Пособие составлено на основе использования элементов интенсивной методики обучения казахскому языку. Оно предназначено для взрослой аудитории, ранее не изучавшей казахский язык

Вид материалаУчебник

Содержание


Қазақстандықтардың ұлы отан соғысына қатысуы
Қазақстан республикасындағы
Қазақ тілі
Ана тілім – ардағым
Іс қағаздары
Өмірбаян - резюме
Подобный материал:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


Негізінен Солтүстік Қазақстанның өкілдерінен жасақталған 36-шы жеке атқыштар бригадасы Мәскеу түбіндегі қанды шайқаста көзге түсті. Е.В. Фейге, С.Т. Юдин, Е.Д. Хрущев, Г.А. Кабардин, М.М. Жарков, М.Ф. Донченко Крюково деревнясының түбінде және Волоколам тас жолында өліспей беріспеді.


29-шы атқыштар дивизиясы Сталинград түбінде өшпес даңққа бөленді. Приишим, қазіргі Қызылжар ауданындағы Красная горка селосынан – А.С. Раздорский, Преснов ауданындағы Архангелка селосынан - Г.С. Вдовин, Есіл ауданындағы Жекекөл ауылынан М. Ғаббасов оның сапында соғысты.


Петропавлда жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері де өшпес даңққа бөленді. Кеңес Одағының Батыры, сапер П.И. Ганчар, Даңқ орденнің толық иегері А.А. Пуненко, старшина Ғ.И. Мұстақанов, минометтің көздеушісі К.М. Шматков – оның мақтаныштары.


Майдан тылымен берік. «Еңбекте ұрыстағы сияқты!» өнеркәсіп кәсіпорындарының, ұжымшарлардың, кеңшарлардың қызметкерлері осындай ұранмен еңбек етті. Олар негізінен әйелдер, жасөспірімдер, қариялар болды.


Петропавл теміржолшыларының жеңіске қосқан үлестері баға жеткісіз. Торап ұжымы негізгі жұмысына қоса бронепоезд бен поезд-моншаны өз қолдарымен жасап майданға жөнелтті.


Әскери дәрігерлер, мейірбикелер, санитар қыздар туралы да айтпаудың жөні жоқ. Соғыс жылдарында Петропавл қаласына үш эвакогоспиталь орналасып, оларда 2 мыңнан астам жаралылар бір мезгілде емдеу алды.


Күллі Қазақстан сияқты, облыс азат етілген аудандардың тұрғындарына қол ұшын берді. Солтүстікқазақстандықтар қысқа мерзім ішінде Мәскеу түбінің, Смоленскінің және басқа да батыстағы аудандардың тұрғындарына өнеркәсіп жабдықтарын, құрылыс материалдарын, мал және астық жіберді.


“Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында” кітабы, 11 бет.


ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ


Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылғы 22 маусымның алғашқы минуттарында жауды қарсы алғандардың ішінде қазақстандықтар да болды. Атақты Брест қамалын қорғаушылар тізімінен біздің республикадан шақырылған Қ.Әбдірахманов, В.Лобанов, Қ.Иманқұлов, Е.Качанов, В.Фурсов, Ғ.Жұматов және тағы басқа жауынгерлердің аты-жөндерін көре аласыз. Петропавлда жасақталған 314-атқыштар дивизиясы Свирь көлі маңында ерлік көрсетті.


1941 жылдың желтоқсанында Мәскеу түбінде 312, 316, 2383, 91, 387-атқыштар дивизиялары асқан ерліктің үлгісін көрсете білді. Ұлы Отан соғысы жылдары 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, олардың 500 қазақстандықтар, оның 98-і қазақ.


Төрт қазақстандық ұшқыш Т.Я. Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және С.Д. Луганский – Кеңес Одағы Батыры атағына екі рет ие болды. Шығыс қыздарының арасынан бұл құрметті атақты алған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова. 1941 жылы аға лейтенант дәрежесіндегі Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінде батальон басқарды, жауынгерлерін үш рет қоршаудан алып шықты. 1990 жылы 11 желтоқсанда аңызға айналған Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғандардың ішінде асқан ерліктерімен көзге түскендері С.Баймағамбетов, Т.Тоқтаров, С.Лутфуллин, Ы.Ыбыраев, М.Ғабдуллин, Н.Әбдіров, Қ.Сыпатаев, Ы.Сүлейменов және басқалар. Соғыс жылдары қаһармандығымен танылған Қ.Қайсенов пен Р.Қошқарбаевтың есімдері де халық арасында зор құрметпен аталады.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ


МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР


“Алтын Қыран” орден жұлдызы және “Алтын Қыран” белгі ордені (Золотой орел) 1995 жылы белгіленді. Бұл орденмен азамат-тар Қазақстан Республикасына сіңірген айырықша мемлекеттік қызметі үшін марапатталады. “Алтын Қыран” орденімен наградтауға лайықтыларды


Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды. Қазақстан Республикасы Президентінің өзі лауазымы бойынша ерекше үлгідегі “Алтын Қыран” орденінің иегері болып табылады. Орден жұлдыздан және ілмекті алқалық белгіден тұрады.


“Халық қаһарманы” (Народный герой) атағы 1993 жылы белгіленген. Атақ Қазақстан Республикасына сіңір-ген аса көрнекті қызметі үшін, оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолын-дағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі. “Халық қаһарманы” атағына ие болған адам-дарға айрықша ерекшелік белгісі– Алтын жұлдыз және “Отан” ордені тапсырылады.


“Отан” ордені (Отечество) 1993 жылы белгіленді. Бұл орденмен азаматтар мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі; экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамы-тудағы; мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі; демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы ерек-ше еңбегі үшін марапатталады.


«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені 2001 жылы белгіленді. Бұл орденмен Қазақстан Республикасының қалыпта-суына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградта-лады.


«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орде-німен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет мемлекеттер мен олардың үкіметтерінің басшылары наград-талуы мүмкін.


“Барыс” ордені 1999 жылы белгіленді. Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасының мемле-кеттігі мен егемендігін нығайту ісіне; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамта-масыз етуге; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоға-мдық қызметте; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға; ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өза-ра байытуға; мемлекеттер арасындағы


достық қатынастарды дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі. “Барыс” орденінің үш дәрежесі бар. І дәрежелі “Барыс” орденінің үш дәрежесі бар.


“Даңқ” ордені 1993 жылы белгіленді. “Даңқ” орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының жоғары офицерлік құрамының, сондай-ақ, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және басқа органдар басшы құрамының адамдары әскерлерге


басшылық ету мен басқарудағы табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін, әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны үшін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіп күзетін нығайтқаны үшін марапатталады. “Даңқ” орденінің екі: І және ІІ дәрежелері болады. “Даңқ” ордені жұлдыздан және иыққа асатын лентадағы орден белгісінен тұрады.


“Айбын” ордені 1995 жылы белгіленді. Орденмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызмет-шілері, сондай-ақ, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлы-қта, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заң-дылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери


және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады. “Айбын” орденінің үш: І, ІІ және ІІІ дәрежелері болады. І және ІІ дәрежелі “Айбын” ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдағы адамдар марапатталады. ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар марапатталады.


“Парасат” ордені 1993 жылы белгіленді. “Парасат” орденімен Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту мен молайтуға жеке үлкен үлес қосқан, сонымен қатар, адам құқығы мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызмет еткен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да азаматтар марапатталады.


“Достық” ордені 1995 жылы белгіленді. Орденмен азаматтар қоғамдағы ұлтаралық және аза-маттық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады. “Достық” ордені жұлдыздан және иыққа асатын лентадағы орденнің белгісі-нен тұрады.


“Құрмет” ордені 1993 жылы белгіленді. Орденмен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға сіңірген еңбектері үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады.


Сіздің туыстарыңыздың арасында аталған атақты белгілердің иегерлері бар ма?


Қазақстан Республикасындағы партиялар:


1. Республикалық “Отан” саяси партиясы – Республиканская политическая партия “Отан”.


2. Республикалық “Асар” партиясы – Республиканская партия “Асар”.


3. Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы – Коммунистическая Народная партия Казахстана.


4. Қазақстанның коммунистер партиясы – Коммунистическая партия Казахстана.


5. Казақстанның “Ақжол” демократиялық партиясы – Демократическая партия Казахстана “Акжол”.


6. Қазақстанның социал-демократиялық “Ауыл” партиясы – Казахстанская социал-демократическая партия “Ауыл”.


7. Қазақстанның аграрлық партиясы – Аграрная партия Казахстана.


8. Қазақстанның азаматтық партиясы - Гражданская партия Казахстана.


9. Қазақстан Патриоттарының партиясы – Партия Патриотов Казахстана.


10. Қазақстанның Демократиялық партиясы – Демократи-ческая партия Казахстана.


11. “Руханият” партиясы – Партия “Руханият”.


Қазақстан Республикасы тақырыбы бойынша


ТЕСТ


1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы … мемлекет


а) біртұтас, құқықтық, демократиялық, өркениетті


ә) тең, жалпы, тікелей


б) басты


в) монархиялық


г) парламенттік


2. Елдің бас заңы


а) “ҚР Тіл туралы” Заң


ә) Конституция


б) “Жер туралы” Заң


в) “БАҚ туралы” Заң


г) “Қазақстан – 2030” бағдарламасы


3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары


а) Гимн, Теңге, Ән


ә) Бағдарлама, Ту, Заң


б) Теңге, Тәуелсіздік


в) Ту, Елтаңба, Гимн


г) Шаңырақ, Өрнек, Жұлдыз


4. Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданған жыл


а) 1995 ж.


ә) 1991 ж.


б) 1992 ж.


в) 1990 ж.


г) 1999 ж.


5. Қазақстан Республикасының Парламенті … палатадан тұрады


а) екі


ә) үш


б) төрт


в) бес


г) бір


6. Қазақстан Республикасының заң шығарушы жоғары өкілетті органы -


а) Парламент


ә) Сенат


б) Мәжіліс


в) Үкімет


г) Әкімшілік


7. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған жыл


а) 1995 ж.


ә) 1996 ж.


б) 1997 ж.


в) 1998 ж.


г) 1999 ж.


8. Қазақстан Республикасындағы ең құрметті орден


а) Халық Қаһарманы


ә) Айбын


б) Даңқ


в) Парасат


г) Құрмет


9. Тәуелсіздік белгілері


а) Мемлекеттік тіл


ә) Мемлекеттік нышандар және ұлттық теңге


б) Мемлекеттік нышандар


в) “Тіл туралы” Заң


г) Астана


10. Қазақстанның … жүзден астам мемлекет танып жатыр


а) егемендігі мен тәуелсіздігін


ә) байлығын


б) мұнайын


в) астығын


г) ірі өзендерін


11. ХVІІ ғасырда қазақ хандығының астанасы болған қала


а) Ташкент


ә) Түркістан


б) Орынбор


в) Ақмола


г) Ақмешіт


12. Мемлекеттік елтаңбада … бейнеленген


а) шаңырақ, жұлдыз


ә) шаңырақ, қос пырақ, ұлттық өрнек, елдің аты


б) күн бейнесі, қыран


в) шаңырақ, теңге


г) шаңырақ, ту


13. Мемлекеттік тілді меңгеру - әрбір азаматтың …


а) міндеті


ә) жұмысы


б) лауазымы


в) парызы


г) бақыты


14. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданған жыл.


а) 1990 ж.


ә) 1991 ж.


б) 1997 ж.


в) 1998 ж.


г) 1999 ж.


15. Қазақстан Республикасының басқару формасы


а) парламенттік


ә) монархиялық


б) президенттік


в) конституциялық монархия


г) федералдық демократия


16. Елтаңбадағы ең негізгі белгі –


а) шаңырақ


ә) уық


б) жұлдыз


в) күн


г) өрнек


17. Қазақстанда … облыс бар


а) 11


ә) 25


б) 18


в) 14


г) 16


18. Ата Заң – … негізгі Заңы


а) өмірдің


ә) адамның


б) қаланың


в) оның


г) сенің


19. “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасы қабылданған жыл


а) 1997 жыл, қазан


ә) 1996 жыл, тамыз


б) 1998 жыл, желтоқсан


в) 1999 жыл, қазан


г) 1978 жыл, шілде


20. Үкімет басында


а) Президент


ә) Патшайым


б) Премьер-Министр


в) Депутат


г) Әкім


? Бақылау жұмысы


Мына сөйлемдерді қазақша жазыңыз.


1. Я живу в Республике Казахстан. 2. Казахстан – моя Родина. 3. Казахстан – суверенное, независимое, цивилизованное государство. 4. Казахстан – демократическое, светское, правовое и социальное государство. 5. Независимость Казахстана признали более ста стран. 6. Государственный язык Республики Казахстан – казахский. 7. Главный закон страны – Конституция Республики Казахстан. 8. Главой государства является Президент. 9. Первый Президент РК – Н.А. Назарбаев. 10. Высший представительный орган – Парламент. 11. Парламент состоит из двух палат – Сенат и Мажилис. 12. Во главе правительства – Премьер-министр. 13. Государственная символика РК – Флаг, Герб, Гимн. 14. Каждый гражданин РК должен уважать государственную символику. 15. Национальная валюта – тенге. 16. Столица Казахстана – город Астана. 17. Алматы – южная столица. 18. Население Казахстана составляет 15 млн. человек. 19. Общая площадь 2,7 млн. км2. 20. Казахстан граничит на севере с Россией, на востоке с Китаем, на юге с Киргизией, Узбекистаном и Туркменией, на западе с Каспийским морем. 21. Климат Казахстана резко континентальный. 22. Казахстан – многонациональное государство. 23. В Казахстане проживают представители ста тридцати одной национальности. 24. Они живут дружно.


ҚАЗАҚ ТІЛІ


Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан. Қазақ тілі- қазақ халқының ұлттық тілі. Қазіргі қазақ тілі он бесінші- он жетінші ғасырларда қалыптасқан. Бұл тілде Қазақстанда, Қытай Халық Республикасында, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Ауғанстанда, Монғолияда, т.б. елдерде тұратын қазақтар сөйлейді . Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ халқы ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында да үйреніп жүр.


АНА ТІЛІМ – АРДАҒЫМ


Ыбырай Алтынсарин: «Қазақтың тілі соншалықты мол. Қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе».


Мағжан Жұмабаев: «Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт – ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ.


… Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ…».


Василий Радлов, орыс ғалымы: «Қазақтардың тілі жатық та шешен әрі өткір, көбіне, іліп-қағып сұрақ пен жауап беруге келгенде, таң қаларлықтай оралымды сөйлейді».


Платон Мелиоранский, орыс ғалымы: «Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі ең бай тіл деп куәландырып отыр».


Герольд Бельгер, неміс жазушысы: «… Қазақ тілінің дәстүрі әрі бай, әрі ұлттық топыраққа тамыры терең бойлап кеткен».


Сергей Малов, орыс ғалымы: «Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суреттілігі жағынан басқа түрік немесе түркі тілдерінен әрдайым бөлекшелініп тұрады. Қазақ - өзінің ауызекі көркем тілімен, айшықты әсем фольклорымен бұрын да, кейбір реттерде, бүгін де сол сомдалған және біртұтас тіл деп танылып келеді».


Тіл туралы


Тілден биік асқар жоқ,


Тілден асқан байлық жоқ,


Тілден терең теңіз жоқ. (Ғ.Мүсірепов)


Тілге құрмет – елге құрмет. (Ә.Науаи)


Туған ел – тұғырың,


Туған тіл – қыдырың. (Мақал)


Игі істің басы – тіл,


Тәрбие басы – тіл. (М.Қашқари)


Тілден артық қазына жоқ,


Тілден артық қасиет жоқ. (Н.Назарбаев)


Әркімнің туған тілі – туған шеше,


Оған бала міндетті сан мың есе. (С.Мұқанов)


Көрінеді тілден түйсік, білім де,


Біле білсек жарылқаушы – тілінде.


Тіл – білімнің тілмашы,


Тіл – елшінің қылышы. (Ж.Баласағұн)


Тіл – ұлттың жаны.


Тіл идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі. (А.Толстой)


Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. (Ш.Айтматов)


Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б.Момышұлы)


Богатство земли – в хлебе,


Богатство человека – в уме,


Богатство народа – в языке (Народная мудрость)


Язык – история народа.


Язык – путь развития цивилизации и культуры. (А.Куприн)


Ең тәтті де – тіл,


Ең ащы да – тіл.


Ең жұмсақ та – тіл,


Ең қатты да – тіл. (Қазақ мақалы)


Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр. (М.Жұмабаев)


Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.


(М.Әуезов)


Әділ тіл – ақыл таразысы. (Мақал)


ІС ҚАҒАЗДАРЫ


Іс қағаздары –адамның өмірінде жиі қолданылатын үлгілер. Олар әдетте «ресми құжаттар» деп аталады. Ресми құжаттарға жататындар мыналар: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, шарт, мінездеме, т.б. Бұлардың ресми деп аталатын себебі – көбінесе, бір түрде, біркелкі қалыптасқан үлгі бойынша жазылатындығы. Олардың арасында айырмашылықтар да жоқ емес.


Іс қағаздарының қай түрі болса да, дұрыс жаза білу үшін көп-көп жаттығу қажет. Сөйтіп, іс қағаздарын дұрыстап жаза білу - әрбір адам үшін қажетті нәрсе.


Орыс тіліне аударыңыз.


- Айтыңызшы, өмірбаян –резюмеде қандай мәліметтерді көрсету керек?


- Өмірбаян-резюмеде төмендегідей мәліметтерді көрсету қажет: аты-жөніңіз, туған жылыңыз, туған жеріңіз, ұлтыңыз, қандай жоғары оқу орнын қай жылы бітірдіңіз, диплом бойынша сізге қандай мамандық берілген, оқу бітіргеннен кейін қайда жұмыс істедіңіз.


Үлгі бойынша өзіңіздің өмірбаян-резюмеңізді жазыңыз.


ӨМІРБАЯН - РЕЗЮМЕ


1. Ахметов Қанат Оразұлы, 1971 жылы 15-ші мамырда туған. Туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты – қазақ. Үйленген, екі баласы бар. Мекен-жайы – Шымкент қаласы. Телефон нөмірі – 43-58-22.


2. Білімі – жоғары білімді. 1988-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясы. Диплом бойынша мамандығы – халықаралық экономика. Экономист.


3. Кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі. 1993-1996 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының аспиранты. 1996-1998 жылдары – халықаралық қатынастар кафедрасының мұғалімі. Экономика ғылымдарының кандидаты. 10 еңбектің авторы.


4. Қосымша мәліметтер: қазақ, неміс, орыс тілдерін жетік біледі, ағылшын тілін де түсіне алады және сөздіктердің көмегімен аудара алады. ЭЕМ-да еркін жұмыс істей алады Microsoft Word – 98 бағдарламасымен таныс. Әскери қызметке міндетті. Әскери атағы - лейтенант.


ӨМІРБАЯН


Мен, Әлия Мұратқызы Сәрсенова, ұлтым қазақ, 1968 жылдың 8–ші қаңтарында Шымкент облысы, Сайрам ауданы, Ақкөл ауылында жұмысшы отбасында тудым.


Әкем – Мұрат Сәрсенов, 1926 жылы туған. 1990 жылы қайтыс болған. Шешем – Қалима Сәрсенова, 1926 жылы туған, зейнеткер.


1975-85 жылдар аралығында Ақкөл қазақ орта мектебінде оқыдым. 1985-87 жылдары нотариалдық кеңседе хатшы болып жұмыс істедім. 1987 жылы ҚМУ-ның заң факультетіне оқуға түсіп, 1992 жылы үздік дипломмен бітірдім. Университет бітіргеннен кейін аспирантурада оқыдым. 1995 жылы кандидаттық диссертация қорғадым. 1995 жылдан осы уақытқа дейін заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеймін. 1996 жылы АҚШ-да шетелдік іссапарда болдым. Отбасым бар: күйеуім – Жағабаев Арман Төлегенұлы, 1969 жылы туған, ғылыми қызметкер. Ұлым – Жағабаев Жанат, 1993 жылы туған.


Жеке іс парағы


(Личный листок)


1. Аты-жөні ___________________________________________