Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Вид материалаЛекция

Содержание


Түзетілген қолда бар табысты пайдалану шоты
2.Шоттың ресурстық бөлігі: жалпы ұлттық жинақ; «қалған әлемнен» алынған күрделі трансферттер
Капитал салығы
Басқа күрделі трансферттер
Капиталға байланысты операциялар шотының пайдалану бөлігіндегі көрсеткіштер
Негізгі капиталдың жалпы қорлануына мыналар жатады
Негізгі капиталдың жалпы қорлануы болып саналмайтын шығындар
2.Шоттың көрсеткіштері
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Түзетілген қолда бар табысты пайдалану шоты




Пайдалану

Ресурстар

2 Нақты акырғы тұтыну

1. Түзетіпген қолда бар табыс

3. Жалпы жинақ 1-2




Барлығы

Барлығы


Түзетілген қолда бар табыс шоттың ресурс бөлігіне заттай табыстарды қайта бөлу шотынан көшіріледі. Нақты ақырғы тұтынудың құрамында ақырғы тұтыну шығындары және заттай алынған /берілген әлеуметтік трансферттер болады.

Үй шаруашылығының нақты ақырғы тұтынуы олардың ақырғы тұтыну шығындарына мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардан заттай алған әлеуметтік трансферттерді қосқанға тең.

Мемлекеттік мекемелердің нақты ақырғы тұтынуы олардың ақырғы тұтыну шығындары мен үй шаруашылығына заттай берген әлеуметтік трансферттердің айырмасына тең. Басқа секторлар үшін нақты ақырғы тұтыну көрсеткіші есептелінбейді.

Үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдар секторының ақырғы тұтыну шығындары болғанымен, оларды жеке адамдардың ақырғы тұтынуы деп санайды. Сондықтан бұл сектордың нақты ақырғы тұтынуы нольге тең.

Жалпы жинақ - осы шоттың баланстық статьясы. Ол қолда бар табысты пайдалану шотының баланстық статьясы мен бірдей.


Лекция 9. Капиталға байланысты операциялар шоты

1.Капиталға байланысты операциялар шотының жалпы сипаттамасы және үлгісі.

2.Шоттың ресурстық бөлігі: жалпы ұлттық жинақ; «қалған әлемнен» алынған күрделі трансферттер

3.Шоттың ресурстарды пайдалану бөлігі: негізгі капиталдың жалпы қорлануы;


Материалдық айналым капиталының өзгерісі; жерді және материалдық емес активтерді таза сатып алу; «қалған әлемге» берілген күрделі трансферттер; ұлттық таза несие (+) немесе таза борыш (-)

Капиталға байланысты операциялар шотында институциялық резидент бірліктердің қаржылық емес активтеріне байланысты операциялар есепке алынады, сол операцияларды қаржыландыру көздері көрсетіледі. Бұл шотта қаржыландыру көзі болып жалпы жинақ және күрделі трансферт сальдосы саналады.

Шоттың ресурс бөлігінде жалпы жинақ және «қалған әлемнен» алынған күрделі трансферттер, ал пайдалану бөлігінде негізгі капиталдың жалпы қорлануы, материалдық айналым қорларының өзгерістері, құнды заттарды таза сатып алу, жерді, басқа да өндірілмейтін активтерді таза сатып алу, «қалған әлемге» берілген күрделі трансферттер, таза несие немесе таза борыш көрсеткіштері болады.

Таза несие (+) немесе таза борыш (-) - осы шоттың баланстық статьясы. Егер қаржылық емес активтерді сатып алу шығындары осы операцияларды қаржыландыруға бөлінген ресурстардан аз болса, баланстық статья таза несие деп аталады, яғни осы ел (қарастырылып отырған ел) басқа елдерге «қалған әлемге» несие бере алады. Ал, керісінше, қаржылық емес активтерді сатып алу шығындары ресурстардан көп болса, баланстық статья таза борыш деп аталады, яғни осы ел «қалған әлемнен» несие алады.

Капиталға байланысты операциялар шотының үлгісі 14-кестеде берілген.


14-кесте
Капиталға байланысты операциялар шоты




Пайдалану

Ресурстар

1

2

З.Негізгі капиталдың жалпы қорлануы

І.Жалпы ұлттық жинақ

4.Материалдық айналым қорларының өзгерістері

2. «Қалған әлемнен» алынған күрделі трансферттер

5.Құнды заттарды таза сатып алу




6. Жерді, материалдық емес активтерді таза сатып алу




7. «Қалған әлемге» берілген күрделі трансферттер




8.Таза несие/таза борыш (1+2-3-4-5-6-7)




Барлығы

Барлығы

Жалпы ұлттық жинақ қолда бар табыстың пайдалану шотынан көшіріледі.

Тұтас экономика үшін құрылған капиталға байланысты шотта резидент-шаруашылық бірліктерінің басқа елдерден алған күрделі трансферттері шоттың ресурс бөлігінде көрсетіледі. Қабылданған күрделі трансферттерге халықаралық

ұйым ғимаратын салуға бөлінген субсидияны, негізгі капиталды тегін беруді, капитал салығын, мұраға салынатын са лықты, т.б. мысал ретінде келтіруге болады.

Ал капиталға байланысты операциялар, шоты экономика секторлары үшін құрылғанда бір сектордың басқа секторлардан қабылдаған күрделі трансферттері (мысалы, бюджеттен субсидия бөлу, бюджетке түскен капитал салығы, жойылған немесе зақымдалған мүлік орнына берілген өтемақы, т.б.) есепке алынады.

Күрделі трансферттердің құрамында күрделі қаржыға бөлінген субсидия, капитал салығы, басқа күрделі трансферттер болады.

Күрделі қаржыға бөлінген субсидия - бұл негізгі капиталдың жалпы қорлануын қаржыландыру үшін мемлекет не месе басқа елдер берген қайтарымсыз трансферттер.

Төмендегі операциялар күрделі қаржыға бөлінген субсидия болады:
  • экономика салаларына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу;
  • негізгі капитал болып саналатын өсімтал және жұмыс малына жұмсалған шығындарды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру және осы мақсаттар үшін алынған банк қарызын өтеу;
  • күрделі жөндеу жұмыстарының шығынына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу;
  • бюджеттік мекемелерге жабдықтар мен құралдарды сатып алу үшін мемлекеттік бюджетген қаржы бөлу;
  • ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне жеке үй салу үшін берілген несиенің бір бөлігін мемлекеттік бюджет есебінен қайтару;
  • кәсіпорындардың өз жұмысшыларына жеке тұрғын үй салу үшін қайтарымсыз материалдық көмек көрсетуі.

Капитал салығы - шаруашылық бірліктерінің мүлкіне салынатын салық.

Олардың құрамында мынадай салықтар болады:

а) мұраға, сыйға тартқан негізгі капиталға салынатын салықтар;

ә) капиталға немесе мүлікке салынатын жүйесіз салықтар. Басқа күрделі трансферттер деп капитал салығы мен күрделі қаржыға бөлінген субсидиядан басқа мынадай трансферттерді айтады:

-әскери іс-әрекеттің, саяси оқиғалардың, табиғи апаттардың нәтижесінде жойылған немесе зақымдалған негізгі капитал иелеріне қаржы бөлу;
  • кәсіпорындардың бірнеше жылғы шығындарын төлеу;
  • мұра қалдыру, қайырымдылық жасау;
  • әр түрлі секторлардың институциялық бірліктері арасындағы қарызды есептен шығару (мысалы, ұжымшардың мемлекет алдындағы қарыздарын есептен шығару).

КАПИТАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОПЕРАЦИЯЛАР ШОТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІГІНДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕР


Негізгі капиталдың жалпы қорлануы деп резидент-шаруашылық бірліктерінің бір жылдан артық пайдаланылатын обьектілерді, өнімдерді көбейтуге жұмсаған қаржыларын айтады.

Негізгі капиталдың жалпы қорлануына мыналар жатады:

а) жаңа өнімдер немесе экономикалық бірлік сатып алған не шаруашылық әдіспен жасалған және ұзақ уақыт пайдаланылатын объектілер (ғимарат, тұрғын үй, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары);

ә) электронды есептеу машиналарының бағдарламаларын (программа) жасау және сатып алу шығындары;

б) мал басының көбеюі (асыл тұқымды мал, жұмыс малы, ет және сүт малы);

в) негізгі капиталдың өнімділігін арттыру және оның қызмет көрсететін уақытын ұзартуға жұмсалған шығындар;

г) геологиялық зерттеу, бұрғылау жұмыстарының шығындары (бұл жұмыстарға қаржы мемлекеттік бюджеттен немесе кәсіпорындардың негізгі әрекетінің нәтижесінде алынған ресурстан бөлінеді);

ғ) жерді жақсарту, оны пайдалануға дайындау сияқты жұмыстар шығыны, (мысалы, орман учаскесін, бақтарды, жерлерді жақсарту, олардың көлемін кеңейту);

д) жерге, негізгі капиталға, орман учаскесіне, материалдық емес активтерге меншік иесі болу құқын басқа институциялық бірлікке тапсыруға байланысты болған шығындар (қозғалмайтын мүлік операциялары бойынша қорғаушы (адвокат) болып істейтін адамның, басқа делдалдардың қызметтерінің құны, баж, салықтар осы шығындардың құрамында болады);

е) негізгі капитал импорты (Қазақстан Республикасы елшіліктерінің шетелде сатып алған негізгі капиталымен қоса есептегендегі).

Негізгі капиталдың жалпы қорлануы болып саналмайтын шығындар:

а) ұсақ құрал-саймандарды, жұмыс киімдерін, қосалқы бөлшектерді сатып алу (аралық тұтыну болады);

ә) үй шаруашылығының ұзақ уақыт қолданылатын тауарларды сатып алуы (бұл - ұй шаруашылыгының ақырғы пайдалануы);

б) шаруашылық бірліктерінің ғылыми зерттеулерге, жарнамаға т.б. осындай жұмыстарға жұмсаған шығындары (бұл шығындар аралық тұтыну болады);

в) жер, пайдалы қазбалар, орман алқаптары, материалдық емес активтер. Мұндай активтерге байланысты операциялар «Жерді және материалдық емес активтерді таза сатып алу» статьясында көрсетіледі.

Егер үйлер мен ғимараттардың құрылысы бітпесе, онда осы мерзімде істелген және ақы төленген құрылыс жұмыстары негізгі капиталдың жалпы қорлануы болады, ал ақы төленбеген жұмыстардың құны құрылыс ұйымдарының аяқталмаған өндірісі болып саналады.

Негізгі капитал шаруашылық әдіспен өндірілсе, оны негізгі бағамен бағалайды, ал сатып алынған негізгі капитал сатып алу бағасы бойынша сәйкес алынады.

Негізгі капиталдың жалпы қорлануы былай есептелінеді:

  1. Экономика салаларына бөлінген күрделі қаржы (көп
    жылдық өсімдіктерді есіру шығындарын қоса есептегенде).
  2. Жұмыс және өнім малы құнының өсімі.
  3. Электронды есептеу машиналарын бағдарламалармен (программа) қамтамасыз ету шығындары.
  4. Негізгі капиталға жасалған күрделі жөндеу жұмыстарының шығындары.
  5. Темір жолдарға, автомобиль жолдарына жасалған күрделі жөндеу жұмыстарының шығындары.
  6. Бюджеттік мекемелер сатып алған жабдықтар мен құрал-саймандар.
  7. Мемлекеітік бюджеттің операциялық шығындары есебінен немесе негізгі әрекеттен түсетін қаражат есебінен жүргізілетін бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарының шығындары.
  8. Құны аз және тез тозатын құрал-саймандарды сатып алу.

Мұндай кұрал-саймандарды сатып алу шығындары құрылыс сметасында көрсетіледі және күрделі қаржы құрамында болады.

  1. Жерге, негізгі капиталға, материалдық емес активтерге меншік иесі болу құқын басқа бірліктерге тапсыруға байланысты болған шығындар.
  2. Істен шыққан мүліктерді сатудан түскен қаржы.
  3. Негізгі капиталдың құнын көбейтпейтін шығындар.
  4. Негізгі капиталдың жалпы қорлануы, барлығы (12=1+2+3+4+5+6+7+8+9-10-11).

Капиталға байланысты операциялар шотының келесі көрсеткіші - материалдық айналым қорларының өзгерістері. Шаруашылық бірліктерінің негізгі капиталдың қорлану болып саналамайтын осы мерзімдегі барлық өнімдері материалдық айналым қорын құрайды.

Оның элементтері төмендегідей:

а) өндірістік қорлар;

ә) аяқталмаған ендіріс;

б) дайын тауарлар;

в) қайта сатуға арналған тауарлар;

г) мемлекеттік резервтер.

Өндірістік қорларға шикізат, материалдар, отын, құрал-сайман, тұқым, жемшөп, т.б. аралық тұтыну үшін сатып алынған тауарлар жатады. Олар өндіріс процесінде толық пайдаланылады және өндірістің бір циклы аяқталғаннан кейін өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге көшіреді. Егер кәсіпорын өнер шығармаларын, алтын, алмас, т.б. бағалы металдар мен тастарды құнды зат ретінде сатып алса, олар өндірістік қор болмайды. Ал осы құнды заттарды өндірісте пайдаланса (мысалы, зергерлік бұйымдар жасау үшін сатып алынған алтын, алмас, т.б.), онда олар ендірістік қорлар болады. Аяқталмаған өндіріске кәсіпорындардың өңдеп бітпеген өнімдері жатады. Аяқталмаған өндіріс ауыл шаруашылығында, құрылыста, өнер, т.б. экономика салаларында болады. Есепті жылдың соңында бітпеген (аяқталмаған) өндірістік процестер аяқталмаған өндіріс ретінде есепке алынуы тиіс.

Бір рет қана пайдаланылатын, бірақ әлі жиналмаған көкөністер, дәнді дақылдар, семіртілген, бірақ әлі сойылмаған мал аяқталмаған өндіріс болып есептелінеді.

Дайын тауарлар қоры сол тауарларды шығаратын кәсіпорындарда ғана болады. Мысалы, тау-кен кәсіпорындағы көмір дайын тауар, ал электр станциясындағы көмір өндіріс қоры болады.

Қайта сатуға арналған тауарларды сұрыптауға, жууға, буып-түюге, сақтап қоюға, тасымалдауға болады, бірақ оларды мүлдем өзгертуге болмайды.

Материалдық айналым қорлары өзгерістерінің құны есепті мерзімнің соңындағы және басындағы қорлардың айырмасына тең.

Құнды заттарды таза сатып алу - бұл ұлттық есеп жүйесіндегі жаңа категория. Таза сатып алу деп сатып алу, сату операцияларының айырмасын айтады. Құнды заттар өндірісте қолдану немесе тұтыну үшін сатып алынбайды, оларды активтерді инфляциядан қорғау үшін сатып алады. Құнды заттарға асыл тастар, металдар, сирек кездесетін енер шығармалары (антиквариат), зергерлік бұйымдар, т.б. жатады.

Жерді, материалдық емес активтерді таза сатып алу - капиталға байланысты операциялар шотының келесі статьясы. Жерді сатуға, сатып алуға тек резиденттер ғана қатысады. Егер мұндай операцияларға резидент еместер қатысатын болса, оларды шартты резиденттер деп санайды.

Бұл статьяда жерге қатысты операциялармен қатар материалдық емес активтерді (сауда белгісі, патент, автор құқы, т.б.) сатып алу, сату да көрсетіледі.

Тұтас экономика үшін құрылған капиталға байланысты операциялар шотының пайдалану бөлігінде жоғарыда аталған көрсеткіштермен қатар «қалған әлемге» берілген күрделі трансферттер болады. «Қалған әлемге» берілген күрделі трансферттердің құрамы шотгың ресурс бөлігіндегі қабылданған күрделі трансферттерге ұқсас.

Таза несне (+) немесе таза борыш (-) осы шоттың баланстық статьясы. Бұл керсеткіш есепті мерзімдегі экономикалық іс-әрекеттің қаржылық нәтижесін көрсетеді және шоттың ресурстар бөлігіндегі көрсеткіштерінің қосындысынан пайдалану бөлігіндегі көрсеткіштердің қосындысын шегергенге тең. Егер айырма оң болса, баланстық статья таза несие (+) деп, ал теріс болса, баланстық статья таза борыш (-) деп аталады. Таза несие елдің басқа елдерге берген қаржы ресурсын көрсетсе, таза борыш, керісінше, осы елдің басқа елдерден алған қаржы ресурстарын көрсетеді.


Лекция 10.Қаржы шоты.

1.Қаржы шотының жалпы сипаттамасы мен үлгісі

2.Шоттың көрсеткіштері

3.Қаржы шотындағы көрсеткіштердің мазмұны.


Қаржы шотының оң жағында ресурс бөлігінде қаржы міндеттемелерін қабылдауға байланысты операциялар, ал сол жағында пайдалану бөлігіне қаржы активтерін сатып алуға байланысты операциялар тіркеледі.

Қаржы шотында қаржы активтері мен міндеттемелерінің өздері емес, олардың есепті мерзімдегі өзгерістері көрсетіледі. Кейбір операциялар шоттың екі бөлігіндегі статьяларды өзгертеді. Мысалы, ресурс бөлігіндегі қарыз алу және несие статьясы пайдалану бөлігіндегі депозиттер статьясын езгертеді. Ал кейбір операциялар шоттың тек бір бөлігіндегі көрсеткіштерді өзгертеді. Мысалы, шотгың пайдалану бөлігіндегі қарыз беру және несие статьясы осы бөліктегі депозитті азайтады. Шоттың үлгісі 15-кестеде көрсетілген.

15-кесте