Пособие составлено на основе использования элементов интенсивной методики обучения казахскому языку. Оно предназначено для взрослой аудитории, ранее не изучавшей казахский язык

Вид материалаУчебник

Содержание


Қазақстан республикасындағы
Қазақстан республикасындағы
Қазақстан республикасының конституциясы
Біздің президентіміз
Қазақстан – 2030
Қазақстан республикасының
Ұлттық ұлан
Абылай хан – халықтың басын қосушы тұлға
Хан ордасы қалпына келтіріледі!
Алғашқы қазақ ғалымдары мен ағартушылары
Абай құнанбаев
Ыбырай алтынсарин
Подобный материал:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


Намысын бермеген,


Қазағым мықты ғой!


Қайырмасы: Менің елім, менің елім,


Гүлің болып егілемін,


Жырың болып төгілемін, елім!


Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,


Кең байтақ жерім бар.


Бірлігі жарасқан,


Тәуелсіз елім бар.


Қарсы алған уақытты,


Мәңгілік досындай.


Біздің ел бақытты,


Біздің ел осындай!


Қайырмасы: Менің елім, менің елім,


Гүлің болып егілемін,


Жырың болып төгілемін, елім!


Туған жерім менің – Қазақстаным!


ГИМН


Гимн – мемлекеттік егемендіктің музыкалық-поэтикалық рәмізі. Гимннің поэзиялық компоненті туралы ақын Ә.Тәжібаев: «Гимн дегеніміз – мемлекеттің сөзбен тоқылған туы», - дейді.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі мен Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарда орындалады.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды.


Әнұран ежелгі қазақ жерінде гуманизм, бейбітшілік пен келісім жолында бірігуге, татулық пен достыққа шақырады.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің жаттап алыңыз.


Жаңа мәтінді оқып, аударыңыз.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ


САЯСИ ЖҮЙЕ


Елдің бас заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ол республикалық референдумда 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – біртұтас мемлекет, басқару формасы – президенттік. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Елбасы – Президент. Президент жеті жылға сайланады. Заң шығарушы, жоғары өкілетті орган- Парламент. Ол екі палатадан тұрады: Сенат пен Мәжілістен. Үкімет басында Премьер-министр бар. Оны Президент тағайындап, Парламент бекітеді. Үкімет Президент алдында жауапты және Парламентке есеп береді. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар және әкімдіктер. Облыс әкімдерін Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды.


Сұрақтарға жауап беріңіз:


1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? 2. Елдің бас заңын атаңыз. 3. Парламент неше палатадан тұрады? 4. Облыс әкімдерін кім тағайындайды?


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ


Қазақстанның білім беру орындарында тәрбие мен білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстанда орта білім міндетті. Балалар мектепке алты – жеті жасында барады, ал он алты-он жеті жасында бітіреді.


Білім берудің бірінші сатысы – бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі бастауыш мектеп. Білім берудің екінші сатысы – бесінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейінгі орта мектеп. Орта мектепті бітіргеннен кейін оқушылар осы мектепте оқуды жалғастырады немесе лицейге, колледжге түседі. Ал орта білім алғаннан кейін олар жоғары оқу орындарына түсуге тырысады. Жоғары оқу орындары – институт, университет, академия. Жоғары оқу орнына түсу үшін төрт пәннен бірыңғай ұлттық тестілеу тапсырады. 120 ұпай алған талапкерлер тегін оқиды және шәкіртақы алады. Қазір оқу ақылы.


Қазіргі кезде жеке меншіктік мектептер мен жоғары оқу орындары көп. Республиканың ірі оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік Әлем тілдері университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет, т.б.


Төменде берілген сөздік минимум арқылы мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңіздер.


Білім беру – образование, тәрбие – воспитание, жүргізіледі- проводится, міндетті- обязательно, саты- ступень, бастауыш мектеп- начальная школа, түсу- поступать, орта білім- среднее образование, пән- предмет, тапсыру- сдавать, ұпай- балл, шәкіртақы- стипендия, талапкер- абитуриент, тегін- бесплатно, ақылы- платный, жеке меншіктік- частный, ірі- крупный, жоғары оқу орны- высшее учебное заведение.


1. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы туралы не айта аласыз?


2. Бұл құжат қашан қабылданды?


3. Бірыңғай ұлттық тестілеу жөнінде әңгімелеп беріңіз.


«Қазақстан Республикасы» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз.


1. Сіз қай республикада тұрасыз? 2. Қазақстан егеменді ел ме? 3. Қазақстанның астанасы қай қала? 4. Қазақстан Республикасы қай жылы құрылды? 5. Ол қай жылы егеменді мемлекет болып жарияланды? 6. Халқының саны қанша? 7. Жер көлемі ше? 8. Қазақстан климаты қандай? 9. Қазақстанның ірі өзендерін атаңыз. 10. Қазақстан Республикасының нышандарын атаңыз. 11. Ұлттық теңге қай жылы айналымға енді?


Жаңа мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Қазақстан Республикасының Конституциясын Ресей Федерациясының Конституциясымен салыстырыңыз.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ


Қазақстан Республикасының Конституциясы Республикалық референдумда 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Конституция тоғыз бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – “Жалпы ережелер”, екінші бөлім – “Адам және азамат”, үшінші бөлім – “Президент”, төртінші бөлім – “Парламент”, бесінші бөлім – “Үкімет”, алтыншы бөлім – “Конституциялық кеңес”, жетінші бөлім – “Соттар және сот төрелігі”, сегізінші бөлім – “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару”, тоғызыншы бөлім – “Қорытынды және өтпелі ережелер”деп аталады. Конституцияның 98 бабы бар. Ең бірінші болып Қазақ Конституциясының Жобасын жазған адам – Барлыбек Сыртанов. Ол 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін үздік бітірген. Ол өте білімді адам болған. Құқықтық мемлекет құруға атсалысқан. Қолжазбада “конституция” деген терминнің орнына “устав” деген термин қолданылған. Уставтың мазмұнды идеялары қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясында пайдаланылған.


Конституцияның үшінші бөлімі, 40 – бабы «Президент» деп аталады.


Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.


БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ


1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған.


1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.


Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.


Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.


Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.


1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.


1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.


1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.


1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.


1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.


1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.


1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.


1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Президентін тұңғыш жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.


1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.


2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н.Назарбаев 91,15% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.


Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы.


Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.


Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.


Жұбайы – Сара Алпысқызы Назарбаева. Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.


Президенттің үш қызы бар: Дариға – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – бизнеспен айналысады.


Келесі мәтінді сөздік арқылы аударыңыз.


ҚАЗАҚСТАН – 2030


1997 жылы Елбасының Республика халқына арналған “Қазақстан – 2030” Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау.


Бағдарламада оларға жан-жақты талдаулар жасалған. Бұл бағдарлама біздің халқымыз үшін маңызды. Бағдарламада белгіленген міндеттердің бәрін қазақстандықтар жүзеге асыруға тырысады.


Әр мемлекеттің өз қарулы күштері болады. Сонда ғана ол мықты мемлекет бола алады. Мәтіннің соңында берілген жаңа сөздікпен танысып, мәтінді орыс тіліне аударыңыз.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ


ҚР Конституциясы, 36-бап. І. Қазақстан Республи-касын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы. 2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.


Әскер – ел қорғаны, мемлекетіміздің тірегі. Сондықтан тәуелсіз еліміздің тыныштығы соларға жүктеледі. Бұл күнде Қазақстан мемлекетінің Қарулы Күштері, оның сарбаздары өз істеріне жауапкершілікпен қарап, әскери-техникалық жаттығуларда алдыңғы шептен көрініп, бүкіл дүние жүзі алдында өзінің күш-қуатын мойындатып келеді.


Мемлекет Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев аймақтың қауіпсіздік жүйесін тиімді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.


1992 жылдың 7 мамырында Президенттің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлығы шықты. Осы Жарлыққа сай еліміздің аумағындағы барлық әскери құрылымдар Қазақстан Республикасының юрисдикциясына алынды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына: Қазақстан Республикасының Армиясы (құрлықтағы әскерлер, әуе қорғанысы әскерлері, әскери-әуе күштері мен әскери-теңіз күштерінің бөлімдері мен құрамалары, тыл басқару және азаматтық қорғаныс бөлімдері), Қазақстан Республикасының шекара және ішкі әскерлері, Республикалық Ұлан енеді. Еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуының мақсаты: Отан тәуелсіздігін сақтау, егемендігін нығайту, Қазақстан азаматының қауіпсіздігін қорғау.


ҰЛТТЫҚ ҰЛАН


1992 жылдың наурызында Республика Президенті Н. Назарбаев “Республикалық ұлан құру туралы” Жарлыққа қол қойды. “Ұлан” сөзінің ұғымы итальян тілінен енген. ХІІ ғасырда Мемлекеттік туды күзететін жасақ осылай аталған. Қазақстан ұланы елдің егемендігін, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін құрылды. Республикалық ұлан – Қарулы Күштердің резерві. Ұлан Президентке бағынады. Ұландықтар салтанатты жиындарға қатысады, мемлекеттік маңызы бар ғимараттарды, Елтаңбамызды, Мемлекеттік туды күзетеді, төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарына қатысады. Республика ұланының құрамында Президент оркестрі бар.


Глоссарий:


Қорған – защита, қорғау – защищать, тірек – опора, тыныштық – спокойствие, сарбаз – воин, жауапкершілік – ответственность, шеп – рубеж, мойындау – признавать, күш – сила, мощь, қауіпсіздік – безопасность, жүйе – система, құрылым – подразделение, структура, қамтамасыз ету – обеспечивать, жарлық – указ, құрлық – суша, қорғаныс – оборона, әскери- әуе күштері – военно-воздушние силы, азаматтық – гражданский, шекара және ішкі әскерлер – пограничные и внутренние войска, ұлан – гвардия, жасақ – дружина, отряд, мақсат – цель, нығайту – укреплять, құқық – право, салтанатты – торжественный, қатысады – участвует.


АБЫЛАЙ ХАН – ХАЛЫҚТЫҢ БАСЫН ҚОСУШЫ ТҰЛҒА


Абылай орыс жазбаларында Сібір сұлтаны деп жазылған. Шын аты - Әбілмансұр. Белгілі мемлекет қайраткері, саясаткер, елші, қазақ жерінің басын біріктіруші ірі тұлға. Орта жүздің ханы. Ресейге мәңгі бағыну жөнінде ол 1739 жылы Орынборда ант берген. Абылай – қазақ хандықтарының басын біріктіріп, елдің тұтастығын сақтауға көп күш салған қайраткер.


Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайы саяси теңдікті ұстай білудің қажет екендігін үнемі алға тартып отырды. Абылай сұлтан Қытай мен Ресейдің көңілін тауып, арадағы тепе-теңдікті сақтай білді.


1739 жылы Ресей мен Қытай билеушілері онымен қарым-қатынас жасауға көшеді. Абылай қытайлармен сауда-саттық жөнінде және басқа да келісімдер жасайды.


Абылай өз өсиетінде Қытаймен жақындаса отырып, Ресеймен де келісу керек екенін айтып кеткен. Абылайдың ел ішіндегі билігі орнықты болды. Ол тек қана Орта жүздің ғана емес, Ұлы жүздің үйсіндеріне де хан болды.


Абылай оңтүстік өлкелерде соғыс жүргізгенде жеті қаланы алып, Жизаққа дейін жетті. 1774 жылы Абылай үйсін ақсақалдарының өтінішімен өзінің ұлы Әділді оларды басқаруға жібереді. Талас өзенінде қала салғызып, оған еңбекқор қарақалпақтарды орналастырған. Қалған ұлдарына Орта және Үлкен ордалардан жер беріп, өзі Түркістанда тұрып қалады да, 1781 жылы дүниеден өтеді. Оның денесі Қожа Ахмет Яссауи мазары жанына жерленген.


Абылайдың қазақ тарихында ерекше тұлға ретінде көрінуі жеке басының қасиеттеріне тікелей байланысты. Ол халықты сыйлап, оның дәстүрлерін құрметтей білді.


Абылайдың негізгі қыстаулары Есіл бойында болатын.


ХАН ОРДАСЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ!


Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің облысымызда іссапармен болған кезде ХVIII ғасырдың сәулет ескерткіші болып саналатын «Абылай ханның ақ үйін» қалпына келтіру қажет екендігін айтты. Осыған орай көне ғимаратты қалпына келтірудің тиісті жобалау жұмыстары жүргізіліп, 2006-2007 жылдары Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының арқасында тарихи ескерткіш қайтадан бой түзейтін болады.


АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫ МЕН АҒАРТУШЫЛАРЫ


ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ


(1835-1865)


Қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, аудармашы, журналист Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын бекінісінде өмірге келген. Оның балалық шағы әжесі Айғанымның қонысы Сырымбетте өтеді. Шоқанның әкесі Шыңғыс – аға сұлтан, атасы – Уәлихан, ал арғы атасы Абылай хан еді.


12 жасында Шоқан Омбы қаласындағы Кадет корпусына оқуға түседі. Бұл жерде Шоқан қай жағынан болсын тез өсіп, 2 жылда өз құрдастарынан озық көрінеді. Шоқанның дүниетанымының қалыптасуына Г. Потанин, ұстазы Н.Ф. Костылецкий, әдебиетші В.Т. Ловодовский айрықша ықпал жасады. Шоқанның алғашқы ғылыми еңбегі – «Тоқтамыстың хандық белгілері» атты мақаласы. Шоқан 14-15 жасқа келгенде-ақ мұғалімдері оның ғалым болатынын айтып жүреді. Кадет корпусын ол 1853 жылы бітірген. Корнет дәрежесіндегі Шоқан Дала өлкесінің генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың адъютанты болып қызметке кіреді.


1856-57 жылдары Шоқан Іле қырғыздары мен Ұлы жүз ауылдарына ғылыми-зерттеу және этнографиялық экспедиция жасайды. Жоңғария тарихымен танысады. Осы сапарлар бойынша ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі» кітабын жазады. Шоқан ұлы қырғыз эпосы «Манасты» орыс тіліне аударады.


1857 жылы Ресей география қоғамының нақты мүшесі болды.


1858-59 жылдары Шоқан Қашқар сапарында болды.


«Шығыстану аспанында қазақ хандарының тұқымы әрі орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шықты...» (академик Н.И. Веселовский).


Облыс әкімінің бастамасымен Петропавл қаласында екі аса көрнекті тұлға Ш. Уәлиханов пен Ф. Достоевскийдің достығын айғақтайтын барельеф орнатылды.


АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ


(1845-1904)


Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны, философы әрі композиторы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы әрі оның классигі. Оның шын аты – Ибраһим. Ол 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауында өмірге келген.


Абай алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашқан, одан кейін Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде жалғастырады. Бұл жерде ол араб, парсы тілдерін жете меңгеріп, Шығыстың атақты ақындарының еңбектерін қызыға оқыды. Бірнеше ай бойы орыс мектебінде де білім алады. Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен танысады.


1870 жылы саяси қуғында жүрген орыс ойшылдары Н.И. Долгополовпен, Е.П. Михаэлиспен осында танысқан. Бұлардың Абай көзқарасының қалыптасуына елеулі ықпал еткені сөзсіз.


Абай көптеген лирикалық өлеңдердің, дастандар мен философиялық қара сөздердің авторы. А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романынан аударған “Татьянаның хаты”, И.В. Гетенің М.Ю. Лермонтов аудармасы арқылы қазақшаланған “Қараңғы түнде тау қалғып” өлеңдері әнімен халық арасында кең тарады. Абайдан қалған үш поэма бар: “Масғұт”, “Ескендір”, “Әзім әңгімесі” (аяқталмаған).


Абай И. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударды: “Піл мен қанден”, “Қарға мен түлкі”, “Есек пен бұлбұл”, “Шегіртке мен құмырсқа”, т.б. Абай “Орыс тілі – дүниенің кілті. Орыстың тілін білсең, көкірек көзің шайдай ашылады”, - дейді.


Ол халқының ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылуының дұрыс жолы орыс және қазақ мәдениетінің жақындасуында деп білді.


Сөздік: беделді – авторитетный; сауат – грамота; ой – мысль; ойшыл – мыслитель, көзқарас – взгляд, мнение – пікір, елеулі – видный, достойный; қалыптасу – формирование, становление; қуғын – гонение, преследование; ықпал (ету) – влияние (влиять), әсерлі – впечатлительный, қараңғылық – непросвещенность қара сөздер – слова-назидания, қарсы – против, дәл – точно, өзектілік – актуальность; жоғалтқан жоқ – не потерял(а), ертегі – сказка; көкірек көзің шайдай ашылады – станешь грамотным, образованым; дүниенің кілті – ключ к миру.


ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН


(1841-1889)


Ыбырай Алтынсарин – ұстаз, жаңашыл педагог, жазушы, ағартушы. 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының жерінде өмірге келген. 1850 жылы Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі. Жастайынан еркін ойлауға үйренген Ыбырай Алтынсарин әлемнің классикалық әдебиетімен де қызыға танысады. 1859 жылы Омбы шекара комиссиясына ауыстырылады. Осы кезде ол прогрессивті орыс ойшылдарының, ұлы ағартушыларының идеяларымен танысты. Ыбырай өз халқының нағыз патриоты бола білді, ұлтын жан жүрегімен сүйді. 1860 жылдан бастап ұстаздық қызметпен терең айналысып, халық мұғалімі деңгейіне көтеріледі. Жаңа типті мектеп үшін ағартушы ұстаздың жазған оқу-құралдары “Қазақтарды орыс тіліне үйретудің бастапқы басшылығы” және “Қырғыз хрестоматиясы”. Өз жұмысында Ы.Алтынсарин орыс демократтарының ағартушылық идеяларын жалғастырды.


Қазақ классикалық поэзиясының көрнекті өкілі, қазақ жазба балалар әдебиетінің негізін қалаушы, тұңғыш ағартушы педагогіміз Ы.Алтынсарин 1889 жылы қайтыс болды.


Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы


Жеңіс – ғасырдың ең ұмытылмас оқиғаларының бірі - Ұлы Отан соғысындағы фашизмнің талқандалғаны. Бұл мереке бұрынғы Кеңес одағының халықтарына ерекше қымбат, өйткені баршаның пікірі бойынша, екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі ауыртпалығын қайыспай көтеріп, жауды талқандауға шешуші үлес қосқандар нақ солар.


Қазақстан соғыс бойы сенімді тыл және әскерді адамдармен және материал қорымен толықтырудың қайнар көзі болды. Республика 1366 мың сарбазын майдандарға жөнелтті. Олардың жартысынан астамы майданнан оралмады.


Соғыс жылдарында Қазақстанда қуатты қорғаныс индустриясы құрылды. Елдің батыс аудандарынан көшірілген 140 астам кәсіпорындар мен қоныс аударған 1 млн астам кеңес азаматтары республика аумағында орналастырылды. Соғыс жылдарында Қазақстан елге 6 миллиондай тонна астық, басқа да азық-түлік өнімдерін, жалпыодақтық мыс, молибден, қорғасын, көмір өндірудің едәуір үлесін берді.


Жауынгерлік ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған 500 қазақстандықтың 53-і біздің жерлесіміз екендігіне орынды түрде мақтана аламыз. Үшкөл ауылының тумасы, Чернобыль қаласындағы саябақтан топырақ бұйырған Әбу Досмұхамбетов - солардың бірі.


Айыртау атырабының батыры Михаил Янко Гастеллоның ерлігін қайталағанда жаудың көлігін жоя отырып, отқа оранған ұшағын жаудың айлақтарының қақ ортасына құлатты. Бүгінгі таңда Тынық мұхиттық батырлардың галереясында жерлесіміздің бейнесі тұр, ал Қиыр шығыстық кемелердің бірі Михаил Янконың есімімен аталады.


Кеңес Одағының Батыры Т.С. Позолотиннің танк бригадасының жау тылының түкпіріне дейін барғаны «Позолотин жолы» деген атпен Ұлы Отан соғысының тарихына енгізілді.


Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның тумасы, 1 гвардиялық истребительдік авиация полкінің звено командирі, гвардия аға лейтенанты Василий Московенко 175 рет әуеге көтеріліп, 37 рет әуе ұрысына қатысып, жеке өзі жаудың 14 ұшағын құлатты. Тайыншаның тумасы, диверсиялық – барлау тобының комиссары Николай Зебницкий 22 жасында партизандар отрядын басқарып, оның санын 52-ден 215 адамға дейін көбейтті және отрядымен бірқатар ерекше маңызды жауынгерлік операцияларды орындады.


1941 жылғы 22 маусымның таңсәрісінде жаудың күркіреген соққысынан сескенбегендердің арасында облысымыздың өкілдері: Петропавлдан – сержант Б.И. Бабин, Сергеев, қазіргі Шал ақын ауданынан пулеметші В.К. Янков, В.Д. Минин, зеңбіректің көздеушісі В.К. Шабанов және басқалар болды.