Нистрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы оқу- құралы Семей-2011
Вид материала | Документы |
СодержаниеСӨЖ тапсырмалары |
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, 1584.64kb.
- Аманжолов к. ҚАзақстанның Әскери тарихы, 1930.62kb.
- Теория-композиторлық факультет Музыка тарихы кафедрасы бакалавриат, 358.01kb.
- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 169.13kb.
- «№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы, 831.2kb.
- Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.), 841.93kb.
- Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз, 753.32kb.
- Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі, 5624.76kb.
- Намазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі, 5625.43kb.
- Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы, 130.56kb.
СӨЖ тапсырмалары:
- Музыкалық білім мен тәрбиенің мазмұнын анықтау
- Қазіргі уақытқа дейінгі музыканың жету жолдары
Қолданылған әдебиеттер:
- А.Қ. Жұбанов «Ән- күй сапары»
- Алматы, Қазақ СССР-нің « Ғылым » баспасы , 1976 ж.
- А.Қ. Жұбанов : «Өскен өнер» - Алматы: Ғылым, 1985 ж.
14-Тақырыбы: Музыкалық сабақтарды құруда дидактикалық және спецификалық принциптер.
Жоспары:
- Дидактикалық материалдарды қолдану тәртібі
- Сабақтарда көрнекіліктердің орындары
Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени-рухани мұраның жетістіктерін келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін жастардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп тұрады. Эстетикалық тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тоғысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдалы әлемге жаңа қатынас орнатады. Әрбір адамның әсемдікті сезіне білу тек рухани қатынас үшін ғана емес, жемісті еңбек ету үшін де қажет. Адам қалай салада жұмыс істесе де, ол- физик, математик, жағрафияшы немесе химик болсын әсемділік пен сұлулықты көре білу керек.Суретшінің қиыстыруындағы (композициясындағы ) сәтті табылған тұтастай түстік үйлесім сияқты, математике де сәтті шығарылған математикалық шешімнің өзіндік сұлулығы эстетикалық қанағаттану сезімі мен ләззаттануды туғызады. Сонымен жаппай музыкалық педаголикалық практиканы тамдау сынып оқушыларының интонациялық қабылдау, гармония, эстетикалық қабылдау, эстетикалық тамғыш сияқты манызды категорияларды тәрбиелеуге жетелейді. Музыка өнерінің мақсаты-жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыру, олардын бойында белгілі бір адамгершілік – эстетикалық мәдениетті, көркемдік шығармашылық әдетті тәрбиелеу. Осы мағанада алғанда музыкамен қалыптасқан эстетикалық категория ретіндегі үлесімділік ұғымына енген мазмұнға жақын келеді. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.
Бірінші міндет: Музыкалық әртүрлі іс-әрекеттр арқылы оқушының сезімін ояту.
Екінші міндет: музыканы сезім арқылы түсінуге болады.
Үшінші міндет: музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындау білуге үйретуде орындаушылық дағдыны менгерту. Ендеше қазіргі міндет музыкалық тәрбие жүйесін жаңадан жасау қажеттілігін мемлекеттік денгейде мойындау және соған қажетті саяси эканомикалық және әлеуметтік жасауды қолға алуда.
Қорыта келгенде-этникалық тәрбие беру қазіргі заманғы мектептердің мақсаттары мен міндеттерінің құрамдас бір бөлігі.Эстетикалық тәрбие туралы ғылымның салалары педагогика мен эстетиканы ұштастырған, сондай-ақ мәдениеттану, өнертану және әдебиеттанудың негіздеріне сүйенген ғылыми зертеушілердің шектескен жері ретінде қаралады. Эстетикалық тәрбие музыка өнеріне музыкалық дыбыспен, сазбен, әуен мен жасалған көркем бейне арқылы жүзеге асады. Музыка сабағында бірінші мектепөмузыкалық ісөәрекет арқылы оқушының сезімін ояту. Сезімді ояту үшін қабылдауды активтендіру мақсатында музыка тыңдау, оны кең көлемде талдау, музыканы дидактикалық ойындар, нота сауаты хормен ән айту дағдалары, бел қимылдары, суырыпсалма, аспапта ойнау, тындаған музыкалық шығармадан алға әсерін суреттеп, бейнелеу сияқты жұмыстар жүргізеді. Бұл оқушының біртіндеп тәжірибе жинақтап, тиісті дағдылар алуына көмектеседі. Музыка – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірджегі әсемділікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Ол адамның өзін-өзі тануына көмектесетін, юір мақсатқа бағыттай алатын, олардың эмоциялық сезіміне ерекше әсер ететін құдіретті күш. Баланы жастайынан өнерге бауылып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тарттқызудың мақсаты – осы күні етек жая бастаған халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту – бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдында негізгі үш міндет қойылады:
Бірінші міндет: Музыкалық дәстүрлі іс-әреткеттер арқылы оқушының сезімін ояту.
Екінші міндет: Музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу.
Үшінші міндет: Музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйректуде орындаушылық дағдыны меңгерту.
Сабақта өтілген материалдардың есте ұзақ сақталуы үшін әннің тақырыбы мен тыңдалатын музыканы “Кім тапқыр?” ойыны арқылы меңгертуге болады. Мысалы: “Отан” (И. Нүсіпбаев) әнін үйрететін болсақ, осы сөзді жасырып тақырыпты әріп бойынша табамыз.
О
Т
А
Н
Әннің тақырыбын тауып “Отан” сөзінің әріптерін ауыстыру нәтижесінде бернеше сөз құрастыруға болады.
Отан – От – Ант – Ат – он – Нота – Тон
Осы сөздерден “Нота, тон” деген музыкалық терминдерге тоқталуға болады. Әннің мәтінінің мазмұны оның нотасына, яғни гармониясына, ладқа, екпінге және ырғағына сай келуі туралы түсінік беріледі. Сабақты қазақ тілі пәнімен байланыстыра отырып, ойын ойнату барысында оқушының музыкаға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туады. Нотаның ұзақтығын түсіндірген бейнелеу пәнімен байланыстырып көрнекілік қолдану негізінде, материалды қызықты, әрі өте түсінікті қарапайым түрде игеруге әбден болады. Нотаның ұзақтығын мысалмен, яғни алма арқылы түсіндіреміз. Алманың суретінде нотаның ұзақтығына сай бөлікке бөлінген көрнекіліктер пайдаланамыз.
Нотаның ұзақтығын толық меңгерген соң есеп шығарту арқылы меңгерген білімдерін бекітуге жағдай жасалады.
0 - d = ? d + d = ? ♪ + ♪ = ? d + d = ?
♫ + d = ? d + d = ? d - d = ? d - ♫ = ?
Кез келген музыкалық шығармаларды орындамас бұрын, оны алдымен тындатып алған дұрыс:
- алдымен шығарманың өз күйінде, толығымен орындап немесе үнтаспадан тындатып, оған қысқаша сипаттама береді;
- шығарманың бөліктерін даралай түсіндіреді, оның жеке эпизодтарына тоқталып, ажырата талдайды;
- оның адам жанының ішкі сезіміне тигізетін әсері қарастырылады;
- шығармада орындалатын музыкалық аспаптарға, олардың құрылысына, шығу тарихына қысқаша түсінік беріледі;
- шығарма тындалып болысымен мұғалім балаларды ойлануға, тұжырым жасауға, өз ойларын ортаға салуға ерік береді;
- тұжырымнан кейін балалардың естерінде сақталып қалуы үшін шығарманы тағы бір рет тыңдатады. Тыңдатылған музыкалық шығармаларды, әндерді орындау. Мұндағы басты мәселе:
- ән айту алдында түрлі және жеңіл жаттығулар жасалынады (распевка);
- баланың отырысана, тұрысына, тыныс алуына басты назар аударылады;
- орындалатын әндер жиынын, балардың дауыстарына ыңғайлы және баланың есіне тез сақталып қалатындай болуы қадағаланады;
- халық әндеріне сүйіспеншілігін арттыру мақсатын балалар репертуарына дәстүрлік шығармаларды (терме, жырау, аңыздар, халық әндер т.б.) көбірек еңгізу көзделеді; Келесі әдіс-тәсілдердің бірі - тыңдатылған орындалынған музыкалық шығармаларға ырғақтық қимыл-қозғалыстар жасау болып табылады.
- әсіресе дәстүрлік күйшілеріміздің (Құрамнағзы, Дәулеткерей, Дина, т.б.) әншілеріміздің (Біржан сал, Ақан сері, Кенен, Майра, Нартай т.б.) туындыларын көбірек тындатып оларға қимыл-қозғалыстар жасай білу;
- ырғақтық қимыл-қозғалыстар жаасай отырып, әнді де орындай білуге дағдыландыру. Музыка сабағындағы эстетикалық тірбие тағы бір басты элементтердің бірі: Музыкалық аспаптарда ойнау болып табылады:
- музыкалық аспаптарды әуенсіз, әуенді түрлерінен ажырата білуі;
- ең қарпайым музыкалық аспаптарды (ағаш-қасықтар, бубен, сылдырмақ т.б.) қолдана білу;
- аталған музыкалық аспаптардың құрылыстарымен танысып және олардың дауыстарын ажырата білу қажет.
- аспапты игерумен қатар ән айта білуді ұштастыру;
- шағын балалар оркестірін ұйымдастыру.
Оқушылар І сыныптың ІҮ тоқсанында бірнеше музыкалық аспаптармен танысады. Мысалы: “Жетіген” аспабымен таныстырғанда, осы аспаптың шығу тарихы жөнінде аңыз айтып, әңгімелей әдісі бойынша түсіндіріп, “Жетіген” аспабы туралы нақты мәлімет беру өз нәтижесін береді. Осы аспаптың суретін көрсетіп, дыбысталуын үнтаспадан тыңдатып болған соң, жетіген аспабының суретін үйден салып келуге тапсырма беруге болады.
Осы сабақта “Ойлан тап!” ойынын ойнату оқушылардың дүұние танымын кеңейтіп, ойлау қабілетінің артуына, яғни өзіндік жеке жұмыс жасауына жағдай туады. Мысалы: жеті санына ассоциация құруға болады.
Нота
Керемет Күн
Қат аспан
Су Ген
Күлше
Музыка тілі – басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Себебі: музыкалық шығармадағы мәнерлеу құралдарын көзбен көру мүмкін емес. Музыкалық шығармадағы барлық оқиға жемісі дыбыс үнінің құдыретті тілі бойынша беріледі. Музыка өнерін ерекшеліктерінің бірі – тілмен жеткізе алмайтын, адамның жан-дүниесіндегі құбылыстарды дыбыс арқылы өрнектеу. Музыка сезімге әсер етіп, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.
Әсем ән мен тәтті күйден, өнер атаудан ләззат алып, адамгершілік биік мұраттарға ұмтылады. Оқушылардың музыканы қабылдауы негізінен мектептегі музыка сабағында қалыптасады. Мектептегі музыка сабағының мақсаты рухани дүниесі жан-жақты дамыған, салауатты өмір салтын берік ұстаған өз халқының өнеріне, оның ішінде дәстүрлі музыкалық өнеріне (жыр, терме, толғау, дастан, ән, т.б.) дұрыс көзқараспен қарайтын жеке адам тәрбиелеу болып табылады.
Музыка – эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлауқабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды. Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі. Ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнерді, оның ішінде музыканың атқарар ролі ерекше. Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын құралына айналдырады. өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызыметтерінің бірі болып табылады.
Музыканың мынандай қызыметтері бар: эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру және дамыту), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеқызыметі өзіндік ұралы ретінде әрекет етуі және т.б.).
Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталаады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес. Музыка күші оның жан-жақтыәсер ететіндігіне (ерік-жігерге, ақыл-ойға, ойлауға, «логикалық сезім»)байланысты: Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан «өзінен-өзі» дамиды және ол үшін мұғалім тарапынан арнаулы күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыр үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне көңіл бөлуді қажет етеді.
Музыкалық материалды игеру үстінде оқушыарда гармония жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер қажет. Мұғалімге жаңа технологияның ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу қажет. Білім берудің мақсаты оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері мақсат, мазмұн, форма, әдіс, оқыту көрнекілігі болса, бүтінде жаңа технология бойынша оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту болып өзгерген.
«Нені оқыту керек?» деген сұраққа мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік дамығанынан жаңа технологияны пайдалана біліуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігіен іздеу керек.
Бұлар мұғалімнің педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру барысында ескерілетін тәрбиелеу, оқыту заңдылықтары ме ұстанымдарында ерекше көрінеді. Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білу, оқу материалы мазмұнын логикалық-дедактикалық тұрғыдан талдай білу керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді. Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білген жөн. Шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны. Топпен жұмыс істеу арқылы студенттерді еркін ойлауға, пікір таластыруға және пікір алмастыру арқылы сын тұрғысынан өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуге үйретуді мақсат етеді. Топпен жұмыс студенттерді ойлауға құлшындырады. Бұнда сабақ өткізетін бір топты екі немесе төрт топқа бөлу көзделеді. Әр топ сабақта өткізіліп отырған мәселеге байланцысты өз пікірін білдіреді, бұл олардың сабаққа деген белсенділігін, қызығуын арттырады, қарсы пікірді нақты дәлелдер арқылы жеткізуді үйретеді, тез ойлануға, жылдам жауап беруге баулиды, қысқасы мұндай сабақ баланы тұйықталудан құтқарады.
Оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау ұстаздың міндеті. Ендеше бірігіп жұмыс жасау олардың қызығуын тудырады, қабілетін ұштайды, ал оғнан тәрбиелік бағыт беру студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге және білім алуға бейімдейді. Сабақтың сапалы болуы үшін оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі, ал мазмұны қазіргі теория ғылымында жаңалықтарға сай болуы шарт. Ешкім де педагог болып тумайды, бірте-бірте қалыптасады. Ол үшін оның бойында а)психологиялық-педогогикалық білім; ә)шеберлікпен шектесетін ептілік; б)дентолоиялық мүмкіндіктері, ерекше ұстаздық мінез, ойлау қабілеті болмағы ләзім. Дентологиялық жүріс-тұрыстығы, қылықтығы, әрекеттегі парыздылық туралы ілім. Мақсатымыз өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау ) қалыптастырумен қатар ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам, сезім дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты ұйымдарда ұйымдастырылған көпшіліктің құрама оркестрін халықты бірн іске, мақсатқа топтстырылып достыққа ынтымақтастыққа ықыластандырады. Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту аппараттардың дамуы, музыкалық аспапты ұстау, оны шеберлікпен меңгеру, педогогикалық, психологиялық дайындық әдістемелік шеберлік, жаңа технологиялар енгізу қажет.
Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мнадай жағдайларда қамтиды:
- Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру.
- Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.
- Жаймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
- көмейдің тұрақты қалпы, оның маңызды қасиеті.
- дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты келтіру.
- Музыкалық шығармаларды терең түсініп өз мәнерінде айту.
Жалпы сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын ,кіріктірілген сабақ, саяхат аралас сабақ түрлерін жиі өткіз әдетке айналғаны жөн. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пән аралық байланысқа көңіл бөлген жөн.
Жаңашыл педогог Ш. Аманшвилидің ойын әдәсі арқылы дедактикалық ойындарға баланың танымдық ынта-ықыласын күшейтіп, оқудың қиын процесін жеңілдетуге рөлін айқын көрсетеді.
Ойын түрін оқу үрдісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау, қайталау ой-қиялын өрістетуге , белсенділігңн, ұмтылысын, істі ақыл-оймен атқару қабілетін қалыптастыруға жаңа технология үлкен жол береді, негіз болады. Музыкагы үйрету, есту, тыңдау барысында оқушының ой-толғанысын жандандырады, жігерлендіреді, ой-қиялын өсіреді. Оқушылародың шығармашылқ қабілетіне импровизация да жатады. Импровизация – музыканы түрлендіре білу қабілеті. Бұл тапсырмалар оқушының ой-өрісін ұштайды. Балалардың қиялдай білунің мәні айрықша. Баланы музыка арқылы қиялдауға үйрете отырып, өмірге дайындаймыз. Бұл проблема ізденуге жағдай тудыру әдәсі арқылы жүргізіледі. Ол төмендегі жолмен саналы түрде жүзеге асады:
- Оқушы алдына мұғалімнің қойған нақты мақсаты.
- Мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әрекеті.
- толық, жан-жақты жасалған соңғы қорытынды.
Музыка пәнін түсініп қабылдау үшін бұл өнер саласының өзіндік ерекшелігін айқын аңғарып, табиғат құбылыстарын, өміршындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жоқ. Музыка тілі басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі.
Музыка өнерінің ерекшелігі сөз бен тілжеткізіп айта алмайтын, адамның жан-дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза эммоцияға әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.
Бала өзінің жан дүнесіне үлкендердің өктемдігін сезсе, ашылмай тұйықталып қалады. «балалығын тыйған, оның есейгендегі даналығын тиғанмен бірдей» - деп Ж. Баласағұн айтпақшы, музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану, оқушыларды аялап, эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп қанағаттандыру.
Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, дискуссия, іскерлік ойындар арқылы студенттер іс-әрекетімен мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Ойын варианттары көп болған сайын, модель айрықша, ерекше нәтижелі шығады.
Мысалы, музыка әдістемесінен сабақтың құрылымын жоспарлағанда студенттердің өз варианттарын, оны дәлелдеуді ұсынамын. Студенттер осы іс-әрекеттерді өзара келісе отырып, бөліп алып сабақ өткізуге кіріседі «ойнай бімеген, ойлай да білмейді»деген халық даналығын іскерлі ойында басшылыққа алып, студенттерді әр сабаққа кірісуін қамтамасыз етесмін. Сабақ барысында олар «әуенді тап», «Ауылға саяхат» және т.б. ойын түрлерін қызыға отырып жүргізеді.
Іскерлік ойындар кәсіптік бағдар беру ісіне, мамандықпен байланыстыруға мүмкіндік туғызады. Студенттер жеке басының көптеген мүмкіндіктерін ашады. Белсенді оқыту тәсілі аналитикалық ойлауды дамытуда студенттер өз пікірін анық, нақты, сенімді түрде айта білуге үйренеді, шешум қабылдай білуге машықтанады. Өздері талдау жұмысына қатысып, сын айта білуге, негізгісін біліп қаруға, аргументпен баға қоя білуге үйренеді.
Оқыттудың белсенді формасына лекция, әңгімелеуді жатқызуға болмайды деп түсінемін, студенттерге жаңа тақырыпты түсіндіруде, ақпарат беруде ең қысқа нәтижелі тәсіл лекция, әңгімелеу кезінде жағдаят туғызу сияқты белсенді оқыту формаларының элементтерін кіргіземіз. Оқытудың жаңа технологиясының ерекше сипаты интегралдау – педогогика және психология ғылымдарының басқа ғылымдармен байланысы. Еңбек тәжірибеге сүйене отырып музыка сабақтарын интегралдап өткізуге көп мүмкіншілік бар. Интегралды сабақты жүзеге асыру арқылы білім мазмұнын, құрылымын меңгерудің әдіс-тәсілдерін, құралдарын қажетті синтездеуге, оқушыға шамадан тыс күш түспеуіне мүмкіндік береді. Білімдерінің өміршеңдігіне, қажеттігіне көзі жетіп, білімге деген ынтасы, ықыласы артады, шығармашыл бастамасы оянады. Оқытудың жаңа технологиясы педагогикалық процесті ізгілендіру, оқу тәрбие жұмысы студенттің жеке басын дамытуға бағытталады. Білімның басқарушылық негізгі орыны қызымет тәсілдерімен, соның ішінде шығармашылықпен алмастыруды қажет етеді. Әр студент бойында меңгерген білім көлемін өмірде пайдалана білу бейімділігін тәрбиелеу ұстаздың басты мақсаты.
Қорыта келгенде, балаға эстетикалық тәрбие беруде, музыкаға ынталандырудың қандай формасы болса да, оның ести білу дағдысын, тыңдай білуге икемдігін, ойлана білу қабілетін, жалпы өнерге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталып отыру керек, сонда ған біз дидактикалық принциптерге бағына да, қолдана аламыз.
СӨЖ тапсырмалары:
- Дидактикалық материалдарды қолдану тәртібі
- Сабақтарда көрнекіліктердің орындары
- Оқушыларға музыканы оқытуда кездесетін специикалық принциптерді атаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Бастауыш мектеп» журналы № 6. 2005.
- «Бастауыш мектеп» журналы № 2. 2004.
- «Бастауыш мектеп» журналы № 9. 2005.
- «Бастауыш мектеп» журналы № 5. 2005.
- Қазақ совет энциклопедиясы . 8 том Алматы. 1974.
- Музыка. 6 кл. Алматы. Атамұра, 2002-2007.
15-Тақырыбы: Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың өзара байланысы
Жоспары:
1. Көркемдік-гуманитарлық цикл пәндерінің арасындағы ішкі байланыстар.
2. Шығарманы таңдау және орындауда оқушылардың іс-әрекет түрлері
Көркемдік-гуманитарлық цикл пәндерінің арасындағы ішкі байланыстарды анықтау, ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Музыканың басқа өнермен байланысы. Шығарманы тыңдауда, орындауда оқушыларды музыкалық өнерге тарту жолдары ретіндегі музыкалық іс-әрекет түрлері. Музыканың шығармашылық, эмоциональдық-құнылық қатынасының дамуындағы, көркемдік талғамын, танымдық қажеттілігі мен қызығушылығын тәрбиелеудегі іс-әрекет түрлері. Қазақтың ұлттық музыка өнері сонау ұлттық ауыз әдебиетінен басталған фольклорлық-этнографиялық өнерден бастау алып қанатын кеңге жайған, құлашын шыңға шарықтатқан өнер.Қазақ халқының ұлттық музыкасының өзіндік дәстүрлі, салттық қасиеттері жеткілікті. Соның нәтижесінде қазақ елінде мазмұнды, мағыналы, айтар ойы бар құнарлы музыка мәдениеті қалыптасты.
Қазақтың ұлттық музыка өнері ғасырдан-ғасырға дәуірлеп келе жатқан сарқылмас өнер. Уақыт зымырап, жылдар жылжып өткен сайын тамырын тереңге тартып, өрісін кеңейтіп, барынша даму үстінде. Бұған барша халықтың көзі әбден жетіп отыр.
Өзінің эмоциалық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциалық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциалық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.
Қазақтың халық әндерін мәтіндік жалпылығына және музыканы айту мәнеріне қарай эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, балалар, лирикалық, тарихи, әлеуметтік наразылық тағы сол сияқты әндер деп бөлуге болады. 60-70-жылдары республикада еуропалық инструменталды музыканың ең күрделі жанрларының бірі – Г. Жұбанова, К.Қожамяровалардың классикалық туындыларына жақын симфоникалық күй туды. Ұлттық аудиторияның ерекше ықыласына бөленген қазақтың монодикалық музыкасының оркестрі мен хоры болды. Ерекше кең таралған музыка ежелгі музыкалық аспаптармен орындалатын оқымысты-фольклористің қолдауымен құрылған «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрін атап өту керек. Бұл ұжымның айрықша, қайталанбас бейнесін дирижер, композитор, жетекшісі және домбырашы Н.Тлендиев жасаған еді.
Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда – мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.
Қазақстан Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Г.Есімова, Ә.Дінішев, Г.Қыдырбекова, А.Мұсаходжаева, Ж.Әубәкірова және әлемдік музка мәдениеті жұлдыздарының бесігі саналатын М.Бисенғалиева, Э.Құрманғалиева, апалы-сіңлілі Нақыпбековтер, И.Мұратбекова, Қ.Жолдыбаева, Т.Ержанова сияқты халықаралық деңгейдегі орындаушылар отаны. Бүгінгі күні республикада республикалық музыкалық ұжымдары белсенді жұмыс атқаруда: екі опера және балет театры, мемлекеттік филормония, ұлт аспаптар академилық оркестрі, бидің академилық театры, би және аспаптар ансамблдері және басқалар. Зайырлы Қазақстанның рухани-мәдени өмірінің ең белді шағы республикалық және халықаралық Конкурстар мен Фестивальдар . Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ академиялық театр, опера және балет театрында болған «Айман-Шолпан», «Шұға», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қамбар-Назым» және т.б. қойылымдардан бастап дами басталды.
Мемлекеттік академиялық би театрының репертуарында (1967 ж негізі қаланған, көркемдік жетекшісі халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік премиясының лауреаты, профессор Б.Аюханов) классикалық балет миниатюралар, «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, әлемдік хореографиялық бірактілі балеттері болды. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының «Гүлдер» мемлекеттік би ансамблінің негізін қазіргі эстрадалық хореографиялық билері құрайды.
Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабылетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.
Тәрбиенің аса маңызды құрамы -өнер.Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитын-музыка өнерін айтамыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, оардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы міңез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық , этикалық және адамгершілікнормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.
Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып, олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.Өскелен ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде ,бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы –музыкалық өнер .Соның ішіндегі бастауыш мектеп оқушыларының бастапқы музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оны басқару музыкалық –педагогикалық ғылымның өзекті мәселесі.Жалпы музыкалық білім беру, музыка өнері арқылы мектеп оқушыларына музыкалықтәрбие берудің педагогикалық шарттарын ғылыми-педагогикаық тұрғыдан негіздеп, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету қажет.
Музыка өнері арқылы оқушылардың музыкалық білім білім берудегі мол мүмкіндіктерді және оларды мектептердің оқу- тәрбие үрдісінде толық пайдаланбауы; музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми –педагогикалық негізін жасау қажеттілігі педагогика ғылымында бұл мәселенің белгілі деңгейде зерттелмеуі; музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыруды тиімді әдістемелермен қамтамасыз ету мен оның іс-тәжірибе жүзінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар айқын байқалады.
Музыкалық тәрбие негізінен жалпы білім беретін мектепте сыныптық- сабақ жүйесібойынша іске асады. Оқушыға музыкалық тәрбие беруде оқытудың принциптерін және әдіс-тәсілдері, соңғы технологияларды шебер қолдану ең қажет нәрсе болып табылады. Сонымен қатар сабақты дидактикалық ойындар,өзіндік жұмыс , ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату , музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты міндеттер болып табылады. Музыка сабағында оқушыларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеу мәселесін қарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тың мәселелердің бірі.
Жалпы музыкалық білім беру арқыы мектеп оқушыарынымузыкалық мәдениетін тәрбиелеу үрдісі тиімді болуы мүмкін, егерде:
- мектеп оқушыларын музыкалық мәдениетке тәбиелеудің ғылыми –педагогикалық және әдістемелік негіздері анықталса.
-Мектеп оқушыларын музыка өнері негізінде музыкалық мәдениеттіікке тәрбиелеу тиімдіігінің өшемдері көрсеткіштері мен деңгейлері аңықталса.
- оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларын музыка өнері арқыы музыкалық мәдениеттілігін қаыптастырудың музыкалық-педагогикалық шартары белгіленсе;
- оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны құрыыап, тәжірибелік-педагогиалық тексерістен өткізіп, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар берілсе, сонда ғана мектеп оқушылараның музыкалық мәдениеттілікке қалыптастырудың нәтижелілігі арта түседі.
Сонымен бірге,
-музыка пәні арқылы мектеп оқушыарының музыкалық мәдениетін қалыптастыру ғылыи-педагогикалық тұрғыда негізделеді;
-мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка пәнінің мүмкіндіктері, өлшемі, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталады;
-музыка пәні арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін қаыптастырудың педагогикалық шартары негізделінеді.
Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие-бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы үрдіс арқыы дмытады және адамның дамуына басшылық жасалады.Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира бйтақ дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай тәжірибесән жинақтап, өзіндік ерекшелікткрімен бала тәрбиесіне өте үлкен ықпал жасайды.
Бүгінгі заман талабы- еліміздегі болып жатқан саяси экономикалық , ғылыми-техникалық , мәдени өзгерістерге байлансты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр.Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған ,мәдениетті , рухани ойлау дәрежесі биік , шығармашылықпен қызмет атқара алатын , қоршаған табиғи ортаға , әлеуметтік ортаға икемдеу, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің ақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің негізгі міндеті –қоғамның қажетті талаптарының әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.
Мектептегі оқушыларға беріетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие.Эстетикалық тәрбие өнер құралдары арқылы ,яғни музыкада-дыбыс арқылы жасалынған көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытады. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні , мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады.
Қазіргі кезде жапы білім беретін мектептерді оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметті, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңірудіді қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тарбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке- жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, коп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұл тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші бланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, беинесін сақтап дамыта алатыны белгілі. Ал, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрін, қай саласын болсада сол фольклорымыздан тауып, ажырата аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбинің көздерін музыкалық фольклордан қарастырмақпыз. Әл- Фараби бабамыз музыканың адам психологисына әсері жөнінде- « Музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен лаззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты ойатады, қиалға жетелейді» - деп пікір айтқан. Халқамыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар.
Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалақ жырлар, тұрмыс салт жырлары, лирикалық әндер т.б міне осы фольклорымызбен- ақ ұлттық болмысымызды қалыптастыратын тәлім- тәрбие беріп отырған тарйхи шындық.
Еліміз егемендік алғалы бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. Атап айтар болсақ С.Ұзақбаева өз зерттеулерінде музыкалық фольклорымыздың педагогикалық мүмкіндіктерін және әдіс тәсілдерін ашып көрсетті. Ал, музыкаық фольклорымызды күнделікті оқу тәрбие барысында қолдану мақсатында жалпы білім беретін мектептердің музыка сабақтарының бағдарламалары жсалды.
1994 жылы А.Райымбергенов және С.Райымбергеноваларды бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арнаған «Мұрагер» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Бағдарламаны ерекшелігі блаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру. Бұл бағдарлама авторлары, белгілі музыка зерттеушісі, А.Мұхамбетова- «Баланын генетикалық мүмкіншіліктерін ұлттық дәстүр арқылы жеңіл ашуға болады, бұл жүйе балаға төңіректегі ортаны игеруге, қабылдауға көмектеседі» - деп аитқандай, халқымыздың дәстүрлі, рухани байлығына сүйене отырып және халық педагогикасының даму жетістіктерін ескере отырып, жаңа педагогикалық жүйе негізінде жасаған.
1955 жылы М.Балтабаев, Д.Берденова, У.Серікболовалардың бастауыш мектепке арналған «Елім- ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Осы бағдарламаның кіріспесінде белгілі ғалым М.Балтабаев- «Білім беретін жүиеге дәстүрді қоса кіргізу керек және бөлек этнографилық бөлшек түрінде емес, халық шығармашылығын біртұтас көркем ретінде беру қажет»- деп ерекше атап айтады.Бағдалама «Сарарқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елімай» тақырыптары аясында өрбиді.
Бастауыш меғктептерге арнап жасаған Ш.Құлманова, М.Оразалиева, Б.Сүлейменовалардың музыка сабағыны бағдарламасының бағдарламасындағы музыкалық материалдар, музыкалық фольклорымызды пайдалана отырып,балаларға ұлттық тәлім тәрбие беру негізінде құрылған.Бұл бағдарламаны негізгімақсаты: қазақ халқыны әдет- ғұрпын, салт-дәстүрін, өнерін қадірлеитін, оның өмірімен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымды дамыған, рухани бай, адамгершілік қасиеті мол және шығармашылықпен жұмыс атқара алатын тұлға тәрбиелеп шығаруға бағытталған.Қай бағдарлама болса да оның мақсатын жүзеге асыру, пәнді жүргізуші маманна теориялық, практикалық білім деңгеиіне, шеберлігіне және сабақты жүргізуге қажетті техникалық құралдармен музыкалық материалдың қорына байланысты.
Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан, әлемдегі елулікті қатарына кіру саясаты қоғам өміріні ішінде, білім беру саласына күн тәртібіне қойылыа отырған күрделі мәселелерді бірі – жаңа тұрпаттағы, жаңа ұстаздар даярау, білім беру қызметіне жаңаша көзқараспен қарау, қолжеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып салалау, жастарды шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында:«Қазіргі мектептердің – біріншіден: практикалық қызметінде жинақталған жетілдіру,
елімізді материалдық – қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым қатынас жасаулары қажет:» - деп атап көрсетілуі мұғалім іс-әректіне жаңа бағыт сілтейді.
Мұғалімге жаңа технологиянын ғылми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Мақсатымыз: өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін, өнерін қастерлейтін жәнеоны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылыққа ұштастыра білетін мәдениетті,өнерлі тұлға тәрбиелеу. Музка сабағында оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту аппараты дамып оны шеберлікпен меңгеруі қажет.
Музыканы үйрету, есту, тыңдау, шығармашылық іс-әрекет барысында оқушының ой толғанысы жанданып, жігерленеді, ой-қиялы өседі.Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жығдайларды қамтиды.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарыны мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру.
2. Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.Жамен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
Көмейдің тұрақты қалпы, оны маңызды қасиеті.
Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты келтіру.Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.
Жалпы сабақты дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат аралас сабақ түрлерін жиі өткізу әдетке айналғаны жөн. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа көңіл бөлген жөн.
Музыкалық тәрбиенің ерекшелігі – музыка пәні арқылы сөзбен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудырады.
Музыкалық тәрбие – жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін жәнеойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушырды халықтық музыкаға баулиды.