Өндіріс статистикасының дәріс материалдары
Вид материала | Лекция |
- Еуропа және Америка елдерінің тарихы оқу әдістемелік кешені -050202-Халықаралық қатынастар, 693.18kb.
- С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат, 6313.58kb.
- Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 27-28 қазан 2011 жыл, 5466.7kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 5310.66kb.
- Әдебиеттер тізімі, мерзімді басылымдар және конференция материалдары альфавиттік тәртіппен, 376.99kb.
- Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 8814.45kb.
- Парат министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті, 8635.57kb.
Лекция 4. Табыстардың пайда болу шоты
1.Табыстардың пайда болу шотының жалпы сипаттамасы және үлгісі
2.Шоттың ресурстық бөлігі
3.Шоттың ресурстарды пайдалану бөлгі
Табыстардың пайда болу шотында өндірістік процеске тікелей қатысты бөлу операциялары, олардың нәтижесінде жасалған алғашқы табыстар: еңбекақы, өндіріске салынатын таза салық, кәсіпорындардың, мекемелердің жалпы пайдасы халықтың аралас табысы көрсетіледі.
Табыстардың пайда болу шоты да өндіріс шоты сияқты экономика салалары, секторлары және тұтас экономика үшін құрылады. 8-кестеде шоттың үлгісі берілген.
8-кесте
Табыстардың пайда болу шоты
Пайдалану | Ресурстар |
4. Еңбекақы | 1. Жалпы ішкі өнім |
5. Өндіріске салынған салық | 2. Өндіріске бөлінген субсидия |
6. Импортқа салынған салық | 3. Импортқа бөлінген субсидия |
(1+2+3-4-5-6) | |
Барлығы | Барлығы |
Шоттың ресур бөлігінде үш көрсеткіш болады:
- жалпы ішкі өні;
- өндіріске бөлінген субсидия;
- импортқа бөлінген субсидия.
Осы көрсеткіштердің сандық мәндерінің қосындысы шоттың ресурс бөлігінің жиынтық жолының мәнін береді.
Жалпы ішкі өнім көрсеткіші бұл шотқа өндіріс шотынан көшіріледі.
Субсидия деп өнім өндіретін немесе импорт тауар мен қызметті сатып алатын резидент-шаруашылық бірліктеріне берілетін ағымдағы трансферттерді айтады. Субсидия тауар мен қызмет бағасына немесе табысқа әсер ету үшін, сөйтіп белгілі бір экономикалық немесе әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін беріледі.
Өндіріске бөлінген субсидияның құрамында мыналар болады:
Өнімге бөлінген субсидия. Бұл субсидия ішкі рынокта шығарылған, сатылған немесе экспортқа шығарылған өнімдердің көлеміне, құнына байланысты бөлінеді. Ауыл шаруашылығы өнімдері (жеңіл өнеркәсіпке арналған ауыл шаруашылығы шикізаты, ет, ет тағамдары т.б.) бағаларындағы айырманың орнын толтыру өнім субсидиясы болып есептелінеді;
- Шығарылған өнімнің саны мен құнына байланыссыз берілетін субсидия. Бұған мемлекеттік бюджеттен төленетін мынадай операциялар жатады:
- шығынды, ұжымшардың сақтандыру төлемдерінің орнын толытру;
- шаруашылық есептегі кәсіпорындардың ағымдағы шығындарын төлеу (мемлекеттік дотация), шығынды кәсіпорындардың шаруашылық есептегі қорларын толықтыру;
- тұрғын үй және коммуналды шаруашылықтың артық шығынының орнын толтыру. Тұрғын үй шаруашылығының артық шығыны тұрғын үй қорын пайдалану шығындары мен осы шаруашылықтың пәтерақы, жалдау ақысы, т.б. табыстарының айырмасына тең.
- экспорт операцияларын қаржыландыру (экспортқа шығарылатын тауарлардың сыртқы сауда бағасы мен ішкі бағасының айырмасы теріс болғанда шығынның орнын толтыру, экспорт операцияларының үстеме шығындарының орнын толтыру);
- арнайы теңге курсын пайдалануға байланысты болған шығындардың орнын толтыру;
- арнайы дүкендердегі еркін айырбасталатын валютамен есептелген бағалар айырмасының орнын толтыру;
- импорт тауарларының сату және есептелген бағалары айырмасының орнын толтыру.
Импортқа бөлінген субсидия деп шетелден әкелінген өнімдерге бөлінген субсидияны айтады және ол импортталған өнім елдің экономикалық аймағында еркін айналысқа түскенге дейін төленеді.
Импортқа бөлінген субсидия импорт операцияларын қаржыландырады., яғни импорт тауарлардың ішкі бағасы мен сыртқы сауда бағасының теріс айырмасының орнын толтырады, импорт операцияларының үстеме шығынын төлейді.
Резидент-бірліктерге мемлекет тарапынан берілген мынадай трансферттер, шығындарының орнын толтыру субсидия болып саналмайды:
- мемлекеттік мекемелердің үй шаруашылығына берген ағымдағы трансферттері, мысалы, баға өсуіне байланысты болған шығындардың орнын толтыру (олар әлеуметтік қамсыздандыру бойынша берілген жәрдемақы не басқа тарнсферттер деп қарастырылады):
- мемлекеттік мекемелердің үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдарға берген ағымдағы трансферттері, мысалы, қайырымдылық қорына жарна төлеу (ағымдағы трансфертке жатады);
- мемлекеттік мекемелер арасындағы ағымдағы трансферттер, мысалы, мектеп жасына дейінгі мекемелердің шығындарының орнын толтыру;
- күрделі қаржыға бөлінген субсидия (күрделі трансфертке жатады);
- ссуда бойынша қарызды, өткен жылдардың шығынын, күтпеген апат зиянын есептен шығару (күрделі трансфертке жатады);
- мемлекеттік мекемелердің кәсіпорындар мен ұйымдардың акцияларын сатып алуы (қаржы активтеріне жатады).
ТАБЫСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ШОТЫНЫҢ
ПАЙДАЛАНУ БӨЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Табыстарды алғашқы рет бөлгенде негізгі көрсеткіш болып жұмысшылардың еңбекақысы саналады. Бұл шотта еңбекақы көрсеткіші шаруашылық бірліктердің үй шаруашылығына төлеген сомасын көрсетеді.
Еңбекақы деп жалданушы жұмысшыларға, қызметкерлерге белгілі бір мерзім ішінде істеген еңбегі үшін ақшалай не заттай төлейтін төлемді айтады.
Табыстардың пайда болу шотында елдің экономикалық аймағындағы барлық жұмысшылардың (резиденттердің де, резидент еместердің де) еңбекақысы көрсетіледі. Еңбекақы мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
- жалпы жалақы;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың әлеуметтік сақтандыруға бөлген нақты аударымдары;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың әлеуметтік сақтандыруға бөлген шартты аударымдары.
Еңбекақының негізіг элементі - жалпы жалақы, ол аударымдар мен салықты төлегенге дейін анықталады және оның құрамында мынадай элементтер болады (барлық шаруашылық бірілктер үшін):
- тарифтік ставка, қызмет ақысы, орташа жалақы, кесімді ақы бойынша есептелген жалақы;
- тарифтік ставка, қызмет ақысына қосымша төлемдер және үстемелер, жұмыстың зияндылығы және тауарлылығы үшін төленетін үстемелер, негізгі жұмысынан қол үзбей өндірісте оқушыларды оқытқаны, үйреткені үшін қосымша ақы төлеу, демалыс, мейрам күндеріндегі істеген жұмысы және мерзімінен тыс жұмыс үшін қосымша ақы төлеу;
- өндірістік жетістіктері үшін ақшалай сыйлық және сыйақы төлеу;
- жыл сайынғы кезекті демалыс және қосымша демалыс ақысы;
- өндірістен қол үзіп оқитын жұмысшыларға жалақы төлеу (мамандарды қайта дайындау және мамндығын жетілдіру жүйесінде оқитындар үшін);
- еңбекақыны заттай төлеу: еңбекақы орнына берілген өнім, тегін берілген немесе арзан бағамен сатылған пәтер, коммуналды қызметтер, отын құны, жол ақысы, азық-түлік және киім (әскери адамдарды киіндіру, тамақтандыруды қоса есептегенде) құны сол сияқты олар берілмегенде төленетін өтем;
- еңбек шарты бойынша пайданы бөлуге қатысу;
- шай-пұл, делдалдық ақша;
- жалдамалы үй қызметшісінің жалақысы.
Кәсіпорынның өндірістік мүдделері үшін жұмсалған, бірақ жұмысшыларға ақшалай берілуі мүмкін мынадай шығындар жалпы жалақының құрамында көрсетілмейді:
кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік мүдде үшін жұмсаған шығындары (аралық тұтыну шығындары болып есептелінеді):
- іссапар шығындары, көтерме ақша;
- арнайы жұмыс киімінің, аяқ киімінің жеке қорғаныс құралдарының басқа түрлерінің, емдік тамақтардың құны немесе жұмысшылардың осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының орнын толтыру, сол сияқтв сатып алынған жұмысқа қажетті құрал-саймандар құны;
- жұмысшыларды жұмысқа, жұмыстан үйлеріне жеткізу шығындары;
- жұмысшыларды оқыту, мамандықтарын жоғарлату шығындары.
- Еңбегі үшін төленген сыйақы болып саналмайтын, бірақ заң бойынша төлеуге тиісті төлемдер (бұл төлемдер ағымдағы трансферттер құрамында көрсетіледі):
- еңбекке уақытша жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы, екіқабат (жүкті) кезде және босанғаннан кейін берілетін жәрдемақы, балаларға берілетін жәрдемақы, жұмыс істейтін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жұмысшы мертіккенде, жарымжан болған жалақы орнын толтыру, әлеуметтік сақтандыру қаржылары есебінен төленетін басқа төлемдер;
- еңбек шартының тоқталуына байланысты қызметтен босарда төленетін жәрдемақы;
- материалдық көмек;
- кәсіпорын қаржылары есебінен төленетін стипендия (басқа да ағымдағы трансферттер);
- демалыс үйлеріне, емдеу орындарына алынған жолдама үшін ақы төлеу;
- жеке сиапттағы басқа төлемдер (пәтерақы, газет журналға жазылу, жол жүру билеттері, азық-түлікке тапсырыс беру, тіс салдыру т.б.)
- кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшыларға олардың отбасыларына көрсеткен мәдени әлеуметтік қызметтері (ағымдағы рансферттер болып саналады);
- ерікті мамандық иелерінің еңбекақысы, авторлардың қаламақылары (аралас табыс көрсеткіштерінің эелементтері).
Еңбекақыны құрамында жалпы жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін аударымдар болады. Әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін аударым нақты және шартты аударым болып екіге бөлінеді:
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әлеуметтік сақтандыруға бөлген нақты аударымдары мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың республикалық қорына және міндетті медициналық сақтандыруға төлеген жарналардан тұрады. Бұл төлемдер санаторий, курорттарда көрсетелілетін қызметтер ақысын, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің негізгі көзі болып саналады. Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жарналарды тікелей сақтандыру ұйымдарына аударғандарымен, олар ең алдымен еңбекақының бір бөлігі болып қарастырылады, содан кейін оларды жұмысшылардың өздері сақтандыру ұйымдарына аударды деп санайды.
Жеке кәсіпкерлердің, өз бетімен жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналары да осы көрсеткіштің құрамында болады.
Әлеуметтік сақтандырудың шартты аударымдары деп кәсіпорындар мен ұйымдар өз жұмысшыларына (немесе бұрынғы жұмысшыларына) әлеуметтік сақтандыру жәрдемақыларын тікелей төлеуін айтады. Өндірісте қаза тапқан жұмысшының отбасны көмектесі, жарымжан болып қалған жұмысшыларға белгіленген зейнетақыдан тыс ақшалай өтемақы төлеу сияқты операциялар әлеуметтік сақтандырудың шартты аударымдарының мысалы болады.
Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аударатын қаржы аударымдары, міндетті медициналық сақтандыру жарналары да еңбекақы құрамында көрсетіледі.
Жоғарыда аталғандардың барлығы – еңбекақының теориялық элементтері. Сонымен, жұмысшыларды еңбекақысы былай анықталады:
жалақы қоры (еңбекақы қоры) және материалдық ынталандыру қоры;
- жалақы және материалдық ынталандыру қорларының құрамына кірмейтін біржолғы ақшалай сыйлық, сыйақы;
- жалақы типтес басқа табыстар (еңбек шартында көрсетілген жағдайда пайданы бөлуге қатысу);
- кооператив жұмысшыларының еңбекақысы;
- ұжымшарлардағы еңбекақы, соның ішінде жалданушы қызметкерлердің еңбекақысы;
- әскери қызметкерледі тамақтандыру және киіндірудің құны;
- шай-пұл, делдалдық ақша;
- жалданушы қызметшінің жалақысы;
- жалпы жалақы, барлығы (1+2+3+4+5+6+7+8);
- әлеуметтік сақтандырудың шартты түрде есептелген аударымдары;
- әлеуметтік сақтандырудың нақты аударымдары;
- әлеуметтік сақтандыру аударымдары, барлығы (10+11);
- жұмысшылардың еңбекақысы, барлығы (9+12).
Табыстардың пайда болуы шотының пайдалану бөлігіндегі келесі көрсеткіштер - өндіріске және импортқа салынатын салықтар.
Өндіріс салығы деп резидент-шаруашылық бірліктерінің тауар өндіріп, қызмет көрсеткені үшін және өндіріс процесінде еңбек ресурстарын, материалды және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін мемлекетке төлейтін міндетті төлемдерін айтады. Бұл салық пайданың болу, болмауына байланыссыз салынады. Пайдаға және табысқа салынатын салықтар өндіріс салығы болып есептелмейді, оларды ағымдағы трансферттердің құрамында көрсетеді.
Салықтардың жалпы сомасы салық бойынша қарыздың процентін, салық ұйымдары есептеген өсімді, сол сияқты уақытымен төленбеген салықтардың орнын толтыруды да қамтиды. Ал белгілі бір экономикалық саясатты жүргізуге байланысты салық жеңілдіктері болғанда салықтың жалпы сомасы азаяды.
Төмендегі салықтар мен алымдар өндіріске салынатын салықтар болады:
өнім салығы. Бұл салық өндірілген немесе сатылатын өнім көлеміне, құнына байланысты түрде салынады.
Өнім салығы болып есептелінетін төлемде:
- акциздер, яғни өнімнің арнайы түріне салынатын салықтар (арақ, темекі, отын т.б.);
- арнайы қызметтерге салынатын салықтар (көлік, байланыс, жарнама, үйді жалға алу, сақтандыру т.б.);
- қазыналық монополияның (фискалды монополия) мемлекетке беретін пайдасы;
- қосылған құнға салынатын салық типетс салықтар.
Бұл салықтарды әдетте “шегерілетін” қосылған құн салықтары дейді, себебі өндіруші тауарлар мен қызметтерді аралық тұтыну үшін (өнім өндіру үшін), қор жинау немесе қайта сату үшін алса, онда өндірушіге мемлекеттік бюджетке төлейтін қосылған құн салығының бір бөлігін шегеруге рұқсат етіледі, яғни өндіруші жабдықтаушыға (сатушыға) төлеп қойған салығын шегере алады. Қосылған құнға салынатын салық типтес салықты ең соңында ақырғы сатып алушы төлейді. Өнімге салынатын барлық басқа салықтарды қоса есептегендегі тауардың, қызметтің бағасы бойынша қосылған құн салығы есептелінеді.
- Ресурстарды пайдаланғанда төлейтін басқа салықтар:
- еңбекақы қорына салынатын салық;
- ренталық төлемдер;
- баспа-бас айырбастан, биржалық операциялардын бюджетке түсетін табыс;
- кедендік бақылау нәтижесінде бюджетке түсетін түсім (соның ішінде өткізуге рұқсат етілмеген тауарларды аукциондарда сатудан түскен қаржы), кеден қызметі үшін төленетін ақы;
- теңге табысы;
- шаруашылық бірліктерінен мемлекеттік мекемелердің қызметін пайдаланғаны үшін алынатын алым, мысалы, кәсіпорындарды, ұйымдарды тіркеу, т.б.
- аукциондар өткізуден түсетін қаржы;
- мемлкетттік баж салығы;
- сақтандыру төлемдерінен жасалатын аударымдар;
- патенттік алымдар, (жеке іс-әрекет жасауға құқық беретін куәлік қағазы үшін төленетін алым);
- базарлардағы бір жолғы алым;
- басқа елдердің елшіліктері мен консулдықтары төлейтін көлік құралыдарына, жерге салынатын салық;
- мүлікке салынатын салық;
- жер салығы;
- автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін жасалатын аударымдар;
- инвестициялық қорға аударымдар жасау.
Табыстардың пайда болуы шотының пайдалану бөлігіндегі импортқа салынатын салық көрсеткіші импортқа салынатын таза салық (өндіріс шотындағы) пен импортқа бөлінген субсидияның (табыстардың пайда болу шотының ресурс бөлігіндегі) қосындысына тең.
Экономиканың жалпы пайдасы / жалпы аралас табыс – осы шоттың баланстық статьясы.Бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнен еңбекақы, өндіріске және импортқа салынатын таза салықтарды шегергеннен кейін қалатын қалддыққа тең. Ал жалпы пайда немесе жалпы аралас табыстан негізгі капиталды тұтынуды шегеру арқылы экономиканың таза пайдасын немесе таза аралас табысты анықтайды. Негізгі капиталды тұтыну осы мерзімдегі табиғи және морлаьдық тозуына байланысты негізгі капиталдың тұтынылған бөлігінің құнын көрсетеді.
Негізгі капиталды тұтыну көрсеткішін есептеу үшін негізгі капиталдың ағымдағы қалпына келтіру құнын оның қызмет көрсететін мерзіміне бөледі.Ал негізгі капиталдың құны қызмет көрсететін мерзімде бір қалыпты есептен шығарылады.
Негізгі капиталды тұтыну көрсеткішінің құрамында, өрт, жазатайым оқиғалар нәтижесінде жоғалған негізгі капитал шығыны да көрсетіледі.
Егер негізгі капитал жазатайым оқиғалардан сақтандырылған болса, онда шамалап есептелген шығын (зиян) таза сақтық төлемдеріне тең болады. Ал негізгі капитал сақтандырылмаса, онад шамалап есептелген шығын сақтандырылуға тиісті сома бойынша есептелінеді.
Қазіргі кезде негізгі капиталды тұтыну көрсеткіші осы мезгілдегі негізгі капиталдың тозуы мен жойылған негізгі капиталдың амортизацияланбаған (өтелмеген) құны бойынша анықталады. Жойылған негізгі капиталдың амортизацияланбаған құны деп істен шыққан негізгі капиталдың, қалдық құнынан металл сынықтарын, тағы да басқа материалдарды өткізуден түскен түсімді шегергеннен кейінгі қалдықты айтады.
Негізгі капиталды тұтынуды есептеу үшін үздіксіз түгендеу әдісін қолданылады. Табыстардың пайда болуы шотында баланстық статьяны есептегенде экономиканың жалпы пайдасы көрсеткішімен қатар аралас табыс көрсеткіші қолданылады. Бұл - ұлттық шоттар жүйесіндегі жаңа категория. Аралас табыс көрсеткішінде еңбекақының да, пайданың да элементтері болады, басқаша айтқанда бұл көрсеткіш табысты еңбекақы немесе пайда деп бөлу қиын болғанда қолданылады.
Кәсіпкерлердің жеке іс-әрекетінің нәтижесі, жеке қосалық шаруашылықтан түскен табыс, автор қаламақысы, т.б. аралас табыстың мысалдары болады. Негізінен бұл көрсеткіш үй шаруашылығы секторының бірліктері үшін анықталады.
Лекция 5. Алғашқы табыстар бөлу шоты
1.Алғашқы табыстарды бөлу шотының жалпы сипаттамасы және үлгісі,
2.Шоттың ресурстық бөлігі: жалпы пайда /аралас табыс;жалданушы қызметкерлердің еңбек ақысы; өндіріске және импортқа салынған салықтар; «қалған әлемнен» алынған меншіктен түскен табыстар.
3. Шоттың ресурстарды пайдалану бөлігі: өндіріске және импортқа бөлінген субсидия; «қалған әлемге» берілген меншіктен түскен табыстар; алғашқы табыстардың сальдосы
Бұл шотта алғашқы табыстар өндіріс нәтижесінде алынған табыстар мен меншіктен түскен табыстар сальдосының қосындысы ретінде көрсетіледі.
Алғашқы табыстарды бөлу шоты өндіріске тікелей қатысты болмағандықтан тек секторлар және тұтас экономика үшін құрылады. Шоттың ресур бөлігінде резидент-бірліктердің “қалған әлемнен”, резиденттерден қабылдаған мынадай алғашқы табыстары болады:
өндіріс нәтижесінде алынған табыстар (жалпы пайда немесе жалпы аралас табыс, еңбекақы, өндіріске және импортқа салынатын салықтар);
ә) меншіктен түскен табыстар (процент, дивиденд, рента, т.б.).
Шоттың пайдалану бөлігінде өндіріске, импортқа бөлінген субсидия, резиденттерге, “қалған әлемге” төлеген меншіктен түскен табыс көрсеткіші және баланстық статья – алғашқы табыстар сальдосы болады.
Алғашқы табыстар сальдосы қабылданған барлық алғашқы табыстардан төленген алғашқы табыстарды шегергенге тең. Шоттың жалпы үлгісі 9-кестеде көрестілген.
9-кесте
Алғашқы табыстарды бөлу шоты
Пайдалану | Ресурстар |
6. Өндіріске бөлінген субсидия | 1. Жалпы пайда/жалпы аралас табыс |
7. Импортқа бөлінген субсидия | 2. Жұмысшылардың еңбекақысы |
8. Берілген (төлеген) меншіктен түскен табыстар | 3. Өндіріске салынған салық |
9. Алғашқы табыстар сальдосы (1+2+3+4+5-6-7-8) | 4. Импортқа салынған салық |
| 5. Қабылданған меншіктен түскен табыстар |
Барлығы | Барлығы |
Жалпы пайда/жалпы аралас табыс көрсеткіші табыстардың пайда болу шотынан алғашқы табыстарды бөлу шотының ресурстар бөлігіне көшіріледі.
Еңбекақы табыстардың пайда болу шотында үй шаруашылығына шаруашылық бірліктерінің төлеген сомасы деп көрсетілсе, алғашқы табыстарды бөлу шотында бұл көрсеткіш үй шаруашылығының қабылдаған (алған) сомасы ретінде анықталады.
Жұмысшылардың еңбекақысы екі бөліктен тұрады:
- резидент шаруашылық бірліктерінің резидент-жұмысшыларға төлеген еңбекақысы. Еңбекақының бұл бөлігі табыстардың пайда болу шотынан алғашқы табыстарды бөлу шотына көшіріледі;
- резидент емес шаруашылық бірліктерінің резидент-жұмысшыларға төлеген еңбекақысы. Еңбекақының бұл бөлігі сыртқы экономикалық байланыстардың “Ағымдағы операциялар” шотынан алғашқы табыстарды бөлу шотына көшіріледі. Резидент емес шаруашылық бірліктерінің резидент-жұмысшыларғатөлеген еңбекақысына шетел елшіліктері мен косулдықтарында жалданып жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақысы мен әлеуметтік сақтандыруға жасаған аударымдары, шетелге гастрольге барған артистерге төленетін жалақы және т.б. жатады.
Өндіріс және импорт салықтары алғашқы табыстарды бөлу шотында мемлекетке төленген соманы көрсетеді. (Мемлекет үшін бұл қабылданған сома, сондықтан шоттың ресурстар бөлігінде көрсетіледі). Бұл салықтар да екі бөліктен тұрады:
- резиденттер төлеген өндіріс және импорт салығы (табыстардың пайда болуы шотынан көшіріледі);
- резидент еместер төлеген салықтар (ағымдағы операциялар шотына көшіріледі).
Қабылданған меншіктен түскен табыстар деп актив иелерінің өз активтерін шаруашылық бірліктеріне уақытша пайдалануға беруден түскен табысты айтады.
Алғашқы табыстарды бөлу шоты тұтас экономика үшін құрылғанда шоттың ресурстар бөлігінде тек “қалған әлемнен” алынған (қабылданған) меншіктен түскен табыстар көрсетіледі. “қалған әлемнен” алынған меншіктен түскен табыстар болып мыналар саналады:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа елдер үкіметтеріне, Қазақстан Республикасының сыртық экономбанкінің шетел банктеріне берген несиелерінің проценттік түсімі;
- акционерлік капиталға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасына төленетін дивидендтер;
- Қазақстан Республикасы жерін пайдаланғаны үшін төленетін таза рента (мысалы, шетел елшіліктерінің жерді жалға алуы);
- пайдалы қазабалар қорын, орман, су алқаптарын зерттеу үшін ақы төлеу;
- автор құқын, патентті, сауда белгілерін, Қазақстан Республикасының басқа материалдық емес активтерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
- шетел компанияларының (бірлестік, серіктестік) реинвестицияланбаған табысы. Бұл табыс негізгі резидент-кәсіпорынның өзінің резидент емес бөлімшелерінен, филиалдарынан алған табыстарын көрсетеді. Мысалы, негізгі кәсіпорын (резидент) Қазақстан Республикасының эконмикалық аймағында, ал оның филиалдары басқа елдерде жұмыс істейтді делік. Мұндай жағдайда, резидент емес бөлімшенің басқа елдерден алған және қайтадан іске жұмылдырған пайдасы (қаражаты) сол елдердің жинағында көрсетіледі; ал негізгі резидент-кәсіпорныға берілген пайда шетел компанияларының реинвестцияланған табысы болып саналады.
Реинвестицияланған (қайта инвестициялау) табыс құрамында негізгі капиталды, жерді, материалдық емес активтерді сатудан түскен табыстар болмайды (бұл табыстар капиталға байланысты операциялар шотында көрсетіледі).
Ішкі экономиканың секторлары үшін меншіктен түскен табыс мынадай түсімдерді қамтиды:
- банктердегі халық салымдарының проценттік түсімдері (үй шаруашылығы үшін);
- несие бергені үшін банктердің алатын проценттері;
- акционерлік капиталға қатысқаны үшін берілетін дивиденд;
- жерді пайдаланғаны үшін төлейтін таза рента (ғимараттарды, машиналар мен жабдықтарды жалдау ақыларын, жер салығын төлеуге байланысты шығындарды шегергеннен кейінгі жалпы рента);
- пайдалы қазбалар қорларын, орман, су алқаптарын зерттеу үшін төлейтін төлемдер;
- автор құқын, патенттерді, сауда белгілерін, басқа материалдық емес активтерді пайдалану үшін төлейтін төлем.
Меншіктен түскен табыс құрамында мынадай көрсеткіштер болмайды :
- жерді, материалдық емес, қаржылық емес активтерді сатып алу-сату (капиталғабайланысты операциялар шотында көрсетіледі);
- банктердегі салымдар сомасы, несие сомасы (қаржы шотында көрсетіледі);
- ғимараттарды, машиналар мен жабдықтарды жалға алу ақысы (аралық тұтыну құрамында көрсетіледі);
- жер салығы (жер салығы өндірістік әрекетке байланысты төленсе, өндіріске салынатын салықтар құрамында, ал табыс салығы нысанында (форма) болса, ағымдағы трансферттер құрамында көрсетіледі).
АЛҒАШҚЫ ТАБЫСТАРДЫ БӨЛУ ШОТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ
БӨЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Шоттың пайдалану бөлігінде мына көрсеткіштер болады:
- өндіріске және импортқа бөлінген субсидия;
- “қалған әлемге” берілген меншіктен түскен табыстар;
- алғашқы табыстар сальдосы.
Өндіріске және импортқа бөлінген субсидия табыстардың пайда болу шотынан көшіріледі және мемлекеттің резидент-шаруашылық бірліктеріне берген жәрдем ақшасын көрсетеді. “Қалған әлемнен” қабылданған және “қалған әлемге берілген субсидия деген статья болмайды”.
Берілген меншіктен түскен табыс деп шаруашылық бірліктерінің қаржы активтері, жер, материалдық емес активтер иелеріне сол активтерді пайдаланғаны үшін төлейтін төлемдері айтады.
Тұтас экономика үшін құрылған алғашқы табыстарды бөлу шотында тек “қалған әлемге” берілген меншіктен түскен табыстар есепке алынады және олардың құрамында мынадай элементтер болады:
- басқа мемлекеттердің Қазақстан Республикасы Үкіметіне берген несиелерінің проценттерін төлеу;
- шетел банктерінің Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық банкіне пайдалануға берген несиесінің проценттерін төлеу;
- акционерлік капиталға қатысқаны үшін резиеднт еместерге төленетін дивиденд және басқа табыстар;
- басқа елдердің жерлерін пайдаланғаны үшін төленетін таза рента (мысалы, Қазақстан Республикасының елшіліктерінің басқа елдерде жерді алуы.);
- басқа елдердің пайдалы қазбалар қорларын, орман және балық аулайтын, су алқаптарын зерттеу үшін ақы төлеу;
- басқа елдердің авторлық құқықтарын, патенттерді, тауар белгілерін, басқа материалдық емес активтерді пйдаланылғаны үшін ақы төлеу;
- қазақстандық компаниялардың реинвестицияланған (қайта инвестициялау) табысы (резидент емес негізгі кәсіпорынға оның Қазақстан Республикасындағы резидент-бөлімшелерінен түскен пайда).
Ішкі экономика секторлары үшін берілген меншіктен түскен табысты есептегенде әр сектордағы шаруашылық бірліктері төлеген мынадай төлемдер есепке алынады:
- халықтың банктердегі салымдарының проценті;
- банк несиесін пайдаланғаны үшін төлейтін процент;
- акционерлік капиталға қатысқанда берілетін дивиденд;
- жерді пайдаланғаны үшін төленетін таза рента;
- пайдалы қазбалар қорларын, орман және балықты су алқаптарын зерттеу үшін ақы төлеу;
- автор құқын, патенттерді, сауда белгілерін, басқа материалдық емес активтерді пайдалану үшін ақы төлеу.
Алғашқы табыстар сальдосы - осы шоттың баланстық статьясы. Ол барлық қабылданған табыстар (барлық ресурстар) мен берілген табыстардың (субсидиялар, берілген меншіктен түскен табыс) айырмасына тең.
Тұтас экономика үшін құрылған алғашқы табыстарды бөлу шотының баланстық статьясы жалпы ұлттық табыс деп аталады, яғни экономикадағы барлық секторлардың алғашқы табыстарының сальдоларын қосу арқылы жалпы ұлтгық табысты анықтауға болады. Ал жалпы ұлттық табыстан негізгі капиталды тұтынуды шегергеннен кейін қалған қалдық таза ұлттық табысты береді. Жалпы ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім арасындағы байланысты мына тепе-теңдік арқылы көрсетуге болады:
Жалпы ұлттық табыс = жалпы ішкі өнім + осы елдің резиденттерінің шетелдік алғашқы табыстарының сальдосы. Экономикалық қатынас өркендеген елдерде жалпы ұлттық табыс олардың жалпы ішкі өнімінен артық болады, ал дамушы елдерде, керісінше, жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен аз болады. Оның себебі: өркендеген елдерде олардың шетелдік инвестициялары мол табыс әкеледі.
Лекция 6. Заттай табыстарды қайта бөлу шоты
1.Заттай табыстарды қайта бөлу шотының жалпы сипаттамасы және үлгісі
2. Шоттың ресурстық бөлігі: қолда бар жалпы ұлттық табыс; заттай алынған әлеуметтік трансферттер
3. Шоттың ресурстарды пайдалану бөлігі: заттай берілген әлеуметтік трансферттер; түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табыс.
Табыстарды қайта бөлу шоты табыстарды бөлу процесінің екінші кезеңін қамтып көрсетеді. Бұл шот экономиканың секторлары және тұтас экономика үшін құрылады. Шотта резидент-бірліктер арасындағы, сондай-ақ резидент және резидент емес бірліктер арасындағы операциялар көрсетіледі.
Шоттың ресурстар бөлігінде екі көрсеткіш болады:
- алғашқы табыстар сальдосы;
- қабылданған ағымдағы трансферттер.
Ал пайдалану бөлігінде берілген ағымдағы трансферттер және шоттың баланстық статьясы - қолда бар жалпы ұлттық табыс көрсеткіштері болады. Шоттың жалпы үлгісі 10-кестеде көрсетілген.
10-кесте
Табыстарды қайта бөлу шоты
Пайдалану | Ресурстар |
З.Берілген ағымдағы трансферттер | І.Алғашқы табыстар сальдосы |
4.Қолда бар жалпы ұлттық табыс (1+2-3) | 2.Қабылданған ағымдағы трансферттер |
Барлығы | Барлығы |
Алғашқы табыстар сальдосы көрсеткіші бұл шотқа алғашқы табыстарды бөлу шотынан көшіріледі.
Шоттың ресурстар бөлігіндегі келесі көрсеткіш- қабылданған ағымдағы трансферттер.
Трансферттер - экономикалық операциялар. Бұл операциялардың нәтижесінде бір институциялық бірліктер екінші институциялық бірліктерге тауарларды, қызметтерді, активтерді, меншік құқын тегін береді. Басқаша айтқанда трансферттер орнына ештеңе талап етілмейтін табыстың бір жақты ағымдары.
Трансферттер ағымдағы және күрделі, ақшалай және заттай болып бөлінеді.
Табыстарды қайта бөлу шотында өндіріске, импортқа салынатын салықтар, өндіріске, импортқа бөлінетін субсидиялардан басқа ағымдағы трансферттер қаралады (аталған трансферттер бұған дейін қарастырылған болатын).Тұтас экономика үшін құрылған табыстарды қайта бөлу шотының ресурс белігінде тек «қалған әлемнен» алынған ағымдағы трансферттер, экономикадағы секторлар үшін құрылған шотта бір сектордың басқа секторлардан алған ағымдағы трансферттері көрсетіледі.
«Қалған әлемнен» және ішкі экономиканың секторларынан алған (қабылдаған) ағымдағы трансферттерге мынадай түсімдер жатады:
- жазатайым жағдайлардан сақтандыру төлемдері;
- табысқа және меншікке салынатын ағымдағы салықтар;
- әлеуметтік сақтандыруға төлейтін жарна (аударым);
- әлеуметтік қамсыздандырудың жәрдемақылары;
- үй шаруашылығының мемлекеттік мекемелерге төлейтін міндетті төлемдері және алымдары;
- айыптар және өсімдер;
- ерікті жарналар;
- басқа ағымдағы трансферттер.
Енді осы трансферттердің әрқайсысын жеке қарастырамыз.
1. Жазатайым жағдайлардан сақтандыруға мыналар жатады:
- жеке басты сақтандыру;
- жолаушыларды сақтандыру;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, үй шаруашылығының мүліктерін міндетті және ерікті түрде сақтандыру (жабдықтарды, көлік құралдарын, үй мүлкін, малды).
Қабылдаған (алған) трансферттердің құрамында сақтандыру төлемдері де, сақтандыру өтемдері де болады.
Шаруашылық бірліктері (резидент, резидент емес) сақтандыру төлемдерін сақтандыру шарттарына сай Қазақстан Республикасының сақтандыру мекемелеріне телейді (өмірді сақтандыру шарттарынан басқа жағдайда).
Сақтандыру бөліктері екі бөліктен тұрады:
- сақтандыру мекемелерінің қызметақысы;
- таза сақтандыру төлемдері.
Сактандыру мекемелерінің қызметақысы (шығын + пайда) сақтандыру объектісіне байланысты не аралық тұтынуда, не ақырғы тұтынуда көрсетіледі.
Таза сақтандыру төлемдері деп стихиялы апаттар, жазатайым оқиғалардан туатын шығындарды өтеу үшін төленетін соманы айтады. Сақтандыру төлемдерінің осы бөлігі ағымдағы трансферттердің құрамында көрсетіледі.
Сақтандыру өтемдері - бұл сақтандыратын жағдай туған кезде сақтанушы шеккен зиянды өтеу үшін төленетін ақшалай қаражат, Сақтандыру өтемдерін Қазақстан Республикасының және басқа елдердің сақтандыру мекемелері резидент-шаруашылық бірліктеріне төлейді. Сақтандыру өтемдерінің құрамында өмірді сақтандыру төлемдері, сол сияқты әлеуметтік қамсыздандырудың жәрдемақылары болмайды.
Сақтандыру өтемдері шоттарда сақтандыру мекемелерінің тура ағымдары ретінде көрсетіледі (яғни осы мекемелердің сақтанушыға тікелей төлеген сомасын керсетеді). Ал өмірді сақтандыру операцияляры бөлу операциялары болып саналмайды, ол қаржы операцияларына жатады, сондықтан қаржы шотында көрсетіледі.
2. Табысқа және меншікке салынатын ағымдағы салықтар барлық шаруашылық бірліктерінің табысы мен мүліктеріне салынатын салықтарды, яғни мемлекетке міндетті түрде төлейтін төлемдерді қамтиды. Бұл ағымдағы трансферттердің құрамында резидент-шаруашылық бірліктерінің мемлекеттке төлеген мынадай салықтары көрсетіледі:
- жеке адамдардың табысына салынатын салық;
- пайдаға салынатын салық;
- өндірісте пайдаланбайтын меншіктерге салынатын салықтар.
Жеке адамдардың табысына салынатын салық - мемлекеттің кірістерін құраудың бір көзі. Ол жылдық жиынтық табыс мөлшері бойынша салынады.
Жылдық жиынтық табысқа табыстың барлық түрлері, соның ішінде:
еңбекақы түрінде алынған табыс;
- кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс;
- жеке тұлғалардың мүліктік табыстары жатады.
Еңбекақы түрінде алынған табыстар «Табыстардың пайда болуын» шотында қарастырылған.
Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарға мынадай табыстар жатады:
- өнімді өткізуден түскен табыс;
- үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құнын инфляцияға
орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі олардың
құнының өсімінен түскен табыс;
- меншіктен түскен табыс;
- мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды тұлғалар алған жәрдемақылар;
- банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қор-
ларының мөлшерін азайтудан түскен табыс.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына мынадай активтерді:
- салық төлеушінің тұрақты тұрғын-жайы болып саналмайтын жылжымайтын мүлікті;
- бағалы қағаздарды, басқа материалдық емес қағаздарды;
- шетел валютасын;
- асыл тастар мен бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды, өнер шығармаларын, антиквариаттарды сату кезіндегі олардың құнының өсімін ғана жатқызады.
Пайда салығын кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар 1991 жылдан бастап төлейді. Қазақстан Республикасының Президентінщ «Кәсіпорындардың пайдасы мен табысына салынатын салық туралы» Қаулысына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық объектілер пайда мен табыс салығын төлеушшер болады.
Меншікке салынатын салықтарға:
- жер салығы;
- мүлік салығы;
- құнды қағаздар салығы;
- мұраға салынатын салық;
- сыйға берілген мүліктерге салынатын салықтар жатады.
Осы салықтардың ішінде мұраға, сыйға берілген мүлікке салынатын салықтар ағымдағы трансферттер болып саналмайды, оларды күрделі трансферттер құрамында көрсетеді.
3. Әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарна (аударым) нақты жарна (аударым) және шартты түрде есептелген жарна (аударым) болып екіге бөлінеді.
Әлеуметтік сақтандыруға бөлінген нақты жарна әуелі табыстардың пайда болуы, алғашқы табыстарды бөлу шоттарында және сыртқы экономикалық байланыстардың ағымдағы операциялар шотында енбекақының құрамында көрсетіледі, содан кейін әлеуметтік сақтандыру ұйымдарының үй шаруашылығынан алған ағымдағы трансферттері ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік сақтандыруға бөлінген нақты жарнаның құрамында кәсіпорындар мен ұйымдардың әлеуметтік сақтандыру қорына аударған қаржылары және жеке адамдардың халық банкі арқылы жасаған аударымдары болады.
Әлеуметтік сақтандырудың шартты түрде есептелген жарнасы да алдымен табыстардың пайда болуы, алғашқы табыстарды бөлу шоттарында, еңбекақының құрамында, содан кейін кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылардан (үй шаруашылығынан) алған ағымдағы трансферттері түрінде көрсетіледі және бұл трансферттер кейін зейнетақы төлеу үшін, жарымжан болып қалғанда, ауру болғанда өтемақы төлеу үшін пайдаланылады.
Әлеуметтік сақтандырудың шартты түрде есептелген жарналары есепті мерзімде кәсіпорындар, ұйымдар төлеген зейнетақы мен өтемақыға тең деп саналады.
4. Әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақылары үй шаруашылығының басқа секторлардың шаруашылық бірліктерінен және «қалған әлемнен» алған барлық ағымдағы трансферттерін (ақшалай, заттай) қамтиды және азаматтарды қартайған шағында, еңбек ету қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқанда, асыраушысынан айырылғанда, өндірістік жарақат алғанда, кәсіби сырқаттанғанда, жұмыссыз қалғанда материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін, сол сияқты соғыс әрекетінің, саяси оқиғалардың, табиғи апат-тардың нәтижесінде болған зиянның орнын толтыру үшін қолданылады.
Әлеуметік қамсыздандыру жәрдемақыларының құрамында мыналар болмайды:
- кәсіпорындар мен ұйымдардың өз жұмысшыларына еңбегі үшін сыйақы төлеуі (еңбекақыға жатады);
- әлеуметтік қамсыздандыруда көрсетілген жағдайлардан басқа мақсаттар үшін үй шаруашылығына бөлінген қаржы, мысалы, стипендия, жол ақысын төлеу, т.б.
(басқа ағымдағы трансферттерге жатады);
Әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақылары мынадай түрде болуы мүмкін:
- жүйелі түрде төленетін ақшалай жәрдемақы (зейне-
тақы) және бір жолғы жәрдемақы (материалдық кө-
мек);
- үй шаруашылығының сатып алған өнімінің орнын толтыру (ақшалай);
- үй шаруашылығына заттай берілген өнімнің құны.
Әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақысының құрамы төмендегідей:
1) мемлекеттік бюджеттен, мемлекеттік сақтандырудан, әлеуметтік қамсыздандыру қорынан, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларынан халыққа төленетін барлық зейнетақылар, жәрдемақылар:
- көп жылғы сіңірген еңбегі үшін және қартайғанда
төленетін зейнетақы, дербес зейнеткерлердің зейнетақысы және оларға берілген жәрдемақы;
- әскери қызметкерлерге, олардың отбасына, қаза тапқандардың отбасына төленетін зейнетақы мен жәрдемақы;
соғыс мүгедектеріне, олардың отбасына, Ауғаныстанда қаза тапқандардың отбасына төленетін зейнетақы мен жәрдемақы;
- еңбекке уақытша жарамсыздығы үшін берілетін жәрдемақы, мүгедектерге, өндірістік жарақат алғандарға, кәсіби сырқаттанғанда берілетін жәрдемақы, санаторийдің жол ақысын төлеу үшін берілетін жәрдемақы.;
- екіқабат (жүкті) кезде және босанғаннан кейін әйел-
дерге берілетін жәрдемақы, жаңа туылған баланы күтуге берілетін жәрдем ақы;
- көп балалы аналарға, жалғыз басты аналарға, бала
кезден мүгедектерге, жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасындағы балаларға, балаларды және есі ауысқандарды үй жағдайында байқау, емдеуге берілген жәрдемақы;
- асыраушысынан айырылғанда зейнетақы, жерлеуге жәрдемақы беру;
бір жолғы көмек.
4) демалыс үйлеріне, саноторийлерге берілген жолдаманың құнын төлеу.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз жүмысшыларына көрсеткен мәдени-әлеуметтік қызметтері түріндегі шартты трансферттер кәсіпорынның (ұйымның) аурухана, клуб, стадион, демалыс үйлері сияқты дербес бөлімшелерінің тегін немесе төмен бағамен көрсеткен қызметтерінің құнын қамтиды.
5. Үй шаруашылығының мемлекеттік мекемелерге төлейтін міндетті төлемдері мен алымдары:
- автоинспекциялық алымдар;
- паспорт алымы;
- мемлекеттік баж салығы;
- жергілікті алымдар (балық аулау, аң аулау, т.б.);
- сот шығындарын төлеу;
- жүргізуші құқын алу үшін сынақ тапсырғанда төлейтін төлем;
- қылмысты істен жәбірленген азаматтарды емдеуге жұмсалған шығынның орнын толтыру;
- аэропорттардағы алымдар.
Өндіруші бірліктерден түскен осыларға ұқсас түсімдер өндіріске салынған салыққа жатады.
Айыптар және өсімдер шаруашылық бірліктерінің шарттарды орындамағанда, ережені бұзғанда басқа шаруашылық бірліктеріне төлейтін төлемдерін көрсетеді.
- Ерікті жарналар деп қоғамдық ұйымдарға үй шаруашылығының өз еркімен төлейтін жарналарын айтады. Оған:
- үй шаруашылығы төлейтін мүшелік жарна;
- үй шаруашылығының, кәсіпорындар мен ұйымдардың, басқа елдердің төлейтін ерікті жарналар жатады.
Мұра қалдыру ерікті жарна болып табылмайды, оны
күрделі трансферт деп санайды.
8. Басқа трансферттер жоғарыда аталғандардан басқа ағымдағы трансферттерді қамтиды. Басқа трансферттердің мысалдары ретінде мынадай түсімдерді атауға болады:
- басқа елдердің материалдық және қаржылық тегін көмектері (күрделі шығындарды қаржыландырудан басқа, олар күрделі трансферт болады);
- стипендия, оқу мерізімінде берілетін демалыс ақысын төлеу;
- резидент-үй шаруашылығына резидент еместердің ақша аударуы, сыйлық жасауы.
ТАБЫСТАРДЫ ҚАЙТА БӨЛУ
ШОТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІГІ
Шоттың пайдалану бөлігінде мына көрсеткіштер болады:
- берілген ағымдағы трансферттер;
- қолда бар жалпы ұлттық табыс.
Берілген ағымдағы трансферттер осы шоттың ресурстар бөлігінде көрсетілген трансферттерді қамтиды, бірақ пайдалану бөлігінде бұл трансферттер төленген соманы көрсетеді. Тұтас экономика үшін құрылған табыстарды қайта бөлу шотында тек «қалған әлемге» берілген трансферттер, ал секторлар үшін құрылған шоттарда бір сектордың басқа секторларға берген ағымдағы трансферттері есепке алынады.
Берілген ағымдағы трансферттерге мыналар жатады:
1. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру төлемдері. Олар сақтандыру төлемдерін де, сақтандыру өтемдерін де қамтиды.
Сақтандыру төлемдерін резидент-шаруашылық бірліктері сақтандыру мекемелеріне (резидент және резидент емес) сақтандыру шартына сай төлейді.
Сақтандыру өтемдерін сақтандыру мекемелері шаруашылық бірліктеріне төлейді.
Табысқа және меншікке салынатын ағымдағы салықтар резидент-шаруашылық бірліктерінің салық жинаумен айналысатын мемлекеттік мекемелерге төлеген сомасын көрсетеді.
- Берілген ағымдағы трансферттердің құрамындағы әлеуметтік сақтандыруға төлейтін нақты жарна (аударым) үй шаруашылығының сақтандыру мекемелеріне төлейтін жарнасын көрсетеді және оның құрамы ресурс бөлігіндегідей.
- Берілген ағымдағы трансферттердің құрамындағы әлеуметтік сақтандыруға төлейтін шартты жарна үй шаруашылығының кәсіпорындар мен ұйымдарға шартты түрде берген трансферттерін көрсетеді және бұл трансферттерді кейін оларға (үй шаруашылығына) қартайғанда зейнетақы, жарымжан болып қалғанда, кәсіби сырқаттанғанда өтемақы төлеу үшін пайдаланады.
Берілген ағымдағы трансферттер құрамындағы әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақылары үй шаруашылығының басқа секторлардың шаруашылық бірліктеріне төлеген жәрдемақыларын көрсетеді. Бұл жәрдемақылардың құрамы осы шоттың ресурс бөлігіндегі әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақыларымен бірдей.
- Берілген ағымдағы трансферттер құрамындағы міндетті төлемдер мен алымдар резидент-үй шаруашылығының мемлекеттік мекемелер мен «қалған әлемге» шоттың ресурс бөлігінде көрсетілген қызметтер үшін төлеген сомаларын көрсетеді.
- Берілген ағымдағы трансферттер құрамындағы айыптар мен өсімдер резидент-шаруашылық бірліктерінің шартты, келісімді, ережені бұзғаны үшін басқа бірліктерге (резидент, резидент емес) төлеген сомасын көрсетеді.
- Берілген ағымдағы трансферттердің құрамындағы ерікті жарна мынадай жарналарды қамтиды:
- мемлекеттің халықаралық ұйымдарға төлеген жарнасы;
- үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдарға үй шаруашылығының төлеген жарнасы;
- үй шаруашылығының, басқа секторлардың шаруашылық бірліктерінің, басқа елдердің қоғамдық ұйымдарға төлеген ерікті жарнасы (мұра қалдыру, қайырымдылықтан басқа).
9. Берілген басқа ағымдағы трансферттер:
- басқа елдерге тегін материалдық және қаржылық көмек көрсету (күрделі шығындарды қаржыландырудан басқа);
- стипендия, оқу мерзімінде берілетін демалыс ақысын төлеу;
- резиденттердің үй шаруашылығына (резидент, резидент емес) ақша аударуы, сыйлық беруі.
Қолда бар жалпы ұлттық табыс - осы шоттың баланстық статьясы. Ол алғашқы табыстар сальдосы мен ағымдағы трансферттер сальдосының қосындысына тең. Тұтас экономика үшін бұл көрсеткіш қолда бар жалпы ұлттық табыс деп аталады. Оны есептеу үшін жалпы ұлтық табыска резидент еместерден қабылдаған және оларға берілген ағымдағы трансферттер сальдосын қосады.
ЗАТТАЙ ТАБЫСТАРДЫ
ҚАЙТА БӨЛУ ШОТЫ
Табыстарды қайга болу процссінде ақшалай трансферттер ғана есепке алынбайды, сонымен қатар, заттай берілген трансферттер де көрсетіледі. Заттай трансфертке әлеуметтік-мәдени сипаттағы тегін көрсетілген қызметтер немесе тегін берілген тауарларды жатқызады (мысалы, мүгедектерге дәрі-дәрмекті, автомашиналарды тегін беру).
Заттай табыстарды қайта бөлу процесі ҰЕЖ-де арнайы шотта көрсетіледі. Ол шоттың үлгісі 11-кестеде берілген.
11-кесте
Заттай табыстарды қайта бөлу шоты
ІІайдалану | Ресурстар |
3. Заттай берілген алеуметтік трансферттер | 1. Қолда бар жалпы ұлттық табыс |
4. Түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табыс (1+2-3) | 2. Заттай алынған олеуметтік транс-ферттер |
Барлығы | Барлыгы |
Бұл жерде экономиканың барлық секторлары заттай әлеуметтік трансферттерді төлеуші немесе алушы болмайтынын атап еткен жөн. Заттай әлеуметтік трансферттерді мемлекеттік мекемелер мен үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдар секторлары үй шаруашылығына төлейді.
Егер үй шаруашылығының қолда бар табысына заттай берілген әлеуметтік трансферттерді қосса, ҰЕЖ-нің тағы бір керсеткішін түзетілген қолда бар табысты алуға болады. Бұл көрсеткіш халықтың өмір сүру деңгейіндегі өзгерістерге талдау жасауға көмектеседі. Қазіргі кезде тегін көрсетілген әлеуметтік-мәдени қызметтер үздіксіз азаюда, сондықтан қолда бар табыс динамикасы халықтың тұрмыс дәрежесіндегі өзгерістерді толық сипаттай алмайды. Сол себепті қолда бар табыс көрсеткіштерімен қатар түзетілген қолда бар табыс көрсеткіші де қолданылады.
Мемлекеттік мекемелердің түзетілген колда бар табысын анықтау үшін олардың қолда бар табысынан (ақшалай) үй шаруашылығына заттай берген әлеуметтік трансферттерді шегереді.
Үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық
ұйымдардың түзетілкен қолда бар табысы да осындай жолмен есептелінеді.
Сонымен, экономикаңьщ барлық секторының түзетілген қолда бар табыстары олардың ақшалай қолда бар табыстарына тең.
Түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табыс - осы шоттың баланстық статьясы. Ол қолда бар жалпы ұлттық табысқа заттай алынған және берілген әлеуметтік трансферттің сальдосын қосу арқылы анықталады.
Тузетілген қолда бар жалпы ұлттық табысты пайдалану арнайы шотта көрсетіледі.
Лекция 7.Қолда бар табысты пайдалану шоты.
1.Қолда бар табыстарды пайдалану шотының жалпы сипаттамасы және үлгісі.
2. Шоттың ресурстық бөлігі: қолда бар жалпы ұлттық табыс
3.Шоттық ресурстарды пайдалану бөлігі: ақырғы ұлттық тұтыну; жалпы ұлттық жинақ.
Қолда бар табыстарды пайдалану шоты үй шаруашылығының, мемлекеттік мекемелердің, үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдардың қолда бар өз табыстарын ақырғы тұтынуға және сақтық қорға (жинақ) қалай бөлгенін көрсетеді. Шоттың ресурс бөлігінде қолда бар жалпы ұлттық табыс, ал пайдалану бөлігінде үй шаруашылығы, мемлекеттік мекемелер, үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдар секторының ақырғы тұтыну шығындары және жалпы ұлттық жинақ болады.
Қолда бар табыстарды пайдалану(шотының үлгісі 12 кестеде көрсетілген.
12-кссте
Қолда бар табыстарды пайдалану
Пайдалану | Ресурстар |
2. Ақырғы тұтыну, оның ішінде:
| 1. Қолда бар жалпы ұлттық табыс |
3. Жалпы ұлттық жинақ (1-2) | |
Барлығы | Барлығы |
Шоттың ресурстар бөлігінде бір ғана көрсеткіш - қолда бар жалпы ұлттық табыс болады. Бұл көрсеткіш табыстарды қайта бөлу шотынан көшіріледі.
ҚОЛДА БАР ТАБЫСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ШОТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІГІНДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕР
Қолда бар жалпы ұлттық табыс екі мақсатқа: тұтыну жане қор жинау үшін пайдаланылады. Ұлттық табысты осы екі бағытта пайдалану бөлігіндегі ақырғы тұтыну, жинақ көрсеткіштері түрінде беріледі. Ақырғы тұтыну жеке адамның немесе ұжымның қажетін қанағаттандыру үшін пайдаланылған тауар мен қызметтің құнын көрсетеді. Ол тұтынушылардың әр түрлі топтарының тұтыну шығындарын қамтиды. Ақырғы тұтыну шығындарына нақты қаржыны қайдан алатындарына байланысты тұтынушылардың шығындары үй шаруашылығының, мемлекеттік мекемелердің, үй шаруашылығына қызмет керсететін қоғамдық ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары болып бөлінеді.
Үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары.
Қолда бар табысты пайдалану елдің экономикалық аймағындағы және шетелдегі резидент-үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары керсетіледі. Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің құнын үй шаруашылығы өз бюджетінен төлейді.
Үй шаруатылығының ақырғы тұтыну шығындарына мыналар жатады:
а) мемлекеттік және меншік сауда орындарынан, базарлардан, жеке адамдардан сатып алған тауарлар;
ә) теменде көрсетілген, тұтыну қызметтерінің ақысы:
- пәтерақы және коммуналды қызметтер ақысы;
- мейманханада тұру акысы;
- тұрмыстық қызмет ақысы (монша, шаштараз, кір жуатын үйлер т.б.);
- демалыс үйлеріне, санаторийге, пансионатқа жолдама сатып алу;
- ақылы медициналық мекемелер көрсететін қызметтер ақысы;
- кино, театр, мұражай, т.б. мәдени-ағарту мекемелеріне бару үшін сатып алынған билет құны;
- көлік және байланыс қызметтерінің ақысы;
- стадион, бассейн, т.б. спортпен айналысатын орындарға алынған билеттердің құны;
- тұрғын үй, машина, жабдықтарды жалға беру қызметінің ақысы;
- әр түрлі курстар мен үйірмелердегі оқу ақысы;
- коммерциялық дүкендерден сатып алынған тауарлардың үстеме бағасы;
- үй қызметшілерінің қызмет ақысы;
б) үй шаруашылығының өзі тұтыну үшін шығарған өнімдерінің құны;
в) еңбекақы орнына берілген өнім құны;
г) кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес бөлімшелерінің өз жұмысшыларына, олардың отбасына тегін көрсеткен әлеуметтік-мәдени қызметтерінің ақысы (мысалы, клуб, демалыс үйлері, ведомстволық ауруханалардың қызметтері);
ғ) мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік жәрдемақыны заттай беруі;
д) тұрғын үй иелері үшін шартты түрде есептелген пәтерақы;
е) үй шаруашылығының шетелден алған және шетелге берген сыйлықтарының сальдосы;
ж) үй шаруашылығының антиквар (ескіден келе жатқан) бұйымдарды, ұсталған тұтыну тауарларын сатып алу сальдосы.
Төмендегі шығындар үй шаруашылығының ақырғы тұтынуы болмайды:
а) үй, пәтер сатып алу (бұл негізгі капиталдың ақырғы қолдануы болып саналады);
ә) өндіріс үшін сатып алынған тауарлар (аралық тұтыну шығындары);
- құрылыс материалдарын, тұқым, жем, құрал сайман,
жұмыс киімін, т.б. сатып алу;
- заң, мал дәрігері қызметінің, малды, мүлікті сақтандыру қызметінің ақысы;
- машиналарды, жабдықтарды, кұрал-саймандарды, шаруашылық ғимараттарды жалға алу;
- үй және пәтер иелерінің өз үйлеріне жасаған ағымдағы жөндеу жұмыстарының шығындары (ал пәтер жалдаушылардың осындай шығындары ақырғы тұтынуға көрсетіледі);
б) кәсіпорындардың медпункт, спортзал, жуынатын бөлме, т.б. осындай еңбек жағдайын жақсартатын объектілерді ұстап тұруға жұмсаған шығындары (аралық тұтыну шығындары);
в) үй шаруашылығы мүшелерінің тамақ дайындау, үйді жинау сияқты қызметтері (алайда үй қызметшісінің осындай қызметтері ақырғы тұтынуда көрсетіледі).
Үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындары былай бағаланады:
- тауарлар нарықтық баға бойынша бағаланады (нарықтық баға деп көлік пен сауданың үстеме бағасын қоса есептегендегі сатып алудың нақты бағасын айтады);
- заттай берілген өнімдер оларға ұқсас өнімдердің бағасы бойынша бағаланады.
Үй шаруашылығының ақырғы тұтыну шығындарын есептеу үшін төмендегі үлгіні қолданады:
халық тұтынған материалдық игіліктер;
- халыққа көрсетілген ақылы қызметтер (электр энергиясына, суға, газға ақы төлеу, химиялық жолмен тазарту, кір жуатын үйлер қызметі және басқа материалдық қызметтерді қоспағанда);
- тұрғын үйдің тозуы;
- іссапар қаржыларына сатып алынған тауарлар және
қызметтер;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың өз жұмысшыларына, олардың отбасыларына тегін (немесе арзан бағамен) көрсеткен әлеуметтік-мәдени қызметтерінің құны;
- мемлекеттік мекемелер мен үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдардың заттай берген әлеуметтік жәрдемақысы;
- тұрғын үй иелерінің шартты түрде есептелген пәтерақылары;
- үй шаруашылығының шетелден алған және шетелге
жіберген сыйлықтарының сальдосы;
- үй қызметшісінің қызмет ақысы;
- резидент еместердің осы елдің экономикалық мағында сатып алған тауарлары мен қызметтері;
- резидент-үй шаруашылығының экономикалық аймақтағы барлық ақырғы тұтыну шығындары (1+2+3+4+5+6+7+8+9-10);
- резиденттердің басқа елдерде сатып алған тауарлары;
- үй шаруашылығының барлық ақырғы тұтыну шығындары (11 + 12).
Мемлекетгік мекемелер мен үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары осы мекемелер мен ұйымдардың жеке адамдарға денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және өнер салаларында көрсеткен тегін қызметтерін, сол сияқты қоғамға ғылым, жалпы басқару, қорғаныс, т.б. салаларда қызмет көрсетуін қамтиды. Олардың ақырғы тұтыну шығындарының құрамында сатып алынған тауар мен қызмет, жұмысшылардың еңбекақысы, төленген өндіріс салығы, негізгі капиталдың тозуы болады.
Мемлекеттік мекемелер мен үй шаруашылығына қызмет көрсететін ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындарына мына лар жатпайды:
а) өнімді сату (аралық тұтыну немесе үй шаруашылығының ақырғы тұтынуы болады):
- шаруашылық есептегі мекемелер мен ұйымдар көрсеткен ақылы қызметтердің құны;
- мемлекеттік бюджеттік мекемелер мен үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдардың қызметіне жеке ақы төлеу;
- кейбір тауарларды өткізуден түскен түсім (мысалы,
мұражайларда ашық хат, естелік үшін берілетін сәнді бұйымдарды (сувенир) сату);
ә) мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың халыққа тегін беру үшін сатып алған өнімдерінің құны, мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының халыққа азық-түлік өнімдерін, киімді тегін беруі (үй шаруашылығының ақырғы тұтынуы);
б) кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қызметкерлеріне, олардың отбасына көрсеткен әлеуметтік-мәдени қызметтерінің ақысы (үй шаруашылығының ақырғы тұтынуы болады).
Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары негізгі капиталды тұтынуды қоса есептегендегі олардың ағымдағы шығындарынан халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың аталған мекемелерге төлеген төлемдерін шегергенге тең.
Мемлекеттік мекемелердің ағымдағы шығындарының құрамында ұзақ уақыт пайдаланылатын әскери техниканы, жабдықтарды сатып алу шығындары да көрсетіледі, бірақ әскери объектілерді салу, мемлекеттік резерв жасау үшін са-тып алынған өнімдер құны ағымдағы шығындар болып саналмайды, өйткені әскери объектілерді салу негізгі капиталдың қорлануы, резерв жасау үшін өнім сатып алу - айналым қорларының өзгерістері деп есептелінеді.
Үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шығындарына осы ұйымдардың кәсіпорындарының шығындарын қоспайды. Мысалы, партия немесе кәсіподақтың баспаханасының шығыны қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шығындары болмайды. Қоғамдық ұйымдардың өз кәсіпорындарының іс-әрекеті тауар шығаратын, қызмет көрсететін басқа кәсіпорындардың әрекеті сияқты бағаланады.
Мемлекеттік мекемелердің ақырғы шығындарын есептсу әдісі төмендегідей:
1) тегін қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің ағымдағы шығыңдары, соның ішінде:
- мемлекеттік бюджет есебінен тегін қызмет көрсету;
- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджеті есебінен тегін қызмет көрсету.
Мұндай ағымдағы шығындардың құрамында күрделі жөндеу жұмыстарының шығыңдары, жабдықтар мен құралдар сатып алу, зейнетақы, жәрдемақы төлеу, сол сияқты тұрғын үй шаруашылығын ұстау шығындары болмайды:
халыққа тегін қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердегі негізгі капиталдың тозуы;
- жеке адамдардың қажеттілігін өтейтін мемлекеттік мекемелердің ақырғы тұтыну шығындары (1+2);
басқару, қорғаныс, қаржы, ғылым салаларына жұмсалған мемлекеттік бюджет шығындары (күрделі шығындардан басқа);
- мемлекеттік резерв үшін сатып алынған тауарлар;
- мемлекеттік басқару, қорғаныс, қаржы, ғылыми мекемелердегі негізгі капиталдың тозуы;
- ұжым қажетін өтейтін мемлекеттік мекемелердің ақырғы тұтыну шығындары (4-5+6);
- Мемлекеттік мекемелердің барлық ақырғы шығындары (3+7)
Үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары былай есептелінеді: I
1) үй шаруашылығына. қызмет, көрсететін қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шығындары, оның ішінде:
- үй шаруашылығының жеке қажетін өтейтін қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шығындары;
- үй шаруашылығының ұжымдық қажетін өтейтін қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шығындары. Ағымдағы шығындардың құрамында күрделі жөндеу жұмыстарының шығындары, жабдықтар мен құралдарды сатып алу, заттай және ақшалай берілген жәрдем ақы болмайды.
қоғамдық ұйымдардың негізгі капиталының тозуы, оның ішінде:
- үй шаруашылығының жеке қажетін өтейтін қоғамдық ұйымдардың негізгі капиталының тозуы;
- үй шаруашылықтарының ұжымдық қажетін өтейтін ұйымдардың негізгі капиталының тозуы;
- үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдардың барлық ақырғы тұтыну шығындары (1+2).
Үй шаруашылығының зейнетақы қорына бөлген қаржысы олардың қолда бар табыстарын азайтады, ал зейнетақы қорынан берілетін жәрдемақы оларды көбейтеді.
Жалпы ұлттық жинақ - табыстарды пайдалану шотының баланстық статьясы. Ол қолда бар жалпы ұлттық табыс пен ақырғы тұтыну шығындарының айырмасына тең. Жалпы ұлттық жинақтан негізгі капиталды тұтынуды шегеру арқылы таза ұлттық жинақты анықтауға болады. Ұлттық есеп жүйесінде ақырғы тұтыну шығындарымен қатар нақты ақырғы тұтыну көрсеткіші де қолданылады. Бұл көрсеткіш келесі шотта қарастырылады.
Лекция 8.Түзетілген қолда бар табысты пайдалану шоты
1.Түзетілген қолда бар табысты пайдалану шотының жалпы
2.Шоттың ресурстық бөлігі
Заттай табыстарды қайта бөлу шоты сияқты түзетілген қолда бар табысты пайдалану шоты да ұлттық есеп жүйесіндегі арнайы шот. Бұл шоттың үлгісі 13-кестеде көрсетілген.
13-кесте