Өндіріс статистикасының дәріс материалдары
Вид материала | Лекция |
- Еуропа және Америка елдерінің тарихы оқу әдістемелік кешені -050202-Халықаралық қатынастар, 693.18kb.
- С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат, 6313.58kb.
- Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 27-28 қазан 2011 жыл, 5466.7kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 5310.66kb.
- Әдебиеттер тізімі, мерзімді басылымдар және конференция материалдары альфавиттік тәртіппен, 376.99kb.
- Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 8814.45kb.
- Парат министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті, 8635.57kb.
Лекция 13.Капиталға байланысты операциялар шоты.
1 Капиталға байланысты операциялар шотының жалпы сипатамасы мен үлгісі
2.Шоттың ресурстық бөлігі: «қалған әлемге» берілген күрделі трансферттер; ұлттық таза несие (+) немесе таза борыш (-)
3.Шоттың ресурстарды пайдалану бөлігі: ағымдағы операцияларсальдосы; материалдық емес активтерді таза сатып алу; «қалған әлемнен» алынған күрделі трансферттер.
Капиталға байланысты операциялар шотында негізгі капитал, айналым қорлары, материалдық емес активтерге қатысты операциялардың нәтижесі көрсетіледі. Шоттың ресурс бөлігінде «қалған әлемге» берілген күрделі трансферттер мен баланстық статья, ал пайдалану бөлігінде ағымдағы операциялар сальдосы, жерді, материалдық емес активтерді таза сатып алу, басқа елдерден алған күрделі трансферттер болады. Щоттың жалпы үлгісі 18-кестеде көрсетілген.
18-кесте
Капиталға байланысты операциялар шоты
Пайдалану | Ресурстар |
І.Ағымдағы операциялар сальдосы | 1. «Қалған әлемге» берілген күрделі трансфертгер |
2.Жерді және материалдық емес активтерді таза сатып алу | 2.Таза несие (+) немесе таза борыш (-) |
3. «Қалған әлемнен» алған күрделі трансферттер | |
Барлығы Барлығы |
«Қалған әлемге» берілген күрделі трансферттерге мыналар жатады:
- басқа елдерге берілген субсидия (мысалы, халықаралық ұйымдардың салынып жатқан құрылысына бөлінген субсидия);
- капитал салығы (сыйға берілген немесе мұраға қалдырған капитал үшін Қазақстан азаматтарының шетелдік салық органдарына төлейтін салығы);
- басқа күрделі трансферттер (басқа елдерге негізгі капитал болып есептелетін объектілерді тегін беру, басқа елдердің борышын есептен шығару, т.б.).
Шоттың пайдалану бөлігіндегі ағымдағы операциялар сальдосы бұл шотқа ағымдағы операциялар шотынан көшіріледі.
Жерді, материалдық емес активтерді таза сатып алукөрсеткіші бойынша басқа елдердің Қазақстаннан сатып алған және осы елге сатқан материалдық емес активтердің айырмасы көрсетіледі. Жерді сатып алуға, сатуға тек резиденггер қатысады. Сондықтан жерге байланысты операциялар ішкі экономика үшін құрылған капиталға байланысты операциялар шотында көрсетіледі.
«Қалған әлемнен» алған күрделі трансферттердің құрамы төмендегідей:
- басқа елдердің Қазақстанға субсидия бөлуі (мысалы, Қазақстанда салынып жатқан халықаралық ұйымның құрылысына бөлінген субсидия);
- капиталға, мүлікке салынатын салык;
- басқа күрделі трансферттер (негізгі капиталды тегін
беру, мұра қалдыру т.б.)
Күрделі трансферттерге мыналар жатпайды:
- табысқа салынатын салық;
- күрделі қаржыға берілген несие.
Шоттың баланстық статьясы таза несие немесе таза борыш деп аталады.
Таза несие (таза борыш) - «қалған әлемге» берілген күрделі трансферт - «қалған әлемнен» алған күрделі трансферт - ағымдағы операциялар сальдосы материалдық емес активтерді таза сатып алу.
Таза несие (+) Қазақстан Республикасының басқа елдерге берген несие мөлшерін, ал таза борыш (-) басқа елдердің Қазақстанға берген несиесін көрсетеді.
Лекция 15 Ұлттық есеп жүйесіндегі салааралық баланс.
1.Халық шаруашылығы балансы (ХШБ) мен ұлттық есеп жүйесін интеграциялаудағы салааралық баланстың ролі.
2.ҰЕЖ –дегі САБ-тың үлгісі.
3.ҰЕЖ-гі САБ-тың І квадрантындағы көрсеткіштер- экономика салалары арасындағы өзара байланыстың үлгісі.
Тауар өндіріп қызмет көрсету және оларды пайдаланудың салааралық балансы - ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі тараулардың бірі. Салааралық баланс тауар мен қызмет, өндіріс, табыстың пайда болуы шоттарын толық талдайды, салалар арасындағы байланысты, негізгі экономикалық арақатынасты айқындайды, бағаның құрылымдық өзгерістерін, ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық есеп жүйесіндегі салааралық балансты интеграциялау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін іске асты. Ең бірінші салааралық балансты интеграциялау 1968 жылы болды (БҰҰ-ның ҰЕЖ). Осыған сәйкес ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі шоттарды құру ережелеріне өзгерістер енгізілді, яғни салааралық байланыстың әр түрлі квадрантындағы көрсеткіштердің мазмұны осы керсеткіштердің шоттардағы мазмұнымен сәйкес келетіндей етіп түзетілді.
САЛААРАЛЫҚ БАЛАНСТЫҢ ҮЛГІСІ
Ұлттық есеп жүйесінің әдістемесі бойынша салааралық баланс үш бөліктен тұрады.
Бұл бөліктерді квадранттар деп атайды. Салааралық баланстың жалпы үлгісі темендегідей:
Аралық тұтыну (І квадрант) | Ақырғы пайдалану (ІІ квадрант) |
Жалпы қосылған құн (ІІІ квадрант) | |
I квадрантта салалардың байланысы, аралық тұтыну, II квадрантта жалпы ішкі өнімнің ақырғы пайдалануы, ал III квадрантта жалпы қосылған құнның элементтері көрсетіледі.
I квадрантта (шахмат түріндегі кесте) жолдарда және бағандарда экономика салалары жазылады. I квадранттың бағандарында әр саланың өндірістік шығындары (шикізат, материал, отын, энергия, әр түрлі қызметтер құны) көрсетіледі, ал жолдары әр саланың өнімінің басқа салаларда қалай пайдаланылғанын (бөлінгенін) көрсетеді.
II квадранттың жолдары тұтынушы салаларға сәйкес келеді, ал бағандары ақырғы пайдалану категорияларын, яғни ақырғы тұтыну шығындарын, жалпы қорлануды, экспорт-импорт сальдосын көрсетеді.
III квадрантта жалпы ішкі өнімнің құндық құрылымы көрсетіледі. Бағандар өндіруші салаларға, ал жолдар жалпы қосылған құнның құндық құрамдас бөліктеріне (еңбекақы, жалпы пайда, жалпы аралас табыс, өндіріс салығы, өнім салығы, субсидия) сәйкес келеді.
Сонымен, егер салааралық баланстың мәліметтерін тігінен қарастырсақ, онда бағандарда жекеленген салалардың өнімдерінің құндық құрылымы көрсетіледі. Басқаша айтқанда, шығарылған өнім аралық тұтыну (I квадрант) және жалпы қосылған құн (Ш квадрант) көрсеткіштернің қосындысына тең. Ал салааралық баланстың мәліметтерін көлденеңінен қарасақ, онда жолдарда өнімнің натуралды заттық құрамы көрсетіледі, яғни шығарылған өнім аралық тұтыну (I квадрант) және ақырғы пайдалану (II квадрант) көрсеткіштеріне тең. Экономиканың әр саласы үшін өнім ресурсы сол өнімдердің пайдалануына тең болады.
САЛААРАЛЫҚ БАЛАНСТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕҢДЕУІ
Салааралық баланстың мәліметтерін пайдаланып, әр саланың басқа салаларымен байлансын сызықтық теңдеулер жүйесі арқылы көрсетуге болады.
Салааралық баланстың жалпы үлгісі төмендегі-дей: | Аралық тұтыну (салалар) | Ақырғы Пайдалану | Барлық пайдаланылған өнім | |||||
| 1 | ... | j | … | n | | | |
Аралык тұтыну сала-лары | 1 | a11x1 | … | aijxj | … | ainxn | y1 | x1 |
| … | … | … | … | … | … | … | … |
| i | aijxj | … | anjxj | … | ainxn | yi | x1 |
| … | … | … | … | … | … | … | … |
| n | an1x1 | … | anjxj | … | annxn | Yn | Xn |
Жалпы қосылған құн | Z1 | … | Zj | … | Zn | | ||
Барлық ресурс | x1 | … | xj | … | xn | |
Салааралық баланстың мәліметтерін жолдар бойынша қарасақ, әр саланың өнімін мына тендеу турінде жазуға болады:
(1)
Мұндағы хi –i - саласының өнімі;
Аij - j саласының бір өніміне жұмсалған i саласының өнімінің тура шығындарының коэффициенті
;
хj - і саласының өнімі;
уі - і саласының өніміне деген сұраныс (ақырғы тұтыну, жалпы қорлану, экспорт пен импорт сальдосы)
(1) теңдеу әр саланың өнімі аралық және ақырғы тұтыну, қорлану, тағы да басқа мақсаттарға қалай жұмсалғанын сипаттайды.
Салааралық баланстың мәліметтерін бағандар бойынша қарағанда әр саланың өнімі төмендегі тендеумен беріледі:
(2)
Мұндағы xj – j саласының өнімі;
Zj -j саласының жалпы қосылған құны.
(2) теңдеу әр саланың шығарған өнімінің құндық құрылымын көрсетеді:
(1) теңдеуді матрица турінде былай жазуға болады:
(3)
немесе
(4)
Мұндағы X - шығарылған өнім векторы;
А - тура шығындар коэффициенттерінің матрицасы (бұл матрица арқылы салалар арасындағы тура байланысты анықтауға болады);
У - ақырғы пайдалану векторы.
Электронды есептеу машиналарының көмегімен а матрицасының негізінде толық шығындар коэффициенттерінің матрицасын есептейді. Толық шығындар коэффициенттерінің матрицасы ақырғы өнімге жұмсалған тура шығындарды да, жанама шығындарды да көрсетеді.
Толық шығындар коэффициенттерін ақырғы пайдалану векторына көбейту арқылы әр саланың өнімін есептеуге болады. Ол үшін (4) теңдеуден ақырғы пайдалану векторын табамыз:
(5)
немесе
(6)
Мұндағы Е - бірлік матрица.
(6) тендеудің екі жағын да (Е – А)-1 -ге көбейтіп, мынадай тендеуді аламыз:
(е-а)-1у = (е – а)-1(е - а)-1 х (7)
немесе
(е - а)-1у = х. (8)
Мұндағы (Е-А)-1 - толық шығындар коэффициенттерінің матрицасы.
(8) тендеу салааралық баланстың негізгі теңдеуі деп аталады, өйткені бұл теңдеуді болжам жасау үшін қолдануға болады. Толық шығындар коэффициенттері матрицасының мәліметтерін пайдаланып, ақырғы пайдалану векторын өзгерте отырып әр түрлі болжам жасауға болады.
САЛААРАЛЫҚ БАЛАНСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Салааралық баланстың жоғарыда көрсетілген жалпы үлгісінің сыртқы түрі салааралық баланс кестесінің мазмұнын қамтып көрсете алмайды, сондықтан салааралық баланстың негізгі түрлерін сипаттап, олардың арасындағы байланысты анықтау қажет.
1. Талдау мерзіміне байланысты салааралық баланс 2 түрге бөлінеді. Егер салааралық баланста бірнеше жылғы өндіріс процестері қарастырылса және бірінші жылдың нәтижесі екінші жылдың, екінші жыл үшінші жылдың, т.с.с. өндірістік жағдайын анықтаса, мұндай жүйе динамикалық жүйе деп, ал осы жүйені сипаттайтын САБ динамикалық. САБ деп аталады. Динамикалық салааралық баланста ақырғы
пайдалану керсеткішінің құрамынан күрделі қаржы бөлу шығарылып тасталады, яғни салаларға бөлінген күрделі қаржы келесі (кейінгі) жылдардағы өнім құрамында көрсетілуі қажет. Динамикалық салааралық баланс экоиомиканың дамуын басқа экономикалық-математикалық әдістерге қарағанда дәлірек сипаттайды.
Талдау мерзіміне байланысты анықталатын салааралық баланстың екінші түрі - статистикалық салааралық баланс. Статикалық салааралық баланста ақырғы пайдаланудың құрамында күрделі қаржы болады. Статикалық салааралық баланс бір жыл үшін, ал динамикалық салааралық баланс бірнеше жылдар үшін құрылады.
2. Қолданылатын мәліметтер көлеміне байланысты салааралық баланстың мынадай түрлері болады:
- ұлттық (бір ел үшін құрылған салааралық баланс);
- аймақтық (жеке аймақтар үшін құрылған салааралық баланс);
- аймақаралық (аймақтар арасындағы байланысты көрсететін салааралық баланс);
- салалық (экономиканың салалары үшін құрылған салааралық баланс).
3. Өлшем бірліктеріне байланысты салааралық баланс құндық және натуралды болып екіге бөлінеді.
Құндық салааралық баланста барлық керсеткіштер ақ-шалай бағаланады, ал натуралды салааралық баланста көрсеткіштердің бір бөлігі натуралды өлшем бірліктерімен беріледі. Құндық салааралық баланс көрсеткіштерін баған бойынша қосуға болады, ал натуралды салааралық баланс көрсеткіштерін қосуға болмайды. Бұл - салааралық баланстың аталған түрлерінің арасындағы айырмашылық. Дүние жүзінде құндық салааралық балансты пайдалану кең тараған.
4. Салааралық байданыстарды қамтып көрсетуіне қарай баланстың екі түрі болады:
- «Шығындар - өнім шығару» кестесі (Input-output tables) бойынша құрылған САБ;
- «Ресурстар және тауарларды пайдалану» кестесі (Supply and use yables) бойынша құрылған салааралық баланс.
Салааралық баланстың көрсеткіштерін бағалау.
Салааралық баланстың көрсеткіштерін негізгі бағамен, өндіруші, сатып алушы бағаларымен есептеуге болады. Осындай баланстардың жалпы үлгілері 19-21- кестелерде көрсетілген.
19-кесте
Сатып алушы бағасымен есептелген салааралық баланстың жалпы үлгісі
Көрсеткіштер | Аралық тұтыну | Ақырғы пайдалану | Барлық пайдаланылған өнім | ||
Экономика салалары | Ақырғы тұтыну | Жалпы қорлану | Экспорт | | |
Сатып алу бағасымен есептелген өндіруші салалардың тауарлы (қызметі) | І квадра нт | Х | Х | Х | *) |
Тауарды тұтынушыға дейін жеткізгендегі көліктің үстеме бағасы | ІІ квадрант | ||||
Тауар тұтынушыға дейін жеткізгендегі сауданың материалдық-техникалық жабдықтардың үстеме бағасы | | | | | |
Сатып алушы бағасымен есептелген тауар (қызмет)-барлық пайда ланған өнім | |||||
Еңбекақы | ІІІ квадрант | | | | |
Өндіріске салынатын басқа салықтар (таза) | |||||
Жалпы пайда және жалпы аралас табыс | |||||
Негізгі бағамен есептелген жалпы қосылған құн | |||||
Өнімге салынатын таза салық | |||||
Сатып алушы бағасымен есептелінген жалпы шығарылған өнім | | | | | |
Импорт | | ||||
Сатып алушы бағасымен есептелінген барлық ресурс | |
*) жеке бағандардағы «Сатып алушы бағасымен есептелген барлық ресурс» (әр сала үшін) = «Сатып алушы бағасымен есептелген өндіруші салалардың тауарлары (қызметтері)», «Барлық пайдаланылған өнім» (сәйкес, жолдардағы).