Атырау облыстық білім беру департаменті Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт

Вид материалаДокументы

Содержание


Үш деңгейлік сұрақтар
IV. Қорытынды
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Үш деңгейлік сұрақтар

  1. Капитализмнің жеңуі мен орнығуы кезеңіндегі дүние жүзі саяси картасының негізгі белгілері.
  2. Қазіргі дүниенің құбылмалығын неден байқауға болады?



  1. АҚШ, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Жапония елдерінің өзара ұқсастығы неде?
  2. Төмендегі аталған елдердің республикалық басқару түріне жататын елдерге мысал бола алады: Болгария, Польша, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Сауд Арабиясы?


  1. Төмендегі аталған елдердің қайсы федерациялық әкімшілік-территориялық құрылысы бар елдерге мысал бола алады: Ұлыбритания, Куба, АҚШ, Франция, Үндістан, Мысыр, Бразилия
  2. Мына терминдерге анықтама беріңіздер: Егемен мемлекет, республика, федерациялы мемлекет.

Қолданбалы курс бағдарламасы
  1. тақырыбы: Қазақстан геоэкологиясы
  2. Курстың білім мазмұны құраламындағы орны:

Білім беру стандарты, базистік оқу жоспарын басшылыққа ала отырып қолданбалы курс
  1. Курстың мақсаты: Жеке тұлғаның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды калыптастыра отырып «Адам – қоғам - табиғат» арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу, қоғамның экологиялық мәселелері жөнінде мәлімет беру, табиғи ортаны қорғау талаптарын ескеру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениеттілігін, білімділігін, тәрбиелілігін жетілдіру. Экологиялық білім және тәрбие берудің бір жүйелілігі мен үздіксіздігін дамыту.
  2. Міндеттері:
    • Адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу ;
    • Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, логикалық ой өрісін дамыту;
    • Ағаш отырғызу, қалдіқ заттардан су жағасын, бақтардың ішін тазарту, топырақ эрозиясын тоқтату және жыраларды тазарту сияқты экологиялық жұмыстармен шұғылдану;
    • Экологиялық және табиғат заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау.
  3. Пән аралық байланыс: география, биология, химия, тарих, экология, қазақ тілі мен әдебиеті, технология
  4. Кәсіпке бағдарлау: әлеуметтік экологияға химия және қоршаған орта , экономика және экология
  5. Курстық тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұны:

    Р/С

    Мазмұны

    Сағат саны

    1

    Кіріспе

    1

    2

    1-тақырып. Табиғат пен қоғам
    1. Адамзат пен табиғи орта
    2. Табиғат пен қоғамның бір – біріне әсері

    2

    1

    1

    3

    2-тақырып. Табиғат ресурстары мен табиғи ортаны

    қорғау
    1. Табиғат ресурстары және оларды сақтау жолдары
    2. Географиялық ортаның ластануы экологиялық және экономикалық зардаптары

    2


    1


    1

    4

    3-тақырып. Қазақстанның табиғатын қорғау
    1. Табиғатты қорғау туралы халықаралық келіс сөздер
    2. ҚР табиғатты қорғау заңы
    3. Қазақстанның табиғат байлықтары , оларды қорғау және тиімді пайдалану

    3

    1

    1

    1

    5

    4-тақырып. Қазақстанның су ресурстары және орын

    қорғау
    1. Қазақстанның су ресурстары , олардың орналасу ерекшеліктері . Тұщы суды пайдалану
    2. Арал теңізі және оның экологиялық проблемалары
    3. Балқаш көлі және оның экологиялық проблемалары
    4. Каспий теңізі және оның байлығын игерудегі жүргізілетін табиғатты қорғау жұмыстары
    5. Қазақстан өзендерін , жер асты суларын тиімді пайдалану және оларды ластаудан сақтау жолдары

    5


    1


    1

    1

    1


    1


    6

    5-тақырып. Қазақстанның жер ресурстары және оны

    қорғау

    1) Жер ресурсы және оның адам өміріндегі маңызы

    2) ҚР -ның жер туралы заңы

    3) Қазақстандағы топырақ эрозиясы және оның түрлері .Топырақ эрозиясымен күрес . Жер ресурстарын мелиорациялау .

    4) Жер ресурстарын тиімді пайдалау жолдары

    4


    1

    1

    1


    1

    7

    6-тақырып. Қазақстанның атмосферасын қорғау

    1) Таза және лас ауа туралы түсінік

    2) Атмосфераны ластаитын негізгі орындар .Ірі қалалар мен өндіріс орындары ауасының ластануы

    3) Қазақстанның атмосферасын қорғау заңы

    3

    1

    1


    1

    8

    7-тақырып. Қазақстанның жер қойнауын қорғау

    1) Қазақстанның минералды ресурстары және оның маңызы

    2) Пайдалы қазба байлықтарды қазып алудың тиімді жолдары

    3) Жер қойнауындағы байлықтарды қорғау заңы

    3

    1

    1

    1

    9

    8-тақырып. Қазақстанның өсімдік ресурстары және

    оларды қорғау

    1) Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. Орман ресурстары .

    2) Қазақстандағы өсетін дәрілік өсімдіктер және оларды қорғау .Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер

    2


    1

    1

    10

    9-тақырып. Қазақстанның жануарлар ресурстары және

    оларды қорғау

    1) Жануарлардың адам өміріндегі маңызы .

    2 ) Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау . «Қызыл кітапқа» енген жануарлар

    3) Қазақстанның қорықтары .

    4) Қазақстанның Ұлттық парктері

    5) Қазақстандағы табиғат ескерткіштері және оларды қорғау

    7


    1

    1


    2

    2

    1

    11

    10-тақырып. Қазақстанның табиғат кешендерін қорғау

    1) Табиғат кешендерін қорғаудың негізгі бағыттары

    2) Экологиялық сүрлеу жолы .Туған жердің табиғатын қорғайтын жерлерді анықтау

    2

    1

    1

    12

    Б А Р Л Ы Ғ Ы :

    34
  6. Қолданбалы курсты ұйымдастыру формасы: семинар, конференция, тренинг, экологиялық соқпақ, экологиялық оқушылар форумы, мұражайларға саяхат, экология туралы әдебиеттер көрмесі
  7. Қолданбалы курсты оқытуды аяқтау формасы: рефераттар, баяндама, ғылыми жоба үлгілері, курстық жұмыстар
  8. Ұсынылатын әдебиеттер:
  1. Қазақстан – 2030
  2. Н.Ә.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы
  3. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
  4. Білім беру стандарты
  5. Базистік оқу жоспары
  6. Тұжырымдама. Жалпыға міндетті білім беру және бейінді

оқуға дайындау
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздері. Экологич және табиғат «Мектеп» - Алматы . 2002
  2. Региональный компонент в системе экологического образования и воспитания. Экобиоцентр. УК. 2002-2004 ж
  3. География және табиғат журналдары. 2003 – 2006 ж

Осындай сабақтар:

1. Пән аралық байланыстылық пен өткен тақырыптарды қайталауда көп сатылы ойлауға дағдыландырады.

2. Салыстыру арқылы ұқсастығын немесе айырмашылығын түсіндіреді.

3. Сұрақ қоя білуге үйретеді.

4. Творчестволық жұмыс істеуге дағдыландырады.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы осы жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асады. Сабақта да қолайлы психологиялық жағдай туады.

Нәтижесінде: Әр оқушының жақсы оқуға болады деген сенім, өзін-өзі қадірлей білу сезімі нығайып, қиын жұмыстарды орындауға шамасы жететініне сенім қалыптасады.

Осындай шығармашылық жұмыстар арқасында білім сапасының нәтижесін былай көрсетуге болады.

I тоқсан – 43,6% , II тоқсан – 56,4%

Менің негізгі мақсатым оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Осылайша алға қойған мақсатқа жету үшін әдіс – тәсілдердің “оқушылар шығармашылығы бұл қашанда мұғалім шығармашылығының жаңғырығы” демей ме? К.Д. Ушинский “Мұғалім өзінің үздіксіз білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденісті тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” деген екен.

Олай болса, әр сабаққа жаңа ізденіспен келіп, жаңашыл еңбекке ұмтылайық, ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, білімді де білікті шәкірттер даярлауға атсалысайық дегім келеді, ұстаздар қауымы.

IV. Қорытынды

Қазіргі таңда тәуелсіздік талабына сай білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге, оқу технологияларын жан-жақты меңгеруге үлкен мән берілуде. Мұның өзі оқушының білімі мен білігін, талабы мен талғамын ұштауда, өзіндік ізденісін қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларының алар орны ерекше. Біздің елімізде орта мектептердің білім беру жүйесінің дамуы ұлттық сипатты бойына дарытумен қатар, озық елдердің үздік педагогикалық әдістерін пайдаланудың ерекшелігі мынада:
  1. Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.
  2. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп, үнемі қайталап отыру.
  3. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.
  4. Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу, оқушының білім деңгейін дәл анықтау.
  5. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, ізденісін дамыту.

Модульдік оқыту технологиясының кейбір сырларын айтатын болсақ біріншіден балаға тұлға деп қарап, оның білім алу арқылы дамуын қарастырады.

Екіншіден тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға, шығармашылық, ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын молайтуға бағытталады. Үшіншіден дарынды балалар мен жүйелі түрде жұмыс жасауға көп мүмкіндіктер береді.

Оқыту жүйесінде ақпараттандыру технологиясын қолдану оқу үрдісін едәуір тиімді, сапалы ете түскені, тәрбиенің жаңа құрылымына қол жеткізілгені белгілі. Сабақта компьютерді пайдаланудың мынандай жетістіктерін атауға болады:

Сабақта компьютерді қолданғанда оның тиімді жақтары:
  1. Оқушылар дербес жұмыс жасайды.
  2. Компьютер пайдалану уақытты үнемдейді.
  3. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.
  4. Оқушылардың жеке дара жұмыс жасауын ұйымдастырады ол үшін әрбір оқушының өзіне тән ерекшеліктерін(ойлауын, қабылдауын, жұмыс жасау жылдамдығын) ескере отырып жекелей тапсырмалар құруға болады.
  5. Денсаулығында кемшілігі бар балалар үшін (нашар еститін, көретін, сөйлейтін) оқытудың тиімділігін арттыруға болады.
  6. Оқушыларда еркіндік позициясы өріс алады, жұрт алдында жасқаншақтық әдеті ескеріледі.
  7. Оқушылардың жауапкершілігін арттырады, себебі компьютердегі әр тапсырма өзіне ғана арналғандығын сезінеді.
  8. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Жаңа технологияның ең басты мақсатты сабақта қолданған уақытта белгілі бір жетістіктерге жету оқу сапасын арттыру. Қазіргі оқыту үрдісінде модульді технология кеңінен қолданылып, тиімділігін көрсетуде. Өз сабағымда осы модульдік технология мен электронды оқулықты қолданған уақытта оқушының сабаққа қызығушылығы арқасында оқу сапасы елеулі түрде артты. Модульдік оқыту технологиясы қазіргі заман талаптарына сай жүйеленген, тиімді әдістердің бірі.

Тарих сабағында модульдік технология арқылы электрондық оқулықты пайдалану арқылы оқу сапасы өткен оқу жылына қарағанда артты. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша сапа 48 пайызға жетті.

Модульдік технологияның ерекшелігі барлық технологиялардың басын біріктіріп, бір жүйеге келтірілген, жинақталған үлгісі. Онда тірек сызба, дамыта оқыту ойындары, деңгейлік тапсырмалар, танымдық ойындар қолданылады. Модульдік технология кезінде оқушы оқу материалын тыңдау, жазу, көру, айту, өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай шығармашылық, зерттеушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.