Конкурс қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындауға, оларды ынталандыруға, кәсіби дамуға, қоғамдағы мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту мақсатында өткізіледі.
Вид материала | Конкурс |
СодержаниеI.Конкурстың мақсаты VI.Конкурсты қорытындылау Эссеге қойылатын талаптар |
- Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік білім беру мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, 270.54kb.
- Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы, 74.89kb.
- Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетiн, 1288.76kb.
- Тәсілімен өтететін төмендегі мемлекеттік сатып алуға заңды-құқықтық қабілеттілігін, 656.79kb.
- Нистрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық, 3053.35kb.
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 1584.64kb.
- Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми, 618.1kb.
- Флорида Мемлекеттік Университеты 1991 Профессор, Женева Университеты, Швеция 1993-1997, 33.73kb.
- Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы, 130.56kb.
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік, 677.48kb.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
«2011 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі»
атты облыстық конкурсының
ҚАҒИДАСЫ
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілерінің «2011 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты облыстық конкурсын (ары қарай- Конкурс) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының және «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы және Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың Шығыс Қазақстан өңірлік орталығы өткізеді.
I.Конкурстың мақсаты
Конкурс қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындауға, оларды ынталандыруға, кәсіби дамуға, қоғамдағы мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту мақсатында өткізіледі.
II. Үміткерлерді ұсыну тәртібі
2.1. Конкурсқа өткен жылдардың конкурсының жүлдегерлерін қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.
2.2. Облыс көлеміндегі барлық мемлекеттік органдар үміткерлерін конкурсқа қатысуға ұсынады.
III. Конкурс өткізу тәртібі
3.1. Конкурс екі кезеңмен өткізіледі – іріктеу және финалдық.
1-ші кезең – қатысушылар алдын ала берілген тақырыпта эссе дайындайды. Конкурстық комиссия ұсынылған басшылықтың нұсқаулығы, тәртіптік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама, резюмелер мен эсселерді сараптап, үздік жазылған эссе авторларын конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынады.
2-ші кезең. Финалдық тур.
1-ші күн: Тестілеу, «Өзін өзі таныстыру» конкурсы, секциялардағы жұмыс (тренинг, пікірсайысқа дайындық)
2-ші күн: пікірсайыс, конкурстың қорытындылары
1-ші кезең (сырттай, алдын ала дайындық)
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметші конкурсты ұйымдастыру комитетіне электрондық немесе қағаз түрінде төмендегі құжаттарын (ары қарай – материалдар) тапсырады :
- Резюме, 3*4 форматтағы фотосурет;
- Эссе
- басшылықтың нұсқаулығы, тәртіптік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама
Қазылар алқасы 12-15 үздік жұмыстарды таңдап алады.
II-ші кезең
1-ші кезеңнен өткен мемлекеттік қызметшілер екінші кезеңге қатысады:
- Өз өзімен таныстыру: өзі туралы әңгіме, өзінің жұмысы туралы, бір творчестволық номер (би билеу, өлең, тақпақ айту). Бағалау критерийлері: өзін өзі таныстыру мәдениеттілгі, қатысушының имиджі, үздік номер.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасу тарихы, туған жер тарихы, ҚР Конституцясының қалыптасуы және с.с. сұрақтар бойынша тестілеу өткізіледі;
- Топ бойынша секциялар жұмысы (пікірсайысқа дайындық).
- Пікірсайыс. Бағалау критерийлері: сөз мәнерінің маңыздылығы, сұрақ қалыптастыру, сұраққа қайтарылған жауаптардың маңыздылығы, сөйлеу, қарым –қатынас мәдениеті.
VI.Конкурсты қорытындылау
«2011 жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» номинациясын алған абсолютті жеңімпазға диплом және конкурстың бас жүлдесі тапсырылады, екінші және үшінші орындарға құрмет грамоталары және жүлделер тапсырылады.
Бірінші және екінші кезеңдердің жалпы рейтингілерінің нәтижелері бойынша қазылар алқасы ең жоғары балл жинаған 4 қатысушыны анықтайды:
-«Үздік эссе» номинациясы – 1адам;
-«Үздік өзін өзі таныстыру» номинациясы -1 адам;
-«Тестілеудің үздік нәтижесі» номинациясы- 1 адам.
-«Үздік пікірсайысшы» номинациясы - 1 адам.
Ескерту. Конкурсқа қатысушылардың қонақ үйде тұруы, тамақтануы өз есебінен.
қосымша
Эссе жазуға ұсынылған тақырыптар :
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы;
2. Қазақстан – ядросыз мемлекет;
3. Қазақстан халқының Ассамблеясы – бірден – бір құбылыс;
4. Қазақстан және дүниежүзілік қоғамдастық;
5. Конституция – Республиканың мемлекеттілігінің негізі.
ЭССЕГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Эссені қағаз және электрондық нұсқада тапсыру қажет.
Мәтіндік файлдар үшін А4 форматты қағазын, Times New Roman қаріпін, қаріп мөлшері -14, дара:төменгі-2см., сол жағы-3 см., оң жағы -1,5 см. Мәтінде қысқартулар жіберілмейді. Көлемі 5 беттен аспау керек.
Эссе пошта арқылы немесе қолма-қол 2011 жылдың 20-шы қазанынан кешіктірмей төмендегі мекен-жайға тапсырылу тиіс:
Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, 121 бөлме, E-mail: Oskemen@Kyzmet.kz
Анықтама телефоны : 26-58-67
Талаптарға сай емес дайындалған, сонымен қатар белгіленген мерзімнен кешігіп келген материалдар қаралмайды.
Конкурсқа ұсынылған материалдар қатысушыларға қайтарылмайды.