Нистрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы оқу- құралы Семей-2011
Вид материала | Документы |
СодержаниеОлардың құрамы |
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 1584.64kb.
- Аманжолов к. ҚАзақстанның Әскери тарихы, 1930.62kb.
- Теория-композиторлық факультет Музыка тарихы кафедрасы бакалавриат, 358.01kb.
- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 169.13kb.
- «№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы, 831.2kb.
- Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.), 841.93kb.
- Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз, 753.32kb.
- Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі, 5624.76kb.
- Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі, 5625.43kb.
- Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы, 130.56kb.
Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:
- Қазақ халқының музыкалық ағартушылығында Абай Құнанбаев қандай роль атқарады?
- Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларының музыкалық дамуын неден көрді?
- Балаларға музыкалық тәрбие беруде А.Жұбановтың қандай педагогикалық көзқарасы тән.
- Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі прогресшіл қайраткер туралы мақалалар жинақтау.
- Бейне таспадан үзінділер қарастыру.
Қолданылған әдебиеттер:
- Ш.Уалиханов. Қазақ халық поэзиясының формалары.
- Ш.Уалиханов. Тәңір.
- Ш.Уалиханов. Қырғыз туралы жазбалар.
- М.Ахметова. Өнер, адам, уақыт.
- Абай 1992 №4 7 б
- Бейсенова Г.Н. Песенное творчество Абая. Алматы ТОО «Дайк Пресс»
1995 168 стр.
- М.Әуезов. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.Алматы,Санат 1997.443 б
- Абай энциклопедиясы, Алматы, Атамұра баспасы, 1995. 719 б.
10-Тақырыбы: ТМД елдерінде музыкалық тәрбие беру облысында озат тәжірбиелердің қолдануы. (Ресей, Украина, Белоруссия, Прибалтика, Өзбекстан, Қырғызстан және т. б.)
Жоспары:
- ТМД елдерінің музыкасының мазмұны
- Олардың музыкалық ерекшеліктері
- В.А.Сухомлинскийдің музыкалық тәрбие беру туралы
Музыка, музыкалық дыбыстардың мелодиясы, әсемдігі – адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін берудің маңызды құралы, жүрек ізгілігі мен жан тазалығының қайнар көзі. Музыка табиғаттың, адамгершілік қарым-қатынастың, еңбектің сұлулығына адамдардың көзін ашады. Музыканың арқасында адамда тек қоршаған дүниедегі ғана емессондай-ақ адамның өзіндегі де асқақ, сәулетті, әсем нәрсе туралы ұғым оянды. Музыка-адамның өзін-өзітәрбиелеуінің қуатты құралы.
Ресей музыкасы. Орыс музыкасының төркіні шығыс славян тайпаларының музыка мұраларына саяды. Діни әдет-ғұрып пен салт-жораларға байланысты туған ән-әуендер негізінен пентатоникалық немесе диатоникалық ладқа құрылды. Бертін келе өз алдына жеке жанр болып, кең тынысты, еркін иірімді лирикалық халық әні пайда болды. Киев Рисі кезеңінде қаһармандық эпос жанры дәуірлеп, бірнеше бөлімді былиналар туындады. Бұл дастандар белгілі бір әуенмен орындалды. Ежелгі орыс феодал мемлекетінің құрылуымен байланысты сарайлық және қоғамдық музыка өріс алды. Байырғы жазба ескерткіштері мен археол. қазбалардан табылған ежелгі мұралардан аспаптық музыканың ертеден келе жатқандығын аңғаруға болады. Көне музыка аспаптары: гусля, гудок, сопель, свирель, цевница, бубналар т. б. Әскери сапқа тұру немесе мемлекет салтанат шерулерінде кернейлер мен мүйіздер және накралар (литавра іспетті аспап) қолданылды. Зиялылар музыка мәдениетін уағыздаушылар негізінен скоморохтар болды. Олар шіркеу қудалауына қарамастан халық арасында кең танылды. Христиан дінін мемлекет дін ретінде қабылдаумен байланысты (10 ғ-дың соңы) Ежелгі Русь профессионалды музыка өнерінің бірден-бір түрі — шіркеулік ән етек алды. Шіркеулік әннің өзіндік ұлттық түрі 16 ғ-да қалыптасты. 17 ғ-да оның сан ғасырлық даму барысындағы теориялық негіздері бір жүйеге түсіріліп, крюк жазуы (осы кезеңдегі ноталық белгінің бірі — крюк атымен аталған) жетілдірілді. 17 ғ-да өмірге көзқарас пен идеологияның өзгеруіне орай жаңа музыка формалар (партестік ән, кант т. б.) туды. 18 ғ-да музыка дін шылауынан босанып қоғамдық және мәдени өмірден орын ала бастады. Опера театры пайда болып, осы ғасырдың соңында көпшілік концерттері көрсетіле бастады. Бұл жаңа формалар алғаш феодал ақсүйектер қызықтайтын ойын түрі болса, кейін жалпы көпшілік арасына кең тарады. 30 жылдары сарайлық итальян операсы ұйымдастырылды. 50 жылдары Москва мен Петербургте шетелдік опера антреприздері пайда болды. Россияда белгілі итальян композиторлары Б. Галуппи, Т. Траэтта, Дж. Паизиелло, Дж. Сарти, Д. Чимароза қызмет етті. 1780 ж. Москвада Петров театры ашылды. 1783 жылдан Петербургтегі музыка спектакльдер Тас (Үлкен) театр сахнасында көрсетілді. 18 ғ-дың 2-жартысында М. С. Березовский, Д. С. Бортнянский, В. А. Пашкевич т. б. бастаған орыстың композиторлық мектебі қалыптасты. Тұңғыш музыка жинақтары (В. Ф. Трутовский мен И. Прачтың жинақтары) жарық көрді. 18 ғ-да ән мен қара сөз араласып келетін опера түрі (М. М. Соколовскийдің «Диірменші — сиқыршы, алдамыш құда» т. б.) дүниеге келді. 19 ғ-дың бас кезінде белең алған романтикалық тенденцияға байланысты опера жанрында аңыз-ертегі мен халықтық-эпикалық, қаһармандық тақырыпқа (С. И. Давы-довтың «Леста, Днепр су перісі», К. А. Кавостың «Илья батыры», «Иван Сусанины» т. б.) ден қою басым болды. Романтикалық операның Глинкаға дейінгі ірі өкілі А. Н. Верстовский баллада жанрына да елеулі еңбек етті. 30—40 жылдары М. И. Глинка творчествосы классикалық орыс музыкасының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның творчествосы арқылы орыс музыка мектебі ұлттық европалық музыка мектептерінің алдыңғы санатынан орын алды. Осы тұста музыка бейнелеу құралының кілтін адамның шынайы сөйлеу тілінен іздеген А. С. Даргомыжекий қанық бояулы, әлеуметтік шындыққа толы музыка образдар («Тас мейман» т. б.) жасады. 50—60 жылдары музыка өмірінің ауқымы кеңіп, профессионалды музыка білімін беру қолға алынды. Бұл салада 1859 ж. Петербургте А. Г. Рубинштейннің басшылығымен ұйымдастырылған Орыс музыка қоғамы елеулі еңбек етті. Петербург (1862), Москва (1866) консерваториялары шаңырақ көтерді. 1862 ж. Петербургте тегін оқытатын музыка мектебі ашылды. 60 жылдардағы революция-демократия идеялар «Құдіретті топ» композиторларының творчествосынан айқын көрініс тапты. Осы кезеңде музыка сыны (В. В. Стасов, А. Н. Серов т. б.) жоғары сатыға көтерілді. 19 ғ-дың 2-жартысында орыс музыкасы дүние жүзілік музыка өнерінің жарқын беттерінен орын алды. Реалистік терең мазмұн мен құнарлы тілге, бай бейнелеу тәсілдеріне толы тамаша туындылар осы кезеңде туды. Отан тарихы мен әдебиеті, ұлттық эпосы монументті операларға арқау болды. Симфония музыка мен романс жанры гүлденді. П. И. Чайковский, А. П. Бородин, Н. А. Римский-Корсаков, М. А. Балакирев, М. П. Мусоргский сынды ұлы композпторлар осы кезеңде өздерінің- ең таңдаулы туындыларын жазды. 19—20 ғ-дың қарсаңында А. К. Глазунов, С. И. Танеев, А. К. Лядов творчествосы жаңа қырымен танылды. Оларға өкшелес А. С. Аренский, Вас. С. Калинников, М. М. Ипполитов-Иванов, А. Т. Гречанинов, С. М. Ляпуновтың сәтті қадамы орыс музыка өнерін байыта түсті. 20 ғ-дың бас кезіндегі рев. қозғалыстың өрбуі Римский-Корсаков, С. В. Рахманинов пен А. Н. Скрябин туындыларынан аңғарылып жатты. 20 ғ-дың екінші он жылдығы қарсаңында бертінгі романтикалық өнердегі эмоциянализм мен модернистік ағымдарға қарапайым дарқандық пен қуаттылықты, жігерлі ырғақты қарсы қойған И. Ф. Стравинский, С. С. Прокофьев шығармалары көпке танылды. 20 ғ-дың бас кезінде музыка орындаушылық өнері қанат жайды. 19 ғ-да О. А. Петров, Ф. Й. Стравинскийлер негізін салған орыс ән айту мектебі Ф. И. Шаляпин, А. В. Неж-данова, Л. В. Собинов, И. В. Ершов сынды әншілермен толысты.
Қазан революциясы жеңгеннен кейін орыс музыка өнерінің жаңа даму кезеңі басталды. Үкімет пен партия халықтың музыка мәдениетін өркендетуге қолайлы жағдай туғызып, оны коммунистік тәрбие беру құралына айналдырды. Осы алғашқы кезеңде советтік тақырыпқа қалам тартқан композиторлар— Глазунов, Ипполитов-Иванов, А. Д. Кастальский, Р. М. Глиэр, С. Н. Василенко, А. Ф. Гедике, М. Ф. Гнесин; орындаушылар мен педагогтар — К. Н. Игумнов, А. Б. Гольденвейзер, Л. В. Николаев; сыншылар мен музыка зерттеушілер — В. Г. Каратыгин, А. В. Оссовский, Б. В. Асафьев, Б. Л. Яворский, М. В. Иванов-Ворецкий. Орыс музыкасы көп ұлтты СССР музыка мәдениетінің (СССР мақаласының Музыка бөлімін қараңыз) құрамды бөлігі болып табылады. Совет өкіметі тұсында симфония музыка (орыс совет симфония музыкасының негізін салушы Н. Я. Мясковский), опера (И. И. Дзержинский, Т. Н. Хренников, Прокофьев, Ю. А. Шапорин, С. М. Слонимский, Р. К. Щедрин, Д. Б. Кабалевский т. б.), балет (Чайковский, Глазунов, Стравинский, Глиэр, Асафьев, Прокофьев A.И. Хачатурян, А. П. Петров), хор және ән жанры (А. В. Александров, М. И. Блантер, А. А. Давиденко, И. О. Дунаевский, В. Г. Захаров, Э. С. Колмановский, Б. А. Мокроусов, В. И. Мурадели, А. Г. Новиков, А. И. Островский, А. Н. Пахмутова, В. П. Соловьёв-Седой, С. С. Туликов, О. Б. Фельцман, М. Г. Фрадкин, Я. А. Френкель, Т. Н. Хренников, А. Я. Эшпай т. б.) жоғары сатыға көтерілді. Белгілі музыка орындаушылар: дирижерлер — В. И. Сук, Н. С. Голованов, А. М. Пазовский B. А. Драншпников, А. В. Гаук, А. Ш. Мелик-Пашаев, Е. А. Мравинский т. б.; пианистер — К. Н. Игумнов, А. Б. Гольденвейзер, Г. Г. Нейгауз. В. В Софроницкий, Э. Г. Гилельс, С. Т. Рихтер т. б.; скрипкашылар — М. Б. Полякин, Д. Ф. Ойстрах, Л. Б. Коган; виоленчелыпілер — Д. Б. Шафран, М. Л. Ростропович т. б.; опера әншілері — В. В. Барсова, И. П. Максакова, Н. А. Обухова, И. К. Архипова, Г. П. Вишневская, И. С. Козловский, С. Я. Лемешев, С. И. Мигай, М. Д. Михайлов, Г. М. Нэлепп, В. Р. Петров т. б. РСФСР-де (1975): 42 музыка театр, 24 симф. оркестр, 19 профессионалды хор коллективі жұмыс істейді. Музыка кадрларын даярлайтын 13 консерватория, 114 музыка училище, 6 орта арнайы музыка мектеп, 3 мыңға тарта балалар музыка мектебі бар. 1960 ж. РСФСР Композиторлар одағы құрылды.
Қырғыз музыкасы. Октябрь революциясына дейін қырғыз музыкасы фольклорлық тұрғыда болды. Вокальдық музыка бір дауысты ән түрінде орындалды. Халық музыкасы 7 сатылы диатоникалық ладқа құрылды. Халық әндерінің әуені кең әрі қайырмалы болып келеді. Эпикалық және тұрмыс-салт әндері («қошоқ», «жарамазан»), еңбек әндері («бекбекей», «шырылдан», «опмаяда»), лирикалық әндер («күйген», «секетбай»), бесік жырлары, әзіл-сықақ, балалар әндері т. б. жанрға бөлінеді. Аспаптық музыкадан күй кең тараған. Музыка аспаптары: қомыз (3 ішекті), қыл қияқ (2 ішекті) ағаш қомыз, темір қомыз, сырнай, керней, дауылпаз т. б. Қырғыз халық музыка мәдениеті негізінен қомызшы мен қияқшылар арқылы дамыды. Айтулы ақындары: Тоқтағұл Сатылғанов, К. Ақиев, А. Үсенбаев; халық әншілері — А. Теміров, М. Баетов; халық өнерінің шеберлері — Мұріатәлі Күреңкеев, К. Оразов, Ш. Иманкүлов; халық композиторлары — Ж. Шералиев, Б. Егіншиев. Қырғыз музыка фольклоры 1925 жылдан нотаға түсіріле бастады. А. В. Затаевич пен В. С. Виноградовтың жинақтары жарық керді.
Қазан революциясынан кейін ақындар мен музыканттардың творчествосына кең жол ашылды. Қырғыздың профессионалдық музыка шығармалары дүниеге келді. Оларды жасауда орыс сов композиторлары — Қырғыз ССР халық артистері В. А. Власов, В. Г. Фере, М. Р. Раухвергер белсене араласты. 1930 жылдары қырғыз профессионал-комнозиторлары А. Малдыбаев, М. Абдраев, А. Төлеөв, А. Аманбаев төл туындыларымен көрінді. Опера, балет жане симфония жанры туды. Қырғыз операсының қалыптасуы Власов, Малдыбаев пен ференің («Алтын қыз», «Ажал орнына») музыка драмалармен байланысты. 1939 ж. халық эпосы бойынша жазылған алғашқы қырғыз операсы «Айчөрек» қойылды. Қырғыз операсы мен музыка драмалары Ұлы Отан соғысы (Власов, Малдыбаев және Ференің «Патриоттары», 1941), әйел теңдігі (Аманбаев пен Германовтьщ «Айдар мен Айшасы», 1952) және колхоз құрылысы (Власов, Малдыбаев және Ференің «Ыстықкөл жағасындасы», 1951) тақырыптарымен молықты. Қырғыз халқында би өнері ежелден болған. Халық арасына кен тараған «Киіз» биі Власов пен Ференің «Алтын қыз» музыка-драмасында (1937) Н. С. Холфиннің қоюы бойынша көрсетілді. 1938 ж. филармония жанынан би ансамблі құрылды, ол 1957 ж. профессионал коллектив болып қалыптасып, 1966 ж. халық билерінің ансамблі болып ұйымдасты (көркемдік жағын басқарушы Қырғыз ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Н. Түгелов, балетмейстері Қырғыз ССР-інің еңбек сіңірген лауреат өнер қайраткері С. Қабеков). Ұлттық музыка театрдың құрылуына байланысты профессионалдық балет өнері де (Власов пеп Ференің «Анары» мен «Селкіншегі») дамыды. Ұлттық балет өнерін өркендетуге СССР халық артисі Б. Бейшенәлиева, Қырғыз ССР халық артистері О. Сарбағышев пен Р. Чоқаева т. б. көп еңбек сіңірді. 1943 жылдан М. Күреңкеев атындағы мемлекет музыка-хореографиялық училище жұмыс істейді 1940—50 ж. халық фольклорының негізінде симфония шығармалар (Н. Ф. Раков пен Ференің симфониялары, Власовтың симфония поэмасы) туды. Оратория жанры дамыды. Қазіргі заман тақырыбына арнап Абдраев («Ұлы таң» және «Лениндік Қырғызстан» вокальдық-симфония поэма), Малдыбаев («Қырғыз ұлы» оратория, 1967) музыка шығармалар жазды. Камералық-аспаптық шығармалар, көпшілік әндері, романстар мен хорлар кең өріс алды.Әншілері: СССР халық артистері С. Киізбаева, А. Малдыбаев, А. Мырзабаев, Қырғыз ССР халық артистері К. Чодронов, М. Мұстаева, М. Махмұтова, А. Жұмабаев т. б. Дирижерлері— Қырғыз ССР халық артистері А. Жүмахматов, К. Молдабасанов; режиссерлері — Қыргыз ССР халық артистері А. Құттыбаев, В. Я. Васильев. Қырғызстанда (1972) Опера және балет театры (1942), филармония (1936), Қырғыз радиосы мен телевизиясының симфония оркестрі (1970), Өнер институты (1967), Фрунзе мен Ош қаласындағы музыка училище, 48 балалар музыка мектебі; Халық творчествосы үйі жұмыс істейді. 1939 ж. Қырғыз ССР Композиторлар одағы құрылды.
Тәжік музыкасы. Тәжік музыка мәдениетінің түп төркіні ежелгі Бактрия, Соғды және Уструшана мемлекеттері өнерімен байланысты. Халықтық және халықтық-профессионалды тәжік музыкасы бір дауысты халықтық әуен дәстүрі негізінде дамыды. Музыка жанрлары: батырлық эпос (Көрұғлы—көп тараған ежелгі бір түрі), тұрмыс-салт, той-томалақ әндері, қаралы және лирикалық әуендер т. б. Тәжік әндері негізінен диатоникалық ладқа құрылады. Муз аспаптары: дутар, думбрак (ішекті-шертпелі), гиджак (ысқылы), най, карнай, сурнай (үрлемелі), таблак, нагора (соқпалы) т. б. Халықтық-профессионалды классикалық музыка дәстүрін таратушыларға созандалар (әнші және биші әйелдер), мавригихондар (әншілер) мен мақамшылар жатады. 9—18 ғ-да Бұхара т. б. қалаларда қалыптасқан «Шашмақам» мақамы дәстүрлі музыканың биік шыңынан саналады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында классикалық музыканың дамуына әншілер мен музыканттар Ота Жалол, Ота Гиес, До-мулло Халим Ибадов игі әсерін тигізді. Совет өкіметі орнағаннан кейін тәжік музыкасы жаңа интонация, ритммен байи түсті. Дәстүрлі өнермен қатар көп дауысты музыка жанры, музыка драма, опера, балет, симф. шығарма өмірге келді. Музыка оқу орындары ашылды. Т. музыка өмірінің жандануына музыканттар мен педагогтар Н. Н. Миронов, С. А. Баласанян, В. Шарф, Л. Г. Кауфман т. б. белсене араласты. 1929 ж. Душанбеде ашылған драма театр құрамынан 1934 ж. музыка труппа бөлініп шықты. 1939 ж. алғашқы тәжік операсы — «Восе көтерілісі» (Баласанян) қойылды. 1938 ж. Тәжік филармониясы ашылып, ғылыми-зерттеу музыка кабинеті ұйымдастырылды. ¥лы Отан соғысы жылдары композиторлар 3. Шахиди, Ф. Салиев, Н. Пулатов творчествосынан фашизмге қарсы уытты әуен басым орын алды. 1946 ж. Тәжік ССР гимні (сөзі Лахутидікі, музыкасы С. Юдаковтікі) жазылды. 40 жылдардың 2-жартысы мен 50 жылдары опера, симфония шығарма, кантата жанры (А. С. Ленский, Ш. Сайфуддинов т. б.) кең қанат жайды. 60—70 жылдары Тәжік музыкасының жанры мен тақырыбы кеңи түсті. Композиторлар қатары Д. Дустмұхамедов, Ю. Г. Тер-Осипов, М. Атоев, Ю. Мамедов, X. Абдуллаев, 3. Зұлфиқаров, Ш. Сахибов есімдерімен толықты. Музыка қайраткерлері: дирижерлер — Тәжік ССР халық арт. А. Камалов, И. Абдуллаев, Ф. Салиев; режиссерлер — Тәжік ССР халық арт. Г- Валаматзаде, Р. А. Корох; әншілер—СССР халық артисі Т. Фазылова, А. Бабақұлов, X. Мавлянова, Тәж. ССР халық арт. Л. Кабирова, X. Таиров, Р. Галибова, Р. Толмасов, А. Муллокандов, 3. Назимов, Ж. Мурадов; халық хафизшілері — X. Ризо, О. Хашимов, Н. Ңұрбанасейнов т. б.; ұлт аспапта орындаушылар — СССР халық арт. Г. Гуломалиев, Тәжік ССР халық артисі А. Алаев. Тәжікстанда (1975): Тәжіктің опера және балет театры (Ленинабад), А. Рудаки атындағы облыстық музыка комедия театры (Хорог), музыка драма театрлары (Куляб, Канибадам), өзбек музыка драма театры (Нау), филармония (1965), ән-би ансамблі (1940), Өнер институты V (1973), 2 музыка училище (Душанбе, Ленинабад), Республикалық арнаулы орта музмектеп, Республикалық орта музыка мектеп-интернат (Душанбе), 52 балалар музыка мектебі жұмыс істейді. Кіші жастан кәмелеттік жасқа дейінгі сол белгілі бір тәрбиеленушілердің рухани дамуына жасалған көп жылдар бойы бақылау киноның, радионың, телевизияның балаларға стихиялық, бейберекет ықпал жасауы дұрыс эстетикалық тәрбие беруге көмектеспейтіні былай тұрсын, қайта оған нұқсат келтіретініне менің көзімді жеткізді. Музыкалық шығармаларды тыңдау адам музыканың әсемдігін түсініп сезіне алатын фонды егістіктер мен шалғындардың тыныштығын, емен тоғайының сыбдырын, көгілдір аспандағы бозторғайдың әнін, пісіп келе жатқан бидай сабағының сыбағаларын, аралардың ызының естумен ұштасып отырып жалғасуын балаларға тәрбие берудің маңызды міндеттердің бір деп білдім. Міне осының бірі – табиғат музыкасы, адам музыкалық мелодияны шығарғанда шабыт алатын қайнар көздің өзі. Жалпы эстетикалық тәрбие беруде және әсіресе музыкалық тәрбие беруде балаларды әсемдік әлеміне жанастыра отырып, тәрбиеші басшылыққа алатын психологиялық нұсқаулар маңызды нұсқау болды. Мен үшін әсемдікке эмоциялықпен қарау қабілетіне және эстетикалық сипаттағы әсерлерді қажетсінуіне тәрбиелеу ең басты тұрғы болды. Мектептің адамды әсемдік әлеміне өмір сүруге, оның әсемдіксіз тұра алмайтын болуына, әлемнің әсемдігі оның өзіне әсемдікті жасайтын болуына үйретуі мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің маңызды мақсаты деп білдім. Көп жылдық тәжірибе мынаған көз жеткізді: адам ана тілін де, музыкалық мәдениет әліппесін де-мелодияның әсемдігін қабылдау, сезіну, бастан кешіру қабілетін-тек балалық шағында ғана меңгереді. Балалық шақта басқа кеткен нәрсенің орнын кәмелетке толған кезде толтыру өте қиын, мүлдем дерлік мүмкін емес болады. Бала жаны ана тілінде де, табиғаттың әсемдігіне де, музыкалық мелодияға да біркелкі мөлшерде сезімтал болады. Егер ерте балалық кезде музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсе, егер бала дыбыстардан адам сезімдерінің алуан түрлі қырларын сезінетін болса, онда ол ешқандай басқа құралдармен қол жеткізуге болмайтын мәдениет баспалдағына көтерілетін болады. Музыкалық мелодия әсемдігінің сезімі баланың алдынан өз әсемдігін ашып, кішкентай адам өз қадір қасиетін жақсы сезіне бастайды. Музыкалық тәрбие – музыкантты емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу деген сөз. ...Ерте күзде, саф мөлдір ауада әрбір жұмыс ап-анық естілетін кешқұрымғы мезгілде, біз балалармен бірге көк шалғын үстінде отырдық. Мен Н.Римский Корсаковтың «Салтан патша туралы ертегі» операсынан «Араның ұшуы» деген мелодияны тыңдауды ұсынды. Музыка балалардан эмоциялық қолдау тапты. Балалар былай дейді: «ара біресе жақындайды, біресе алыстап кетеді. Кішкентай құстардың шиқылдағаны естіледі» Әуенді тағы да тыңдадық. Содан соң гүлдеп тұрған бал иесі шөпке бардық. Балалар араның арфа тартқанын, ызыңдап ұшқанын естіді. Міне үлкен үрпиген ара біресе гүл үстінен жоғары көтеріліп, біресе төмен түседі. Балалар шат: өйткені бұл да нақ сол пленкаға жазылып алынғандай әуен ғой, бірақ та музыкалық шығармаларда композитор табиғаттан тыңдап алып бізге жеткізіп берген әлденендей бір өзгеше әсемдік бар. Балалардың музыканы тағы бір рет тыңдағысы келеді.
Арада бір күн өткен соң біз таңертең гүл шашқан, бал беретін учаскіге келдік. Балалар ара арфасының дыбысына құлақ түріп, бойын түтүк басқан араның ызыңдаған дауысын қалт жібермеуге тырысады. Осы кезге дейін оларға әдеттегі нәрсе болып көрінген нәрседен әсемдік пайда болатындай болып көрінбеген музыканың күші міне осындай. Мен тыңдау үшін балалар өз айналасын естіп жүрген оларға түсінікті жарқын образдар арқылы берілген мелодияларды: құстардың шыңқылықтауын, жапырақтардың сыбдырын, желдің уілдеуін тыңдап алдым... Бұл ретте мен балаларды мол әсер алудан қорғап отырдым. Тағы да қайталай айтамын: музыкалық образдардың мол болуы балалар үшін зиянды; оның абыржушылық туғызуы, ал кейіннен эмоциялық сезімталдықты мүлдем мұңалтып тастауы мүмкін. Мен айына екі мелодиядан артық пайдаланған жоқпын, бірақ әрбір мелодияға байланысты үлкен тәрбие жұмысын жүргіздім оның мақсаты-балаларда музыканы қайта-қайта тыңдауға деген ынтаны ояту, балалардың әрбір ретте шығармадан жаңа әсемдікті табуына көмектесу еді. Музыкалық мәдениет әліппесіндегі игеруде белгілі бір маңыз берілетін мелодияны тыңдаудың арасында ешқандай стихиялық, бейберекет әсерлердің болғаны өте маңызды. Мелодияны тыңдағаннан кейін балалар даланың мүлкіген тыныштығына құлақ салып, екі мелодияны қабылдаудың арасына табиғат әсемдігін танып білуі керек.
«Біз әкемізбен бір арба шөп тасыдық. Мен шөптің үстінде жаттым, ал аспанда жұлдыздар жымыңдап тұр. Далада бөдене ән салды. Ал жұлдыздардың жақын болып көрінгені соншалық қолыңды созсаң-ақ жұлдызды кішкентай фонарь сияқты алуға болатын еді». Музыканы эмоциялық сергектікті ұштайтыны, музыкалық образдарды әсемдігін туғызатын ұғымдарды оятатыны қандай қуанышты десеңізші. Әрбір баланың музыканың әсерімен армандап, қиялдағанын көргім келеді. Музыка балалардың мінез-тұлғасындағы поэтикалық арманды тереңдетеді. Бұл қандай жақсы десеңізші.
Музыка – ақыл-ойдың қуатты қайнар көзі. Музыкалық тәрбиесіз баланың ақыл-ойының толық құнды дамуы мүмкін емес. Тек қоршаған дүние ғана емес, сондай-ақ адамның өзі, оның рухани дүниесі, ақыл-ойы мен сөзі де музыканың алғашқы қайнар көзі юолып табылады. Музыкалық образ адамдарға шындық өмірдің заттары мен құбылыстарының ерекшеліктерін жаңаша ашып береді. Баланың назары-олардың алдынан музыка жаңаша тұрғыдан ашып берген заттар мен құбылыстарға шоғырланғандай болады, сөйтіп, оның ойы жарқын картинаның суретін салады; бұл картина сөзге айналғысы келеді. Бала жаңа ұғымдар мен ойлар үшін дүниеден материал жинай отырып, сөзбен шығарма тудырады. Баланың рухани күштерін дамытатын жол – музыка – елестеу – қиял – ертегі – творчество – міне бала осы жолмен жүре отырып, өзінің рухани күшін дамытады. Музыкалық мелодия балалардың бойында жарқын ұғымдарды оятады. Ол – ақыл-ойдың творчестволық күштерін тәрбиелеушінің еш нәрсемен салыстыруға болмайтын құралы. Э.Григтің құралы мелодияларын тыңдай отырып, балалар ойша ертегідегі жартастардың, ит мұрыны өтпес ормандардың, ізгі зұлым мақұлықтардың суретін салды. Ең үндеместердің де сөйлегісі келеді, балалар қрындаш пен альбомға қол созып, ертегілік образдарды қағазға түсіргісі келді. Музыка тіпті ең енжар балалардың да ойлау энергиясын оятты. Ол ойлаушы материяның клеткаларына әлдененің бір ғажайып күшті құйғадай көрінеді. Музыканың әсерімен ақыл-ой күштерінің осындай өрлеуінен мен эмоциялық ойлаудың қайнар көзін көрдім. Біздің барлық соқпақтарымызды қар басып қалған қыс күндерінде біз мектеп бөлмесінде отырып, П.Чайковскийдің, Э.Григтің, Ф.Шуберттің, Ф.Шуманның мелодияларын тыңдадық. Ымырт кезінде балаларға ертегілік мелодияларды тыңдау ерекше қуанышқа бөленді. Мен балаларға «Мыстан кемпір» туралы украин халық ертегісін айтып берді, содан кейін біз П.Чайковскийдің «Мыстан кемпір» деген мелодиясын тыңдадық. Осы музыканың әсерінен туған фантастикалық образдар мен ұғымдардың байлығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Балалар өз ормандарында алыстан таулардан, орман тоғайлардан, көк теңіздерден, құпия сырлы үңгірлер мен қойнаулардан әрі асып кетті. Мен балалар ойлап шығарған, сірә, мүлдем сенуге болмайтын оқиғаларды таңдана тыңдадым. Олардың кейбіреуі менің өмір бойы есімде сақталып қалды. Юраның қиялдауында жауыз сиқыршы Мыстан кемпір адамдардың қуанышы-әнге қол сұққан адамды жек көрушіге айналды. Музыка ертегілік образдарды жүректің жанды мүрлімен және ойдың толқуымен толтырады. Музыка баланы ізгілік әлеміне әкеліп енгізеді. Мен балалар ойының салғырттығын байқап қалған әрбір ретте оларды еменді орманға немесе бақшаға апаратын болдым, онда біз ізгілікпен зұлымдық туралы жарқын түсініктерді оятатын музыка тыңдайтын болдық. Музыкалық мелодия баланың бейне бір ақыл-ой қайнар көздерін ашып бергендей болды. Осындай әңгімелерден кейін біз мұғалімдермен тәрбиенің қиыншылықтары мен кемшіліктері жөнінде әңгімелестік. Біз мынадай бір ауыздан қорытындыға келдік: біздің педагогикамыз оқушының мектепте оқитын барлық жолдарының тең жартысының өн бойында ең алдымен бала болып қалатынын ұмытып кетеді. Балалардың миына дайын ақиқаттарды, қорытындыларды, ой-толғауларын құя отырып, мұғалім көп реттерде балаларға тіпті оймен жанды сөздің қайнар көздеріне жақындауға да мүмкіндік бермейді, арманның, қиялдың, творчествоның қанатына тұсау салып қояды. Елгезек, белсенді әрекет иесінен бала көп ретте бейне бір айтқанды есте сақтайтын қондырғыға айналдырғандай болды... жоқ. Бұлай болмауы керек. Қоршаған дүниеден балаларды тас қабырғамен бөліп тастауға болмайды. Оқушыны рухани өмірдің қуанышынан айыру дұрыс емес. Бала ойынның, ертегінің, музыканың қиялдың, творчествоның әлемінде өмір сүргенде ғана оның рухани өмірі толық құнды болып шығады. Мұнсыз ол-солып қалған гүл тәрізді. Әлбетте, сабақ оқу жеңіл ойын, тұтас әрі тұрақты рақаттану бола алмайды. Ол – ең алдымен еңбек. Бірақ бұл еңбекті ұйымдастырғанда баланың ақыл-ой, адамгершілік, эмоциялық, эстетикалық дамуының әрбір сатысындағы оның рухани дүниесінің ерекшеліктерін ескеріп отыру керек. Балалардың еңбегі ересек адамның ақыл-ой еңбегінен ерекше болады. Бала үшін білімді меңгерудің ақырғы мақсаты ересек адамдағы сияқты оның ақыл-ой күшінің басты стимулы бола алмайды. Оқу-оқуға деген тілектің қайнар көзі, балалардың ақыл-ой еңбегі сипатының өзінде, ойдың эмоциялық болуында, интеллектуалдық толқу сезімдерінде. Егер бұл қайнар көз сарқылатын болса, онда балаға ешқандай тәсілмен күштеп кітап оқытуға болмайды. Егер де музыка, қиял, творчество болмаса, онда жылы әрі жайлы класс жалықтырар еді. Музыка бізді қоршаған дүниені таңқаларлық тамаша әсерге бөлеп отырады. Тымық кеште біз шалғынға бардық. Біздің көз алдымызда нәзік жапырақты, маужыраған қызыл талдар тұрды. Тоғанда шексіз аспан бейнесі көрінді, ашық көгілдір аспанда аққулар тізбегі ұшып бара жатты. Міне, тоғанның әлде бір жерінде таң қаларлық дыбыс естілді, біреу бейне бір ақырын ғана фортепиано тілдерін басып қалған сияқты болды, сөйтіп, тоған да оның жағалауы да, көкшіл аспан да дыбысқа толқып кеткендей көрінді. Бұл музыка дүниені аптимист түрде қабылдаудың жанды қайнар көзі еді. Ол балаларға әсемдіктегі өмірдің қуанышын түсінуге, көруге, сезінуге көмектесті. Әсемдік үйлесімі маған балалықтың ұмытылмас үндерін біздің естеліктерімізде бүкіл өмір бойы қоршап тұратын шұғылалы нұр шапақ сияқты болып көрінеді. Бұл бұлыңғыр біз тоғайға барып, аю бадам ағашынан сыбызғы жасау үшін кесіп алдық, оны егеп тегістеп, тесіктер жасадық. Мен ең көңлді бақташы туралы украин халық мелодиясын ойнадым. Балаларды баурап алған қуанышты сөзбен айтып жеткізу қиын еді. Әрбір баланың тезірек өз күшін көргісі келді, олардың бәрі өздерінің музыкалық аспаптары туралы армандады.Х - ХІ ғасырларда бой көрсеткен орта Азия Ренесанс бірғана медицина, астраномия, география, математика, әдебиет емес, музыка теориясы туралы ілім қалыптасады. Оның басында Әл- Фараби, Ибн- Сина, Әл- Хорезми сияқты көптеген энциклопедист ғалымдар тұрады. Мысалы, Әл- Фараби мен Ибн- Сина музыка теориясының көптеген мәселелерін қамтыған субектер жазса, ХІІ ғасырда хоризмдік Фахруддан ар. Ризи өзінің "Ғалымдар жиынтығы әл Уресауи Игілік кітабы " деген трактаттарын ұсынды. Оның ізін басқан Қытып- Әудин аш- Ширизи, әл- Әмули, әл- Кусеини, ау- Дихмауи, кітабы Бухари, Әбдірахман, Дәруш Әли еңбектерінде ғылыми және тарихи мәні аса зор. Бұл трактаттардың қазақ музыкасына да қатысы бар.
Егер ХХ ғасыр табалдырығын аттағанға дейін, "Қазақ халқы" ең мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсысы деген сұрақ қойылар болса, онда саз өнеріміз, қол өнеріміз және музыкалық өнеріміз ең алдымен тілге оралар еді. Осынау рухани қойнаулардың ішінде музыкалық, яғни күйдің алар орны айрықша. Біріншіден халық жауыыында сақталған ең байырғы тарихи тұлғаларымыз- күйші компазиторларымыз. Мәселен VІІ- ІХ ғасырда ғұмыр кешкен Қорқытпен ХХ ғасырда өмір сүрген Дина арсындағы 1200 жылулық тарихи кезенің бірде- бір ғасыры күйші- компазиторлардың құралынан емес деуге болады. Үшіншіден, осынау 1200 жыл аясында ғұмыр кешкен 200 ден күйші- кмпозитор белгілі және олардың 5000 дей қазіргі тіркеуге алынып отыр. Төртіншіден, қорек күйлеріне арқау болған оқиғалардың тарихи хронологиясы Евразия континентіндегі соңғы екі жарым мың жылдық оқиғасы н қамтиды. Мәселен, "Қос күйіңді Ескендір" атты халық күйі белгілі және М.Хамзиннің "космонавт" деген күйі бар. Бұл күйлердің тақырыбына арқау болған тарихи кезеңдердің арасында, яғни А.Македонский мен Ю.Бгориннің арасында атай екі жарым мың жыл жатыр.
Бесіншіден, көшпелілер өркешінде VІІІ- ХХ ғасырдың өзінде- ақ күй және ән өмірінде музыкалық жанрлардың сараланып үлгеруі аймағы. Міне, бұл дәлелдер музыка мәдениетіміздің, оның ішінде күй өмірінің тарихи- рухани болашағында ерекше мәртебелі орыны бар екенін көрсетеді.
Сонымен қатар басқа елдерде де музыка өнері орта ғасырдағы айтарлықтай дамыды. Орта ғасырлар дәурінде Европа елдерінде әуесқойлық, фальклорлық және кәсіби музыкалық басын біріктірген музыка мәдениетінің жаңа түрі- феодалдық музыка қалыптасты. Сол кездегі әлеументтік рухани жағдайларда тіркеулер билейтіндіктен кәсіби музыка өнерінің негізін храмдар мен монастырдағымузыканттар құрды, осылайша біртіндеп әуесқойлықтан гөрі, кәсіби музыка өнері дами бастады.
Франция да- трубадулар, Германияда- миннезигерлер өнері қанат жайды. Феодалдық папалар мен қамал- қорғандарда түрлі эпикалық әндер, ронда- баллада, конккола, вирель атты музыкалық жанрлар өрбіді. Шығыс елдерінде виега, аютна сияқты аспаптар, ансамбльдер пайда болды. Музыканы хатқа түсіру нота жазуы қолданыла бастады. VІ- VІІ ғасырлардан бастап Батыс Еуропа жалғыз дауысты шіркеулік музыка өрістеді. Ол григориандыық ән айту деп аталынды. ХІІ ғасырда Франциялық Париж соборында алғашқы композиторлық мектеп ашылды. Музыка шығармаларының жанрлары көп. Ерте уақыттан келе жатқан жыраулық ән терме, жар-жардан бастап опера мен оркестрмен үлкен концертке дейін дамып жетілген көптеген жанырларымыз бар. Әрине бұлардың бірқатары үнемі өнеге ала дамыды. Жанр музыкалық шығармаларының түрлері деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз француздар тілеген жалпы халықтық искуствалық терминге айналды. Ән музыкасы - дауысқа арналып жазылған мелодиялы музыкалық шығарма. Алғашқы қоғам дәурінде ән музыкасы күнделікті тұрмыста, еңбекте өзіне лайықты орын ала бастады. Ән музыкасы алғашқы кезеңінен бастап, бүгінгі социолисттік өмірге дейін үлкен тарихи кезеңдерден өтті. Әр қоғамның өзіне тән тұрмыс- салт өлеңдері өз ырғағымен, өз сазымен ауыздан- ауызға тарап, халық ортасында бағасын алып отырды. Ән дегеніміз - үнділік, көркемдік қасиеттері бар мелодиядан, құрамды сөзі бар кейбір жақсы әндерді кездерде музыкалы аспаптарда ойнауға болады, одан ән мелодиясының көркемдік қасиеттері жоғалмайды. Өйткені бұл әндердің қанатты сөздері есте болада да, содан адам тыңдағанда өзінше қайталап отырады. Мысалы Б.Жақаевтің «Махаббат вальсі» мен қазақтың халық әні «Ғайша» т.б әндерді келтіруге болады. Ария, терме, романс, кавантина , баллада барлығы жалпы музыкада вокалдық музыка деп атайда. Вокал деген сөз дауыс деген ұғымды білдіреді. Ал, аспаптық музыка дегеніміз- аспаптар сазының үндесуінен туатын музыка. Аспаптық музыкада бірнеше түрге бөлінеді: жыр, ертегі, мазақтау не жыр адалары, күй, сиюта, саната, симфония, балет т.б. Романс- (романсс деген испан сөзі)- музыкалық аспаптың сүйемделуімен бір дауысқа жасалған лирикалық ән. Ария деп- көлемді драммалық көтеріңкі шабытпен айтылатын операның, ораториямен комтатаның бас кейіпкерлерінің жеке дауыспен, оркестрдің сүйемелденуімен орындалған. Ария жанры соңғы кезде кейбір музыка аспаптарына да арналып жазылып жүр.
Саната- жеке музыкалы аспаптарға және ансамбльдерге арналып жазылған, 3-4 бөлімнен тұратын классикалық музыка жанры. Саната деген- сөз итальянның сонаре деген сөзінен алынған, қазақша үн шығару дегенді білдіреді. Классикалық саната бөлімнің өзіне тән мазмұны мен идеясы бар, күрделі көркем образды шығарма.
Санатаның 1 бөлімі- шапшаң, екпінді, жылдам болып келеді де адамның өмірімен тығыз байланыса құрылып, сонымен бірге оның бақыты үшін күресетін, сезімді елестеткендей, көркемді образдар мен беріледі.
2 бөлімі- жай, салмақты лирикалы ән мелодиясынан құрылып, ашық мәнерлі, айқын дауысты болып келеді.
3 бөлімі- көбінесе тез, шапшаң айналып, симфониялық би музыкасы мен ритмдері арқылы оптемисттік музыкаларға ауысады. Музыканың бұл жанры- халық арасына кең таралған классикалық санатаның формасы, Батыс Европаның Бах, Гайди, Моцарт, Бетховен т.б. композиторынан басталып, Орыс композиторлары- Скрябин, Маяковский, Фахманов, Чайковскилар арқылы совет композиторлары Богатырев, Факов сияқты талай иелеріне келіп жетті.
Увертюра- симфониялық оркестрлер үшін музыка аспаптарына арналып жазылған көлемді шығарма. Увертюра- симфониялық музыканың негізгі жанрларының бірі болып табылады. Увертюра өзінің тарихи дамуы жасында симфониялық музыканың арқауы. симфония және симфониялық поэманың жанрға айналуына үлкен әсерін тигізеді. Симфониялық поэма негізі увертюрадан шыққан. Увертюра қазақша- аш, ашу, босату деген ұғымды білдіреді. Күрделі музыкалық шығарманың ішінде симфониялық деген жанрдығ аты жиі кғездеседі.Симфониялық музыка деген 15- 16 ғасысырдан бастап бір бөлімнен тұратын музыкалық, инструменталдық шағын шығармаларды айтатын болған. Симфония- грек халқының сөзі, "дыбыстар бірлестігі" деген мағынада симфонияның көбіне үлкен философиялық терең идеялы көркемдік шығарма болып келеді. Симфония әр уаұытта үлкен музыкалы коллективтен құрылатын оркестрге арналып жазылады. Симфониялық музыка жанрының даму тарихына үлес қосқан композитор А.В Бетховен. Симфониялық жанр орыс және совет композиторларының творчествосында да өте кең орын алды.Оркестр – ( грек. orchestra – ежелгі грек театры сахнасы алдындағы шағын алаң ) – музыкалық шығарманы әр түрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар коллективі. Оркестр мен аспаптық ансамбльдің арасында өзіндік айырмашылықтар бар. Ансамбльде әрбір парттияны жеке музыкант орындайтын болса, оркестрде бір партиянын өзін бірнеше бір текті аспаптар қосылып орындайды. оркестрдің жоғарғы формасы – симфониялық оркестр. Оның құрамына ішекті, ағаш және жез, сондай-ақ соқпалы музыкалық аспаптар кіреді. Оркестрдің бұдан басқа ішекті аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, камералық оркестр деп аталатын түрлері бар. Оркестрдегі орындаушы коллективтің өзіндік ерекшелігіне орай әскери оркестр, эстрадалық оркестр болып бөлінеді. Ұлт аспаптар оркестрінің алуан түрі бар. Симфониялық оркестрдің пайда болуы 16-17 ғасырларға саяды. 18 ғасырдың аяғында симфониялық оркестрдің классикалық түрі қалыптасты. Оның 19 ғасырда қанат жаюы үлкен симфониялық оркестрдің пайда болуымен сипатталады. Оркестрдің дамуына Г.Берлиоз, Р.Вагнер, Р.Штраус, Г.Малер, П.И.Чайковский, Н.А.Римский-Корсаков, И.Ф.Стравинский елеулі үлес қосты. Оркестрдің тамаша үлгісіне қазақтың ұлт аспаптар оркестрі, қазақтың симфониялық оркестрі жатады.
Симфониялық оркестрдің құрамына кіретін ішекті аспаптар : скрипка- төрт ішекті ысқышпен ойналатын аспап, Альт- скрипка тәрізді, қоныр дауысты аспап, Виолончель- скрипкаға ұқсас, бірақ одан 2-3 есе үлкен төрт ішекті аспап, Контрабас- ішекті аспаптардың ішіндегі ең төменгі дауысты, көлемі жағынан үлкен, төрт ішекті аспап.
1981 жылы Алматыда " Отырар сазы " фольклорлық ұлт аспаптар оркестрінің ашылуы үлкен әлеуметтік мәні бар оқиға. Оркестрдің негізі Құрманғазы оркестрі сияқты жетілдірілген домбыра мен қобыз топтарынан тұрады. Сонымен қатар оған Б.Сарыбаев қалпына келтірген аспаптар: сыбызғы, сазсырнай, керней, шертер, жетіген, шанқобыз, үш ішекті домбыра, дауылпаз, қонырау, асатаяқ кірген еді. Бұл оркестрдің тембрін өзгертіп, халық жақсы көретін қоныр күмбірге жақын апарды.
Оркестрдің репертуарына мғдениеттің көне қабаттары болып саналатын Оңтүстік және Шығыс Қазақстан күйлері кірген. Оркестрдің өзіндік мәнерің қалыптастырған талантты компазитор, күйші Н.Тілендиев болатын. Тындаушымен етене араласа білетін, көпшілік сұранысымен жақсы талғамды ұштастыра білетін композитор аса көркем дүниелер туғызды, халық күйлерінің біразын оркестрге түсәрді. " Отырар сазының " коцерттері күй мерекесіне айналды, оркестрдің репертуарын көркем өнерпаздар көшіріп ала бастады.
Н.Тілендиев концертінің ерекше түрін тудырған еді. Ол жасаған оркестрлік композициялар үні жағынан шағын кеңістікке арналған. Ал бұл халықтын музыкалық ұғымына өте жақын. Ол халық аспаптары оркестріне арнап " Ата толғау "," Мұрагер ", " Қайрат " увертюрасын, " Алтын дән " ( поэма ), " Еңбек қуанышы " және т.б. көптеген шығармалар жазды.
Сондай-ақ компазиторлар М.Қойшыбаев, Х.Тастанов, Б.Жұманиязов, К.Күмісбеков, А.Жайымов, Ж.Тезекбаев, Е.Үсеноатердің де шығармалары – бүгінде хлық аспаптары оркестрінің репертуарынан берік орын алған туындылар.Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселенің бірі болып табылады.Музыка мектептері жалпы мектептері мен жалпы білім беретін мектептер саласындағы әуесқой оркестрлер мен ансамбльдердің жұмысы оқушыларды әсемдік әлеміне жетелеп, оларға эстетикалық тәлім- тәрбие берудің бірден бір тәсілі болып табылады.
Оркестр түрлері: " Симфониялық оркестр ".
Олардың құрамы - ішекті, үрмелі, ұрып ойнайтын, скрипка, виолончель, альт, контрабас т.б. аспаптардан тұратын оркестрдің жетілдірілген түрі.Халық аспаптары оркестрінің құрамы: домбыра, қобыз, бас қобыз, прима, сырнай, контрабас, шаңқобыз, қылқобыз, жетіген, шербер, саз сырнай, бас домбыра, соқпалы аспаптар. Мысалы: " Отырар сазы " оркестрінің сахнада орналасу тәртібі. Сонымен қоса үрмелі ( духовой ) аспаптар оркестрі құрамы. Труба, волторна, бас,кларнет, соқпалы ас, флейта, саксафон т.б.
Әуесқой орыс халық асапатары аркестрінің құрамы: балалайка, баян, балалайка бас, домры бас, гусли т.б.Оркестр – коллективтік творчество. Оркестр дайындығының мынадай жұмыс түрлері болады.
- Шығарманы бастан аяқ бірнеше рет қайталап, көркемдік дәрежеге дейін жеткізу.
- Шығарманың техникалық жағын жетілдіру.
- Оркестрдің жеке топтарымен дайындық.
- Концерттік дайындық.
Оперетта (ит. Operetta – кішкене опера) – музыкалы комедия. Оперетта театрда қойылады, сюжетті операға қарағанда жеңіл болады, көбінесе көңілді оқиғаға құрылады. Либреттадағы текст ән, ария, хор немесе ансамбльмен орындалады.
Кейде текст құр сөзбен айтылады. Би жанры басым болады. Вена классигі И.Штрауз (баласы) Венгр композиторлары: Ф. Легар, И. Кальман оперетта жанрында көп еңбек сіңірді. Ұлы Октябрь революциясынан кейін оперетта жанры совет елінде дамып өрістеді. И. Дунаевскидің «Еркін жел» («Вольный ветер»), европалық авторлардан Ж. Оффенбактың «Әсем Елена», ( «Прекрасная Елена») оперетталарын айтуға болады.
- Сол сияқты ладын жұмсақ, олардың жағымсыздығы деп не жетпейді.
Практиканың 3 бөлімі- «музыкалық аспаптар» бұл да екіге бөлінген. Алғашқысы «Кең таралған музыкалық асапаптардағы топдардың қалыптасуы » жатады. Келесі тарау тамбур аспабының ерекшеліктеріне арналған.
«Музыка композициясы» - тракттатың соңғы бөлімі. Бұнда музыкалық әуеннің поэзиямен байланысты алғашқы түрі сан алуан ерекшеліктеріне тоқталады жағымды және жағымсыз топтардың кестесін келтіре отырып, оларды 12 салаға жіктейді.
Фарабидің көңіл бөлген мәселелерінің бірі – тәжірибе. Ол жүре біткен музыкалық тәжірибе арқылы әсем әуендерді әсерсіз, жасық мақалдардан ажырата білуге болады деген: «музыка шығаруды үйренуге келсек, ол үшін әрегрессия түрлі жанрда музыка үлгілерін көп тыңдап, ұзақ уақыт жүйелі түрде, үнемі жаттығу керек » деген жерде байқау керек. Біз үшін Әбу Нәсір Әл- Фарабиеңбектері аса қымбат мәдени мұра.
Осындай қарапайым халық музыкасымен елігу біздің жеке басымыздың төл ісі еді. Мезгіл-мезгіл өзінше бір «Музыкалық көңіл күй» пайда болып отырды: балалардың отыра қалып, ойнағысы келіп кететін. Мұның өзі көбінесе күн батқаннан кейінгі тымық кештерде, жерге әлі де біраз уақыт көк жиектің ар жағына жасырынған күн сәулесінің ұшқыны жарық беріп тұрған кезде тұрған-ды. Музыканың бізге қуаныш пен қанағаттанарлық сезім әкелуінің өзі біз үшін аса зор бақыт еді. Музыкалық мелодия адам жанын тәрбиелейді, сезімге адамгершілік тәрбие береді. Сонымен Ресей балалар музыкалық тәрбиесінің қалыптасу тарихынан хор мен ән айту, музыкалық сауаттылық саласында музыкалық тәрбиенің үдемелі (проогресті) жүйелері (А.Н.Карасаев, С.И.Миропольский, А.Л.Маслов, В.Г.Каратыгин, және т.б.). педагогиканың бір түрі – музыкалық педагогика. Музыкалық педагогиканың прогресшіл қайраткерлері (Б.В.Асафьев, Б.Л.Яворский, Н.Я.Брюсов, Н.Л.Гродзенская, В.Н.Шацкая және т.б.). Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық тәрбиесіндегі шығармашылықтың даму жолдары. Педагог-музыкантты дайындау Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық-педагогикалық концепциясы. Славян халықтарының музыкалық білімінің дамуы. Белоруссияның жалпы білім беретін мектептеріндегі «Музыка» пәнінен сабақ беру жағдайы. Білім жүйесінің мамзмұндық және құрылымдық біртұтастығы: оқу пәні, сыныптан және мектептен тыс сабақтардың түрлері. Сөйлеу және ырғақты интонацияның, қарапайым музкыалық суырыпсалудың жаңа технологиялары. Прибалтика мекетпетеріндегі жас ұрпақтардың музыкалық тәрбиесіне қысқаша тарихи шолу. Оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытудағы фольклор, ән салу, мерекелік дәстүрлер. Оқушыларға музыкалық тәрбие берудің әдістемесі, мақсаты, принциптері, мазмұны. Ноталарды оқитын ЙО-ЛЕ-МИ реалитивтік жүйесі (әндер жинағы, оқулықтар, оқуға арналған ильм және т.б.) оқу мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер: идеялық,. Көркемдік, түсініктілік, педагогикалық тиімділік, бірізділік, әртүрлілік, өзара байланыстылық және т.б. баланың жалпы дамуына музыкалық тәрбиенің ықпалы және әдістемелік тәсілдердің тиімділігі (музыкуалық тәрбие берудің динамикалық даму бағдарламасы бойынша жұмыс, балалар хоры, музыка сыныптары және т.б.). бастауыш және жоғары сыныптарының сабақтастығы. Өзбекстан Респуликасының рухани және мәдени қайта өрлеу дәуіріндегі оқу-ағарту реформалары. Музыкуалық фольклор – ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Тарихи даму барысындағы көркемдік құндылық пен рухани байлықтың маңыздылығы. Орта ғасырдағы Таяу және Орта Шығыыс ғалымдар-энциклопедистерінің музыкалық-педагогикалық мұралары (әл-Фараби, Ибн Сина, және т.б.) олардың педагогикалық идеялары. Аль-Фараби музыкалық педагогикада ғылыми-рационалистік бағыттың негізін салушы, оның музыкалық-педагогикалық мұрасы. Ибн Синаның музыканың шығу тегі мен пайда болу теориясына қосқан үлесі. Музыкалық-педагогикалық білім саласында мамандарды дайындауға ғалымдардың ғылыми-педагогикалық көқрастары (музыкадан мектеп бағдарламасының бағыты, балаларға музкыалық тәрбие берудің ерекшеліктері). Түременстанда музыкалық білім беру мен музыкалық мәдениеттің дамуы, осы кезге дейінгі бар тәжірбиелерді қорытындылау. Музыканың кеңінен тараған дәстүрлі түрлерінің ерекшеліктері. Орта Азиялық мемлкеттердің музыкалық-педагогикалық білім жүйелелерінің жақындастығ (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан).