С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат
Вид материала | Документы |
- Кодекс жобасы жалпы және арнайы бөлімнен тұрады, 85.38kb.
- Әбу Насыр әл – Фараби, 23.31kb.
- Юрист әкімшілік құқық бұзушылық туралы, 5824.88kb.
- Лекции по математике выпуск, 812.39kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2601.27kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2602.83kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2601.15kb.
- Предмет изучения материаловедения, 256.09kb.
- Биосфера туралы В. И. Вернадский iлiмi, 48.99kb.
- Список основных трудов Сафуанова Ильдара Суфияновича. Об аффинных частях алгебраических, 24.49kb.
Болашақ білім мен ғылымдаҒылым мен техниканың тез қарқынымен даму адамдардың мәдени дәрежесінің өсуі халық ағарту ісіне күн сайын жаңа міндеттер жүктейді. Оқытушылардың тәжірибесі көрсеткендей бағдарлама материалын студенттер бірдей жеңілдікпен меңгере алмайды. Оның үстіне әр пәннің өзіндік ерекшелігі бар екені бәрімізге айқын.
Математика пәніндегі бір қиыншылық – оның абстрактілігі мен практикада бірден көрінбейтіндігігі және студенттердің өзіне бірден баурап алалмайтындығында. Сондықтан студенттердің математика пәніне дайындығын жан-жақты жетілдіру оқытушылардың аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл міндетті шешуде жоғары оқу орындарында, яғни әрбір мамандықтарда, математика курсынның күнделікті практикалық өмір талабына сай жаңа мазмұнда оқытылуы қажет. Ол үшін пән оқытушысы сабақ тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге тиіс.
Қазіргі кезде қалыптасқан коғамдық тәжірибені қайта бағалау жалпы білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде.
Орта және жоғары оқу орындарында математиканы оқытудың мақсаты студенттерге күнделікті өмірде және қазіргі қоғамда пайдалы еңбек еткенде қажет болатын және де басқа пәндерді оқып меңгеруге, білімін ары қарай жалғастыруға толық мүмкіншілік беретін математикалық білім, іскерлік және дағдылардың негізін берік және саналы түрде меңгеріп алуын қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде, ғылыми информацияның жедел өсуіне байланысты студенттердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып үйренуі өте маңызды болып отыр.
Студенттердің өздік жұмысы туралы қорытынды жасағанда келесіндей тұжырымға келуге болады : өздік жұмыс студенттің тек өз белсенділігі түрінде анықталады. Әрбір өздік жұмысты бастар кезінде студент алында белгілі бір мақсат , проблема болуы қажет. Берілген өзіндік жұмысты орындау барысында әр студент өзінің жеке тәжірибесін пайдаланып , алған білім деңгейінде жұмыс жасайды. Өздік жұмысты ұйымдастыру кезінде оқытушы студентке арнайы тапсырма береді, ал студент берілген тапсырманың қажеттігі жөнінде өз ойын бекітеді. Біріншіден, берілген тапсырманың мазмұнын талдайды, өзінің осыған дейін алған білім деңгейін саралап тапсырма мақсатын түсінеді. Екіншіден, берілген тапсырманы орындау үшін қандай амалдар керек екендігін ойластырады және ойластырған жоспарды іске асырады, яғни тапсырманы орындайды. Үшіншіден, алған нәтижесіне талдау жасайды.
Студенттерге берілетін өздік жұмыстар дидактикалық жағынан үш түрге бөлінеді: білім алуға арналған өздік жұмыс; білімді пайдалануға арналған өздік жұмыс; теориялық материалды тексеруге арналған өздік жұмыстар.
Жаңа материалды студеттердің өз бетінше оқуы, яғни оқытушы кейбір материалдарды студенттерге үй тапсырмасы ретінде беруіне болады. Мұндай жұмысты өткізгенде оқытушы әрбір студенттің осындай жұмысты істеуге дайын екендігіне көзі жетуі керек.
Мысалы, анықталған интергралды өткенде оның жеке қасиеттерінің дәлелдеулерін студенттерге бөліп беруге болады.
Өзіндік жұмысқа студенттерді үйрету үшін оларды өткен жаңа материалдарға қатысты сұрақтарға өздігінен жауап беруге үйрету қажет. Өзіндік жұмыс нәтижелі болуы үшін оның мазмұны, берілу аумағы, күрделілігі дұрыс анықталуы керек. Қорытындысы нәтижелі болу үшін өзіндік жұмысты студенттің қабілетін, білім деңгейін,іскерлігін ескере отырып әр қайсысына жекелеп берген жөн болады.
Студенттерге негізгі керегі – алған мәліметтерінің қажетті маңызды жерлерін бөліп ала білуі.
Мысалға «Туынды» тақырыбын өткенде студенттерге формулалармен бірге туындының геометриялық және физика мағынасы ұсынылады.
Бұл тақырыптарды өткенде студенттер материалдардың жаңа емес екенін түсінуі керек. Берілген мәліметтер оларға негізінен физика курсынан таныс екенін ұғынуы керек. Осылайша студенттерде жаңа материалдың негізгі
жерлерін бөліп ала білу қабілеті қалыптасады.
Студенттер оқытушының басқаруымен жаңа материалдың маңызды жерлерін бөліп алуға үйренгеннен кейін, өтіп жатқан жаңа материал бойынша сұрақтарға жауап беру жоспарын өз беттерінше құруды үйренеді.
Мысалы, «Туынды » тақырыбына байланысты студенттер төмендегідей сұрақтарға жауап беру жоспарын құра білулері қажет:
1.Туынды түсінігін беретін есептер.
2. Туынды анықтамасы .
3.Туындыны табудың жалпы ережелері.
4.Функция дифференциалы және үздіксіздік арасындағы байланыс.
Әбден қалыптасып алғаннан кейін студенттер ауызша жоспарлар құратын болады.
Өзіндік жұмыстың маңызды түрінің бірі - үй тапсырмасы. Негізіндіе жаңа тақырып сабақ үстінде пысықталып, ал үйге шығарылған есептерге ұқсас есептер берілуі керек.Үй тапсырмасы ретінде студенттерге есептер ғана беріліп қоймай түсіндірілген жаңа материалды оқу дәлелденген теоремаларды пысықтау, пысықтаудың жаңа әдістерін қарастыру тапсырылады.
Қорыта келгенде математика ғылым мен техниканың тілі болып табылады, сондықтан оны оқып білу адамның ақыл- ойының дамуына да үлкен әсер етеді.
Қазіргі уақыттың талабына сай бүкіл Қазақстан бойынша жоғары оқу орындары «Кредиттік оқыту жүйесіне » көшкелі отыр. Әрине бұл талап бәрімізге бірдей қойылып отырғандықтан, Көкшетау университетінің оқытушылар ұжымы да дайындық жүргізуде.
Әдебиеттер
1.Ғылыми –көпшілік журнал «Зерде» 2001жыл.№4.
2. Ғылыми –әдістемелік журнал « Математика және физика» 2004жыл.№2.
3.В.Т.Лисичкин, И.Л.Соловейчик. Математика. М., «Высшая школа» 1991.197-206-беттер.