Атырау облыстық білім беру департаменті Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт

Вид материалаДокументы

Содержание


Оқу процесінің жобасын жүзеге асыру барысындағы оқушылардың ұйымдасқан түрдегі әрекеттері оқыту технологиясының маңызды кезеңдер
Білім берудің алғы шарттарының бірі –
Оразбеков Нұрлан Сәлімұлы
Бірінші жетістігім
Екінші жетістігім
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқу процесінің жобасын жүзеге асыру барысындағы оқушылардың ұйымдасқан түрдегі әрекеттері оқыту технологиясының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.


1. Оқушылардың тақырыпты, тарауды оқу жобасымен таныстыру. Бұл жұмыс кабинетіндегі хабарлар тақтасына қарастырылатын тараудың шағын мақсаттарының мазмұны, болжау жұмысының жүргізілетін уақыты анықталған технологиялық картасын іліп қою арқылы жүзеге асады.

Осы хабарлар арқылы оқушы өзінің алдағы жұмыс әрекеттерін жоспарлап, тексеру жұмысына алдын – ала дайындалып жүреді. Мұндай жұмыс оқушының оқу процесіндегі белсенділігін қалыптастырады және оқуға ынтасына оң әсер етеді.

2. Технологиялық карта арқылы оқушы берілген шағын мақсат бойынша түзетуден кейінгі бақылау жұмысы қашан болатынын біледі. Мұның әдеттегі әдістемеден айырмашылығы, оқушыға өз білімін алғашқы деңгейге қарағанда жоғары деңгейде тексеріп көруге мүмкіндік бере отырып, оның дайындық әрекетін жандандыра түсетіндігінде.

3. Мұғалім, технологиялық картада түзету бөлігі арқылы тақырыптағы кездесетін қиындықтарды жоюға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Түзету оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Түзету бөлігінде жазудың негізсіз болмауы және кеңестердің нақты болуы шарт. Мысалы, «Компьютердің арифметикалық негіздері» тарауындағы «Бөлім бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау» мақсатына оқушылар үшін жазылған « түзету» кеңестері:
  1. Ондық сандарды бір жүйеге келтіруде қате жіберілген.
  2. Екілік сандарға амалдар қолдануда қателер жіберген.

Бақылау жұмыстарын берілген кеңестерге қарай отырып орындаған оқушылар өз жұмыстарының қаншалықты дұрыс екенін бақылап отырады. Ал, олардың тақырып бойынша алған білімдерінің деңгейін бақылап отыру үшін технологиядағы әрбір шағын мақсатқа « болжау» материалдары дайындалған.

Технологиялық тәсіл негізінде жобалаудың келесі кезеңі, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын – сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау. Сабақтың ақпараттық картасы – технологиялық картадағы көрсетілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған. Сабақтың ақпараттық картасында оқу материалдарының толық мазмұны сабақтың мақсаты мен міндеттері мұғаліммен оқушы арасындағы қарым – қатынас нәтежесі, оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады. Сонымен қатар, сабақтың ақпараттық картасы – мұғалімге әістемелік құрал болып табылады және оның саны тақырыпқа берілген сағат санына байланысты болады.

Қорытынды

Білім берудің алғы шарттарының бірі –

  • оқушылардың ойлау,
  • есте сақтау
  • ғылым мен техниканың жетістіктерінпайдалану,
  • өз білімін бағалау,
  • өз бетімен білімін көтеру дағдыларын қалыптастыру болса, осы мақсатқа жетуде білім беуде – жаңа технология әдіс – тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай туғыза білу керек деп ойлаймын.

Қазіргі ақпараттық қоғамда информатика пәнін оқытуды дамыту, яғни информатика пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейге жеткізу жұмыстануды қажет етеді.

Міне, осындай жайларды айта келе, информатика пәнін оқытуда сабақты жаңа технология әдістерін қолдана отырып, тартымды өткізе білгенде, тиімді ұйыдастыра білгенде ғана осындай қиындықтарды жеңуге болады және оқушылардың білім сапасының артатыны сөзсіз екендігі айқындалды.


Қазақтың ұлттық ойындарының элементтерін пайдалану арқылы дене

шынықтыру пәнін жетілдіру


Оразбеков Нұрлан Сәлімұлы

Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі


Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолдауындағы «ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бөлімінде: «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиясы және ғылыми қамтылуы, өндірістер үшін кадрлер қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінде әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін, осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз.

Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Біздің әрбір Қазақстандықтардың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беруіміз керек.

Бәріде мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз» - делінген.

Ал, Елбасының «Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында» атты (16.03.2006 ж.) Жолдауында Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бағдары, Қазақстанның алдыңғы қатарлы, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылып, сол қатардан өзіне тиесілі, лайықты орын алса деген үлкен мақсат дейді Елбасы.

Әрине, Жолдаудағы айтылған ауқымды да, маңызды мәселелерді бүгін, ертең шеше қою оңай шаруа емес. Өйткені, еліміздің бірнеше ондаған жылдар бойына шикізаттың роль атқарып, қойнауы байлыққа толы болса да, сол қазынаны тиімді пайдаланып, халықтың игілігіне жарататындай мүмкіндігі болмай келгені, өз тізгінін, өзі алып жүрмегені баршаға аян.

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Қазақстан өндіруші елден, өңдеуші елге көшеміз деген мақсат-мүддені алға қойып келеді. Дей тұрсақ та, оны іс жүзіне асырудың қиындықтарын бір кісідей көріп келеміз. Оны іске асыратын білімді, білікті мамандар, экономист-реформаторлар мектеп қабырғасында отыр. Бүгінгі оқушылар – ертеңгі азаматтар. Олардың бұл жолда үмітпен қарағаны, ертеңгі күнге өз үлесін қосуға дайын болуы, ең алдымен денсаулығы мықты болуы, салауатты өмір салтының керектігі айтылады.

Қай жағдайда болмасын мақсатқа жетуге, денсаулықтың алар орны дара. «Денсаулық – зор байлық», яғни денсаулық мықты болса, оған жоғарыда айтылғандай білім мен біліктілікті қоссақ адам баласы алмайтын қамал болмайды. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, салауатты өмір – ең басты байлық.

1997 ж. 11.10. Елбасының 2030 Жолдауында: «Салауатты өмір салтын ынталандыру, әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып,

тазалық пен санатария шараларын сақтауымызға және тағы сол сияқты бағытталған, жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайға, ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз, азаматтарымыздың салауатты өмір салтын насаихаттау теріс әдістерден спортқа көшіру – тиімді жолдардың бірі болып табылады» - делінген.

Дене тәрибесі – мектептегі оқу-тәрибе ісінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады және оқу-тәрбие ісінің міндеттерін, атап айтқанда дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының көрсетілген міндеттерінің табысты түрде шешуге жәрдемдесуді алдына мақсат етіп қойды.

Дене тәрбиесі арқылы жүргізілетін жұмыстар мектептік оқу жоспары арқылы алынатын білім, білік, дағдыларын тереңдетуге, оқушылардың денсаулығы мен денесінің жан-жақты даму деңгейін өсіруге, спортпен жүйелі түрде айналасуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс.

Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін жұмыстар, елімізге деген сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастыруы тиіс. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстары – еліміздегі дене тәрбиесі қозғалысының бастапқы буыны және оның бір бөлігі болып табылады, онымен барлық жағынан өте тығыз байланыста болады.

Осының нәтижесінде дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін жұмыстардың мақсат-міндеттері Елбасының әдейі 2001 жылғы және Қазақстан Республикасының 1995 ж ылы 24.11. 1593 санды, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 5.05. 2261 санды «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың кезек күттірмейтін шаралары туралы» жарлығын жүзеге асыру туралы қаулысында көрсетілген, біздің елімізді спортты дамытудың және тұрғын халықты дене тәрбиесімен, спортпен үздіксіз айналысуға тартудың жалпы міндеттеріне туындап отыр, атап айтақнада:

1/ Елдегі дене тәрбиесі қозғалысына кең өріс ашу.

2/ Осы негізде спорттың негізгі түрлерін таяудағы жылдарда дүние жүзілік біріншіліктерде Қазақстан Республикасының спортшылары биіктен көрінуіне қол жеткізу, осы үкімет қаулысының нұсқауына сәйкес, және 2002 жылдың денсаулық жылы болуына оқушылар арасында, дене тәрбиесі мен спортты жаппай дамыту, мектептегі дене тәрбиесі мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде оқу-жаттығу жұмыстарының сапасы және түрлі әдістерде (ұлттық бағытындағы) т.б. жұмыстарды жақсарту.

3/ Дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстарының негізгі міндеттері болып табылады.

Осы міндеттер төңірегінде біздер, дене тәрибесінде барлық оқушыларды қатыстыра отырып, көшілік шараларды жүзеге асырамыз, яғни дене тәрибесі мерекелерінің, спорттық жарыстарда, ойындарды, серуендерді, саяхаттарды.

Президент сынамаларының нормативтерінің тапсыруды ұйымдастырып, дайындау жұмыстарын жүргізіп, ұстаздар мен ата-аналар арасында да үнемі насихаттауды жүзеге асырамыз.

Дене тәрбиесінің дамуы- спортты мойындау, яғни спорт – дене тәрбиесі жүйесіндегі негізгі құралдардың бірі болғандықтан, оқушылар онымен айналыса отырып, өзінің денесін жан-жақты жетілдіру ісін жалғастырады және жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге талаптанып, дене жаттығуларының кейбір түрлеріне маманданады.

Сонымен қатар оқушылар бойын тәртіпті, көпшіл болуға, мінез-құлық мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің өзге де белгілеріне тәрбиелейді, оқушылар бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын қалыптастырады.Олардың бойындағы патриоттық сезім, яғни өз халқын, ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға төзбеу, намысшыл, салт-дәстүрді қастерлеу оны білуге құштарлануы, өз достарына, ұстазына, мектебіне деген сүйіспеншілікке болуы, еңбекқор т.б. Қорыта айтқанда жан-жақты жетілген, білімді, білікті азамат болуға тәрбиелейді.

Н.Ә.Назарбаев өзінің «Өзек жарды ойлар» кітабында: «Ел болу үшін – ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек»-деген болатын. Осы сөздің аясында, мен де мектеп бағдарламасына сәйкестіре қосымша жұмыстар жүргіздім...

Бұл бағытта Елбасының 2001 ж. 12 наурызды N570 жарлығына сәйкес 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны негізге алып жұмыстандым.

Бұл бағдарламасының «Ұлттық, техникалық қолданбалы спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту» бөлімінде:

«Ұлттық спорт түрлері мен халық ойындары жеткіншек ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлері құралдары арқылы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің бай тәжірибесін пайдалану қажет. Бұл халықтық педагогиканың спрқылмайтын қазынасы және қазіргі заман жағдайына оның пәрменді күші бар, себебі онда халық арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты дамытудың және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті дайын қалыптарының негізі салынған, Олардың сауықтыру мүмкіндіктері мен қолданбалы сипатын аша отырып, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту Қазақстанда тұратын халықтар арасында мәдениеттердің де өзара керігу процесінде үлкен роль атқарады – делінген болатын.

Бұл тақырыптағы алғандағы менің мақсатым – қазіргі заманғ сай күшті,

жігерлі, төзімді, денсаулығы мықты оқушыларды тәрибелеп, әртүрлі

әдістерді пайдалана отырып, ұлттық танымдық қабілетін ашып, олардың теориялық, практикалық бөлімдерін жетілдурге, өз беттерімен шынығуға жағдай жасау.

- Оқушы қабілетін қалай арттыру керек?

Қазіргі дамып жатқан білім тамырына оқушылардың ой-өрісі, күш-қуаты сай болуы керек. Олардың танымдық қабілетін, теориялық білімін, пәнге қызығушылығын арттыруда мұғалімдер – біздер басты тұлғамыз. Олай болса, саналы, сапалы, денсаулығы мықты ұрпақты тәрбиелеу барысында мұғалім өз күнделікті сабағын әртүрлі әдіспен оқушының есінде қалатындай, қызығатындай етіп өткізу керек. Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушылар арасындағы қатынасы, әдістемелік шеберлігі – оқушының білімге деген ынтасын арттыру кепілі.

Қазақта ұлттық ойындардың түрлері көп, олардың қай-қайсы да адамдарға мәдени игіліктердің бірі ретінде аса құнды. Бұл күнде оны халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Адам баласының жасаған жеті кереметінің қатарына сегізінші етіп, осын ойындардың аталып жүруі де жайдан-жай емес. Ұлт ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып, жалғасып отырған және өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі десе болады. Ойын тек жас адамдардың дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, тағы да басқадай жағадайға тәрбиелеп қана қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп-өсуіне пайдасы зор.

Ойынды оқу-тәрбиесінде пайдалану, үлкен теориялық білімділікті, мұғалімнің жан-жақты шеберлігін, төзімділігін қажет етеді деп ойлаймын.

Егеменді Қазақстанның бүгінгі педагогикалық ақыл-ойындағы басты мәселелердің бірі оқу мен тәрбиені қоғамның мұқтажына және жағдайына байланысты жүзеге асыруға негізделген білімнің дамытушылық жағдайларды жүзеге асыруға 2030-шы жылға арналған стратегиялық бағдарламасын іске асыру қолдарынан келетін, жас ұрпақты өмірге әзірлеу, бүгінгі педагогикалық жүйесінің жалпы заңдылықтарына бағынады. Ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, толығып жетілуі арқылы өзінің жан-жақты тәрибелік қасиетін шыңдай түседі. Сондықтан ол тәрбие жүйесінің міндеттері мен түрлерін толықтырып қана қоймайды, оны жетілдіре түсуге өз үлесін қосады. Барынша әрекет жасайды.

Сондықтан тәрбиенің, оқытудың, білім беруді, дамытудың өзара байланысын жақсарта отырып, жастардың таным белсенділігін қалыптастыру бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның өзі:

1/ Оқу мен тәрбиенің мазмұнын қоғам мақсаттарын және қажеттілікті анықтайтын /бейнелейтін/ міндеттерге байланысты.

2/ Оқу мен тәрбиенің түрлері оларды ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты.

3/ Оқу мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады. Өткенге көз жіберсек, кеңес мектептерінде ойынды пайдалану мәселесі, оның тәрбие құралы екендігі туралы білімділік жүйесіндегі пікірлер айтылып, практикада қолданады.

Кеңес педагогикасының классигі А.С.Макаренко: «Ойын – баланың бүкіл өмірін қамту керек, балалар ұжымында жауапты іскер ойынлар үлкен орын алуы, олай болатыны, ойын – балалар ұжымынан аса маңызды орын алады»-деп жазылуы сондықтан болса керек.

Бала – ойын арқылы ойлап,қиялдайды. Ал біздің ұлттық ойындарымыз, адам қасиеттерін біржақты емес, жан-жақты дамытуға негізделген. Яғни, ойындар-

көңіл көтеру, ермек үшін емес, адам бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, ойланып-толғануға, сезімталдыққа, басқаның жағдайына шыға білуге, жеңіске жету, өзінің күш-қуатына деген сенімділікке, денесінің шынығуына, қиялдай, ойлай білуге т.б. қасиеттерді қалыптастыру, тәрибелеу мақсатында қолданылады.

Осы тақырып бағытында:

1/ Оқушыларды ұлттық ойынға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

2/ Ұлттық ойындарды қастерлеу.

3/ Ұлттық ойындар мазмұнын түсіндіріп, көзқарастарын толықтыру,дамыту.

4/ Күнделікті сабақтарда, эстафеталық сайыстарда, мерекелік шараларда ұлттық ойындарды пайдалану.

5/ Ұлттық ойындар элементтерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, пәнді жетілдіру сияқты өзіме мақсаттар мен міндеттер қойып, жұмыстандым.

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеден ауызекі туып, жалпақ жұртқа отырғанда, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге ұмыт болып кеткен.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. Қазақтың ұлттық ойындарына таң қалған неміс ғалымы А. Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай депті: «Мен қазақ ауылында болған кезімде өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын сауықтары естен кетпес кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек».

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдықты т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрсын-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді.

Қазақтың ұлттық ойындары өз тұрғысынан сан алуан түрлі болып келеді. Атап айтқанда: «Бәйге», «Білектесу», «Қазақша күрес», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Алтын қабақ ату», «Арқан тарту» т.б. тіршілікпен байланыстыратын мағыналы, мазмұнды ойындарға бай келеді. Соның кейбір ойын түрлеріне тоқталып өтсем:

«Арқан тарту»

Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен 5-6 ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Тақтайдың ортасынан арқан өтетін тесік болуы керек. Енді қарды жентектеп аққалаға ұқсайтын үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, арқанды өткізеді. Содан к ейін тақтайшаның екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай тақап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тіркелгеннен кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Содан кейін екі топқа бөлінеді де,

арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болып шығады. Жеңілген топ аққаланы қайта жасайды.

Бұл ойын күш-қуатын анықтауға, таза ауада демалуға, еңбек етуге үйретеді.

Керекті құралдар: арқан, ортасы тесілген екі тақтай.

«Теңге алу»

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді.

Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан 2-3 м. Жерден тереңдігі бір қарыстай 2 шұңқыр қазылады. Оған екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының бұйрығы бойынша шаба түседі де, шұңқырға жетіп, қол сұғып тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердік іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.

Бұл ойын жылдамдықты дамытады, тез әрі дәл әрекет етуге үйретеді.

Керекті құралдар: шыбықтар, тереңдеу ыдыс, тастар.

«Қазақша күрес»

Қазақ халқының ежелгі спорт ойыны. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері. /Самбо./

Мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлан күресу, салмақтық басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасына алып лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әрекеттердің бәрін де қолдануға болады. Қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды.

Күрес бір жақтық талассыз жығылуына және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Жасы, салмағына қарай бөлінеді. 5 мин. жауырынын тигізу шарт емес.

Керекті құралдар: мат, белбеу.

«Білектесу»

Әр үстелдің шетінде қарама-қарсы отырған екі оқушы оң қолдарын шынтағын үстелге тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастырып

мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойынды бастауыш команда берісімен, шынтақтасқан? Қарсы алдындағы плауанның тірелуі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл ойын білек күшінің жетілуіне көмектеседі.

Керекті құралдар: үстел және орындық.

Оқушылардың салт-дәстүрімізге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін ұлттық ойындарға, қызықтыру, түсіндіру, қастерлей білу мақсатында және оқушылардың жастарын, ерекшеліктерін ескере, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, ойындар күрделігіне қарай әр сыныптарда әртүрлі мақсатында, ойындар пайдаланады. Әсіресе 5-6-7 сыныптарының ұл-қыздары жоғары сыныптарға қарағанда қозғалғыш, икемдірек, қабылдағыш келеді. Сондықтан, ұлттық ойындарды көбірек өткізуді сұрайды. Әсіресе, бұл 1-7 сынып оқушыларына өте қатты әсер етеді. Өйткені олар бір-бірін қуалауды, итерісіп-тартысуды, алысып, жұлысуды, жүгіруді жақсы көреді. Ал біздің ұлттық ойындарымызды бұндай қозғалмалы ойындар көптеп саналады. Сонымен қатар мен ұлттық ойындарды оқу процесінің бөлімдеріне байланыстыра алдым. Мысалы: жеңіл атлетика бөліміне байланысты қазақтың ұлттық ойындары «Жаяу көкпар», «Теңге алу», «Бәйге», «Түйілген орамал», «Жырадағы қасқыр» т.б. ойындарды түрлендіріп аламын. Себебі бұл ойындар командалық және көпшілікпен ойнайтын ойын. Ойында алысып, жұлысып-итерісу, тез жүгіріп мәреге жету, ортаға алынған допты /терінің орнына/ ұстауға, сол үшін күресу, ептілікті танытып, белгілі бір орынға әкеліп тастау керек. Бұл ойындарды ойнатқанда

10-20 оқушыларды аламын. Әрбір ойындардың белгіленген оқушыларға қойылған талаптары, ережелері, тәртіптері де бар.

Сол тәртіп бойынша ойын қадағаланып, ойнатылып, уақытымен жүргізіліп отырылады. Ал «Бәйге» деп аталатын ойын кәдімгі жүгруден тұрады.

Қазіргі спорт және дене шынықтырудағы бағдарламаларды салыстырғанда кәдімгі марафон жүгірісі деуге болады. Өйткені марафонға да сансыз, есепсіз адам қатыса береді және ол да қашық жерлерге, шақырымдарға жүгіру болып табылады. Әрине, қазіргі марафонды қазақтың ұлттық ойындарымен салыстыру қиындау, дегенмен атамыз қазақ кезінде жаяу емес, ойындарды ат үстінде жүріп ойнаған ғой. Сондықтан, қазіргі жағдайда, заманда атпен емес, жаяу жарысып та, ойнаса да жеткілікті және оны денсаулықты нығайтуға деген үлесі зор. Ал, «Бәйге» ойыны былайша айтқанда ат шабыс, ол кәдімгі дене шынықтыру сабағында қолданып жүрген кросс жүгірісі. Кросс жүгірісі

де, бұл ойындардың қатарына жатады. Өйткені бұнда да, оқушылар өзара жарысады, орын алуға, бірінші келуге таласады. Бұл да оқушылардың шыдамдылықты, төзімділікті, ептілікті, намысқорлықты т.б. қазақта бар қасиеттерді көрсетуіне себеп болады. Бұны ойын ретінде де, сабақ ретінде де алуға болады. Өйткені, ол тек жүгіруден тұрады. «Қыз қуу» ойынын мен дене шынықтыру сабағында, әсіресе жеңіл атлетика тақырыптарында көбірек қолданып жүрмін, өйткені менің байқауымша, балалар бұл ойында өте жақсы көреді, тез көңілденіп, жігерленіп, қызығып ойнайды. Бұнда, ортаға немесе сөреге 1 ұл бала және 1 қыз баланы шығарамын. Ойын сөреден – мәреден тұрады. Берілген белгі бойынша сөреде жігіт (ұл бала) 5-6 м. қашықтан, 8-10 м.

адым жерде орналасқан қызды қуып жетіп, қыздың қасындағы лентаны (шүберек) шешіп алуы тиіс. Мәреге дейін жетіп алса, ер балалар тобына 1 ұпай түседі, егер жете алмаса, ойын тоқтамайды. Ендігі жерде қыз қолындағы қамшы есебінде ұстаған басы түйілген орамалмен ұл баланы мәреден сөреге дейін қуып жетіп, ұруы тиіс. Ер бала оған жеткізбей қашып құтылуы керек. Егерде қыз бала қуып жетіп ұрса, ол қыз балалар тобына 1 ұпай түседі. Бұл ойында жас ерекшелігіне, сыныбына қарай ойнатамын. Ойынның шырқын бұзатын, біріншіден, жүргізуші мұғалімнің ықпалы болуын керектігін ескеріп, мен ойын ережесін қатты талап етемін және жалқау, қырсық, нашар оқитын қабілетсіз оқушыларды ынталандырып, қызығушылығын арттыруға тырысамын. Сондай-ақ ашық алаңдарда, ауа-райына байланысты мерекелер т.б. шараларда қазақтың ұлттық ойындары ойнауға мән беріп, үнемі ойнатамын: арқан тарту, асық ату, мәлік тебу, ақсүйек, жаяу тартыс т.б. ойындар. Бұл ойындарды мен 1-2 тоқсанда пайдаланамын. Ал 3-4 тоқсанда «Волейбол», «Баскетбол», «Футбол» өтетін спорттық ойындар сабағында қолданылатын ұлттық ойындар өзгешелеу. Бұл тоқсандарда сабақта оқушылар қызығушылығын арттыратын ойындар, әсіресе, 3-тоқсанда көп болуы керек. Өйткені олар қыс мезгілі кезінде, еріншектеу, аз қозғалғыш, кей оқушылар ұйқышылдау болып келеді. Міне, сондықтан бұл жағымсыз қылықтардан арылу үшін, қызықты, көңілді ойындар аламын және ол спорт залында өтетінін де ескеремін. Бұнда 5-7 сынып оқушылары белсенді келеді де, ал 8-9 сыныптар өзгеріске түсіп, 1 бозбала, 1 бойжеткен болып қиыншылықтар кездеседі, киім /форма/ киюден де бас тартады.,

Екінші мен толғандыратыны - сабаққа келген оқушылар, дене шынықтыру сабағын «ойын» сабағы деп қабылдайды. Сондықтан оларға

ойындарды түрлендіріп отыруым керек. Сонда олар келесі сабаққа қызығушылықпен келеді.

Ұлттық ойындардың ішіндегі аударыспақ, теңге ілу, арқан тартыс, қыз қуу, көкпар ойындарын, бұл тоқсанда да кеңінен қолданамын. Арасында ұлттық ойындардың элементтері бар. «Көңілді старт» - эстафеталық ойындары да ойналып жүр. Мұны әсіресе, төменгі сынып оқушылары жақсы көреді:

- Айгөлек - Бұрыш

- Сақина жасыру - Бұғынай

- Арқан тартыс - Қара шие

- Белбеу тастау - Орамал тастау

- Қамалды қорғау - Соқыр теке

- Қармыза - Сиқырлы таяқ

т.б. көптеген ойындар ойналады.

3-тоқсанда сабақтың 60% дейін ойындар өткіземін, өйткені ойын оқушылардың денсаулығына да, яғни жүрек соғуы, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартып, өмірге көзқарастары жақсаруына зор ықпалы бар.

- Дене шынықтыру сабағынан тыс мезгілде өткізілетін ұлттық ойындар.

1. 30 қыркүйек – қала күнін атап өту үшін, көбінесе мектеп алаңында 3-5 түрінен ұлттық ойындардан жарыс өткіземін. Бұған 9,10,11 сыныптарының оқушылары қатысады. Онда: көкпар, аударыспақ, білек күші, арқан тарту сияқты үлкен күшті, мол энергияны талап ететін болғандықтан жоғары сынып оқушылары тартылады.

2. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған мерекеге – 10-11 сынып оқушыларына «Кросс-бәйге» жүгірісін, ұлдар үшін 200 м. қыздар үшін 100 м.

3. 8 наурыз – спорт залда аналар мейрамы сыныптар арасында аналарға арналған мерекелік шара өткізіп, оған ұлттық ойындарды, олардың элементтері бар ойындарды ойнатамын:

«Қыз қуу», «Мергендер», «Көңілді старт», «Соқыр теке», «Орамал тастау» сияқты ойындарды 5-9 сынып оқушыларымен ұйымдастырамын.

4. 22 наурыз - Қазақтың жаңа жыл мерекесі. Бұл мерекеде де сыныптар арасында жарыс өткіземіз. Мектеп алаңында – мергендер сайысы, қыз қуу, бәйге кросс, арқан тартыс, мәлік тебу, асық ату, мергендер сайысы, білек күші, көкпар ойындары ойналады. Бұл күнге 4-11 сыныптар қатыстырылады. Бүкіл ауыл болып қатысатын бұл мерекеге ұлттық ойындарымыздың әсері - үлкен де, кіші де үлкен қызығушылықпен мән береді.

Себебі атадан-балаға мұра болып келе жатқан ойындарды ойнау - әсерлі, қызықты.

5. 8-9 мамыр күндеріндегі жарыстарға 9-10-11 сынып оқушыларына - «Кросс-бәйге», «Көкпар», «Мергендер сайысы», «Арқан тарту» сияқты ойындарды аламын.

Бұдан басқа күзгі, қысқы, көктемгі оқушылар демалыс уақытында өтетін мектепішілік жарыс түрлеріне де ұлттық ойындарды, ауа райына қарай ойнаймыз. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына әдейі қоямын. Ал тоғызқұмалақ, «Бес тас» ойындарынан әдейі сайыс өткіземін.

Міне, осындай жұмыстарымның нәтиежесінде баяндманың алдыңғы және қортынды бөлімдерінде айтылғандай, оқушыларымды ұлттық санада және пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатына аздап та болса үлесімді қостым деп ойлаймын.

Ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, 8-сыныпта «Күрес», «Арқан тарту» тақырыбына қайталау сабағына өткіземін. Ал 6,7 сыныптарға «Қыз қуу», «Аңшылар» ойындары бойынша ашық сабақтар және бірнеше ұлттық ойындардан тұратын «Ал, қане, жігіттер», «Бәйге» атты ашық тәрбие сайыс сабағын 7,8 сыныптарда өткіздім. Бұл жұмыстарым жақсы нәтиже берді. Оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы, ұйымшылдығын, намысқойлығы, белсендігін т.б. қасиеттерін жетілдіруге нәтижелі жұмыс болады.

Ашық сабақ - сыныбы «6-б».

«Қыз қуу» ойыны бойынша.

Сабақтың тақырыбы: «Қыз қуу» қазақтың ұлттық ойыны.

Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы жылдамдықты, шапшаңдықты

қозғалыс үйлесімділігін жетілдіру.

Сабақтың әдісі: Ойын түрінде.

Көрнекті құралдар: Тығыздалған доп, шығыршық, ысқырық, түйілген

орамал, жалауша, волейбол добы.

Сабақтың жүрісі:

Дайындық бөлімі 10 минут.

1. Сапқа тұрғызу, рапорт беру, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

2. Сабақтың тақырыбын айту.

3. Саптық жаттығулар.

4. Жүріс кезіндегі жаттығулар.

а/ өкшемен жүру.

ә/ аяқтың ұшымен жүру.

б/ аяқтың қырымен жүру.

в/ спорттық жүріс.

ІІ. Негізгі бөлім. /25 мин./

а/ жеңіл жүріс.

ә/ жеңіл жүгіріп келіп, бір бұрыштан екінші бұрышқа дейін тез жүгіру.

/ 3 рет қайталау/.

б/ жай жүріс, терең дем алып, дем шығару, екі қатарға тұру.

2. «Қыз қуу» ойыны.

а/ Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы ұлттық ойындардың мазмұны мен мәнін түсіндіріп, ойын тәртібін айту.

Оқушылар санау арқылы 1-2 бөлініп бірі «Жігіттер» тобы, бірі «Қыздар» тобы болып бөлінеді. Сөреге әр топтан бір-бір оқушы шықырылады. Ойын сөреден және мәреден тұрады. Берілген белгі бойынша сөреде жігіт 5-6 адым жерде тұрған қызды қуып жетіп, қасындағы түйілген орамалды шешіп алуы тиіс.

Мәреге дейін жетіп алса ер балалар тобына 1 ұпай түседі. Егер жете алмаса ойын тоқталмайды. Ендігі жерде қыз қолындағы қамшы есебінде ұстаған басы түйілген орамалмен ұл баланы мәреден сөреге дейін қуып жетіп, ұруы тиіс. Ер бала оған жеткізбей қашып құтылуы керек. Егер де қыз бала қуып жетіп ұрса, қыз балалар тобына 1 ұпай түседі. Осылай ойын жалғаса береді.

5. Жеңіл жүріс:

а/ оң және сол жақ бүйірімен қолды айналдыру;

ә/ аяқты айқастыра /оң, сол/.

б/ тізені көтеріп жүру.

в/ аяқты артқа лақтыра жүгіру, жай жүріс, терең дем алып шығару, жай жүріс, бір орында адымдау.


6. Шеңбер бойындағы жалпы дамыту жаттығулары. /бірінші комплекс – 8 жаттығу/.

а/ мойынды айналдыру 1-4 /солға/

ә/ шынтақты айналдыру 1-2 ішіне 3-4 сыртына

б/ қол кеуденің тұсында 1-2 алдына, 3-4 жанына қолды ашу

в/ қол, белді айналдыру 1-4 солға, оң қол белде, сол қол жоғары.
  • 1-2 оң жаққа, 3-4 сол жаққа еңкейу.
  • қол тізеде 1-4 ішіне, 1-4 сыртына айналдыру.

  1. жоғары серпілу.
  2. еңкею.
  3. отыру.
  4. бастапқы қалып.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

10 минут тыныс алу.

1. «Қамалды қорғау» ойыны. Ойыншылар үлкен шеңбер жасап т ұрады, шеңбердің ортасында қамал, яғни жалауша қойылып бір ойынша сол қамалдың қорғаушысы болады. Шеңбер жасап тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды. Ал қорғаушы допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде-кім допты қамалға тигізсе, ол қорғаушымен орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

2. Оқушыларды сапқа тұрғызып, демді қалпына келтіру жаттығулары жасалады.

3. Ұлттық ойындар туралы сабақ тақырыбына сай сұрақтар қою арқылы қорытындылау.

4. Бағалау, үйге тапсырма.

ІІІ бөлім. Қорытынды.

Ұлттық ойындардың білімдік маңызы қозғалыс қасиеттерінің дамуымен бір мезгілде қозғалыс дағдыларының баянды етіліп, жетілдіруінде жатыр. Ойындарды күнделікті іс жүзінде пайдалану ұлттық ойындарда түрліше қозғалыстар бар екендігін, өсіп келе жатқан ағзаға жағымд әсер ететін барлық ет топтарының жұмысқа қосылатындығын көрсетеді.

Адамның өсіп-жетілуі үшін, тұрмыс – тіршілікте қажетті дағдыларды меңгеруде қимыл-қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық халықтық ойындарды қолдану арнайы үйрету міндеттерін шешуге көмектеседі.

Дене тәрбиесі пәнін оқытуда оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіріп, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ұлттық ойындарды қостым.

Оқушылардың ұлттық ойындағы қимыл-қозғалысы, ұйымшылдығы ынтасы жауапкершілігі, бір-біріне деген қамқорлығы, адамгершілігі, сыйластығы т.б. көптеген жақсы нәтиже беріп, жетістіктерге жеттім деп ойлаймын.

Бірінші жетістігім: Оқушылардың сапа көрсеткіштері жоғарлап, оқуға ынталары артты. Өткен оқу жылында 5-9 сыныптар бойынша 182 оқушының 163 оқушысы 4 пен 5-ке оқып 89% сапа көрсеткішін көрсетті. Ал биыл І ж.ж.

қорытындысы бойынша 176 оқушының 162 оқушысы 4 пен 5-ке оқып, 91,7%

көрсетті.

Екінші жетістігім: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, әрі ұлтымыздың ойындарын насихаттау бағытында жасаған жұмыстарым жақсы нәтиже берді деп ойлаймын.

Мен ұлттық ойындар элементтерін басқа пәндермен де байланыстырамын. Яғни, әріптермен, санмен, музыкалық қабілеттермен де жұмыс жасалынады. Сөйтіп, олар ұлттық ойындар арқылы да күштілікке, ептілікке, ақылдылыққа, инабаттылыққа, тапқырлыққа, яғни, жан-жақтылыққа т.б. халқымыздың бойындағы ұлттық қасиеттерді тани білуге үйренеді.

Үшінші жетістігім: Ауыл балаларын аз уақыт болса да футбол, волейбол ойындарына сауатты үйрету болады.

Өзіме бекітілген «Футбол», «Волейбол» үйірмелерінде 64 оқушы қатысады. Үйірме кезінде әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын, жүгіру кезіндегі жаттығуларды үнемі қолданамын. Сонымен қатар, теориялық сабақтарда өткіземін. Олардың тақырыбы: «Ұмытылған ұлттық ойындар», «Денім сау болсын десең», «Есірткіге елікпе, спортты ал сен серікте» тақырыптарда.

Бұл жұмыстардың нәтижесі өте жақсы болды. Оқушыларым аумақтық, қалалық, облыстық әртүрлі жарыстарда 1-2 орындар алып жүр. Ал жеңіл

атлетикадан оқушыларым қалалық жарыстан 1,2,3,4 орындар алса, Тұяққалиева Б. деген оқушым Республикалық «Президенттік миля» жарысында І орын алдым. Бірлестік жетекшісі ретінде: 2004-2005 оқу жылында бірлестік құрып, құжаттар, кабинет жасақтауым, бірнеше стенді, көрнекті құралдар жасалды. Бірлестік жоспарлы жұмыс жасайды. Әр ай сайын сәрсенбі күні «Әдістемелік күн» өткізіледі. Онда өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмасып, әдістемелік көмек беріледі, баяндамалар оқылады. 2004-2005, 2005-2006, 2006-2007 оқу жылдарында «Ойын» тақырыбына «Бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі бойынша «ойын» арқылы оқушылардың танымдық жетілуін және оқушылар қызығушылығын арттыру; /бұл баяндама мектепішілік озат-тәжірибе болып тартылды./

2005-2006 – «Оқушылар арасында Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану әдістемесі».

2005-2006 «5-7 сынып арасында «Жеңіл атлетикада қолданатын ұлттық ойындар». 2005-2006 о.ж. «Дене шынықтыру пәнінде сабақтан тыс мезгілінде өткізілетін ұлттық ойындар».

2006-2007 о.ж. /әдістемелік кеңесте/ шығармашылық есеп.

«Дене шынықтыру пәнінде Қазақтың Ұлттық ойындарының элементтерін қолдану арқылы оқушылардың ұлттық танымдылық жетілуі мен ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру тәжірибемнен» атты баяндамалар жасадым.

Қорыта айтқанда, менің көздегенім, дене тәрбиесі сабағында, қосымша үйірмелерде «Ұлттық ойындарға» өткізілген осы жұмыстарды, жас ұрпақтың денсаулығын қалыптастыру, денсаулығын өз бетімен түзету үшін, табиғи сауықтыру құралдарын пайдалану, мәдениетті, инабатты, салауатты адам даярлауды көздедім.

Жас ұрпаққа ұлттық білім мен тәлім-тәрбие беру – кәзіргі таңдағы басты міндеттердің бірі ғой. Міне осыған қосқан аз да болса еңбегім деп есептеймін.