Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Вид материалаЛекция

Содержание


Олардың мазмұны мен құрылымы
Ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі
Нарықтық емес қызметтер
Экономикалық өндіріс
Экономикалық аймақ
Аймақтық анклавтар
Сыртқы сауданың жалпы өнімі
Ұлттық есеп жүйесіндегі
Бөлу операциялары
Бірліктер тобы
Ескерту: «х» - шот құрылады, «-» - шот құрылмайды.
Ұлттық есеп жүйесінде
Факторлық құн
Халық шаруашылығы балансы
Өндіріс әдісі
Бөлу әдісі
Ақырғы пайдалану әдісі
1.Өндіріс шотының жалпы сипаттамасы мен үлгісі
Өндіріс шотының ресурстар бөлгіндегі
Нарықтық қызметтер
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өндіріс статистикасының дәріс материалдары


Лекция 1. Ұлттық есеп жүйесі пәні, оның әдістері, міндеттері

1.Ұлттық есеп жүйесі – шоттар мен кестелердің жиыны түрінде берілген өзара байланысты экономикалық көсеткіштердің жүйесі

2.ҰЕЖ-нің обьектісі өнім өндіру, қызмет көрсету, табысты бөлу операцияларының ұлттық деңгейіндегі жиынтығы.

3.ҰЕЖ-де қолданылатын әдістер.


Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтежесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген.

Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты –экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.

Ұлттық есеп жүйесі- жан-жақты жүйе, оны әр түрлі салалардың міндеттерін шешу үшін қолдануға болады. Ол елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр елдің ерекшелігін ескере отырып, бұл жүйенің шоттарын, экономика секторларын, көрсеткіштерін нақтылауға, өзгертуге болады.

Ұлттық есеп жүйесін экономиканың әр түрлі саласында қолдану арқылы мына міндеттерді шешуге болады:
  • мемлекеттік реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесінде экономиканың салалары, секторлары, әртүрлі экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған міндетті шешуге көмектеседі.ҰЕЖ- нің ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттің, шаруашылық субьектілерінің тұтыну шығындарын тексеруге, қажетті деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргізуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсартуға жағдай жасауға, айналамдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргізуге, т.б. макроэкономикалық саясаттардыреттеуге болады;
  • макрокөрсеткіштерді пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткіштер арасындағы функционалды байланыс параметрлерін бағалау негізінде және уақыт қатарларын қолданып , экономиканың дамуын үлгісін құру;
  • экономикалық даму стратегиясын және оны іске асыратын шешімдерді қабылдау;
  • ұлттық есеп жүйесі негізгі көрсеткіштері –жалпы ішкі өнім мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргізу.бұл жерде барлқ және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы ішкі өнімге қатынасы есептеледі.
  • статистиканың өзара баланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткіштерді, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшін ҰЕЖ-нің тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесін үйлесім негізі ретінде қолдану.

Ұлттық есеп тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткіштердің жаңа жүйесіне өту қажеттілігі мынадай жағдайларға негізделген:

Экономиканың макросатаистикалық үлгісі ретінде қолданылатын ұлттық сеп жүйесі материалдық өндіріс пен материалдақ емес қызметтер өрісі кең құқылы және дербес шаруашылық субьектілері тікелей мемлекеттің басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеология сүйенеді. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзін -өзі реттеу мехенизімі болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдаң бір саладан екінші салағаауысыуы есептеледі.

Статистиканы өзгертуде макроэкономикалық көрсеткіштердің атқаратан ролі зор. Халық шаруашылығы балансының макроэкономикалық көрсеткіштерінің, материалдық өндіріс басымдлығы туралытұжырымдаманың, әлеуметтік экономикалық даму, сыртқы экономикалық байланыстар көрсеткіштерінің, төлем балансының, мемлекеттік бюджеттің халықаралық стандартқа сәйкес келмеуі халық шаруашылығын эжкономикалық әдістермен басқаруға мүмкіндік бермеді.

Экономиканың дамуына баланысты қызметтер ролінің артуы экономиканң негізгі даму заңдылықтарының бірі болып саналады.Экономика дамыған сайын шаруашылық әрекеттің нәтежесі ретінде жалпы ішкі өнімнің құрамында көрсетілетін қызметтердің үлесі арта түседі. Бұл заңдылық біздің Республикаға да тән, сонықтан қызметтерді жаңа жүйеде халық шаруашылғы балансындағы кең түрде қамту қажет. Өндіріс нәтежесін көрсеткенде тек материалдақ өндіріс өрісінің тауарлары мен материалдақ қызметтерін ғана есептемей, сонымен қатар, материалдақ емес қызметтерді де қарастыру қажет.Халық шаруашылығы балансында бұл есептер есепке алынбаған.

80-жылдары макроэкономиканың терң және жан-жақты талдау қажеттілігі айқын сезіле бастады. Осы кезде мемлекеттік статистикалық ұйымдар бұрын халық шаруашылығы балансында қамтылмаған кейбір әлеуметтек- экономикалық даму аспектілері туралы мәліметтерді зерттеп, кестелер дайындады. Мысалы, осы жылдары материалдық емес қызметтер балансын құру, тұтынушылардың әр түрлі топтарына көрсетілген материалдық емес қызметтер, қызмет көрсету шығындары туралы мәліметтер жинау, оларды жете зерттеу сияқты жұмыстар қолға алынды.

Жалпы ішкі өнім көрсеткішін (1988) статистикалық практикада қолдану макроэкономикалық статистиканың одан әрі дамуындағы негізгі қадам болып саналады. Жалпы ішкі өнім есептеу әдістемесі ұлттық есеп жүйеснің принциптеріне негізделген. Жалпы ішкі өнімді, жалпы ұлттық өнімді есептеу экономиканың даму дуңгейі мен қарқынын айқындайды, халықаралық салыстыруларды жеңілдетеді, сонымен қатар экономикалық- статистикалық талдауды тереңдетеді.

Ұлттық есеп жүйесінің құрылу және даму тарихы

ҚР статистикалықпрактикасында ҰЕЖ қолданудың негізігі кезеңдері және стратегиясы

Елдің табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеде пайда болды, бірақ алғашында экономикалық талдау жасау керектігі ескерілмеді.XVIII- XIX ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды, бірақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің өзара байлансы, ресурс айналама есепке алынбады.

Ұлттық есеп жүргізу туралы ойды ең алғаш ағылшын зерттеушісі Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есептің ұлттық табыс статистикасмен тығыз байланысты екенін және материалдық игіліктерді бөлудің ерекшеліктерін қарастырды.

Француз экономисі Француа Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерінде өнім қозғалысы мен табыс қозғалысның тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнім мен табыс қозғалысын бөліп қарстыруға болмайды, олар қоғамның экономиалық өмірінің айналымын көрсетеді деген ойды айтты.

Кенэнің 1758 жылғы жарық көрген «Экономикалық кесте» жұмысындағы ой- пікірлері кейінірек ұлттық есеп жүргізудің негізгі принциптеріне айналды.Ол қағидалар мыналар:

-экономиканы құрамдас бөліктернің арасында дәлмедәл сандық баланыс бар бір тұтас жүйе деп қарастыру;

-осы жүйедегі қоғам мүшелерінің белгілі топтарын (экономикалық агенттерді) және оларды байланыстыратын экономикалық ағымдарды бөлу;

-өнім мен табс қозғалысын талдау;

-жабық жүйедегі табыс пен таза өнімнің теңдігін және қоғамдағы әр класс үшін ағымдардың тепе-тең болуын талап етеу;

-Қайта бөлу мехенизмінің міндеті, яғни экономикалық агенттердің бір тобының (өндіруші кластың) шығындар ұлттық байлықтың экономикалық айналамға қатысатын және ұдайы өндірісте болатын бөлігін қалай өзгертетінін, осы ұдайы өндірілген құндылықтан экономикалық агенттердің барлық топтарына табыстың қалай бөлінетінін көрсету;

-ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының арақатынасын сақтау.

Ұлттық есеп жүйесінің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдарың бірі- француз Антуана Лавуазье. А.Лавуазье 1771 жылы Францияның ұлттық ассамблеясында «Франция корольдігің аймақтық байлығы туралы саяси арефметикалық очерк» атты баяндамасын жасады. Баяндама өнім өндіріу, тұтыну процестерін сипаттайтын және ұлттық өнімнің, ұлттық табыстың, мөлшерін көрсететін кесте келтірілді. Бұл кестелерді тарихтағы ең алғаш ұлттық шоттар деуге болады.

Лавуазье заттай өнім, ақшалай табыс, салық, салық салынатынтаза табыс көрсеткіштернің айырмашылығын көрсетті, сонымен қатар, халықтың кірісі мен шығысы бойынша өндіріс пен өнімді бөлу процестеріне талдау жасады. Осы таладау нәтежесінде материалдақ қаржы балансын құру турал пікір айтты.

Бірақ Кенэ мен Лавуазьенің айтқан ой пікірлері ұзақ уақыт іске асырылмады. Оған сол кездегі экономикалық теорияның эволюциясы және экономика дағдылы түрде дамиды деген қағида себеп болды.

Сонымен қатар, ол кезде экономика стихиялы түрде дамиды, оны мемлекет трапынан реттеу қажет емес деген көзқарас қалыптасты. Сондықтан мұндай жағдайда халықшаруашылығындағы байланыстарды сан жағынан талдаудың қажеті болмады.Соған қарамастан халық шаруашлығының синтетикалық көрсеткіштерін есептеуге байланысты жұмыстар жүгізілі берді.

ХХ ғасырдың 30-жылдары түбегейлі өзгерістер болды, соған байлансты, ұлттық есеп жүргізудің жаңа кезеңі басталды. Бұған 1929-1933 жлдары Ұлы экономикалық депрессия (тоқырау) себеп болды. Осы жылдары жинақ пен инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсі не кемуі салдары, экспорттың немесе импорттың өзгеруі, кәсіпкердің табысы сияқты келелі мәселелердің шешу қажеттілігі артты.ал бұл мәселелерді бұртұтас экономикаға талдау жасамай шешуге болмайтын еді. Көптеген экономистер тоқыраудан кейін нарықтық экономиканы қалпына келтіру үшін реттеу қажет деген қортындыға келді. Осындай пікірді айтқан және дәлелдегендердің бірі –ағылшын экономисі Дж.Кейнс. Нарықтық экономиканы реттеу мәселелері туралы өз ойларын Дж.Кейнс «Ақша,процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы» атты жұмында (1936ж) жариялады және болашақ ұлттық сеп жүйеснің негізгі принциптерін келтірді.ОЛ ҰЕЖ жалпы табыс, тұтыну, инвестиция, жинақ сияқты өзара байланысты макрокөрсеткіштердің жүйесі деп көрсетті, осы көрсеткіштердің кейбіреулерін өзгерту арқылы мемлекет экономиканы реттй алады.

Кейнстің, Ван Клифордің және басқа да ғалымдардың жұмыстарын негізге ала отырып, жеке елдер ұлттық шоттар құра бастады. 1936 жылы еврей экономисі Людвиг Грюнбаум Палестина үшін ең алғаш ұлттық шоттар жүйесін құрды.

1941 жылы Голланд статистигі Ван Клифор Голландияның ұлттық шоттарын құрды.(1938 жылы мәліметтер бойынша). Ван Клифордың құрған шоттар сауда, өндіріс, тұтыну, әкімшілік секторларын қамтыды. Осы жылы Францияда, Англияда ұлттық шоттарды көгілдір кітап (Blue book) түрінде жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең ұлттық есеп жүгізудің кеңінен тараған кезеңі болып саналады. Осы кездегі ұлттық шоттардың жаппай тарағанын төмендегі кестеден көруге болады

Капиталистік елдерде ҰЕЖ дамуы

Елдің аты

Құрылған жылы

Ескерту

Австрия

1951

Жұмыстың басталған кезі. 1963 жүйе біржолата қалыптасты

Англия

1941

БҰҰ стандарттары шоттарының тұжырымдамасы бойынша құрылған

Бельгия

1954

1948-1951 жылдардағы мәліметтербойынша алғашқы зерттеулер БҰҰ және ЕЭЫҰ-ның (Европалық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының) стандарттарына сәйкес келді.

Дания

1948

Жүйе төрт шоттан құралады

Ирландия

1951

Жүйе үш шоттан құралады.

Италия

1955

Екі сектор, төрт негізгі шот құрылды.

Мальта

1959

Жүй БҰҰ стандарттарына сай құрылды.

Нидерланды

1948

Алғашқы шоттар 1938,1946,1947 жылдардағы мәліметтер бойынша құрылды.

Норвегия

1946

Соны (оригинал) жүйе

Португалия

1950

Жүйе БҰҰ стандартына лайық алты шоттан құрылды

Туркия

1950

Жұмыстың басталған кезі.

Қарапайым интеграцияланбаған үлгі

Финляндия

1958

ҰЕЖ-нің түсіндірмесі жарияланды.

Соны жүйе.

Франция

1946

Соны жүйе

ГФР

1949

Жүйе үш сектор, жеті функционалды шоттан тұрады.

Швейцария

1963

Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылған

Швеция

1954

Соны жүйе

Индия

1951

Интеграцияланбаған жүйе

Жапония

1953

Тоғыз кесте құрылды, оның алтауы БҰҰ-ның стандартына лайық

Аргентина

1955

1946 жылы жалпы ішкі өнімді септеуге әрекет жасалды.

Бразилия

1951

1947 жылы ұлттық шоттарға байланысты жұмыс басталды

Гондурас

1952

БҰҰ-ның стандартына сай интеграцияланған жүйе құрылды

Канада

1948

Секторлар бойынша алғашқы шоттар құрылды

Колумбия

1949

Жұмыстың басталған кезі. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды

Мексика

1953

Жүйе БҰҰ стандартына сәйкес құрылды.

Панама

1959

Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды

Перу

1946

Жұмыстың басталған кезі. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды

АҚШ

1947

Бес шот, жиырма жеті кесте құрылды. Тұрымдамалары БҰҰ-ның стандартына сай келді

Чили

1949

БҰҰ-ның стандартына сәйкес құрылды

Эквадор

1954

Ұлттық шоттардың интеграцияланған жүйесі

Жаңа Зелендия

1948

Жүйе төрт шоттан тұрады

Флиппини

1952

БҰҰ жүйеснің тұжырымдамасына негізделген бес шоттан құрылды.

1951 Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының жеңілдетілген стандартты ұлттық есеп жүйесі жарияланған соң, ұлттық табыс статистикасының дәстүрлі идеяларын шоттардың интеграциялық жүйеснің идеялары ығыстырды.

1952 жылы Нидерландияда алғаш рет ҰЕЖ-ге салааралық баланс енгізілді.Бұл баланс өндіріс сферасының 26 саласы бойынша құрылды және 1938,1946-1951 жж. қамтиды. Мұнан былай салааралық балансты құрған елдердің барлығы оны ұлттық есеп жүйесіне енгізді.

1952 жылдан бастап ұлттық есеп жүйесінде қаржы операцияларының кестесін қосу керектігі сөз болды. Экономикалық зерттеулерде бұл операцияларды талдау және оларға лайықты әдістеме жасау экономикалық зерттеуделерде дербес бағыт ретінде көрсетлді.1952 жыл жарияланған Моррис Коплендтің «Құрама штаттарындағы ақша ағымын зерттеу»атты жұмыс осы бағытты дамытудағы негізгі кезің болды.

Қаржы ағымдарын талдау үшін 1947 жылы Нидерландыда,1949 жылы Флнляндияда қаржы шоттарын құруғу әрекет жасалды.

Қазіргі кезде көптеген елдердің ұлттық есеп жүйеснің құрамында қаржы операцияларының кестесі бар.(Нидерленды,Финляндия, Норвегия, Франция, Швеция, Германия, Жапония). Ұлттқ баланстық кеестелер (national balance- sheet) түріндегі мүлік баланстарын құружәне олардың интеграциясы- ұлттық есеп жүргізудегі тағы да негізгі бағыт. Шаруашылық бірліктернің қаржы активтері мен пассивтерінің өзгерісі қаржы операцияларның нәтежесін ал, қоғамдағы материалдқ игіліктердің өзгерісі экономикалық әрекеттің нәтежесін көрсететіндіктен ҰЕЖ-де баланстық кестелерді құру қажеттілігі туады.

Ұлттық шоттар ұлттық табыс статистикасынан, ал баланстық кестелер ұлттық байлық статистикасынан бөлініп шықты. Ең алғаш ұлттық баланстар, яғни мүлік бюаланстарының жүйесі Нидерландыда 1947 жылы (Рикен Ван Олст) және 1948 жылы (В. Корн, С.Смейс) құрылды. Содан бері бұл кестелер осы елде жүйелі түрде пайдаланып келеді. Ал басқа елдер осыған ұқсас жұмыстарды жүргізге бастады.

Шоттардың құрылымын және онда қолданылатын категорияларды халықаралық стандарқа сәйкестендіру ҰЕЖ –нің дамуы мен өестеуіне зор ықпал етті.

1945 жылдың соңында Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сарапшылар комитеті ұлттық табысты есептеу және ұлттық шоттарды құрудың сипаттамасын дайындады.

1947 жылы ұлттық табыс пен байлықты зерттейтін халықаралық ассоциация құрылды.1948 жлы БҰҰ-ның статистикалық бюросы ұлттық табыс статистикасы бойынша алғашқы жинақ жариялады. Жинақта 39 елдің мәліметтері болды.1958 жылдан бастап 140 елдің ұлттық шоттарын қамтып жинақ жыл сайын баспадан шығады.

1953 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясының ұйғарымы бойынша стандартты ұлттық есеп жүйесін сипаттайтын баяндама жарияланды. Жаңа секторлардың, институтционалдық бірліктердің пайда болуына байланысты 1964 стандартты ұлттық шоттардың мазмұны жарияланды. 1968 жылы БҰҰ ҰЕЖ-нің алғашқы хабары (версия) жарық көрді.

1970 жылы Еуропалық бірлестік БҰҰ-ның ұлттық есеп жүйеснің негізінде ҰЕЖ-нің Еуропалық нұсқасын ұсынды.

1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы жаңа ұлттық есеп жүйесін қабылдады. Жаңа жүйенің мақсаты- экономикалық статистиканың төлем балансы мен мемлекеттік қаржы сияқты бөлімдерінің(тарауларының) үндестігін арттыру. Бұл үндестік ұлттық есеп жүйеснің жеке блоктарында, экономикалық сатаистиканың жоғарғы аталған бөлімдерінде қолданылытын анықтамалар мен жіктеулердің тығыз байланысын көрсетеді. Мысала «қалған әлем» шоттарында қолданылатын анықтамалар төлем бансындағы анықтамалармен үйлесімді болса, төлем балансының жиынтық жолымен бірдей болады.

Ұлттық есеп жүйеснің тағы бір маөқсаты –ұлттық шоттардың құрамын айқын, жүйелі түрге келтіру, кейбір кіріс және шығыс статьяларының түсіндірмесін анықтау. Осыған байланысты 1993 жылы ҰЕЖ-де жалпы ішкі өнімді анықтауда өзгерістер енгізілгенін ескерткен жөн. Мысалы, геологииялық барлау жұмыстарының шығындары, ЭЕМ –нің бағдарламаларын, әдеби көркем шығармаларының тұп нұсқасын сатып алу негізгі капиталдың жалпы қорлануы болып саналады. Бұдан басқа жалпы қорлану шығындарның құрамына «құнды заттарды сатып алу» деп аталатын жаңа статья енгізілген.

Қазақсатан Республиаксының және ТМД елдерінің ұлттық шоттары ұлттық есеп жүйеснің еуропалық стандарттарына негізделген және әр ұлттың жағдайна бейімделіп құрылған.

Халық шаруашылығы балансынан ұлттық есеп жүйесіне концепциялық (тұжырымдамалы), әдістемелік мәселелелерді қарстыруд және оларды шешуді талап етеді. Бұл мәселерді шешуде халықаралық сипаттаман (рекомендация) негізге ала отырып, шаруашылық әрекетті ұйымдастырудағы елдің ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы, өтпелі дәуірдің алғашқы кезеңінде мемлекеттік бюджеттен субсидия бөлінетін экономикалық әрекеттер (ауыл шаруашылығы, орман, су шаруашылығы, жолдарды жөндеу тұрын үй және коммуналдық шаруашылық), кәсіпорындардың өз жұмысшыларына, олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік мәдени қызметтер көлемі анағұрлым көп болады. Бұл кезеңде коммерциялық банктердің әрекеттері, олардың ролі шектеулі күйде қалады.

Үй шарушылығының өндірістік әрекетін анықтау- ҰЕЖ-дегі негізгі мәселе. БҰҰ ҰЕЖ-нің кепілдемесі бойынша үй шаруашылығы үшін өндіріс шоты құрылу қажет. Бұл шотта үй шаруашылығының өндірістік әрекеті көрсетіледі. Үй шаруашылығының өндірістік әрекетіне өздері тұтыну немесе сату үшін өндірген өнім, нарықтық қызметтер көрсету, өз үйінде тұру құны және үй қызметшісінің қызметақысы жатады. Мәліметтердің жеткіліксіздігінен халықтың ресми түрде тіркелмеген әрекеті жалпы ішкі өнімді анықтағанда есепке алынбайды.Толық және сенімді мәліметтерді жинау арқылы бұл мәселені шешіге болады. Шоттарда кездесетін тамақтандыру, іссапар шығындары, әскери адамдары киім-кешекпен жабдықтандыру, әртүрлді салықтар, субсидиялар сияқты экономикалық операцияларды түсіндірде де біраз қиындықтар болады. Халық шаруашлығы балансын ақпарат негізі деп санау және шоттар тек тұтас экономика үшін құрылуы осы кезеңдегі ұлттық сеп жүйесін статистикалық практикаға енгізудегі тағы бір ерекшелік болып саналады. Халықаралық стандартты салалық топтастырудың орнына халық шаруашылығының жалпы одақтық топтаструын пайдалану, алғашқ ақпараттық құжаттар базасының (бухгалтерлік есеп, қаржы және банк статистикасы) халықаралық стандартқа сәйкес келмеуі, шаруашлық бірліктердің толық статистикалық бақылауға алынбауы салдарынан эксперименттік есептеулерде кемшілікьтер болады. ТМД елдерін бірыңғай халықаралық стадартты статистикалық әдістемемен қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, т.б көрсеткіштерді есептеудің, өндіріс, табыстың пайда болу, табысты бөлу және пайдалану, басқада шоттарын құру, салараралық байланысты құрудың әдістемелік принциптері айқындалды.

Сол сияқты ҰЕЖ көрсеткіштерін тұрақты бағамен бағалау принциптерін анықтау, қаржы шотын, баланстық кестелерді, активтер мен пассивтердің өзгерісінің шотын құру сияқты жұмыстарды іске асыру көзделуде. Стандартты әдістеме негізгі макрокөрсеткіштердің динамикасын, құрамын зерттеп, мөлшері туралы мәліметтерді салыстыру үшін, ТМД еледрінің нарықтық экономикалық өту кезеңдерін талдау үшін, осы елдердің экономикалық саясатын, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың үйлесімді түрде жүргізу үшін қажет.

ҰЕЖ –де шарушашылық операцияларын есептеу, өтпелі кезеңдегі құрылымдық ерекшеліктерді анықтау сияқты әдістемелелік сұрақтарды шешумен қатар макрокөсеткіштерді есептеуге қажетті мәліметтерді жинауғу зор көңіл бөлінуі тиіс керек. Ол үшін шаруашылық біріліктердің бухгалтерлік есебін, бастапқ статистикалық есеп беруді, статистикалық бақылауды өзгерте отырып халық шарушылығы балансының мәліметтер базаснан жаңа жүйенің мәліметтер базасына көшу қажет.

1994 жыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистикалық комитеті (Ұлттық статистикалық агентігі) 1992 жылғы экономиканың дамуын сипаттайтын мәліметтер бойынша алғашқы ұлттық шоттарды құрды.

ХШБ мен ҰЕЖ көрсеткіштернің тұжырымдармаларының өзара байланысы

және айырмашылықтары

ХШБ мен ҰЕЖ теориялық және әдістемелік принциптері.

Халық шаруашылығы балансы(ХШБ) деп марксистік тұжырымдамаларға негізделген, жоспарлы экономиканың дамуын сипаттау, талдау үшін қолданылған макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін айтады.ХШБ кеңестер одағында алғаш 20-жылдары құрылды. Оның құрылымы өзі сипаттайтын экономиканың үлгісіне сай анықталды. Материалдық ресурстарды бір орталықтан бөлу принциптеріні негізделген бұл экономикалық үлгіде табыстарды бөлу, қаржы инструменттеріне байланысты операциялар сияқты прцестердің маңызы төмендетілді. Халық шаруашылығы балансының негізі болып материалдық баланс (қоғамдық өнімді өндіру, тұтыну,қор жинау балансы) саналады. Материалдық баланс қоғамдағы материалдық игіліктер ресурстарын және оларды пайдалануды сипаттайды.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін халық шаруашылығы балансын басқа социалистік елдер( Қытай, Ветнам т.б) қолдана бастады.

ХШБ-нің үлгісінде қаржы балансын құру қажеттілігі көрсетілген, бірақ мемлекеттік басқару ұйымдары табыс және қаржы активтернің қозғалысын талдауды қажет деп санамағандықтан практика жүзінде бұл баланс құрылмады.ХШБ-нің негізгі тұжырымдамасына сай экономикалық өндіріс салаларымен ғана шектеледі, ал өндірістік емес сферадағы, яғни, материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттердің нәтежелері (басқару, қаржы, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, қорғаныс, коммуналды шаруашылық т.б) ұлттық табысты бағалауда ескерілмеді, бұл қызметтерді ұлттық табысты қайта бөлудің нәтежесі деп қарастырды. Сондықтан, халық шаруашылығы банасындағы көрсеткіштерді ұлттық есеп жүйесіндегі көрсеткіштемен тікелей салыстыруға болмайды.

Халық шаруашылығы балансының ұлттық есеп жүйесінен елеулі өзгешеліктер бола тұра ҰЕЖ –нің дамуына өз әсерін тигізді. Өйткені Кеңестер Одағының статистикалық ұйымдары алғашқы халық шаруашылығы балансын 1925-1926 жылдары құрды, яғни ХШБ ҰЕЖ-нің алғашқы зерттеулерінен бұрын пайда болды.ХШБ-ның алғашқы зерттеулері экономика салаларының байланысын көрсететін кестелерден құралды. Бұл кестелер салааралық баланстың болашақтағы үлгісі еді.Халық шаруашылығы балансының негізгі ережесі – материалдық өнідіріс сферасы мен өндірістік емес сфераны ажырату, материалдық өндірістің өзін өндіріс құрал жабдықтарының (І бөлігі) және тұтыну затарының өндірісі (ІІ бөлігі) деп екіге бөлу. Осы теория ббойынша қоғамдық жиынтық өнім екі формада ұдайы өндіріледі: а) натуралды затты б) құнды. Натуралды-заттық формасы орын толтыру қорына(өндірістік тұтыну) және қорлану қорына бөлінеді. Ал құнды формасы бойынша қоғамдық жиынтық өнім екі бөліктен тұрады. Ол затқа айналған құн(С) және жаңа жасалған құн(V+м).

Қоғамдық жиынтық өнімнің материалдық-заттық құрылымы қоғамдық қажеттіліктердің құрылымына сәйкес анықталады. ХШБ –нің теориясы бойынша жасалған макроэкономикалық процестердің үлгісі ұдайы өндірістің негізгі аспектілерін толық кһөрсеткенімен, өндірістік емес сферадағы процестерді есепке алмайды, өндірісті ұйымдастырудың нақтылы формаларының әсерін ескермейді, осындай себептерге байланысты ХШБ әкімшілік басқару жүйесінде белсенді рол атқара алмады. Сондықтан, жаңа есеп жүйесіне көшу қажеттігі туындайды. Бұл жаңа жүйенің, яғни ұлттық есеп жүйесінің негізі – шаруашылық айналымы тұжырымдамасы болып есептелінеді. Ұлттық шаруашылықтың әр түрлі экономикалық құбылыстарды қамтып көрсететін көп өлшемді жүйе деп қарастыруға болады. Бұл жүйенің негізі-экономикалық айналым. Экономикалық айналым өндіру, тұтыну, қор жинау, қайта бөлу сияқты экономикалық процестерден тұрады. Оның үш элементі бар: экономикалық айналым обьектісі, субьектісі, экономикалық операциялар. Тауар, қызмет, ақша құралдарыэкономикалық айналамның обьектісі, ал шаруашылық бірліктері оның субьектісі болады.Экономикалық айналым обьектісінің бір субьектіден екінші бір субьектіге ауысуы экономикалық операциялар арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық құрылым түрлерінің классификациясы (жіктелуі)- материалдық игіліктер мен қызметтер қозғалысы ресурстарының ұдайы өндірісі деп қарауға негізделген. Ұдайы өндірістің әр сатысында ресурстар әртүрлі экономикалық формада көрінеді. Ресурстар, ең алдымен, өндірістік ресурстар түрінде, содан кейін ұдайы өндірістің ресурстары, ең соңында қаржы ресурстары (субьектілерінің ақша құралдары) түрінде көрінді.

ҰЕЖ-нің тұжырымдамасы бойынша материалдық игіліктерді өндіру мен қызмет көрсетудің арасына шек қойылмайды, экономиканың тұтастығы сақталады. Мұның өзі шаруашылық субьектілерінің өндірістік әрекетттерінің нәтежесін, кіріс мен шығысын бағалауға мүмкіндік береді.

ХШБ мен ҰЕЖ –нің міндеттеріндегі айырмашылықтар:

-ХШБ қоғамдық өндірісті бір орталықтан жоспарлаудың талаптарын қанағаттандырады оның негізгі міндеті:

шоттарды құруда бухгалтерлік есептегі екі жақты жазау принципі қолданылады, яғни әр -өндіріс процесін және материалдық ресурстардың қозғалысын қадағалау;

-ҰЕЖ нарықтық экономика талаптарын қанағаттандырады, ол қаржы-ақша қатынастарын бірінші орынға қояды.

Екі жүйенің тұжырмдамаларындағы айырмашылықтар:

-ХШБ-де өндірістік әрекет деп материалдық өнідіріс сферасындағы әрекетті айтады, ал ҰЕЖ-де табыс әкелетін кез келген әрекет деп саналады;

-ХШБ- да өнім құны көшірілген құннан (еңбек заттарының шығыны және негізгі капиталдың тозуы) және жаңадан жасалған құннан (өндірушілердің алғашқы табысы, яғни материалдық өнідіріс сферасындағы еңбекшілердің, кәсіпорындардың алғашқы табысы) құралады, ал ҰЕЖ-де өнім құны еңбек заттарының шығынынан және өндіріс факторларының ақысынан құралады. ҰЕЖ дегі еңбек заттарының шығын материалдық ресурстар, қызметтер және материалдық емес қызметтер аралық тұтыну түрінде беріледі, яғни ХШБ еңбек шығындарымен бірдей емес. Ал еңбек факторларының ақысы болып еңбекақы, пайда рента, прцент, дивиденд есептелінеді.

ҰЕЖ мен ХШБ –нің әдістемесіне мынадай өзгешеліктер бар:

-өндіріс көрсеткіштернің мазмұнындағы өзгешеліктер. Бұл өзгешеліктер ұлттық табысты (өнімді) анықтауда екі жүйеде әр тұрлі тәсілдердің қолдануына байланысты болады;

-өнімді тұтыну (аралық,ақырғы) табысты бөлу қайта бөлу прцестерінің көрсеткіштерінің мазмұнындағы өзгешеліктер;

-қаржы ағымдарын (несие заем) түсіндірудегі өзгешеліктер.ХШБ бұл ағымдар ұлттық табысты уақытша қайта бөлу, ҰЕЖ –де экономика секторларында бөлінген инвестиция түрінде қарастырылады;

табыс, шығыс, жинақ категорияларын жіктеудегі өзгешеліктер.

ҰЕЖ ағымдағы табыстар мен шығыстардың айырмасы «жинақ» көсеткіші арқылы анықталады және бұл көрсеткіш күрделі шығындарды қаржыландырудың көзі болып саналады. ХШБ табыс пен шығысты ағымдағы және бір жолғы деп екіге бөлінбейді, сонықтан «жинақ» көрсеткіші де жоқ, ал қолма-қол ақшаның банктегі салымдарының өсімі сияқты жинақ түрлері ұлттық табыстың қайта бөлінген түрі деп саналады.

Мәліметтерді көрсетудегі өзгешеліктер:

-ҰЕЖ мәліметтер «Т» әріпі тәрізді шоттар және кестелер түрінде беріледі. Ұлттық көрсеткіш (экономикалық операция) шотарда 2 рет жазылады (бір шоттың кіріс бөлігінде, кінші шоттың шығыс бөлігінде). ХШБ мәліметтер кстелер түрінде беріледі. Бұл кестелерде материалдық игіліктердің ресурстары және оларды пайдалану көрсетіледі. ХШБ көрсеткіштер жүйесі материалдық игіліктердің ғана қозғалысын көрсетеді, ал ҰЕЖ тауар өндіру, қызмет көрсету, табыстың пайда болуы, оның бөлу, қайта бөлу, пайдалану процестерін және қаржы активтері мен пассивтерінің өзгерістерін зерттейді. Содықтан ұлттық есеп жүйесінде экономикалық айналымды жан-жақты, толық көрсетеді.

ХШБ мен ҰЕЖ міндеттеріндегі ұқсастықтар:

- экономиканың дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін анықтау;

- макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша талдау жасау;

- макроэкономикалық статистиканың көрсеткіштері мен статистиканың басқа бөлімдерінің(еңбек, салалық, қаржы, банк, сыртқы экономикалық) көрсеткіштерін үйлестіру, байланыстыру.

Екі жүйенің әдістемелік принциптеріндегі ұқсастықтар:

- ұлттық шаруашылықтың өндіріс процесі үздіксіз қайталанатын экономикалық жүйе деп қарастыру;

- тұтыну құны ағымдарын табыс ағымдарынан шектеу;

-тұтыну құнының, табыстың ағымдарының, ресурстар құнын бөліп көрсету;

- өндіріс табыстарын қайта бөлу процестерінің табыстарынан айыра білу;

- өнімді аралық және ақырғы өнім деп топтастыру, тұтынуды аралық және ақырғы

- ұдайы өндірілетін және ұдайы өндірілмейтін қорларды (активтерді) айыра білу;

- негізгі капитал мен материалдық айналым қаржыларының қорын бөліп көрсету;

- қор жинауды жалпы және таза негізде есептеу (жалпы қор жинаудан амортизацианы шегергенде таза қор жинақтау анықталады)

ХШБ мен ҰЕЖ көрсеткіштерін бағалауда (ағымдағы, тұрақты баға бойынша) да ұқсастықтар бар. Осындай ұқсастықтарды ескере отырып «ауысалы кілт» әдісінің көмегімен екі жүйе арасындағы өзара байланысты көрсетуге болады.


Лекция 2. Ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі ұғымдар, жіктемелер, топтастырулар

1.Ішкі экономиканың және сыртқы экономикалық байланыстардың шоттары ҰЕЖ-нің құрамдас бөліктері

2.ҰЕЖ-де қолданылатын негізгі топтастырулар мен жіктемелер

3. ҰЕЖ-де қолданылатын баға түрлері.


Жалпы өнімнің ұдайы өндірістің, табыстың қалыптасуы, оны бөлу, қайта бөлу, пайдалану процестерін, негізгі капиталдың өсуін жан-жақты сипаттау үшін және сыртқы экономикалық байланыстарды қамтып көрсету үшін ҰЕЖ-де экономикалық операциялардың нәтежелері шот түрінде беріледі. Әр шот (ұлттық шоттар тек тұтас экономика үшін ғана құрылмай, сонымен қатар экономиканың секторлары, салалары үшін де құрылатындықтан шоттар тобы деуге болады) экономикалық әрекеттің бір аспектісіне қаыстьы болады.

Екі жақты жазу принципіне сәйкес әр операция шоттарда екі рет жазылады: бір рет ресурстарда екінші рет ресурстарды пайдалануда. Шоттар банастық куесте түрінде беріледі. Ресурстар бөлігінің жиыны пайдалану бөлігінің жиынына тең болу керек.

ҰЕЖ –нің кез келген шотының пайдалану бөлігі баланстық статьямен аяқталады. Баланстық статья шоттың пайдалану және ресурстар бөлігінің арасында арифметикалық тепе-теңдік сақталу үшін қолданылады. Әр шоттың баланстық статьясы келесі шоттың ресурстар бөлігіне көшіріледі. ҰЕЖ –дегі шоттарды мынадай топтарға бөлуге болады.

1.Өндірістік шоттар тобы. Өндірістік шоттар аралық және ақырғы өнімді шығаруды, оларға жұмсалған шығындарды есепке алады. Бұл шоттар экономиканың салалары және секторлары үшін құрылады. Салалар үшін құрылған шоттардың жиынтығын «шығындар- өнім шығару» атты кестелерді құрайды. Бұл кестелерден тауар мен қызметағымдарын бақылауға болады.

2.Табыс шотарының тобы. Бұл шоттар табыстың пайда болуын және институтциялық бірліктер арасында оның қалай бөлінетінін көрсетеді. Сол сияқты олар салық, басқа да трансфеттер арқылы табыстың қайта бөлінуін де көрсетді.

3.Капитал және қаржы шоттары. Бұл шоттар негізгі қаржылардың қорлануын және активтерді сатып алуды қаржыландырудың әдістерін айқындайды. Сол сияқты шоттар экономиканың секторларының сатып алатын және бөлетін қаржы активтерінің мөлшерін көрсетеді.

4.Ашық және жабық түрдегі баланстық ведомосттар. Мұндай ведомостар жылдың басандағы және соңындағ активте мен пассивтердің соммасн көрсетеді. Осы мезгілдегі жеке секторлардың немесе институтционалдық бірліктердің активтерінің айырмасы меншікті капитал мөлшерін анықтайды. Бұл шоттарда активтер мен пассивтер құнының өзгеруінің үш түрі қарастырылады:

1) институтционалдық бірліктер арасындағы операциалардың нәтежесінде активтер мен пассивтерді сатып алу;

2) активтер мен пассивтердің бір жақты өзгеруі;

3) жеке активтердің бағасының өзгеруіне байланысты активтердің, пассивтердің құнының өзгеруі.

5. «Қалған әлем»шоттары немесе төлем балансы. Төлем балансы макроэкономикалық сараптау және болжаудың негізгі құралы болып саналады. Бұл шоттар резидент және резидент емес бірліктер арасындағы барлық операциялар көрсетіледі. Төлем балансы тауар мен қызмет экспорты және импорты, басқа елдерге төленген немесе басқа елдерден қабылданған табыстар, қаржы операциялары, инвестиция туралы мәліметтері, экономиканың барлық секторларын төлеу қабілеті туралы мәліметтерді қамтиды.

6 Салааралық байланс («шығындар -өім шығару» кестесі) үйлесімді саларалық арақатынастарды, байланыстарды көрсетеді. Бұл кесте төрт квадранттан тұрады және халықаралық стандартты салаарлық классификаторда көрсетілген салалардың басым көпшілігі үшін құрылды. Кесте жеке кәсіпорындар мен экономикалық салалары арасындағы байланыстарды талдауға мүмкіндік берді. Өзінің мазмұны жағынан салааралық баланс өндіріс шотына ұқсас.

7. Қаржы операцияларының жиынтық кестесі шаруашылық бірліктерінің қаржы ресурстарының құрылмның өзгерістерін, экономикалық айналымның қандай қаржы құралдары арқылы іске асқанын көрсетеді.

8. Ұлттық баланстық кесте мазмұны жағынан кәсіпорынның

ҰЕЖ-де ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР, КАТЕГОРИЯЛАР, КЛАССИФИКАЦИЯЛАР, БАҒАЛАР,

ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ


ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНІҢ

МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ


Жалпы өнімнің ұдайы өндірісін, табыстың қалыптасуы, оны бөлу, қайта бөлу, пайдалану процестерін, негізгі капиталдың өсуін жан-жақты сипаттау үшін және сыртқы экономикалық байланыстарды қамтып көрсету үшін ҰЕЖ-де экономикалық операциялардың нәтижелері шот түрінде беріледі. Әр шот (ұлттық шоттар тек тұтас экономика үшін ғана құрылмай, сонымен қатар экономиканың секторлары, салалары үшін де құрылатындықтан шоттар тобы деуге болады) экономкалық әрекеттің бір аспектісіне қатысты болады.

Екі жақты жазу принципіне сәйкес әр операция шоттарда екі рет жазылады: бір рет – ресурстарда, екінші рет – ресурстарды пайдалануда. Шоттар баланстық кесте түрінде беріледі. Ресурстар бөлігінің жиыны пайдалану бөлігінің жиынына тең болуы керек.

ҰЕЖ-нің кез-келген шотының пайдалану бөлігі баланстық статьямен аяқталады. Баланстық статья шоттың пайдалану және ресурстар бөлігінің арасында арифметикалық тепе-теңдік сақталу үшін және шоттарды жабу үшін қолданылады. Әр шоттың баланстық статьясы келесі шоттың ресурстар бөлігіне көшіріледі. ҰЕЖ-дегі шоттарды мынадай топтарға бөлуге болады.

  1. Өндірістік шоттар тобы. Өндірістік шоттар аралық және ақырғы өнімді шығаруды, оларға жұмсалған шығындарды есепке алады. Бұл шоттар экономиканың салалары және сектолрлары үшін құрылады. Салалар үшін құрылған шоттардың жиынтығы “шығындар - өнім шығару” атты кестелерді құрайды. Бұл кестелерден тауар мен қызмет ағымдарын бақылауға болады.
  2. Табыс шоттарының тобы. Бұл шоттар табыстың пайда болуын және институциялық бірліктер арасында оның қалай бөлінетінін көрсетеді. Сол сияқты олар салық, басқа да трансферттер арқылы табыстың қайта бөлуін де көрсетеді.
  3. Капитал және қаржы шоттары. Бұл шоттар негізгі қаржылардың қорлануын және активтерді сатып алуды қаржыландырудың әдістерін айқындайды. Сол сияқты шоттар экономиканың секторларының сатып алатын және бөлетін қаржы активтерінің мөлшерін көрсетеді.
  4. Ашық және жабық түрдегі баланстық ведомосттар. Мұндай ведомосттар жылдың басындағы және соңындағы активтер мен пассивтердің сомасын көрсетеді. Осы мезгілдегі жеке секторлардың немесе институциялық бірліктердің активтерінің айырмасы меншікті капитал мөлшерін анықтайды. Бұл шоттарда активтер мен пассивтер құнының өзгеруінің үш түрі қарастырылады:

  1. Институциялық бірліктер арасындағы операциялардың нәтижесінде активтер мен пассивтерді сатып алу;
  2. Активтер мен пассивтердің бір жақты өзгеруі;
  3. Жеке активтердің бағасының өзгеруіне немес жалпы бағаның өзгеруіне байланысты активтердің, пассивтердің құнының өзгеруі.
  1. “Қалған әлем” шоттары немес төлем балансы. Төлем балансы макроэкномикалық сараптау және болжаудың негізгі құралы болып саналады. Бұл шотта резидент емес бірліктер арасындағы барлық операциялар көрсетіледі. Төлем балансы тауар мен қызмет экспорты және импорты, басқа елдерге төленген немесе басқа елдерден қабылданған табыстар, қаржы операциялары, инвестиция туралы мәліметтерді, экономиканың барлық секторларын төлеу қабілеті туралы мәліметтерді қамтиды.
  2. Салааралық баланс (“шығындар –өнім шығару” кестесі) үйлесімді салааралық арақатынастарды, байланыстарды көрсетеді. Бұл кесте төрт квадраттан тұрады және халықаралық стандартты салалық классификаторда көрсетілген салалардың басым көпшілігі үшін құрылады. Кесте жеке кәсіпорындар мен экономиканың салалары арасындағы байланыстарды талдауға мүмкіндік береді. Өзінің мазмұны жағынан салааралық баланс өндіріс шотына ұқсас.
  3. Қаржы операцияларының жиынтық кестесі шаруашылық бірліктерінің қаржы ресурстарының құрылымының өзгерістерін, экономикалық айналымның қандай қаржы құралдары арқылы іске асқанын көрсетеді.
  4. Ұлттық баланстық кесте мазмұны жағынан кәсіпорынның бухгалтерлік есебіне ұқсас. Бұл кесте тұтас экономика үшін құрылады және елдің ұлттық байлығының балансы болып саналады.

Экономикалық айналымның жекешеленген сатылары мынадай шоттарды

көрсетіледі:

5-кесте

Шоттың № мен аты

Пайдалану

Ресурстар

Баланстық теңдеу

1

2

3

4



Аралық тұтыну

Жалпы қосылған құн


Жалпы шығарылған өнім


Жалпы шығарылған өнім-аралық тұтыну=жалпы қосылған құн
  1. Өндіріс шоты

Еңбекақы, импортқа, өндіріске салынған таза салықтар


Жалпы пайда (жалпы аралас табыс)

Жалпы қосылған құн

Жалпы қосылған құн-еңбекақы-өндіріске, импортқа салынған таза салықтар=жалпы пайда (жалпы аралас табыс)

3. Табыстарды алғашқы бөлу шоты

Берілген меншіктен түскен табыс

Жалпы пайда (жалпы аралас табыс). Қабылданған меншіктен түскен табыс. Өндіріске салынған таза салық. Еңбекақы

Жалпы пайда (жалпы аралас табыс) –меншіктен түскен табыс сальдосы+өндіріске салынған таза салық+еңбекақы алғашқы табыстар сальдосы.

  1. Табыстарды қайта бөлу шоты



  1. Табыстарды пайдалану шоты
  2. Капиталға байланысты операциялар шоты



  1. Қаржы шоты

Берілген ағымдағы трансферттер:


-табыс салығы

-әлеуметтік-сақтандыру жәрдемақы

-басқа ағымдағы трансферттер

Иеліктегі жалпы табыс


Ақырғы тұтыну


Жалпы жинақ.

Негізгі капиталдың қорлануы. Материалдық айналым қаржыларының көбеюі.

Құнды заттарды таза сатып алу

Берілген күрделі трансферттер

Таза несие (+) немесе таза борыш (-)


Қаржы активтерін сатып алу



Алғашқы табыстар сальдосы Қабылданған ағымдағы трансферттер:

-табыс салығы

-әлеуметтік-сақтандыру

-әлеуметтік-жәрдемақы

-басқа ағымдағы трансферттер

Иеліктегі жалпы табыс


Жалпы жинақ. Қабылданған күрделі трансферттер


Таза несие (+) немес таза борыш (-).

Міндетті қарыздарды қабылдау.

Алғашқы табыстар сальдосы- ағымдағы трансферттер сальдосы= иеліктегі жалпы табыс(институциялық бірліктің таза пайдасы)


Иеліктегі жалпы табыс-ақырғы тұтыну=жалпы жинақ. Жалпы жинақ+күрделі трансферттер сальдосы+негізгі капиталдың жалпы қорлануы+-материалдық айналым қаржыларының көбеюі-құнды заттарды, жерді, материалдық емес, активтерді таза сатып алу=таза несие/таза борыш