда бір емес екі инфарк алып, келе алмады. Маған ол кісінің ұлы хабарласып, «соңғы рет алдымнан өтіп тұрғанын, егер мен баспасөзге өз кінәмді мойындап, түсініктеме берсем, сотқа бермейтіндерін» айтты. Мен ол кісінің өмірі үшін қорқып, анық – қанығы «әлі толық белгілі болмаған деректі жариялағаным үшін кешірім сұраймын» деп «Айқын» газетіне сұхбат бердім. Сот сонымен тоқталды. Бірақ, Баукеннің көзі тірісінде қолынан шай беріп, дүниеден озғанша күткен келіні әрі жазушы Зейнеп Ахметова хатты оқып шығып, «Баукеннің стильі» деп бірден айтты. Екіншіден, ол «кездесудің болғанын нақты дәлелдейтін» Нұртас Оңдасыновтың өз қолтаңбасымен қалдырған кітабы үйде тұр. Баукең де оған кітабын берген, ол Нұртас ағамыздың мұрағатында тұруы керек» деді. Хатты алушы, яғни Әбділда деген інісі оны белгілі жазушы – журналист Доқтырхан Тұрлыбековке тапсырған. Ол: «Мен сол кезде барғанда Карл Маркс колхозы партия ұйымының хатшысы болған Әбділда Момынқұлов өзінің Баукеннің үйінен хат алғанын айтып, «ол кісінің атақ алуына тіпті қазақтардың да ішінен қарсы шыққандарда болған екен» дейді. Хаттың қолдан жасалған қағаз емес, шынымен де өз қолымен жазылғанын айқындайтые айғақ осы. Ал үшіншіден, өз пайымым - Баукеннің көзі тірісінде ол кісінің атынан сондай хат жазатын адам болды десе, өз басым сенбес едім.
«Баукеннің әскерде жүргендігінің арқасында ғана 1937 жылғы реппрессиядан аман қалды» деген сөз шындыққа қаншалықты жақын.
Бұл- ақиқат жағдай. Сонау күйіп тұрған өзінде батырдың ұлты үшін жаны ауырып, шырылдағаны жасырын емес. Соғыста оқ пен оттың ортасында жүріп те қолынан қаламы мен қағазы түспеген. Баукеннің елге «Қазақтың тілін, әдет – ғұрпын, салт – санасын сақтаңдар әйтпесе біз кім үшін, не үшін шайқасып жүрміз?» деп оқтын – оқтын хат жазғанын білгенде таңғаласыз. Сонысына қарап әскерде жүрген кезінде оның мінездемесіне « саяси сенімсіз және ұлтшыл» деген сөз жазылыпты. Мекемтас ағамыз: «Баукеннің бағы да, соры да - қоғамға өз көзқарасы анық болғандығында және соны қоғамға ашық айтқандығында» деді. Енді «Мағжанның өлеңін ақынның өзіне жатқа айтқан офицердің жастық шағы қалай өтті?» деген сауалға жауап іздеп көрелікші. Баукеннің әкесі Момыш – ескіше хат танып, молда болған кісі. Баласын да әуелі осылай арабша сауаттандырады, кейін он үш баласы бар Гончаров атты орыс тамырына он төртінші етіп Бауыржанды ілестіреді. Соның арқасында Баукең орысшаны тіпті орыстардың өзінен артық біліп, сайрап тұратын деңгейге де жетеді. Содан кейін Шымкенттегі Сыпатаев атындағы мектепке барады, ол жерде Әбділда Тәжібаев екеуі бір сыныпта оқиды. Жас Бауыржан Ахмет, Мағжан, Міржақып өлеңдерін жатқа оқып, Жүсіпбектің шығармаларымен сусындап өседі. Қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешірген зұлматтарын өз көзімен көргендері тағы бар. Осындай адамның көзі ашық, көкірегі ояу болмағанда қайтсін? Сондай – ақ көпке белгісіз қызық деректің бірі – Баукеннің алаш ақыны Мағжан Жұмабаев пен кездескендігі.
Қызық екен, ол – қалай және қай уақытта болған оқиға?
Соғыстан кейінгі жылдары Баукеннің Красноярскідегі полковник шенінде әскери қызмет жасап жүрген кезі екен. Күндердің бір күнінде бір орыс офицері келіп жай ғана: «осындай лагердегілер арасында бір қазақ ақыны жүр» деп сыбырлайды. Хабар құлағына жетісімен Баукең дереу өзенге сал ағызып, ауыр жұмыс жасап жатқан тұтқындар арасына аттанады. Жаман күпі кйіп, қолдары күстенсе де, көзі отты, қою қара шашты қазақты бір көргеннен – ақ оның Мағжан Жұмабаев екенін тани кетеді. Жүгіре басып жанына жетіп, қос қолымен «Ассалаумағалейкүм» деп амандасқан жігітке ол оқшия қарап, «менен аулақ» дегендей қолын кері сілкиді. Сосын Баукең сол жерде тұра қалады да, Мағжанның өлеңдерін бірінен соң бірін оқиды. Әрине, ақынның бұған көңілі жібиді, алайда, зияны тиіп кетуден қорқып, «күйем жұғады, алыс жүр» дейді. Оған қайта қоятын Баукең бе, қасқайып тұрып алады, ақыры сөйлесіп, өзінен нендей көмек керек екендігін сұрайды. Мағжан ақын «ештеңе, тек қолыңнан келсе елге қайтаршы» дейді. Жоғарғы жақпен сөйлесіп, қолынан келген бар көмегін аямайтынын айтқан Бауыржан Момышұлы мен Мағжанды бірақ осыдан кейін олардың ізін аңдыған кеңестік саясаттың жайдайшаптары кездестірмей жібереді. Келетін болып уағдаласқан келесі бір мерзімде Баукеңді шұғыл тапсырмамен әдейі басқа жаққа жібереді. Сәл кешігіп жеткенінде лагердегілер Мағжанның сал ағызу кезінде апат болғанын айтады. Ал бұл жағдайды баукең баласындай болған Мекемтас Мырзахметовке өз аузымен айтып берген. Ол кез әлі М.С.Горбачевтің «қайта құру» саясаты орнамаған қатаң кез, егер тағы бес жыл өмір сүргенде Баукең мұны өз аузымен айтып кеткен болар ма еді?.. Ал енді ауыз екі әңгіме ғой деп, жалтарушыларға айтарым, дәл Баукеңдей шыншыл, өлтірсе де өтірік айтпайтын адамның мұндай нәрселермен ойнамайтыны, ойдан шығара салуы мүмкін емес. Бұл жағдайды НКВД жандайшаптары білсе керек. Сондықтан Баукеңді барынша тұқыртқысы, Батыр атағын бергізгісі келмеген. 50 жыл Кремльдің құрсауында жатқан Қызыл жұлдызды Елбасымыз бүгінгі орынтағына әлі отырмай тұрған 1990 жылы Горбачевтің кезінде баласы Бақытжанның қолына әкеліп тапсырған.
Фильмнің тұсауы кесілді, жұртшылық көрді. Кім қалай қабылдады, өз көңіліңіз толды ма?
Әрине, көңілім 100 пайыз толды дей алмаймын, себебі фильмді жасау барысында тапқан қаншама тың деректерім сыймай қалды. Бастапқыда толық метражды 50 минут жасаймыз деген дүние, жеме – жемге келгенде 30 минут болып шықты. Сондықтан бұл фильм Баукеңнің кім екенін танытатын жай ғана дүние болып шықты, ал, көптеген қырлары, өкінішке қарай, кадр сыртында қалды. Қазір тағы бір үлкен мәселе - Ұлы Отан соғысының өзін дұрыс білмейтін ұрпақ келді. Сол себепті өз ойым, Баукеңнің көзін көрген адамдар әлі барда толыққанды көркем фильм түсіру керек деп есептеймін.
Сұхбаттасқан Мәриям Әбсаттар.
«Айқын» 8 мамыр 2010 жыл
Ақиқатынан аңызы көп тұлға
Мәдениет министрлігінің тікелей тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында халқымыздың біртуар батыр ұлы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының өміріне арналған толықметражды фильм түсірілуде.
Туынды режиссері – Қалила Омаров. Сценарийін жазған – Елзат Ескендір. Ақпан айынан бастап қолға алынған картинаның алғашқы көрсетілімін тамашалаған Мұхтар Құл-Мұхаммед әлі де толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, эфирге 22 маусымда толық нұсқасын жіберу керектігін айтыпты. Оның үстіне, аты аңызға айналған тұлға туралы барлық мәліметтер түбегейлі тексеріліп жатқан көрінеді. Өйткені екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері туралы ел аузында әңгіме көп. «Шындыққа қарағанда, ақиқатынан аңызы көп тұлға. Деректі фильм болғандықтан, барлық мәліметтің түп – төркінін тексеріп, нақты дәлел деректерге сүйену міндет» дейді режиссер.
Осы мақсаттағы жұмыс батырдың қарашаңырағынан басталыпты. Баласы Бақытжан мен келіні Зейнеп Ахметованың естеліктері, туған жері – Жуалы, Тараздағы Бауыржантану орталығының жетекшісі Мекемтас Мырзахметов, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның сұхбаты, сондай-ақ Мәскеу түбіндегі Дубасеково, Волокаламск қалаларындағы шайқас алаңдары қамтылған.
Бауыржан Момышұлы туралы кино түсіріп жатқанымызды естіп, өз қаражатымен біздің тобымызға қосылған Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы төралқасының төрағасы Бақытбек Смағұловтың, Волокаламск қаласының әкімі Виктор Шулеповтың, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбековтың көмегі көп тиді. Баукеңнің ерлігі қанша аңызға айналса да, мені адами тағдыры көп қызықтырды. Сондықтан болар, негізгі режиссерлік ізденістерімнің барлығы ол кісінің өскен ортасы, күнделікті тұрмысы тұрғысында болды. Қазақ елі үшін, ерліктің, адамгершіліктің, батырлықтың символына айналған ізгі қасиеттерін зерттеуге тырыстым, - дейді фильм режиссері Қалила Омаров.