Атырау облыстық білім беру департаменті Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт
Вид материала | Документы |
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2889.34kb.
- Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы, 130.56kb.
- Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 27-28 қазан 2011 жыл, 5466.7kb.
- Конкурс қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындауға, оларды ынталандыруға,, 35.26kb.
- Қазақ тарихы – ТҮркілердің далалық Өркениетінің ҚҰрамдас бөлігі, 64.75kb.
- Концепция воспитания в системе непрерывного образования республики казахстан, 1182.18kb.
- Ылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы, 651.63kb.
- Әож 574. 6: 556. 51(282. 255. 5) Қолжазба құқығында, 429.38kb.
- 1. Негізгі құзыреттілік туралы түсінік, 424.14kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау, 846.05kb.
Ою-өрнектердің тұрмыста қолданылуы
Ш.Елеуова
Қызылқоға ауданы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп
«Ұсталы ел озар, ұстасыз ел азар»-дегендей қазақ мектептері жаңару үстінде. Сондықтан, еңбек пәні мұғалімдеріне өз сабақтарында халық қолөнері негіздерін (үйрену) енгізу-қазіргі күн талабы. Сабақты тиімді ұйымдастыру және оқушыларды техникалық еңбекке баулу осы талапқа негізделген.
Мектеп қабырғасында тәрбиеленетін жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен, өнерімен, соның ішінде қолданбалы өнердің қыр-сырымен таныстырып, олардың еңбек сабағында икемділігі мен шеберлігін, өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру-мұғалімнің басты міндеті.
Оқушылардың қолөнер шығармаларымен таныстыру-олардың өз туған жеріне, халқына, табиғатқа деген сүіспеншілігін қалыптастырады, эстетикалық сезіміне әсер етіп, талғамын жетілдіреді, әсем дүниелер жасайтын зергердің немесе оюшының өзіндік қолтаңбасын, ғажап шеберлігін айыра білуіне көметеседі. Ою-өрнек жасау кезінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, икемділігін, шеберлігін қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Өзге халықтар сияқты қазақтың да оқушларға қолөнер шеберлігін үйретуде ерте заманнан бері жиып терген мол тәжірибелері бар. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі болып мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, насихаттап үйретіп келген. Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйретілетін мектептерде жүргізілетін еңбек пәні. Олай болса, «Ата көрген ақ жонар, ана көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын орнымен пайдалану бүгінгі күнде ерекше маңызды.
Ұлттық қолөнердің негізіне сәндік қолтаңбалы өнер туындылары жатады, яғни үй жиһаздары, ыдыс-аяқ, тұрмыстық және зергерлік бұйымдар т.б.
Мақсаты: Жасөспірімдердің ұлт өнері мен мәдениетіне деген сүіспеншіліктерін арттыру, қолданалы өнер жайындағы бастапқы түсініктерін қалыптастырып, еңбек сабақтарында әр түрлі шағын бұйымдар жасай білуіне, үйренгендерін тұрмыста пайдалануына бағыт беру.
1.Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеттілігі мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігімен талап етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы-бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбие, мол тәжірибе негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеу қажеттілігін тудырады.
ТМД елдері бойынша ою-өрнектің шығу тегі, дамуы, семантикасы, жасалу техникасы, құрылысы, классификациясы, қолданылуы жөніндегі деректер, зеттеулер қалықтың тарихы, этнографиясы, фольклоры, қолөнері тұрғысынан жарық көрген біраз еңбертер қарастырылған. Қазақ халқының ою-өрнек өнерлерінің шығу тегі ежелгі тас дәуіріне келеді.
Соңғы полеолит дәуірінің ерекшеліктерінен жануарлардың толық бейнесінің қатарында алғаш рет онша айқын емес, бірақ символдық мағынасы бар біздің заманымызға дейінгі адамның ойлануын көрсете алатын әр түрлі белгілерді байқауға болады.
Неолит дәуірінде үңгір тұрғындары керамикалықыдыстарды қолмен жапсырып жасау әдісін игерген. Көбінесе ыдыстардың жоғарғы жартысына тікті қалыппен сызықшалар, ойықтар, мүсіндер түріндегі өрнектер салынған.
Қола дәуірінде Қазақстан территориясында тұрған тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұымдар жасауда құю, қақиау, қысып өрнектеу, жону, тегістепжылтырату техникасын жақсы меңгерді. Заттарға өрнек сала білді.
Міне, сол кезеңдегі бұйымдарда бейнеленген белгілі таңбалардың XVII-XIX ғасырлардағы қазақ халқының қолөнеріне кездесетін ою-өрнектерге өте ұқсас екендігі Ә.Марғұланның, Қ.Ақышевтің, М.Мұқановтың, Қ.Ибраеваның т.б. ғалымдардың еңбектерінде дәлелденген.
Саңғырау қорымынан қазып алынған қыш ыдыстарда бейнеленген крест бейнесі, дөңгелектер қазақтардың киіздеріне салынатын өрнектерді еске түсіреді.
Қарқаралы алқабының Шортандыбұлақ қонысынан табылған айшық, түймелер, жылқының сүйегінен ойып жасалған ромб, үшбұрыш тәрізді өрнектер қазақ халқының кейінгі дамыған қолөнер туындыларында жиі қолданылады.
«Қошқар мүйіз»-қазақ халқының ең байырға оюларының бірі, қазірде қолөнер туындыларының барлық түріне салынады.
Осы оюдың андронов мәдениеті ескерткіштерінде бейнеленгендігі жөнінде Қ.Ақышев: «Қазіргі қазақтар мен андыроновтық тайпалар арасын 3000 жылдан астам уақыт шымылдығы бөліп тұр»-дейді.
Орталық Қазақстанның үлкенді-кішілі Нұра, Талды, Шерубай өзендерінің жағалауларынан андыроновтық тапалардың мекен-тұрақтары табылған. Табылған заттар қыш-құмыраларда андроновтық «қошқар мүйіз» өрнегімен ыдыс-аяқ бетін әшекейлесе, қазақтар әр түрлі бұйымдарды, үй жиһаздарын безендірген.
Парыздық қорғанынан табылған, біздің заманымздан бұрынғы 2 мың жылдықта жасалынған кілемдер, түскиіздер, құмыралар, әшекей заттарға ою-өрнектер үлгілері андронов мәдениетінде қалыптасқан.
Бұдан әрі ою-өрнек қазақтардың арғы тегі болып саналатын сақ, ғұн, үйсін тайпаларының өнерінде дами түсті. Бұған есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам», көне дәуірдегі Жетісу сақтарының өмірі мен тұрмысын танытатын, сақ жұрты көсемінің киімдері мен сән-салтанат бұйымдарына бейнеленген нақыштар дәлел.
VІ ғасырда Жайық-Еділ далалары тұрғындарының қолөнерінде «аңдық стилі» дамыды.
Қазақтанның шөлді және далалық аудандарының жергілікті хайуанаттар дүниесін көрсетеді (айыр, өркешті түйе, киік, жылқы, текелер).
Түрік қағанаты дәуірінде де тас өңдеу мен сүйек ұқсату өнерінің өркендеуіне сай сүйек пен металдан жасалатын бұйымдарды әсемдеу барысында негізінен геометриялық мотивтер қолданылды.
VІ ғасырдан бастап ғимараттарды ою-өонектермен әсемдеп бастағаКейіннен салынған Отырар, Сауран, Сығанақ, қалаларында қазақ ою-өрнегі өзінің қолтаңбасын айқын көретті.
Тараз моншасындағы «кереге» өрнек, Айша бибі күмбезінде геометриялық ырғақпен байи түсті. Ахмет Яссауи ескеркіштерінде де жергілікті халықтың ою-өрнегі басым қолданылған.
Ою-өрнек өнері VІІІ-ІХ ғасырда қазақ жерінде өмір сүрген қарлұқ, қимақ, қыпшақ тайпаларының қолөнерінде жалғасын тапқаны Ә.Марғұланның еңбегінен мәлім. Қазақтың ою-өрнегі ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ұлттық дәстүрде өркендеді. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда көпдеген шеберханалар мен көркемдеу өнеркәсіптері ашылуына байланысты ою-өрнек жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болды.
Тарихи деректер арқылы ұлттық ою-өрнек өнерінің қалыптасып, дамып отыруына бірнеше факторлар әсер ететінін байқаймыз.
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, соның ішінде: мал, егін шаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі, сауда-саттық.
- Табиғат, соның ішінде: дала табиғаты, табиғат сыры, жәндіктер мен аң құстар т.б.
- Халықтың рухани өмірі: Ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдер. Осы факторлардың әсерімен қазақ ұлттық ою-өрнектерінің өзіндік мазмұндық ерекшеліктері қалыптасты.
- Мағыналық ерекшеліктері.
- Бояу түстеріне байланысты ерекшеліктері.
- Құрылымдық жүйесінің ерекшеліктері.
- Басқа, халықтардың өрнектерімен байланыстыерекшеліктері.
Ұқсастығы: ою-өрнек формасы, тоқылуы, қолданылуы, атауының бірдей болып келуі.
Тұмар ою-қарақарпақ, өзбек, түрікмен, тәжік, ою-өрнегінде кездеседі. Қарақалпақ тілінде «тұмар», «тәжік, түрік, өзбек тілінде», «тұмар» деп аталады. Бүгінгі таңда қазақ ұлттық ою-өрнектері бойынша бірнеше классификациялар бар. Олар мотивтеріне қарай, балалардың қабылдау әсеріне орай топтастырылған.
Тәрбиелік мүмкіндіктері: Ою-өрнекті үйрену негізінде балалардың ісмерлігі, артады, эстетикалық талғамы жоғарылайды.
Дайындалған түрлерден өрнек түсіруді көру, үйрену негізінде талғамы дараланады, өрнектердің мазмұны, мағынасымен таныса отырып, ақыл-ойы өседі, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі артып, қолөнер мұраларын бағалай білетін дәрежеге жетеді.
Ою-өрнек өнерінің тәрбиелік тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ол ұрпақ тәрбиесне кешенді түрде әсер етеді.
2. Ою-өрнектердің орналасу үйлесімділігі. Халық тұтатын бұйымдар мен мүліктерге нақыштап оюлар салып, өрнектеудің көнеден қалыптасқан заңдылықтары бар. Ою-өрнектердің қолданылуы, оның орналасу реті белгілі орныққан тәртіпке бағынады.
Қандай өрнекті пайдалану, біріншіден өңделетін шикізатқа, сонымен бірге жасалатын бұйымның пішіні мен көлеміне қарасты болады. Мысалы: текеметте қолданылатын ою-өрнектін пішіні жазық. Бояу түсті қарапайым, монохромды, сырқы жазықтары көрнекілеу. Алаша бау-басқұрларда өрнек жолақ бойымен өтеді.
Темірге күміспен жалатылған өрнектің композициясы жинақы. Күміс түсі, көбіне темірмен контрасты шешімді.
Көп жағдайда зеттеушілер ою-өрнектерді формасына ғана байланысты ажыратып, оларды бірнеше топқа бөледі: жануарлардың жеке мүшелерімен олардың басқан іздеріне ұқсастырылған өрнектер («арқар мүйіз», «түйе табан», «ит құйрық» т.т.) ою-өрнектердің екінші тобы, көне өрнектердің бірі-геометриялық өрнектер (полеолит кезеңінен жеткен құмыралар мысал бола алады, кейіннен саптыаяқтар, ожауларды нақыштап оюлаған) оның жиі кездесетін бір саласы өсімдік тәріздес ою-өрнектер.
Осы жерде бірнеше сұрақтар туады.
Біріншіден, ою-өрнек біздің эмоциямызға қалай әсер етеді? Екіншіден адамның одан алатын эстетикалық ләззаты немен байланысты?
Сыртқы әдемілігіне ғана ма? Оның эстетикалық және көркем құндылығы неде? Бұл айтылғандарға жауап беру үшін ою-өрнектің жалпы композициялық орналасу тәртібін, оның қандай элементтерден тұратынын, осы элементтер атқаратын міндеттерді ұғуымыз керек.
Жалпы қазақ халқының оюлары Орта Азия өрнектерімен салыстырғанда композиция қарапайымдылығымен, бояу түсінің ұстамдылығымен, формалар монументальдығымен ерекшеленеді. Ою-өрнек арқылы халық шеберлері өз ойларын, көңіл-күйін жеткізіп отырған.
Жаңа ғана атап өткен элементтер ою-өрнектің көркем тілін құрайды. Оның көркем тілі бейнелеу өнеріндегідей бояу түсіне, олардың үндестігіне, сызықтар ырғағына, жарық қатынасына байланысты.
Сол секілді ою-өрнектің басты элементтерінің бірі-бояу түсінің де орналасу реті бар. Бояу үстері ырғақты үндестігімен әуенді үйлесіміне байланысты бейнелеу өнеріне жақындайды деп айтуымызға болады. Әр бояу түсінің атқарар міндеті бар. Одан шындықтың шартты бейнелері көрінеді. Ол өмір символы. Осы бояу түстерінің үйлесімді шешімдерінен көшпелілердің өмір туралы түсінігі, әлеуметтік және ұлттық ерекшеліктері, олардың қуаныштары мен күйініштері көрінеді. Ою-өрнектерге салынған бояу түсті жарықты жойып жібереді. Жарық қатынасын салыстырмалы ғана ұғамыз. Композицияда бояу түсі жарықты алмастырғандықтан, онда кеңістік те байқалмайды. Осыған байланысты кеңістік мәнділігі де жойылады. Халық шеберлері ырғақты сызықтар, үйлесімді бояу түсі, айқын формалар арқылы ешқандай перспектива мен жарық қатынастарынсыз-ақ кө қуантарлықтай тамаша өнер шығармаларын тудырған. Осыған орай ою-өрнектердің көркем шешімі оны прозаға қарағанда поэзияға жақындатады дейміз. Ою-өрнектердің бояу түсі шын дүниенің объективті көшірмесі емес, оның шартты ұғымын ғана білдіреді. Ой астарлы жеткізіледі.
Қай жағдай да ою-өрнектегі тұтастық сақталып отырған. Композициядағы тепе-теңдікті, тұтастық пен жинақылықты, қайта өрлеу дәуіріндегі классикалық шығармалармен салыстыруға болады.
3.Жаңа технологиялық бағытта технология сабағында ою-өрнектерді қолдану, жасалу жолдарын, ою-өрнектерді құрастыруда білімін жетілдіру.
Дәстүріміздің қайта жаңғырған кезеңінде еңбекке баулумен қатар оқушыларға халқымыздың еңбекке баулумен қатар оқушыларға халқымыздың қолөнерін технология сабақтарында дәріптеу мұғалмдер қауымының басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыруда сабақтарда оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыру үшін анықталатын міндеттерге басты назар аудару қажет. Технология сабақтарындағы мұғалімнің басты міндеттері: мәлімет беру, үйрету және тәрбиелеу.
Мәлімет беру-бұл білімділік міндет, яғни өтілетін нақты бір тақырып бойынша қызықты мәліметтер беру, оқушыларды қызықтыру.
Үйрету-бұл дамытушылық міндет, естіген мәліметтерін іс жүзінде қолмен ұстап, байқап, жасап көру, белгілі бір нәтижеге жету.
Тәрбиелеу-бұл міндет оқушыларды әсемдікке, өнерді бағалауға, ұқыпты болға т.с.с. жақсы іс-әрекеттерге үйрету, баулу.
Сондықтанда сабақты бірқалыпты өткізбей, қызықты да мәнді ететін, сабақтың дәстүрден тыс түрлерін таңдау. 7 сыныптағы «Қолөнер» бөлімі бойынша өткізілген сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Сырмақ шерткен сыр»
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың қолөнерін дәріптеу.
Міндеттер:
- Оқушылардың қолөнер тақырыбы бойынша алған мәліметтерін жинақтау, пысықтау, қауіпсіздік ережесін қайталау.
- Қолөнер тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру.
- Салт-дәстүрді құрметтеуге, әсемдікке эстетикалық талғамдарының жоғары болуына тәрбиелеу
Еңбекті сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Дайын жасалған сырмақ, буклеттер.
Түрі: театрланған жарыс-сайыс сабағы.
Пәнаралық байланыс: сурет.
Сабақтың кіріспе бөліміндегі оқушыларды екі топқа бөліп, топ аттарын анықтадым.
І топ- «Шебер»
ІІ топ- «Іскерлер»
Сабақ жарыс түрінде өтіп, ол 6 кезеңнен тұрады.
І кезең. Қазақтың ою-өрнектерінен жалпы түсініктерін байқау.
ІІ кезең. Оқушылардың ою-өрнек тақырыбына жеке ізденіс жұмыстарын тыңдау.
ІІІ кезең. Сырмақ туралы түсінік беру.
ІV кезең. Театрланған көрініс.
V кезең. Нақыл сөздер, мақал-мәтел сайысы.
VІ кезең. Пікірталас (қорытынды кезең)
І кезең бойынша топтарға қойылатын сұрақтар.
- Ою-өрнектер күнделікті тұрмыста қандай бұйымдарда кездеседі.
- Қолөнерінің түрлері қандай?
Осы сұрақтарға 2 топ даярланып, өткен материалдарды пайдаланып, жауап береді.
ІІ кезеңде. Оқушылардың ою-өрнек тақырыбына жеке ізденіс жұмыстарын тыңдау.
- Ою-өрнектердің тұрмыста қолданылуы.
- Сөзжұмбақтар
- буклеттер
ІІІ кезеңде. Сырмақ туралы түсінік беру
Сырмақ (сыру деген сөзден шыққан)
Сырмақ ою бастырып немесе екі киізді ойыстырып немесе жиекпен өрнектеліп сырған төсеніш үй жиһазын айтады. Оны жасаудың өзіндік ерекше салты бар. Сырмақты екі түрлі киізден ойыстырыпта, сондай-ақ ақ киіздің бетіне қызыл, сары, қара, көк маталардан ою бастырып та тігеді. Сырмақ суықты өткізбей жылу беріп жерге жылулық әрі сәндік ретінде төселінген.
Сырмақ жасаудың негізгі шикі заты-жүн. Яғни киізді мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқымыздан малдан алып пайдаланылған. Сырмақтың ақ, қара киіздерден бөлек-бөлек дайындалады, сондай-ақ олар жұқа, әрі тығыз басылуы керек. Сырмақ киізді көбінесе күзем жүннен дайындайды. Киізді дайындап алған соң, бір-біріне беттестіріп шетін көкпен алады. Сонан соң дайындап қойған ою-өрнектің суретін қара киіздің бетіне бормен сызып аламыз. Осыдан кеін кизге салынған із бойымен екі киізді өткір пышақпен ойып шығады да, ақ киіздің оюын қараға, қара киіздің оюын ақ киізге салып қиюластырып тігеді. Құрастырылған екі түрлі киіздің оюын сол қалпымен тұтас яғни астар киіздің үстіне салып, шеттерін айнала көктеп шығады. Оюдың құрастырылған жерін өңі ашық боялған қос жиекпен, түйенің шудасынан иірілген жіппен жиектейді. Шуда жіп мықты, әрі жиектің ортасына тез сіңеді. Сырмаққа «Қошқар мүйіз» оюы көп қолданылады.
Сырмақтың ең үлкені-көш сырмақ. Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің немесе арбаның үстіне жабуға арнайды, жалпы көпемі 3,5-4 метрдей. Екінші төсеніш сырмақ, жалпы көлемі 3-3,5 метрдей. Мұндай сырмақ кейде киіз үйдің төріне сай жарты дөңгелек болып та жасалад. Үшіншісі- оталды сырмағы. Көлемі 2,5-3 метр. Бұл сырақты сайлы қонақтар келгенде, жалпы төсеніштің үстінен көрпешенің астына жаяды. Төртынші түрі-төсек сырмақ деп аталады. Көлемі 2-2,5 метрдей.
ІV кезең «Әр оюдың тілі бар» айдарымен «Сырмақ шерткен сыр» аңыз-әңгіме бойынша театрланған көрініс көрсетіледі.
Аңыздың негізгі кейіпкерлері-Ою хан мен Жою хан.
Аңызды орындап болған соң, әр топ өз сырмақтарының үлгісін қағаздан қиып жасап көрсетеді.
V кезеңде оқушылар қазақ халқының қолөнері туралы, еңбек туралы мақал-мәтел, нақыл сөздерді айтып жарысады.
VІ кезеңде. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша пікір таластырып, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Әр топ ортақ қоржыннан асық алу арқылы сұрақтардың ретін анықтап, сол сұраққа жауап береді, ал қарсы топ сұрақты толықтырады, әрі сабақтағы білімдерін жинақтап қорытады.
- Ою-өрнек деген сөздің мағынасы қандай?
- Аспан әлеміне байланысты қандай оюларды білесіңдер?
- Таңбалық оюлардан қандай оюларды білесіңдер?
- Ою-өрнектің халық тұрмысымен қандай байланысы бар?
- Ою-өрнектің түстері нелерді білдіреді?
- Қазақ халқының ою-өрнектеріне тән белгілерді атаңыз.
Оқушылар бұл сұрақтарға жауап бергенде көрме материалдары мен альбомдары, буклет, ою-өрнек түрлерін қолдана алады.
Оқушылардың білімі мен еңбегін бағалауға ерекше назар бөлген жөн. Бұл бөлімде оқушы өз еңбегінің жемісін көреді. Сондықтан, бағалаудың қалыпты ауызекі айтылатын бағалау әдісінен ауытқып, бағалаудың басқа әдісін қолданған дұрыс. Сабақта олардың түрлері мен түстерін қолдандым. Яғни, қызыл түсті «қошқар мүйіз»-«5», көгілдір түсті «түйе табан»-«4», жасыл түсті «құс қанаты»-«3» бағасымен өлшенеді. Бұл оюлар сабақ барысында әр кезеңде таратылып беріледі. Сөйтіп оқушылардың сабаққа қатынасқандары бойынша ою түрлері мен санына қарай бағалап, сабақты қорытамын.
Тәрбиелік маңызы бар қолданбалы қолөнерімізді қайта жаңғыртуымыз керек. Технология сабағында халықтың ұмытылып бара жатқан ою-өрнектің қолданылуын, қолөнер түрлерін үйрету біздің негізгі міндетіміз.
Оқушылар мектеп қабырғасында жалпы қолөнерге бейімделіп, әр заттың жасалу технологиясын, ою-өрнек түрлерін қолдана білуді жетік игеріп меңгерсе, оны өмірінде бір қажетіне жаратары сөзсіз деп ойлаймын.
Бейіндік оқыту – оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы.
Қойбақов Серік Ерғабылұлы
Махамбет ауданы, Таңдай орта мектебі
Қазіргі жалпы орта білім беру жүйесі өтпелі кезең қасиеттерімен сипатталады. Себебі оның бойында бұрынғы жүйеге тән кемшіліктер мен сол кемшілікті жою бағытындағы жаңа бастамалар қатар кездеседі.
Бұрынғы орта білім жүйесінің негізгі сипатын үздіктерге, озық тәжірибелерге бағдарлану; эксперименттік бағдарламалардың енгізілуі, оқу-материалдық базаның нашарлауы және біртекті бағдарлама құраса, білім сапасының көрсеткіші ретінде мектептегі бірнеше таңдаулы мұғалім түрлі конкурстар жүлдегелері нәтижені ішкі бағалау болып келді. Өтпелі кезеңнің жалпы орта білім жүйесінің непгізгі ұстанымы барды сақтау оны жетілдіру. Серіктестерге бағдарлану барша үшін жоғары тиімділіктегі педагогика болып отыр. Сонымен қатар білім беру үрдісінде нәтижені іштей және сырттай бағалаудың қатар жүргізілуі, жергілікті оқу жоспарын құрастыру және бағалау жүйесінде жетілдіру бағытында ізденіс жұмыстарының қарқынды басталуы өтпелі кезеңнің орта білім жүйесінің сипатын толықтыра түседі. Жан заман талабына сай білім берудің негізгі мақсаты оқушыларда басты құзыреттіліктердің қалыптасуы, яғни балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін ұштау, өздігінен білім алу дағдысын, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру, олардың бойында тұтас дүниетанымды және қазіргі ғылыми дүниетанымды, этносаралық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттер жүктейді:
- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу процесі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- оқу – тәрбие субъектілері арасындағы пайдалы диалогтық “тең дәрежеде” жүргізуге негізделген ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру.
Республиканың терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жолына түсуі оқушыларды еңбекке даярлау жүйесіне жаңаша тұрғыдан келуді және олардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың тиімді нысандарын іздестіруді талап етеді. Соның бастыларының бірі – 12 жылдық білім беруге көшудің дайындық шаралары. 12 жылдық білім беру ол тек қазіргі 11 жылдыққа 1 жылды қоса салу емес, жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымдық және мазмұндық тұрғыда жаңғырып өзгеруі, қайта қалыптастырылуы. 12-жылдық оқыту мерзімін енгізудегі негізгі мақсатты анықтайтын факторлар бар. Олар:
- білім беру парадигмасының өзгеруі, (бұрын ең жақсы оқушы терең білімді, тәртіпті болса жарайтын болса, қазір бұл талаптарға қоғамдық белсенділік, әлеуметтік бейімделу, өз бетінше білім алу сияқты қасиеттер қосылып отыр)
- білім сапасын арттыру қажеттілігі, (оқу мазмұнын қайта қарау арқылы пән бағдарламаларына өзгеріс енгізу, нәтижелі білім беру тактикасын басшылыққа алу оқушылар білімін бағалау жүйесін жетілдіру)
- оқушылардың денсаулығын сақтау, (апталық жүктемені жеңілдету пән мазмұнын оқушының физиологиялық, психологиялық ерешеліктеріне сәйкестендіру т.б.)
- оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар. Бұл негізгі және жоғарғы мектепті бітірушілердің кәсіпті барынша саналы түрде таңдауына ықпал етеді.
12 жылдық жалпы білім беретін мектеп – бұл негізгі сатыда бейіналды оқыту (оқушыларды кәсіби бағдарлы оқуға дайындау мақсатында) және жоғарғы сатының 11,12-сыныптарында бейіндік оқытуды қамтамасыз ететін жалпы білім беретін орта мектептің тиімді моделі.
Жоғары сыныптарында оқушыларын бейіндік оқыту мәселесі жан-жақты дайындықты қажет етеді. Біріншіден, бұл материалдық – техникалық базаны бейіндік оқыту талаптарына сәйкестендіру; екіншіден, оқу-әдістемелік жабдықтау, үшіншіден педагог кадрларды арнайы даярлықтан өткізу, төртіншіден, оқушылар мен олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын өткізу. Жоғарыда келтірілген мәселелер бойынша дайындық жұмыстарын алдын-ала жүргізгенде ғана біз нақты нәтижелерге қол жеткізе алмақпыз.
Жоғары сыныпта бейінді таңдау үшін, оқушы ең әуелі өз қабілетін сынап, бағытын анықтап алуы керек. Яғни, оқушы негізгі буында өз бетінше кәсіби бағдарын анықтауы керек. Осы арада төмендегідей сұрақтар туындайды. Оқушының қызығушылығын, бейімділігі мен қабілетін ескеру үшін оқу үрдісі қалай ұйымдастырылуы керек? Қазіргі қолданылатын оқу үрдісінің қай бөліктерін дамытып, қайсысынан бас тарту керек? Бейіналды дайындықтың құрылымы неден тұруы керек? Бейіндік оқытуға көшу жағдайында оқу жоспарын қалай құру керек?
Бейіналды дайындықты ұйымдастыруда ең әуелі мектептің ресурстық мүмкіндігі зерделенуі керек, содан кейін базалық оқу жоспарын оқушыларды кәсіби бағдарлы оқыту мақсатында қолдану мүмкіндіктерін анықтау қажет.
12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасына сәйкес республика мектептерінде бейіналды оқытуды үш негізгі бағыт бойынша жүргізу жоспарланып отыр. Ол мектептің ұсынысы бойынша таңдау курстарын оқыту, ақпараттық жұмыс және кәсіби бағдарлау орталықтарының диагностикалық және кеңес беру қызметінен тұрады. Бейіналды оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың қабілеттері мен білім деңгейіне сай болашақ мамандығын таңдауына көмек беру, қолдау жасау. Қазір мектептерде оқытылып жүрген таңдау курстары негізінен бір ғана мақсатта оқушы шығармашылығын дамытуға немесе белгілі бір пәннің мазмұнын тереңдетуге ғана бағытталған. Ал бейіналды оқытуда берілетін таңдау курстары оқушы танымын, шығармашылығын дамытуды, белгілі бір кәсіп саласы туралы мағлұматтар берумен қатар нақты кәсіби дағдыларды игеру барысында оқушының өз таңдауының дұрыстығына немесе бұрыстығына көз жеткізуге көмектесетіндей болуы шарт. Осыған орай біз қолданыстағы таңдау курстарының мазмұнын, оқыту технологияларын толығымен қайта қарап, жаңа талаптарға сай қайта дайындауымыз қажет.
Бейіндік және бейіналды дайындық – бұл оқушыны өзінің кәсіби жолын саналы таңдауға дайындау жүйесінің ең басты бөлігі. Бейіндік оқыту 11 жылдық мектеп жағдайында негізінен гимназия, лицейлерде ғана жүргізіліп келді. Бұл мектептердегі оқу жоспарын шартты түрде басты үш бөлікке бөлуге болады.
1-бөлік – жалпы білім беретін базалық пәндер (мемлекеттік міндетті стандарт аясында оқытылатын пәндер жиынтығы);
2-бөлік – жалпы орта білім деңгейінде бағдарлы оқытылатын пәндер (белгілі бір бейін бойынша бағдарлы пәндер жиынтығы);
3-бөлік – таңдау принципі бойынша оқытылатын міндетті элективті курстар.
Бірінші екі бөліктің мазмұны мемлекеттік стандарт деңгейінде анықталады. Ал соңғы бөлік мазмұны оқушылардың таңдауына сәйкес мектептің ресурстық мүмкіндігі аясында шешіліп жүр. Соңғы жылдары оқушының өзіндік танымын дамыту мақсатында олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлуде. Бірақ бұл шараға барлық оқушы тартылмай, дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы аясында шектеліп отыр. Ал, 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасында оқушының жеке ізденушілік мәдениетін қалыптастыруға нақты орын берілуі көңіл қуантарлық жағдай. Яғни, 12 жылдық мектепте оқушының жеке ізденушілік және шығармашылық дамуын қамтитын оқу жоспарының төртінші бөлігі міндетті болады. Оқушының ізденушілік мәдениетінің ерте бастан қалыптасуы – оның өз бетінше білім алу нәтижелігінің кепілі болмақ.
Таңдау және даралау – оқушыға курстар тізбесін ұсыну арқылы оның өз қабілеті мен болашақ мамандығына сәйкес таңдау жасауына мүмкіндік туғызу.Оқу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлаудың тиімді жолы бейіндік оқыту. Себебі, бейіндік оқыту барысында басты мақсат оқушының қабілеті мен бейіміне сәйкес оның білімге сұранысын жан-жақты қанағаттандыру.
Бейінді оқыту және оқытудың жаңа үрдістерінің философиялық, педогогикалық негіздері.
Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық- педогогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог- ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, философиялық материализмнен руханилық, гуманистік ұстанымдарға бетбұрысжасау қажеттігін дәлелдеуде.
Қазақстандағы он екі жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологиядағы ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлерді, зерделеп адамға бағытталған әлеуметтік психологиялық танымды дамытудың маңызы зор. Отандық педагогика адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатына сүйене отырып негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани- адамгершілік қуатын қалыптастыруға бағытталғаны аса қажет. Сондықтан білім берудің жаңа ізгіліктік бағыттары, мазмұны мен міндеттері, әдіс- тәсілдері іздестіріліп, оқушының дүниені тұтастыққа қабылдауы арқылы өзіндік дамыту жолдарын зерделеу басты мәселердің бірі.
Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты- он екі жылдық оқытудың методологиялық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың оқушыға бағытталған мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болатыны сөзсіз. Онсыз мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани ғылыми шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатынын анықтап берді. Елімізде соңғы жылдары инновациялық процестер мәселесі зерттеле бастады.
Инновация теориясының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В. Зомберт, И. Метчерлих, Австралиялық И. Шуллепетер инновациялық процестің толық жазбасын И. Шуллепетер 1911 жылы экономика саласында комбинация ретінде қолданып болашақ қоғамның азаматы:
- дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелері;
- жаңа хабарларды өздігінен қабылдап, дереу шешім табуға қабілетті;
- кез- келген нақты жағдайда өз бетінше қабылдау керек, мәліметті меңгеруге міндетті
Оқыту мен білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылыми тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтеру тәжірибесі жинақталған. «Технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек бұдан 10-20 жыл бұрын отандық педагогикада технология ұғымы мүлдем қолданылған жоқ. Дәстүрлі педагогика өкілдері «технология» терминіне үрке қарады, себебі оған дейін «технология» деп белгілі бір объектінің өзгерісін айтатын еді, оқыту үрдісін технологияландыру туралы бұдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту технологиялық болуы қажет «дидактикалық машина» деп аталады. Оған:
Мақсат қою;
- Осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру;
- Бұл құралдардың қолдану ережелерін пайдалану маңызы болады;
Сөйтіп мақсат-құрал- оны қолдану ережесі- нәтиже модулі шығады.
Оқыту технологиясы оқу ақпараттарында көріну, өзгеру, өңдеу әдістері мен құралдарының жиынтығы болса, екінші жағынан оқыту барысында мұғалімнің оқушыға қажетті техникалық және ақпараттық құралдарын пайдалана отырып, әсер ету жолдары туралы ғылым.
Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология төрт шартты қанағаттандыруы керек:
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспроматтарды жоюы қажет;
б) оқушының оқу – танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие процесінің жобасына негізделуі керек;
в) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
Электронды оқулықтар – білім жүйесін ақпараттандыру негізі.
XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасырында география сабағы да ақпараттану керек. Қазіргі кезде Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталығы білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқуларды құрастыру технологиясы профессор Г.Нұрғалиеваның басқаруымен шығарылады. Электронды оқу автоматтандырылған оқу процесі. Электрондық оқулық дегеніміз кітаптағы материалдардың компьютерге енгізілуі. Электрондық оқулық оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасалып, бір- біріне байланысты төрт бөліктен тұрады.
- Электрондық оқулықтың мотивациялық- мақсаттық компоненті;
- Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті;
- Электронды оқулықтың операциялық компоненті;
- Электронды оқулықтың нәтижелік бақылау компоненті;
- Электронды оқулықтың мотивациялық – мақсаттық компоненті модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз- жергілікті жүйелікжәне функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады.
- Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін – терминдерден, ұғымдардан, әр түрлі кестелерден, график, диаграммалардан тұрады.
- Электрондық оқулықтың операциялық компоненті интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асады.
- Электрондық оқулықтың нәтижелік – бақылау компоненті тест алу жолдарымен жүргізіледі. Электронды оқулықта тестердің екі түрлі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында оқушы өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре алады. Ең соңында нәтижесі сапалық көрсеткіш арқылы көрсетіледі. Мысалы: 1 модульдің тест тапсырмалары барлығы “20” сұрақ, оның “17” дұрыс жауап, ал қалған “3” қате жауап болса. Сапа 86 пайыз болды. Осы арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды.
Электронды оқулықпен жұмыс жасау оқушының мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып, табылады. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.
Мұғалім үшін – электронды оқулық бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.
Электронды оқулық қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сай келетін оқулық. Электронды оқулық мектеп оқушыларының сыныптан тыс өз бетімен жұмыс істеуге толық, мүмкіндік туғызады. Оқулықтың модульдік жүйеге негізделіп құрылғаны, осы оқулықтың тиімділігін айқындай түседі.
Электронды оқулық дисплей экранында көрінетін жай ғана емес- ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір – бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады.
Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір баланың бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Модульдерге берілген алгоритм оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, білім алу кезіндегі белсенділігі арта бастайды. Электронды оқулықта пайдалану мұғалімнің де ғылыми - әдістемелік потенциялын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Болашақта бірыңғай ақпараттық кеңістікте тәрбиелеу керек.
Республикалық білім ақпараттандыру орталығы әзірлеген электронды оқулықтар бүгінгі күннің білім берудегі өзекті мәселелерін шешетін өнім болып табылады.
Электрондық оқулықтардың жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде пайдалану- алғашқы қадам, бірақ бұл білім жүйесін дамытудың көрнекті белесі, ол мұғалімнің қазіргі кездегі ролін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастыру оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен жас ерекшелігіне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу электронды оқулықтардың кәдімгі оқу құралдарынан, оның ішінде соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екеніне күмән жоқ.
География сабағында оқытудың жаңа үрдістерін қолдану.
Әлем елдерінің біразы бұдан бұрын игерген әдіс- тәсілдер мен озық технология бұл күнде әрбір мұғалімнің құралы болып отыр. Мұғалімдер съезінде елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа педагогикалық технологияның өзі жаңадан пайда болған дүние емес, оның негізі бұрын қалыптасып, бірақ көпшілігі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, зерттеліп, жинақталып жетілдірілді. Педагогикалық технологияның даму кезеңдері ағылшын тілді елдерде 60- жылдардан, Ресейде 90-жылдардан, Қазақстанда 1993 жылдардан басталады.
Педагогикалық технология сөзіне түсінік беретін болсақ «техно»-латын тілінен аударғанда «шеберлі, іскерлік әдіс деген мағынаны білдіріп, оқыту шеберлігі деген сөзге ие болады. Ресейде педагогикалық технологияны толық зерттеп енгізген академик В. П. Беспалько.
География\- өте қызықты, ерекше жан-жақты пән. Бұл пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияны қолдануға ерекше мән беріледі.
Осы орайда географияны оқытуда көбінесе қолданатын әдістерге тоқталайын.
1. Проблемалық оқу әдісі- негізін салушы Джон Дьюий 1894 жылы Чикаго университетінде енгізген. Бізде бұл әдісті «Махмудовтың проблемалық әдісі» деп атайды. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады.
Тақырып бойынша оқушыларға сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан келіп сабақтың соңында эвристикалық әдіс қолданылады, яғни оқушының өзіне ереже шығарту, сабақты қорыту.
2. Дьяченконың жұптап оқыту әдісі- баланы бір-біріне үйрету, бірінің білім деңгейін біріне бағалату, нұсқа бойынша тапсырмаларды беріп, келесі нұсқаның оқушыларына тексерту, яғни оқушыны өзара байланыстыру. Мысалы: 9-10 сыныптарда бұл әдісті көп қоодануға болады.В. П. Максаковский оқулығының «Өзіңді өзің және жолдасыңды тексеру блогы» деп аталатын тапсырмалар кезінде іске асыруға болады.
3.Границкаяның көп деңгейлі тапсырма беру әдісі- оқушының қабілетіне байланысты жалпылама да, жеке де жүргізуге болатын әдіс. Бұл әдісті Қазақстанда өңдеп зерттеуші Ж.А. Қараев әдісі деп аталады. Оның төрт деңгейлі әдіс бөлімі бар:
- Оқушылық деңгей;
- Алгоритмдік деңгей;
- Эвристикалық деңгей;
- Шығармашылық деңгей;
4.В. Ф. Шаталовтың тірек - сызба нұсқа және өзара байланысты үш деңгей әдісі – тірек белгілері арқылы оқушылар алған білімдерін жүйелі түрде кері айтып бере алады және сызба арқылы есту, көру, есте сақтау қабілеті дамиды. Тірек белгілері арқылы оқыту кезінде оқушының үлкен ми сыңарларының қызметін жетілдіреді. В.Ф.Шаталовтың тірек сызба нұсқасының үш деңгей әдісі бар.
- Сыныпта тақтаға салынған сызба-нұсқа арқылы сабақты түсіндіру
- Әдемі салынған сурет немесе плакатты көрсету арқылы түсіндіру
- Үйде оқушыға оқулық, дәптер және ата ананың көмегімен сызба-нұсқа сыздыру.
5.Оқытудың компьютерлік технологиясы- ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру. Оқушыны ақпараттық қоғамға даярлау. Меңгергенінше оқу материалын беру. Компьютермен жұмыс істеуге даңдыландыру. Оның негізін салушы Н.В. Апатова және В.П. Беспалько.
6.Ойын элементтері. Қазіргі педагогикада демократияландыру жүріп жатыр.Сабақ үстінде оқушының өзін еркін ұстауы, ойын еркін жеткізуі, өз бетімен ізденуі, қосымша материалды кеңінен пайдалануы көзделеді. Егер тақырыпқа мәнді ойын элемнттері жиі қолданылса, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады. Мысалы, әрбір тақырыптарда рөлдік ойындар, танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, ребустар, викториеалық сұрақтар қоюға болады. Үнемі ізденіп жағашылдықпен жұмыс істесе, жас ұрпақ озық ойлы, алдыңғы қатарлы жан- жақты сауатты азамат болады.
7.Жаратылыстану пәндеріне қосымша негізде айтылатын және соңғы жылдарда жеке курс болған экологияға байланысты туындаған үлкен әдістің бірі Л.В. Тарасовтың экологиялық оқыту әдісі. Экологиялық білім беру республикамызда соңғы жылдарда қарқынды жүзеге асырылуда. Оныншы сыныпта бейінді оқыту жағдайында Қазақстанның геоэкологиясы қолданбалы курсында Арал, Балқаш, Каспий теңізінің экологиясы, өзендер оларды қорғау туралы экологиялық терең және кең мағлұматтар беруге болады.
Оқытудың жаңа үрдістері мен электрондық оқулықтарды география сабақтарында пайдалану жолдары.
Электрондық оқулық автоматтандырылған оқыту жүйесі. География пәні бойынша электрондық оқулық модульдік оқу негізінде жасалған. Оныншы сыныптың географиясына арналған электрондық оқулықтың құрылымы:
- электрондық оқулықтың сыртқы беті;
- мазмұны. Оқулықтың толық мазмұны компьютерге енгізілген;.
- Оқулықтың толық мазмұны: а) кескін схема;
б) көрнекті материалдар;
в) кесте;
г) график;
д) түрлі суреттер;
4) қосымша мазмұны;
5) қосымша материалдар;
6) өзіндік білімді тексеру сұрақтары, тапсырмалар;
7) өзара бақылауға алынған сұрақтар мен тапсырмалар;
8) мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;
9) терминдік сөздіктер;
10) оқулықтың элементтерін басқаруға негізделген анықтамалық жүйе;
11)оқулықпен жұмысты басқару жүйесі;
Оныншы сыныпта өткізілген дүниежүзінің саяси картасы, тарихи – географиялық аймақтар тақырыбы бойынша тоқтала кетейін. Бұл сабақты жаңа технологиялардың бірі – блоктау технологиясы бойынша электрондық оқулықты пайдалана отырып өткіздім.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік мақсаты: Дүниежүзінің саяси картасының өзгеруі және дамуы туралы түсінік беру.
- Тәрбиелік мақсаты:Саяси, экономикалық тәрбие беру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды дүниежүзінің саяси картасымен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту.
№ | Сабақтың түрі мен мазмұны | Уақыты |
1. | 1. Дүние жүзінің саяси картасы. 2.Елдердің түрлері. Халықаралық ұйымдар. 3.Саяси география және геосаясат. Тарихи-географиялық аймақтар. | 45 минут |
2. | Тест арқылы, карта, сұрақ-жауап арқылы дүние жүзі саяси картасымен жұмыс. | 45 минут |
3. | Дүние жүзі саяси картасының өзгерулері, топпен жұмыс, жеке викторина сұрақтары. | 45 минут |
4. | Сарамандық жұмыс. | 45 минут |