Пособие составлено на основе использования элементов интенсивной методики обучения казахскому языку. Оно предназначено для взрослой аудитории, ранее не изучавшей казахский язык

Вид материалаУчебник

Содержание


Киіз үйдің негізгі бөлшектері
Тапсырмаларды орындаңыз
Киіз үйдің маңызы
Киіз үйде қолданылатын мүліктер
Адам өмірі – бір дәуір
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


Ситуативные задания:


а) Вы хотите купить новую квартиру. Какой должна быть она по-Вашему представлению?


б) Вы все читаете объявления о продаже квартир. По телефону поговорите с хозяином квартиры.


Үлгі: -Алло, Сіздің пәтеріңіз қай көшеде? Ол орталықта ма? Қаланың қай жағында? Маған орталық керек. Пәтеріңіз неше бөлмелі? Бөлмелері бөлек пе? Жылы ма? Дымқыл емес пе? Ыстық, суық су жақсы аға ма? Газ ылғи бола ма? Үйдің темір есігі бар ма?


Какую мебель купили бы Вы для новой квартиры? Как ее расставите? Можете посоветоваться с дизайнером.


Передайте по-русски содержание следующего текста.


КИІЗ ҮЙ


Киіз үй – Орта Азия көшпенділерінің негізгі баспанасы болған. Ол көшіп-қонуға ыңғайлы. Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Олар: кереге, уық, шаңырақ, есік. Олар талдан, қайыңнан, теректен жасалады.


Қазақтың өмірінде киіз үйдің маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырған. Қазақтар киіз үйдің ішін кілем, жібек жапқыш, тоқылған шимен әдемілеген.


Лексикалық минимум: Көшпенділер-кочевники, негізгі-основной, баспана-жилье, көшіп-қонуға-для перекочевки, дәуір-эпоха, пайда болу-появляться, бөлшек-часть, маңыз-значение, мұра-наследие, әдемілеген-украшали.


КИІЗ ҮЙДІҢ НЕГІЗГІ БӨЛШЕКТЕРІ


Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Олар кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақты, есікті осы кәсіпке маманданған шебер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзен бойында тұрады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария және басқа кішірек өзендер. Үйші ағаштан жасайтын бұйымдарын ерте көктемнен бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің негізгі төрт бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген жабдықтарды пайдаланған.


Лексикалық минимум: Бөлшек – часть; кереге – раздвижная решетчатая основа; көбінесе – в основном, в большинстве случаев; тез – станок для выпрямления изгиба деревянных частей; үскі – станок для просверливания отверстий; мор – печь для расправки дерева; уық – купольные жерди; шаңырақ – круговое навершие; қайың – береза; тал – ива; терек – тополь; бұйым – деталь; пайдаланған – использовали, қанат – крыло; сағанақ – жердь; тор – сетка; төзім – устойчивость; тұрады – состоит; көз – глазок; қиғаш – косая полоска из кожи; түйе – верблюд; өгіз – бык; жылқы – лошадь; тері – кожа; тесу – сверлить; тесік – отверстие; көктеу – наживуливать.


КЕРЕГЕ


Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: жел көз, тор көз. Жел көз қатты желге төзімді, ал тор көз жаңбырлы күндерде су жібермейді. Жел көздің торы үлкен, ағаштары жеңіл, ал тор көздің торы кішкене, ағаштары қалың, ауыр. Сағанақтар қиғаш орналасады. Бір қанатта 20 сағанақ болады. Олардың ұзындығы 210 см-ден 250 см-ге дейін. Сағанақтарды бір-біріне қиғаштап қайыспен көктейді. Қайыстар түйе, өгіз, жылқы терісінен жасалады. Қайыстың екі жағынан түйіндейді.


ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАҢЫЗ


Қазақша айтыңыз - Скажите по-казахски: сильный ветер, дождливые дни, большая сетка, массивная жердь, кожаная полоска, кожаный узел, легкое дерево.


Сұраңыз – Спросите: Кереге деген не? Керегенің неше түрі болады? Жел көз қандай болады? Жаңбырлы күндерде киіз үйге неге су өтпейді? Сағанақтар қалай орналасады? Олардың мөлшерлері қандай? Қазақтың киіз үйлері неше қанатты болады?


Көмектес септікте тұрған сөздерді табыңыз – Найдите слова, которые стоят в Көмектес септік.


ШАҢЫРАҚ


Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін шебер адам қисық қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей иеді. Шеңберге уық сұғынатын қаламдық тесіледі. Күлдіреуіш жарты ай сияқты шыбықтардан иіледі. Ол арқылы үйге жарық түседі. Түтін содан шығады. Шаңырақ есік «ырғақ», «тіс», «қошқар мүйіз» оюлармен бедерленеді.


Лексикалық минимум: шеңбер – круг; иілу – гнуться; қисық – кривой; кесу – резать, пилить; кептіру – сушить; сұғу – продевать; шыбық – прутик; арқылы – с помощью; қошқар – баран; мүйіз – рог; бедерлену – наносить узор; жарты ай сияқты – как полумесяц.


Мәтіннің мазмұны бойынша төрт сұрақ қойыңыз - Задайте четыре вопроса к тексту


КИІЗ ҮЙДІҢ МАҢЫЗЫ


Қазақтың өмірінде киіз үйдің маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырылып отырылған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан- ұрпаққа ата-бабалар рухы, күші жалғасады деп түсінген қазақ халқы. Шаңырақ - әулет, үй мағынасында да пайдаланады. Әулет дәстүрі бойынша ұлдар әкенің үйінен бөлініп жеке шаңырақ иесі болады. Кенже ұл әкесінің шаңырағының иесі, мұрагері болып саналады. Сондықтан бұл үйді «қара шаңырақ» дейді. Егер де киіз үйдің бөлшектері тозса, оларды жаңалайды, шаңырақты сақтайды.


Лексикалық минимум: маңыз – значение, мұра – наследие, ұрпақ – поколение, ата-баба – предки, рух – дух, күш – сила, жалғасу – продолжаться, дәстүр – традиция, бөліну – отделиться, ие – хозяин, кенже – младший сын, тозу – износиться, ошақ – очаг, сақтау – сохранять.


КИІЗ ҮЙДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МҮЛІКТЕР


Көшпелі қазақ халқы қысы-жазы киіз үйде тұрғандықтан, оларда артық заттар болмаған. Олар киіз үйдің ішін кілем, жібек жапқыш, тоқылған шимен әдемілеген. Ыдыс-аяққа – теген, қазан, ожау, жылқының, қойдың иленген терісінен жасалған торсық пайдаланылған. Пышақ, көздік, орақ, балта, кетпен сияқты қару-жарақ, құрал-саймандар казақтардың арасында күнделікті өмірге қолданылатын заттар ретінде ұсталған.


Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз. Екеуара сұхбаттасыңыздар – Перескажите содержание текста. Побеседуйте в парах.


Дұрыс сөйлемдерді көрсетіңіз - Определите правильные предложения?


1. Киіз үй – қазақ халқының негізгі баспанасы.


2. Киіз үйде қыста ғана тұрған.


3. Киіз үй үш бөлшектен құралады.


4. Керегені балшықтан жасайды.


5. Кереге көздерден тұрады.


6. Бір қанатта 30 сағанақ болады.


7. Күлдіреуіш тік иіледі.


Қазақша киіз үй туралы қысқаша айтып беріңіз (10 сөйлем) – Кратко расскажите о юрте (10 предложений).


Мәтінді тыңдаңыз – Послушайте текст.


МЕНІҢ ОТБАСЫМ (жанұям) (Моя семья)


Менің аты-жөнім Арыстан Еркінұлы. Мен саясаткермін. Мен Түркияда жұмыс істеймін. Менің отбасым бар. Отбасым онша үлкен емес. Отбасымда төрт адам бар: жұбайым, екі балам және мен. Жұбайым – заңгер. Ол қырық бес жаста. Ол сұлу әйел. Ұлым – студент. Ол ақылды жігіт. Ол қазір екінші курста оқып жүр. Әлі үйленбеген. Қызым оқушы. Ол мектепте оныншы сыныпта оқиды. Біз тату-тәтті тұрамыз.


Глоссарий: Отбасы (жанұя) – семья, онша үлкен емес – не очень большая, жұбай – супруг (а), күйеу – муж, күйеу бала – зять, бала – ребенок, ұл – сын, қыз – дочь, девушка, тұрмыста – замужем, тұрмыста емес – незамужем, үйленген – женат, үйленбеген – неженат, тату-тәтті – дружно, жігіт – парень, джигит.


Отбасы мүшелеріне сипаттама беріңіз - Опишите членов семьи.


Үлгі: Менің жұбайым сұлу, елгезек әйел. Ол ақылды, білікті маман. Ол жұмсақ мінезді, қайырымды адам, бірақ қатал бастық. Ол әділ адам.


Слова-подсказки: – әке-шеше (ата-ана) – родители, әже – бабушка, ата – дедушка, аға – старший брат, іні – младший брат, келін – невестка, жеңге – сноха, немере –внук, жиен – внук (со стороны дочери), қарындас – сестренка (по отношению к брату), сіңлі – сестренка, апа (әпке) – сестра.


«Отбасы» тақырыбына екеуара сұхбаттасыңыздар - Побеседуйте друг с другом по теме «Семья».


-Сіздің отбасыңыз үлкен бе?


-Жоқ, отбасым шағын.


-Отбасыңызда неше адам бар?


-Отбасымда үш адам бар: жолдасым, қызым және өзім.


-Жолдасың кім болып істейді?


-Ол заңгер.


«Семейный альбом». Листая семейный альбом, Вы знакомите гостей с членами Вашей семьи.


Бұл менің жолдасым… Бұл менің үлкен балам. Ол … Мына суретте менің қызым, ол екі жасында суретке түсірілген. Қазір ол үлкен бойжеткен. Міне, мына суретпен салыстырыңыз.


Ваша коллега принесла фотографию, на которой изображены члены ее семьи. Расспросите о каждом из них. Мынау Сіздің жолдасыңыз ба? Ал мына сұлу қыз Сіздің қызыңыз ба?…


Мақалдарды қандай жағдайда пайдалануға болады?


1. Тату үйдің тамағы тәтті.


2. Ана – бәйтерек, бала – жапырақ.


3. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала. (Воспитанность ребенка – его счастье, невоспитанность – его же несчастье).


4. Жақсы келін – қызыңдай, жақсы күйеу – ұлыңдай


5. Адам тастай берік, гүлдей нәзік (Человек крепче камня, нежнее цветка).


Послушайте беседу, в которой употреблена одна из пословиц. По аналогии составьте свой диалог.


- Менің ұлым бар. Ол жақсы, ақылды жігіт. Менің ұлым елгезек, қайырымды адам. Мінезі жұмсақ.


- Қандай жақсы жігіт! Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.


Мына сөздермен сөйлемдер құраңыз.


Ақылды бала, кішіпейіл кісі, сүйкімді бойжеткен, сенгіш адам, бақытты отбасы, еңбекқор әке, қызғаншақ күйеу, сезімтал шеше, әсем бойжеткен, ерке бала.


Сөйлемдерді толықтырыңыз - Дополните предложения.


Менің әкемнің аты-жөні … Менің қызымның аты … Менің ұлымның аты … Менің шешемнің аты-жөні … Менің әкемнің аты … Менің жұбайымның аты … Менің қарындасымның аты … Менің ағамның аты … Менің әпкемнің аты …


Сіз жеті атаңызды білесіз бе?


Нарисуйте фамильное дерево.


«Отбасы» тақырыбына бес тестік тапсырма құрастырыңыз.


«Отбасы» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңыз.


Сөздік диктант жазыңыз: моя семья, родители, отец, мать, сестра, сестренка, старший брат, младший брат, небольшая, дружная.


АДАМ ӨМІРІ – БІР ДӘУІР


Балалық шақ


(13 жасқа дейін)

Жастық шақ


(25 жасқа дейін)

Есейген шақ


(37 жасқа дейін)


Нәресте, бөбек, сәби, балдырған, бүлдіршін, жеткіншек, бала


Жасөспірім, бозбала, ересек, ұлан, жігіт, бойжеткен


Аға, жігіт, ағасы, еркек, әйел, ана,


тәте, келіншек


Кемел шақ


(49 жасқа дейін)


Аталық шақ


(61-73 жасқа дейін)

Қарттық шақ


(85-97 жасқа дейін)


Ел ағасы, отағасы, ана, әке, көке

Ата, апа, ақсақал,әже

Қария, қарт, баба


Дүйсенбіден жұмаға дейін


Базовый диалог:


- Берік, Сіз осы аптада іссапарға барасыз ба?


- Жоқ, іссапарға келесі айда барамын. Осы аптада басқа жұмыспен айналысамын (займусь). Жоспар бойынша (по плану):


Дүйсенбіде: бөлімнің мәжілісіне дайындаламын.


Сейсенбіде: мәжіліс өткіземін.


Сәрсенбіде: министрлікке барып есеп беремін (тапсырамын).


Бейсенбіде: сағат оннан он екіге дейін жеке адамдарды қабылдаймын.


Жұмада: бөлімнің жылдық жоспарын бекітуім керек.


-Иә, бүкіл апта бойы жұмыстан қолыңыз босамайды екен ғой.


Есте сақтаңыз - Запомните: Менің қолым бос емес (Я занят). Қолым жұмыстан босамайды.


Келесі тапсырмаларды орындаңыз


Выполните следующие задания


Сіз дүйсенбіден жұмаға дейін қандай жұмыстармен айналысасыз?


Өзіңіздің есебіңізде келесі сөздерді, сөз тіркестерін қолданыңыз -Используйте следующие слова, выражения в своем отчете:


Құжаттарды дайындау, бұйрықтарды тіркеу, бекіту, жіберу, ұйғарым шығару, жариялау, жауап беру, бөлімдердің жұмыстарын тексеру, сөгіс беру … .


Әріптесіңізден аптаның бірінші жартысында не істейтінін сұраңыз - Расспросите у своего коллеги, что он будет делать в первой половине недели.


Скажите, что:


а) Вы на этой неделе сильно заняты, потому что … - Осы аптада қолым жұмыстан босамайды, себебі Министрлікке есеп дайындауым керек.


ә) Вы сильно заняты во второй половине недели, так как … - .


Сіз істеп жүрген бөлімнің жұмыс кестесін жазыңыз - Напишите распорядок (режим) работы вашего отдела.


Үлгі бойынша сұхбат құрастырыңыз – По аналогии составьте свой диалог.


-Алма, маған келіп кетші (кіріп шық).


-Кешіріңіз, қазір менің қолым бос емес, өйткені мен бастығыма қажетті құжатты басып жатырмын. Ол кісі сағат он жарымда баяндама жасайды.


Қолымнан не келеді? / Не істей аламын? (Что могу сделать?)

Мен не істей аламын?


Сен не істей аласың?


Сіз не істей аласыз?


Ол не істей алады?

-Мен оқи аламын.


-Сен қазақша жаза аласың.


-Сіз немісше сөйлей аласыз.


-Ол қазақша түсіне алады.


Вопросы и ответы со значением «МОЧЬ»


Основа глагола + суффикс –а / -е, -й + глагол «алу» с личными окончаниями:


-а / -е – если основа глагола оканчивается на согласный звук:


-й – если основа глагола оканчивается на гласный звук:


Жекеше түрі


1. Мен қазақша жаза аламын. - Я могу писать по-казахски


2. Сен қазақша жаза аласың. Ты можешь писать по-казахски


Сіз қазақша жаза аласыз. - Вы можете писать по- казахски


3. Ол қазақша жаза алады. - Он может писать по-казахски


Көпше түрі


1. Біз қазақша жаза аламыз. - Мы можем писать по-казахски


2. Сендер қазақша жаза аласыңдар. - Вы можете писать по-казахски


Сіздер қазақша жаза аласыздар. - Вы можете писать по-казахски


3. Олар қазақша жаза алады. - Они могут писать по-казахски


1. Мен


2. Сен


Сіз


3. Ол


компьютерде


істей

аламын


аласың


аласыз


алады


1.Біз


2.Сендер


Сіздер


3.Олар


компьютерде


істей

аламыз


аласыңдар


аласыздар


алады


Отрицательная форма образуется при помощи суффикса отрицания -ма + -й+личные окончания: Мен қазақша жаза ал + ма + й + мын (Я не могу писать по-казахски). Сіз ағылшынша сөйлей ал + ма + й + сыз (Вы не можете говорить по-английски).


Образцы базовых диалогов:


1. -Сен не істей аласың?


-Мен қазақша, ағылшынша оқи аламын.


2. -Сіз не істей аласыз?


-Мен түрікше жаза аламын.


3. -Сіз компьютерде жұмыс істей аласыз ба?


- Әрине, мен компьютерде жұмыс істей аламын.


Скажите, что Вы умеете делать


Подсказки: тоқу (вязать), тігу (шить), пісіру (готовить, варить), келісу (договариваться), сену (верить).


Скажите, что и Вы тоже можете сделать это – Бүгін мен жұмысқа бара аламын – Мен де жұмысқа бара аламын.


Жұмыс басталар алдында


(Перед началом работы)


-Жұмыс басталар алдында бөлім бастығы жиналыс өткізеді.


-Жиналыста не туралы айтады?


-Біріншіден, жұмыс тәртібіне назар аудару керек. Екіншіден, жеке адамдарды сыпайы қабылдау керек. Үшіншіден, жұмысқа кешікпей келу керек. Уақытында шешім қабылдау керек. Міне, бастық осыларға назар аударады.


Используйте в повседневной речи эти выражения:


Жиналыс – собрание, біріншіден – во-первых, жұмыс тәртібі – порядок работы, назар аудару – обратить внимание, кешікпей келу – не опаздывать, уақытында - вовремя, шешім – решение, қабылдау – принимать.


Жұмыстан кейін не істейсіз?


(Что будете делать после работы?)

-Мен жұмыстан кейін

үйге барамын.


бассейнге барамын.


моншаға барамын.


саяжайға барамын.


базарға барамын.


қонаққа барамын.


досыммен кездесемін.


туысыма телефон соғамын.


шешемнің қал-жағдайын білемін


әмбебап дүкеніне барамын.


үй-ішін жинаймын.


кешкі тамақты дайындаймын.


— Ал Сіз жұмыстан кейін қайда барасыз?


ТАБЫС СЕПТІК (Винительный падеж)


Сұрақтары:

Кімді? Кімдерді? (кого?) Нені? Нелерді? (что?)


Жалғаулары:

-ны/ -ні/ -н, -ды/-ді, -ты/-ті,.


Табыс септік используется для обозначения объекта, на который направлено действие. В предложении выступает в качестве прямого дополнения.


Варианты падежных окончаний:

-ны/-ні


-ды/-ді


гласные: қала+ны, ана+ны, шеше+ні…


звонкие з, ж, сонорные й, л, м, н, ң, р, у: қыз+ды, үй+ді, адам +ды…


-ты/-ті

глухие согласные: кітап+ты, ағаш+ты…




притяж.окончания ІІІ л. –сы/-сі, -ы/-і: дәптері+н, анасы+н …


Личные местоимения в Табыс септік:

Іл. Мені – меня


ІІл. Сені – тебя


Сізді – Вас


ІІІл. Оны – его, ее

Бізді (біздерді) – нас


Сендерді – вас


Сіздерді – Вас


Оларды – их


Объясните правила присоединения окончаний Табыс септік к следующим словам, переведите их на русский язык.


Қаулыны, төрағаны, сарайды, өкілді, заңды, өкімді, негізді, хатты, өкіметті, заң жобасын, үкіметін, Жолдауды,


Табыс септікте тұрған сөздерді көрсетіңіз. Сұхбатты аударыңыз.


- Сізге не істеу керек?


-Маған, біріншіден, бұйрықты орындау керек. Екіншіден, құжаттарды дайындау керек. Қағаздарға қол қою керек. Көшірмені әкелу керек. Жеке іс қағазын толтыру қажет. Бастықты күту (тосу) керек. Өмірбаянды жазу керек.


Сұхбат бойынша сұрақтар қойыңыз. Әріптесіңіз оларға жауап берсін.


Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.


Жұмысқа орналасу үшін конкурсқа қатысу керек. Конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттарды дайындау керек? Мынадай құжаттарды дайындау керек: жеке іс парағын, 4 фотосуретті, жоғары білімі туралы дипломның көшірмесін, өмірбаян-резюмені, төлқұжатты. Маман іскер, білікті болуы керек. Қазақ, ағылшын тілдерін жақсы білуі керек. Компьютерде жұмыс істей алу керек.


Сөйлемдерді аяқтаңыз.


1.Жұмысты уақытында... 2.Тапсырманы бүгін … 3.Кітапты кітапханаға…4.Бұйрықты орындау… 5.Жеке іс қағазын…6.Ыстық тамақты… 7.Керек құжатты банкіге… .


ӨТКЕН ШАҚ (Прошедшее время глагола)


Образуется это время путем присоединения к основе глагола суффиксов –ды/-ді, -ты/-ті и личных окончаний. Например: Кеше мен қызық кітап оқыдым –(Вчера я читал интересную книгу). Сен құжатты әкелдің (Ты принес документ).


Суффиксы –ды/-ді пишутся, если основа глагола оканчивается на гласные, звонкие согласные, сонорные: алды, берді, құлады…


Суффиксы –ты/-ті пишутся, если основа глагола оканчивается на глухие согласные: Кеше мен үйге кеш кеттім. При этом звонкие б, г, ғ оглушаются: шығу – шықтым, табу – таптым, төгу – төктім.


Личные окончания легко запомнить на примере спряжения глагола


«жазу» (писать).


1 жақ. Мен жаз+ды+м


2 жақ. Сен жаз+ды+ң


Сіз жаз+ды+ңыз


3 жақ. Ол жаз+ды

Біз жаз+ды+қ


Сендер жаз+ды+ңдар


Сіздер жаз+ды+ңыздар


Олар жаз+ды


«келу» (приходить)


1 жақ. Мен кел+ді+м


2 жақ. Сен кел+ді+ң


Сіз кел+ді+ңіз


3 жақ. Ол кел+ді

Біл кел+ді+к


Сендер кел+ді+ңдер


Сіздер кел+ді+ңіздер


Олар кел+ді


Отрицательная форма глагола в Өткен шақ образуется по схеме:


основа глагола + отрицательный суффикс –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе + суффикс –ды/-ді: Мен бармадым (Я не ходил(а). Сен келмедің (Ты не пришел).


Закрепите Ваши знания по теме «Өткен шақ»


1. По аналогии составьте диалог, в котором действие происходило в прошлом.


-Сіз кеше қайда болдыңыз?


–Кеше мен жұмыста болдым.


-Жұмыста не істедіңіз?


– Жұмыста құжаттарды тапсырдым, хаттарға жауап бердім, жеке адамдарды қабылдадым.


2. Шағын диалогты тыңдап, қазақ тіліне аударыңыз.


-Сіз кеше жұмыстан неге ерте кетіп қалдыңыз?


-Кеше мен жұмыстан ерте кетіп қалдым, өйткені басым қатты ауырды.


-Бастықтан сұрандыңыз ба?


-Жоқ, бастық мәслихатта болды.


-Онда оның орынбасарынан неге сұранбадыңыз?


-Орынбасар жұмыстан босатпады.


3. В тексте диалога найдите глаголы, которые стоят в отрицательной форме в өткен шақ.


4. Қазақшаға аударыңыз.


1.Начальник принимал посетителей. 2.Он утвердил приказ. 3.Я взяла нужный документ. 4.Вы были у заместителя? 5.Они подписали приказ. 6.Вы приехали из командировки вчера. 7.Вы были на работе? 8.В субботу мы не работали. 9.Мы участвовали на выборах. 10.Вчера я заболела, поэтому рано ушла с работы. 11.Начальник объявил благодарность. 12.Собрания не было. 13.Я сделала сообщение. 14.Мы выступили на заседании.