Атырау облыстық білім беру департаменті Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт
Вид материала | Документы |
СодержаниеУтепқалиева Манет Қазиханқызы |
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, 2889.34kb.
- Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы, 130.56kb.
- Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 27-28 қазан 2011 жыл, 5466.7kb.
- Конкурс қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындауға, оларды ынталандыруға,, 35.26kb.
- Қазақ тарихы – ТҮркілердің далалық Өркениетінің ҚҰрамдас бөлігі, 64.75kb.
- Концепция воспитания в системе непрерывного образования республики казахстан, 1182.18kb.
- Ылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы, 651.63kb.
- Әож 574. 6: 556. 51(282. 255. 5) Қолжазба құқығында, 429.38kb.
- 1. Негізгі құзыреттілік туралы түсінік, 424.14kb.
- Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау, 846.05kb.
Қазақстан тарихын оқытуда нәтижелі білімге қол жеткізу жолдары
Утепқалиева Манет Қазиханқызы
Атырау қалаасы, №30 мектеп
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Осы нақты бағыттарда жұмыстана отырып біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу - тәрбие үрдісін ұымдастыру ордасы болуы қажет. Бұл мақсаттар Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты биылғы халыққа жолдауында одан әрі жалғасын тауып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданған Қазақстанның стратегиялық дамуының 2030 жылға дейінгі дағыттары жас мемлекеттің ұлы таңдауы болса, қазір біз мемлекеттігіміз бен экономикамыз нық дамыған жаңа даму кезеңіне қадам басқан елге айналып отырмыз. Енді біздің алдымызда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның міндеттері тұр, яғни біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз қажет. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. Мұғалім тек өз пәнінің білгірі болып қана қоймай, оқытудың қашықтан жүргізу жүйесін, әлемдік интернет жүйесін пайдалана отырып күнделікті сабақта ақпараттарды пайдалануды дағдыға айналдыруы қажет.«Он-лайн тәртібінде оқыту тәжірибесін дамытып,елімізде оқулық теледидар құру қажет»[1],-делінген Елбасының биылғы халыққа жолдауында.
Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады.
Сонымен қатар, қазақстандық білім беру үрдісінде соңғы уақытта, көбіне, оқушының жалпы білім, білік, дағдысын қалыптастыру ғана басты назарда болып келді. Оқу-тәрбие процесі баланың жеке ерекшелігі ескерілмей құрылды. Қазіргі білім беруде біршама өзгерістер болуда. Оның кейбір тұстары ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъекттілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағыттылған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім үлгісі бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурызда халыққа жолдауында еліміздегі білім беру ісі, бәсекеге нақтылы қабілетті 50 елдің қатарына ену жолындағы білім беру саласындағы міндеттер айқындалған болатын. Білім мен технология дәуірінде өркениетті елдердің білім беру үрдісіндегі алдыңғы қатарлы, озық әдістемені өзімізге тәжірибеге енгізу, халықаралық білім стандартына сай оқыту үрдісін дамыту қазіргі мақсатымыз болып отыр. «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – делінген жолдауда. [2]
1999 ж. ҚР-ның Білім туралы Заңына сүйенсек, оның 8-бабында Білім беру жүйесінің міндеттері туралы басты міндет – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау делінген. Мемлекетіміздің мамандарға сұранысын қанағаттандыру үшін, қазіргі заманға сай білім мен дағдыны меңгеру үшін мемлекет білім сапасына үнемі бақылау жасап отырады. Ол туралы аталған құжаттың 35-бабында былай тұжырымдалған: «Білім сапасына мемлекеттік бақылау жасау білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге, бітірушілер мен мамандар даярлау сапасын арттыруға, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін мемлекеттік бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға бағытталған.» [3] Мемлекет тарапынан білім беру саласына көбірек көңіл бөлінген сайын ұстаздар шығармашылығы да кеңінен дамып келеді. Қазіргі кезде ең көп тараған оқыту әдістерінің бірі – дамыта оқыту арқылы нәтижеге қол жеткізу. «Айтылған нәрсе ұмытылады, көрсең – есіңде қалуы мүмкін, ал өзім бірге жасасам ол ұмытылмайды екен,»–деп қытай халық даналығында айтылғандай оқушыны даяр білімді құйып қоятын ыдыс көрмей, оны өздігінен білім алуға итермелеу, бағыттау тек шын шебердің қолынан келеді. Ал, бұған тоқталғалы отырған дамыта оқыту әдістері жатады. Бұл әдіс төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген – Л. В. Занков, Л. С. Выготский, Рубенштейн, Талызина сияқты ғалымдар. Қазақстанда Ж. А. Қарасаевтың зерттеулері де пайдаланылып жүр. Олардың пайымдауынша төмендегі принциптерді орындай отырып оқушының белсенділігін дамытуға болады:
- ең жоғарғы қиындықтағы материалды бірден оқыту – бұнда әдеттегідей ақпараттық, өнімділік, зерттеу сатыларының орнына бірден оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Оқушылар бірден зерттеу, іздену жұмыстарына тартылады;
- теориялық білімдердің жетекші ролі – ол игерілетін материалдың қиындық дәрежесін анықтайды. Құбылыстар мен фактілердің, тақырыптардың өзара байланысына негізделеді;
- оқу материалын тез қарқынмен игеру – өтілген тақырыпты қайта-қайта және біртекті қайталай беру игерілетін материалдың қорын молайтпайтын болғандықтан оқу жылдамдығын тездету;
- оқушылардың өздерінің оқу үрдісінің мәнін түсінуі – оқушылар ғылым негіздеріне жалпы адамзаттық және жеке көзқарастарын білдіреді;
- мақсатқа бағытталған, нашар және жақсы үлгеретін оқушылардың барлығын жаппай берілген материалды жүйелі түрде үлгертуге жұмыстану – бұл жерде мұғалім оқушылардың жеке қабілеттерін ескеруі қажет;
1999 ж. бастап еліміздің ЖОО-на қабылдау жаңа үлгімен жүргізіліп келе жатқаны белгілі. Оның бастапқы кезеңінде ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы кешенді тест сынағын өткізіп, сынақ нәтижесі көрсетілген сертификат беріп, сол нәтиже бойынша ЖОО-на жолдамалар беріліп келді. Сонымен қатар мемлекеттік емтихандар арқылы мектеп бітірушінің аттестаты берілетін болды. Ал 2004 жылдан бастап кешенді тест орнына бірыңғай ұлттық тестілеу енгізіліп мектеп бітірушілер мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырмайтын болды. Содан бері ҰБТ нәтижесі ЖОО-на түсуге де жолдама береді, әрі орта білім туралы аттестатқа да түседі. Сондықтан ҰБТ-ға енгізілген міндетті пәндер (ана тілі, математика, Қазақстан тарихы) үшін жауапкершілік жоғарылауда. "ҚР-ның жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары" [4] бойынша:
- мектепте тарих пәнін оқытудың басты мақсаттары;
- оқушыларда адамзат қоғамының ежелгі тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
ал басты міндеттердің бірі:
- оқушыларда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сенімді дамыту;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Жалпы Отандық тарих туралы білім негіздерінің мазмұнын айқындауда жетекші идея ретінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, олардың өзара байланысты бірін-бірі толықтыруы, білімді демократияландыру және ізгілендіру бетке ұстанады. Олай болса жалпы Қазақстан тарихы пәнін оқытуда төмендегі іскерліктер мен дағдыларды оқушы бойына дарыта білуіміз қажет:
- тарихтағы жыл санауды қолдана білу;
- тарихи картадан ертедегі адамдар мекендеген аймақтарды, олардың қоныстанған орындарын, мемлекет шекараларын, басқа да объектілерді көрсете алуы;
- тарихи мәтіннің жәй және күрделі жоспарын жасай білуі;
- ұқсас тарихи оқиғаларды салыстырып, айырмашылықтарын табу;
- тарихи терминдердің анықтамасын айтуы және оларды қолдана білуі;
- хронологиялық, синхронды кестелер жасауы.
- орта ғасырлық қалаларға, ғимараттарға сипаттама беру;
- түрлі деректермен жұмыс жасауы;
- орта ғасырлық қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарды сызбалар арқылы көрсету;
- жеке тарихи қайреткерлердің тарихтағы ролін ашып көрсетуі оған баға беруі;
- елдердің қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалық, мәдени өзгерістерін салыстыру;
Биылғы оқу жылындағы байқау тестілер әзірге дәл қорытынды жасауға ерте болса да, кейбір әдістемелік шешімдер қабылдауға мүмкіншілік береді.
Тестілеуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге жалаң жаттау арқылы емес жүйелі де терең білім негізінде ғана мүмкін болатынына ешкім шүбә келтірмейді. Ол үшін сынақ тапсыру алдында тек ғылыми тұрғыдан ғана емес психологиялық даярлық жүргізудің де маңызы зор. Әр қойылатын баға шкаласы да көтерілуде және тестілердің өзін құру әдістемесі де жетістілдіруде.
Жалпы тестілер міндетті бағдарламалық курс (мемлекеттік стандарт) негізінде құрылатыны белгілі. Тестінің бірнеше нұсқасы берілуі қажет. Тестілеу – оқушылардың білімін, білігін, дағдысын бақылаудың және тексерудің міндетті элементі.
Тестілерді құру талаптары [5]:
1.Тестілер курстың оқу бағдарламасы негізінде құрылуы және неғұрлым маңызды тарауларды, тақырыптарды қамтуы тиіс.
2.Тестінің көлемі білімді бақылаудың мақсаттарына сай тапсырманың формасына байланысты болады, мысалы, үй тапсырмасын тексеруге шағын тесттерді пайдалануға болады.
3.Тестінің бірнеше нұсқасын (5-тен кем емес) әзірлеу қажет.
4.Тестіге бірнеше сұрақтар енеді және тапсырма көп болған сайын нәтиженің анықтығы, нақтылығы жоғары болады.
5.Тест сұрақтарына жауап қысқа, жинақы берілуі тиіс.
6.Тестіге төмендегі материалды енгізуге болмайды:
- ескірген;
- күрделі;
- өте қарапайым немесе маңызды емес;
7. Тест сұрақтарын екі топқа бөлуге болады:
а) абстрактілі, олар курстың негізгі ережелері мен пәнаралық байланысты анықтайды;
ә) нақты, бұлар орташа күрделілік дәрежесіндегі нақты материалдар бойынша білімін айқындайды.
8. Алынған жауаптар негізінде оқушы білімін бағалауда эксперттік комиссия қабылдаған сапа анықтау жүйесін қолдануға болады.
9. Тест сұрақтары анық, қысқа құрылып, оған біржақты жауап берілуі тиіс.
10. Тест құрғанда жалпыға бірдей қабылданған, бәріне түсінікті атаулар мен терминологияны қолдану керек.
Тестіні құру кезеңдеріне тоқталсақ:
- Тестілеу мақсатын анықтау.
- Бақылауға тиісті білім көлемін белгілеу.
- Тестінің түрін және формасын таңдау.
- Тестінің мазмұнын құру.
- Тапсырманы орындауға қажетті уақытты есептеу.
- Мәтін сыпайылығын тексеріп, оларға түзету енгізу.
- Нәтижелерін өңдеу (жіберілген қателерді есептеу, қатемен жұмыс жүргізу, қиындық дәрежесі т. б.).
- Тестілеудің мөлшерлік көрсеткішін түсіндіру.
Тест құрудың нақты ғылымы жоқ, дегенмен төмендегі нұсқауларды басшылыққа алған жөн:
- Тапсырмалар жеңіл оқылуы тиіс;
- Егер бұл үлгерім тестісі болса, тапсырмалар оқулықтағы берілген мәтін мен сөйлем құрылымын қайталамауы тиіс;
- Бір тапсырманың жауабы басқа тапсырмалардың жауаптарына байланысты болмауы тиіс;
- Тапсырманың жауаптары басқа тапсырмалардың дұрыс жауабына ықпал жасамауы тиіс;
- Дұрыс жауаптардың біреуі ғана таңдалатын тестілерде тапсырмалардың дұрыс жауаптары біркелкі емес, кездейсоқ тәртіппен берілуі керек;
- Мәтін құрылымында екіжақты, «тұзақ» тәрізді мағына болмауы тиіс;
- Дұрыс жауапты білдіретін астыртын сөздер болмауы тиіс;
- «Барлығы», «әрқашан», «ешқашан» деп басталатын тапсырмалар дұрыс емес;
- Тапсырманы дұрыс түсіну үшін түйінді, тірек сөздерді қолдану керек;
Тәжірибе көрсеткендей, дұрыс құрастырылған тестілер – дұрыс жауабы 80-90%, ал ең төменгі көрсеткіші 10-15% құрайтыны анықталды. Ешкім шеше алмайтын, немесе бәрі түгел шешетін тестер дұрыс құрастырылмаған.
Тестінің түрлеріне тоқталсақ, оны төмендегіше топтауға болады:
- Толықтыруды қажет ететін тестілер – мәтінде жазуда керекті сөздерді, белгіні қоятын ашық орын қалдырылады.
- Еске салушы тестілер – жауап бір факті, дата т. б. түрінде болады.
- Балама жауаптары бар тест – шешімнің дұрыс не бұрыс екенін табу керек.
- Таңдамалы тест – бірнеше жауап ішінен бір дұрысы таңдалады, жауаптар саны үштен кем болмауы керек.
- Сәйкестілік (салыстыру) тестісі – тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен мағынасы, мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді, мәліметтерді табуға құрылған.
- Реттік бірізділікке берілген тест, мәліметтерді бір ғана тәртіппен, бірізділікпен орналастыру.
Құрама тестілер – құрылымы бойынша онда тестінің әр түріндегі сұрақтар болуы мүмкін. Деңгейі бойынша бұл тест аса сыйымды әрі өзгермелі болады.
Бақылаудың тестілік түрлері уақыт үнемдеу үшін тиімді екені талассыз. Ұстаздар алдындағы басты міндет – мемлекет белгіленген бақылау формасы тест болып тұрған кезде оқушыны барлық жағынан оған даярлау. Даярлық барысында дұрыс жауапты анықтау, жоғарыда айтылғандай, жалаң жаттау арқылы келмейтінін, ал терең білімді меңгеру үшін белгілі бір жүйеге сүйену қажет екенін ескерсек, Қазақстан тарихы сияқты 2500 сұрақты қамтитын үлкен ғылым саласын бірнеше бөлімдерге жіктей отырып даярлау қажет.
Ол төмендегіше сатылардан тұрады:
І. Хронологиялық кезеңдер бойынша, – яғни оқиғаның болған жылын анықтау.
ІІ. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрамы (хан, сұлтандар, батыр, би, төре, қожа, шаруа т. б.).
Мысалы: 1. Ноғай ордасындағы жоғарғы билеуші титулы?
2. Жоңғарларңа қарсы күресте қол бастаған қазақ батырларын ата?
3. Орта жүздің биі кім болды?
4. Кедейленген шаруаларды кімдер деп атады?
ІІІ. Ортағасырлық қалалардың әлеуметтік, шаруашылық, мәдени ролі.
Мысалы: 1. Цитадель қаланың қай бөлігі?
2. Рабатта кімдер тұрды?
3. Шахристан қаланың қай бөлігі?
4. Сақтардың шаруашылығын ата.
IV. Діни, этностық мәселелер:
- Қарахандықтардың мемлекеттік діні қандай?
- Андроновтықтар үшін не қасиетті болып саналады?
- Қарлұқ қағанатында қай дін кең тараған?
- Ұлы жүздің құрамына кірген руларды ата.
V. Ортағасырлық тарихи ескеткіштер:
- Ахмет Яссауи кесенесі қай ғасырда салынды?
- Жошы хан кесенесі қандай кірпіштен салынған?
VI. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі:
- 1643 ж. Қазақ-жоңғар ұрысында қазақ әскерін қай хан басқарды?
- Кіші Жүздегі шаруалар көтерілісі қай жылдарды қамтиды?
- 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстқа не түрткі болды?
VII. Мәдениеттің, өнердің дамуы:
- «Аң стилі» деген не?
- 1929 ж. дейін қазақтар қай әліпбиді пайдаланды?
- Құрманғазының қанша күйі белгілі?
- Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандық жазушы-ақындар қатысты?
- Қ. Жалайридің еңбегін ата.
VIII. Саяси және мемлекеттік қызметкерлер өмірінен –
- Қазақ АКСР-ң алғашқы басшыларын ата.
- 1928-1933 ж.ж. қазақ өлкелік ОК-н кім басқарды?
Бұдан байқағанымыз төртінші пән ретінде юриспруденция мамандықтары үшін таңдалатын Жалпы тарихты қоспағанда Қазақстан тарихының өзі өте кең ауқымды, әдебиет, география, құқық, өнер, ғылым салаларын қамтиды екен.
Тестілеуге даярлық кезінде негізінен мектеп оқулығы басшылыққа алынады, себебі апеляцияда тек Білім министрлігі бекіткен мектеп оқулықтары ғана пайдаланылады. Бірақ соңғы кезде «Katev» халықаралық қоғамдық қорының тест жинағы, «Шың» жинағы пайдаланылып та келеді.
Қазіргі бағдарламаға сәйкес тест сұрақтарына 6-класс материалдарынан бастап енгізіледі. Мұндағы І тарау Тас дәуірі және оны кезеңдерге бөлуге арналған. Осы археологиялық кезеңдеуді есте сақтау үшін алдымен оның үш кезеңіне ортақ белгілерді бөліп көрсетемін.
палео (ежелгі) б.з.б 2 млн. 500 мың- 12 мың
мезо (орта көпір) литос (тас) б.з.б. 12-5 мың
нео (жаңа) б.з.б. 5-3 мың жыл
Бұл жерде оқушылардың назарын кезеңдердің бірінің аяқталуы келесісінің басталуы екеніне аударамын. Кейде сұрақтар айналдырылып та қойылады.
Тестіде мынадай сұрақтар да кездеседі: «Андроновтықтардың құмыраларының өрнегі қандай болған?» Ол үшін, әрине, суретке де маңыз бере қарап, өрнектерін ажырату қажет.
Қола кезеңін өткенде пәнаралық байланысты қолданамыз, себебі, қола мыс пен қалайыны қосу арқылы алынатынын, болашақта бұл туралы химия сабақтарында білетіні айтылады.
Өзім негізінен «Сын тұрғысынан ойлау және жазу» әдістерін пайдаланатын болғандықтан, әсіресе, мына стратегиялаға көңіл бөлемін – «Негізгіні тап», «Белгі қойып оқу». Ол арқылы мәтін ішіндегі тестте кездесетін фактілер мен деректерді белгілеу, жазып алу, жаттау жүргізіледі.
Келесі тарау Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттерге арналған. Тестте бұлар кең қамтылғандықтан әр тайпаға жеке тоқталамыз. Бұл жерде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Олар әр тайпаға, немесе мемлекетке шағын кітапша даярлайды. Кітапша белгілі бір жүйемен жасалуы қажет. Мысалы:
- Титулды бетшеде тайпа аты.
- Географиялық орны, шекарасы.
- Негізін қалаған қайраткер.
- Этностық құрамы.
- Қоғамдық құрылымы.
- Тұрмысы, шаруашылығы.
Мұндай жүйені ортағасырлық мемлекеттер үшін сызба ретінде де пайдалануға болады.
Мемлекет атауы | Географиялық орны | Этностық құрамы | Қоғамдық құрылымы | Шаруашылығы | Мәдени ескерткіштер |
| | | | | |
Мұнда да бір мемлекет екіншісінің орнын басып отыратындықтан хронологиясын жаттауда соны негізге аламын.
СТО-ның «Ортақ және ерекше белгілері» стратегиясы бойынша:
Түркеш
704-756
Түрік қағанаты
Батыс Түрік ерекшелігі
қағандығы 552-603
ерекшелігі
603-704
Ортақ белгілері
Қарлұқтар Қарахандықтар
756-940
Бұл әдістер арқылы оқушы мемлекеттер тақырыбына келетін сұрақтарға даярланады. Әсіресе, бір-бірінен айырмашылықтары кең қамтылған. Мысалы, «Сақтар үйленерде не істейді?», «Сақтардың әйелдерінің қандай құқы болды?» т. б. сұрақтар кездеседі.
Сонда бұл І топтаманы «Мемлекеттер мен тайпалар тарихы деп атасақ, келесі бір қомақты саланы «Ұлт-азаттық көтерілістерге» беруге болады. Ол үшін көтерілістің жіктелу схемасын білуі қажет. Мысалы:
- Көтерілістің алғышарты, себептері.
- Барысы, уақыты.
- Қозғаушы күші, жетекшілері.
- Қамтыған аймағы.
- Нәтижесі.
- Жеңілу, жеңу себептері.
- Салдары.
- Зерттелуі, әдебиетте көрініс табуы.
- Сипаты.
- Тарихи маңызы.
Бүл жерде төмендегі мәселелерге көп көңіл бөлу қажет – бірнеше көтерілісті салыстыра отырып, жаңасын өткенде, ескісін қайта жаңғыртудың маңызы зор. Ол үшін мынадай әдістер қолдануға болады:
- «Цифрлар әлемінде» – жылдар көрсетіледі, оқушы сол жылы қандай оқиға болғанын еске түсіріп айтуы қажет. (Мыс: 1836ж., 1723ж., 1986ж. т.б.)
- Кісі есімі, топонимикалық атаулар көрсетіледі, оқушылар бұл кім екені, қандай қайраткер екені туралы айтады. ( «Қалмақ қырылған», «Аңырақай», «Сабалақ»).
- Тарихи диктанттар жазғызуға болады: «Жетісуды мекендеген сақтардың обаларын көлемі жағынан ... түрге бөлуге болады».
- Ашық тестер – параққа кемінде он сұрақ жазылып, үлестіріледі, кейін балалар ауыстырып та пайдаланады.
- Әдеттегі тест – әр тарау аяқталғаннан кейін жазылып отырады.
- Сызба толтыру: тарихи деректердің ретімен орналастырылуы.
Мысалы: бір оқиғаның болған жылы беріледі, орнын табу керек, қозғаушы күші бар, нәтижесін жазу керек, сипаты жазылған т. б.
Уақыты | Жетекшісі | Қай жерді қамтыды | Нәтижесі | Сипаты |
1916 ж. | | | | Ұлт-азаттық |
| И. Тайманұлы | Кіші Жүз | | |
1837-1847 | | | | отаршылдыққа қарсы |
| С. Датұлы | | | |
- Оқиғаларды дұрыс байланыстыр – бір бағаны оқиға, екіншіге жылдар:
желтоқсан оқиғалары | 1947 |
Қазақ ұлттық театры ашылды | 1927 |
Түрксіб құрлысы басталды | 1986 |
Ақша реформасы | 1926 |
Тың игеру басталады | 1954 |
- «Қарлы кесек» ойыны – бір тарау бойынша оқиғалар тізбегін келтіру. Мысалы – «Керейіт хандығының құрамына кірген аймақты ата» – керей, керей – жиркиы, керей – жиркиы – қоңқай, әрі қарай әр оқушы өтілгенді қайталап және жаңасын қосып отырады (сақай, тутау, албат, тунхай, қыркүн – барлығы сегіз).
- «Тұлғаны танып біл» – оқушыларға қазақ халқының біртуар қайраткерлерінің суреттерін көрсете отырып, олардың кім екенін, қандай қызмет атқарғанын табу.
- Термин сөздермен жұмыс – олардың мағынасын түсіну, жаттау. Мысалы, «депортация», «консерватизм», «цензура», «лейборизм» т.б.
- «Бас қатырғылар базары» – сөзжұмбақ, сөзтізбе, хронологиялық, құпия сөздер.
- «Тірек белгілер» арқылы оқыту. Мәтінді оқып, конспектілеп түсінеміз. Конспект тек «тірек белгілер» (жылдар, әріптер, суреттер, айқасқан қылыш, жұлдыз, қадалған ту т.б.).Шаруашылық болса – құмыра, күрек, киіз үй, мал т.б.
- «Шешендер жарысы» – алдын-ала даярланған рефераттар арқылы жаңа мәліметтер әкелу.
- «Баяндама» ойыны – оқушылар бір мәтінді оқиды, оның мазмұнын сурет, белгі, сызба түрінде жасайды, сосын керісінше осы белгі бойынша бастапұы мәтінді құруы қажет.
Осы әдіс-тәсілдерді пайдалана келе, төмендегіше ой түйіндеуге болады деп ойлаймын, жалпы, нәтижелі білімге қол жеткізу үшін оқушыларға берілетін білім көлемінің ішіндегі ең басты мәселені дұрыс айқындай білу мен ұсақ мәселелерге де мән бермеуге болмайтынын ескерту қажет, себебі тест арқымы өте кең, бір мәселені бірнеше қырынан іздеуге тура келеді. Жұмыстың күрделілігі де осында. Шынайы тарихтың шөкімдей түйірі де қастер тұтар сондайлық сирек зат емес пе, ендеше ұлт тарихының ешбір кезеңі ұрпақ назарынан тыс қалмауын қадағалауымыз қажет. Осыны әр сабақта есімізден шығармауға тиіспіз.
Аталған әдістерді пайдаланғанда мен не ұттым? Қандай жетістікке қол жеткіздім? Оқытудың мұндай интерактивті әдістері оқушылардың бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым нәтижелі білімді игеруіне жағдай туғызады екен. Яғни, бұл жағдайда
- оқушының сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады;
- бұл әдістер оқушыны тапқырлыққа, тездікке, ойын жинақтай білуге тәрбиелейді;
- оқушы шығармашылығына жол ашылады, олар жеке жұмыс папкасын жүргізе отырып іскерлік дағдысын қалыптастырады, ғылыми әдебиетпен жұмыс жасап үйренеді;
Осының арқасында жалпы мектебіміз, оның ішінде өзімнің жеке сапа көрсеткішім қала бойынша екінші орында.
- Таблица
- График
- Мониторинг.
Осы жерде кейбір ұсыныс ескертпелерді келтіре кетсем деп едім. Оқушы білімін бағалау қазіргі қоғамда басты назарда болып отыр және ол білім саласындағы қайта құруларға байланысты өзгертуге де ұшырамақ. Сондықтан тамыз секцияларында әр оқу жылындағы тапсырылған тест қорытындылары талқыланып отыру қажет және олқы тұстар қаралуы тиіс. Мен екі оқу жылы қатарынан
(2004-2006ж.ж.) АМГИ-дің тестілеу орталығында сараптамашы болып қатысқанда сұрақ кітапшаларында жіберілетін қателіктер бар екеніне көз жекіздім.Осы жағдайларға жете көңіл бөлінуі қажет.Ал тест арқылы тексерудің екі жағы бар екенін есте шығармауымыз қажет:
- Тест ұтымды, уақыт үнемдейді, көп ақпаратты қамтиды, ойын жинақтауға дағдыландырады.
- Тест оқушыға бір жақтылықты сіңіруі мүмкін. Оқушы өз ойын еркін айтып жеткізу, терең ойлаудан гөрі жалаң жаттауға беиімделіп кетуі ғажап емес. Сондықтан біз осыған мұқият болуымыз қажет.
Мектептегі міндетті пәндер ішіндегі бірден бір ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелейтін, рухани азық беретін өз пәніміздің бағасын баллдық жүйенің жетегінде жібермей, болашақ ұрпаққа олардың малшысы мен манабы бір дәрежеде сөйлей алатын өресі кең ұлттың өкілі екенін үнемі естен шығармауын санасына сіңіруіміз қажет. Қазақ – болмысынан тарихшыл халық. Әр қазақ өзін ұдайы халық тарихының бір бөлшегі ретінде сезінген. Тарих – адамазат зердесі, ол ешкімге немесе белгілі бір уақыт талабына икемделіп қызмет етпеуі тиіс. Ақиқаттылық – тарихтың басты сипаты. «Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зертеледі,»- деп Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» [6] еңбегінде көрсеткендей еліміздің ертеңгі иелеріне осы бағытты сіңіруіміз қажет.
«Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың?
Енді қайда барасың?–
деген Омар Һайямның сұрағына ұлтымыздың әр ұрпағы тайсалмай, мүдірмей жауап бере алса, ол Ұстаздар қауымы, Сіз бен Біздің жетістігіміз.