Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 27-28 қазан 2011 жыл

Вид материалаДокументы
Жоғары мектеп дидактикасының зерттелуі-біліктілікті арттырудағы әлеуметтік – педагогикалық шарт
Пайдаланған әдебиеттер
Электродинамика негіздерін оқытудың
Алматы қаласы.
Роль повышения квалификации работников образования в условиях интеграции и глобализации
Подобный материал:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.Астана,2005, 16-17б.

2 .Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы,6 том.Астана, 2007, 96 б.

3.Қ.М. Нағымжанова. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. «С. Аманжолов оқулары - 2005» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен, 2005. 538 б.

4.Устемиров К., Шаметов Н.Р., Васильев И.Б. Профессиональная педагогика..


ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ-БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТ


Г.Ә. Қаптағай, Н. С. Бекарыстанова, А.У. Абуова

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

Алматы қаласы.


Физиканы оқыту әдiстемесi зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізі бола отырып, дербес дидактика ретiнде әрбiр оқу пәнiне байланысты бiлiмнiң сұрыпталып, жүйеленген қағидаларын, мазмұны мен әдiсiн, материалдық және рухани мәдениетiмен оқу-тәрбие процесiнiң ұйымдастырылу барысындағы қойылатын мақсаттарын орындауға негiзделген iлiм деп танылса, дидактика, өз тарапынан педагогиканың сабақтас ғылыми бөлiгi ретiнде айқындалды. Жоғары мектеп дидактикасының тақырыптық мәнi – тәрбиемен тығыз байланысты болып отыратын бiлiм мен оқу процесiнiң теориясын қамтиды. Оның ғылыми дидактика ретiнде қалыптасуына өзiнiң басқа ғылымдармен етене байланыса отырып, тарихи дамуы себеп болған, өркениетті болашақтың негізін қалайтын арналы ғылыми бағыт.

Жоғары мектеп дидактикасының ғылыми тұрғысындағы оқыту мен білім беру ауқымын зерттеу объектісі болып танылып, педагогика ғылымында танымал ғалымдардың еңбектерімен сарапталып, сапаланып жетілу үстінде. Қазіргі таңдағы Жоғары мектеп дидактикасының ғылыми зерттеулерінің қозғаушы күші болып танылған Ресей ғалым-педагогтарының қатарын айқындағанда – С.И.Архангельскийдің «Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы» (1980), Ю.Г.Фокиннің «Образование и воспитание в высшей школе» (2002), А.В.Коржуевтың «Вузовский учебный процесс: состояние, проблемы, решения» (2001)» және т.б. еңбектері дидактиканың ғылыми даму процесін үдетті.

Көрнекілік – оқыту процесінде заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бейнесін, әр түрлі өзгеру құбылыстарын оқушының сезім мүшелері арқылы сезініп, қабылдауға мүмкіндік тудыратын дидактикалық принцип.

Дидактика педагогиканың бiлiм беру мен оқыту теорияларының құрылымы болып танылған iлiм. Дидактика терминiн алғаш рет қолданысқа ендiрген немiс педагогi В.Ратке «оқыту өнері» ұғымы баламасына пайдаланған. Дидактиканың ғылыми-теориялық мақсаты - оқытудың нақты процестерiн зерттей, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтарын аша отырып, педагогиканың даму болжамы мен бағдарын сараптауға мүмкіндік тудырады. Зерттеу жұмысымыздың бастамасы ретінде «дидактиканың принциптері» мәселесі де қарастырылады.

Дидактика негіздері теориялық және қолданбалы ғылымдар санағына енгендiктен оның принциптер ұғымы екi жақты мағына қабылдайды. Бiрiншiден принциптер - теориялық жалпылама ереже болып танылса, екiншi жағынан - педагогикалық заңдылықтардың практикалық нұсқауы ретiнде қабылданады.

Оқытудың жоғары мектеп бағдарламасының жалпы принциптерімен қоса мектеп пәндерiн оқыту әдiстемелерiнiң заңдылықтары да өз шешімін күтуде. Олар оқытудың: ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік, пәнаралық байланысы, оқу теориясының еңбекпен байланысы, политехнизм мен кәсіби бағдар беру, пайымдылығы мен дағдылық әрекетін қалыптастыру. Бұл принциптердің өзара байланысы оқу құралында кездестіруге болады.

Педагогика (дидактика тұрғысында) адам ойын саналы түрде қалыптастырған, iлгерлемелi ғылыми-зерттеу бағдарымен дамыған, ауқымды, гуманистiк мәнi ерекше зор ғылым екенi белгiлi. Адам өзiнiң тiршiлiк өмiрiмен бiрге қалыптасқан және өркендей дамудың негiзгi құрамды бөлiгi болып танылған педагогиканы, табиғат өнiмiн тiршiлiк қажетiне жұмсауды оңайлататын құрал-сайман, қару-жарақ пайдалануды үйренуден бастап, жазу-сызу, қолөнер мәдениетiн, техниканың ғажайып жетiстiктерiнiң өркендеуiне бiрден-бiр себепшi болған, саналы жанның өркениетi мен ой-санасын жетiлдiретiн астарлы ғылым ретiнде тани білді.

Жоғары мектеп физикасын оқыту әдiстемесi (ФОӘ) дидактика саласындағы ең жетiк дамыған ғылыми бөлiм. Техникалық өркениет қоғам дамуының арқауы бола отырып, физиканың үдей дамуына жетек болса, физика жаңалықтары техниканың жаңғырған процесiнiң бастамасына айналып отырды. Сол себептi де ілгерлеу процесі қоғамның материалдық және рухани деңгейлерiнiң артуы, жастарды жоғары мектеп қабырғасында физикаға баули отырып, бiлiм деңгейiн көтеру қажеттiлiгi мен ғылым бағдарларының саралануы, оқу пәндерiнiң көбеюiне және олардың мазмұндарының тереңдей, күрделене түсуiне жетеледi. Соның салдары ретінде диссертациялық зерттеулерге де ғылыми тұжырымдалған жаңа теориялық немесе эксперименттік нәтижелердің енуі талап етілуде. Ілгерілеу процесі оқытудың мақсат, мазмұны мен әдiстерiн ғылыми тұрғыда қайта тұжырымдалып, жаңартылып, әсерленіп отыруды талап еттi.

Оқыту әдiсiнiң жетiлу барысында жеке пәндердiң арнайы оқытылу ерекшелiктерi қоғам заңдылықтарымен шыңдалып, өмiр тәжiрибелерiмен сыналып, тексерiлген, әлi де болса, уақыт сұрамына сәйкес зерттеудi қажет ететiн, жеке пәндi оқыту әдiстемесi педагогиканың құнды саласы – дербес дидактика деп аталып, ол адамзат өмiрiнiң бiлiм және тәрбие иiрiмiне ендi.

ФОӘ немесе физика дидактикасы педагогика ғылымдарының бiр тармағы ретiнде дидактиканың оқыту заңдылықтары мен категорияларына сүйене және принциптерін жүзеге асыра отырып, тәрбиелеу мақсаттарын орындайды. Студент өз тарапынан дидактика теориясына сүйенiп, қандай принциптерді ұстана, қандай әдiстердi қолдана оқу-тәрбие жұмысын жандандыруға болатынын ұғынады.

Көрнекiлiк принципі оқу жүйесiндегi кеңiнен қанат жайған, әдiстеменiң негiзгi дәйегi болып есептелiп, бiлiм беру процесiнде нақты бейнелер, қозғалыс-қимылдар, жанасу сезiмiнiң қабылдау және түйсiну тәрiздi психология атрибуттарымен жарақталған дидактиканың кең көлемдi арнасына айналды.

Жоғары мектепте ФОӘ-нiң парадигмасы болып мойындалған, әлеуметтiк маңызы зор, зерделiк өркениеттiң даму процесiндегi қолданбалы мәнi ерекше саналған дидактика категорияларының бірі – деректiлiк пен дерексiздiк бiрлiгi – логикалық (теориялық) пайымдау мен көрнекiлiк принципінің бірлігі екендігі баяндалған тұжырымдардан айқындалды. Осы принципке пайымдалған ғылыми-әдiстемелiк iзденiстер (оқытудың материалдық-техникалық негiзiнiң тапшылығынан болар) Қазақстанда сирек кездеседi.

Калифорнийдің Технологиялық университетінің (АҚШ) профессоры, әйгілі физик-теоретик Р.Фейнман өзінің дәрістерінің бірінде «...біздің біліміміздің тірегі – тәжірибе. Тәжірибе, эксперимент – ғылым ақиқатының жалғыз төрешісі ...» - деген.

Физикалық тәжірибелерді жетілдіруде ерен еңбек сіңірген, Қазақстанда ФОӘ-нің ғылыми бағытта дамуына ықпал еткен Ресейдің көрнекті ғалымы Н.М.Шахмаев болатын.

Жоғары мектепте физиканы оқытудың көрнекілік принципі – оқытылар пәннің мазмұнындағы абстракциялық ұғымдардың нақтылыққа жуық бейне көрінісі арқылы ұғындыруды жүзеге асыру мүмкіндігін зерттейтін дидактиканың ғылыми бағыты.

Жоғары оқу орындарында мектеп физикасын оқытудағы көрнекілік принципі маңызының артуы техникалық процестердің ерекше қарқынмен дамуына байланысты болды. Жоғары мектепте оқылатын пәндердің қандайынан болса да, физика сабағының көрнекілік мүмкіндігі мол. Өркениетті елдердің (АҚШ, Жапония, Германия және Англия) жоғары мектептерінің физика сабақтарында көрнекілік қағидасын жүзеге асыру мәселелері жоғары тұрады.

Техника дамуының күн санап өрлеу кезеңі, жастардың оған құштарлығының артуы, ғылыми ой-саналарының кеңеюі мектепте физиканы оқыту әдістемесінің жаңартылып, көрнекілік принципінің жүзеге асуын талап етіп отыр.

Техникалық білім беру мүмкіншілігін тудыратын физика пәні болғандықтан, оның әдістемелік дамуына себепші болатын – жоғары мектептің физикалық эксперименті екені анық. Оны жетілдіру физикалық заңдылықтар мен құбылыстарды оқытып, түсіндіру мүмкіншілігін тудырады. Бұл процесс дидактиканың көрнекілік принципін жүзеге асыру ісі болып есептеледі.


Пайдаланған әдебиеттер
    1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

Қазақстан халқына ЖОЛДАУЫ. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. “Алматы ақшамы”, 02.02. 2010.
    1. Кенжебеков Б.Т. Университет студенттерінің кәсіби құзреттілігін

қалыптастырудың теориясы мен практикасы./ Редакциясын басқарған Б.Әбдікәрімұлы. – Астана, 2002. – 277 б.
    1. Курманов М.К. Подготовка будущих учителей физики в университете к

формированию познавательной активности учащихся. Автореф. ... д.п.н: – Алматы, 2000.


ЭЛЕКТРОДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕСІ МЕН КӨРНЕКІЛІГІ


Ғ.А. Исмайлова, Л.С.Байқадамова, Н.С.Бекарыстанова

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

Алматы қаласы.


10-сыныптың негізгі оқулығындағы жоғарыдағыдай бапты оқыту барысында ескерілуі қажет жағдай, ол электр және кванттық теорияларға байланысты өтілетін материалдардың бәрі бір ортаға шоғырланғандығы. Оқытудың бұл тәсілін оқушыларға айқындап, ашып айтып, ұғындыру керек. Мысалы, электрге тән материалдар электродинамика концентрінде (шоғырына) ендіріліп, оның өзі салыстырмалы тыныштық қалыптағы және қозғалыстағы зарядтардың электродинамикасы болып, 10-сыныпта өтіліп, 11-сыныпта оның жалғасы ретінде электромагниттік индукция айтылатыны оқытылу керек. Шоғырландыру барысында электростатика тарауы электродинамиканың бір бөлігі ретінде оқшау оқытылады. Бұл тарауда зарядталған бөлшектердің физикалық қасиеттері, өз маңайындағы басқа зарядтарға Кулон күшімен әсері және басқа да физикалық құбылыстары қарастырылады.

Электродинамиканы оқу барысында оқушылар ойына механикадағы «динамика ұғымы» оралатыны сөзсіз. Онда олар механикадан күш функциясы ретінде, денеге әсер еткен күш салдарынан қозғалыс деп түсінген болатын. Ньютонның 1-ші заңы негізінде және қазіргі сөз айналымы бойынша «динамика» қозғалыс ұғымы болып қалыптасып келеді. Электростатика статикалық жағдайдағы зарядталған бөлшектің физикалық қасиеттерін зерттейтін бөлім ретінде ғана қарастырылатын болғандықтан көлемі аз материал. Оны электродинамикаға ендірмей дара оқытылғаны абзал болар еді.

Оқушыларға: Электростатика тыныштық қалыптағы зарядтың физикалық қасиеттерін зерттейді – деп түсіндірілген болса, Электродинамика – зарядтардың қозғалыс кезіндегі физикалық қасиеттерін, қозғалыста пайда болған элекртромагниттік өрістердің ерекшеліктерін т.с.с. физикалық құбылыстарды зерттейтіндігі ескертілуі қажет. Электромагниттік өрісті тек қозғалыстағы зарядтар тудыратынын және дараланған электр өрісінің (статикалық) ерекшелігін, тыныштық қалыпында оның айналасында электромагниттік өрістің пайда болмайтынын ұғындырылуы керек. Электр зарядтарының қозғалып, не тасымалдануы кезінде ғана магнит өрісі заряд орталығынан (бөлшектен), бейнелей айтқанда, сәулелерше шашыраған электр өрісінің әрбір талшығына (күш сызықтарына), шығыршыққа оралып пайда болады да, одан әрі олар (электр және магнит өрістері) бірінен-бірі ажырамайды. Себебі олар бір-бірінсіз дара өмір сүре алмайды. Одан әрі таралу барысында олар бірін-бірі қайта тудырып отырады деп, оқушыларға электромагниттік өрістердің зарядтан бөлініп шыққаннан кейін тербелмелі күйге түсіп, ол электромагниттік тербеліс деп аталса, осы өрістердің тербелістерінің таралу жылдамдығы жарық жылдамдығына жуық болған жағдайда, оларды электромагниттік толқын деп атайды дегенді оқушыларға мұқият ескертіп, иландырған жөн.

«Электродинамика – бұл электрлік зарядталған денелердің немесе бөлшектердің арасында өзара әсер туғызатын материяның ерекше бір түрінің – электромагниттік өрістің сырын ашатын заңдылықтар мен қасиеттер туралы ғылым» - деп анықталған.

Оқулықта осы материяның зарядталған бөлшектердің қозуы кезіндегі энергетикалық күйінде зарядталған бөлшектің қозғалысы кезіндегі өзара салыстырмалы жылдамдығының өзгеруі салдарынан пайда болатыны ескертілмеген. Оқулық анықтамасының кейбір сөздерін келесі түзетулермен оқушы санатына ықшамдап ұсынған дұрыс болар еді. Себебі анықтама екі есе қысқартылса да жеткізілер ұғым бұрмаланбай, оқушы жадында қалып отырады.

Анықтама сөздерінің санын екі есе азайта ұсынылып отырған төмендегі қысқа нұсқаны дұрыс деп таптық. Бірінші анықтама электродинамика- электростатиканы қамтып, физиканың күрделі бөлімі саналған жағдайдағы, өзара әсерлесуші зарядталған денелер мен бөлшектердің барлық физикалық қасиеттерімен басқа да сипаттамалары тек электромагниттік өріс арқылы анықталады деген оқулықтағы ұғымға сәйкес қарастырылған. Бірінші нұсқада: «Электродинамика – электрлік зарядталған денелер мен бөлшектердің өзара әсерлесуін туғызатын электрмагниттік өрісті зерттейді». [1]

Екінші нұсқада электродинамика – зарядталған бөлшектер мен денелердің қозғалыстағы физикалық қасиеттерін, күйлерін және өзара әсерлерін сипаттайтын ғана физика бөлімі ретінде қарастырылғанда анықтама былайша тұжырымдалуы қажет еді: «Электродинамика – қозғалыстағы зарядталған бөлшектер мен денелердің және олардан таралған электромагниттік өрістердің өзара әсерлерін, қасиеттерін зерттейді».

Электромагниттік өрісті электрлік зарядталған денелер мен бөлшектердің өздері тудырады. Ол кез келген жағдайда туа бермейді. Физикалық денелерде орналасқан бөлшектердің немесе дараланған бөлшектердің энергетикалық қозуы кезінде пайда болған электромагниттік өріс қозған әрбір бөлшекті құрсаулай қоршап орналасады. Қозған бөлшек тыныштық қалыпта тұрса немесе бірқалыпты (үдеусіз) қозғалса, онда оның айналасындағы электромагниттік өріс бөлшектен ажырамайды. Егер бөлшек үдеумен қозғалған жағдайда электромагниттік өріс бөлшектен «үзіліп» бөлек шығып, дара электромагниттік толқынға айналып, бейтарап бағытта таралып кете береді.

Электромагниттік өрістің екінші бір түрінің пайда болуы қозған бөлшектің қозғалысы тербелмелі процесс (осциллятор) күйінде өтетін болған жағдайда электр өрісі өз айналасында магнит өрісін тудырып, керісінше сол туған магнит өрісі өз айналасында келесі электр өрісін тудырады. Екі түрлі өрістің бірінен-бірінің туындауы қозған бөлшектердің тербелмелі қозғалысының жоғары жиілікті тербелісте өту кезінде іске асады.

Оқулықта электромагниттік өзара әсер деп дұрыс бастап келіп: «...электромагниттік күштердің әр түрімен біз жиі кездесіп отырамыз. Бұлар серпімділік, үйкеліс күштері, өзіміздің бұлшық еттеріміздің және түрлі жануарлардың бұлшық еттерінің күші деп ұғындырады. Бұл тұжырым физикалық тұрғыда кате баяндалған. Себебі «Электромагниттік күш» - Терминологиялық ұғым ретінде физика энциклопедияларында түсінігі келтірілмеген. Американ физигі Р.Фейнманның еңбегінде «электромагниттік күштерді» қозғалыста болатын электронның өз-өзіне әсер етуі кезінде туатын физикалық шама деп қарастырады. Дара электрондардың қозғалысы немесе олардың атомдар жүйесіне байланысты жоғары жиіліктегі тербеліс кезінде бөлініп шыққан электромагниттік толқынды тасымалдаушы фотон (фонон), тыныштық қалыптағы массасы 0-ге тең элементар бөлшектер болғандықтан олардың қозғалыс жылдамдықтары электромагниттік толқындар жылдамдығына жуық болған жағдайда ғана өзара әсерлесу қабілетіне ие болады. Бұл әсерлердің өздері де қозғалыстағы бөлшектердің импульстарымен анықталады. Себебі, фотон, фонон да тыныштық қалыпта массаға ие бола алмайды. Тыныштық қалыптағы массасы жоқ бөлшектің қозғалысы кезінде ол белгілі бір күшке ие болады деу қателік. Сол себепті ғылыми түрде негізделіп, көпшілік назарына ұсынылған, әлемдік маңызы бар әдебиеттерде «электромагниттік күш» - деген ұғым сарапталмайды. Ол «электромагниттік өзара әсер» деген ұғымға ендіріледі. [2]

Бұлшық еттердің арасындағы тартылыс күштерді «электромагниттік өзара әсер» деп түсіндіру қате. Биоағзалық үдерістердегі бұлшық еттер қозғалысын электромагниттік өзара әсермен түсіндіруге келмейді. Мысалы мектеп биологиясының материалдарымен саралағанның өзінде оқулықтың 103 бетінде жазылған: «... - Бұлар (электромагниттік күштер) ... ...өзіміздің бұлшық еттеріміздің және түрлі жануарлардың бұлшық еттерінің күші» деген тұжырым шындыққа жанаспайды.

10-сынып физикасына арналған оқулықтардың ішіндегі Н.М.Шахмаев басқарған авторлар тобының Физика-10 оқулығымен электродинамика тақырыбының мақсаты қысқа тұжырымдамамен дәл анықталған. Онда: электродинамика электр зарядтары бар бөлшектер мен денелердің электр және магнит өрістері негізінде жүретін өзара әсерлерін зерттейді.

Оқулық пайымдауынша бұл өрістер өзара байланыста болады. құбылыстардың түрленуіне байланысты олар бір-бірін тудырып, бір-бірімен ортогональ жазықтықтарда орналаса алады. Өздері қозып шыққан денелермен денелерден бөлініп толқын болып, дара таралып та кете алады.

Зарядталған бөлшектер арасындағы өзара әсерлесу күші гравитациялық әсер күшінен әлдеқайда артық болады. Зарядтардың өзара әсер күшін зерттеумен сол зарядтардың (электрон, атом, ядро, иондар молекуласы және т.с.с.) физикалық қасиеттерін, құрылысын, электрондық қабықшаларының энергетикалық күйін және де басқа қажетті параметрлерін анықтауға болады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:
  1. Құдайқұлов М.Ә., Жаңабергенов Қ.Ж «Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі» Алматы: «Рауан», 1998
  2. Орехов В.П., Усова А.В. «Физиканы оқыту әдістемесі» Алматы: «Мектеп», 1978.



РОЛЬ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ В УСЛОВИЯХ ИНТЕГРАЦИИ И ГЛОБАЛИЗАЦИИ


А.А. Касымова, доцент РИПК СО

«Менеджмент в образовании»,

Б.Ж. Адильбекова,

директор ГУОШ№117


События первого десятилетия ХХI века не имеют прецедентов в истории образования Республики Казахстан. Перемены огромного масштаба и глубины затронули все стороны человеческой деятельности. Всепроникающие изменения необратимо воздействуют на наше будущее. К таким изменениям можно отнести:
  • научно-технологическую революцию в сфере производства и образования, формирующую единый природно-хозяйственный и финансово-экономический комплекс;
  • формирование единой глобальной сети коммуникационных и информационных систем;
  • информационные преобразования, которые преображают общество, функции власти и управления;
  • непрерывно возрастающую информатизацию общества, которая становится необходимым условием и средством производства и потребления;
  • развитие новых форм культурного многообразия и международного сотрудничества в вопросах образования, науки, культуры, бизнеса и производства.

На наших глазах сегодня совершается переход от одних общественно-политических форм жизни к другим, от одних принципов экономического развития к другим. Мы все больше ощущаем чувство причастности к жизни всей планеты. Экологические, политические, экономические, социальные проблемы, которые раньше считались местными, региональными, сегодня расширяются и захватывают всю планету, преобретают глобальный характер.

Современные требования к отечественному образованию обусловлены необходимостью обеспечения ускоренного социально-экономического развития Казахстана, потребностью в подготовке профессиональных кадров с управленческой компетентностью, готовностью к деятельности в условиях научного, высокотехнологического производства и инновационного развития рынков.

Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев, выступая в Евразийском Национальном Университете им.Л.Н.Гумелева, сказал: «Мир переживает период глобализации – эпоху всестороннего объединения человечества в едином пространстве информатизации и коммуникаций, превращения всей планеты в единый экономический рынок... общество становится более открытым: свободное перемещение капитала, финансов, людей, информации стало основной современной концепции «мира без границ».

Глобализация экономики выдвигает качественно новые требования к образованию, что неизбежно ведет к значительному повышению конкурентноспособности национальных систем, их вхождения на равных в международный рынок образования.

Оправданным ответом национальных систем образования на этот вызов времени являются: 1) углубление образовательных интеграционных процессов; 2) переход на новый качественный уровень в интернационализации образования; 3) внедрение стандартов мирового качества в национальные системы образования; 4) обеспечение конкурентноспособного образования.

Интернационализация образования, представляя собой динамично развивающийся процесс, преобретает черты качественно нового этапа интеграции и направлена на сближение национальных образовательных систем, стремящихся к открытости и нормальной международно- правовой регуляции.

Реформирование образования Казахстана направлено на создание новых правовых, научно- методологических, финансово-экономических основ, разраработку национальной образовательной стратегии, гарантирующей достижение мирового уровня качества при сохранении уникальности отечественной образовательной системы, учитывающей национальные интересы казахстанского общества и перспективы развития государства. В контексте указанных приоритетов вхождение отечественной системы образования в мировое образовательное пространство неизбежно. Это предопределяет необходимость выбора четких ориентиров и подходов к процессам интернационализации образования, достаточной информированности о современных тенденциях в системах образования различных стран мира, определения своей позиции в образовании в условиях глобализации, избирательного и взвещенного отношения ко всем инновационным моделям образования.

Понятия «транснациональное образование», «глобализация образования», «интернационализация образования», «международное образование» рассматриваются как проявления глобализационных процессов, и между ними часто ставится знак равенства. Отмеченные типы образования получили образовательно-организационную оформленность в двух проявлениях:
  • «транснациональное образование» как экспорт собственных образовательных программ развитыми странами;
  • «международное образование» как интеграционный процесс сближения национальных систем образования с целью обеспечения общемировых стандартов качества образования.

«Международное образование» более четко ориентировано на международную интеграцию образовательных систем с доминированием гуманистических и общечеловеческих ценностей в идеологии и содержании образования.

Ускорение интеграционных процессов в мире в области систем образования, повышения квалификации педагогических работников, сближение разных образовательных систем обеспечивается, в первую очередь, выработкой единой образовательной парадигмы, способной снять существующие принципиальные расхождения на уровне структурной организации и содержательных основ образовательных систем стран мира, гарантирующих адекватность и совместимость их деятельности. К основным составляющим образовательной парадигмы, требующим их определения как общих и обязательных для учета всех образовательных систем, относятся:
  • взаимосогласованность правовых основ систем образования;
  • сближения принципов их функционирования;
  • общность их иерархизированных и преемственных структур и систем сертификации;
  • сближение типов и организационных форм учреждений образования;
  • сближение содержания образования и систем стандартов, определяющих это содержание;
  • выработка на их основе универсально-международных стандартов образования с единой системой их измерения и оценивания.

Происходящие в нашей республике изменения во всех сферах жизнедеятельности общества придают особую значимость процессу модернизации системы повышения квалификации руководящих и научно-педагогических кадров системы образования. Меняются цели, задачи и функции системы повышения квалификации, обновляются структуры и содержание. Одним из важных условий успешной реализации задач, стоящих перед казахстанской системой повышения квалификации, является изучение опыта зарубежных стран. Значительный интерес в этом плане представляют Англия, Германия и другие развитые страны, где модернизация системы повышения квалификации является одним из приоритетных направлений государственной политики и обеспечивает рост творческой, разносторонней индивидуальности специалиста. Система повышения квалификации приобретает новые масштабы в связи с созданием Европейского союза.

Постоянное повышение педагогического мастерства учителя, раскрытие его творческого потенциала есть неотъемлемая, движущая часть любого инновационного процесса в образовании. Добиться успеха в этом возможно лишь создав логическую, стройную, находящуюся в постоянном развитии систему, каждый этап которой является обоснованным и подчиненным тем целям и задачам, которые ставятся перед педагогическим коллективом. В основу управления данной системой должна быть положена организация такой деятельности, которая позволила бы в кратчайшие сроки перестроить сознание учителя, подготовить его к работе в условиях внедрения инноваций.

Основным результатом деятельности современной школы должно стать формирование личности учителя, наделенной набором ключевых компетенций в интеллектуальной, гражданско-правовой, коммуникативной, информационной и других сферах, умеющей адаптироваться в постоянно изменяющемся мире. Для решения вышеперечисленных задач большое внимание должно уделяться своевременному и качественному повышению квалификации руководителей и педагогических работников. В связи с чем, в Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы были поставлены задачи по совершенствованию менеджмента в образовании, в том числе внедрение принципов корпоративного управления, формирование системы государственно-частного партнерства в образовании с учетом международных требований. Также были разработаны целевые индикаторы, в которых отмечено, что руководители организаций образования должны пройти повышение квалификации и переподготовку в области менеджмента до 2015 г. – 50%, до 2020 г. –100% слушателей.

Готовность к изменениям, инновационность, гибкость является главным показателем модели современного педагога и руководителя новой формации. Современные педагоги и руководители – это специалисты, не только умеющие решать задачи определенного уровня сложности, но и способные увидеть и понять тенденции развития мышления и деятельности, а затем внести рефлексивные изменения в собственную профессиональную деятельность в контексте этих тенденций. В этом контексте система повышения квалификации, по сути, должна накапливать значительный опыт социального проектирования, сопровождающийся приобщением его участников к научным и методическим знаниям, формирующий способности к исследованию и проектированию процессов развития личности и организаций в международном масштабе.