Нистрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы оқу- құралы Семей-2011

Вид материалаДокументы

Содержание


Сұлтанова Н.К.
Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер
Отандық және шетел тәжірбиелеріндегі музыкалық білімнің қалыптасуы мен даму тарихы
Бірінші кезең
Екінші кезең
1960жж.). Әдістемелік бағдарлама жұмысын жетілдіру (1960-2001 жж.).
Музыка бағдарламасы 5-6 сыныптар
Олардың құрамы
СӨЖ тапсырмалары
СӨЖ тапсырмалары
Қолданылған әдебиеттер
А) «Сегіз аяқ»
А) Қалқаман-Мамыр
Б) Толғау
Тесттің жауаптары
8- Тақырыбы: Қазақстан мектептеріндегі музыкалық білім (192
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Султанова Нургуль Камильевна


МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ


Оқу- құралы


Семей-2011


УДК 78. (075,8)

ББҚ 85.31Я72

С 89

Баспаға Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми және оқу-әдістемелік кеңестері ұсынған.

С89 Сұлтанова Н.К. Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәніне арналған. Оқу құралы. – Семей, 2011. – 160 бет.


Оқу құралының авторы:

Сұлтанова Н.К. – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының психология-педагогика факультетінің «Музыкалық білім» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы.


ISBN 9965-776-22-9


Бұл оқу құралында автор Нургуль Камильевна жоғары мектепте еңбек еткен бірнеше жылғы тәжірбиесіне сүйене отырып, музыка мұғалімдерін бүгінгі заман сұранысына сай даярлау бағытында ғылыми негізделген ой тұжырымдарын баяндайды. Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәнінің оқу құралы жалпы білім беретін орта мектептегі музыка мұғалімдеріне, музыка мектептері мен колледждердің және сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, жаңашылдыққа жол іздеуші барлық оқырмандарға, жалпы музыка сүйер қалың қауымға арналған.


УДК 78. (075,8)

ББҚ 85.31Я72


Рецензенттер:


Халитова И.Р. – Қазақ мемелекеттік қыздар педагогика университеті,

жалпы педагогика кафедрасының профессоры,

педагогика ғылымдарының докторы

Әбдікәрімов М.О. – Семей мемелкеттік педагогикалық институтының

психология-педагогика факультетінің деканы,

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


С

4905000000

00(05)-09


ISBN 9965-776-22-9

© Сұлтанова Н. К., 2010;

СМПИ, 2010.


АЛҒЫ СӨЗ


Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп нығайту және өркениетті елдер қауымдастығының ортасынан орын алу – ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуымыздың басты алғы шарттарының бірі екенін ұмытпағанымыз жөн. Рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударатынымыздың себебі де осы. Бұл процеске қоғамтанушы ғылымдармен қатар тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар сонымен қатар, педагогтар мен музыканттар да ат салысуда. Бәрінің мақсаты – тамыры тереңде жатқан ұлттық өзіндік философиялық ой-сананың ерте дәуірден күні бүгінге дейінгі тарихына ой жүгірту, оның дамуына өзіндік үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың «ақтаңдақтар» беті ашылып, рухани байлықтарымыздың өзіндік мәдениетімізге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысы қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықтың, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусын алады. Сол себептен өткен заман оқиғаларының баяндағанда, тек елдің саяси тарихын, маңдай алды саясаткерлердің қызметін әңгімелеумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениет тарихын әр салада жан-жақты тлық зерттеген дұрыс. Халқымызхдың ұлттық мәдени мұраларын ескермеу болашақ болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезімдеріне теріс ықпал етуде. Әсіресе, қоғамның қазіргі нарықтық қарым-қатынасқа көшу барысында туындаған дағдарыстар жас ұрпақтың жан-жақты жетілуіне көптеген қолайсыздықтар туғызуда. Ел басы Н.Ә.Назарбаев өзінің қоғамдағы бес дағдарысты атап өткен, ол: «экономикалық, саяси, ұлттық, экологиялық, имандылық дағдарыстары».

Демек, адам қасиеттерінің бойында да дағдарысқа лап келетіндігі атап көрсетілген. Жалпы осы дағдарыстың барлығында әсері ұрпақ тәрбиесінің өз ықпалын тигізбей қоймайды. Нәтижесінде болашақ иелері – жастар арасында рухани азғындаушылық, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалаумашылық кеңінен орын алуда. Ұлт тарихын ұлы тұлғаларсыз көзге елестету мүмкін емес. Себебі, ықылым заманан бері ықпалына реген халқын өрге сүйреп, өркениет жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке тұлғалар болған. Бүгін біз олардың бірінің іс-әрекетін құрметпен еске алсақ, екіншісіне өкінішпен бас шайқаймыз. Ал, әңгіме мәдение пен ғылым, өнер жайына ауысқанда жеке адамдарды ауызға алмау мүлде мүмкін емес. Кез келегн ғылыми еңбек, мәдениет пен өнер туындысы жеке адамның ғана көкірегінен қайнап шығып пайда болады. Қазіргі авторы белгісіз, халықтық болып аталып жүрген жарлар мен күйлерді, әндер мен аңыздарды да кезінде жеке адамдар шығарған. Тек кейін олардың есімдері хатқа түспей, уқыт атты ұлы дүрмекте ұмытылып, ел жадында шығармасы сақталса да, өздері қалмаған. Рас, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен бұл шығармалар жүре бара өңделсе өңделген болар, толықса толққан шығар, брақ о баста бір ғана хас шебердің қолынан шыққаны талассыз.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы тарихтың даму барысында философия, мәдениеттану, әлеуметтану, тарих, педагогика ғылымдарында ренессанс, демек, қайта өрлеу кезеңі деп суреттеледі. Қазіргі егемендік алып, Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дамуы да – қайта өрлеу кезеңі. Демек, ұлтымыздың, тіліміздің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің, ұлттық тарихымыздың қайта жаңғыру кезеңі. Біздің пайымдауымызша, қазақ халқыныі мәдениеті, тарихын ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тауып насихатталды.

ХҮ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Қазтуған, Мұхаммет Хайдар Дулати, Ж.Баласағұн, Шалкиіз, Досмамбет, Ақтамберді, Шалақын, Дулат Бабатайұлы т.б. ақын жыраулар мен ойшылдар шығармаларының ұрпағымызды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, әдепті, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты қазақ халқының салт-дәстүрі мен таризы, мәдениетімен бойға сіңіріп ұялатудың маңызы ерекше.

Осы тұрғыдан келгенде, жадына сеніп, жазу-сызуға салғырттау қараған елде Қорқыт атаның, Әбу Насыр Әл-Фарабидің, Махмұт Қашғаридың, Қожа Ахмет Иассауидың, Асан Қайғының, Бұқар жыраудың, Абайдың т.б. ұлы бабаларымыздың шығармаларының сол күйі сақталып, бүгінгі ұрпақтардың игілігіне айналып отырғанда мың мәрте шүкірлік айтқың келеді. Кең байтақ даламыздағы өркениет көшінің өн бойынан қадау-қадау шыңдар тәрізді уақыт өткен сайын бейнелері асқатай түскен осынау трихи тұлғалардың бірқітары шығармаларының дер кезінде хатқа түскені арқасында даусы-талассыз түркі мәдениетінің төл өкілдері аталып отырса, енді бірқатары ұлт пен ұлттық мәдениеттің өз кезегіндегі, тіпті кейінгі бүкіл даму барысында орасан зор ықпал жасағандықтан халық жадында мәңгі-бақи сақталған. Музыка - өнердің ұлттық тілге, мемелкеттік шекараға бағынбайтын жанры саналады. Алайда, барлық өнер туындылары тәрізді музыкалық шығармалар да ұлттық таным мен түсініктен бастау алып, туған хылқының мұңы мен арманын бейнелегенде ғана шынайлық сиаптқа ие болады. Сонымен Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы бағдарламасында отандық және шетелдік музыкалық білімінің қалыптасуы мен даму үрдісін оқып білуге, музыканы оқытудың теориялық білім негіздерін меңгеруге назар аударылған.


Пәннің мақсаттары мен міндеттері


Бұл пән Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы 050106 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша 2 кредит (90 сағат) жоғары оқу орының 2 – курс студенттерінің 4 семестріне, яғни, іштей және сырттай оқитындарға арналған.

Курстың мақсаты: студенттерге мектептегі музыка мұғалімнің күнделікті тәжірбиелік жұмысында кездесетін және өте қажет нақты да жүйелі музыка тарихынан, музыка-теориясынан білім белем беру, осы алған білімдерін музыкалық оқу-үрдісіне кеңінен дұрыс пайдалана білуге үйрету. Курстың міндеттері:
  • музыкалық білім мәселелерін педагогика тарихы тұрғысынан талдап, кәсіби бейімдеуде студенттердің тұлғалық құндылық қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
  • студенттердің іскерлігінің дамуына және олардың тарихи үрдістердің себеп-салдарын кәсіби тұрғыда ұғынуға көмектесу;
  • музыкалық-педагогикалық болмыстың музыкалық тарихи құбылыстарына тұтастық, жүйелік көзқарасты қалыптастыруда студентерді бейімдеу;
  • музыкалық-педагогикалық ғылым мен тәжірбиенің интеграциялық арнасында музыкалық білімнің тарихы мен теориясының білімді меңгеру бағытталған жүзеге асыру;
  • музыкалық білім тарихы мен теороиясының өзектілігін зерттеуде шығармашылық бағыттылыққа жағдай жасау.

Бағдарлама мазмұны мен құрылымында бірнеше принциптік көңіл аударлықтай жайлар кездеседі:
  • бүкіл дүниежүзілік педагогика тарихы үрдісінің дамуын талдау студенттерге отандық және шетел музыкалық білімдерінің өзара байланыстарын салыстыра отырып, байқауларына мүмкіндік туғызады;
  • музыкалық білім беру саласында тарихи-педагогикалық үрдісті қарап талдау – студенттердің алған музыкалық білімдері мен біліктіліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылылады және ауқымды да тереңірек беріледі;
  • музыкалық білім тарихын оқыту өте жақын профильді «музыкалық этнография», «қазақ музыкасының тарихы» сияқты пәндермен тығыз байланысты;
  • тарих-теория музыка пәндер циклынан дәріс алған студенттердің іскерліктері мен дағдыларына сүйене отырып, музыканы оқытудың теориялық негіздерін үйрену.

Курс консепциясының негіздері: - жалпы тарихи үрдіспен, әр кезеңнің ғылыми және мәдени оқиғалармен, өнердің басқа да түрлерінің дамуынмен музыкалық білімнің өзара байланысы. Болашақ педагог-музыканттың кәсіби шығармашылығының қалыптасуы.


Дәріс және тәжірбиелік сабақтардың мазмұны


КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР


1-Тақырыбы: Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәнінің мақсаты, міндеттері және мазмұны


Жоспары:
  1. Пәннің мазмұны
  2. Пәннің міндеттерінің түрлері
  3. Мақсаттарының ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «қазақстан республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарға айрықша көңіл бөлген. Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастырутыруға тікелей байланысты.

Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбие алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірбиені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.

Курстың мақсаты: студенттерге мектептегі музыка мұғалімнің күнделікті тәжірбиелік жұмысында кездесетін және өте қажет нақты да жүйелі музыка тарихынан, музыка-теориясынан білім белем беру, осы алған білімдерін музыкалық оқу-үрдісіне кеңінен дұрыс пайдалана білуге үйрету. Курстың міндеттері:
  • музыкалық білім мәселелерін педагогика тарихы тұрғысынан талдап, кәсіби бейімдеуде студенттердің тұлғалық құндылық қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
  • студенттердің іскерлігінің дамуына және олардың тарихи үрдістердің себеп-салдарын кәсіби тұрғыда ұғынуға көмектесу;
  • музыкалық-педагогикалық болмыстың музыкалық тарихи құбылыстарына тұтастық, жүйелік көзқарасты қалыптастыруда студентерді бейімдеу;
  • музыкалық-педагогикалық ғылым мен тәжірбиенің интеграциялық арнасында музыкалық білімнің тарихы мен теориясының білімді меңгеру бағытталған жүзеге асыру;
  • музыкалық білім тарихы мен теороиясының өзектілігін зерттеуде шығармашылық бағыттылыққа жағдай жасау.

Бағдарлама мазмұны мен құрылымында бірнеше принциптік көңіл аударлықтай жайлар кездеседі:
  • бүкіл дүниежүзілік педагогика тарихы үрдісінің дамуын талдау студенттерге отандық және шетел музыкалық білімдерінің өзара байланыстарын салыстыра отырып, байқауларына мүмкіндік туғызады;
  • музыкалық білім беру саласында тарихи-педагогикалық үрдісті қарап талдау – студенттердің алған музыкалық білімдері мен біліктіліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылылады және ауқымды да тереңірек беріледі;
  • музыкалық білім тарихын оқыту өте жақын профильді «музыкалық этнография», «қазақ музыкасының тарихы» сияқты пәндермен тығыз байланысты;
  • тарих-теория музыка пәндер циклынан дәріс алған студенттердің іскерліктері мен дағдыларына сүйене отырып, музыканы оқытудың теориялық негіздерін үйрену.

Музыкатану, музыкалық білім саласындағы әдебиеттерде Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнің өзінде қазақ даласында музыка өнеріне баулу, кәсіби шыңдау бойынша едәуір тәжірбие қалыптасқандағы мазмұндалған. Сазгерлікке, әншілікке, күйшілікке баулу отбасында, жастардың сауық-сайранында, мейрамдарда немес арнайы кәсіби білім беру мектептерінде жүзеге асырылып келген. Одан кейінгі кезеңдерде Қазақстандағы музыкалық білім берудің тарихы мен теориясының жұмысы бұрынғы Одақ көлемінде жүзеге асырылды. Осы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуына Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, И.Ф.Харламов, В.В.Воронов, О.А. Апраксина, Д.Н. Зарин, В.Н.Шацкая, Б.В.Асафьев, Д.Б.Кабалевский, Э.Б.Абдуллин, А.Н.Сохор т.б. ғалымдар да зор еңбек еткен.

Р.Р. Джердималиева болашақ музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығы проблемелерын қарастырумен қатар, жалпы білім беретін мектептегі музыка пәні оқу бағдарламасының жасалуына да үлес қосты. Р.Р. Джердималиева 1977 жылы академик Д.Б. Кабалевскийдің жетекшілігіндегі авторлық ұжымның «Музыка» пәні бағдарламасын Қазақстан мектептеріне ендіруге байланысты қазақ мектептеріне лайықтаған бағдарлама жасауға қатысты. Бағдарлама атсалысқан ғалымдар: А.Қ. Жұбанов, П.М.Момынов, М.Х.Балтабаев, А.А.Калыбекова, Ш.Б.Кульманова, Б.Ғизатов, Ж.Әбиев, С.Қалиев., Ж.Молдабеков., Б.Иманбекова т.б. айтуға болады. Осы кезеңдегі музыкалық-эстетикалық тәрбие жұмысы (1917-1980) профессор С.А Ұзақбаеваның зерттеу еңбегінде жан-жақты талдауға алынған. Зерттеушінің «Өміршең өнер өрісі», атты еңбегінде осы жылдардағы музыкалық тәлім-тәрбие берудің тарихы, ерекшіліктерді жан-жақты сипатталады. Автордың халық педагогикасы идеяларының дамуы мен қалыптасуына бергентарихи-педагогикалық сипаттамасы музыкалық педагогика проблемаларын зерделеуге қосқан аса маңызды үлесі болып табылады. Қазіргі таңдағы музыкалық білім беру мәселелерінің мақсаты, жалпы білім беретін мекеме бітірушісінің музыкалық мәдениетінің моделі, үлгісі, музыкалық білім беру принциптерінің философиялық, эстетикалық, музыкатану, көркемдік-психологшиялық, педагогикалық бағыты. Музыкалық білім мазмұны элементтерінің сипаттамасы.

Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:

  1. Сіз музыкадан сабақ беруді педагогикаға да, музыкаға да жатқызасыз ба?
  2. «Теория», «Тарих», «Музыкалық білім» ұғымдарын қалай түсінесіз?
  3. Пәннің қандай пәндермен байланысы бар?
  4. Пәннің міндеттерінің түрлері.
  5. Мақсаттарының ерекшеліктері.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жұбанов А.Қ. Музыка әліппесі. – Қызылорда, 1973.
  2. Момынов П.М. Становаление и развитие музыкального воспитания и образования младших школьников в Казахстане. Автореф. дис. канд. пед. наук. – Алма-Ата, 1978.
  3. Балтабаев М.Х. Казахская традиционная художественная культура в системе образования. – Алматы, 1994. Ұзақбаева С.А. Өміршең өнер өрісі. Алматы, 1982.
  4. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы// Қазақстан мұғалімі, 5 ақпан, 1993.



2- Тақырыбы: Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер. Өнер жүйесінде музыканың алатын орны. Қоғамдағы музыкалық өнердің атқаратын қызметі


Жоспары:
  1. Қоғамдағы музыканың алатын орны
  2. Олардың атқаратын қызметтері
  3. Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер


ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған 15 жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді. Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған Қазақстан оның бүкіл халқы экономикасы мен әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, ғылымы, білімі қоғамның жаңа даму белесінде. 20 жылдық тарихымызға көз жіберсек, қоғам мен экономиканың дамуы ашық сипатқа ие болды. Демократиялық бағыт кең өріс алып, адамға жан-жақты экономикалық, саяси, діни таңдау еркіндігі, құқығы, еркін ойлау, еркін сөйлеу құқығы жүзеге асырылды, десек те қабылданған қаулылар, ұсынылған әдістемелік немесе теориялық тағылымдық талаптар дәл қазіргі таңда, толыққанды қызмет көрсетіп отырған жоқ деп тұжырымдасақ қателелесе қоймаспыз. Өйткені қаншалықты мемлекттік ведомствалық деңгейлерде, теориялық жүзінде нақтылы ережелер тобы қабылдағанымен де іс жүзінде олар тек игілікті ынталандыру деңгейінде ғана қалып отыр. Оның себептері көп жағдайларда кейбір қалыптасып қалған ұйымдарға: экономиканың төмендеуі, өндірістің аздығы, жұмыссыздықтың қолданылып отырған мемлекеттік шараларға қарамастан өсе түсуі, жаңа әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықтың арта түсуі, осындай жалпыға ортақ әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани тоқыраушылықтарға байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайды күшейту ең алдымен еңбек пен тұрмыс, білім мен мәдениет, кәсіби өсумен қызмет бабында өсу, бос уақытты дұрыс пайдалану тағы басқа қоғамдық мәнді мүдделерді дамытып, неғұрлым толық қанағаттандыру керек.

«Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті эконмика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Президентіміздің жолдауында әлеуметтік қамту туралы: «Әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келеді және болып қала береді. 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы заң қабылдануы, енгізілуі тиіс».

«Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдық болып табылады» деп айрықша баға берді.

Әлеуметтік ұғым, психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады. «Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлерінде интеграциялау, одақтық қауымдастыру. Әлеуметтіндіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Әлеуметтіндіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерлі, өндіріс құралдарын қоғамдастырудан басталды. «Әлеуметтендіруді» адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддин (1887ж) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау деп түсіндірді. Әлеуметтендіру – тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. П.Наторп өз еңбегінде «Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан» деп түйеді.

Аристотельдің пікірінше этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесінің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму және өсу мүмкіндігі болады, ол даму тәрбие арқылы жүзеге асады – деген тоқтам айтты.

Демокрит әлеуметтік қайшылық адамдардың дөрекі мінезінен туады деп білді, сөйтіп, ол бүкіл пікірі арқылы мінез-құлықтың педагогика-психология негізін салды. Аристотель ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі Сократ «Саясаттануда» былай деп жазды: «Мейірбандылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік т.б. отбасы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдары сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді», - деп көрсетті. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенділік пен жасампаздыққа деп дұрыс түсінгендігін байқатады.

Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Әл-Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз заманындағы Шығыс елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті жағдайларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне кіріп, ұласып кетеді. Әл-Фарабидің: «бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады», - деген сөзі тап бүгін де өте мәнді. (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1972, Б: 5). Ал Баласағұн үлкен демократ ретінде танылды. Қоғамдық құрылымның парасаттылығын бостандық, тәуелсіздік анықтайды, әрбір адамның өз пікірін, еркін білдіретін мүмкіндігі болуы керек, осыдан келіп, бурықана сыртқа шыққан шығармашылық, яғни жеке адамның бостандығы шығады, - дейді.

Ұлы Абайдың да тәрбие мен еңбек тағлымдарының Ибн-Синамен сабақтас жерінің бар екенін аңғаруға болады. Мысалы, Абай Құнанбаев өмір сүрген тұста қазақ елінің өндіргіш күштері тым мешеу еді. Қазақтың ол кездегі кәсібі мал бағу ғана болды. Сол кезде малы аз кедей мен малы жоқ жалшыда көп болатын. Олардың бәріне бірдей еңбек кәсібі жетіспейтін. Бұлардың жалақысы тапқан тағамынан артылмайтын. Бұлардың өте ауыр халін Абай Құнанбаев «қараша желтоқсан мен сол бір екі ай» - деп басталатын өлеңінде реалистік тұрғыда сипаттайды. Ауылда атқаратын еңбек жоқ жалшыларға Абай құнанбаев «жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, малың болса сыйламай тұра алмас ел» - деп ақыл берді. Абай Құнанбаевтың еңбектің маңызы мен мәнін көрсетуде әл-Фараби кейінгі ғұлама ғалым Ибн-Синада жалшылық пен кедейлік Орта Азия мекендейтін барлық мұсылман еліне тән құбылыс деп одан құтылудың бірден – бір жолы еңбек етуде деп білді. Еңбек пен әділеттіліктің жалынды жаршысы болған Ибн Сина өз заманында осындай батыл да, дұрыс пікірлер айтқан. Тіпті ол әділетсіз үкіметке қарсы халық өкіметінің болуын қажет және заңды деп тапқан. Орта ғасырдың ұлы ғалымы табиғат пен қоғам құбылыстарының өз замандастарына белгісіз көптеген құпияларын ашты, адамның ақыл ойы фанатизм мен жоққа сенушіліктен құтқаруға тырысты, табиғатты танып оны адамзатқа қызмет еттіруге ұмтылды.

Низами Гәнжау дастандары композициялық құрылысы, сюжет тартымдылығы көркем тілі, биік гуманистік идеясымен ерекшеленеді. «Құпия қазына» атты философиялық поэмада өкімет басшыларын әділ болуға, қармағындағы халқына қамқорлық жасауға шақырады. Поэма діни сарынмен жазылғанмен негізінен гуманистік мақсатты көздейді. «Жеті ару» - автор халықтың ауыр тұрмысын, қайғылы халын көрсетумен бірге сарай маңындағылардың қорқаулығы мен зұлымдығын әшкерлейді.

Данышпан Абай Құнанбаев айтқандай «Адам бол» атты гуманистік идеясы, сонау Қожа Ахмет Иассауиден халқымыздың бойына сіңген өзінідік философиясына тән. Иассаудің басты еңбегі «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) рухани және гуманистік бағытта жазылған.біздер тарихи сабақтастық тұрғыдан қарасақ, Абай шығармашылығына Қожа Ахмет Иассаудің сопылық және этикалық идеялары әсер еткен. Қожа Ахмет Иассауға Әл-Фарабидің шығармашылығы негіз болған. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов кезінде көптеген Шығыс халқының кемеңгер ойшылдарының (Физули, Шамси, Сейхали, Науаи, Саади, Фирдоуси, Қожа, Хафиз) шығармашылықтарымен жақсы таныс болған. Олар үш ұлы тұлғаға ғұлама, ойшыл болуға көмектесті. Қожа Ахмет Иассауи рухани мұрасының әсері Абай Құнанбаев еңбектерінен анық сезіледі. Ендеше Қожа Ахмет Иассаудің Абай әлеміне қосқан өзіндік үлесі бар. Оны ақынның 38-ші қара сөзінен байқаймыз.Балаларды оқытып-үйретуде зорлық-зомбылықты негізгі қару ететін дүмше молдаларды сынай отырып, ол былай деген: «олардың адамшылығының кәмелет таппағаны – қиынның қиыны. Себебі, Алла тағала өзі – ақиқат жолы. Ақиқат пен растық – қиянаттың дұшпаны». «Әркім өзінің сенімінде құтқарушыны көруі тиіс», «Біздің ата-бабаларымыз айтып өткен – Алла тағала біреу және ол барлық жерде деген сөз дұрыс деуге болады». «дінге деген сенім адамды Аллаға жақындата түседі, сондықтан ол адалдыққа, әділдікке, мейірімділікке ұмтылады», «Сопы Алаяр айтқандай, бәрінен де ең жоғары тұратын бір ерекше Ақиқат болады».

Омар Хайям әлемге әйгілі төрт тағандардың авторы – ол «Өмір мен өлім», «Жақсы мен жаман», «Жастық пен кәрілік», «Құштарлық пен тақуалық», «Махаббат пен зұлымдық», «Қанағат пен озбырлық» парқын төрт жолдан тұратын бір шумақ өлеңге сиғызды. Онда адам өмірінің әр қырын, кезеңдерін қамтитын тапқыр да өткір адамгершілік пікірлерге құрылған өрнекті өлең шумақтары мұнда ақынның өмір-тіршілік құбылыстарына қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға көзқарастары айқын көрінді. Ол жеке бастың азаттылығын жырлады, дүниедегі әділетсіздікке қарсылық білдірді, адамды теңдікке, бостандыққа шақырды.

Ал, Жан Жак Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы» атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. Ол адамда- адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық, теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты арман етті.

Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие) десе, Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру) деп ойлады.

К.Д.Ушинский «Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші бақыт дегенде нені түсінеді, өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ, біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық» - деп түсінеді.

ХІХ ғасырдың 40-жылдарында В.Г.Белинский крепостнойлық право мен патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И. Герцен тәрбие мақсаты – қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. «Біз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды» - деп, К.Д.Ушинский жазды .

І.Р.Халитова «Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері» атты әдістемелік құралында жалпы әлеуметтік-педагогтарды даярлау мәселесі, ауылды жердегі әлеуметтік мәселелер, ата-ананың баланы әлеуметтендірудегі орны, қазіргі кездегі әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістеріне байланысты мәселелерін қарастырды .

Қазақстанда жүріп жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіндегі реформаның жүзеге асырылуын талап етуде. Осы реформаға сәйкес білім беру жүйесін демократияландыру, ақпараттандыру бағыттарындағы өзгерістер орын алуда. Білім беру жүйесінің аталмыш өзгерістерге сай жүргізіліп жатқан жұмыстарының бағытына жасалған талдаулар, қазіргі өмірдің талабына сай жек тұлға тәрбиелеуде, соңғы уақытта өріс алып келе жатқан жастарға әлемдегі педагогика, психология, саясаттану, музыкатану ғылымдарының жетістіктері негізінде тәлім-тәрбие беруге негізделген, әлеуметтік педагогика саласындағы әлеуметтік қызмет мәселелсіне ерекше көңіл бөлініп отырғандығы байқалады. Еліміздің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау туралы, сондай-ақ Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-мәдени дамуыныңы тұжырымдамасыныңы, мемелкеттің білім беру саласындағы саясатының тұжырымдамасының, этномәдени білім беру тұжырымдамасыныңы қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оның жақсарту жолдарынң нақты айқындауды талап етеді. Жоғарыда аталған құжаттарда оқушыларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет жүйесін қалыптастыру мәселесі басты назарда болатын негізгі мәселелердің бірі екенін байқауға болады. Осы тұрғыдан алғанда оқушылар арасында әлеуметтік туралы мәселенің ғылыми негізінде зерттелуі қоғамдық қажеттілік болып табылады. Олай дейтініміз, оқушылар арасында әлеуметттік туралы ой толғағанда басты мақсаттардың бірі – оқушылардың әлеуметтік бейімділіктерін жетілдіру негізінде оларды нарқы заманаында өмір сүріп, еңбек етуге, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу. Қазақ халқының оқушыларға әлеуметтік тәрбие беруге тырысқан ұлттық мұрасына талдау жасасақ, ол сонау түркі халықтарына ортақ Орхон-Енисей жазбаларыныдағы Күлтегін мен Білге қағанның айтқандары, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи, Ахмед Жүйнекей, Сайф Сараи, Қыдырғали Қасыұлы Жалайыри, Мұхамед Хайдар Дулати т.б. орта ғасыр ойшылдарының шығармаларындағы, ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Асанқайғы бастаған Доспанбет, Жиенбет, Ақтамберді, Шортанбай, Үмбетей, Шалкиіз, Бұқар тағы басқа ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлімгерлік, қоғамдық ой-пікірлерде көрініс тапқан . Жалпы, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерді, халықтық тәлім-құндылқатарын ескере отырып, тәрбие берудің тұтасы жүйесін жасауда өткен ғасырдағы ойшылдар Фердоуси, Ибн-Сина, Омар Хаям, Сократ, Платон, Аристотель, Демократ, Квинтилион, Я.А.Коменский, Джон Локк, К.Гельвеций, Жан-жак Руссо, И.Г.Песталоцци, Н.И.Пирогов, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, ал ХХ ғасырдаң басында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймуытов, Ш.Құдайбердіұлы, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Сералин тағы басқа көрнекті ғұламалардың маңызды ой-пікірлері оқушылар тәрбиесіндегі қағидаларды қазіргі кезде де өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Әлеуметтік педагогиканы жеке ғылым саласы ретінде қарастырған В.Д.Семенов, А.В.Басов, А.В.Мудрик, В.И.Загвиянский және т.б. ғалымдардың еңбектері мен оқушылар арасындағы әлеуметтік-педагогикалық мәселесіне қатысты В.Г.Бочарова, А.Беличева, Ю.В.Василькова, В.А.Иванникова, Л.Г.Гуслякова, Г.Ф.Яркина, Л.М. Михайлова, Л.М.Саазанова, В.И.Курбатова, Л.Х.Мажитова, Г.Г. Сеякарова, Н.А.Савотина, О.К.Сазанова, И.Р.Халитова, А.Н.Тесленко, Қ.Ғ. Какен, Ж.К.Кендірбекова, Ж.М.Байғожина, М.Т.Баймұқанова, Р.И.Бурганова, және тағы басқа ғалымдардың еңбектері біздің зерттеуіміздің теориялық және әдіснамалық негездемесін жасауда басшылыққа алынды.

Оқушылар арасында әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық жақтарынан шетел зертеуші мамандары Т.Парсон, Л.В. Воллард, П.М.Якобсон, В.Оконь және т.б. еңбекетрі біздің зерттеуіміз үшін үлкен практикалық маңызы бар. Қазақтың халық педагогикасының прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу Кеңестік дәуірдің 1970-1990 жылдар аралығында біртіңдеп басталса, әлеуметтік педагогика ғылыми зерттеу объектісі ретінде Қазақстан республикасының 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет болуы нәтижесінде жаңа идеялармен үндесе қолға алынды. Осы тұста Қ.Б.Жарқыбавтың, С.Қалиевтың, М.Х.Балтабаевтың, С.А.Ұзақбаеваның, Ж.Ж.Наурызбайдың, Ә.Табылдиевтың, Қ.Ж.Қожахметованың, Қ.Бөлеевтың, Л.Т.Қожамқұлованың, В.В.Егоровтың, З.А.Исаеваның, Н.А.Минжановтың, З.У.Кенесаринның, Ш.Т.Таубаеваның, Г.Ж.Меңлібекованың, Е.З.Батталхановтың, С.Т.Каргинның, Ш.А.Әбдіраманның, И.Р.Халитованың және т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары өте құнды еңбектер екенін айтуымыз керек. Қазан революциясына дейінгі қазақ музыкасы. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы кезеңінде өзіне тән музыка дәстүрі дүниеге келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік төл музыка мәдениетінің идеялық – тақырыптық мазмұны, музыка тілінің мәнерлеу құралдары мен дәстүрлі жанрлары бар. Ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі түрде жеткен халық музыкасы оның рухани өмірінен, қоғамдық қатынастарынан, күнделікті тұрмысынан ерекше орын алды. Аты аңызға айналған Қорқыт (VIIIғ) музыка ғылымы туралы трактат («Музыканың ұлы кітабы») жазған Әбу Насыр Әл-Фараби (Х-ХІғғ) қазақтың көне музыка мәдениетінің өкілдері болды. Халық әндері мен күйлерінің әуен-сазы арқылы үй іші әдет-ғұрпының және халықтың қоғамдық дәстүрлерінің негізгі бір буыннан бір буынға жетті. Ән-күй арқылы эпикалық аңыздар мен тарихи оқиғалар, нақыл сөздер, даналық ойлардың мән-мазмұны бейнеленеді. Ән тексттерінде үй іші, қоғамдық өмірде ненін жақсы, ненің жаман екені аңғартылып айтылып, үлгі өнегелік мысалдар келтірілді. Халықтың ән-күйлері қыран бүркітке де, құмай тазхыға да, жүйрік атқа да арналды. Жаз жайлауға көшкенде, күз қыстауға қайтқанда ауыл ақсақалы елге әнмен бата берді. Ру басы ақсақалдарының кеңесі ән немесе күймен ашылды. Ал хабаршы жақсылық хабарды, төтенше жағдайды ауылдан ауылға терме түрінждегі ән әуені арқылы жеткізеді. Әйелдер киіз үй тіксе де, мал сауса да, жүн сабаса да, өрмек тоқыса да, киіз басса да ән айта жүрді. Сондай-ақ үйлену тойында, қыз ұзатқанда, жастардың сауық кешінде, балалар ойнында, өлген адамды жерлеу салт-жолдарында да ән айтылып, күй тартылады. Жапан даладағы жалғыз атты жолаушы да ұзақ жолды әнмен қысқартып, құлазыған көңілін әнмен көтерді. Халық жұбату әні арқылы қайғылы үйге көңіл айтып, сүйінші әнмен ауыл-аймаққа қуанышты хабар әкелді. Мазмұны мен күрделі орындаушылық түріне байланысты халық музыкасының белгілі мақсат мұраты болды. Мысалы: шағын диапозондағы оңай шығарылып, еске сақталатын көңілге қонымды келетін жеңіл әуенді еңбек әндері, әдет-ғұрыпқа т.б. әндер, бесік жыры, балалар әндері, мелодиялық өрісі кең, көп бөлімді формадағы әрі өлшем – ығақтық құрылысы жағынан күрделі лирикалық тарихи, эпикалық және әлеуметтік тақырыпқа арналған жоғары профиссионалды шеберлікті талап ететін ән-күйлер. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұшан-теңіз музыка мәдениеті оның рухани байлығының сарқылмас қайнар көзі болды. Музыка өнерінің халықтың ой санасына тікелей әсер етер құдірет күшін жақсы түсінген хан-сұлтандар, байлар мен билер, дін иелері мұны өздерінің таптық мүддесіне еркін пайдалана білді. Халықты мәңгі қараңғы қапаста, надандықта ұстау үшін және оларды өздеріне тәуелді ету ниетімен бай-сұлтандар өз айналасындағы ақындардың, әнші-күйшілердің өнердің феодалдық қоғамды және үй іші өміріндегі ескі салтты мадақтауға, ру тартыстарын шиеленістіруге бағыттады; «әлемдегі жақсылық, жамандықтың бәрі алла ісі, оған көну мұсылманның міндеті» - деген кері тартпа діни саясатты жағымпаз ақын, әншілерге мықтап уағыздатты. Халық мүддесіне адал қызмет етіп, оның мұңын-мұңдап, жоған-жоқтаған ақындар, әншілер, күйшілер феодалдық қоғамның реакциялық идеологиясына қарсы шықты. Мысалы: Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Құрманғазы сияқты халық композиторларының музыкасында еңбекші бұқараны еркіндікке, жақсы өмірге шақырған демократиялық тенденция өрши түсті. Халық өміріндегі демократия тенденциясының одан әрі дамуына алдыңғы қатарлы орыс мәдениеті елеулі әсер етті. Қазақтың Ш. Уалиханов, А. Құананбаев, Ы. Алтынсарин көрнекті атқарушы қайраткерлер орыс мәдениетінің жалынды насихатшылары болды. Халық өз ортасынан көпшілікке арман мүддесін қорғаған әділетшіл ақындарды, әнші-күйшілерді шығарды. Мұндай өнер адамдары өз шығармаларында бай феодалдардан пайда үнемдігін, қомағайлылығын, билердің жемқорлығын қатығездігін бетіне басып әшкерелеп отырды. Бұрын композитордың шындық кәсібін анықтайтын арнаулы атау болмады, өйткені халық композиторларының творчествосы басқа да өнер қайраткерлерінің ісімен тығыз байланыста болды. Халық композиторы өз әнінің сөзін өзі шығаратын ақын әрі сол әнді бірінші орындаушы, ал күшті композитор болса, ол шебер домбырашы болды. Егер орындалған ән немесе күй жұртшылыққа ұнап, тыңдаушы жүрегіне жол тапса, онда мұндай шығармалар басқа орындаушылардын да репертуарынан орын алып, көпшілік арасына кеңінен. Осындай әншілік, күйшілік, орыдаушылық өнердің жолында өнерпаздар көпшілік қауымнын алдында әнші-күйші сарапшылардың тиісті бағасын алды. Өзгеше шебер орындаушы авторларды халық үлкен құрметпен «сал», «сері» деп атады халықтын атақты ақындары, әнші-композиторлары мен күйші-композиторларының өз шәкірттері болды, олар ұстаздарымен бірге ел аралап, өнер көрсетті. Ерекше дарынды шәкірттер өз ұстаздарының ән-күйлерін үйреніп қана қоймай, өздері де ән-күй шығарып, олардың музыкалық стилі мен әлеуметтік эстетикалық көз қарасын одан әрі дамытты. Халық тұмысында 25-тен астам музыкалық аспап болды. Оның шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, көпішек, даңғыра, асатаяқ сияқты түрлі дыбыс көлемі шамалы болғандықтан және прфессионалдық талапқа сай келмегендіктен сирек пайдаланылды. Ал дыбыс сапасын жетілдіріп, диапазонын кеңейтіп, техникалық мүмкіндіктерін байытуға «көнген» музыкалық аспаптар халық тұрмысынан мықтап орын алды. Мысалы: шертіп ойнайтын екі шекті домбыра, ысып ойнайтын қыл қобыз, үрлеп ойнайтын сыбызғы, соғып ойнайтын дауылпаз т.б. ХІХ ғ. ІІ – жартысы революцияға дейінгі дәуірде халық музыкалық мәдениетінің гүлдену кезеңі болды. Бұл қазақ халқының музыкалық тілі басқа халықтар музыкасының, әсіресе орыс музыкасының интонатциясымен жан – жақты байып, негізінен қалыптасқан кезең болды. Музыканың вокалдық жағы мелодиялық болды да, аспаптық музыкада бір-екі және үш дауыстылық орын алды. Жалпы халықтық сазда өзіндік ұлттық гармония мен полифония элементтері айқын сезіледі. Сонымен, әлеуметтік құбылыс ретіндегі музыка, оның адам өміріндегі мәні, өнер түрі ретінде музыканың құндылығы, ақиқат шындықты бейнелеу ретінде өнер жүйесіндегі музыканың ролі және алатын орны. Байыпты және Жеңіл, халық және кәсіби-композиторлық музыкалардың қатынасы, яғни, композитор-орындаушы, тыңдаушы жүйесінің қызметі. Қоғамдағы түбегейлі өзгеріс (суверенитет, демократизация), олардың музыкалық білімге ықпалы. Музыкалық репертуар: мазмұны, өзгеруі, өнердің басқа түрлерінің шығармаларымен салыстырғанда ұқсастықтары және ерекшеліктері, образды дәл беруді жүзеге асырудың негізгі жолдары (көрініс, бейнелеу), Дүниежүзілік музыкалық білім дамуның болашағы. Қазіргі кезде адамдардың әлеуметтік жағдайы, бүкіл өркениетті әлем үшін ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Адамдардың әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік тәрбиесі салауаттылық деңгейінің көтерілуі – бұл жеке жетістік қана емес, ол сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі, адам ресурстарының өсуі үшін де қажетті шарт.

Соңғы жиырма жыл ішінде біздің көк байрақты қазақ елінің өзге жұрттар бір ғасырда жүріп өткен жолды басынан жүріп өткергені ақиқат. Біз өзіміздің дербес мемлекет ретінде өмір сүре алатынымызды дәлелдеп қана қоймай, келер ғасырдың отызыншы жылдарына қарай Орталық Азиядағы тұңғыш барысқа айналатынымызға әлем жұртшылдығының көзін жеткіздік. Сонымен қатар, халықтың болашағы және оның бәсекелестікке қабілеттілігі тек, білімділігімен ғана емес, өскелең ұрпақтың тәрбиелігімен де анықталады. Сондықтан білім беру жүйесінде тәрбие мақсаты, формалары және құралдарын анықтау маңызды болып табылады. Ақиқатқа, әділетке, бірлік пен талап қана тарта алады. Халық әділеттік жағында ғана болса ол өнерді, еңбекті, жаңашылдықты таңдайды. Олардың өзгешелігі өнер, білім, ғылымды, техниканы игеруінде.

Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:
  1. Сіздің ойыңызша, терминдер: мекткптегі дамыту, тәрбиелеу, оқыту құрылымы рет-ретімен қалай орналасады?
  2. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда қоршаған ортаның рөлі қандай?
  3. жалпы білім беретін мекемелерді бітірушінің музыкалық мәдениетіне арналған үлгіңізді құрастырыңыз.
  4. Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер.
  5. Жеткіншіектердің музыкалық тәрбие мен білім алудағы маңызы

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде// Алматы ақшамы. – 1998. 19 маусым)
  2. Егеменді Қазақстан, 1996, 20 қыркүйек.
  3. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы. 32-бет.
  4. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы. 13-бет.

3-4 Тақырыбы: Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту

мүмкіндіктері


Жоспары:
  1. Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
  2. Ежелгі кезеңдегі музыкалық тәрбие
  3. Музыкалық тәрбие беру
  4. Музыкалық өнерді дамыту мүмкіндіктері


Музыка өнерінің мақсаты - өскелең ұрпақты терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату. Көркем талғамын қалыптастыру, сұлулықпен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қызметіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Тәрбие деген жаңа көзқарас болып жатқан өзгерістерге қарай педагогикалық процестің жаңа сапасын, тәрбие процесінің әлеуметтік саласының өзіндік ерекшелігін болжайды. Аса маңызды өзгерістер жағдайында жеткіншектердің санасында қарама-қайшы процестер дамиды. Тапқырлық, іскерлік, ынтымақтастық, кәсіпқойлық, кейбір кезде тіпті паригматизммен, руханилықсыз қасиеттермен жиі жанасады. Қалыптасқан әлеуметтік қоғам өміріндегі жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттерімен (парасаттылық, адалдық, әділеттілік т.б.) адамның адамгершілігін сыйлай білу үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді.

Міне, осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі - әлеуметтік қоғам өмірінде мағызы арта түсуде.

Қоғам өмірінде жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі мен білім алуында халықтың мәдени мұрасының, кәсіби музыка үлгілерінің рольі ерекше.

Адамның адамгершілігі кіші жастан қаланып, олардың қалыптасу процесі көбінесе мектеп жылдарында қалыптасқаны аян.

Тұлғаның адами түрғыдағы қалыптасуында өнердің маңызы да ерекше, кіші сынып жасынан бастап баланың табиғи түрде әсемдікке әсерлене білуі, көркем дүниелерге талмсануы, сұлулықты сезіне білуі қалыптаса бастайды.

Қазіргі бүгінгі қоғамда жеткіншектерді тәрбиенің мазмұнын халықтық ғасырлар бойы тарихи даму барысында жинаған өнер туындыларымен сапаландыру қажеттілігі туындайды.

Халықтың дамуында нақты тирихи жағдайлардан қалыптасқан халықтың аса бай мәдени мұрасы міндетті түрде кең көлемді пайдалану қажет. Халықтың және дүниежүзі музыканың алатын қазынасында құнды педагогикалық идеялар және ғасырлар бойы тексерістен өткен тәрбиесінің тәжірибесі көрініс тапты. Бұл дамумен бірге бүкіл әлемдік педагогикалық ой-пікірді байытып, сапасын арттырады.

Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырды. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді. Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды. Музыкалық білім беру педагогикасы қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие тәжірбиесі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірбиесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі бірысында бірте бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам санасына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері. Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты. Өнердің осы түрінің адамның жан-дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ антика ғұламалары назар аударған. Тарихи-археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде назар аударарлық тәжірибе жинақтаған. Ерте пифагоризм (б.э.д VI - IV ғ. ғ.) теориясында адамның жан-дүниесінің музыка арқылы тазаруын білдіруде catarsis ұғымы қолданылғаны белгілі. Б.э.д VI ғасырда өмір сүрген философ әрі математик Пифогор музыканың акустикалық заңдарын ашқан. Ал б.э.д. III ғасырда механик Ктесибий бүгінгі орган аспабының көне үлгісі сулы саз аспабын (гидравлос) ойлап шығарған. Ежелгі грек елінде белгілі бір музыкалық тәлім-тәрбие жүйесінің қалыптасқандығына ұлы Гомердің «Илиада», «Одиссея» поэмаларының мазмұны; лира, кифара аспабында ойнап, ән салып тұрған грек вазаларындағы суреттер, статуэткалар; бүгінгі музыка теориясында қолданып жүрген көне терминдер («музыка», «мелодия», «гармония»,

гамма» және т.б.); Дамон (Перикл мен Сократты музыкаға үйретуші), Платон, Аристотель сияқты ғұламалардың музыка, музыканың әсер-ықпалы жөнінде жасаған пайымдаулары; музыкалық аспаптарда ойнап үйрену мектептерінің, музыканың оқытушы арнайы ұстаздарының болуын мысалға келтірсек те жеткілікті. Музыка өнері, музыкалык тәлім-тәрбие жөніндегі мағлұматтарды Африка, Латын Америкасы, Шығыс елдерінің тарихи ескерткіштерінен де байқауға болады. Бұның бәрі дүниенін түкпір-түкпірінде ерте кездердің өзінде музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің формалары мен оны ұйымдастырудың амал-жолдарын жөнінде жалпы және дерексіз білім, тәжірибе жинақтаудың алғышарттарының қалыптаса бастағанына көз жеткізеді. Қоғам мен мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына қарай музыкалык-педагогикалық ой-пікірлер де қанат жайып, өркендей түсті.

Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында алғанда ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар мағынада түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік) мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіреді.

Музыка - қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өздік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады. Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педагогикалық маңызы жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туындайды.

Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппаратының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардьщ ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәіртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.

Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпалын тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да, икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойылуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бір ізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендіріледі.

Басқа да өнер түрлері сияқты музыка - танымдық процестерді белсендіру құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өресі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін (тембр мен гармонияның мәнерлілігін қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын (гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының ересін биіктетуде, шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор. Педагогика - жалпы және арнайы білім беру саласында теориялық, практикалық іс-әрекеттің негізі болып табылатын білім берудің мазмұны, формасы мен әдістері туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі бір білім саласы бойынша педагогикалық проблемаларды зерттейтін музыкалық білім беру педагогикасы сияқты бөлімдерінің болуы заңды құбылыс.

«Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы - көптен бері қолданылып келе жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық тәрбие беру саласында, соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты қолданылады. Сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтегі музыкалық оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың хор студиясы және т.б.) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін қарастырады. Кез келген ғылым саласы сияқты, музыкалық білім беру педагогикасы әдіснамалық негіздерге сүйенеді. Табиғаттың, адамның, қоғамның, танымның даму заңдылықтары философияның заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан ұзақ жылдар философияның аясында өркендеген және өркендеу үстіндегі педагогиканың бір саласы - музыкалық білім беру педагогикасы да философиялық тұжырымдардың негізінде дамиды.

Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан музыкалық білім беру педагогикасы - балалар мен жастардың ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ғылым.

Музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттерін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі ұғымдарын қарастыру қажет.

Музыканы оқыту - екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгертуге бағытталган оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыкалық білім беру педагогикасы - тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам қажеттіктерінен пайда болған ғылым. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

Музыкалық білім беру - арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде немесе өз бетімен білім алу арқылы білім, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгерту ретінде қарастырылады. Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы музыкалық білімділік мазмұнын құрай келе, кәсіби салада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта және жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық білім, кәсіптік музыкалық білім деп бөлінеді.

Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасы ғылыми-теориялық, практикалық және болжау функцияларын атқарады. Музыкалық білім беру педагогикасының мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, оқытудың өмірмен байланыстылығы және т.б.) ғылыми теорияларға (дамыта оқыту теориясы, білім мазмұнын сұрыптау теориясы, тәрбие жүйесі теориясы және т.б.) сүйенеді. Музыкалық білім беру педагогикасын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған қалай оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Музыкалық білім беру педагогикасы теориялық жағынан дами отырып, музыкалық білім беру бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді. Оған озық педагогикалық тәжірибенің, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларының мектеп практикасына ендірілуі мысал бола алады. Музыкалық білім беру педагогикасына болжам жасау функциясы қоғамның дамуының, мәдениет пен экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы ғылыми-мәдени жетістіктердің даму тенденцияларына талдау жасау негізінде музыкалық білім берудің болашағын жобалауда көрініс береді. Болжамныңобъектісі - ғылыми теориялар қалыптасқан жағдайда оны болашақтағы практикалық іс-әрекеттерде қолдану жолдарының үлгісінің жасалуы.

Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық педагогиканын ғылым саласы ретінде музыкалық тәлім-тәрбиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады. Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.

1. Музыкалық білім беру педагогикасы - ғылым саласы, оның пәні - музыкалық білім беру.

2. Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі -оқушы, музыка пәні мұғалімі, кәсіби сазгер.

3. Музыкалық білім беру педагогикасы музыкалық білім беру мен — тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол түрлі фактілерді жинақтап, қорытады, музыкалық-педагогикалық құбыластардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің болашағын болжайды.

4. Музыкалық білім беру педагогикасы өз пәнін зерттеуде жалпы педагогикалық және арнайы зерттеу әдістерін (бақылау, әңгімелеу, эксперимент және т.б.) қолданады.

5. Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасына қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім беру) қалыптасқан.

Бүгінгі таңда республикамызда болып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық процестерде халықтың ұлттық сезімін оятады, тарихи мұраға аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы факторларды дамытуды, жеткіншектерді ұлттық және жоғарғы музыка өнері арқылы партиоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын жаңартуды талап етеді.

Бүгінгі таңдағы балалар музыка мектебі әрбір мәдениет өкілдерінің балалары өз халқының мәдениетін меңгерумен бірге басқа халықтардың да музыка мектебінде мәдениеттік рухани азық алатын мекеме. Оқушылар әрбір мәдениеттің өкілдері бар қоғамда өмір сүретін болғандықтан, оларға барлық халықтардың музыка өнерінде көрініс алған, жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде де қарым-қатынас тәжірибесі қажет. Ал оқушылар болса әртүрлі ұлттардың балалары қарым-қатынаста болатын мектептердің өзіндік ерекшелігін ескере бермейді, ал оқу-тәрбие процесі ұйымдастыруда этикалық-педагогикалық қателар жібермейді, осыған байланысты оқушылар тарапынан оларға силастық азаяды, ал, бұл болса оқу әрекетінде жағымды себептердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Бұл жерде музыка мектептерінің мұғалімдерін ұлттық психологиямен оның ерекшеліктерін ескерумен бірге, кіші жас оқушылардың да эстетикалы, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеруі қажет.

Жеткіншектердің музыкалық дамуындағы нақты міндеттерді шешуге қолайлы ерекшеліктерді әрбір педагог музыкан басшылыққа алу тиіс.

1. Музыка мектебі оқушының қоғам құбылыстарын дұрыс қабылдап, ой шегінен өткізуге даяр болуы, мұғалімнің сөзіне сенімді көзқарасы.

2. Оқушының өзінің дербестікке және де тәелсіздікке ұмтылысы.

3. Оқушының өзіндік санасының қарқынды өсуі.

4. Жеткіншектің музыка шығармаларына әсерленуі, белсенділігі.

5. Өнер туындыларының көркемділік идеясын түсінуі.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарындағы музыка сабақтары – білім мен тәрбие беру не ісіндегі маңызды саланың бірі.

Мектепте жүргізілетін музыка пәні қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін танып бюілудегі ой-өрісін байытып, дүниетанымын кеңейтеді.

Кез келген сабақтың мазмұнды өтуі оның негізгі тірегі оқу бағдарламасы екені белгілі.

Қоғамда болып жатқан түбегейлі өгерістер, халқымыздың ұлттық сана-сезімінің өсіп өркендеуі кезінде жаңа оқулықтар жасау қажеттілігі туындайды. Қ.Р. Білім мен ғылым министрлері бекіткен бағдарламаның негізінде болашақ ұрпақтарға білім беретін оқулықтар даярлана бастады.

Музыка пәнінің оқулығы – бастауыш сынып оқушыларының музыка жөнінде түсінігін кеңейтіп, бағдарлама көлеміндегі білімін толық меңгерту міндетін орындайды. Білім жүйесі негізінде даярланған оқулық көп жалғы ғылыми ізденістерді бақылаудың практикалық тәжірибесінің нәтижесінде дүниеге келген.

Музыка – оңай мамандық емес, көп еңбекті қажет етеді. Қабілет болу істің басы. Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беріп қоршаған ортаны, адам сезімін, түрлі ойды, көркем дыбыстар арқылы жеткізе алады. Студенттің сабаққа зор ықылас қоюы – ең алдымен мұғалімнің оқу шеберлігіне байланысты. Сабақты қызықты өткізу үшін студентке өз ойын толық жеткізу үшін оқушының сабақ беру әдісі студенттің ой-өрісіне сай болуы керек.

Студент – болашақ оқытушы, орындаушы музыкант. Сондықтан оның алғаш үйрену кезінен бастап шырармаларды тыңдау, нотамен ойнау, түрлі жаттығулар мен қажетті дағдыларды қалыптастыру сияқты өз бетінше жұмыс жасап үйренуіне жағдай жасап, көңіл блген жөн музыка мамандығы – артық қабілет пен ауыр еңбекті талап ететін мамандық.

Тұлға дамуындағы өнердің орны, музыка – тұлға мағынасын білдіретін арна. Жастардың субмәдениеті және музыкалық өнер, балалардың музыкаға құштарлығы – уақыт. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту бірлігі ретіндегі музыкалық өнер. Тұлғаның музыкалық мәдениетін қалыптастырудағы музыкалық білім. Оқушылар тұлғасының психологиялық қасиеттерінің ерекешеліктерін ескере отырып, мінез-құлық пен қарым-қатынас нормаларын меңгеруде адамгершілік түсінігін, музыкалық талғамын, ұғымын, пікірін, бағалауын жэәне өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. Оқушылардың жас ерекшеліктерін (іс-әрекет себептер, танымдық және шығармашылық үрдістер) ескере отырып, музыкалық білімнің мазмұны мен үрдісін ұйымдастыру. Оқушыларға музыкалық білім беруде рухани музыка мен фольклордың ролін күшейту. Музыка және қазіргі жастар: өмірлік белсенді ұстанымы, көзқарасының көріну өрісі ретінде жас ұрпақтың көркемдік талғамы мен қызығушылығындағы байыпты, жеңіл, классикалық, халық музыкасы. Оқушылардың музыкалық білім мәдениетін қалыптастыруда қоршаған ортаның ролі (мектеп, жанұя, достар ортасы және т.б.)

Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:

  1. Сіз дүниежүзілік музыкалық білім дамуының болашағын қалай елестесіз?
  2. Мектептегі музыка бағдарламасындағы репертуарындағы шығармаларды қандай өзгерістер болды?
  3. Кейінгі жылдары музыкалық өнердегі фольклорға, рухани музыкаға ерекше қызығушылықтың болцы немен түсіндіріледі?
  4. Музыкалық білімнің шығу тарихының мазмұны неде?
  5. Оның тәрбиелік мазмұны
  6. Музыкалық білім берудің тарихы бойынша реферат орындау