Нистрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы оқу- құралы Семей-2011

Вид материалаДокументы
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:
  1. ТМД елдерінің музыкасы туралы газет-журналдардан мақала жинақтау
  2. Олардың музыкалық ерекшеліктерін анықтап, реферат тапсыру
  3. В.А.Сухомлинскийдің музыкалық тәрбиесін жан-жақты қарастыру.
  4. Жалпы білім беретін мекетептегі музыкалық мәдениет құрылысында қандай қиыншылықтар кездеседі?
  5. Шетелде Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық тәрбие жүйесі қандай орын алады?
  6. Қазақстандағы алғашқы музыкалық әліппе қашан дүниеге келді? Авторы кім? Оның негізгі мазмұнын ашыңдар?


Қолданылған әдебиеттер:
    1. В.А.Сухомлинский «Сердце отдаю детям» Алма-Ата «Мектеп» 1978
    2. В.А.Сухомлинский «Голубые журавли» Алма-та «Жалын»
    3. 1979ж. 112б.
    4. В.А.Сухомлинский «Мудрая власть коллектива» Алма-Ата «Мектеп»
    5. 1979ж. 248б.
    6. Н.Ш. Шеденов «Экономика теориясы», А. 2002 6-12 бет.
    7. Аубакиров Я.А. «Экономика теория негіздері», А. 1998 ж. 8-18 бет.
    8. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С. Жанайдаров У.Л. «Экономикалық теория оқу құралы», Астана 2002 ж. 5-14 бет.



11-Тақырыбы: Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)


Жоспар:
  1. Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б
  2. Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуы
  3. Басқа елдердің музыкасының тарихының айырмашылығы
  4. Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуы
  5. Басқа елдердің музыкасының тарихының айырмашылығы


ХҮІІІ-ғасырдың ортасы мен ХІХ-ғасырдың басында Еуропа музыкасы ағартушылық және ұлы француз төңкерісі идеяларының әсерінде дамыды. Бұл жағдайлар көпшілік тұрмыс музыкасын (марштар, қаһармандық әндер олардың ішінде, марселеза, көпшілік мейрамдары мен салт-жора музыкасы) тудырды. Жоғарғы этикалық мұраттар, адамдардың теңдігін ақыл-ойды уағыздаған ағартушылық музыкалық бағыт (К.В.Глюк, И.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.Бетховен) басты орын алды. Демокрит жанрдағы комедиялық операны ұлттық түрлері дамыды. Дербес жанр ретінде балет музыкасы бөлініп шықты. Гайдн, Моцарт, Бетховен шығармаларында симфония жанры классик дәрежеге көтеріліп сонаталық Аллегро мен Камералық, аспаптық ансамбльдің классикалық түрі қалыптасты. Орыс, поляк, чех, норвег композиторлары метебі өркен жая бастады. 19-ғасырдың 1-ші жартысында бір қатар Еуропа елдерінің композиторлары шығармалаындағы романтизм бағыты нығайды. Бағдарламалық музыка, аспаптық миниатюра, романс, камералық, вокалдық цикл өрістеді. Италияда комедиялық лирик қаһармандық опералар шарықтау шегіне жетті. Ресейде ұлттық классик музыкасы қалыптасты. 19-20 ғ.ғ. бір қатар Еуропа композиторлары опера, симфония бағдарламалы аспаптық музыкада романтикалық бағытты одан ары қарай өрістетті. Италиялықтар мен француздар операсы мен балеті поляк және чех операсы мен дәстүр мен байланысын сақтай отырып, дербес шығармалары жолмен дамыды. Бір қатар Батыс Еуропа және Орыс композиторларының шығармаларында реализм бағыты күшейе түсті. 19-20ғ.ғ. Германия мен Австрияда романтикалық симфонизм кезеңі аяқталып, музыкалық экспрессионизм францияда имприссионизм Ресейде символизм туды.

Солтүстік Американың ұлттық музыкасының қалыптасуы ХVII ғасырдың аяғынан басталды. Оның өзіндік ерекшелігі – осы өңірді мекендеген көптеген ұлттардың өзара тығыз байланысында.

Еуропа, Азия, Африка халықтарының фольклорлық музыка дәстүрлері Солтүстік Америка халқының музыкасына жаңа бағыт берді. АҚШ негірлерінің музыкасын қалыптастырды, олардың өздеріне ғана тән спиручуэл, блюз, джаз жанрлары пайда болды. Сондай-ақ АҚШ пен Канаданың музыка мәдениетіне жергілікті үндіс халықтарының фольклорлары әсер етті.

Музыкалық аспаптары – Еуропа, Азия, Африка халықтарының аспаптары секілді гитара, крар, бэгэна, зумбара, банджо және т.б.

Латын Америкасы музыкасы – Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американың Оңтүстік бөлігінде орналасқан елдердің музыка өнері. Ол үндістік, еуропалық және африкалық болып келетін үш негізден тұрады. Оның көнесі – ацтек, майя, кечуа, айшара, музыкасы. Кейін оған Испания, Португалия және Африка музыкасы қосылған. Музыка аспаптыры осы мемлекеттердің музыкалық аспаптарына ұқсас.

Австрия музыкасы. Бір дауысты және көп дауысты ән мәдениеті ежелден Автралия халық творчествосына тән нәрсе. Австралия музыкасының қалыптасуына кең байтақ Австрия монархиясының құрамына енген көптеген халықтар (венгер, чех, словак, серб, харват, румын, украин т.б.) мәдениеті мен ұлттық дәстүр – салты, фальклорлық тұрмыс жанрлары елеулі әсер етті. Европаның дәл ортасына орналасқан Австралия, Германия мен Италияның профессионалдық өнерімен тікелей байланысты болды. Осының нәтижесінде тұрмыстық музыкалық комедия – зингшпиль туады; вокальдық лириканың алуан түрі кеңінен тарайды. 17 – ғасырдан бастап Италияның опера, және оратория және шіркеу музыкасының айтулы шеберлері (А.Чести, А.Сальери) Венада қызмет етіп, Австралия музыкасына елеулі ықпал етті. 18 – ғысырдың екінші жартысында Й.Гайдн, В.Моцарт бастаған Венаның классикалық мектебі туады. К.В.Глюк Венаның өпера өнерінде реформа жасайды. Вена классикалық мектебінің эстетикалық принциптері әсіресе Л.Бетховен творчествосында аса жоғары сазын табады. Вена классиктері көп халықтың музыка саласындағы жетістіктерін творчестволықпен одан әрі дамыта отырып, опера өнерінде жаңашылдық жасады. Симфониялық шығарманың, квартет, фортепьянолық концерттің классикалық түрлерін туғызып, көркем реалистік шеберліктің эстетикалық негізі ретінде сонаталық үлгіні одан әрі дамытады. Симфония мен әндер, камералық – ансамбльдік музыканың алуан түрін жазған Ф.Шуберт творчествосында музыкалық романтизм жан – жақты көрініс табады. Шуберт жеңіл әуенді тұрмыс – салт музыкасына үлкен назар аударған (лендлер, вальс т.б.). Жеңіл музыка жанры Й.Ланнер, И.Штраус (әкесі) және И.Штраус (баласы) творчествосында өзгеше сазбен жаңа бағытта дамиды (Вена биі, вальс, полька және оперетталар). 19 – ғасырдың 2 – жартысында симфониялық (А.Брукнер, Г.Малер) және камералық вокальдық (Г.Вольф) жанрдың жаңғыру кезеңі басталады. Австралия музыкасында И.Бармстың орны ерекше.

20 – ғасырда Австралия музыкасы идеялық және көркемдік жағынан дағдарысқа ұшырайды. А.Шенберг және оның А.Берг, А.Веберн сияқты шәкірттері бастаған атональды музыканың жақтаушылары – экспрессионистер тобы шығады. Австралия музыкасынан түрлі бағыт – мектептер байқалады. Х.Елинек, Х.Э.Апостель формалистік ағым өкілдері болса, И.Н.Давид сияқты композиторлардың творчествосы арқылы католиктер шіркеу музыкасы дамиды. Ірі суреткер композитор Й.Маркс классикалық дәстүрді одан әрі жалғастырса, А.Уль, О.Зигль, М.Рубиндердің творчествосы реалистік сазға негізделген. Австралияның Вена мен Грацтағы опера театрлары, симфониялық оркестрі, түрлі концерттік қоғамдары мен хор коллективтері (Венаның ер балалар хоры) көптен бері жұртшылық назарын аударып отыр. Қазіргі Австралияның ең ірі музыкалық орталығы – Вена қаласында музыка мен сахна өнерінің академиясы, консерватория, опера және симфониялық оркестр, камералық оркестр, "Музыка достарының қоғамы" т.б. осы сияқты оқу орындары мен коллективтері, түрлі музыкаоық қоғамдар бар. Вена музыкалық конгресс пен түрлі конкурс, фестивальдар өтетін тұрақты орынға айналған. Мұндай конкурс пен фестивальдар Зальцбург, Брегенц қалаларында да өтеді. Австралиядан көптеген даңқты дирижерлер мен пианистер, скрипкашылар мен виолончелистер, әншілер шықты: Э.Шух (дирижер), Ф.Гульда (пианист), М.Ерица, Л.Велич, Э.Кунц (әншілер) т.б. Австралия музыкасы Европа мен Америка елдерінің профессионалдық музыкасының дамуына елеулі әсер етті.Ортағасырлық Австрияда миракль мен мистерия түріндегі ойын – сауық кең өріс алды. Алғашқыда мұның өзі діни сюжетке құрылғандықтан шіркеуге жақын болса, кейін одан қашықтап, қала алаңы мен жәрмеңкелерге қарапайым халық өмірімен байланысты өткізіліп отырған.

Болгария музыкасы. Болгар музыкасындағы әуенділік пен диатонизм өрнекті мелодиялық әшекейлермен ерекшеленеді. Хор және би әндерінің (рученица, хоро) ритмикасы өзгеше соны. Халық аспаптары: гадулка, гайда, кавал, тамбура т. б. Христиан дінінің енуіне байланысты (9 ғ.) шіркеу музыкасы дамиды. Орта ғасырдағы Болгарияда шіркеу музыкасының көрнекті өкілі — Иоан Кукузель. Болгарияның түрік езгісінен азат етілуі (1878) қала мәдениетінің дамуына жол ашты; хор коллективтері, үрлемелі аспап оркестрлері йымдас-тырылды. 20 ғ-да музыка мектептер ашылды. 1908 ж. К. Михайлов-Стоян, Д. Казаков сынды әншілер Софияда «Болгарияның опералық бірлестігін» (1921 жылдан София халық операсы) ұйымдастырады. Болгария ұлттық операсының негізін салушы — композитор әрі дирижер Г. Атанасов-Маэстро болды. Болгарияда халық демократиялық құрылыстың орнауы музыка мәдениетінің жан-жақты дамуына жағдай жасады. Болгария композиторларының творчествосы опералық, симфониялық, камералық музыка жанрында өріс алуда. Осы күнгі атақты Болгария музыканттары: композиторлар — П. Владигеров, Л. Пипков, П. Стайнов, дирижер В. Симеонов, әншілері Б. Христов, Н. Гяуров, Н. Николов, Д. Узунов т. б. Болгарияда 5 опера театры, Мемлекет ән-би ансамблі, Болгар халық армиясының ән-би ансамблі, хор капелласы Болгар ҒА-ның музыка институты бар.

Германия музыкасы. Ежелгі германдықтардың музыкасы сақталмаған. Бірақ орта ғасырлық жазба ескерткіштер (негізінен «Нибелунгалар туралы жыр») оның болғандығын дәлелдейді. 11—13 ғ-да қалалардың пайда болуымен байланысты, бюргерлік музыка, ал 14 ғ-да мейстерзингерлер өнері дамыды. 15—16 ғ-да негізінен вокальдық және вокальдық-аспаптық музыка өркендеді. 16 ғ-дағы шаруалар соғысы мен реформаңия халықтық музыка творчествосын ерекше жандандырды. Отыз жылдық соғыс (1618—48) жалпы неміс мәдениетінің өркендеуін тежеп тастады. Соған қарамастан көрнекті музыканттар шықты (Г. Шюц тұңғыш неміс операсы «Дафна» және тұңғыш балет «Орфей мен Эвридиканы» жазды, 1627, 1638). Лейпциг пен Гамбург 18 ғ-дағы неміс мәдени өмірінің орталығына айналды. Немістің тұңғыш ұлттық опера театрына (Гамбург, 1678—1738) Р. Кайзер, кейінірек Г. Ф. Телеман көп еңбек сіңірді. Лейпңигте 1723 жылдан И. С. Бах қызмет етті. Әр түрлі жанрды қамтитын И. С. Вах творчествосы неміс ұлттық мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосты. Неміс музыка мәдениетіне, әсіресе опера мен оратория саласына өшпес үлес қосқан композитордың бірі Г. Ф. Гендель, Лондонда 50 жыл тұрғанына қарамастан ол Германия музыканты боп қала берді және ағылшын музыка өнеріне де үлкен үлес қосты. Германия музыкасында әдебиеттегі «Дауыл мен тегеурін» ағымы сияқты ағым пайда болып, ол К. Ф. Э. Бах творчествосына көп ықпал жасады. Бұл бағытқа Мангейм сарайындағы музыканттар да жақын болды. Мангейм мектебі — Венаныц классикалъщ мектебінің түп төркіні. К. В. Глюк, Й. Гайдн, В. А. Моцарт және Г. музыка өнерінің аса көрнекті өкілі Л. Бетховен Венаның классикалық мектебінен шықты. Оның творчествосы осы мектептің шарықтау шыңы болды. Сан салалы Бетховең шығармалары 19 ғ-дың муз: өнеріне үлкен әсер етті. 19 ғ-дың 10—20 жылдарынан бастап Г. музыкасында романтизм қалпытасты. Оның көрнекті өкілі Австрия композиторы Ф. Шуберт болды. 1848—49 жылдардағы революция тұсында көрнекті музыканттар шықты. Олар: Ф. Мендельсон-Бартольди, Р. Шуман, Р. Вагнер. 1848 жылдан Германияда тұрған венгр дирижері, пианисі және композиторы Ф. Листің неміс музыка өнеріне жасаған әсері ерекше. Ол неміс музыкасындағы жалған академизм мен кәсіншілдікке қарсы күресті. Бетховен бастаған классикалық дәстүрді ілгері дамытушы И. Брамс замандастарының жан дүниесін музыка тілімен аша білді. Германия музыкасында Вагнер мен Брамсқа байланысты бірте-бірте екі тенденция пайда болды. Оның біріншісіне Р. Штраус, екіншісіне М. Регер творчествосы жатады. 1-дүние жүзүлік соғыстан кейін Германия музыкасы идеялық-эстетикалық жағынан жан-жақты толықты. Музыка театрлар мен концерттердің репертуары байи түсті. Ұлы Октябрь революциясының ықпалымен 20 жылдары пролетариат музыка қозғалысы жанданды. Фашистік диктатураның орнауы (1933) неміс мәдениетін, соның ішінде музыка өнерін де тұңшықтырды. Композиторлар, сыншылар, орындаушылар шетелдерге кетуге мәжбүр бояды, олардың көпшілігі концлагерьлерге қамалды. Соғыстан кейінгі музыка өнері қазіргі буржуазиялық өнерге тән қайшылықтар тенденциясының әсерімен дамуда. К.Орф, К.А.Хартман, В.Эгк, И.Н.Давид, В.Фортнер, Х.В.Хенце сынды музыка шеберлері арагідік болса да немістің классикалық музыка дәтүрін ұстанып, өз творчестволарында өмірдегі елеулі оқиғалар мен гуманистік идеяларды көрсетуге талпынды. Сонымен қатар, ГФР әсіресе авангардшылдық ағымдарға кең жол ашып, музыка өнерінің озық дәстүрінен бас тартқан экспериментаторлық орталыққа айналып отыр. Мұнда авангардшылдық фестивальдар мен семинарлар (Дармштад, Донауэшинген, Кёльн) жиі өткізіліп тұрады. Орындаушылық өнері жоғары сатыға көтерілген. Европадағы озық коллективтердің қатарында Рейндегі Неміс операсы, Гамбург пен Мюнхендегі опера театрлары мен бірқатар симфониялық және камералық оркестрлерді атауға болады. ГФР – де қазіргі дауірдің көптеген көрнекті дирижерлері мен музыканттары аспап орындаушылары, әншілері бар. Жыл сайын музыканттардың ұлттық масштабтары және халықаралық конкустар өткізіледі. ГФР – дегі барлық опералық театрларда балет труппалары бар. Солардың ең ірілері: Штутгарт, Мюнхен, Дюссельдорф, Гамбург, Ганновер, Франкфурт, Кёльн, Вупперталь қалаларында.

1945 жылдан кейін Батыс Германияның прогресшіл театр қайраткерлері неміс театрының озық дәстүрлерін қайта жаңғыртуға кірісті. 1933 жылға дейін немесе эмиграцияда жүріп жазылған пьесалар және фашистік диктатура тұсында театр сахнасына қойылуға мүмкіндігі болмаған шығармалар жиі қойыла бастады. Алайда, фашистік өкіметтің тежеуі салдарынан В.Борхерттің "Есік сыртында" (1947) пьесасынан басқа көптеген антифашистік пьесалар репертуарға енбей қалды.Бірқатар драма театрларының репертуарларынан абсурдтық театр шығармалары деп аталатын абстракті – символиколық стильдегі спектакльдер орын алды. Бұл спектакльдерде пьесаның мазмұнын ашу жолында жосықсыз түрлі әдістер қолданылды. Кейбір алдыңғы қатарлы театр қайраткерлері ұлттық театрдың реалистік дәстүрлерін дамытуға тырысты.

Жапония музыкасы. Географиялық жағдайына байланысты жапон мәдениеті, оның ішінде театр өнері көп жылдар бойы басқалардан оқшау жағдайда дамыды. Жапон театрының қайнар көзі ертедегі әдет – ғұрып пен діни мерекелерге саяды. 7 – 8 ғасырларда Жапон театры біртіндеп Корея, Қытай және Үндістанның театр түрлеріне жақындай бастады. Олардың кейбіреулері жапон театры тарихынан гигаку (7 ғасыр) деген атпен орын алды. Гигаку сауығы қарабайыр би пьесаларынан құралды. Оған қатысушылар маска киіп, ойын көрсетіп отырады. 11 – ғасырдан кейін гигакуді музыка – театр өнерінің басқа түрлері ығыстырып шығара бастады. Оның кейбір элементтері бугаку мен сингакуге қосылды. Бугаку деп аталатын музыка – би сауығын дін мен сарай зиялылары діни мерекелерде, мінәжат ету кезінде өткізетін салтқа айналдырды. Сингаку 11 – ғасырда комедиялық пантомима, ән – би, акробатика, қуыршақ ойындары сияқты халық өнерінің түрлерін қамтитын – саругакуге ұласты. 12 – ғасырдың басында бугаку өнері құлдырап, оның орнын әскери қауымға кең таралған дэнгаку мен саругаку басты. Бугакудің кейбір элементтері Жапонияның классикалық музыкасы мен би өнерінің негізін құрады. Саругаку сауғы діни мерекелер кезінде орындалып, көпшілік арасында кең таралды. 14 – ғасырда саругакудің комедиялық бөлігі шағын пьесалардан (тұрмыстық комедиялардан), кейде сатиралық көріністерден тұратын кёгэн сауығына ұласты. Осымен қатар жергілікті би мен әндерге негізделген дэнгаку сияқты ойын түрі кең өріс алды. Соның негізінде 14 – ғасырда театрдың жаңа бір түрі – Но театры дүниеге келді. Би мен музыкаға құрылған Но сауығын ерлер хоры, флейта мен барабан оркестрі сүйемелдеді. Олар бастырма астындағы сахнаға орналасты. Басты кейіпкер маска киіп ойнады. Сауық көріністері пантомимаға құрылды, ал ойынның оқиға желісін хор түсіндіріп отырды. Актерлер текстің кей бөлігін айтуда әуезді әнді немесе мәнерлі декламацияны пайдаланады. Рольдерді тек ер кісілер ойнайды. 16 – ғасырда өзара соғыс Но театрының дамуына кесірін тигізді. Өзара қырқыс тоқтағаннан кейін (17 – ғасырдың басында) сауда мен қолөнер өркендеп, қалалар бой түзеді. Бейбіт өмір мәдениет саласын жандандыра түсті. Жапонияның алдыңғы қатарлы классикалық дзёрури және Кабуки сияқты театрларына негіз болған жаңа театр түрлері пайда болды. Дзёрури театры 16 – ғасырдың аяғында қуыршақшылар, әнші – жыраулар өнері түрінде дүниеге келді. Кабуки театры 17 – ғасырда пайда болып, 18 - ғасырда шырқау биікке көтерілді. Оның қалыптасқан дәстүрлері Жапонияның қазіргі театрында да сақталған. Кабуки театры дзёруридің драмалық формаларын пайдаланды. Бірақ мұнда оқиғаны жырау – гидаю емес, актерлер айтатын болған. Кабуки таетрында қалыптасқан көркемдік әдістер канонға айналды. Спектакльдер зәулім театрдың кең сахнасында қойылды. Сахнаның сол жағында бүкіл залдың үстінен өтетін – ханамити деп аталатын өткелшесі болған, ол кейде қосымша сахна ретінде де пайдаланылды. Әйелдер рөлін ерлер орындады. Кабуки театрлары Токио, Осака, Киото және Негояда бар. Жапоняи театрының тағы бір классикалық түріне Но жатады. Ол 2 – дүние жүзілік соғыстан кейін ішінара өзгерістерге ұшырады. Токиода, Киотода, Осакада Но театры ойынын көрсететін бірнеше театр үйлері бар. 19 – ғасырдың соңы мен 20 – ғысырдың басында симпа, сингэки, синко – кугэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері шықты. Симпа – демократиялық "Дзию минкэн ундо" қозғалысының негізінде туған жаңа театр мектебі. Ол дәстүрлі (Кабуки) және жаңа (сингэки) театрлардың элементтері қамтыған. Синкокугэки – халық арасында кең таралған театр жанры. Оның актерлер Кабуки театрының орындаушылық әдісін пайдаланады. Сингэки – европа театр ықпалымен 20 – ғасырдың басында туған замани драмалық жанрлық. Алғашқы жылдары сингэки театры батыс – европа жазушылардың озақ шығармаларын қойды. 60 – жылдардың аяғында сингэкидің 50 – ге театр труппасы жұмыс істеді. Жапон архипелагының халықтық музыка дәстүрі туралы деректер аз сақталған. Жапония музыкасы жайлы алғашқы дерек 3 ғасырға саяды. Кореяны жаулап алу жапондықтарға корей және қытай музыка мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді. Мұның өзі Жапония музыкасының қалыптасуына әсерін тигізді. 7 ғ-да сарай музыкасы дамыды, сарай артистерін даярлайтын алғашқы музыка мектептер ашылды. 7—8 ғ-да үнді музыкасы келіп араласты. Жапония ұлттық музыкасы корей, қытай, үнді музыка мәдениетін бойына сіңіре отырып қалыптасты. Жапония ескі музыка дәстүрлерін (музыка-хореграфиялық, музыка-драмалық) жақсы сақтаған. Соның бір түрі— к а г у р а. Бұл мифтік сюжетке негізделген жора-жосық биі. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Көбінесе егін орағы кезінде орындалады. Жапония музыкасында жарты тонды 2 пентатоникалық лад кең тарады: біріншісі—кума, екіншісі п в а т о деп аталады. Музыка халық аспаптары: сямисэн, кото (ішекті аспаптар); хитирики (гобой сияқты үрлемелі аспап); фуэ, сякухати (бамбук флейталар). 16 ғ-дан тарай бастаған Европа музыкасы 1868 жылғы революциядан кейін өріс алды. 1872 ж. Токиода ашылған консерватория батыс мектебі деп аталған музыка зерттеушілер тобының орталығына айналды. Музыка зерттеушілер Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және жаңа батыс мектебі деп аталатын негізгі 3 бағытқа (мектепке) бөледі. Дәстүрлі музыка мектебінің жетекшісі композитор М. Мияги (1883—1956) болды. Оның творчествосы көне музыка дәстүрді (негізінен әдет-ғұрып музыкасын) қазіргі музыка фольклормен ұтымды ұштастыруымен ерекшеленеді. Ұлттық және жаңа батыс мектебінің айтарлықтай өзіндік ерекшелігі жоқ. Ол қайнар көзін ұлттық музыка дәстүр мен қазіргі европалық музыка бағыттан алды. Қазіргі ұлттық мектептің жетекшілері Ясудзи (1900 ж. т.), Е. Мацудайра (1907 ж. т.), А. Ифукубэ (1914 ж. т.) көне музыка дәстүрді қазіргі музыка жазу тәсілдерімен ұластырды. Олардың бірқатар шығармаларынан француз импрессионизмінің, сонымен бірге А. Н. Скрябиннің, И. Ф. Стравинскийдің және С. С. Прокофьевтің ықпалы байқалады. Батыс мектебінің өкілі композитор әрі дирижер К. Ямада (1881—1965) — бірнеше опералар мен балеттердің, оркестр жәнө камералық музыкалардың авторы. Ол Жапонияда тұңғыш симфония оркестр ұйымдастырды (1915). Сондай-ақ Жапон филармония қоғамы (1925), Токионың филармониялық (1929) және Жапонның симфония оркестрі (1939) К. Ямаданың қатысуымен құрылды. Ямада және оның жолын ұстаушылар европалық классикалық музыка дәстүрін дамытып келеді. «Жаңашылдар» деп аталатын «абстракті», «нақты», «электрондық» музыка жазу стилін жақтаушылар да осы жаңа батыс мектебіне жатады. 1930 ж. Жапон композиторлар одағы құрылды (1948 ж. қайтадан ұйымдастырылды). 1957 ж. 20 ғ-дың музыка институты ашылды. Көптеген музыка қаламгерлері жаңа буын композиторлар ассоциациясына (Сидзинкай) тонтасты. 1960 ж. Жас композиторлар бірлестігі ұйымдасты. Оған X. Хаяси, Т. Маюдзуми (1953, «Икс-игрек-зет» деп аталатын шығармасы Ұлттық өнер фестивалында жоғары сыйлық алды), А. Миёси, Я. Акутагава сынды композиторлар енді. Қазіргі белгілі музыка қайраткерлері — композитор М. Оки (1901 ж. т.) «Музыкалық форма теориясының» авторы, музыка теоретигі С. Морои (1903 ж. т.), И. Дан (1924 ж. т.).

Жапонияның музыка өмірі Токио, Осака, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар қалаларға топтастырылған. Токиода Музыка академиясы, симфония оркестр және Токио филармония оркестрі; Осакада Кансай симфония оркестрі, Нагояда қалалық филармония оркестрі жұмыс істейді. Жапонияда опера жанры өріс алмаған (Токиода тұңғыш европалық опера 1903 ж. қойылды). 1952 ж. ұйымдасқан Токионың опера компаниясын К. Набори басқарады. Токиода 1934 ж. ұйымдасқан Фудзавардың опералық труппасы, Осакада Кансай труппасы (1949 жылдан) бар. 1931 жылдан Токиода жыл сайын пианистердің, скрипкашылардың, әншілер мен композиторлардың музыка конкурстары өтіп тұрады. 1967 ж. жапон симфония оркестрі (жапон-сов. жастары достығы комитетінің басшысы Ясуси Акутагаваның жетекшілігімен) СССР-де гастрольдік сапарда болды. Сов. балетмейстерлерінің қатысуымен 1963 ж. Токиода П. И. Чайковский атындағы балет труппасы құрылды. 1971 ж. Ш-ның «Сетаку» варьетесі, «Шарпс әнд флэтс» пен 1973 ж. «Дүние жүзінің ырғақтары» атты джаз оркестрі Қазақстанда (Алматыда) өнер көрсетті. 1933 жылдан «Онгаку херон» («Музыка сыны») журналы шығады. Греция музыкасы. Музыка гректердің қоғамдық өмірінен елеулі орын алған. Ол жастарды тәрбиелеу құралының бірі болса, ән айту мен музыка аспапта ойнау гимнастикалық және шеберлік жарысы программасына енген. Грецияда әншілердің, музыканттар мен бишілердің арнайы ұйымы (коллегиялар) болған. Ежелгі грек музыка өнерінің ерекшелігі – сөз (текст) бен музыканың, бидің тығыз байланыста болуында. Біздің заманымызға грек музыкасы нота жазуларының бірнеше франменттері жетті: Еврипидтің "Орест", драмасының жүйесіне жазылған музыка (338 – 344 б.), Аполлонға арналған екі гимн, жоқтау әуені және лирикалық әндер, 12 жол пеан, Аянттың өзін – өзі өлтіруіне жазылған музыка жолдары т.б. Грек музыкасының ең көне түріне лин – әндер (жүзім жинаған кезде форминг орындалған), үйлену тойы әндер, пеан (Аполлонның құметіне арналған шаттық гимні) және тренос (жоқтау әуені) жатады. Әсіресекөне театрда музыканың ролі басым болады. Гректің ақын – драматургтері әрі композитор болған (Вакхилид, Пиндар, Сапфо, Эсхил, Софокл т.б.). Б.з.б. 6 – 5 ғасырларда вокальдық музыкадан аспаптық музыканың дараланып шығуы байқалады. Байтырғы гректердің музыка төңірегіндегі теориялық және эстетикалық тұжырымдаулары кейінгі дәірлерде де маңызын жойған жоқ. Грецияда термин болып қалыптасқан "музыка", "мелос", "ритм", "гармония" сияқты атаулар музыкада осы күнгедейін қолданылып келеді.

Етеден грек драмасы мен театры жүзім мен шарап жасау құдайы Дионистің құрметіне ауылдық жерлерде мереке өткізу негізінде пайда балды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндеріне диалог элементтері мен сахналық қимыл – әрекет басым жатты. Эллинстік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет – ғұрыптардан бірте – бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтерінің бүкіл байлығын пайдаланды. Гректің ұлы ақындары – Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофанның драмматургиялары грек халқының қоғамдық – саяси және рухани өмірін жан – жақты көрсетті. Театр ойындары ашық далада өткізілді. Театр үйі оркестрден , теотроннан және скенадан құралды. Театрда әйел рольдерін ерлер ойнады. Актердің бәрі де маска киіп ойнады. Эсхил өзінің қаһармандық – патприоттық трагедияларында екінші актерді енгізді. Бұл қайғылы қақтығыстарды тереңірек ашып, театр ойынының әсерлі болуына жол ашты. Софоклдың азаматтық, эстетикалық идеяларды жырлаған трагедияларында үшінші актер пайда болып, хордың ролі төмендеді, трагедияда диалог көбейді. Еврипид творчествосында қаһармандық тақырып әуені бәсеңдейдә, бірақ адам психологиясына, айналадағы өмір шындығына назар аудару күшейеді.

Африка халықтарының музыкасына құрлықтың тұратын залықтардың музыкалық өнері жатады. Африка халқының өнерінде музыканың алатын орны өте ерекше. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып мерекелері бұл құрлықта көбінесе музыка аясында өтеді. Бұл құрлықтағы музыка өнері, әсіресе сөз бен екпінді бидің тығыз байланысында әсерлі шығады. Мұнда сырттан қарап тұратын бейтарап жан болмайды. Бүкіл халық болып ән айтып, би билеп кетеді. Әнді әуелі жеке әнші бастап, оған хор жалғасады: кейде әйелдер хоры мен ерлер хоры кезек-кезек айтылады, кейде аралас хор кезектесе шақырылады. Африка мәдениетінің ең басты көркемдігі нақыштау құралы - өзіне ғана тән қайталанбас ырғағы. Сондықтан да бұлар, олардың әртүрлі негізгі ұрмалық музыкалық аспаптары кең тараған. Бұл аспаптар банбуктен, ағаштың қабығынан саздан жасалады. Сондай-ақ піл сүйегінен көкқұтанның қанатынан, асқабақтан, мүйізден жасалған аспаптар кең тараған. Шекті аспаптыры мыналар: китембе, ичгараба, цитра, чизезе атты гитара, африкалық скрипка және т.б.

Батыс Шығыс Оңтүстік Славян халықтарының музыка өнері мен музыка аспаптарында ұқсастық аз емес олардың көптеген музыкалық жанрлары мен аспаптарының атаулары да қайталанып бар. Ол ерте замандағы орыс халықтары мәдениеті негізінде қалыптасқан. Украин халқы музыканың өзіндік тармағы Шығыс словяндары музыкасымен байланысты.

Олар әдет-ғұрып, салт-дәстүр және махаббат тақырыбындағы халықтарының фольклорлық әндері болып келеді. Сондай-ақ тарихи балладалар, эпостық жырларда да бар. Биші-сколлерохтар музыкалы - өзінше өзінше бір жүйедегі дүние.

Украин халқында би өнері өте жоғары дамыған. Соған орай би әндері мен аспаптық би музыкаларының да түрлері көп, мысалы, казачок, гопан, каламышка, гуцулка, архан және т.б. көптеген билер бар.

Бисіз орындалатын бақташылар сазы аталатын аспаптық музыка сопилка, трембита, дрымба аспаптарында ойналады.

Беларус музыкалық аспаптарының ең кең тарағандары: цимбай, баян және гармошка. Басқа аспаптардан: дутка, жалейка сияқты үрмелі, ұрмалы – бубен, шағын барабан тәрізді аспаптарды атауға болады.

Беларус халқының музыка мәдениеті орыс украин, Батыс және Оңтүстік словяндар музыкасымен ұштасып жатады. Ән жанрлы халықтың салт-дәстүрлеріне, егей шаруашылығы жұмыстарына, жыл мезгілдер ше байланысты болып келеді. Сондай-ақ жорға, түрлі ойындарға, билерге және әзіл-ысқаққа арналған болып отырады. Алайда әр ұлттың өзіне тән ғана аспаптары бар. Словян елдеріндегі ұқсастық, жақындық әсіресе орыс, украие, беларус, поляк халықтарының музыкалық өнерінен анық байқалады.

Орыстың музыкалық аспаптарының түрлері: гусли (словян халықтарының сүйікті аспаптырының бірі), балалайка, домбыра, барабан, бубен, рожок, көптеген музыкалық аспаптар. Орыстың әлеуметтік-тұрмыстық өнерінде халық әндерінің алатын орны ерекше. Олар тұрмыс-салт, халықтық, лирикалық, тарихи тақырыптағы эпостық, шіркеуші әндер болып келеді. Сонымен бірге орыста және басқа да словян халықтарында сконорахтар болған. Орыс халық музыкасында жеке ән айту өнері, батырлар жыры, дьяктер хоры, көп дауысты хор әндері, аспаптық копеллалар жанырлары болған.

Украйнның музыкалық аспаптырына мыналар жатады: шертіп тартатын шекті – қобыз, бандура, сқышпен айналысатын – скрипка, басал: үрмелі – сопилка, трембита, волынка, ұрмалы – барабан, бубен, тулумбас, шекті – цынбол, шертіп ойналатын – домбыра, арфа, тарелка және т.б.

Украйн музыкасында көптеген жанр түрлері Француз халық әндерінің әуелі әдемі нәзік әуезді сезімге құрылп, сөз бен музыка тығыз байланыста жандасып жатады. Бименде ұштасып жататын ойнақы музыка ырғақтары бар. Ән айта жүріп, билейтін билер: жига, ригодан, бурре, паспн деп аталады. Француз музыка мәдениетінің бір тармағы – шіркеулік музыка орта ғасырлардағы халық музыкасының насихаттаушылары негізінен әртүрлі ойын-сауық, сайқымазақ ойындар көрсетуші кезбе музыканттар болды. Әртүрлі сипаттағы ән-билері әзіл-аспап ойындары олар тамбурин, барабан, фоейта және т.б. аспатардың сүйемелденуімен орындалған.

Испан музыкасының алғашқы қайнар көзі шеберлер елі тұрғындары мен түбекті жаулап алған кельттердің дәстүрлі аралас музыкалары құрайды. Ежелгі кельтиверлердің тікелей ұрпақтары Батыс Пиренейдегі Биская, Шпускова, Алана провинцияларында тұратын басқалар болып саналады. Басқалардың ертедегі әуендері Бертали мен Уэлье (Англия) әуендері мен жақын, туыстас болып келеді. Жерорта теңізі жағалауымен түбекке финикициялақтардың, одан соң гректер мен карарагендіктердің келуі шығыс халықтарының рухани мәдениетінің енуіне де әсер етті.

Түбекте Рим қожалығының орнауы да Испания мәдениетіне өз ынтасын тигізді. Испан музыкасы, билері мен аспаптары жайындағы алғашқы түсініктер сол римдік дәуірде қалыптасты. Әндер де көптеп кездеседі.

Поляктың ежелгі халық музыка аспаптары ысқышпен ойналатын – генше, мазайка, шареша, үрмелі – лигава, балуни, дуда, ұрмалы – шытырлақтары үлкен және кіші бубендер болып табылады.

Поляк музыка өнері аса ерте замандағы словяндар музыка өнерінің негізгі бөлігі болып саналады.

Дәстүрлі поляк әндерінің басқа да словян халықтары әндерімен ортақ екендігі анық аңғарылады. Поляк әндері мен билері ір-бірімен тығыз байланысты. Ходзен, музарка, куявяк, оберк, краковян тәрізді поляктардың ежелгі халық билері көпшілікке кеңінен тараған. Неміс музыкасының халықтық үлгілерін кәсіби музыкада бөліп қарау қиын. Халықтық және кәсіби музыканың бір-біріне өзара әсер етуіне себептер болған ортағасырлық кезбе музыканттар – шпильмандардың әрекеті еді. Скрипка, фидиль, доңғалақты мера, арфа, виала және әртүрлі үрмелі, ұрмалы аспаптарда ойнайтын олар халықтық музыка өнері дәстүрін ауызша насихаттаушы болды.

Француз музыкасы ертедегі кельт, галл және франк тайпаларының фольклорынан бастау алады. Француз музыкасының дамуы ән өнері мен халық – римдік мәдениетке тікелей байланысты болып келеді.

Пантомимикалық билерді музыкамен сүйемелдеуді кастаньеттерді пайдаланған. Сол дәуірде шағын халықтық музыка аспаптарының қатарында арфа, флейта түрлері, жай немесе қосарлы трубалары, әр түрлі барабандар мен бубендер болған.

Испанияны всегодтардың жаулап алуына байланысты грек – византив үлгісіндегі діни әуендер орнықты. Византия әсері испан музыкасында елеулі із қалдырды.

Испандардың өздерінің вилула деп аталатын аспабы үлгісінде – испан халқының музыка аспабы – гитараны қалыптастырады.

Итальян музыкасы Ежелгі Римнің музыка мәдениетінен бастау алады. Музыка Рим империясының қоғамдық әлеуметтік, мемлекеттік өмірі елеулі роль атқарады.

Музыкалық аспаптары алуан түрлі өте көп. Көп дауысты вокалдық музыканың шадригал, кача, баллата тәрізді жаңа жанрлары пайда болады. Италияда аспаптық музыка да кең тараған. Пайдаланылатын музыкалық аспаптары қатарына: лютин, серфа, фидель, флейта, гобай, труби әр түрлі орган аспаптыры, скрипкалар жатады. Бұл аспаптар әнді сүйемелдеуге және жеке немесе ансамбльдік орындаулар негізінде пайдаланылады. Сонымен біз әр елдегі музыкалық тәрбие берудің тарихы мен қазіргі таңдағы халжағдайымен танысу. Мектептердегі музыкалық тәрбие берудің жалпы бағыты. Музыкалық тәрбие берудің әдістемесі және жүйеге (систематики) келтіру мәселелері. Оқу үрдісі мен музыкалық оқыту мазмұнының өзара байланысы. Золтан Кодаи, Карл Орф, Борис Тричковтың музыкалық тәрбие беру жүйелері, олардың әр ел балаларының музыкалық біліміне ықпалы. ХХ-ХХІ ғасырдағы музыкалық білім берудің негізгі тенденциялары, оқушылардың музыкалық тәірбиесіне қоғам дамуындағы ақпараттық технологияның ықпалы. Музыкалық білім беру мен мәдлениет дамуындағы ИСМЕ халықаралық ұйымы. Англиядағы музыкалық тәрбие жүйесі және музыка мұғалімін дайындау. Д.Кекрвеннің релятивтік жүйесі. АҚШ оқушыларына хор және оркестр арқылы тәрбие беру. Осы елдердің музыка сабағында оқушлардың білімін, біліктіліг мен дағдысын есепке алу және бақылау.

СӨЖ тапсырмалары:
  1. Африка мен Америка халықтарының музыкасы.
  2. Еуропа халықтарының музыкасы.
  3. Украйна музыкалық сипаттары мен жанр түрлері.
  4. Беларус, Поляк елдеріндегі халық музыкасы.
  5. Француз музыка мәдениетінің бір тармағы – шіркеуші музыка.