Пособие составлено на основе использования элементов интенсивной методики обучения казахскому языку. Оно предназначено для взрослой аудитории, ранее не изучавшей казахский язык
Вид материала | Учебник |
СодержаниеАзық-түлік дүкені Как добраться до определенного места (пункта)? Ілік септік Көмекші есімдер (служебные имена) |
- Вдокладе мы рассмотрим вопрос о повышении эффективности обучения иностранному языку, 16.51kb.
- Windows'95, 1008.42kb.
- Новые поступления в библиотеку экономическая теория, 225.89kb.
- Учебное пособие томск 2009, 1504.09kb.
- Учебное пособие предназначено для студентов утис дистанционной формы обучения. Оно, 1727.53kb.
- История зарубежной литературы ХХ века, 750.84kb.
- Учебное пособие для студентов непсихологических специальностей Челябинск, 1874.35kb.
- Учебно-методический комплекс теория и методика обучения иностранному языку для специальности:, 454.2kb.
- Учебное пособие составлено в соответствии с программой по биохимии для студентов всех, 1517.82kb.
- Методическое пособие по французскому языку по теме «Страноведение», 793.91kb.
5. Расскажите, что Вы делали вчера на работе. А что Вы не сделали в понедельник на работе?
6. Расскажите о себе: в каком году, где Вы родились, когда закончили школу, где учились, где работали, в каких странах были (в командировке, по путевке).
7. Напишите объяснение Вашему начальнику о причине Вашего отсутствия на работе.
Үлгі: -Кеше мен жұмыста болмадым (болған жоқпын). Себебі: мен ауырып қалдым. Қызуым қатты болды. Мен емханаға бардым. Кезекте көп отырдым, сондықтан Сізге телефон соқпадым…
АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІ
Лексикалық минимуммен танысыңыз: азық-түлік дүкені - продуктовый магазин, нан бөлімі – хлебный отдел, сүт бөлімі – молочный отдел, ет бөлімі –мясной отдел, тәтті тағамдар бөлімі – отдел “Сладости”, қант – сахар, кәмпит – конфеты құмшекер – сахар-песок, жарма – крупа, қарақұмық – гречка, күріш – рис, кеспе – лапша, кілегей – сливки, май – масло, қаймақ – сметана, сүзбе – творог, ірімшік – сыр, еріткен май – топленое масло, айран – кефир, сүт – молоко, алуа – халва, бір қорап кәмпит – коробка конфет, арақ – водка, шарап – вино, тоқаш – булочка, нан – хлеб, ақ нан – белый хлеб, қара нан – серый хлеб, жаңа піскен нан – свежий хлеб, ет – мясо, шошқа еті – свинина, қой еті – баранина, сиыр еті – говядина, жылқы еті – конина, шұжық – колбаса, бауыр – печень, бүйрек – почка, сүйек – кость, жүрек – сердце, қаз еті – гусиное мясо, тауық еті - курица, алма – яблоко, алмұрт – груша, сәбіз – морковь, картоп – картофель, қияр – огурец, пияз – лук, сарымсақ – чеснок, қызанақ – помидор, қырыққабат – капуста, шалғам – редиска, аскөк – укроп.
Используйте новую лексику в словосочетаниях, а затем в предложениях: кәмпит - арзан кәмпит-Дүкенде кәмпиттер арзан емес.
Нан бөлімі
Нан бөлімінде ақ нан, қара нан, тоқаштар, жұқа нан сатады. Олар жұмсақ, дәмді. Бір бөлке ақ нан неше теңге тұрады екен? –Бір бөлке ақ нан 27 теңге тұрады. Ал бір тоқаш қанша тұрады екен? –Бір тоқаш 5 немесе сегіз теңге тұрады. Тоқаштар әр түрлі болады. Кішкентай тоқаш арзан болады. Нан бөлімінде кеспе, ұн да сатады. 1 кг ұн 30 теңге. Нан бөлімінде кезек болады. Адамдар кезекке тұрады. Таңертең жаңа піскен нан сатады.
А теперь послушайте диалог в “Хлебном отделе”.
-Нан жаңа піскен бе?
-Әрине, біз ылғи жаңа піскен нанды сатамыз.
-Маған бір бөлке ақ нан, екі тоқаш беріңізші.
-Нан – 27 теңге, ал екі тоқаш он алты теңге тұрады. Сізден 43 теңге.
-Міне, ақшаны алыңыз. Рақмет.
Сүт бөлімінде
-Бір литр сүт неше теңге тұрады?
-Бір литр сүт отыз екі теңге тұрады.
-Маған бір литр сүт, жарты кг май өлшеңізші.
-Қаймақ алмайсыз ба?
-Жоқ, рақмет. Қанша төлеуім керек?
-Жүз тоқсан теңге төлейсіз.
Тәтті тағамдар бөлімінде
-Маған 1 кг кәмпит өлшеп беріңізші.
-Міне, алыңыз. Тағы не алайын деп едіңіз?
-1 қорап кәмпит қанша тұрады екен?
-Жүз елу теңге тұрады. Сатып аласыз ба?
-Жоқ, келесі жолы алармын. Қазір ақшам аз екен.
Арақ-шарап бөлімінде
-Мен екі шөлмек арақ алайын деп едім.
-Үш жүз он теңге. Тағы да бірдеңе аласыз ба? Жақсы шараптар да бар. Олардың бағасы қымбат емес. Мерекеге қарсы алмайсыз ба?
-1 шөлмек шарап қанша тұрады?
-Екі жүз елу теңге тұрады. Бұл ең арзан шарап.
-Онда маған екі шөлмек ақ арақ, бір шарап және екі шампан беріңіз.
-Жақсы, міне, алыңыз. Мерекеңіз құтты болсын!
-Рақмет, бірге болсын. Сау болыңыз!
Инсценируйте диалоги между покупателем и продавцом
а) хлебного отдела б) вино-водочного отдела
Послушайте беседу продавца мясного отдела с покупателем. По аналогии составьте свой диалог.
- Ет алыңыз. Бүгінгі ет жақсы, майлы.
- Жылқы еті бар ма?
- Жылқы етінің бір килограмы үш жүз сексен теңге тұрады. Қанша өлшейін?
- Жас ет болса 2 килограмм өлшеңіз. Қазы неше теңге тұрады? Шұжық ше?
- Қазы қымбат, төрт жүз елу теңге. Шұжық бар ма?
- Ертең келіңіз. Қазір жоқ.
- Жақсы, онда екі килограмм ет өлшеп беріңіз.
Ситуативтік тапсырманы орындаңыз
На пороге Новый год. Какие продукты Вы купите на новогодний стол? Заранее позаботьтесь о них, т.к. к Новому году цены вырастут, не так ли?
БАЗАРДА
Жұмыстан кейін мен базарға барып көкөніс, жеміс, жидек сатып аламын. Біздің базар Интернационал көшесінде орналасқан. Ол “Алтын базар” деп аталады.
Көкөніс, жеміс-жидек жабық ғимараттың ішінде сатылады. Сөрелердің үстінде алмалар, алмұрттар, пияз, сарымсақ, жүзім үйіліп жатыр. Олардың бағалары қымбат. Мысалы: бір кг алма – сексен теңге, сәбіз – отыз теңге тұрады. Картоп та, қызылша да базарда көп.
Базарда сатушылар бағаларды кейде кемітеді. Егер көбірек алсаң, онда бағасы да арзанырақ болады.
Келесі қатардан ет сатып алуға болады. Мұнда қой еті де, сиыр еті мен жылқы еті де бар. Шошқа еті қымбатырақ болады.
Сүт тағамдарын мына қатардан сатып аласыз. Қазір майдың 1 килограмы 280 теңге, өйткені қазір қыс қой. Қыста май қымбат болады. Базардың ішінде гүлдерді де сатады. Егер досыңыздың туған күніне гүл керек болса, жап-жақсы раушан, қалампыр гүлдерін сатып алуға болады.
Біздің базарымыз сағат сегізден он сегізге дейін жұмыс істейді. Осы уақытта базар ашық болады, үзіліс болмайды.
Ситуативтік тапсырмаларды орындаңыз
1. В Вашем холодильнике нет запаса продуктов. Какие продукты Вы купите на базаре в первую очередь?
2. Вы собираетесь на день рождения. Инсценируйте диалог между Вами и продавцом цветов.
Слова-подсказки: Арзанырақ сатуға болмай ма? Мына алманы салмаңызшы, ол нашар екен. Мына сәбіз маған ұнамай тұр, бағасын кемітіңізші, кемітсеңіз, мен көбірек алар едім.
Расскажите, почему продукты Вы обычно покупаете на нашем базаре.
- Сіз азық-түлікті неге базардан аласыз?
- Өйткені базарда олардың бағалары арзанырақ
Қазақша айтыңыз.
Наш базар называется “Алтын базар”. Базар работает с 8 до 18 часов. Перерыва нет. Здесь продукты дешевле, поэтому люди покупают продукты здесь.Если Вам нужно купить овощи, фрукты, сходите на базар. Там они дешевле, чем в магазинах.
Озаглавьте каждый абзац текста «Базарда».
Составьте 5 тестовых заданий к тексту.
Напишите сочинение на тему “Наш базар”.
КАК ДОБРАТЬСЯ ДО ОПРЕДЕЛЕННОГО МЕСТА (ПУНКТА)?
Лексикалық минимум: айту-сказать, айтшы-скажи, пожалуйста, айтыңызшы-скажите, пожалуйста, Айтпайсыз ба?Не скажете ли?жету-достигать, добираться, қалай?-как?, каким образом?, жетуге болады-можно добраться, аялдама-остановка, түсу-сходить, выходить, көмек (жәрдем)-помощь, жүру-ходить, жаяу жүру-ходить пешком, алыс-далеко, далекий, жақын-близко, близкий, бару-ехать, идти.
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөйлем ішінде қолданыңыз.
Үлгі: Келесі аялдама – следующая остановка. Сіз келесі аялдамада түсесіз.
Послушайте и переведите базовые диалоги на русский язык. На основе этих диалогов составьте свои.
Бірінші сұхбат:
-Әкімдікке қалай жетуге болатынын айтыңызшы.
-Әкімдікке дейін нөмірі екінші автобус, №2 троллейбус барады.
-Қай аялдамадан түсу керек?
-“Алтын базар” аялдамасынан түсесіз.
-Көмегіңізге көп рақмет.
-Оқасы жоқ
Екінші сұхбат:
-Университетке қалай баруға болатынын айтып жібермейсіз бе?
-Университетке дейін №7-ші автобус жүреді. “Мир” аялдамасынан түсесіз де, тура жүресіз.
-Рақмет.
Үшінші сұхбат:
-Кешіріңіз, вокзалға қалай жетуге болады екен?
-Вокзалға мына автобустар жүреді: №2, №25.
-Рақмет.
Төртінші сұхбат:
-Сіз үйіңізге дейін немен барасыз?
-Мен үйге жаяу барамын.
Бесінші сұхбат:
-Сіз үйге немен барасыз?
-Мен үйге дейін №25 автобуспен барамын, өйткені мен осы арадан алыс тұрамын.
Мына тапсырмаларды орындаңыз.
Жұмыс орныңыз қай жерде орналасқан? Жұмысқа қандай көлікпен барасыз? Әріптесіңіз жұмысына қандай көлікпен барады екен?
Сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Айтыңызшы, бұл жерден орталыққа …? 2. Әкімдікке нешінші …? 3. Мен жұмысқа нөмірі …. 4. Мен түскі үзілісте үйге барып түскі тамағымды ішемін, өйткені …. 5. Маған базарға дейін нешінші автобуспен…? 6. Келесі аялдама …? 7. Вокзалға дейін …. 8. Сіз үйге жаяу…? – Иә, өйткені мен жақын…. 9. Қай аялдамадан…? 10. Сізге “Жабаев” аялдамасынан ….
Қала ішін бағдарлау
Ориентация в городе
Шағын сұхбатпен танысыңыз.
- Кешіріңіз, темір жол вокзалына қалай баруға болады?
- Екінші автобусқа отырыңыз.
- Рақмет.
- Жолыңыз болсын!
Аталған жерлерге қалай жетуге болатынын сұраңыз.
1. В театр…
2. К рынку…
3. На вокзал…
4. В аэропорт…
Вокзал осы арадан алыс па, жақын ба? Қазақша сұраңыз.
- Вокзал алыс па? Жаяу бара аламын ба?
- Аса алыс емес. Осы арадан екі аялдама ғана.
Сіз жолдан адастыңыз:
- Мен жолдан адастым. Маған жөн сілтеп жіберіңізші (укажите мне, пожалуйста, путь). Мен Жұмабаев көшесіндегі жүз бірінші үйді таба алмай жүрмін.
- Осы көшемен тура жүре бересіз, оң жақтағы бес қабатты ғимарат жүз бірінші үй болады.
таба алмай жүрмін – не могу найти
Вокзалдан орталыққа дейін қандай көлік жүреді?
- Орталыққа қандай көлік барады?
- Орталыққа троллейбус та, автобус та жүреді.
?Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, жауап беріңіз.
1. Извините, как можно доехать до железнодорожного вокзала? – …
2. Далеко ли до гостиницы? – …
3. Как проехать в аэропорт? – …
4. Вокзал в черте города. – …
5. Поверните направо. – … Поверните налево. – …
6. Где Центральный базар? – …
7. Поезжайте на автобусе номер два. – …
8. Выходите на следующей остановке. – …
v
КӨЛІК
(транспорт)
Лексикалық минимум: ғафу етіңіз (ғапу етіңіз) – извините, жолақы – стоимость проезда (плата за проезд), орын – место, бос – свободно, өтіп кету – пройти, рұқсат ету – разрешить, жолаушы – пассажир, түсу – выйти, жету – добираться, төлеу – платить.
Шағын сұхбаттарды тыңдаңыз:
1.- Мен Жабаев көшесіне дейін бармақпын. Айтыңызшы, мына
троллейбуспен жете аламын ба?
- Иә, жете аласыз.
- Жолақы неше теңге?
- Жолақы жиырма теңге.
2. - Келесі қай аялдама?
- Келесі аялдама «Жабаев көшесі» деп аталады.
- Онда мен өтіп кетейін. (Тогда я пройду).
Ситуативтік тапсырмалар.
Ваш собеседник выражает свое мнение. Вежливо не согласитесь с ним:
- Жолақы он бес теңге шығар.
- Жоқ, жолақы жиырма теңге.
Вы выражаете свою просьбу. Ваш собеседник соглашается.
- Өтіп кетуге рұқсат етіңізші. (Разрешите пройти).
- Өтіңіз.
- Мына бос орынға отыруға рұқсат етіңізші.
- Отырыңыз.
- Келесі аялдамадан түсуге рұқсат етіңізші.
- Түсіңіз.
- Ақшаны билетке беріп жіберіңізші. (Передайте, пожалуйста, деньги на билет).
Сөйлемдерді қазақша жазыңыз.
Я намерен поехать домой на автобусе. Я намерен заплатить за билет 20 тенге. Я намерен передать на билет. Я намерен выйти на следующей остановке. Я намерен выйти на остановке «Алтын базар». Я намерен сесть на свободное место.
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ (Времена года)
АУА РАЙЫ (Погода)
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Сұрақ-жауап арқылы сұхбаттасыңыз.
Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
Менің ең жақсы көретін жыл мезгілім – жаз. Өйткені жазда күндер ұзақ, ыстық болады. Жазда аспан ашық, бұлтсыз. Ыстық жел соғады. Адамдар күннің көзіне күйеді, суға түседі. Жазғы демалысқа не жетсін! Менің демалысым да жазда болады.
Қыс туралы мәлімет. Қыс неге ұнайтынын айтып беріңіз.
Маған қыс ұнайды. Қыста менің туған күнім. Қыста күндер суық, аязды және қысқа болады. Қар жауады, боран соғады. Жаңа жыл мерекесін желтоқсанның отыз бірінде қарсы алады. Қыста ауаның температурасы 25-35 градусқа дейін суық болады.
Кейбір адамдарға күз ұнайды. Күзде күн салқын, жиі жаңбыр жауады. Көктем де адамдарға ұнайды екен. Көктемде табиғат қысқы ұйқысынан оянады, ағаштар бүршік атады. Күн жылына бастайды, қар ериді, самал жел соғады. Көктемде Наурыз мерекесі, әйелдер күні, Жеңіс күні мерекелері болады.
Тапсырмаларды дұрыс орындаңыз
1. Әріптесіңізбен жыл мезгілдері, ауа райы жөнінде сөйлесіңіз.
2. “Менің ең жақсы көретін жыл мезгілім” тақырыбына шығарма жазыңыз.
3. Бүгін, ертең, апта бойы ауа райы қандай болады? Болжам жасаңыз.
4. Қарсы келіңіз – Возразите.
Үлгі: Қыста күн ыстық болады. –Жоқ, Сіз қателесесіз, қыста күн суық болады.
Күзде жауын-шашын болмайды. – Жоқ, дұрыс емес. Сіз қателесесіз. Күзде жауын-шашын болады. Жиі жаңбыр жауады.
5. Біздің өлкеміздің қысы, көктемі, жазы, күзі Сізге ұнай ма?
ІЛІК СЕПТІК
(Родительный падеж)
Сұрақтары:
Жалғаулары:
Кімнің? Кімдердің? (чей?) ,
Ненің? Нелердің? (чей? Чего?)
-дың/-дің, -тың/-тің, -ның/-нің
Варианты окончаний Ілік септік запомните по таблице.
-ның/-нің
после гласных,
сонорных м,н,ң
-қаланың көшесі, әкенің сөзі, адамның ісі, нанның дәмі…
-дың/-дің
После звонких согласных, з,ж
сонорных р,л,й,у
-қыздың көздері, дәптердің беті, үйдің маңы, таудың қары…
-тың/ тің
после глухих согласных, .б,в,г,д
-кітаптың беттері, клубтың іші, жігіттің намысы…
Ілік септік употребляется и без аффикса. Например: қой еті – қойдың еті, Алматы апорты, Кавказ таулары, “Спартак” балеті, кірпіш зауыты, Есіл өзені, Жұмабаев алаңы, Абылайхан даңғылы.
Сочетаясь с именем существительным в Родительном падеже, служебные имена – Көмекші есімдер – образуют словосочетания, имеющие пространственное значение. В этом сочетании они употребляются только в форме принадлежности 3 лица и по смыслу они соответствуют русским предлогам: за, под, на, перед, у, внутри (в), возле, между, напротив, рядом. Сравните: әкімдіктің жанында – возле акимата, банктің алдында – перед банком, саябақтың ішінде – в парке, жұмыстың алдынан – перед работой.
Ілік септік используется для обозначения принадлежности. В предложении выступает в качестве определения.
Ілік септіктің жалғауларын қолданыңыз.
Бастық… қолы, орынбасар… шешімі, үй… бөлмелері, үстел… үсті, дәрігер… кеңесі, оқытушы… сабағы, өлең… авторы, өзен… суы.
Қазақша айтыңыз.
Документы лежат на столе. Возле парка много людей. Кабинет начальника. Печать учреждения. Подпись заместителя. Улица Жумабаева. Город Омск. Аудитории университета. Занятие преподавателя. Курсы слушателей.
Орыс тіліне аударыңыз.
Бөлім бастығы. Бөлім бастығының орынбасары. Үйлестіру бөлімі. Тілдерді дамыту басқармасы. Ақпарат бөлімі. Қаржы министрлігі. Департамент бастығы. Көлік министрлігі. Облыстық әкімдік. Университет ректоры. Кафедра меңгерушісі.
Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әділет Министрлігі, Ақпарат және Қоғамдық келісім министрлігі, Көлік және телекоммуникация департаментінің басшысы, Министрдің орынбасары, Министрдің көмекшісі, Президенттің баспасөз хатшысы.
Есте сақтаңыз!
Отдел эксплуатации - пайдалану бөлімі, начальник отдела эксплуатации – пайдалану бөлімінің бастығы, заместитель начальника отдела эксплуатации – пайдалану бөлімі бастығының орынбасары.
Отдел регистрации – тіркеу бөлімі, начальник отдела регистрации – тіркеу бөлімінің бастығы, заместитель начальника отдела регистрации – тіркеу бөлімі бастығының орынбасары.
Организационный отдел – ұйымдастыру бөлімі, начальник организационного отдела – ұйымдастыру бөлімінің бастығы, заместитель начальника организационного отдела – ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары.
Атрибутивные (определительные) словосочетания в казахском языке образуются посредством сочетания “существительное + существительное (так называемый Изафет). Неоформленные изофетные конструкции обычно допускаются в названиях номенклатурных должностей, названиях учреждений, ведомств, министерств с целью благозвучности и экономии языковых средств. Например: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының орындалуы – исполнение указа Президента РК.
Начальник отдела контроля - Бақылау бөлімінің бастығы.
Начальник отдела информации – Ақпарат бөлімінің бастығы.
Начальник юридического отдела - …?
Начальник общего отдела - …?
Общий отдел - жалпы бөлім
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР (СЛУЖЕБНЫЕ ИМЕНА)
Үйдің қасында
Возле дома
PHP
P
K
Жолдың шетінде
На краю дороги
Үйдің ішінде
В доме
Үйдің артында
За домом
Таудың басында
На горе
Көпірдің астында
Под мостом
Жолдың ортасында
Посередине дороги
Үстелдің үстінде
На столе
Үйдің алдында
Перед домом
Ағаштардың арасында
Между деревьями
Үйдің айналасында
Вокруг дома
ä
АСХАНА (столовая)
-Қазір уақыт қанша екенін айтпайсыз ба?
-Қазір бес минутсыз бір.
-Бәрекелді! Қазір түскі үзіліс болады ғой.
-Әрине. Түскі асты қайдан ішесің? Түскі асқа асханаға барамыз ба?
-Иә.
-Жүр, онда асханаға бірге барайық.
-Жарайды, асханаға барайық.
“Тәбетіңіз ашылсын!”, “Ас дәмді болсын!”-“Приятного аппетита!”
АСХАНАДА
Түскі үзілісте біз асханаға барып тамақ ішеміз. Біздің асханамыз бірінші қабатта. Асхана кең, таза, жарық. Асханада дастархан мәзірі ілулі тұр. Дастарқан мәзіріне көз салайық. Бүгін қандай тағамдар бар екен? Түскі асқа біріншіге: сорпа, кеспе, борщ бар екен. Екіншіге: палау, мәнті, тұшпара, дүнген кеспесі, қазақша ет. Ал үшіншіге сүт қатқан шай, кофе, сусындар алуға болады. Біз не аламыз? Мен біріншіге еш нәрсе алмаймын. Екіншіге палау аламын. Ол өте дәмді. Үшіншіге сүт қатқан бір кесе шай алайын, өйткені мен шайды жақсы көремін. Шай ішпесем басым ауырады. Тоқаш алуға да болады. Біздің асханамызда даяшы жоқ, өйткені бұл мейрамхана емес. Әркім өзіне-өзі қызмет етеді.
Глоссарий: Дастарқан мәзірі – меню, көз салайық – посмотрим, біріншіге – на первое, сорпа – бульон, суп, кеспе – лапша, палау – плов, тұшпара – пельмени, дүнген кеспесі – дунганская лапша, қазақша ет – мясо по-казахски, сүт қатқан шай – чай с молоком, сусындар – напитки, даяшы – официант, әркім өзіне-өзі қызмет етеді – самообслуживание.
Мақалдарды жаттап алыңыз.
Ас – адамның арқауы.
Ет – етке, сорпа – бетке.
Ас туралы тыйым сөздер
1. Дастарқанға бірінші нанды әкеліп қой. Өйткені нан – дәм басы. «Асығып тұрмын, нан ауыз тиейін», «Ең құрымаса, нан ауыз ти», - деп айтылатыны бекер емес.
2. Нанды шашпа, жерге тастама, нанды баспа, нанды рәсуа етпе. Нансыз өмір жоқ.
3. «Тойдым» деме, «Қанағат» де. «Тойдым», «біттім» деген жаман ырым. «Қанағат» десең қанағат қарын ашырмайды. Әлі де ырыздығым таусылмасын деген жақсы ырымдасың.
4. Ас ішкен ыдысыңды төңкеріп қойма. Ол ырысыңыздың таусылғандығын білдіреді.
5. Дәмді табақтың ортасынан алма. Өйткені, астың берекесі ыдыстың ортасында.
Ас ішуді үй иесі бастап, үй иесі аяқтасын. Бұлай ету, біріншіден, астың адалдығын көрсетсе, екіншіден, шаңырақ иесімен амандықпен дастарқан басында кездесуге жазсын деген тілектестік.
Тыңдап, аударыңыз:
а) -Сәлеметсіз бе? Мен тұшпара, сүт қатқан бір кесе шай, екі тілім нан алайын деп едім.
-Тағы не аласыз? Шайға тәтті тоқаштар мен самса бар.
-Онда бір тоқаш пен бір самса беріңіз.
-Бәрін қосқанда жүз елу теңге болады. Ас дәмді болсын!
-Рақмет.
ә) -Құрбым, мына тұшпара қандай дәмді!