Өндіріс статистикасының дәріс материалдары
Вид материала | Лекция |
- Еуропа және Америка елдерінің тарихы оқу әдістемелік кешені -050202-Халықаралық қатынастар, 693.18kb.
- С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат, 6313.58kb.
- Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 27-28 қазан 2011 жыл, 5466.7kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 5310.66kb.
- Әдебиеттер тізімі, мерзімді басылымдар және конференция материалдары альфавиттік тәртіппен, 376.99kb.
- Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 8814.45kb.
- Парат министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті, 8635.57kb.
Лекция 3.Өндіріс шоты
1.Өндіріс шотының жалпы сипаттамасы мен үлгісі
2.Аралық тұтыну ұғымы, мазмұны.
3.Аралық тұтынуды есептеуде қолданылатын бағалар.
Өндіріс шоты өндірістік процестерді қамтиды және 2 бөліктен тұрады:
Ресурстар бөлігі;
- Ресурстарды пайдалану бөлігі.
Шоттың ресурстар бөлігінде өндірілген өнімнің құны, өнімге және импортқа салынатын салықтар көрсетіледі. Ал пайдалану бөлігінде өнім өндіруге жұмсалған шығындар, өндірістік емес сферадағы тұтыну шығындары, яғни аралық тұтыну шығындары болады. Аралық тұтынудың нәтижесінде (шикізатты, материалды, отынды, т.б. тұтыну) өндірілген өнімнің құны азаяды. Жалпы шығарылған өнім құнынан аралық тұтыну шығындарын шегергенде қалған қалдық жаңадан қосылған құнды анықтайды. Аралық тұтыну шығындарының құрамында негізгі капиталды тұтыну болмағандықтан, жаңадан қосылған шартты таза өнім болып саналады және өндіріс шотының баланстық статьсы болады. Халықаралық экономикалық теорияда және статистикалық практикада бұл көрсеткішті жалпы ішкі өнім деп атайды. ҰЕЖ-нің концепциясы бойынша өндірістік іс-әрекет кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың материалдық өндіріс сферасындағы, сол сияқты материалдық емес қызметтер сферасындағы әрекеттерін қамтығандықтан, жалпы шығарылған өнім, жалпы ішкі өнім т.б. көрсеткіштер. ХШБ-дегі оларға ұқсас көрсеткіштерден өзгеше болады. Өндіріс шоты эконмика салалары, секторлары және тұтас экономика үшін құрылады. Төменде өндіріс шотының үлгісі келтірілген (7 кесте).
7-кесте
Өндіріс шоты
Пайдалану | Ресурстар |
| |
| |
| |
| |
Шоттың әр көрсеткішінің мазмұны, оларды есептеу және бағалау әдістері кейінгі тақырыптарда көрсетіледі.
ӨНДІРІС ШОТЫНЫҢ РЕСУРСТАР БӨЛГІНДЕГІ
КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жалпы шығарылған өнім көрсеткіші шоттың ресурстар бөлігінің негізгі көрсеткіші болып саналады. Экономикалық теория тұрғысынан бұл көрсеткіш есепті мерзімдегі барлық институциялық бірліктердің әрекетінің ақырғы нәтижесін көрсетеді және өндірілген тауарлардың нарықтық қызметтерден (банктердің шартты өнімдерінен басқа), нарықтық емес қызметтерден құралады. Шығарылған өнім оны өндіру процесі аяқталған кезде тіркеуге алынады. Шығарылған өнімді сатуға, сол сияқты дайын өнім, жартылай фабрикат түрінде өндірушілердің қорын көбейту үшін, негізгі капиталдың жалпы қорлануы үшін қолдануға болады.
Жалпы шығарылған тауарға мыналар жатады:
- кәсіпорындардың шетке сатқан өнімдері;
- сатылмаған дайын өнім мен жартылай өңделген өнім қалдықтары құнының өзгерістері;
- есепті мерзімде шығарылған және сол мерзімде өндіріс қажетіне жұмсалған тауарлар;
- кәсіпорынның жеке құрылысы үшін пайдаланылған тауарлар;
- кәсіпорынның өзі пайдалануы үшін шығарған негізгі капиталының құны;
- кәсіпорынның тәуелсіз бөлімшелеріне босатылған (берілген) тауарлар;
- басқа кәсіпорындарға натуралды айырбас (бартер) ретінде босатылған тауар;
- еңбекақы орнына берілген тауарлар;
- кәсіпорынның өндірістік емес мақсаттарда тұтынған тауарлары;
- үй шаруашылығының өзі тұтынуы үшін өндірген ауыл шаруашылық өнімдері және азық-түлік өнімдері (шарап, сыра, мал сою, жемістерді консервілеу).
Нарықтық қызметтер деп сату және сатып алу объектісі болатын қызметтерді айтады.Олардың шығыны қызметті сатудан түскен түсім арқылы өтеледі. Нарықтық қызметтерді банктердің шартты түрде есептелген өнімі және басқа нарықтық қызметтер деп екіге бөлуге болады.Нарықтық қызметтердің құрамында мына салалардың қызметтері болады:
- көтерме және бөлшек сауда;
- қоғамдық тамақтандыру;
- көлік;
- байланыс;
- қоймалар және сақтау орындары;
- қалдықтарды пайдалану;
- жөндеу жұмыстары (сағатты, электр аспаптарын, т.б. жөндеу);
- фотокино өнімдерін шығару;
- тұрғын үйді, ғимараттарды жалға беру;
- кір жуатын үйлер;
- химиялық тазалау;
- қаржы (валюта айырбастау, есеп жүргізу);
- сақтандыру (міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметтерінен басқа);
- денсаулық сақтау, дене шынықтыру салаларының ақылы қызметі;
- білім беру, мәдениет, өнер саласының ақылы қызметтері;
- есептеу орталықтары;
- үй қызметшісінің қызметі;
- басқа ақылы қызметтер.
Банктердің шартты түрде есептелген өнімі деп коммерция негізінде қаржы ресурстарын жинаумен, оларды бөлумен айналысаты және қаржы делдалы қызметін еөрсететін қаржы мекемелерінің өнімін айтады. Бұл өнім банктердің әрекетінің нәтижесінде түскен жалпы табыстан несие берушіге төленген соманы шегергеннен кейін қалған қалдыққа тең.
Нарықтық емес қызметтер деп шығыны негізінен мемлекеттік бюджеттен, үй шаруашылығы төлеген ерікті жарнадан өтелетін қызметтерді айтады. Бұл қызметтер қоғамның, жеке адамның керегін қанағаттандыру үшін тегін немесе нақтылы жалақыға көрсетіледі. Нарықтық емес қызметтерге мына салалардың қызметтері жатады:
- мемлекеттік басқару;
- қорғаныс;
- қоғамдық ұйымдар;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын басқа да тегін қызметтер.
Әр түрлі қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы шығарған өнімнің құны мына шамаға тең:
- шаруашылық есептегі ұйымдар үшін мемлекеттік субсидия мен дотацияны есептке алмағанда көрсетілген қызметтен түскен түсімге тең;
- бюджеттік мекемелер үшін – негізгі капиталдың тозуын қоса есептегендегі олардың барлық шығындарына;
- мемлекеттік және кооперативтік тұрғын үй қорларының шаруашылықтары үшін – нақты пәтерақыға;
- ғимараттарды жалға берушілер үшін – жалдау ақысына;
- коммерциялық сақтандыру ұйымдары үшін – сақтандыру сыйлығынан, сырттан алынған қаржыдан түскен таза табыстан сақтандыру төлемдері мен сақтандыру резервтерінің өсімін шегергеннен кейін қалған қалдыққа;
- бюджеттік сақтандыру ұйымдары үшін – олардың шығындарына;
- лотерея ойындарын өткізумен айналысатын ұйымдар үшін – лотереяны өткізуден түскен түсім мен ұтыс айырмасына;
- өз жұмыскерелеріне әлеуметтік-мәдени қызмет көрсететін кәсіпорынның дербес бөлімшелері үшін – негізгі капиталдың тозуын қоса есептегенде олардың ағымдағы шығындарына;
- қызмет көрсету саласында жеке іс-әрекетпен айналысатын халық үшін – көрсетілген қызметтен түскен түсімге;
- еркін мамандық иелері үшін- көрсетілген қызметтен түскен түсімге;
- сауда саласында – сауданың үстеме бағасына;
- екінші қайтара қолданылатын шикізатты жинайиын ұйымдар үшін –экономика салаларында қолданылғаннан кейін сатуға қойылған тауарлармен, сынықтар құнымен жойылуға арналған тауарлардың құнының айырмасына.
Банктердің шартты түрде есептелген өнімдері мен сауда қызметінен басқа өнімдер негізгі бағамен бағаланады (өнер – кәсіп саласында – кәсіпорынның көтерме сауда бағасымен бағаланады). Институциялық бірліктердің өздері тұтынуы үшін шығарылған өнімдері де көтерме сауда бағасы бойынша бағаланады (үй шаруашылығының өзі тұтынатын азық-түлік және ауыл шаоуашылығы өнімдерінен басқа).
Кәсіпорынның жұмысшылары үшін шығарылған және оларға тегін немесе төменгі бағамен берілетін өнімдер өзіндік құны бойынша бағаланады.
Үй шаруашылығының өзі тұтынуы үшін шығарған ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік өнімдері осындай өнімдерді шығаратын өндірушілердің орташа бағасымен бағаланады.
Өндіріс шотының ресурс бөлігінің келесі көрсеткіші - өнімге салынатын таза салықтар. Ол өндірілген өнім көлеміне немес құнына байланысты резидент-бірліктерге салынатын барлық салық сомасы мен өнім субсидиясының айырмасына тең.
Институциялық бірліктердің өндіріске байланысты төлейтін барлық салықтарын өнімге салынатын салықтар және өндіріске салынатын басқа салықтар деп екіге бөледі. Бұл салықтарды өндірушілер қосылған құннан төлейді.
Өнімге салынатын салықты тауардың әр бірлігі үшін төлейді, өнімге салынатын салық қосымша құн салығы, акциздік алымдар, жекелеген (өзгеше) қызметтерге салынатын салық, сатуға салынатын салық, фискалды монополия пайдасына салынатын салықтардан құралады.
Өндіріске салынатын басқа салықтар болып мына төлемдер есептелінеді:
- жалақыға немесе жұмыс күшіне салынатын салық;
- өндірісте пайдаланылатын жерге, үйлерге, ғимараттарға салынатын мерзімдік салықтар;
- кәсіпкерлік немесе кәсіпшілік лицензияға салынатын салық;
- негізгі капиталға салынатын салық;
- қаржы операцияларына, капиталмен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
- гербтік алымдар;
- қоршаған ортаны ластағанда төлейтін салық;
- халықаралық операцияларға салынатын салық.
Салықтарды кәсіпорын өз қаржысынан төлейді және өнім субсидиясы есебінен олардың бір бөлігінің орнын толтырады.
Өнім субсидиясы деп ішкі рынокта шығарылған, сатылған немесе экспортқа шығарылатын өнім көлеміне, құнына пропорционалды түрде республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген дотацияны айтады. Субсидия бағасы өзіндік құнынан төмен немесе сатып алу бағасы сату бағасынан жоғары мынадай өнімдерге беріледі: жеңіл өнеркәсіпке арналған ауыл шаруашылық шикізаты, мал, ет, ет өнімдері, сүт, сүт өнімдері, картоп, жүзім, басқа жеміс-көкөніс өнімдері, қант, тазартылмаған мақта, минералдық тыңайтқыштар, т.б.
Өнімге салынатын таза салықтың мөлшерін анықтайтын көрсеткіштерді 2 және 3-үлгі түрінде көрсетуге болады.
Өндіріс шотының ресурс бөлігінің келесі көрсеткіші – импортқа салынатын салық таза салық. Бұл көрсеткіш импортқа салынатын салықтар мен импортқа бөлінген субсидияның айырмасына тең.
Импортқа салынатын салық деп республика аймағына әкелінген тауарлардың сыртқы экономикалық және ішкі бағаларының айырмашылығы нәтижесінде пайда болған таза табыстан мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдерді айтады. Оларға республиканың экономикалық аймағында еркін қозғалыста болуға рұқсат етілген импортталған тауарларға салынатын баж салығы жатады.
Импортқа бөлінген субсидия тауар және қызмет субсидиясынан тұрады. Субсидияны экономикалық аймақ шекарасынан өнімді өткізгенде немесе резидент еместер резиденттерге қызмет көрсеткенде төлейді. Импортқа бөлінген субсидияның құрамында мыналар болады:
- резидент емес бірліктерден сатып алынған өнімді резиденттерге төменгі бағамен өткізетін сауда ұйымдарының шығындарының орнын толтыру (егер шығын үкімет саясатының нәтижесінде болса).
- Көп валюта курстары жүйесінің нәтижесі болып саналатын жасырын субсидия.
Жалпы шығарылған өнім, өнімге салынған таза салықтар, импортқа салынған таза салықтар көрсеткіштерін қосу арқылы өндіріс шотының ресурс бөлігінің жалпы сомасын анықтайды.
2-үлгі. Өндіріс салықтары көрсеткішінің құрамы
Өндіріс салықтары
Өндіріске салынатын басқа салықтар
Өнімге салынатын салықтар
Жалпы сатуға Жалпы қорына Капиталмен жүргізілетін қаржы
салынатын салық салынатын салық опреацияларына салынатын салық
Гербтік алымдар
Арнайы қызметтерге Жерге салынатын
салынатын салық мерзімдік салықтар
Қоршаған ортаны ластағанда
салынатын салық
Фискалды монополиялар Кәсіпкерлік және
пайдасы кәсіби лицензиялар
Халықаралық операцияларға
салынатын салық
Негізгі капиталға
Акциздік алымдар салынатын салық
3-үлгі. Өндіріс салықтарын төлеу көздері
Өндіріс салығының жалпы сомасы | |
Кәсіпорынның институциялық бірліктің меншікті қаражаты. Бұл қаражаттан кәсіпорын өнімге салынатын таза салықты төлейді | Баға айырмасының орнын толтыратын республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидия |
ӨНДІРІС ШОТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ
Өндіріс шотының пайдалану бөлігінде екі көрсеткіш болады: аралық тұтыну, жалпы ішкі өнім.
Өндіруші резиденттердің тауар өндіру, қызметк көрсету үшін есепті мерзімде жұмсаған барлық өнімдерінің (негізгі капиталдан басқа) құнын аралық тұтыну дейді.
Аралық тұтыну құрамында мына элементтер болады:
Резидент-бірліктердің өз өнімдерін шығару үшін сатып алған тауарлары мен материалдық қызметтері:
- шикізат және негізгі материалдар;
- сатып алынған қосымша материалдар;
- сатып алныған жиналатын бұйымдар және жартылай дайын өнімдер, жөндеу жұмыстары үшін сатып алынған қосалықы бөлшектер;
- шеттен алынған отын және энергия;
- кәсіпорынның өзінде құрал-саймандар, арнайы жабдықтар дайындауға, энергия мен буды өндіруге байланысты болған материалды шығындар;
- негізгі капиталға жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстарының құны;
- резидент-бірлік үшін басқа ұйымдарының жасаған өндірістік жұмыстары;
- суға ақы төлеу;
- басқа ұйымдардың көлік қызметінің құны;
- өз көлігімен әкелінген материалдық құнды заттарға байланысты шығындар;
- байланыс және есептеу орталықтарының қызметтерінің ақысы;
- кәсіпорынның жәшік, қап, т.б. ыдыстарды сатып алуға, материалдар мен тауарларды буып-түюге байланысты болған шығындары;
- өндірістен тыс шығындар (өнімді өткізуге байланысты);
- материалдық ресурстардың жоғалуы және кем шығуы;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты болған материалдық шығындар;
- өз өнімдерін тұтыну (егер ол өнімдер жалпы шығарылған өнім көрсеткішінің құрамында болса).
- Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндіріс мүддесіне байланысты шығындар:
- іссапар шығындары;
- еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шығындар (демалыс бөлмесі, медпункт, кітапхана, спорт зал, т.б. ұстау шығындары);
- тегін берілген арнайы жұмыс киімінің, сүттің, жеке қорғаныс заттарының құны немесе егер жұмысшылар арнайы жұмыс киімін, аяқ киімін т.б. өздері сатып алса, олардың шығынының орнын толтыру;
- жұмысшылардың құрал-сайман, қосалқы бөлшектер сатып алуына байланысты шығындарының орнын толтыру;
- жұмысшылардың өкілдік мақсатқа жұмсаған шығындарының орнын толтыру.
Бұдан басқа материалдық қызметтер мен тауарлар бөлімі бойынша аралық тұтыну болып мыналар саналады:
- кафе, мейрамхана, мейманхана, денсаулық сақтау және білім беру салаларының мекемелері сатып алған азық-түлік тауарлары, темекі, сусындар.
- үй шаруашылығының жұмыс үшін сатып алған құрал-саймандары, арнайы жұмыс киімдері, жем, тұқым, құрылыс материалдары;
- танк, ракета, ұшақ, т.б әскери жабдықтарды сатып алу шығындары (мемлекеттік мекемелердің аралық тұтынуы).
- Материалдық емес қызметтер:
- тұтынылатын шикізаттың, дайын өнімінің сапасын тексеру;
- технологиялық процестердің белгіленген параметрлерінің сақталуын ұйымдардың қадағалауы;
- ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық т.б. осындай жұмыстарды қаржыландыру шығындары (1- пункте көрсетілген материалдық шығыннан басқа);
- өндірушілердің мүліктерін, тұрғын үйлерді сақтандыруға байланысты сақтандыру ұйымдарына төленетін төлем;
- қаржы қызметтерінің ақысы;
- жұмысшыларды кәсіпорынның өз көлігімен үйлеріне, жұмысқа әкелу шығыны;
- денсаулық сақтау мекемелерінің қызмет ақысы;
- үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, жабдықтарды жалға алу;
- өнім сертификациясына байланысты жұмыстардың ақысы;
- өрт және күзет қызметтерінің ақысы;
- оқу орындарымен келісім жасалған жағдайдағы оқу ақысы;
- кепілдемелі жөндеу жұмыстарының шығыны;
- жарнама, ақпарат қызметтерінің шығыны;
- коммуналдық ықзметтер ақысы (өндіруші-резидент бірліктері үшін, ал пәтер жалдаушылар үшін бұл қызметтердің ақысыақырғы пайдалану боып саналады).
- мемйманхана үшін ақы төлеу;
- заң қызметтері, құжаттардың көшірмесін жасау, билет пен орындардытағайындау үшін ақы төлеу.
Қазіргі кезде банктердің шартты түрде есептелген өнімі қаржы мекемелерінің клиенттері арасында қалай бөлінетінін есептеу практика жүзіне мүмкін емес. Мұндай өнімді бір шартты институциялық бірлік тұтынды және және ол бірліктің жалпы шығарған өнімі нольге тең деп қарастырады. Сондықтан бұл бірліктің қосылған құны шартты түрде есептелген банк өнімінің кері шамасына тең болады.
Аралық тұтынуды есептегеде тауар мен қызмет шығындары ақырғы тұтынудың нақты бағалармен бағаланады.
Аралық тұтынуды есептеу үшін мына шығындарды қосады:
- экономика салаларының материалдық шығындары;
- материалдық емес қызметтер ақысы;
- ұзақ уақыт пайдаланылатын әскери жабдықтарды сатып алу шығындары;
- өнімді жоғалту (материалдық шығындар құрамында көрсетілмеген шығын);
- іссапар шығындары;
- үй иелерінің үйді ұстауға жұмсаған ағымдағы шығындары;
- банктердің шартты түрде есептелген өнімі.
Жалпы ішкі өнім көрсеткіші осы шоттың баланстық статьясы болады, оны есептеу үшін жалпы шығарылған өнімге салынған таза салықты, импортқа салынған таза салықты қосып, аралық тұтыну шығындарын шегереді.
Материалдық шығындарға ұқсас, бірақ мазмұны мен міндетіне қарай олардан өзгеше мынадай шығындар аралық тұтынудың құрамында болмауы керек:
- ғимараттарға, үйлерге, жабдықтарға жасалған күрделі жөндеу жұмыстары және оларды жаңарту шығындары (негізгі капиталды жалпы қорлануы болады);
- пәтер жалдаушылардың пәтерге жасаған ағымдағы жөндеу жұмыстары және сатып алынған құрылысы материалдары (ақырғы тұтыну шығындары болып саналады);
- кәсіпорынның өз жұмысшыларына өнімді тегін беруі немесе төменгі бағамен сатуы (еңбекақыға немесе ағымдағы трансфертке жатады);
- жұмысшыларды жол жүру шығындары (үй шаруашылығының ақырғы тұтынуы болып саналады);
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы бойынша мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдардың үй шаруашылығына берген әлеуметтік жәрдемақылары (ағымдағы трансферт және үй шаруашлығының ақырғы тұтынуына жатады);
- жерді, негізгі капиталды, материалдық емес активтерді иелену құқын басқаға беруге байланысты болған шығындар (негізгі капиталдың жалпы қорлануына жатады);
- жерді және материалдық емес қорларды пайдаланғаны үшін ақы төлеу (меншікті түскен табыс болып саналады);
- нақтылы объект бойынша жасалған геологиялық барлау жұмыстары мен жобалау құжаттарының шығыны (негізгі капиталдың жалпы қорлануына жатады);
- электронды-есептеу машиналарын бағдарламалармен қамтамасыз ету шығындары (негізгі капиатлдың жалпы қорлануы болып саналады);
- жұмысшыларға, олардың отбасына кәсіпорынның қосалқы бөлімшелерінің (клуб, стадион, медпункт, демалыс үйлері, балалар лагенрі) көрсеткен әлеуметтік, мәдени қызметтердің ақысы (ағымдағы трансферт және үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындарына жатады);
- негізгі капиталдың амортизациясы және жойылған негізгі капиталдың амортизацияланбаған құны (негізгі капиталды тұтынуы болып саналады);
- әскери емес ұйымдардың кейбір әскери техниканы сатып алуы, мысалы, күзет қызметі үшін сатып алынған бронемашианалар (негізгі капиталдың жалпы қорлануына жатады);
- әскери адамдарды тамақтандыру және киіндіру шығындары (еңбекақы элементі болады);
- материалдардың стратегиялық қорын жасау шығындары (материалдық айналым қорларына жатады);
- қызмет көрсету мерзімі бір жылдан асатын жабдықтарды (әскери жабдықтардан басқа) сатып алу (негізгі капиталдың жалпы қорлануына жатады);
- қызмет көрсету мерзімі бір жылдан асатын жабдықтарды (әскери жабдықтардан басқа)сатып алу (негізгі капиталдың жалпы қорлануына жатады);
- жерді тазалау және игеру, ирригациялық жұмыстар (жерді суландыру), таулы жерлерді өңдеу, көп жылдық ағаштарды отырғызу шығындары (негізгі капиталдың жалпы қорлануына жатады);
- күтпеген апаттар, оларды болдырмау немесе олардың зардаптарын жою, өрт, т.б. төтенше жағдайлардың шығындары.
Негізгі капиталды тұтыну көрсеткіші табиғи және моральдық тозуға, жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зақымдануға байланысты есепті мерзімде негізгі капитал құнының кемуін көрсетеді. Табиғи активтердің (жер, минералды ресрустар) пайдаланылған бөлігі негізгі капиталды тұтыну болып саналмайды.
Негізгі капиталды тұтыну материалдық емес активтер үшін де есептелінеді.
Жалпы шығарылған өнім, аралық тұтыну көрсеткіштері қандай бағалармен бағаланса, негізгі капиталды тұтыну да сондай бағамен бағаланады және ол негізгі капиталдың толық қылпына келтіру құны бойынша есептелінеді. Негізгі капиталды тұтыну құны бухгалтерлік есепте көрсетілетін амортизациядан анағұрлым ауытқуы мүмкін (әсіресе инфляция болғанда).
Бар негізгі капиталды және оның өзгерісін уақыт өткен сайын бағалауды тұрақты түгендеу әдісі дейді. Материалдық емес активтердің құнының кемуі олардың моральдық тозуына байланысты болады.
Таза ішкі өнім (таза қосылған құн) өндіріс нәтижесінде алынған алғашқы табыстардың қосындысын көрсетеді. Ол жалпы ішкі өнім мен негізгі капиатлды тұтынудың айырмасына тең.