Кодекс жобасы жалпы және арнайы бөлімнен тұрады

Вид материалаКодекс

Содержание


Жалпы бөлігінде
Кеден одағының кеден кодексін әзірлеудің мақсаты
Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік әкімшілдендіруді ұйымдастыру принциптері
Кеден одағының кеден кодексін қолданысқа енгізу
Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы
Подобный материал:
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының, «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасының, «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасының таныстырылымына

БАЯНДАМА


Құрметті Премьер-Министр мырза!

Құрметті әріптестер!


«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы ұлттық кеден заңнамасын кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Осы тапсырманы мемлекет басшылары берді және ЕурАзЕҚ-тың мемлекет аралық кеңесінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 17 шешімімен бекітілді.


Кодекс жобасы біріңғай кеден аумағы шарттарында кеден одағының кеден заңнамасына негізделген Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасының ережелерін белгілейді. Кодекс жобасы кеден одағының кеден заңнамасының нормаларын және кеден одағының Кеден кодексінің тікелей сілтемелеріне сәйкес әзірленген нормаларды қамтиды.


Кодекс жобасын әзірлеу мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасын кеден одағының кеден заңнамасымен бірегейлендіру және сәйкес келтірумен қорытындыланады.


Кеден кодексінің жобасы тауарларды жеткізумен, оларды кедендік бақылау арқылы тасымалдаумен, уақытша сақтау, кедендік декларациялау кеден рәсімдеріне сәйкес шығару және пайдаланумен, кедендік бақылауды жүргізумен, кеден төлемдерін төлеумен, тауарларды шығаратын елді анықтаумен және т.б. байланысты қатынастарды реттейді.

Кодекс жобасы жалпы және арнайы бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлігінде кедендік реттеу және кеден органдарының СЭҚ қатысушыларымен қатынастары саласында негізгі ережелерді регламенттейді.

Ерекше бөлімі кеден операцияларын өткізуге, кедендік декларациялауға және кедендік рәсімдермен, кеден төлемдерін есептеу және өтеу тәртібіне байланысты ережелерді, сондай-ақ кеден ісі саласында әкімшілендіру, кеден органдарында қызметтен өту шарттары мен тәртібі бойынша ережелерді анықтайды.


Кодекс Жобасын әзірлеу кезінде одақтық кеден кодексі мен ұлттық деңгейде сілтеме жасайтын нормаларды аша отырып, инкорпорация және трансформация жолдарымен кедендік әкімшілендіру шеңберінде қабылданған келісімдер нормаларына имплиментациялау жүргізілді, ол сыртқы экономикалық қызметтің және кеден органдарының қатысушылары үшін қолдануға ыңғайлы нормативтік құқықтық актілерді шығаруға мүмкіндік береді.

Осы ретте, жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқпайды.


Кеден одағының кеден кодексі ережелерінен және кеден одағының кеден заңнамасымен реттелмеген құқық қатынастарын реттеуден басқа жобада сондай-ақ бизнес үшін қолайлы жағдай жасау көзделеді, мысалы:

- кедендік декларациялау кезінде қажет құжаттар саны азайтылды;

- ҚР КК жобасына сәйкес кеден одағының Кеден кодексінен айырмашылығы бар қамтамасыз етудің жаңа түрі пайда болды: «сақтандыру шарты»;

- Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес қамтамасыз етудің жаңа түрі пайда болды: «кепілгерлік»;

- Жобаға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын жетілдіру мақсатында кеден органдарының сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен басқа адамдардың өзара іс-қимыл мәселелерін реттейтін норма қосылды.

- Кеден ісі саласында қызметтің барлық түрлері бойынша 5 000-нан 19 000 евроға дейін міндетті лицензиялық жинақ алынып тасталды;

- Кеден ісі саласында қызметтің нақты түрлерін (уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, бос қойма, баж алынбайтын сауда дүкені) тізілімге қосу бойынша функциялар бөлшектендірілді. Енді осы функцияларды аумақтық кеден органдары орындайтын болады;

- Кеден операциялары кезінде тиісті талаптар мен шарттарды орындаса тиісінше жеңілдіктерді пайдалана алатын уәкілетті экономикалық оператор үшін қосымша артықшылық беретін нормалар толықтырылды.


Жаңа терминдерді қолдануға, кедендік әкімшілендіруде бірқатар тәсілдердің өзгеруіне байланысты Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске, Салық кодексіне, Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске, Жеке кәсіпкерлік туралы, Лицензиялау туралы және т.б. Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі. Барлығы 37 заңнамалық актіге өзгерістер енгізу қажет.

Осы ретте «Кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.


Өзгерістердің үлкен бөлігі Салық кодексін қамтыды. Өйткені кеден одағын құруға байланысты кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден аумақтарының біріңғай кеден аумағына бірігуімен және Кеден одағы шеңберінде Жанама салықты алу принциптері туралы келісімді қабылдаумен өзара саудада әкімшілендіру тәртібі өзгереді.


Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындар тартпайды.


Қазақстан Республикасы Кеден кодексін 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу мақсатында қолданысқа енгізу туралы тиісті заң жобасы әзірленді.

Осы заң жобасы кеден одағы шарттарында (басталған кеден режимдерін, операцияларды, кеден ісі саласында қызметі жүзеге асыратын адамдар үшін өтпелі ережелер және т.б.) жаңа кеден заңнамасына икемдеу үшін сондай-ақ өтпелі ережелерді қамтиды.

Айтылғандарды ескере отырып, заң жобасын мақұлдауды сұраймын.


Одан басқа кедендік әкімшілендіру және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің шеңберінде халықаралық келісімдерді бір уақытта қолданысқа енгізу мақсатында «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы», «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары қарауға енгізіледі.


Кеден одағының кеден кодексі туралы шарт Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мемлекет басшылары деңгейіндегі Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) № 17 27.11.2009 ж. (Минск қаласы) шешімімен қабылданды.


Кеден одағының кеден кодексін әзірлеудің мақсаты


Кеден одағының кедендік аумағында кедендік реттеудің негіздерін құру

Кеден одағы кеден кодексінің нысаны мен мазмұны бойынша жаңғыртылған тікелей әрекет ететін нормаларын құру


Кеден одағы кеден кодексінің құқықтық негізі


1. Киото конвенциясы;

2. Халықаралық құқық нормалары;

3. Кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар:

- Тауарларды декларациялау тәртібі туралы келісім;

- Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау тәртібі туралы келісімге қол қою туралы;

- Кедендік рәсімдер мен кедендік режимдердің түрлері туралы келісімге;

- Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімге;

- Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісім;

- Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім;

- Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде кедендік төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі туралы келісім және басқалары.


Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік әкімшілдендіруді ұйымдастыру принциптері


– ішкі кедендік шекараларда кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің болмауы;

– бірыңғай кедендік аумақта кедендік рәсімдерді (режимдерді) бірыңғай қолдану;

– кедендік ресімдеуге және кедендік бақылауға байланысты сыртқы сауда қызметі субъектілерінің шығындарын азайту;


Қолданыстағы ұлттық Кеден кодексінде негізгі жаңалықтар көрсетілмеген:

  • өзара сауда кезінде кедендік ресімдеу және кедендік бақылауды алып тастау.
  • «Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы» түсінігін енгізу;
  • арнайы жеңілдіктерді пайдаланатын «уәкілетті экономикалық операторлар» институтын енгізу;
  • декларанттың мүддесін білдіру шеңберінде жекелеген кедендік операцияларды жүзеге асыру құқығы берілген «кедендік өкіл» түсінігін енгізу;
  • кеден одағына қатысушы елдердің аумағындағы кеден ісі саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы тұлғаларға қатысты бірыңғай талаптарды белгілеу;
  • кеден одағының барлық аумағында транзиттің бірыңғай шарттарын құру.



Кеден одағының кеден кодексі жобасының құрылымы

Кеден одағы кеден кодексінің жобасы мыналардан:
  • 2 бөліктен;
  • 8 бөлімнен;
  • 50 тараудан;
  • 373 баптан тұрады.



Тауарларды кедендік декларциялау бойынша кезеңдер


КО қалыптасуының бастапқы кезеңінде КО қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олардың құрылған, тіркелген және тұратын орындары бойынша КО қатысушы мемлекеттердің аумағында кедендік тазалау (кедендік ресімдеу) бойынша кедендік операцияларды декларанттар және уәкілетті өкілдер (кедендік брокерлер) жасайтын болады.

Бұл ретте, декларант ретінде түсетін шетелдік тұлға тауардың межелі (тұтыну) орны бойынша кедендік тазалауды жасайтын болады.

КО қалыптастыруды аяқтау шарттарында – кедендік декларациялау және тауарларды шығару тауарларды кедендік тазалауды (аталған ереже КОКК-нің 368-бабы, жобасының қорытынды және ауыспалы ережелерін бекітуді көздейді және халықаралық шарттарға жатқызылады) жасауға уәкілетті КО қатысушы мемлекеттердің кез-келген кеден органында жүргізілетін болады.

Кедендік транзит рәсімімен орналастырылған тауарларды кедендік тазалау бойынша кедендік операция КО қатысушы мемлекеттерде тауарлар кедендік тазалауға ұсынылған аумақта жасалатын болады.


Кеден одағының кеден кодексін қолданысқа енгізу


ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 2010 жылғы 1 шілдеден бастап Кеден одағының кеден кодексін қолданысқа енгізу көзделген


Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы


Мемлекет басшылары деңгейіндегі (кеден одағының жоғарғы органы) Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекет аралық кеңесінің 27.11.2009 жылғы №17 шешіміне сәйкес уәкілетті Тараптар өкілдерінің арнайы жұмыс тобы Кеден одағының кеден кодексі туралы 27.11.2009 жылғы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы дайындалды.


Хаттамада Кеден одағы кеден кодексінің 152-бабына өзгерістер бар. Өзгерістер негізінен редакциялық және нақтылау сипатында

Елеулі өзгерістерге:

- Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы ұғымын нақтылау.

- Ұлттық заңнаманы кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында пайдалану.

- Тауарларды шартты шығарылғандар санатына жатқызу тәртібі.

- Тауарларды шығару мерзімдерін қысқарту.

- Кедендік декларациялау үшін қажетті құжаттардың тізбесін қысқарту және нақтылау жатады.


Осы ретте, енгізілетін заң жобаларын мақұлдауды сұраймын:

- Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасы

- «Кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

- Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заң жобасы

-«Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасы;

- «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы.


Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!