Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Вид материалаЛекция

Содержание


Ескерту: «х» - шот құрылады, «-» - шот құрылмайды.
Ұлттық есеп жүйесінде
Факторлық құн
Халық шаруашылығы балансы
Өндіріс әдісі
Бөлу әдісі
Ақырғы пайдалану әдісі
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9



Ескерту: «х» - шот құрылады, «-» - шот құрылмайды.


Бұл кестеден әр шот секторлар және салалар үшін бірнеше рет құрылып, содан кейін мәліметтер жинақталып, тұтас экономиканың шоттары құрылатынын байқауға болады. «Тауар және қызмет» шоты тұтас экономика және салалар үшін құрылады, ал секторлар үшін бұл шот құрылмайды. Бұдан басқа салалар үшін өндіріс, табыстың пайда болу шоттары құрылады. Экономиканың секторлары үшін «Тауар мен қызмет» шотынан басқа шоттардың барлығы құрылады.


ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНДЕ


ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒАЛАР


ҰЕЖ-де факторлық құн, негізгі баға, өндіруші бағасы, сатып алушы бағасы сияқты 4 түрлі баға қолданылады. Бұл бағалардың арасындағы байланысты мынадай үлгімен көрсетуге болады:

1-үлгі. Нарық бағаларының мазмұны.

Аралық

тұтыну

Еңбек

ақы

Жалпы пайда

Өндіріске салынған таза салық

Өнімге салынған таза салық

Сауда көлік үстеме бағасы

факторлық құн

негізгі баға

өндіруші бағасы

сатып алушы бағасы

Факторлық құн (баға) аралық тұтыну, еңбекақы және жалпы пайдадан құралады.

Аралық тұтыну шығындары және еңбекақы өндіріс шығындарын құрайды.

Негізгі баға факторлық құн және өндіріске салынған таза салық арқылы анықталады.

Өндіруші бағасына сауда мен көліктің үстеме бағасын қосқанда сатып алушы бағасы анықталады.

Бұл бағалардың әр қайсысының жеке мағынасы бар және олар әр түрлі талдауларда қолданылады.

Уақыт мерзіміне байланысты баға ағымдағы және салыстырмалы (тұрақты) болып 2-ге бөлінеді. Тұрақты баға жалпы ішкі өнім, күрделі қаржы, халық тұтынған материалдық игіліктер мен қызметтер, ақырғы пайдалану сияқты жиынтық құндық көрсеткіштердің физикалық көлемдерінің динамикасын зерттеу үшін қолданылады.

Көптеген жылдар бойы отандық статистикалық практикада баға динамикасын бақылау үшін прейскуранттық баға индексі



және орташа баға индексі



қолданылып келді. Бағаны мемлекет бақылап және реттеп отырған жағдайда прейскуранттық баға индексі негізінен баға реформасына байланысты болған өзгерісті анықтауға негізделді. Прейскуранттық баға индексін есептегенде бұрын шығарылмаған тауарлардың бағасының келісімді және уақытша бағаның ықпалы есепке алынбады. Прейскуранттық баға индексі тек салыстырмалы өнімнің баға өзгерісін көрсетті.

Орташа баға индексі, дәлірек айтқанда сатып алудың орташа баға индексі, тауарлар тобындағы жекеленген топтардың баға өзгерісінде, топ ішіндегі, яғни баға деңгейіне байланысты әр түрлі тауарлар үлесінің өзгерісін де көрсетті. Осыған байланысты орташа топтық баға топтағы тауарлар бағасы тұрақты болғанда да өзгеруі мүмкін. Сондықтан орташа баға индексін баға өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш деп қарауға болмайды.

Нарықтық қатынастарға көші, еркін кәсіпкерліктің көбеюі, шартты еркін бағаларды пайдалану, экономикалық процестердің нақты динамикасын көрсету қажеттілігін, бағаны өлшеудің жаңа әдісін пайдалануды талап етеді.

Индекс-дефлятор – ағымдағы бағамен есептелген құндық көрсеткіштерді тұрақты бағамен қайта есептейтін салыстырмалы көрсеткіш. Еркін құндық көрсеткіштердің баға индексін есептеу дефляторды құрудың негізі болып саналады, сондықтан дефлятор – агрегаттық баға индексі. Статистикада баға идексі әдісінен басқа да қайта есептеу әдістері бар. Мысалы, базалық мерзім бағасымен тура бағалау әдісі (бұл әдіс ауыл шаруашылығы өнімдері үшін қолданылады), экстраполяция әдісі (сауда өнімдері, қосымша құн салығы, акциздер). Мемлекеттікемес сектор ролінің артуына байланысты есеп беру күрт азайғандықтан бағаның өзгерісін тексеру үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылауға алынған тауарлар экономиканың белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Мұндай тауарлар жиынтығы “Тұтыну кәрзеңкесі” сияқты, әр саланың негізгі өнімдерін қамтиды. Бірыңғай әдістемелік принциптер негізінде экономикалық өндірістік секторларда да, тұтыну секторында бағаны тіркеу ұйымдастырылған. Тұтыну секторындағы бағаны тіркеу үшін елді мекендерде арнайы тіркеушілер торабы құрылған. Олар бақыланатын тауарлардың бағасын үнемі тіркеп отырады. Өнеркәсіп саласының 2500 түрлі тауарының, тұтыну секторында 1500 тауар мен қызметтің бағасы тіркеледі. Экономиканың тұтыну секторы үшін бағаның 2 түрлі жалпы индексі есептелінеді.

  1. Бөлшек сауда бағасы мен тарифі индексі (бұл идекс халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызметтер үшін есептелінеді);
  2. Тұтыну бағасының индексі.

Бірінші индекс бөлшек сауда бағасының дара индекстерінің негізінде есептелінеді. Ал бөлшек сауда бағасының дар индекстері ай сайын тіркеуге алынатын белгілі бір тауарлар мен қызметтерінің бағалары, тарифтері бойынша анықталады да, ағымдағы жылғы нақты бөлшек сауда тауар айналымының құрылымы бойынша салмақталады.

Тұтыну бағасының жалпы индексін құру үшін де бөлшек сауда бағасының дара индекстері қолданылады, ал индекс салмақтаушы ретінде отбасы бюджетін зерттеу нәтижесінде анықталған, тұтынылған тауар мен қызмет көлемін алады.

Бағаның жалпы индексін “салмақтағанда” статистика теориясы бойынша салмақтауыш (жиілік) ретінде ағымдағы мерзімдегі салмақтауышты есепке алады (яғни Пааше формуласы қолданылады). Бірақ жалпы тауар айналымындағы жеке тауарлардың үлесін көрсететін қолма-қол мәліметтерді алу қиын болғандықтан соңғы кездерде көптеген мамандар макроэкономикалық есептеулерде Ласпейрес формуласын қолдануда (яғни, салмақтауыш ретінде базалық мерзімдегі салмақтаушы алынады). Екі модельдің нәтижесі өте жуық, бірақ Ласпейрес формуласының артықшылығы – баға динамикасын тікелей бақылауға болады.

Бөлшек сауда бағасы мен тарифінің индексі сауда кәсіпорындарының сатқан тауарлары мен қызметтерінің бағасының тарифінің өзгерісін, ал тұтыну бағасының индексі халықтың сатып алған тауарлары мен қызметтерінің бағасы мен тарифінің өзгерісін көрсетеді.

Халықтың сатып алған өнімі мен сатылған өнімінің айырмашылығы мына шамалардың қосыныдысына тең:

  1. Шетелден әкелінген және шетелге шығарылған тауарлардың сальдосы;
  2. Кооперативтердің, шағын кәсіпорындардың тұтынған тауарлары мен қызметтері.

Тұтыну бағасының индексі халық тұтынған материалдық игіліктер мен қызметтердің көрсеткіші ретінде қолданылатын индекс-дефлятордың құрамдас бөлігі болып саналады.

Тұрақты бағамен есептелген жалпы ішкі өнім ақырғы пайдалану әдісі бойынша былай анықталады:

  1. Тұрақты бағамен есептелген ақырғы тұтыну шығындары, оның ішінде:
  • үй щаруашылығының;
  • жалпы басқару ұйымдарының (мемлекеттік мекемелердің);
  • үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың;
  1. Тұрақты бағамен есептелген жалпы қорлану, оның ішінде:
  • негізгі капиталдың жалпы қорлануы;
  • материалдық айналым қорларының өзгерістері.
  1. Тұрақты бағамен есептелген экспорт-импорт сальдосы.
  2. Тұрақты бағамен есептелген жалпы ішкі өнім (1+2+3).

Ағымдағы бағамен есептелген жалпы ішкі өнімді тұрақты бағамен есептелген жалпы ішкі өнімге индекс-дефлятор анықталады. Ақырғы пайдалану әдісі мен есептелген жалпы ішкі өнімнің құрамдас бөлігін тұрақты бағамен бағалау үшін 2 әдіс (жол) қоданылады:
  • ағымдағы бағамен есептелген шаманы баға индексіне бөлу;
  • базалық жылғы нақты бағамен есептелген мәліметтерді жалпы ішкі өнімнің сәйкес құрамдас бөлігінің физикалық көлемінің индексіне көбейту.



ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАЛАНСЫ

КӨРСЕТКІШТЕРІНЕН ҰЛТТЫҚ ЕСЕП

ЖҮЙЕСІ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӨТУ


Халық шаруашылығы балансының көрсеткіштер жүйесі және олардың мазмұнының ауқымы ұлттық есеп жүйесіне қарағанда тар, сондықтан олар ұлттық есеп жүйесі көрсеткіштерінің құрамдас бөліктері болып саналады, ал мұның өзі екі жүйенің интеграциясын (бірігуі) көрсетеді. Мұндай интеграцияны жүзеге асыруға болатынын төмендегі үлгі арқылы көрсетуге болады (2 кесте).

2-кесте

Өндіріс көрсеткіштері мен жалпы шығарылған өнімді

пайдалану көрсеткіштерінің интеграцияланған жүйесінің

концепциялық үлгісі


Жалпы шығарылған өнім

Өнімді ұлттық шаруашылықта пайдалану

Бар-лық пайда-ланыл-ғаны




Аралық тұтыну


Же-ке тұ-тыну


Ұжымдық тұ-тыну


Қоғ-амдық

тұ-тыну


Капиталдың пайда болуы


Экспорт пен импорт-тың сальдо-сы




матер.өнді-ріс сфера-сында

матер емес қыз-меттер сфера-сында

Материалдық өндіріс сферасы А


А11


А12


А13


А14


-


А16


А17


А18

Материалдық емес қызметтер сферасы


В21



В22


В23


В24


В25


-


В27


В28

Негізгі капиталдың тозуы (амортизация)Д



Д31



Д32



















Таза табыс Е

Е41

Е42



















Тұтас шаруашылық С=A+B


С51


С52


С53


С54


С55


С56


С57


С58


Ескерту:

  1. Ұжымдық тұтыну көрсеткіші мемлекеттің, шаруашылық бірліктерінің халыққа көрсеткен қызметтерінің, материалдық игіліктерінің шығындарын анықтайды.
  2. 5-бағанда ғылым және басқару мекемелерінің көрсеткен қызметтері, ақырғы тұтыну қамтып көрсетіледі.
  3. 7-бағанда экспорт-импорт сальдосынан басқа шығындар (орны таза табыспен толтырылатын шығындар), статистикалық қате көрсетіледі.
  4. С=А+В= С5152535455565758.
  5. Мұндағы С=A11+B21; С521222; С531323; С541424; С5525; С5616; С571727.


Төменде қорытынды көрсеткшітерді есептеудің алгоритмі берілге (3-кесте).

3-кесте


Өнім өндірудің қорытынды көрсеткіштерін ҰЕЖ мен ХШБ тұжырымдамалары бойынша есептеудің алгортимі


Көрсеткіш

ҰЕЖ

ХШБ

Жалпы шығарылған өнім

(ЖӨ)

ЖӨ=C=A+B

ЖӨ=A

Аралық тұтыну (АТ)

АТ=A14+A12+B12+B22

АТ=A11

Ақырғы өнім (АӨ)

АӨ=ЖӨ-АТ=С-(А12А112122)

АӨ=ЖӨ-АТ=A-A11

Ұлттық табыс (ҰТ)

ҰТ=АӨ-(Д3132)=ЖӨ

-АТ-(Д3132)

ҰТ=АД-Д31=ЖӨ-

АТ-Д31=А-А1131


Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін баланстарды құрудағы принципті айырмашылықтарды және ұқсастықтарды ескере отырып, статистикалық практикада “ауыспалы кілт” әдісі жүзеге асырылды. “ауыспалы кілт әдісін” және ҰЕЖ мен ХШБ көрсеткіштерінің өзара байланысын ұлттық табысты есептеуге арналған мысал арқылы айқын көрсетуге болады (4 кесте). Бұл мысалда ұлттық табыс өндіріс, бөлу, ақырғы пайдалану әдістері бойынша есептеледі.

4-кесте

ҰЕЖ мен ХШБ көрсеткіштерінің өзара байланысының үлгісі




ХШБ көрсеткіштері

ҰЕЖ-нің көрсеткіштеріне көшу

ҰЕЖ-нің көрсеткіштері

1

2

3

4

ӨНДІРІС ӘДІСІ

1


2


3

Қоғамдық жиынтық өнім


Материалдық өндіріс шығындары (негізгі қордың тозуын ескергенде)


Ұлттық табыс (1-2)

+Материалдық емес қызметтер көлемі (ақылы, ақысыз)

+Үй иелерінің өз пәтерлерін пайдалануының шартты құны


+Материалдық емес қызметтер сферасындағы материалдық шығындар

-Негізгі қорды тұтыну (тозу және амортизацияланбаған құн)

+Іссапар шығындары

+Материалдық емес қызметтер ақысы

+Күтпеген апатқа байланыссыз болған өнім шығыны

+Үй иелерінің үйді ұстауға жұмсаған ағымдағы шығындары

+Әскери техниканы сатып алу

+Әскери адамдарды тамақтандыру және киіндіру

+Қаржы делдалдарының шартты түрде есептеген қызметі



  1. Жалпы шығарылған өнім



  1. Аралық тұтыну



  1. Жалпы қосылған құн (1-2)
  2. Өнімге салынған таза салық
  3. Импортқа салынған таза салық
  4. ЖІӨ (3+4+5)

БӨЛУ ӘДІСІ

1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


13


14


15


16


17

Материалдық өндіріс сферасындағы қызметкерлердің еңбекақысы


Жеке қосалқы шаруашылықтың таза өнімі


Материалдық игіліктерді жеке өндірушілердің табысы


Халықтың алғашқы (бастапқы) табысы (1+2+3)


Матер. өндіріс сферасындағы кәсіпорындардың әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналары (аударымдары)


Өнімді, материалдық қызметтерді сатудан түскен пайда

Пайда есебінен берілетін ақшалай сыйлық


Материалдық өндірістегі негізгі қордың амортизацияланбаған құны


Кәсіпорныдардың алғашқы табыстарының құрамындағы пайда

(6-7-8)


Қосымша құн салығы


Өзіндік құннан бюджетке аударылатын аударымдар, (мысалы, геологиялық барлау жұмыстарына)


Өндіруші бағасы мен өнімді пайдаланубағасының айырмасы төлеуге бюджеттен дотация бөлу


Сыртқы сауда операцияларының түсімдері


Өзіндік құн есебінен мамандарды даярлауға жұмсалған шығындар


Материалдық емес қызметтер ақысы және өзіндік құн есебінен жұмсалған басқа материалдық емес шығындар


Материалдық өндіріс сферасындағы кәсіпорындардың алғашқы табыстары. (5+9+10+11+12+13+14+15)


Ұлттық табыс (4+16)

+ Материалдық емес қызметтер сферасындағы еңбекақысы
  • Іссапар шығындарын төлеу

+ Шай-пұл, делдалдық ақша

  • Жеке қосалқы шаруашылықтың таза өнімі



  • Материалдық игіліктерді жеке өндірушілердің табысы



+Әлеуметтік сақтандыруға шартты түрде бөлінген жарна (аударым) (кәсіпорындардың өз жұмысшыларына зейнетақы, жәрдем ақы төлеуі).


+Материалдық емес қызметер сферасындағы шаруашылық есептегі ұйымдардың пайдасы

-Пайда есебінен берілетін ақшалай сыйлық

-Несие проценті

-Жеке қосалқы шаруашылықтың таза өнімі

+Материалдық игіліктерді жеке өндірушілердің табысы

-Халықтың өндірістік әрекетте қолданылған материалдық емес қызметтердің ақысы

+Өз үйінде тұрудан түскен табыс

+Негізгі қордың тозуы

+Негізгі қордың амортизацияланбаған құны


+ Өндіріске салынатын басқа салықтар


+Ағымдағы өндіріске бюджеттен бөлінген басқа дотациялар


-Өзіндік құн есебінен мамандарды даярлауға жұмсалған шығындар


- Материалдықемес қызметтер ақысы және өзіндік құн есебінен жұмсалған шығындар

  1. Жалпы жалақы



  1. Әлеуметтік сақтандыру төлемдері (аударымдары)
  2. Қызметкерлер-дің еңбекақысы (1+2)



  1. Экономиканың таза пайдасы
  2. Таза аралас табыс
  3. Негізгі қорды (капиталды тұтыну)



  1. Өндіріске салынатын салықтар



  1. Өндіріске бөлінген субсидия



  1. Импортқа салынған таза салық



  1. Жалпы ішкі өнім (3+4+5+6+7+

+8+9)



АҚЫРҒЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСІ

1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12

Халықтың материалдық игіліктерді тұтынуы


Халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсететін ұйымдарының материалдық шығындары


Ғылыми және басқару мекемелерінің материалдық шығындары


Өндірістік емес тұтынуы (1+2+3)


Негізгі қорлардың қор жинауы (қорлануы)


Материалдық айналым қаржыларының қорлануы


Қорлану (5+6)


Тауар және материалдық қызметтер экспорты


Тауар мен материалдық қызметтер импорты


Сыртқы сауда сальдосы (8-9)


Шығындардың орнын толтыру

Ұлттық табыс (4+7+10+11)

+Халықтың ақылы қызметтерді тұтынуы

-Іссапар шығындарының есебінен халықтың тұтынған материалдық игіліктерінің, қызметтерінің құнын төлеу

-Пәтер үйдің тозуы

-Өз үйінде тұруға қатысты қызметтердің шартты түрде есептелген құны

+Кәсіпорындардың өз жұмысшыларына көрсеткен әлеуметтік-мәдени қызметтерінің құны

+Заттай берілетін әлеуметтік жәрдемақы


-Халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсететін ұйымдардың материалдық шығындары


-Ғылыми және басқару мекемелерінің материалдық шығындары

+Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарының ағымдағы шығындары +Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарының негізгі қорларының тозуы

+Әскери техниканы сатып алу

+Әскери тамақтандыру және киіндіру

-Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың қызметтерін сатуы


+Негізгі қордың тозуы

-Жойылған негізгі қорлардың қалдық құны

+Аяқталмаған құрылыс өсімі

+Аяқталмаған күрделі жөндеу жұмыстарының өсімі

+Ағаштар отырғызуға жұмсалған қаражат

+Күрделі қаржы бөлінбеген геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған қаражат


-Аяқталмаған құрылыс өсімі

-Аяқталмаған күрделі жөндеу жұмыстарының өсімі

-Ағаштар отырғызуға жұмсалған қаражат


+ материалдық емес қызметтер экспорты


+ материалдық емес қызметтер импорты






  1. Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарының ақырғы тұтыну шығындары



  1. Ақырғы тұтыну



  1. Негізгі қорлардың (капиталдың) жалпы қорлануы



  1. Материалдық айналым қаржыларының қорларының өзгерісі



  1. Капиталдың жалпы пайда болуы (4+5)



  1. Тауар мен қызмет экспорты



  1. Тауар мен қызметтер импорты



  1. Сыртқы сауда сальдосы (7-8)



  1. Жалпы ішкі өнім (3+6+9) ъ
  2. Басқа елдерден түскен факторлық табыстардың сальдосы (еңбекақы, өндіріске және импортқа салынған салық, пайда)
  3. Жалпы ұлттық өнім (10+11)