Пособие составлено на основе использования элементов интенсивной методики обучения казахскому языку. Оно предназначено для взрослой аудитории, ранее не изучавшей казахский язык
Вид материала | Учебник |
СодержаниеДене мүшелері Шартты рай – условное наклонение Қалау рай Бос уақыт. ән-күй. театр. кино. |
- Вдокладе мы рассмотрим вопрос о повышении эффективности обучения иностранному языку, 16.51kb.
- Windows'95, 1008.42kb.
- Новые поступления в библиотеку экономическая теория, 225.89kb.
- Учебное пособие томск 2009, 1504.09kb.
- Учебное пособие предназначено для студентов утис дистанционной формы обучения. Оно, 1727.53kb.
- История зарубежной литературы ХХ века, 750.84kb.
- Учебное пособие для студентов непсихологических специальностей Челябинск, 1874.35kb.
- Учебно-методический комплекс теория и методика обучения иностранному языку для специальности:, 454.2kb.
- Учебное пособие составлено в соответствии с программой по биохимии для студентов всех, 1517.82kb.
- Методическое пособие по французскому языку по теме «Страноведение», 793.91kb.
-Иә. Тұшпараны мен де жақсы көремін.
-Шай да ыстық екен. Жақсы сүт қатқан шайға не жетсін!
-Тоқаш та тәтті, жұмсақ екен.
-Иә, біздің аспазымыз тағамдарды жақсы пісіреді. Сөз жоқ.
Подготовьте сообщение на следующие темы:
а) Казахская молочная кухня.
б) Мясные блюда казахов.
в) Мучные изделия казахов.
Басқа ұлттың қандай жақсы тағамдарын білесіз? Екеуара сұхбаттасыңыз.
Сөйлемдерді аударыңыз.
Тамақ ішкім келгенде мен асханаға барамын. Сусаған кезде біз сүт қатқан шай немесе кофе ішеміз. Қарным ашқанда мен тамақ ішемін. Егер тамақ ішкің келсе, дәмханаға бар. Түскі үзіліске дейін қарның ашса, шай қойып ішу керек. Біз бөлімде сағат он бірден кейін шай ішеміз. Түстен кейін де шай ішеміз. Шай ішпесем басым ауырады.
Қазақ халқының қонақжайлығы туралы әңгімелеңіз:
төрге шығыңыз, төрлетіңіз (төр – у казахов почетное место), ас алыңыз, ет жеңіз, шай ішіңіз.
ЖОЛ ЖҮРУ
Поездка
t
Глоссарий: жұмыс бабымен-по работе, іссапар-командировка, сапарым сәтті болды-поездка была удачной, алдын-ала-заранее, тауып алдым-нашел, жолсерік-проводник, көрсету-показывать, төменде-внизу, төсек-орын –постель, болу-быть.
Жаңа сөздікті пайдаланып, келесі мәтінді орыс тіліне аударыңыз. Өткен аптада бөлім меңгерушісі Астана қаласына жұмыс бабымен жол жүріп кетті. Ол үш күн іссапарда болды. Сапары сәтті болды ма екен, тыңдайық!
Мен алдын-ала бару – қайту билеттерін сатып алдым. Орным купелі вагонда болды. Вокзалға сағат он бір жарымда келдім. Нөмірі тоғызыншы вагонды тауып алдым. Жолсерікке билетімді көрсеттім. Менің орным төменде екен. Купеде үш кісі болды. Жолсеріктен төсек-орын сатып алдым. Түнде жақсы ұйықтадым. Астанаға пойыз таңертеңгі сағат тоғызда келді. Менің сапарым сәтті болды.
Мәтіннің мазмұны бойынша 6 сұрақ қойыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Келесі тіркестерді сөйлем ішінде қолданыңыз: Алдын-ала бару-қайту билеттерін сатып алу керек, кассаға кезекке тұру керек, купелі вагонға билет сатып алу.
Сұхбаттарды тыңдаңыз:
а. “Анықтама бюросында” (в “Справочном бюро”):
-Айтыңызшы, Астанаға дейін қандай пойыздар жүреді екен?
-Астанаға дейін бірнеше пойыз бар: № 220, 116 …
-Билет қай пойызға арзанырақ болады?
-№ 220 пойызға билет 420 теңге тұрады.
-Бұл пойыз қай уақытта аттанады?
-Мәскеу уақыты бойынша сағат 4.40-та.
-Рақмет.
ә. “Жолсерік пен жолаушы”:
-Төсек-орын қанша тұрады? –Жүз он теңге тұрады.
-Шай бола ма? -Әрине, болады. Азырақ күте тұрыңыз.
б. “Кассаның жанында”:
-Мен Алматыға барайын деп едім. Билет бар ма?
-Сізге қай күнге билет керек еді?
-Маған бүгін кету керек.
-Бір ғана билет қалыпты. Алтыншы вагон, 34-ші орын.
-Рақмет.
-Жолыңыз болсын!
Үй тапсырмасы - Домашнее задание:
Сіз жұмыс бабымен Астанаға бармақсыз. Алдын ала бару-қайту билеттерін сатып алыңыз.
Телефон арқылы Мәскеуге, Омбыға, Қорғанға қандай пойыздар жүретінін сұраңыз.
ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ
(Части тела)
Жаңа сөздер: дене-тело, бет-лицо, бас-голова, көз-глаз, кірпік-ресница, қас-бровь, құлақ-ухо, мұрын-нос, ауыз-рот, ерін-губа, тіс-зуб, тіл-язык, қол-рука, аяқ-нога, бармақ-палец, кеуде-грудь, қарын-живот, иық-плечо, жақ-щека.
Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
Адамдар баспен ойлайды. Мұрынмен дем алады. Көзбен көреді. Тамақты тіспен шайнайды. Тілмен сөйлейді. Құлақпен естиді. Жүрекпен сезеді. Аяқтарымен жүреді.
Сын есімдерді сөйлем ішінде қолданыңыз.
Аққұба, қараторы, қаз мойынды, сүйкімді, арық, толық, қарапайым, елгезек, момын, сыпайы, орта бойлы, түзу, қыр мұрын, денелі, жұмсақ мінезді…
? Знакомьтесь, мой друг Марат. Он высокого роста, крупного телосложения. Его глаза карие (қой көзді). Волосы густые, черные. Нос орлиный. Он добрый человек, но строгий начальник. Я люблю друга за его характер (мінез)
ШАРТТЫ РАЙ – УСЛОВНОЕ НАКЛОНЕНИЕ
В казахском языке, как и в русском, условное наклонение обозначает действие, являющееся условием для совершения другого действия. Например: Мен келсем, сен де келесің (Если я приду, то и ты придешь). Оны көрсем, айтайын (Если увижу его, скажу).
Условное наклонение в казахском языке образуется путем присоединения суффиксов –са/-се к корню глагола или залоговой форме, а затем личных окончаний глагола.
“Бару”
Жекеше
І жақ. Мен бар-са-м
ІІ жақ. Сен бар-са-ң
Сіз бар-са-ңыз.
ІІІ жақ. Ол бар-са.
Көпше
Біз бар-са-қ.
Сендер бар-са-ңдар.
Сіздер бар-са-ңыздар.
Олар бар-са.
“Келу” (приходить)
І жақ. Мен кел-се-м.
ІІ жақ. Сен кел-се-ң.
Сіз кел-се-ңіз.
ІІІ жақ. Ол кел-се.
Біз кел-се-к.
Сендер кел-се-ңдер.
Сіздер кел-се-ңіздер.
Олар кел-се.
Отрицательная форма образуется путем прибавления к корню глагола отрицательных суффиксов –ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе + суффикса –са/-се + личных окончаний: Мен бар+ма+са+м (Если я не пойду). Сен кел+ме+се+ң (Если ты не придешь). Сіз сұра+ма+са+ңыз (Если Вы не спросите).
Образуйте Шартты рай данных глаголов.
Үлгі: Оқу – оқысам, жазу – жазсам.
Емделу, ауыру, жазылу, көріну, ішу, сақтау, емдеу, сақтану, өлшеу, көріну, тыңдау, тіркелу, тіркеу, айту, жазу, бару, келу, қайту, шақырту, сұрау, қамтамасыз ету.
ҚАЛАУ РАЙ
(Желательное наклонение)
В казахском языке қалау рай выражает желание, намерение говорящего и образуется путем прибавления к корню или основе глагола суффиксов -ғы/-гі, -қы/-кі, затем следует личное окончание глагола и вспомогательные глаголы “келеді” для будущего переходного времени, «келді» для прошедшего времени и «келіп тұр» для настоящего времени.
Например: Менің театрға барғым келеді (Мне хочется пойти в театр). Менің театрға барғым келіп отыр (Мне хочется пойти в театр сейчас). Менің театрға барғым келді (Мне хотелось пойти в театр).
Үйрену
Жекеше
1. Менің қазақ тілін үйрен-гі-м келеді
2. Сенің қазақ тілін үйрен-гі-ң келеді.
Сіздің қазақ тілін үйрен-гі-ңіз келеді.
3. Оның қазақ тілін үйрен-гі-сі келеді.
Көпше
1. Біздің қазақ тілін үйрен-гі-міз келеді.
2. Сендердің қазақ тілін үйрен-гі-лерің келеді.
Сіздердің қазақ тілін үйрен-гі-леріңіз келеді.
3. Олардың қазақ тілін үйрен-гі-лері келеді.
Айту
Жекеше:
1. Менің айт-қы-м келеді
2. Сенің айт-қы-ң келеді
Сіздің айт-қы-ңыз келеді.
3. Оның айт-қы-сы келеді.
Көпше:
1. Біздің айт-қы-мыз келеді.
2.Сендердің айт-қы-лар-ың келеді.
Сіздердің айт-қы-лар-ыңыз келеді.
3.Олардың айт-қы-лар-ы келеді.
Отрицательная форма образуется путем прибавления отрицательного суффикса -ма/-ме к глаголу “кел”. Например: Менің шай ішкім келмейді. Менің айтқым келмеді. Сенің жұмысқа барғың келмеді ме?
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сіздің жұмысқа барғыңыз келе ме? 2.Оның тамақ ішкісі келе ме? 3.Сіздің үйге қайтқыңыз келе ме? 4.Асханаға барғың келіп тұр ма? 5.Теледидар көргіңіз келе ме? 6.Олардың телефон арқылы сөйлескісі келіп тұр ма? 7. Демалыста қайда барғыңыз келеді? 8. Қазақ тілінен сынақ тапсырғыңыз келіп жүр ме? 9.Сабаққа келгіңіз келе ме? 10.Қазақша сөйлескіңіз келе ме? 11.Қазір үйге барғыңыз келіп тұр ма?
h
ЕМХАНАДА
(В поликлинике)
Глоссарий: тамақ-горло, дәрігер-врач, ауыру-болеть, ауру (сырқат адам)-больной, көріну-показаться, аурухана-больница, емдеу-лечить, емделу-лечиться, ем-лечение, қызу - температура, қысым-давление, өлшеу-измерять, тыңдау-слушать, сақтау-беречь, сақтану-беречься, жазылу-выздоравливать, записывать-ся. Мен ауырып тұрмын – Я болею. Мен ауырып қалдым – Я заболела. Маған суық тиді – Я простудился. Менің басым ауырады – У меня болит голова. Қызуым қатты – Высокая температура. Қауіпті ештеңе жоқ – Ничего серьезного. Дәрігерге тіркейтін жер – Регистратура. Дәрі – лекарство. Күніне үш рет – три раза в день. Ас алдынан – перед едой. Ауру туралы қағаз – бюллетень.
Мақалдардың баламасын орыс тілінде беріңіз. Найдите соответствия в русском языке.
1. Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – бес саулық. 2. Денсаулық – зор байлық. 3. Аурудың жайын сау білмес. 4. Ауруды бастан. 5. Жаман ауруға – жақсы ас.
Етістіктердің болымсыз түрін жазыңыз. Көзің ауырса, окулиске бар (Если болит глаз, сходи к окулисту). Дәрі ішсең, тез жазыласың (Если будешь пить лекарство, быстро выздоровеешь).
Сұхбатты тыңдаңыз.
Дәрігердің бөлмесінде (В кабинете врача)
-Қай жеріңіз ауырады? (На что жалуетесь? Что беспокоит?)
-Менің басым, тамағым ауырады. Түнде қызуым қатты болды.
-Қане, жүрегіңізді, өкпеңізді тыңдайын. Қан қысымын өлшеп көрейін. Әзірше қауіпті ештеңе жоқ. Сізге тұмау тиіпті (грипп).
-Тез жазыламын ба?
-Бұл Сізге байланысты. Егер дәрілерді уақытында ішіп отырсаңыз, тез жазыласыз. Дәрілерді дәріханадан алыңыз. Бал қосқан сүт ішіңіз.
-Ауру туралы қағаз бересіз бе?
-Жоқ. Емделіңіз. Денсаулықты сақтау керек. Денсаулық – зор байлық қой!
-Рақмет, сау болыңыз!
Сұхбатты жалғастырыңыз. “Дәріханада” (“В аптеке”).
-Бас ауырғанда қандай дәрілерді ішуге болады екен?
-Цитромон ішіңіз…
1. Рецепт бойынша дәріханадан керек дәрілерді сатып алыңыз.
2. Терапевт Сізге қандай кеңес бере алады.
Образцы базовых диалогов:
1.-Алма, сен кеше жұмыста болған жоқсың. Не болды?
-Ауырып қалдым. Қан қысымы көтеріліп, басым қатты ауырды.
-Сен дене шынықтыру жасайсың ба?
-Уақыт жоқ.
-Жоқ, сен жұмысқа сілтеме (не ссылайся). Денсаулығың болмаса, ертең жұмыс та қажет болмайды. Әрбір адам денсаулығына үлкен көңіл бөлуі керек. Дұрыс демалып, өзін-өзі шынықтырып, уақытында емделу керек.
2.-Құрметті дәрігер! Мен жиі-жиі ауырамын. Сондықтан бастығымнан сөгіс те естідім. Денсаулықты қалай жөндеуге болады?
-Біріншіден, дене шынықтырумен айналысу керек. Күнде жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін 25-30 минут жаттығу жасау керек. Аптасына екі рет бассейнге бару, немесе денсаулық тобына қатысу керек. Екіншіден, дұрыс тамақтану керек. Көбірек көкөніс, жеміс-жидек жеу керек. Үшіншіден, денсаулықты сақтау керек!
Тапсырмаларды орындаңыз.
1. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
Бас ауырса, дәрі ішу керек. Жүрегіңіз ауырса, кардиологке барыңыз. Тамақ ауырса бал қосқан сүт ішу керек. Көзіңіз ауырса, окулиске барыңыз. Мүмкін, сізге көзілдірік керек болар. Тісіңіз ауырса стоматологке барыңыз. Пломба қояды немесе тісті жұлып тастайды.
2.Мына кеңесті есте сақтаңыз.
Үлгі: Жақсы емделу керек. Дәрілерді уақытында ішіп отыр. Суыққа шықпа.
3. Үйіңізге «жедел-жәрдем қызметін» шақыртыңыз.
-Алло, бұл “Жедел жәрдем қызметі" ме?
-Иә, тыңдап тұрмын.
-Менің қызым ауырып қалды.
-Қай жері ауырады?
-Оның басы, тамағы ауырып тұр. Қызуы да қатты.
-Мекен-жайыңыз?
-Пушкин көшесі, 27- үй, 65- пәтер.
-Қарсы алыңыз, қазір келеміз.
-Жақсы, күтіп аламын.
2. Сізге «жедел-жәрдем қызметінің» дәрігері қандай кеңес берді? Келесі сөз тіркестерін пайдаланыңыз: Төсекте жатып емделу, дәрігерге бару, дәрігердің кеңесі, тыңдау, ішіп отыру, дәрі-дәрмек, қан қысымы...
¸
G
â
º
БОС УАҚЫТ. ӘН-КҮЙ. ТЕАТР. КИНО.
ТЕЛЕДИДАР ХАБАРЫН КӨРУ
Тақырыпқа қатысты лексикалық минимуммен танысыңыз: бос уақыт-свободное время, өткізу - проводить, тыңдау-слушать, ән - песня, халық әндері –народные песни, сүйікті - любимый, әнші -певец, әуен – мелодия, ұнау - нравиться, ұнайды-нравится, қазіргі-современный, күй-кюй, аспап-инструмент, дауыс-голос, дауыс қосылмайды-без голоса, балық аулау – рыбачить, аң аулау-охота, қызықтырады-интересует.
Келесі сұхбаттарды мұқият тыңдап, орыс тіліне аударыңыз.
1. - Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
- Мен классикалық музыканы жиі тыңдаймын.
2. - Сізге халық әндері ұнай ма?
- Әрине, маған халық әндері ұнайды.
- Сіз қазіргі әуендерді ұнатасыз ба?
- Жоқ, маған қазіргі әуендер ұнамайды.
Сүйікті әншіңіз кім?
- Сіздің сүйікті әншіңіз кім?
- Менің сүйікті әншім – Күләш Байсейітова.
- Иә, менің ата-анамның да сүйікті әншісі Күләш апай. Әкем Құрманғазының күйлерін де жақсы көреді және оларды жақсы біледі.
- Иә, қазақ халқы ән мен күйге бай ғой!
- Мен Құрманғазының күйлерін жақсы көремін. Ал сіз ше?
- Мен күйлерді ұнатпаймын, себебі мен оларды түсінбеймін. Күйдің қандай ерекшелігі бар?
- Күй тек музыка аспаптарымен ойналады. Дауыс қосылмайды.
- Ә-ә, енді түсінікті.
Сіздің таныстарыңызды не қызықтырады?
-Құрбым, сен бос уақытыңда не істейсің?
-Мен балық аулауды ұнатамын. Маған аң аулау да ұнайды. Айтшы, сені не қызықтырады?
- Мені саясат қызықтырады. Сондықтан мен кешке дейін теледидар көремін. Газет-журналдарды да көп оқимын.
Кімді не қызықтыратынын тыңдап көрейік.
Мен спортты жақсы көремін.
Мен суретке түсіруді ұнатамын.
Мен кітап оқығанды сүйемін.
Мен ән-күйді, ойын-сауықтарды жақсы көремін.
Мен суда жүзуді және таза ауадағы ойындарды ұнатамын.
Теледидар хабарын көру
Просмотр телевизионных передач
Жаңа лексиканы пайдаланып, сұхбаттарды аударыңыздар:
Арна-канал, шетелдік арна-зарубежный канал, жергілікті арна-местный канал, хабар-весть.
А теперь попробуйте спросить:
-Бұл қандай арна ?
-Бұл “Хабар” арнасы.
-Бұл шетелдік арна ма әлде Ресей арнасы ма?
-Бұл жергілікті арна ғой! “Есіл” бағдарламасы.
Ситуативтік тапсырма: Кто-то из вас просит переключить на другой канал. Предлагает послушать новости, например. Послушаем, как нужно передать это по-казакски.
-Басқа арнаға ауыстыршы. Жаңалықтарды тыңдайық!
-Жаңалықтар нешеде басталады?
-Жаңалықтар сағат он тоғызда басталады.
Сізге қандай хабарлар ұнайды (ұнамайды)?
-Сізге қандай хабарлар ұнайды? Сіз нені ұнатасыз? – Мен ән – күй хабарларын ұнатамын. Әсіресе “Ән шашу” деген хабарды. –Ал мен спорт хабарларын жақсы көремін. Әсіресе “Про спорт” хабарын.
- Маған “Жарнама” ұнамайды. Себебі жалықтырып жібереді /надоедает/. Хабар барысында жарнама деген көп болады! Не істейсің? Амал бар ма, қарап отырасың.
Өзіңіздің сүйікті арнаңыз туралы келесі жоспар бойынша әңгімелеңіз:
1. По какому каналу идет эта передача?
2. Во сколько начинается?
3. Кто ведущий этой программы?
4. Почему вам нравится это передача?
5. Всегда ли вы находите время на просмотр этой передачи?
СПОРТ
Лексикалық минимум: түр – вид, қай түрімен – каким видом, айналысу – заниматься, күрес – борьба, еркін күрес – вольная борьба, ұлттық спорт ойындары – национальные виды спорта, спортшы – спортсмен, жүгіру – бег, бегать, жанкүйер – болельшик, қысқы спорт түрлері – зимние виды спорта. Сізге спорт ұнай ма? Сіз спортты ұнатасыз ба?– Вам нравится спорт? Спорттың қай түрімен айналысасыз? – Каким видом спорта вы занимаетесь? Мен суға жүзумен, қазақша күреспен, еркін күреспен айналысамын. – Я занимаюсь плаванием, казакша курес, вольной борьбой. Сіз қандай ұлттық спорт ойындарын білесіз? – Какие национальные виды спорта вы знаете? Қазақстанда бәйге, қыз қуу сияқты ойындар кең тараған. – В Казахстане широко распространены такие виды спорта, как байга, догони девушку. Спортшылардың арасында чемпиондар көп пе? – Среди спортсменов много чемпионов?
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіздің облысыңызда спортшылар арасында чемпиондар көп пе?
2. Олар қандай ойындардың жеңімпаздары?
3. Сіздің облысыңызда қандай командалар бар?
Сұхбаттармен танысыңыз:
1.- Жақында футбол ойыны болады.
- Қандай командалар ойнайды екен?
- “Есіл – Қуат” командалары ойнайды.
- Сіз қандай команданың жанкүйерісіз?
- Менің сүйікті командам – “Есіл”.
- Онда ойынға бірге барайық. Мен де футбол ойынын көргім келеді.
2. -“Есіл” хоккей командасының белгілі ойыншысы кім?
- Команданың белгілі ойыншысы Александр Степанов.
3. - Кім жеңілді? (Кім ұтылды?)
- Есеп қандай? Кімнің пайдасына? Есеп кімнің үлесіне?
Қазақша айтыңыз.
1. Спорт полезен для здоровья.
2. Надо заниматься спортом, физической культурой.
3. Здоровье надо беречь.
“Спорт” тақырыбына қатысты қандай мақалдарды білесіз? Біздің облысымызда спорт қалай дамып жатыр? Әңгімелесіңіз.
¨
Кітап дүкенінде
(в книжном магазине)
Лексикалық минимум: әдебиет – литература, көркем әдебиет – художественная литература, ғылыми – научный, тарих – история, өнер – искусство, ертегі – сказка, балаларға арналған кітаптар – книги для детей, стих - өлең, жинақ – сборник, өлеңдер жинағы – сборник стихов. Сіздерде қазақ тілінде кітаптар сатыла ма? – У вас продаются книги на казахском языке? Сіздерде ғылыми кітаптар бола ма? – У вас бывает научная литература? Өлеңдер жинағы бар ма? – У вас есть сборник стихов?
Сатушы мен сатып алушы арасындағы сұхбатты тыңдаңыз.
- Сіздерде өлеңдер жинағы сатыла ма?
- Қазір бітіп қалды. Жақында түседі
- Ал “Абай жолы” романын көрсетіңізші.
- Өкінішке орай, бұл кітап бізде жоқ.
- Мына кітап қызық па?
- Бұл кітапты мен оқыған жоқпын. Сөздіктерді көріңіз.
“Сөздіктер” бөлімінде
Лексикалық минимум: қымбат – дорогой, салалық сөздіктер – словари по отраслям, түсіндерме – толковый, соңғы басылым – последнее издание.
Сұхбат:
- Орысша – қазақша сөздік бар ма?
- Иә, бар. Сөздіктер қымбат. Мысалы, мына сөздік 430 теңге тұрады.
- Салалық сөздіктер бар ма?
- Олар да бар.
- Түсіндірме сөздіктерді қайдан табуға болады екен?
- Кітапханадан таба аласыз.
- Рақмет, онда мен синонимдер сөздігін сатып алайын.
- Міне, алыңыз. 800 теңге төлеңіз.
-
¨
Кітапханада
(В библиотеке)
Сөздік: қызметкер – сотрудник, кітап қоры – книжный фонд, дана – экземпляр, оқырман – читатель, оқу залы – читальный зал.
Ситуативтік тапсырмалар.
1. Сіздің таныстарыңыз қандай кітаптарды оқиды екен?
- Құрбым, не оқып отырсың?
- Мен Ғ. Мүсіреповтің повесін оқып отырмын.
- Қандай жақсы! Оны қайдан алдың?
- Кітапханада бар ғой.
2. Кітапханашыдан Сізге керек кітапты сұраңыз. Өкінішке орай, бұл кітап жоқ. Кітапханашы Сізге басқа кітапты ұсынды.
- Мен Ғ. Мүсіреповтің “Автобиографиялық” повесін іздеп жүрмін.
- Өкінішке орай, бұл әңгіме жоқ. “Ұлпан” повесін алыңыз.
ž
Газет киоскісінің жанында
(у газетного киоска)
- Сіз газет оқығанды ұнатасыз ба? Вы любите читать газеты?
- Мен газеттерді күнде қараймын. Я просматриваю газеты қаждый день.
- Газеттерді қайдан сатып алуға болады? Где можно купить газеты?
- Газет киоскісінде. В газетном киоске.
- “Солтүстік Қазақстан” газетінің соңғы нөмірін беріңізші. Дайте последний номер газеты “Солтүстік Қазақстан”.
- Қала жаңалығын жазатын газет бар ма? Есть газета, дающая сведения о новостях города?
- Ол – «Қызылжар нұры» газеті. Алыңыз. Это – газета «Қызылжар нұры». Возьмите.
- «Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» кітабы бар ма? Есть книга «Североказахстанцы в годы Великой Отечественной войны»?
- «Северо-Казахстанская область» атты энциклопедиясы бар ма? Есть энциклопедия «Северо-Казахстанская область»?
- Бұл кітаптарды газет киоскісінде сатпайды. Эти книги не продают в газетном киоске.