Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Вид материалаЛекция

Содержание


Қаржы шоты
1.Сыртқы экономикалық байланыстар шотатрының жалпы сипаттамасы.
Ағымдағы операциялар шоты
Импорт тауарлар
Тауарлар экспорты
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қаржы шоты


Пайдалану

Ресурстар

8.Монетарлық алтын және қарыз алудың арнайы құқы

І.Таза несие/таза борыш

9.Депозиттер мен қолма-қол ақша

2.Депозиттер және қолма-қол ақша

10.Бағалы қағаздар (акциядан басқа)

З.Бағалы қағаздар (акциядан басқа)

11 .Акциялар

4.Акциялар

12.Несие және қарыз

5.Несие және қарыз

ІЗ.Сақтаңдыру ұйымдарының техникалық резервтері

6.Сақтандыру ұйымдарының техника-лық резервтері

14.Басқа кредиторлық/дебиторлық

қарыз

7.Басқа кредиторлык/дебиторлық қарыз


Қаржы шотында мынадай 7 қаржы құралы болады:

  1. Монетарлық алтын және қарыз алудың арнайы
    құқығы.
  2. Қолма-қол ақша және депозиттер.
  3. Акциялар.
  4. Акциялардан басқа бағалы қағаздар.
  5. Қарыздар.
  6. Сақтандыру ұйымдарының техникалық резервтері.
  7. Басқа кредиторлық/дебиторлық қарыздар.
    Монетарлық алтын және қарыз алудың арнайы құқынан басқа статьялар шоттың екі бөлігінде де кездеседі.

Монетарлық алтын деп ақша-несие жүйесіндегі жетекші роль атқаратын мекеменің, оның бақылауындағы мекемелердің иелігіндегі алтынды айтады. Монетарлық алтын шетел валютасы қорының бір бөлігін құрайды және қаржы активі болып саналады.

Басқа экономикалық бірліктердің алтыны (орталық банктің алтынынан басқа) қаржы активі болып есептелмейді, олар тауар ретінде қарастырылады.

Қарыз алудың арнайы құқы деп Халықаралық валюта қоры шығарған резервтік активтерді айтады. Бұл активтер Халықаралық валюта қорының міндеттемелері деп саналмайды. Қарыз алудың арнайы құқы берілген Халықаралық валюта қорының мүшелері өздеріне бөлінген қаржыны төлеуге міндетті емес. Қарыз алудың арнайы құқы тек Орталық банктерге беріледі.

Төлем ретінде колданылатын айналымдағы металл және қағаз ақшаны қолма-қол ақша дейді.

Депозит - бұл белгілі бір шартты уақытта алу ушін несие мекемелеріне, сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе бағалы қағаз.

Акция деп акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын бағалы қағазды айтады. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді. Акция иесі өз акцияларын бағалы қағаздар рыногында сата алады. Акциялар жай және артықшылығы бар акциялар болып екіге бөлінеді. Артықшылығы бар акцияның иесі акционерлік қоғамның табысының аз не көп болуына қарамастан тұрақты дивиденд алады, бірақ акцияның бұл түрі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық бермейді. Ал жай акция иесінің дивиденді акционерлік қоғамның пайдасына тікелей байланысты болады.

Оның иесінің акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқы болады. Акциядан басқа бағалы қағаздарға вексельдер, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, сертификаттар жатады.

Қарыз (заем) деп белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясын айтады. Қаржы мекемелерінің кәсіпкерлерге, үй шаруашылығына, үкіметке беретін қарыздары тұтыну мақсаттары үшін берілетін ссудалар, сауда несиесін қаржыландыруға бөлінген ссуда, халықаралық валюта қорына қойылатын талаптар, бағалы қағаздарды сату туралы келісімдер, қаржы лизингі туралы келісімдер, т.б. осындай келісімдер осы категорияға жатады.

Қарыздар қысқа және ұзақ мерзімді болып 2-ге бөлінеді.

Қысқа мерзімді қарыздарды төлеудің алғашқы мерзімі -1 жыл немесе одан ерте болса, ұзақ мерзімді қарыздарды 2 жылдан кейін төлеу қажет.

Қаржы шотындағы келесі көрсеткіш — сақтандыру ұйымдарының техникалық резервтері.

Сақтандыру подистеріпің иелері үшін бұл көрсеткіш қаржы активтері, ал сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары үшін міндеттеме болып саналады.

Басқа кредиторлық (дебиторлық) қарыздар - бұл сауда несиесі, аванс түріндегі қаржы активтері. Қаржы шотында баланстық статья болмайды.


Лекция 11.Тауар және қызмет шоты

1.Тауар мен қызмет шотының жалпы сипаттамасы және үлгісі

2.Шоттың ресурстық бөлігі

3.Шоттың ресурстарды пайдалану бөлігі.


Тауарлар мен қызметтер шотында жалпы өнімнің ресурстары және оларды пайдалану керсетіледі.

Шоттың ресурстар бөлігінде жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер, тауарлар мен қызметтер импорты, өнімге және импортқа салынған таза салық көрсеткіштері, ал пайдалану бөлігінде аралық тұтыну шығындары, ақырғы тұтыну шығындары, негізгі капиталдың жалпы корлануы, материалдық айналым қорларының өзгерістері, тауарлар мен қызмет экспорты болады. Шоттың үлгісі 16-кестеде көрсетілген.


16-кесте

Тауарлар мен қызметтер шоты


Пайдалану

Ресурстар

5. Ааралық тұтыну

І.Жалпы шығарылған тауарлар мен қызметгер

6. Ақырғы тұтыну

2.Тауарлар мен кызметтер импорты

7. Негізгі капиталдың жалпы қорлануы

З.Өнімге салынатын таза салық

8. Материалдық айналым қорларының өзгерістері

4.Импортқа салынатын таза салық

9.Тауарлар мен қызметтер экспорты




Барлығы

Барлығы


Бұл шоттың барлық көрсеткіштері басқа шоттарда кездеседі, сондықтан оны ең соңында құрады.

Шоттың пайдалану бөлігіндегі көрсеткіштер:

  1. Жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер бұл шотқа өндіріс шотынан көшіріледі.
  2. Өнімге салынатын салық та өндіріс шотынан көшіріледі.

  1. Тауар мен қызмет импорты сыртқы экономикалық байланыстар бойынша кұрылған ағымдағы операциялар шотынан көшіріледі.
  2. Импортқа салынатын таза салық өндіріс шотынан көшіріледі.


Шоттың ресурстар бөлігіндегі керсеткіштер:

  1. Аралық тұтыну бұл шотқа өндіріс шотынан көшіріледі.
  2. Ақырғы пайдалану көрсеткіші табысты пайдалану шотынан көшіріледі.
  3. Негізгі капиталдың жалпы қорлануы капиталға байланысты операциялар шотынан көшіріледі.
  4. Материалдық айналым қорларының өзгерістері де капиталға байланысты операциялар шотынан көшіріледі.
  5. Тауар мен қызмет экспорты сыртқы экономикалық
    байланыстар бойынша құрылған ағымдағы операциялар шотынан көшіріледі.



Лекция 12.Сыртқы экономикалық байланыстар шоттары. Ағымдағы операциялар шоты.

1.Сыртқы экономикалық байланыстар шотатрының жалпы сипаттамасы.

2.Ағымдағы операциялар шоты, оның жалпы сипаттамсы мен үлгісі.

3.Шоттың ресурстық және ресурстарды пайдалану бөліктеріндегі статьялардың мазмұны.


Сыртқы экономикалық байланыстар шоттары («қалған әлем» шоттары) Қазақстан Республикасының экономикасы мен басқа елдердің экономикасы арасындағы байланыстарды көрсетеді. Бұл байланыстар сыртқы экономикалық әрекет түрінде байқалады. Сыртқы экономикалық әрекетке тауар мен қызмет экспорты, импорты, халықаралық кооперация, Қазақстан аумағында шетелдік заңды ұйымдардың кәсіпкерлік және шаруашылық әрекетпен айналысуы (бірлескен кәсіпорындар), сол сияқты қазақстандық ұйымдардың бірлескен кәсіпорындарды шетелдерде ұйымдастыруы, жұмыс күшінің, шетелдік және қазақстандық инвестицияның қозғалысы, халықаралық туризм, көлік, сақтандыру, несие, т.б. сыртқы экономикалық операциялар жатады.

Сыртқы экономикалық әрекеттердің нәтижелері мына шоттарда көрсетіледі:

- ағымдағы операциялар шоты;

- капиталға байланысты операциялар шоты;

- қаржы шоты.


АҒЫМДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР ШОТЫ


Ағымдағы операциялар шоты Қазақстан Республикасы мен басқа елдер арасындағы табыс қозғалысын көрсетеді. Тауар мен қызметті сату, сатып алу операциялары бойынша есеп айрысу халықаралық практикада қабылданған шарттарға сай жүргізіледі.

Ағымдағы операциялар шотының, сол сияқты сыртқы экономикалық байланыстардың басқа шоттарының ерекшелігі - шоттың ресурстар бөлігі де, пайдалану бөлігі де «калған әлем», яғни, басқа елдер тұрғысынан көрсетіледі.

Шоттың ресурстар бөлігінде басқа елдердің ағымдағы операциялар нәтижесінде алған табыстары, ал пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасына басқа елдердің берген ағымдағы табыстары болады. Ағымдағы операциялар шотының жалпы үлгісі 17-кестеде көрсетілген.

17-кесте

Ағымдағы операциялар шоты


Пайдалану

Ресурстар

І.Тауарлар мен қызмет экспорты

І.Тауар және қызмет импорты

2.Резидент емес үй шаруашылығының экономикалық аумақтағы ақырғы тұтынуы

2.Резидент-үй шаруашылығының шетелдегі ақырғы тұтынуы

З.Резидент-қызмегкерлердің еңбекақысын резидент емес жалдаушылардың төлеуі

З.Резидент емес қызметкерлердің еңбекақысың резиденттердің төлеуі

4. «Қалған әлемнен» алынған өндіріс, импорт субсидиясы

4. «Қалған әлемге» төлеген өндіріс және импорт салығы

5. «Қалған әлемнен» алынған меншіктен түскен табыс

5. «Қалған алемге» берілген меншіктен түскен табыс

6. «Қалған әлемнен» алынған ағымдағы трансферттер

6. «Қалған әлемге» берілген ағымдағы трансферттер




7.Ағымдағы операциялар сальдосы

Енді шоттың ресурстар бөлігіндегі көрсеткіштерді жеке қарастырайық.

Импорт түріндегі сыртқы экономикалық операциялар басқа елдер үшін табыс, ал Қазақстан Республикасы үшін шетел валютасымен есептелген шығын болып саналады.

Тауар мен қызмет импорты мынадай 2 бөліктен тұрады:
  • «көрінетін» тауарлар импорты;
  • материалдық және материалдық емес қызметтер импорты.

«Көрінетін» тауарлар импорты деп Қазақстан Республикасының экономикалық аумағына шетелден әкелінген тауарларды айтады. «Көрінетін» тауарлар импорты елдің материалдық ресурстарын көбейтеді.

«Көрінетін» тауарлар импортына басқа тауарлармен қатар мыналар жатады:
  • төлем ретінде қолданылмайтын алтын мен күміс;
  • БҰҰ-ның техникалық көмек қорына берілген тауарлар;
  • көмек, сый ретінде берілген тауарлар;
  • әскери мақсаттарға қолданылатын тауарлар;
  • осы елдің ұшақтары, кемелері, жүк машиналары үшін шетелде сатып алынған отын, жанармай;
  • бір жылдан артық уақытқа жалға алынған тауарлар;
  • елдің экономикалық аумағында, шетелде өткізілген жәрмеңкелерде, көрмелерде сатып алынған тауарлар;
  • консигнаторлардан (сауда делдалдарынан) сатып алынған тауарлар;
  • шетелден әкелінген телефильмдер, кинофильмдер.

Ал төмендегі операциялар «көрінетін» тауарлар имлорты болмайды:
  • осы елге әкелінген, содан кейін өңдеусіз қайтадан үшінші елге шығарылған тауарлар;
  • уақытша импорт (қысқа уақыт пайдаланылған соң басқа елдерге әкетілетін тауарлар, мысалы, көрме жабдықтары);
  • жолаушылардың жеке жүктері;
  • шетел елшіліктеріне арналған тауарлар;
  • бір жылдан аз уақытқа жалға алынған тауарлар;
  • төлем ретінде қолданылатын алтын және басқа бағалы металдар;
  • туристердің жеке мүліктері.

Сыртқы экономикалық ұйымдар импорт тауарларды тиісті құжаттарға байланысты есепке алады.

Темір жол, автомобиль, әуе, су көліктерімен әкелінген тауарлар үшін импортты есепке алу мезгілі болып кеденнің жүкті тұтынуға рұқсат еткен мезгілі, ал электр энергиясы, газ, мұнай үшін тапсыру қабылдау актілерінің күнтізбелік уақыты есептелінеді.

Импорт тауарлар СИФ бағасымен есепке алынады.

СИФ - тауарды сату шарты. Бұл шарт бойынша тауар бағасы оның фактуралық құны мен тауар әкелуші елдің шекарасына дейінгі сақтандыру төлемдері, көлік шығындары арқылы анықталады.

Импорт тауардың фактуралық құны деп тауардың келісім бойынша шотта керсетілген құнын, буып-түю шығындарын айтады. Келісімде керсетілмеген тасымалдау, сақтау, тағы да басқа қосымша шығындар импорттың фактуралық құнының құрамында болмайды.

Қызметтер импорты материалдық және материалдық емес қызметтерді қамтиды.

Материалдық қызметтер импортына мынадай қызметтер жатады:
  • көлік қызметі (жолаушылар мен жүк тасымалы үшін төленген сома);
  • байланыс қызметі;
  • автомобильдерді, мотоциклдерді жөндеу жүмыстары;
  • есептеу техникасының қызметі;
  • баспахана жұмыстары;
  • жиһаз, машина, жабдықтарды жөндеу.
    Материалдық емес қызметтер импорты төмендегі қыметтерді қамтиды:
  • қаржы делдалдарының қызметі;
  • сақтандыру қызметтері;
  • ғимараттарды, машиналарды, жабдықтарды жалға алу;
  • заң қызметтері;
  • жарнама;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • бухгалтерлік қызметтер;
  • білім беру қызметтері;
  • денсаулық сақтау қызметтері;
  • туризм;
  • мәдени-демалыс орындарының қызметтері.

Шоттың ресурс бөлігінің келесі көрсеткіші резидент-үй шаруашылығының шетелдегі ақырғы тұтынуы.

Бұл көрсеткіш қазақстандық туристердің, шетелде оқитын студенттердің, шетелде іссапарда жүрген және шарт бойынша бір жылдан аз уақыт жұмыс істейтін қазақстандықтардың тауар, қызмет сатып алуға жұмсаған шығындарын көрсетеді.

Резидент емес қызметкерлердің еңбекақысын резиденттердің төлеуі деген көрсеткіш Қазақстан елшіліктерінде істейтін шетел азаматтарына, біздің елге келген шетел артистеріне, маусымдық жұмыскерлерге және шарт бойынша Қазақстанда бір жылдан аз уақыт жұмыс істейтін шетелдіктерге төленетін еңбекақыны қамтиды.

«Қалған әлемге» төленген өндіріс салығында Қазақстан елшіліктерінін, өкілдіктерінің құрылыс салуға, көлік құралдарына, жерге төлеген салықтары көрсетіледі.

«Қалған әлемге» төленген импорт салығы көрсеткіші Қазақстан Республикасында жоқ.

«Қалған әлемге» берілген меншіктен түскен табыс көрсеткішінің құрамында мынадай операциялар болады:
  • Қазақстан Үкіметінің шет мемлекеттерден алған несиелерінің проценттерін төлеу;
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық банкінің шетел банктерінен алған несиелерінің проценттік төлемдері;
  • несие процентінің орнына берілген тауарлар;
  • акционерлік капиталға қатысқаны үшін резидент еместерге төленетін дивидендтер және табыстың басқа түрлері;
  • басқа елдердің жерін пайдаланғаны үшін төленетін таза рента (мысалы, Қазақстан Республикасының елшіліктерінің жерді жалға алуы);
  • басқа елдердің авторлық құқ, патент, сауда белгісі, т.б.
    материалдық емес активтерін пайдаланғаны үшін төлейтін телемдер;
  • шетел компанияларының реинвестициялық табыстары (Қазақстанның экономикалық аумағында орналасқан шетел фирмасының өз пайдасының бір бөлігін шетелдегі негізгі кәсіпорынға жіберуі).

«Қалған әлемге» берілген ағымдағы трансферттерге мыналар жатады:
  • шетелдік сақтандыру мекемелеріне төлейтін сақтандыру төлемдері (жазатайым жағдайлардан сақтандыру, келісім шарттарының орындалмауына байланысты болатын шығындардан сақтандыру);
  • табысқа, мүлікке салынатын салықты төлеу;
  • резидент-шаруашылық бірліктерінің резидент еместерге әлеуметтік сақтандыру аударымдарын төлеуі;
  • резидент еместерге төленетін әлеуметтік жәрдемақы (зейнетақы, материалдық көмек, шетел қызметкерлерін мамандыққа даярлау шығындары);
  • резидент-үй шаруашылығының шетелдің мемлекеттік мекемелеріне төлейтін міндетті төлемдері (мысалы, Қазақстандық туристерден, іссапарда жүрген қызметкерлерден аэропортта алынатын алымдар);
  • резидент-шаруашылық бірліктерінің келісім шарттарын орындамағанда төлейтін айыптары, өсімдері;
  • ерікті жарна төлеу (мысалы, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға төлейтін жарналары, шаруашылық бірліктерінің, жеке тұлғалардың коммерциялық емес ұйымдарға төлейтін жарналары);
  • резидент еместерге берілген басқа ағымдағы трансферттер (материалдық көмек, шетел студенттеріне стипендия төлеу, ақша аудару, резидент емес үй шаруашылығына сыйлық беру т.б.).

Енді ағымдағы операциялар шотының пайдалану бөлігін қарастырамыз.

Экспорт түріндегі ағымдағы сыртқы экономикалық операциялар басқа елдер үшін шығын, ал Қазақстан үшін шетел валютасымен есептелген түсім болады.

Тауар мен қызмет экспорты 2 бөліктен тұрады:
  • «көрінетін» тауарлар экспорты;
  • материалдық және материалдық емес қызметтер экспорты.

«Көрінетін» тауарлар экспорты елдің материалдық ресурстарын азайтады. «Көрінетін» экспорт тауарлар категориясына коммерциялық келісім, тікелей тауар айырбасы нәтижесінде өткізілген тауарлар жатады. Бұлардан басқа төмендегі операциялар да «көрінетін» тауарлар экспорты болады:
  • төлем ретінде қолданылмайтын алтынды, басқа да бағалы металдарды шетке шығару;
  • БҰҰ-ның техникалық көмек қорына берілетін тауарлар;
  • электр энергиясын, суды, газды, мұнайды шетке шығару;
  • шетел ұшақтары, жүк автомобильдері, кемелері үшін сатылған отын, азық-тулік, материалдар;
  • шетелге шығарылған кинофильмдер, телефильмдер;
  • айналымда жоқ бағалы қағаздарды шетелге шығару.
    «Көрінетін» тауарлар экспортына жатпайтын операциялар:
  • реэкспорт (елдің экономикалық аумағына әкелінген, содан кейін өңдеусіз қайтадан шетелге шығарылған тауарлар, сол сияқты осы елдің сыртқы экономикалық сауда ұйымдары арқылы шетелде сатып алынған тауарларды үшінші бір елге жіберу);
  • уақытша экспорт, яғни шетелде кысқа уақыт пайдаланылғаннан кейін қайтадан елге әкелінетін тауарлар (мысалы, көрме жабдықтары, контейнерлер, т.б.);
  • шетелдік анклавтарға жіберілген тауарлар (мысалы, Қазақстан Республикасының елшіліктеріне жіберілген тауарлар);
  • өтем орнын толтыратын келісімдер бойынша берілген несиені және несие процентін төлеу үшін экспортқа шығарылған тауарлар (мұндай тауарлар «қалған әлемге» берілген меншіктен түскен табыс көрсеткішінің құрамында және қаржы шотында көрсетіледі);
  • шетелдік үй шаруашылығының Қазақстанның экономикалық аумағында сатып алған тауарлары;
  • төлем ретінде шетке шығарылған алтын және басқа
    бағалы металдар;
  • туристердің жеке мүліктері.

Темір жол, автомобиль, су, әуе көліктері арқылы шетелге шығарылған «көрінетін» тауарлар экспортының есепке алу мезгілі болып кеденнің жүкті шетелге жіберуге рұқсат еткен күнтізбелік уақыты, ал электр энергиясы, газ, мұнай үшін қабылдау-тапсыру актілерінің күнтізбелік уақыты есептелінеді.

Тауарлар экспорты ФОБ бағасымен есепке алады.

ФОБ - тауарды сату шарты. Бұл шарт бойынша, тауар бағасы оның келісім бойынша анықталған құнынан, тауарды көлікке жеткізу және тиеу шығындарынан, сауданың үстеме бағасынан, экспортқа салынатын салықтан құралады.

Қызмет экспорты материалдық, материалдық емес қызметтерді қамтиды. Олардың құрамы осы шоттың ресурс белігінде көрсетілген кызметтер импортының құрамымен бірдей.

Резидент емес үй шаруашылығының Қазақстанның экономикалық аумағындағы ақырғы тұтыну көрсеткіші шетел туристерінің, студенттерінің, Қазақстанға іссапармен келген резидент еместердің сатып алған тауарлары мен тұтынған қызметтерін қамтиды.

Резидент-қызметкерлердіц еңбекақысын резидент емес жалдаушылардың төлеуі - шоттың келесі көрсеткіші.

Шетел елшіліктерінде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына, шетелге гастрольге барған артистерге, шарт бойынша бір жылға дейін шетелде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына төленетін еңбекақы осы керсеткіштің құрамында болады.

«Қалған әлемнен» алынған өндіріс және импорт субсидиясы көрсеткіші Қазақстанда жоқ.

«Қалған әлемнен» алынған меншіктен түскен табыс көрсеткішінің құрамы төмендегідей:
  • шет мемлекеттердің үкіметтеріне, банктеріне Қазақста үкіметінің берген несиелерінің проценттік түсімі;
  • проценттік түсім орнына берілген тауар импорты;
  • резиденттерге акционерлік капиталға қатысқаны үшін төленетін дивиденттер;
  • Қазақстан жерін пайдаланғаны үшін төленетін рента
    (мысалы, Қазақстандағы елшіліктердің жерді жалға алуы);
  • Қазақстанның пайдалы қазбаларын, орманды алқаптарын, балықты суларын зерттеу үшін төленетін төлемдер;
  • Қазақстан Республикасына тиісті сауда белгілерін, автор құқығын, патенттерді, тағы да басқа материалдық емес активтерді пайдалану үшін төлейтін төлемдер;
  • шетелдік компаниялардың реинвестициялық табыстары (мысалы, негізгі резидент-кәсіпорынға оның резидент емес бөлімшелерінен түскен пайда).

«Қалған әлемнен» алынған ағымдағы трансферттерге мыналар жатады:

- Қазақстанның сақтандыру мекемелеріне резидент еместердің төлейтін сақтандыру төлемдері (жазатайым жағдайлардан сақтандыру, келісім шарттарының орындалмауына байланысты болатын шығындардан сақтандыру);
  • табысқа және мүлікке салынатын ағымдағы са-
    лықтарды шетелдік елшіліктердің қазақстандық салық органдарына төлеуі;
  • резидент емес шаруашылық бірліктерінің резиденттерге әлеуметтік сақтандыру төлемдерін төлеуі;
  • резиденттерге резидент еместердін төлейтін жәрдемақысы (зейнетақы, материалдық кемек, Қазақстан азаматтарын шетелде мамандыққа даярлау);
  • резидент емес үй шаруашылығының Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне төлейтін міндетті төлемдері (мысалы, шетел туристерінен, іссапарда жүрген қызметкерлерден аэропорттарда алынатын алымдар);
  • резидент емес шаруашылық бірліктерінің резиденттерге келісім шарттарын орындамағанда төлейтін айыптары, өсімдері;
  • шаруашылық бірліктері мен резидент емес жеке тұлғалардың резидент қоғамдық ұйымдарға төлейтін ерікті жарнасы (мысалы, қайырымдылық қорына төленген жарна);
  • резидент емес бірліктерден алынған басқа ағымдағы
    трансферттер (басқа елдердің қаржылық және материалдық көмектері, шетелде оқитын қазақстандық студенттерге берілген стипендия, ақша аудару, резидент-үй шаруашылығына сыйлық жасау т.б.).

Сонымсн бұл шотта сыртқы экономикалық операциялар нәтижесінде алынған мемлекеттің табысы мен шығындары көрсетіледі.

Табыс пен шығыстың айырмасы шоттық ресурс бөлігінде баланстық статья түрінде беріледі.

Шоттың баланстық статьясы «Ағымдағы операциялар сальдосы» деп аталады. Мемлекеттің ағымдағы операциялар нәтижесінде алған табысының жалпы сомасы шоттың пайдалану бөлігіндегі жиынтық жолда көрсетіледі. Ал шоттың ресурс бөлігіндегі көрсеткіштердің қосындысы мен баланстық статья шығыстың жалпы сомасына тең болады. Табыс шығыстан артық болса, сальдо оң, ал шығыс табыстан артық болса, сальдо теріс болады.