Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 27-28 қазан 2011 жыл

Вид материалаДокументы
Список литературы
Мұғалім шығармашылығы – білім сапасымен
Бүгінгi білім - қоғамның дамуының стратегиялық бағдары әрі қауіпсіздігінің кепілі
Личностно-ориентированная парадигма в системе профессионального развития педагогических кадров в республике казахстан
Назначение интерактивного взаимодействия
Подобный материал:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31

Список литературы:

1. Ласовская Т.Ю., Ильина С.А. Профессиональное выгорание: Учебно-методическое пособие. – Новосибирск: Сибмедиздат, 2004.

2. Смирнов Н.К. Здоровьесбрегающие образовательные технологии и психология здоровья в школе. – М.: Аркти, 2005.

3. Маркова А.К. Психология труда учителя: - М.: Просвящение, 1993.

4. Водопьянова Н.Е. Старченко Е.С. Синдром выгорания: диагностика и профилактика. – СПб.: Питер, 2005.


МҰҒАЛІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – БІЛІМ САПАСЫМЕН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОЛЫ


Ж.Х.Саметова,

педагогика және психология кафедрасының аға қытушысы,

Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты


«Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында» жаңа ұлттық көзқарас ретінде: «Қазақстанға білім беруді түбегейлі модернизациялау қажет: ауқымды және тұрақты білім беруді және оның сапасын жақсартуды инвестициялау көлемін арттыру» керек делінген. Расында еліміз егемендік алған жиырма жылда білім саласында түрлі реформалар, жаңа бағыттар, жаңаша көзқарастар қалыптасып, бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адам капиталына инвестиция бөлуге басымдылық беру басты қағидалардың біріне айналды.

Білім сапасын арттырудың бірден-бірі жолы мұғалімдердің жалақасын арттыру; педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесіне көшу; педагог мамандығына неғұрлым талантты жастарды тарту; білім жетілдіру және қайта даярлау курстарының сапасын арттыру; педагогтардың имиджісін көтеру; қоғамдық деңгейде озық тәжірибелі мұғалімдердің түрлі байқауларын, шеберлік-сыныптарын, форумдарын, т.б. өткізу; үздік мұғалімдердің жетістіктерін насихаттау секілді мұғалімнің қоғамдағы орнын айқындау, әлеуметтік жағдайын көтеру, түрлі бағытта ынталандыра отырып, беделін үстемелеу қажеттілігіне келіп саяды.

Жас ұрпақты болашаққа дайындауда басты тұлға мұғалім десек, онда оның қоғам алдындағы беделін, білім-білігін арттыру түйінді мәселе екендігін белгілі.

Жалпы мектепте сабақ беретін кез келген мұғалімнің бойынан көзқарас ізгіліктілігі, дүниетаным кеңдігі, кәсіби шеберлік, адамдармен қарым-қатынастың жоғары мәдениеті өзара бірлікте көрінуі тиіс. Бұл оқу пәнінің мазмұнын ізгілендіру бағытын күшейту үстінде де, оқушылардың қатысым мәдениетінің нақты үлгісін таныту үшін де белгілі бір үрдістерді жүзеге асыруға септесетін болады. Мұнда мұғалімнің өз тарапынан үнемі оқушыларға эмоциялық қолдау жасап отыруы, зерттеу жүргізуі, олардың арасында дәнекерлік қызметтерді атқаруы нәтижесінде пәнді оқытуға қажетті алғышарттар қалыптасады. Ал бұл өз кезегінде мұғалімнің шығармашылық қабілеттерін дамытумен тікелей сабақтас қаралатын мәселелер.

Мұғалімнің балаларға эмоциялық қолдау жасай білуі оның тек қана білімі мен тәжірибесінің молдығын дәлелдемейді, сонымен қатар оның әрбір субъектінің өміріне, көзқарасына бей-жай қарай алмайтын ішкі жан дүниесінің байлығын көрсетеді. Мұнда мұғалім бала бойындағы ұяңдық, жасқаншақтық, салғырттық секілді жағымсыз әдеттерден арылтуға қол жеткізіп, оқушының дара болмысын айқындай түсуге ықпал етеді. Мұғалім тарапынан шәкірттерінің ішкі қажеттіктерін тануға да мүдделілік туындағанда барып, балалардың да оған сенімі артады. Оның үстіне бала сөйлеудің үлгісін мұғалімнің сөзінен алады. Сондықтан да оқушының жеке тұлғалық мәніне бағдарланған оқыту үрдісінде мұғалімнің өзін өте сыпайы ұстап, олардың кез келген сөзі мен әрекетіне түсіністікпен қарауға дайын болуы талап етіледі. Оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту міндетін орындау үшін тіл мен әдебиет пәнін оқытатын педагог бойында эмпатия (өзгелердің сезімін түсіне білу); құрметтеу сезімі (өзгелерді тұлға ретінде бағалай алу); шынайылық (өз сезімдерін ашық білдіре алуы); қарым-қатынас әдебі секілді сапалық қасиеттер болуы шарт.

Өз шәкіртіне көрсететін құрметінен педагогтің адамды бірегей тұлға, құндылық ретінде бағалау деңгейі айқын аңғарылады. Мұндай жағдайда балалар да өзін еркін ұстайды, өзінің дара тұлға ретіндегі мәнін сезінеді. Педагогикалық қарым-қатынастағы «субъект – субъект» жүйесі – кәсіби біліктілік негізінде құрылған, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ оқу әрекеті мен тұлға аралық қарым-қатынасты оңтайландыруды көздейтін мұғалім мен оқушының өзара байланысы.

Оларды пайдалана отырып мұғалім оқушылардың даму үдерісін зерттеуші қызметін атқарады. Сол себепті де ол зерттеу міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде анықтай алуға, зерттеу үрдісін сауатты жүргізуге, этикалық талаптарды орындауға қабілеттілік танытуы қажет. Мәселен, жауапқа дайындық кезеңіндегі де, жауап кезіндегі де, топ жұмыстарының бағалану сәтіндегі де балалардың оны қабылдау, ой қорыту, өзара айтыс үстіндегі мінез-құлық, әдеп нормаларын сақтау дәрежелерінің динамикасын түсіруі жекелеген жұмыстарда оған қандай тапсырмалар беруге болатынын болжауда көмек береді.

Пән мұғалімі оқушымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, оның дамуын түзу жолға бағыттап отыруға міндетті. Ол осы әрекеті арқылы шын мәнінде оқушының дамуын үнемі қадағалап отыратын зерттеуші қызметін де мүлтіксіз атқарады.

Жалпы білім беретін мектепте жүзеге асырыла бастаған оқытудың жаңа педагогикалық парадигмасы негізінде туған осы жаңа педагогикалық ұғым сабақ үстіндегі «субъект – субъект» қатынасының шынайы түрде жүзеге асуының негізі саналады. Бұл үдерістердегі педагогтің міндетіне оқушының білімді өздігінен меңгеруіне, оның жеке бас қабілеттерінің дамуына қажетті алғышартты қалыптастыру жатады.

Педагогтің сараптау қызметі оқушының білімді де білікті, кәсіби шеберлігі шыңдалған шынайы ұстазға деген қажеттігінен туындайды. Ондай мұғалім дәрежесіне көтерілу үшін педагогке базалық жоғары білімге қоса өзін-өзі жетілдіруге деген құлшыныс, шығармашылық ізденістер, рефлексияға бейімділік, суырып салмалылық пен тапқырлық қажет. Оның тұлғалық қасиетіне қатысты айтсақ, сөйлеу мәдениеті жоғары, үнемі ізгілікке құштарлық таныта білуі, оқушыларға жеңіл атмосфера тудыру үшін әзілге бейім болуы, әділ, адал, демократияшыл қабілеттерін иемденуі қажет. Мұғалім топпен жұмыста өзінің біліктілігіне табан тіреп, оқу материалын жеңіл әрі еркін меңгертеді. Сұрақ қоя білу де мұғалім шеберлігіне сын. Өзінің табиғи мінезімен оқушылардың өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдауына әр кезде де көмектесуге дайын екенін сезіндіре алады. Эксперимент жасауға, жаңаны іздеуге деген құлшынысы мен ниеті мол. Оқушылармен қарым-қатынас үстінде олардың өз сөзіне ерекше мән беруіне, қарым-қатынас үстінде өзін-өзі шыңдауына мүдделілік танытады.

Педагогтің сөзді айту ерекшелігі, дауыс сазы, үннің биіктігі мен сөздің анық шығуы, сөз екпіні, сөздер мен фразалар арасындағы кідіріс, жағымды жымия білуі; сыныптағы барлық баланы көзбен шолып, оларға толық көңіл бөле білу, сөз мазмұнына орай «көзді ойната алу», ықыласты, ескертуді жағымды көз жанарымен жеткізе алуы; сыныпты аралап жүріп, нұсқаулар бере білу, кеңес беру, сұрақ-жауап кезінде балалармен ықыласты қимыл әрекеттерге көңіл бөлу (қолын алу, жеңімпаздың қолын жоғары көтеру, т.б.); отырысы, бет-жүз құбылыстары, қол-дене қимылдары. Олар адамның эмоциялық көңіл күйін қалтқысыз көрсетіп тұрады.

Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімнің міндеті – ұлттың жаны саналатын пәнді оқыту барысында оқушысының бүкіл әлеммен, өзімен жаңа қатынас жүйесінде өз жеке басының мәнін түсінуіне, оның негізінен, тілмен байланысты екендігін сезінуіне мүмкіндік беру. Бұл пәннің табиғаты мүлде бөлек екенін ешқашан естен шығармаған абзал. Мұғалім әрдайым оқу үдерісінің негізіне салынатын гуманитарлық модельге бағдар жасай алуы қажет. Мұнда қандай болса да, айтылған барлық көзқарастар мен пікірлер қабылданып, сараланып отыруы тиімді. Тіл мен әдебиет сабақтарында оқушының өз пікірін емін-еркін білдіруіне қажет шарттың бәрі қамтылуы тиіс. Балалардың ұтымды жауаптарына дер кезінде ықылас танытып, оларға қолдау жасау нәтижесінде мұғалім өз шәкірттерін дамудың жаңа сатысына қарай үнемі жетелеп отырады. Білімді бағалау мен бағыт-бағдарын анықтау тек ақыл-ой жұмыстарына ғана қатысты емес, сонымен бірге эмоциялық деңгейде де қатар жүргізіліп отырылады. Бұл оқушы әрекетінің гуманистік сипатын арттырады, адамгершілік нормалары мен құндылық бағдарларын қалыптастырады.

Балалар бір-бірімен ойларын, ішкі сезімдерін еркін бөлісуге үйретілуі шарт. Мұның ең ұтымды жағы сол, онда барлық адам ұтысқа шығады, неге десеңіз, мұнда әрбір оқушы өзінің әлеуметтік ортада өмір сүру тәжірибесін кеңейте түсетіні хақ. Ал мұғалім алдындағы әр баланың қайталанбас ерекшеліктері ашылған сайын «өмірдің өмір бақи үйрену» екеніне тағы бір көзін жеткізетін болады. Айналып келгенде, мұның барлығы да мұғалім шығармашылығының жемісі ретінде бағаланады.

Қазіргі қоғамда білім саласын модернизациялау педагог мәртебесін өсіруге, білімді, сапалы мұғалім арқылы білім сапасына кепілдік жасауға болатындығын, сол арқылы бәсекеге қабілетті әлемдік білім кеңістігіне ену мүмкіндігінің артатынына тағы да көзіміз жете түскендігін айтқымыз келеді.


Бүгінгi білім - қоғамның дамуының стратегиялық бағдары әрі қауіпсіздігінің кепілі


Ұ. Дауымбаева,

мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

48 Ә.Қоңыратбаев атындағы


Қазақстан – әлемдік қауымдастыққа өзіндік ізденісімен, ерекше қажыр-қайратымен енген ел. Әлем тоқтаусыз дамып келеді. Жаңалыққа толы әлемнің айрықша тынысы болып отырған Қазақстан да тоқтаусыз дамып келеді.

“Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасында” негiзгi мiндеттердiң қатарында “отандық дәстүрлер, әлемдiк тәжiрибе және тұрақты даму қағидаттары негiзiнде бiлiм берудiң мазмұны мен құрылымын жаңарту” мiндетi ерекше айтылады [1].

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Осыған байланысты адамның білім-білік капиталына қатысты экономиканың өрістету мәселесі туындайды. Бұл орайда инновациялық экономика білім жүйесін - өндіріс саласының басымдығы ретінде айқындай түседі. Бүгінгі өркениет білім парадигмасын өзгертуді талап етеді. Әрқашан қолдау мен көмекті қажет ететін білімнің орнына ауқымды жобалар мен инновациялық жобаларға негізделген саланы ғана емес қоғамды да алға тартатын инновациялық білім келуі тиіс.

Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.

Бiз соңғы уақытта жаhандану туралы жиi айтатын болдық. Қоғамымыздың қайсыбiр топтары мұны қауiптену мен қорқыныш бейнесiнде сипаттайды. Ал, шындығына келсек, әлiмсақтан жүрiп жатқан жаhандану құбылысынан қорықпау керек.

Қазір М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзін мектепке қаратып айтуға мүдделіміз. Иә-иә, мектеп – бесік. Білім мен ғылымның, шығармашылықтың, еңбек әліппесінің бесігі!

Қорғаусыз қалған мектепке, алғашқы шығармашылық айдынына, мемлекеттің көп мейірімі, көп қамқорлығы қажеттiгi туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Қамзабекұлы ерекше токтап, бiлiм беру саласындағы мына жайларды өзектi деп атап көрсетедi, олар:

- енді мемлекет қаржысын орынсыз шашу, нәтижесіз жұмыс істеу ұят болады. Мысалы, қазақ тілі, шетел тілдері, Отан тарихы т.б. гуманитарлық пәндерді балаға орта мектептің ішінде толық меңгертіп шығару керек. Әлем тәжірибесінде осылай жасайды. ЖОО-да бірыңғай кәсіп пәні оқытылуы тиіс. Мемлекет бағдарына сәйкес, бірте-бірте қазақ бөлімдерінің саны артса, өз мамандығын ана тілінде оқитындар көбеймей ме? Орыс бөлімдерінде оқитындарға қазақ тілін, тарихын білу үшін мемлекет неге қайта-қайта ақша бөлуі керек? Үнемделген қаржы одан да мұғалімдердің жалақысына, оқулық алуға жұмсалғаны дұрыс қой.

- орта мектепте қай пәнді қай мөлшерде оқытатынымызды шешіп алғанымыз орынды. Мысалы, ағылшын, орыс тілдерін тым төменгі сыныптан бастап оқытудың не қажеті бар? Данышпан А.Байтұрсынұлы «бала бастауышта тек ана тілінде оқуы керек» дейді.

- 12 жылдықты енгізген Батыс пен Жапон, т.б елдер мұны ақшаны үнемдеу үшін, тіпті уақытты үнемдеу үшін жасаған. Біз енді қоғам аса қажет ететін кәсіптік білімді 12 жылдыққа қалай кіріктіреміз – осыған бас ауыртқанымыз жөн. Ұятымызға қарай, өндірісті жүргізе алмай отырсақ та, құдайдан үміті бар қоғам сынды болашаққа жанымыз ашығаны дұрыс. Кәсіптік білім – ауылда мектептің я директордың отынын даярлау емес, көрші қытайлык айтқандай «балық бере салып. мәз қылмай, оны аулауды үйрету».

- мектеп оқулығы – дүниенің кілті. Бізде сол кілт жоқ емес, бірақ мәз де емес. Баяғыдай оқулық сапасын тексеретін жүйе жоқ. «Оқулық» орталығы істі ұқсата алмай жатыр. Жаңа бағытта қалыптасып жатқан мемлекет үшін маңызды нәрсе - елдік идеология десек, оның оқулықтарға қай дәрежеде еніп жатқанын тексеріп жатқан адам жоқ. Бәлкім бір оқулықта елдік ұстанымымызға зиянды ойлар жүрген шығар. Айтпағымыз – цензура емес, принцип һәм дәстүр. Жалпы оқулық жазатындарға айрықша жағдай жасап, қатаң талап қоюы! Қазір мектепте болсын, ЖОО-да болсын жақсы оқулық тапшы. Тіпті кей пән бойынша жоқ деп айтуға да болады. Мемлекет оқулық жазатын адамға жағдай жасамай (мысалы, бірнеше жыл шығармашылық демалыс беру, жақсы айлық қою, жоғары қаламақы төлеу т.б.), ештеңе де бітпейді. Қазақстанда 50-жылдары осылай істелді ғой. Сол оқулықтарды бүгін де оқып жүрміз... Ойланған адамға оқулық мәселесін дұрыс шешудің маңызы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасынан бірде-бір есе кем емес! Тіпті алға дамуды қалаған мемлекет үшін оқулық – елдік идеяның, елдік идеологияның бастауы! Оқулық – ұстаз үшін де, шәкірт үшін де шығармашылықтың бастауы [2]. Қиын жылдары қоғам жұмыстардан бөлек. жаратылыстанудан талай оқулық жазған Алаш қайраткері Халел Досмұхамедұлының «білім кемшілігін жойып, кедергіні бұзу – зиялылардың міндеті, дәріс кітаптарын жазу – білімділердің мойнындағы борыш» деуі тегін емес.

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.

Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды.

Ұлттық сана, ұлттық менталитет, Отанды сүю, патриотизм деген мәселелер қазірде айтылып та, жазылып та тұр. Кімді де болсын, тіпті тұтас ұлтты да сынауға болады. Бірақ қазақ елі дүниежүзілік қауымдастыққа несімен еніп, несімен ерекшеленуі керек деген мәселеге келгенде, ешкім мардымды еш нәрсе айтпайды, тіпті жұмған аузын ашпайды. Қазақ халқы бүгінде дүние жүзіне өзінің бар екендігін, көне ұлттардың қатарына жататындығын танытып отыр. Олай болса, идеологияландырылған қатаң тәртіп сияқты саясаттың нәтижесінде өзінің бет-бедерін жоғалтуға аз-ақ қалған қазақ халқы бүгінгі мүмкіншілігін пайдалана отырып, сол жоғалтқандарын мектеп арқылы жастардың бойына сіңіруге, ұлттық сананы, ұлттық мақтанышты және ұлттық менталитетті қайта қалпына келтіруге толық жағдай жасар еді. Мұның өзі республикамыздағы мектептер алдына қойылған негізгі мақсаттарға да сай келеді.

Қазір қай елдің ғылымы, білімі және мәдениеті күшті дамыған болса, сол елдің барлық жағдайы жақсы, болашағы айқын. Бүгінгі жаңа жиырма бірінші ғасырда мемлекеттер арасындағы бәсеке күшейді. Осы кездегі бізге туып отырған мүмкіншіліктерімізді тиімді пайдалану керектігін Елбасымыз үнемі халыққа арнаған Жолдауында баса айтып келеді. Біздің міндетіміз - Елбасы айқындап берген тапсырмаларды орындау, яғни білім беру деңгейін әлемдік стандарттар талабына жеткізу. Елбасымыздың қазіргі ғылым мен білімді дамытуға жан-жақты қолдау жасауы, кезек күттірмейтін тапсырмалары еліміздің таяу арада 50 дамыған елдің қатарына қосылуына жасалып жатқан ең негізгі шараларының бірі.


Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы.Астана,2011.

2. Д. Қамзабекұлы. Окытушы мен студенттiн шығармашылык iзденiсi- әдiстемелiк жұмыстын кiлтi.Астана, 2009,7-12 бб.

3. Басқарушылардың жаңа буыны қажет. //Егемен Қазақстан, 11 қаңтар, 2007.


ЛИЧНОСТНО-ОРИЕНТИРОВАННАЯ ПАРАДИГМА В СИСТЕМЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

Н.Ж. Бирибаева, к.п.н., ассоциированный профессор, заведующая кафедрой педагогики и психологии АОИПРК

Назначение интерактивного взаимодействия

состоит в изменении, совершенствовании

моделей поведения и деятельности

участников педагогического процесса

Кашлев С.С.

В условиях перехода на новую модель повышения квалификации педагогических кадров в Республике Казахстан актуализируется проблема взаимодействия лектора со слушателями как равноправных субъектов образовательного процесса.

По мнению Президента страны Назарбаева Н.А., сегодня «без современной системы образования и современных менеджеров, мыслящих широко, масштабно, по- новому, мы не сможем создать инновационную экономику» [1]. Эти же требования проходят красной нитью через «Государственную программу развития образования до 2010 года»: «…расширить предоставление качественных услуг образования» [2].

И в контексте обозначенных выше положений нормативных документов в области образования система повышения квалификации педагогических кадров Алматинской области работает на реализацию идей государственной политики.

А применение инновационных методов обучения и активных форм деятельности субъектов образовательного процесса – веление времени.

Именно такой подход способствует активизации учебного процесса, налаживанию группового и коллективного взаимодействия, повышению самостоятельности и учебной активности и в этом контексте повышается ответственность организаторов курсов.

В педагогической науке вопросам интерактивного взаимодействия уделяется большое внимание. В интерактивном обучении одни ученые (В.А. Канн – Калик, М.М. Жанпеисова, М.А. Абдиров, Н.А. Ахметова, Е.З. Батталханов и другие) выделяет вопросы межличностного взаимодействия, повышения мотивации, социализации личности в ходе межличностного взаимодействия).

Другая же группа ученых (М.В. Кларин, Е.Х. Шейне, Г.А. Кулагин, М. Курманов, Б.П. Никитин) поднимают проблемы активизации и роли ролевых и диалоговых форм деятельности.

Наш многолетний опыт позволяет высказать мнение, что интерактивные методы (ИМ) используются далеко не всеми руководителями курсовой подготовки.

Курсы для любой категории слушателей не должны быть ориентированы « на получение готовых знаний, а должны побуждать их к самостоятельному поиску решений» [3, с. 14].

По законам философии, «взаимодействие – объективная и универсальная форма движения, развития, определяющая существование и структурную организацию любой материальной сферы. Взаимодействие как материальный процесс сопровождается передачей материи, энергии (движения) и информации» [4].

Психологи же считают, что «взаимодействие – это процесс непосредственного или опосредованного воздействия социальных объектов (субъектов) друг на друга, порождающий их взаимную обусловленность и связь» [5].

Взаимодействие, по мнению психологов, это: взаимовлияние; непосредственная организация их совместных действий; общение, включающая в себя планирование, реализацию, контроль и т.д.

Выделяются следующие функции лектора в ИО: направляет обучение в познавательное русло; организует; игротехник (ролевые и деловые игры, тренинги, анализ конкретных ситуаций); коуч (способствует повышению эффективности труда каждого за счет высокой положительной мотивации); эксперт; фасилитатор (помогает, облегчает, способствует…, умеет достигать взаимопонимание с любым человеком); создаёт условия для активности других субъектов, активизации участников учебного процесса и информационной обучающей среды.

ЛОО основывается на таких типах активности, как: познавательная, физическая, социальная и других видах активности, когда обучающиеся имеют право высказываться, задавать вопросы, отвечать, резюмировать, обмениваться мнениями, вносить коррективы и дополнения в учебный материал и выступления, выступать с самостоятельным решением какого-либо вопроса или задания.

Неинформационные технологии ЛОО в системе ПК основываются на факторах, в числе которых:

-создание благоприятного психологического климата: слушатель должен чувствовать свою успешность, интеллектуальную состоятельность или свою незаменимость в рамках коллективного сотрудничества;

-охват всех обучающихся, обеспечение их вовлеченности в процесс познания;

-взаимодействие через различные способы деятельности, обмен знаниями и идеями между ними;

-обязательный вклад каждого в процесс познания учебной информации;

-обязательная атмосфера учебного сотрудничества, основанная на равноправии (независимо от профессиональных способностей); взаимная поддержка.

Именно эти факторы ведут к решению выдвинутых задач, к развитию коммуникативных навыков и благоприятному психологическому климату. ЛОО, по идее С.Л. Рубинштейна, является реализатором деятельностного подхода, где основными компонентами выступают: движение - действие - деятельность [6, с. 283].

И поэтому наиболее востребованными видами деятельности становятся: коллективное обсуждение, организационно-деятельностная игра, групповое решение проблем(ы) или задач, внутригрупповые консультации и т.д.

Диалог (полилог) как один из методов субъектного взаимодействия, имеющий позитивную направленность (стимулирование общей логики; умение мыслить; познавательная активность; умение видеть проблемы в типичных и нестандартных ситуациях; равноправие лектора со слушателями; оказание им только помощи и содействия; оценивание их деятельности со стороны; развитие их внутренней речи; диалог с самим собой и собеседником), способствует результативности курсовой работы.

В практике опытных ученых-лекторов мы встречаем диалоги непосредственные, дистантные и такие формы диалога, как: диалог обучающихся с обучаемым или другим субъектом учебной деятельности; диалог обучающихся с самим собой; диалог между обучаемым и УМК; диалог между группами обучаемых; диалог с компьютером.

В связи с усилением процессов глобализации и интеграции, в связи с переходом на ваучерно-модульную систему в системе ПК ЛОО должно рассматриваться как способ усиленной целенаправленной деятельности субъектов образовательного поля по организации взаимодействия между собой и межсубъектного взаимодействия всех участников педагогического процесса для создания оптимальных условий профессионального развития педагогических кадров, их компетентности и, безусловно, актуализироваться педагогическим сообществом страны.