«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы» : Монография. 1 том. Павлодар : Кереку, 2008. 244 б

Вид материалаМонография

Содержание


Тоқал. Бәйбішесінің аты – Болған бәйбіше, тоқалының
Тоқал Жидебай құрттай бала күнінде тапқан шешесі өліп қалып, Қожаназар бір тоқал
Жігіт. Мекен іздеп жігіттер
Тамыр. Зылиќаныњ тамыры
Түйін. Түркі жігіттері көбіне төс түйістіреді, соңғы уақытта құдалар төс қағысатын болды. Мүмкін төс
Кемпір. Кемпір
Күйеу. Хазірет Ғұшманға қызын берді, өзіне күйеу
Жеңге. Естіртіп төрт жеңгеме
Жең көптеген түркі тілінде қол
Жезде. Кигені жездемнің
Хан. ¤з еліме тењ едім хан
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Бәйбіше. Қараның бәйбішесінен – Жанұзақ Байұзақ, Құлжан, Бертіс (М-Ж., ҚШ, 46); Бөгенбай батырдың бәйбішесінен аты Баяу (М-Ж., ҚШ, 47); Қалмақтың өзі барып олжалап алып келген тоқалынан Сарыпкел (М-Ж., ҚШ, 50); Қара Алтайдың тоқалынан – Айырбай (М-Ж., ҚШ, 43); Л.А. Покровская туыстық атаулар терминдері архаикалық тілдік қабатқа жататын лексика (Термины родства в тюркских языках, 1961, 11-81). Бәйбіше – бұл сөз бірнеше түркі тілдерінде ұшырасады: шағ. баібічä `бірінші әйелі, үлкен әйелі` қаз. баібішä 1) `үлкен, бірінші әйелі`, 2) `күйеуіне арнайы бет бұру кезіндегі, барлық әйеліне берілетін лауазымды атақ – даңқ (Рсл, 1431). Байбише (бәйбіше) – хозяйка дома, первая жена (Потанин, 359). Қаз. бәйбіше `үлкен әйелі, бірінші әйелі, күйеуінің ең басты қожайыны және екінші әйелі тоқалға қарағанда көп заңдылыққа ие болады, бәйбішенің балалары тоқалдың балаларына қарағанда өте көп мұраға ие болады` (БСл, с. 239). Қырғ. Байбиче ~ бийбиче 1) этн. `үлкен әйелі (басқа әйелдеріне қарағанда немесе әйеліне қарағанда), 2) `үйде қожайын, әйелі` 3) `қартаң әйелге сый құрмет көрсету`, 4) ирон. `бәйбіше` (ЮСл, с. 94, 95). Бәйбіше сөзінің этимологиясын түркологтар бірнеше мәрте зерттеді. Оның құрамы туралы көптеген ғалымдар айтты да. Будагов: чағ. биче, ұйғ., абеші (тоб. кузнецкі тат. биця дейді) `әйелі`, баш. баба `қарапайым әйел`, үйдәгі бай биче `үйдің қожайыны `, бишелкке алмақ `әйелдікке алу, үйлену` (БСл, с. 299). Өзбек. baybiсö, қаз. baybišä `үлкен әйелі` А.Н. Самойлович вау `бай, қожайын` және ` biçä немесе bikä `ханша, әйел` байланысты қарастырады (Абрамзон, с. 187). Осы композициямен қаз. eрš, шор. äрšі, койб., сойч, кач. ірt` і, карач. ерšе, койб. ерt` і, `үлкен әйелі` жалпы семантикалық мағынасы бір (Менгес, с.102). Салс. өзб. бош хотин, ката хотин (Исмаилов, С. 111). К.К. Юдахин бай ауыз. бай – биче мен салыстырады. Сол секілді ол – байке (< бай + аке) 1) `кіші немесе кіші немере қарындасының, үлкен немере ағасы `; 2) `үлкенге құрмет көрсету` (Юдахин, 94, 96). Өзінің алдындағы түркітанушылардың пікірін ескере отырып, А. Нұрмағамбетов бәйбіше сөзі бәй және біше екі компоненттен тұратынын: бәй ~ бай, бурят тіліндегі ба `үлкен`, ал бише ~ біше, бике сөзімен семантикалық параллель құрайды дейді (Сөз өнері, 73 бет).

Құрбанғали Халид: Жалпы жұрт бірінші әйелін «бәйбіше» дейді, яғни кіші бай, байдан соңғы би дегені. «Тоқал» мүйізі жоқ малға да айтылады, мұнда кіші әйел қайтсе де бәйбішеден сескенеді بيبي «бәйбі – бибі» -ше. Өзбекте өте қарт әжелерге немерелері «буә» дейді, асылы «бубә» болар (Тауарих хамса, 179 бет). К. Д. Дайканов қырғ. байбиче үш морфемадан: бай `бай` + би (бир)`бірінші, бір` + че тұрады дейді (Тюркология – 88: 1988 жыл, 105 бет). Біші ~ биче ~ бише ~ бике морфемалық құрамы туралы түрлі пікірлер бар. Иллюстрация ретінде түркі тілдеріндегі мәліметтен мысал келтіреміз: тар. бічä `әйел`, кар., леб. бічä `патшайым`, тоб. біцä = бічä `әйелі`, ÿідагі біцä `қожайын` (РСл, 1781); баш. бисә `әйел` (меншікті, `бекша, ханым`) < бий + сә – фонетикалық варианттағы сыпайыгершілік кішірейткіш аффикс -ча / -жа / -ша / -са, көбіне әйел жыныстыға қатысты айтылады. Л. Покровская тат. бичә (ауз) `әйелі, жұбайы` дегенмен бикә (ауз) `бикеш, ханым, бәйбіше` дегендегі ә- араптың әйел жынысын көрсететін форма бек – дейді (Терм. род. тюрк. язык. С. 59). А.М. Рясянен: bi + kä `ханша` bij + сä `ханша`т.б. (ЭСТЯ, С. 99). Бұл пікірді басқа да ғалымдар қолдайды. Салс.: кар-балк. бий + че / бий + це `ханым, ханша` бий- ден `кніяз, мырза`; бийче шығармадағы юй `там`, юй биийче демек `қожайын әйел, әйелі`, кумык. бий + ке `кіняз ханым` бий – ден `кніяз (Хабичев, 1971: 68, 101). Қарайым тілінде Бикеше деген әйелдің аты `ханым, ақылшым`, сол сияқты мынаған әкеледі: bi (j) `мырза, өктемдік` + ке + се – афф. әйел жынысты немесе диминуттар (Дубиньски, Сов. тюрк. 1979). Қаралып отырған компонент бәйбіше, біше ~ bіjсе 1) `әйелі, жұбайы`, 2) `ханым`, 3) `апайы, 4) `әйел`, 5) `өгей шеше` сияқты мағына береді. Э. В. Севортян бийке, бийче және бийкеш ~ бикеч туралы М. Рясяненнің -қа, -ча [и- (а)м] формасы әйел жынысын (женского пола) айыру үшін қолданылады дегені анағұрлым ықтимал дейді (ЭСТЯ, 178: с. 134-135). Бише / пише лексемасы `әйел, әйелі, кемпір` мағынасында ноғай тілінде де қолданылады (Баскаков, 1940: с.238). Салс.: ұйғ., алт., тел., леб. äрсі `әйел, әйелі` (Менгес, 102), шув. пичче `аға, жасы үлкен аға`, хак. пиж,е `апайы` (Ахметьянов. 142). Сонымен, біше ~ бише құрылымы мынадай мағынада болуы мүмкін: `ханым, ханша, әйелі, әйел, үй шаруасындағы әйел` ал бәйбіше (~байбише) композициясы бег > бей, биг > бий; > бей > бий; бий > би: > би» (ЭСТЯ-1978, с. 97)`кніяз, мырза` және -ше, (-че) -афф. әйел жынысты көрсететін жұрнақ екендігінде (женского пола) – ешқандай күмән болмаса керек (Жанпейісов Е. Н. 1989: 147-150. Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. 1975: 97-100).

Тоқал. Бәйбішесінің атыБолған бәйбіше, тоқалының атыБелеңана (М-Ж., 2 т: 83). Ертеде ауқатты қазақтар бірнеше әйел алған. Біріншісі жазғанымыздай бәйбіше деп аталған. Ал, қалған кіші әйелдерін тоқал деген. Тоқал 1) комолый. 2) младшая жена (выраженіе оскарбительное), тоқал ағаш дерево со сломанной вершиной (Будагов, 1 том. 399 бет). Тоқал лексемасы басқа да түркі тілдерінде осы мағынасында қолданылады. Зерттеушілер тағы басқа да мағынасын көрсетеді: қаз. тоқал 1) `мұқырылған, жоғарғы жағы майрылған`, 2) `мүйізсіз, тұқыл`, 3) кіші әйелі, үлкен әйелдің алдында әлсіз` (РСл, 1147); қырғ. тоокл 1) `мүйізсіз, тұқыл`, 2) ауыс мағ. (адам туралы) `әлсіз, қорғаушысыз`, 3) аус мағ. (ағаш туралы)`бұтағы жоқ`, 4) этн. `үлкен әйелі тірі тұрғанда, кіші әйелі` (ЮСл,с. 747); ққ. токол 1) `мүйізсіз`; 2) аус.`екінші әйелі, үлкен әйелінің қасында кіші әйелі` 3) `шабылған, ағаш туралы` (ККРС, с. 645); салс.: башқ. иәш биккә: узене иәш бикәлекке һорай `оны өзіне кіші әйелдікке сұрайды` (Гарипов, Уфа: 1959, с.95). Көріп отырғанымыздай `кіші әйел` қарастырып отырған лексеманың бірі ғана мағынасы, көбіне ауыс мағынасы болып табылады.

Кейбір лексикографиялық еңбектерде тоқал жоғарыдағы мағынасынан басқа реестірлік жеке дара сөз де бола алады. Олардың бір-бірімен ешқандай семантикалық байланысы да жоқ және онша шындыққа жуық та емес. өзб. тýқол I тарих.`екінші әйелі`, тýқол II `мүйізсіз, тұқыл, қысқа` (УзРС, с.468). Дегенмен, зерттеушілер `кіші әйел, екінші әйел` мағынасын `мүйізсіз, тұқыл` дегеннен шығарады. `Кіші әйел, екінші әйел` ауыс мағынасын Ы. Алтынсарин, С. Толыбеков және т.б. қолдайды. Мысалы, әйелдердің жағдайы туралы Ы. Алтынсарин: «Бэйбише должна пользоваться уважением как мужа, так и всех окружающих. Все домашнее хозяйство вверяется ее заведыванию. Остальные жены называются токалами (короткий)» – деп жазды [34, б.287].

С. Толыбеков: «Связью многоженства с патриархальным рабством объясняется и то обстаятельство, что первая жена, как правило, у казахских полуфеодалов именовалась «байбише», т.е. полноправная жена бая, а остальные имели презрительную кличку «тохал» и работали главным образом под командой байбише*». *Буквальный перевод слова «тохал»- куцая. Например, безрогую козу называют «тоқал ешкі». Мы пологаем, что происхождение этого слова связано с тем обстоятельством, что почти все младшие жены казахских полуфеодалов доставались как военная добыча «жесыр» или «ясыр» (это то же самое, что и раб) или брались из бедных семей, поэтому они не имели приданого. Первым признаком бедности было отсутствие на голове невесты конусообразной формы головного убора из бархата или парчи с насечками из драгоценных металлов и камней, украшенного красивыми перьями из филина – саукеле. Отсутствие саукеле на голове невесты давало повод сравнивать ее с безрогой козой, ибо большинство образов как положительных, так и отрицательных у дореволюционных казахов связывалось с различными видами скота. О саукеле А. С. Бежкович, характеризуя этнографические рисунки Вл. Плотникова о быте казахов в середине ХIХ в., пишет: «Из этой группы рисунков необходимо отметить казахский свадебный головной убор – саукеле, изображенный со всеми деталями украшения, очень богатого, пышного и весьма нарядного». См.: «Советская этнография», 1953, № 4, стр. 113.

Тоқал Жидебай құрттай бала күнінде тапқан шешесі өліп қалып, Қожаназар бір тоқал алды. Тоқалдың аты Апар еді (М-Ж. ҚШ. – Б. 36). Тоқал туралы айтылғандар мен этнографиялық мәліметке сүйене отырып тоқал `кіші әйел` сәукелесі жоқ келінге және мүйізсіз ешкіге т.с.с. мүйізсіз малға ұқсатып деп қорытындылауға болар еді. Осы бағытта: сәукелені ноғай тіліндегі теке бөрік дерегі біздің ойымызды бекіте түседі. Бұл бас киімнің атына әрине сыртқы пішіні әсер еткендігі байқалады. Шынында да, биік және конус тәрізді бас киімді келін басына кигенде ешкінің мүйізіне ұқсайды. Бұл ноғай бас киімі туралы толық мәліметті біз С.Ш. Гаджиевтің кітабынан табамыз: Теке боьрк ( тура мағынасын ешкі бөрік) – келіннің және жас иістің биік бас киімі. Бұл бас киімнің биіктігі 50-60 см. ол конус тәрізді қаңқадан тұрады, ағаш қабығынан, картоннан және холостан жасалады. Сырты қызыл, көк, бархт не сукномен қапталып, екі жағынан миығынан кеудеге дейін түсіп тұратын лента тігіледі. Бас киімді алтындалған, күміс жіппен көмкерген, әшекей тастар таққан. Тіпті, түрлі-түсті аппликациямен безендірген. Негізінде ұлттық өрнек ретінде малдың басын, мүйізін салған. Әсіресе, ешкінің кескінін салған, сондықтан да теке боьрк деген. Бұл ноғайдың бас киімі қазақ, ққалпақ «сәукелесіне» өте ұқсас. Тоқал сөзі кейбір түркі тілінде басқа мағына берген мысалы: өзб. туқол соч 1) `қыздың қысқа шашы`, 2) `қысқа шашты қыз` (УзРС, с. 468), ноғ. Токал 1) `мүйізсіз, тұқыл`, 2) `тақыр` (НРС, с. 355). Салс.: қаз. тоқыраю `тақырбас болу`. Тоқал формасы туынды сөз. Бұған мына жазба ескерткіштердегі дерек дәлел: тоқ jïlқï `мүйізі жоқ мал`, тоқ кіші, тоқ эр `тақыр` (МҚ. III, с. 320). М. Қашқари сөздігінде туқлуқ сөзі мүйізі жоқ мал дегенді білдіреді: 1) `тақырлау`. 2) `мүйізі жоқ мал` (М.Қ. с. 435). Қараңыз: таз қоj `мүйізсіз қой` (М.Қ. 163). Тоқал сөзінің морфемалық құрамын ұғыну үшін тоқты `алты айлық қой` дериватының да қатысы бар (М.Қ. 405). `Бірінші жаздың соңындағы қозы` (Ильминский, 1861: с. 114). Ол – бесті (бесті айғыр сөз тіркесіндегі) сияқты тоқ және -ты болып бөлінеді. Бірінші жаздың соңындағы қой мен қозыда мүйіз болмайды, сондықтан да, тоқты деген. Сондықтан да, тоқты // тоқал сөздері мағынасы жағынан жақын болғаны-да. Демек, барлық негіздер мынаны дәлелдейді: тоқал `мүйізсіз, тұқыл`, тоқыраю `тақыр бас болу, шашын қырғызу`, және тоқты `бірінші жаздың соңындағы қозы`, `алты айлық қой` бәрінің түбірі тоқ. Қосымшаларға келсек: -ал, -ырай, және -ты бұлар тоқ сөзінің мағынасын толықтыратын аффикстер болып табылады (Жанпейісов, 1989: 156-159).

Қатын. «Қатын екенін, қыз екенін емшегінен танимыз!»деп, жаулықты әйел көрінсе, емшегін ұстап, байқап өткізетұғын болған (М-Ж. 8 т. – Б. 229 ). Қатын сөзі түркі тілдерінің көбінде қолданылып келе жатқан сөз. Ол М. Қашғари сөздігінде «ақ сүйек (хан, төре, бек қызы)» деген мағынада жұмсалған, кейін «ерге шыққан әйел» дегенді білдіретін болған (Ысқақов. Қаз. тілі. этим. сөздігін жасау мәс., 84). Сол сияқты ескі түркі жазу нұсқаларында да қатун /хатун сөзі екі мағынада қолданылған көрінеді (Малов. Пам, др. письм.; 422, 442). Батманов и др. Совр. и. др. Енис., 98, 101). Қазіргі түркі тілдерінде бұл сөз екі фонетикалық варианта кездеседі. Біреулерінде к/қ дыбысынан басталса (қазақша қатын, башқұртша катын, қырғыз қатын, алтайша қадын, т.б.), басқаларында х дыбысынан басталады (татарша хатын, өзбекше хотин, якутша хотун, ұйғырша хотун т.б.). Қатын/хатын сөзінің бастапқы мағынасы – ханым, бәйбіше, әйел, кейін – күйеуге шыққан әйел, зайып. Бұл сөз кейбір түркі тілдерінде жоғарыда көрсетілген мағыналардан басқа қосымша ұғымға ие болған. Мыс, қырғыз, алтай, хакас, қазақ тілдерінде – әйелді кеміту мақсатымен айтылатын өрескел сөз ретінде қолданылады. Якут тілінде бұл сөз «қайын ене», түрікше және монғолша, керісінше, тек қана «ханым, үлкен кісінің әйелі» деген мағынада қолданылады. Қазақ тілінде қатын сөзі көбінесе сөйлеу орнына әйел, зайып, жамағат, жұбай сөздері жұмсалады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, қатын сөзі дербес қат/хат сөзі мен -ын жұрнағынан құралған. Дәлел ретінде Тува тілінде кездесетін кадак – апа, кадай – зайып, кат ие – қайын ене және шор, хакас тілдеріндегі кат – әйел деген сөздер келтіріледі (Покровская. Термины родства..., 59). Бірақ, бұл пікір, біздің ойымызша, әлі де болса анықтауды керек етеді. Бұдан басқа қатын сөзі солтүстік корей тіліндегі ка – үй және тын – жан деген сөздерден шыққан, сонда қатын «үйдің жаны яки әйел» дегенді білдіреді деген пікір бар. Бұл сөз финн тіліндегі vaimo – әйел (түбірі vaim – жан) деген сөзбен байланысты деген күмәнді топшылау да бар (Рясянен. Мат-лы по ист. фон. тюрк. яз., 125). (Н. Қ.). (ҚТҚЭС, 1966: 123-124). Қатын. Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен, Гүл жүзлі, шырын сөзді жақсы қатын (М-Ж. 1 том. 2003: 159). Тур. Қатын – кадынъ алт., кадынъ и кадытъ., конд., хаты, монг. хатынъ) – жена, госпожа, бас қатын главная жена въ гарем, въ особенности же султанша (он носятъ назавніе первой, второй, тертьей и.т.п. Султаншею называется та, которая сдлается матерью и въ такомъ случа получаетъ еще прозваніе губернантка, барышня, двица. У киргизовъ катынъ, жена – называется тогда, когда послъ рожденія первого ребенка повяжутъ ей на голову платокъ. Уйг. Кадынъ большая посуда для вина (Будагов, 8).

Жігіт. Мекен іздеп жігіттер кел кетеді, Арасында Көктөбе белгі етеді (ҚКБС). Жігіттер, дәл осының болуы хақ, Тағат қылмай, өткізбе, күніңді бос! (М-Ж. 2003: 245). Игит – жігіт сөзі әртүрлі елдерде, әр түрлі айтылуымен қоса, әр түрлі мағынасы бар. Кавказда, Анатолидағы күрттерде бұл сөз: желікпе, азамат (жігіттің жігіті), шабандоз; Константинопольде де – әскери ақыл-айла, атты әскердегі тапқырлыққа байланысты да, сондай мағына береді. Орта Азиядағы көшпелі татар тайпаларында «жігіт» атауына байланысты бала. Жігіт атауы тұрғылықты қазан және тобыл татарлары арасында айтылмайды. Олар жігіт атауының орнына малай (малой) – бұл сөздің мағынасы жарым – піркәзшік, жартылай құл. (ШУ, 1985: 166) Жалпы, жілік пен жігіт арасында семантикалыќ байланыс та жоќ емес. Бір деректерде жігіт `ќоректену, тєрбиелену` немесе `тамаќтану, ±стау` деген маѓынаны да береді екен.

Жігіт сµзі тек ќана адамѓа ќатысты айтылмаѓан, малѓа да ќатысты да айтылѓан кµрінеді. Igid > монѓ. ide `тамаќ ішу, жеу`, ide `к‰ш, ќайрат, жігер, батырлыќ `, ider `к‰ш жігері бар, жас, ќайратты`; ќазіргі монѓ. идэр `жас, боз бала, идэрхэг `арыќ, ж‰деу, идэрших `аќыл кірген, саќа жігіт` т.б. (Левитская, 199); Жілікті кµбіне жас балаларѓа не жас жігіттерге ±статќан (Р. Х. Ќадырова, Р. А. Шєкиева Жылќы еті – шипалы таѓам. – Алматы: Ќайнар, 1991. 28-33 б.). Сыйлы боз балаѓа асыќты жілік ±статќан. – Бізде ќазаќтан олжаѓа т‰скен жалѓыз-аќ бала бар. Ќолына асыќты жілік ±статып орталарыња жібереміз (М-Ж. ЌШ, 33); К‰йеу мен келінге тµс тартќан. Басты жас балаѓа ±статпаѓан себебі єкењ µліп ќалады деген ±ѓым болѓан. Ќыз балаѓа кєрі жілік ±статпаѓан себебі, қартайѓанша отырып ќаласыњ деген ±ѓым болѓан. Талаќ пен ќ±йыршыќ жегізбеген. Талаќ жесе ажырасып кетесіњ десе, ќ±йыршыќ жесењ жењілтек боласыњ деген тєрбилік маѓынасы бар ±станым болѓан. Жілікті жігітке беру себебі де бар сияќты, мыќты, сау болып µссін дегендік болар. Будагов мынандай сөзге каз., кир., джеликъ, мозгъ въ костяхъ (к. сл. мет. родъ, поколніе) мозговой, съ мозгомъ, мет. крпкій, сильный, содержать мозгъ (въ костяхъ) кость продолговатая и внутри пустая, кость надъ локтемъ, локтевая кость т.б. (Будагов, 2 т. 364).

Тамыр. Зылиќаныњ тамыры Бєйтік ±рпаѓынан – Ќарашолаќ балаларынан Адамбай, Т±рсын шыќты, ал Керней деген елден Жарылѓап дањќты болды (ЌШ, 33); Тамырым, танысым жоқ мен - бір кәріп (2003: 238); Алып едім ќос жорѓа, Кµш – жµнекей тамырдан* (ЌЖ, 17); Сый – дєст‰рдіњ бір саласы – тамыр. Тамыр* – друг, «корень, корешок». У казахов в старину существовал ряд обычаев, связанных с тамырством. Так называемыми дос – тамырами, т.е. друзьями на всю жизнь, становились, совершив особый обряд: друзья обножали *грудь, чтобы обнять друг – друга или пожимали друг другу большие пальцы. После этого тамыры неизменно помогали друг другу. Тамыр мог взять у своего друга любую вещь без спроса. Часто тамыры (с‰йек - тамыр) становились сватами (См. о тамырстве у П. Е. Маковецкого. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. Вып. I. Омск, 1886. стр. 45. 46). *Төс // дöш грудь, грудинка, передняя часть тла...т.б. (Будагов, 394).

Түйін. Түркі жігіттері көбіне төс түйістіреді, соңғы уақытта құдалар төс қағысатын болды. Мүмкін төс > дос лексемасының тууына себеп болуы. Түркі берік достықты адамның тамырына теңеуі де кездейсоқтық болмаса керек. Мысалы, «көзімдей көріп жүрейін», «бауырым, ішіндегі тәуірім», «көзі мен құлағы» т.б. адамның ішкі, сыртқы дене-мүшесіне байланысты тіркестер осы айтылғандардың айғағы болса керек.

Кемпір. Кемпір бұ қызды тысқа шығарды (М-Ж. 2 т. 91). Кемпір (кем + пір) екі сөзден тұрады. Бірінші компоненті туралы Будагов п. км кемъ 1) кішкенелеу, жетпейді, аздаған, аз, төмендету, кемсіту, берілген құл, жынды, ашулы т.б. мағынасы бар – деп түсіндіреді (Будагов, 136). Екінші компоненті туралы: Пір – пир: п. кәрі (адам мен малға қатысты айтылады) қарт, кәрі шал, пір – діни ұйымның басшысы; діни ие (КРТСАИЗС, 237 ); Пир – глава религиозной общины (Рүстемов, 137) деген түсініктемесі бар.

Кемпір – кир. тоб. кімпіръ (изъ п. км и пир) (кем + пір – А.Қ) старая баба, старуха, кәрі кемпір старая женщина, кир. кмпр ауады (кемпір өледі – А.Қ.) старуха умерла (когда обвнчанные женихъ и невста должна ложиться спать, то одно изъ сатарухъ извщаетъ ихъ, что вс ушли, говоря «старуха умерла» и за это получаетъ подарокъ) (Будагов, 137). Транслитерация жасаған – А.Қ.

Бұдан біз кемпір лексемасының бірден осы күйінде қалыптаспағандығын байқаймыз. О бастағы екі түбірлі сөз әр қайсысы дербес мағынаға ие болып, жылдар өте алғашқы екі мағыналы түбір бірігіп, бір мағыналы кемпір лексемасы қалыптасып (емшілерді, дәуріш, бақсылардың) қылықтарын ақылы аздау адам сияқты көрініп кемпір деген болуы керек. Кейіннен сөздің мағынасы кәрі әйелге қарай ауысып, басқа мағына, басқа бітім болмыс алған сияқты. Қазақ тілінде кемпір сөзінен басқа мағыналы сөздер туындады. Айталық, аспандағы жаңбырдан кейінгі пайда болатын жолақты «кемпірқосақ» дейді т.б. Мысалы, Г. Н. Потанин: ...по киргизски «кэмпирнын кусагы» («кэмпир» – старуха, «кусак» – веревка, на которую привязывают овец на ночь) Кемпір ауыз – тістеуік (шеге суыратын аспап) – деген мағынасы кеңіген сөздерді келтіреді; Денеде қалған найзаның ұңғы темірін кемпірауыз тістеуікпен тартып суырып алып, уыс-уыс мақтамен тығындап, тірілей Қоқандағы ханға жіберді (М-Ж. 9 т. – Б. 218).

Күйеу. Хазірет Ғұшманға қызын берді, өзіне күйеу қылды. Екі қайын атасы, екі күйеу – төрт жар болды (М-Ж. 9 т. – Б. 291). Дж. ата. кÿяý (күйеу – А.Қ.) каз. кійеу, кÿевъ, алт. кÿйÿ, конд. кÿзе, тат. іöіегу, іÿвей, женихъ, новобрачный, зять, дружка жениха, душица (раст.) зять живущій въ дом родителей жены, ходить къ сговоренной невст; проводить первые мсяцы посл женитьбы т.б. (Будагов, 170).

Жеңге. Естіртіп төрт жеңгеме сыпайылап, Мырза үшін мойныңды бұр, молдеке! (М-Ж. 3 том. 2003: 297). Жеңге сөзі жең және -ге қосымшасы арқылы жасалған.

Жеңге (йенге) дж. тат. йіге (= каз. жіңге) 1) тетка. 2) тур. сноха (жена старшего брата или другаго близкаго родственника), жеңге қатын женщина, которая ведеть новобрачную въ домъ мужа (Будагов, 369). Жеңге сөзінің түбірі жең, -ге қосымша (ірге, сіріңге, бүрге). Будагов: іенг (жең) 1) руковъ платья, запястье рукова, засучить руковъ. 2 ( корен гл. йінмк или йенгмекъ, тур. іенмекъ, кир. джене, алт. йенде, йен: (жең – А.Қ.) побдить, покорить, одолть, побороть, переспорить т.б. (Будагов, 368).

Жеңге – жена брата. У казахов остались черты древней классификации родства: всех старших родственников и вообще старших сородичей они называют общим термином. Например, термином «аға» казах называет своих старших братьев, дядей (младших бартьев отца) и всех старших сородичей. Соответственно этому их жен он называет – жеңге или жеңеше (Потанин, 328). Жеңге – невеста, молодушка, тетя, Женщина провожающая новобрачную в дом жениха (ЭСТЯ, 190).

Жең көптеген түркі тілінде қол деген мағына береді. Жеңлік // йәңлик ұйғ. `қолғап` – туынды сөз шелпек пысырғанда күйіп қалмау үшін киеді. Киімнің жеңі ретінде айтылады. Йенг аз., йің баш., жең кбал., чең тув., т.б. жеңсе қаз. диалек (Аманжолов, 379). -лик, -лік жұрнағы мен -се кішірейткіш жұрнақтан жасалған сөздер. Демек, әуелгі түбірі жең етістігінен жең зат, туынды түбір тура мағынасы: жеңге киімнің жеңі, ауыспалы мағынасы жең ұшынан жалғасу, жеңгетай болу, күйеу мен қалыңдықты алғашқы түнде қосатын адам деген мағынада болған. Ә. Қайдар жең ұшынан жалғасудың этнографиясын сипаттап жазды. Саудагерлер мен алып-сатарлардың өзара келісімінен шыққан сөз екендігін айтады (Қайдар, 2003: 137). Жеңге мен жезде семантикалық жағынан жуық, мәндес сөздер болып табылады.

Жезде. Кигені жездемнің жасыл шапан, Бір кезі бес теңгелік асыл шапан (М-Ж. ҚШ, 18);

Жезде // зерде шығу төркіні бір сөздер болуы мүмкін. Өйткені, jäs / jäz – s` erä которая возможно, отражает булгарский r – вариант слова и свидетельствует о раннем возрасте *zer и его прототипах (ЭСТЯ, 169); Каз. кир. жез желтая мдь, каз. кир. жезде мужъ старшей сестыры (Будагов, 1 том: 448). Қазақ тілінде зерде (ақыл-ой), зерделі (ерте есейген) сияқты ұғымды береді. Ал, зергер, зер араб-парсы тілдерінде алтынмен байланысты сөздер. Ә. Қайдар жез түбірінен туған сөздер металдың мықтылығына байланысты болуы мүмкін екендігін жазды (Қайдар, 2003: 136). Жез, қола, мыс еріту үшін бақырды қолданған: Бақыршы жетіп келді Садық бала (М-Ж. 2003: 296).

Түйін. Жезде сөзі отпен – судан өткен жездей мықты деген ұғымнан пайда болуы мүмкін. Zеs монғ. `жез`. Жез > жезде. Жезде сөзіне қатысты «әкенің жақсылығы жездедей-ақ» – деген мақал қалыптасқан. Ер адам көбіне түзде жүреді де бала тәрбиесімен анасы айналысады. Соған байланысты ғана айтылса керек. Әйтпесе, әкенің орны қыз бала үшін, әсіресе ұл бала үшін жөні бөлек.

Хан. ¤з еліме тењ едім хан затыммен, Алдыма келмеуші еді жан атымен (М-Ж. ЌЖ, 67).

Ќ±рбанѓали Халид: «Хан» – негізінде монѓолша, кейін парсы мен т‰ркі тектес халыќтар бєрі бірдей пайдаланып кеткен дербес патшаѓа ќолданѓан атау. Ќазаќта «ќан» дейді, µйткені Шыњѓыс туѓанда ќан уыстап т‰скен де оѓан «ќан» лаќабы ќойылѓан, кейін балалары м±ны маќтанышќа пайдаланды. Енді б±л нєсілден болмаѓандарѓа да «хан» деу єдетке айналды. Шынында хан болѓандар ќан тµкпей т±рмайды деген т‰сінік бар, кісіні µлтіруге ємірі ж‰рмейтін єкімді «хан» демейді. Алайда «ќан» есімі Шыњѓыстан басталѓанына нануѓа болмайды, б±л атау монѓолда б±рын да болѓандыѓы жайында тарихта жазылѓан – дейді [35, б.178-179].

О. П. Суник: В. Котвичтіњ алтай тілдеріндегі -кан (-хан) -кÿн (-хун ) ж±рнаќтарына тоќтала келіп, б±лардыњ барлыѓы т‰ркі-монѓол тілдеріне ортаќ екендігін, ал, кµне т‰ркілік тäнри-käн (титул турецкого хана), äртиkäн ‘именно, теперь’ , жања±йѓ. äрти-гäн ‘утром’, эвен. -кÿн (салс. -кã-кÿн) сол сияќты В. Котвич -хун ~ -хон (сахун ‘беловатый’, сохон ‘желтоватый’, монѓ. терекен ‘только этот’, ‘именно этот’, алихан ‘который именно?’ т.б. деп зерттейді [36, б.114-115].

Л.З. Будгов: тур. тат қан, канъ кровь, қан, қанау, дж. қанайы, қанауы, қануұ а) съ кровью, кровный, кровавый, т.е. горячій молодой человкъ, весельчакъ, взбалмочный человкъ дау қанауы горячность, взбалмочность тур. қанау қаны кровавый колодецъ – родъ подземной темницы, куда бросають тла казненныхъ; в) дж. қануы, қанау убійца (па комъесть месть за кровь) тоть кто убгаеть оть мести за кровь, месть за кровь, теплый (каъ кровъ). Кровяной колбасъ, адамова голова полата за кровъ, за убійство т.б. Будагов қан лексемасына байланысты отызға жуық мағынасын береді. Қазақша транскрипциясын жазған – автор. (Қараңыз Будагов сөздігі, 26 бет.). Қан `кров` құздан қан аққай `пусть из глаз потечет кровь` (выражение из клятвы); қызыл хан ( < қан) `красная кровь`. РСЛ., II, 101. қан `правитель`, `хан`; `божество` (шаманск.) «кан»; қан йамын управление божества`; (Малов, ЯЖУ: 52 бет.). Д. Ж‰нісов: Алтай, сібір µлкесіндегі тунгус-манчжур (корей) тілдерінде ќан, кен, ган – «µзен», «су» деген ±ѓым берсе, тєжік, µзбек тілдерінде кан «канал деген маѓынаѓа ие дейді. Ќаѓан > qa‰an титул главы государства древних тюрков (государства Ту-кюэ на Орхоне, хазар, булгар и проч.). В. Л. Виноградов формы этого слова – кагану, каган, каган, каганом, хаган < коганъ. Этимология слова коган > qa‰an не вызывает каких-либо затруднений или сомнений, о чем свидетельствует данные П.М. Мелиоранского (1902, с. 289-290); Ф.Е. Корша (1903, с. 138) и С.Е. Малова (1946, с. 138); которые соответствующим образом обосновали также и соответствие о < а в русском заимствованном слове коган < qa‰an. К. Менгес (1979) приводит несколько вариантов этого слова, встречающегося в форме qa‰an (q‰n) – в древнетюркском языке орхонских памятников, в форме хаqаn - у османских турок, ‰ahan – в армянских источниках и ћаћаm – у современных караимов, у последних в значении главы религии караимов. Предположение некоторых тюркологов об общем происхождении и единстве основ qa‰an > qaan > qan ~ хan в значении ‘хан’. Г. Рамстед утверждает, что qan и qa‰an первая из них представляет простую основу, займствованную тюркскими языками из кит. kиаn ‘правитель’, а вторая – сложную, состоящую из двух слов – кит. ke ‘великий’, и kиаn’правитель’ > ke-kиаn’велики хан’ > тюрк. qa‰an (Ramstedt, 1955; ср.: Doerfer, 1967, I - IV) [18; 154-155]. ke-kиаn тіркесі В. Котвичтіњ кã-кÿн ±ќсайды. М. Оразов: Н.А. Баскаков, А.Т. Кайдаровтыњ пікірлеріне орай: казахское хан в Орхоне-енисейских памятниках употреблялось в полной форме ќаѓан. На следующем этапе развития тюркских языков ќаѓан приобрело форму ќаан (хаан) > хан (ќан). Здесь на лицо действие закона вторичной долготы тюркских гласных, а в некоторых тюркских языках (казахский, узбекский, татарский и. др.), в которых отсутсвуют долготы, это слова трансформировалось в кан > хан, т.е. ќаѓан > ќаан > ќан - хан `хан` (Оразов. М. Исторический принцип этимологических исследований в казахском языке // [9, б.124-125].

Түйін. Қан (Шыңғыс хан) – дегендегі және қан (адам қаны) дегендегі қан бір түбірден өрбіген сөздер сияқты. Сол сияқты қан > құн лексемасында семантикасы жуық-мәндес болуы мүмкін. Тіпті, Абакан (өзен атауы); қанар (ыдыс), канал (су ағатын үлкен арық) түбірлес сөздер сияқты.


Ұлттық киім атаулары