«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы» : Монография. 1 том. Павлодар : Кереку, 2008. 244 б

Вид материалаМонография

Содержание


Ас - тағамдар лексикасы
Тарының қауызындай болмай қалды, Астың-жер, болғанменен үстің аспан!
Түйін. Жалпы зерттеу көрсеткендей, Мәшһүр-Жүсіп шығармасында ас
Алма – алмұрт
Алмұрт. Бұл сөз «ал» және «мұрт» деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Ал
Түйін. Көне түркі тілінде «алма» бағзы заманнан болған деуге негіз бар. Алматы қаланың көне атауы алма
Сүйірік. Қос қанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім
Главная причина того, что названия отдельных представителей флоры послужили основой для наименования многих географических объек
Кеспе – қыр. кисп (Будагов, 177). Кеспе көже
Ас деген бөлімді қараңыз. Бірақ, кейбір жерлерде қонақасы
Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер! Шегі аман. Қатқан сүр ет берсеңдер, шегі жыртылады
Түйін. Қазақ тілінде ұша
Жөргем: Тек Жетісудағы Найман рулары ғана табаққа «жөргем» деп аталатын ащы және тұщы ішектердің өрілген
Жөргем // жөргек // жөрмелеп
Жөрме > жөрмелеу
Сілікпе: Қодығын тыпырлатып бауыздайды, «Сілікпелеп
Төп. В. В. Радлов: төп – [Kir] каша – der Brei (Радлов, 1270). Төп
Майсөк: май + cөк екі түбірдің қосылуынан жасалған сөз. Майсөк
Арқасында күріштің күрмек ішіп
Айран. Қымыздың құнын саба білсін қайдан, Оған бір бас – қымыз бен іркіт, айран
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы


А.Қ. Тұрышев


Мәшһүр-Жүсіп ШығармаларыНДАҒЫ ЗАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ лексикасы


1 Том


Павлодар

2008

ӘӨЖ 81:39 (574)

ББК 81. 2. Каз-923

Т 84


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің

Ғылыми кеңесі басуға ұсынған


Пікір жазғандар:

Е. Жанпейісов – А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.

С. Негимов – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.


Т 84 Тұрышев А. Қ.

«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы» : Монография. – 1 том. – Павлодар : Кереку, 2008. – 244 б.


ISBN


«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы» – атты монография жоғары оқу орындарының студенттеріне, мәшһүртанушыларға, бакалаврларға, магистранттарға және этнолингвистика ғылымына қызығушылық танытқан зерттеушілерге арналған.


ISBN


ӘӨЖ 81:39 (574)

ББК 81. 2. Каз-923


© Тұрышев А.Қ., 2008

© С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2008

Алғы сөз


Бұл – еңбекке негіз болған «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері» – атты докторлық диссертация. Алғашында тұтас мазмұндық құрылымы жүйелі төрт бөлімнен тұратын: «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет», «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет», «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы мифологиялық лексика», «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы метрологиялық терминдер» жеке-жеке өз алдына дербес кітап етіп шығару міндеті қойылды. Оған себеп болған, біріншіден, бұрын диссертацияға кірмей қалған кейбір толықтырулар мен диссертацияға айтылған сын-ескертпелер қайыра қаралып, кейбір деректер ғылыми жағынан нақтыланды.

Әрине, зерттеуде Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының барлық этномәдени лексикасы қаралмады, ішінен зерттеуге қолайлы, лингвистикалық талдауға түсетіндерін ғана зерттеу нысаны қылып таңдап алдық.

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының қазіргі шыққан 12 томында қазақ тарихындағы барлық тілдік қабаттардың ізін байқауға болады. Әсіресе, қолжазбаларында бұл үрдіс айқын байқалады. Мәшһүр-Жүсіп, жиені Жолмұрат Жүсіп, Иманғали Мәнен, Төлепберген Алдабергенов, Мұхаметфазыл Жүсіп, Жұқаш Кәрібаев т.б. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясындағы қолжазбалары араб-парсы графикасымен ескі қадымша, ал төңкеріске дейінгі, одан кейінгі қолжазбалар усыл жәдитше жазылған. Демек, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының тілін ХIХ ғасырдың арғы және бергі ХХ ғасырдың тілінен ада бөтен қарай алмаймыз. Мәшһүр-Жүсіп тілі автономды болған жоқ. Осы орайда, С. Садуақасовтың «Оның өлеңдері тұңғыш рет жазба түрде жарық көріп, қазақ әдебиетінің тарихында халықшылдықпен атайтын жаңа бір ағымның арнасын ашып берді» – деген сөзі бұрыннан қалыптасып қалған көптеген жайттардың бетін ашып берері сөзсіз («Трудовая Сибирь» 1919 жыл).

Мәшһүр-Жүсіп тілінің ізін сонау көне жазба ескерткіштермен жарыса келген ақын-жыраулар және орта ғасыр жәдігерлері тілімен салыстырмалы түрде зерттеген абзал. «Мәшһүр-Жүсіп қолжазбаларының ғылыми сипатын» т.б. осы тақылеттес енді табылып жатқан әдеби мұралардың тілін зерттеуде академик Р. Сыздықова мектебінің (Яссауи «Хикметтерінің тілі») берер тағылымы да зор екендігін айта кеткенді жөн санадық. Жалпы, бұл салада А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының зиялы ғалымдарының атқарып жатқан игі іс-шараларына, бізге берген бағыт-бағдарына, ақыл-кеңесіне айтар алғысымыз шексіз.

Ендігі мәселе – Мәшһүр-Жүсіп тілін этнолингвистикалық тұрғыдан зерттегенде, өзінің алдындағы Дулат, Абай құрбылас, аймақтас, бір регионның адамдары Шәкәрімнің этномәдени лексикасынан қандай айырмашылығы бар? Қолданған этномәдени лексикалары аз ба, көп пе дегенде де ара-жігін ажыратып алуға болатын сияқты. Ал, тіл ерекшеліктерін қарастырғанда байыпты зерттеу қажет-ақ. Айталық, Дулат, Абай, Шәкәрім қазақ әдеби тіліне қандай жаңалықтар қосты? Мәшһүр-Жүсіп ше? Оларда қайталанатын фонетикалық өзгерістер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік байламдар бір дәуірде өмір сүргеннен кейін ары айналдырғанда елу жылдың ары-берісінде тіл өзгеріссіз қалған. Өйткені, олардың өмір сүрген ортасы бір, дәуірі, заманы бір. Қоғамдық формация ортақ болды. Қолданған тілі мен діні де ортақ. Демек, шығармаларындағы тілдік, стильдік ерекшеліктер қалай анықталады? Бірінде қайталанып келе беретін қолданыстағы тілдік формалар, элементтер ол – олардың жаңалығы, әдеби тілге қосқан үлесі болмаса керек. Мәселен, дәуір ағынымен жеткен сол – тілдік элементтерді сөз саптауларында, өлеңдерінде, дастандары мен қарасөздерінде қалай құбылта білді, сөз ішінде, сөйлем арасында қалай пайдалана білді, дәл тауып, дөп басып анықтау арқылы тіл ерекшеліктерін, өзіндік стилін танытуға болатын сияқты. Бұл орайда да зерттеу еңбектердің аз еместігін айтуға болады. Тіл білімі қазір жаңа даму дәуірін басынан кешіріп отыр, ол қолжазбалардың тілін, ғылыми сипатын тілдік тұрғыда жазу. Бұл мәселелерге келгенде де маман тапшылығы сезіледі. Айталық, тіл білімінің бір саласы бойынша маманданған маман, тіл білімінің күрделі жақтарының қыры мен сырын, бірі білгенін екіншісі білмеуі заңдылық. Егжей-тегжейлетіп жатқанымыз, тілші болғанымен арабша, парсыша хат танымайтын маман қолжазбаның ғылыми сипатын жаза алмайды, тілдік тұрғыдан сипаттап және жазып бере алмайды. Себебі, қолжазбаның ғылыми сипатын тілдік тұрғыдан сипаттап жазып отырған ғалымның тілші болғаны өз алдына, қазақ әдеби тілінің тарихынан мамандануы қажет екендігі зерттеу жұмысы барысында қатты сезілді. Демек, алдағы уақыттарда дәл осы салада мамандардың тапшылығын сезінетін боламыз. Қаншама мәдени мұраларымыз қайтып оралды, ал олардың тілі (қолжазбаларды айтпағанда) зерттелмей жатқаны ешкімге де құпия емес. Ескі, көнеден жеткен жәдігерлер әрқашанда тілдік материалдарды өне бойына сақтап жеткен.

Келесі мәселе, Мәшһүр-Жүсіп жинаған ауыз әдебиеті мен фольклорлық дүниелер. Біз зерттеу жұмысымызда осы дүниелерден де мәліметтер, тілдік деректер алдық. Иә, бұл дүниелер ауызекі тілде жеткен халықтікі. Бірақ, қағазға түсірген, былайша айтқанда, әдебиеттенген екінші беті жанама болсын, қолы тиген Мәшһүр-Жүсіптің де стилі болып табылатыны даусыз. Жиналған этномәдени лексика да халықтікі, бірақ Мәшһүр-Жүсіпте сол көне, байырғы біз әлі естімеген этномәдени лексика өте көп екендігі байқалады. Әсіресе, мифтік лексика қатары шығармаларында жиі ұшырасады. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірді-екілі мысал келтірсек, мынандай: (Берген аста береке, бермеген аста бітә бар – дейді, береке – кереметтер лексикасы да, бітә – демонологиялық лексика. «Ол түйенің шөгінде бесік бар екен» («Сарыарқа кімдікі екендігі?», 1907: – Б. 5.) – деген сөйлемдегі шөгі лексемасы жүгі деп жазылып жүр. Будаговтың сөздігіне жүгінейік: дж. шөк, шөке 1) окружностъ груди верблюда – деп түсіндірген (1871: 497). Демек, шөк жүк емес екен, бесікті түйенің екі өркешінің арасына орналастырған болып шығады. Ерте уақытта түйеге қом артқан. Осындай мағынасы көмескі тартқан сөздерге әрине, өте жіті қарап, мұқият, абай болған жөн сияқты. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында диалекті сөздер, мақал мен мәтелдер, жұмбақтар, күлдіргі сөздер, анайы сөздер, тұрақты тіркестер, фразеологиялар, авторлық фразеологиялар, афоризмдер т.б. көптеп кездеседі. Ақынның шежіресі кейбір ру-тайпа, ел тарихы, шығу тегі туралы тарихи мәліметтерге жауап бере алмаса да, оның себебі ауызекі жадылық арқылы жеткен дүниелерде кейде тарихи дәлдік сақтала бермейтіні де белгілі. Мәшһүр-Жүсіптің жинаған шежірелер тілдік материал алуға таптырмайтын аса бағалы жадығат екендігі байқалды.

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы тілдік қабаттарды: монғол, арап, парсы, орыс т.б. көптеген сөздердің түбір тұлғасын қалпына келтіріп, о бастағы бітім-тұлғасын қалпына келтіргенде, этимологиясын анықтағанда көбі түркінің өзінің төл сөздері екендігі белгілі болды. Тарихи тұрғыдан бұл тілдер сан қилы, әрі сонау алыс бұлдыр замандардан елес береді. Угор - фин, маньчжур-тұңғыс, Алтай тілдері, түркі-монғол т.б. өзара тығыз байланыстылығы тіпті, сонау Беринг бұғазы арқылы өткен американдық үндістер: көне ацтек, мая, кечуа тілдерінің де түркі тілдерімен байланысы зерттеле бастады. Бұл орайда, Мандоки Қоңыр Иштван, Александр Гаркавец, О. Сүлейменов, М. Аджи, Ә. Ахметов т.б. еңбектерін атап өткен абзал.

Зерттеу жұмысына қатысты Р. Сыздықовадан алынған мына дерекке көңіл аударсақ: Н. К. Дмитриевтің түркі тілдерін арабыланған (арабизованные) және арабыланбаған (неарабизованные) деген сөзінің де жаны бар. Р. Сыздықова парсы сөздері ену мерзімі жағынан барлығынан да бұрынғы, әріректегі топ тәрізді дейді. Мұндай тілдік құбылыстар дәлел ретінде Б. Юнусалиев иранизмдердің ішінде түркі сөздеріне тән жұрнақтарды жалғаған түрлерінің кездесетіндігін келтіреді. Мысалы, осы пікірдің авторы келтірген қырғыз тіліндегі демік (дім+ік), қассын (қас+сы+н), шексин (шек+си+н), сөздерінің аналогияларын қазақ тілінен де табуға болады: демігу (дем+ік), батыс говорларындағы жанығу (жан+ық), зораю (зор+ай) дәлелін біз әбден қоштаймыз. Екіншіден, проф. С. Д. Асфандияров өте бір қызық пікір айтқан-ды. Ол кісі: «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы мен Амудария, Сырдарияның төменгі жақтарын мекендеген массагеттер, сірә, Иран тілдес көшпелі тайпалар болған болулары керек, олармен іргелес отырып, тығыз қарым-қатынаста болған Қазақстанның солтүстігі мен шығысын жайлаған түркі-монғол болар», – дейді. Өз сөзімен айтсақ, «в современном казахском языке наблюдается наиболее большое количество персидских слов, совершенно ассимилировавшихся и, по-видимому, проникших в язык в очень далекое время» (Сыздық. 2004: 66). Қ. Кари «Сақ тілінен сан сөз» – деген мақаласында Иран тіліндегі деректерде ұшырасатын Сиктан елі осы – сақ жұрты екендігін дәлелдейді. «Иранның өзінде сақ тілі қолданыстан қалған ирандық тілдер тобына жатады. Бүгінде ирандықтар систандықтар қолданысындағы тілді сәкз тілі деп атайды. Қазіргі сәкз тілі парсы тіліне ұқсас болып жатса, оған әсте таңқалуға болмас. Парсы тілдестерімен мыңдаған жылдар бойы етене жақын араласып кеткен систандықтар тұрмақ, алыс жатқан аймақтардың өзінде кезінде парсы әдебиетінің ықпалы аз болмаған. Сәкз тілінен түркі тілімен төркіндес сөздерді де молынан ұшыратуға болады. Зерттеуші, сол Систан түлегі Жавод Хомак: «Қазіргі сәкз, систандықтар тілі – грамматикалық жағынан бұрынғы хорасандықтар говорымен, одан да әрірек те Мауереннахрдегі өлі диалектілер, сондай-ақ, бүгінгі тәжік тілімен төркіндес болып келеді»,атап көрсеткендігін жазады» (Қазақ әдебиеті, № 46 (2998) 2006).

Қорыта келгенде, мәшһүртанудың жаңа дәуіріне аяқ бастық. Алдымызда қыруар еңбектер күтіп тұр. Болашақта тіл білімінің жаңа: лингво-статистикалық-ақпараттық бағытын зерттеу күн құрғатпайтын міндеттердің бірі болып есептеледі. «Мәшһүр-Жүсіп тілі сөздігі», «Жиілік сөздігі», «Ұйқас сөздігін» т.б. жұмыстар жоспарлануда. Ақын шығармаларының көп томдығы арқылы қанша сөз қолданғанын «сөздік қорын» анықтау мақсаты да қолға алынды. Ақынның: теология, география, философия, биология, медицина, құқық т.б. саласындағы терминдерін зерттеу де болашақтың міндеті. Ақын қолжазбаларына үңілген сайын түпсіз терең тұңғиықтан інжу-маржан тапқандай немесе көк әлемінен жаңа бір жұлдыз ашқандай әсер аламыз.


Кіріспе