Әбу Насыр әл – Фараби

Вид материалаДокументы

Содержание


Жүсіп Баласағұн
Махмұд Қашғари
Подобный материал:
Әбу Насыр әл – Фараби


Әбу Насыр Мухаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл- Фараби IХ ғасырда Отырар қаласынды туған. Ұлы энциклопедист ғалым, философ, математик, музыка теоретигі, қыпшақ даласынан шыққан. Түркі ойшылдарының ең атақтысы. Әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама. Орта Азия, Парсы, Араб, Ирак елдеріне сапар жасаған. 70-ке жуық тіл білген азған, ол түркі тілін білген. Сол заманда араб тілі ғылым тіліне айналғандықтан және туған жерінен шет жүргендіктен, ол біріңғай арабшаға ауысқан. Әбу Насыр әл – Фарабидің шығармалары бүкіл дүние жүзіне белгілі. Оның "Ғылымды жүйелеу", "Химия туралы толғаныс", "Физика негіздері туралы толғаныс", "Музыка туралы толғаныс" кітабы іргелі ғалымдар саласынан көшелі ой айтқан.

Әбу Наср әл – Фараби Аристотелдің "Метафизикасына" ежелгі заманның өзгеде ойшылдарының туындыларына түсініктер жазып оларды өз уақытының игілігіне айналдырған.

Кемеңгер ғалымның "Қайырымды істер қаласының тұрғындары туралы толғаныс", "Мемлекет қайраткерлерінің мақал – мәтелдері" – қоғамның әлеуметтік ой тарихына із қалдырған туындылар. Өз заманында дүниенің шар тарабына жайылған. "Даналық жаухарлары" атты философиялық толғанысы, тұтас мың жыл бойы өшпейтін кітап болған.


Жүсіп Баласағұн



Әбу Насыр әл – Фараби екі ғасыр өмір сүрген ғұламалар - Махмұд Қашғари және Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын, араб әрпімен түркі тілінде жазған.

Жүсіп Баласағұн XI- ғасырда өмір сүрген .Ең алғаш түркі тілінде жазған трактаттары кең өріс алған. 1070 жылы жазған "Құдатғу білік" атты кітабы сол кездегі түркі тілдес халықтардың дүниетану тақырыбындағы алғашқы шығарма. Мұнда адамға білімнің тіршілігі мәні, адамның іс- әрекетінің оңы мен терісі, тілден келетін пайда мен зиян, билеуші әкімдерге қажетті асыл қасиеттер . Жүсіп Баласағұн Грек ойшылдары сияқты от, жер, су, ауа дейтін төрт принцпті ұстанған. "Құдатғу білік" дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып келген үш нұсқасы бар: 1. Вена нұсқасы; 2. Каир нұсқасы; 3. Наманган нұсқасы.

Бұл дастан негізгі идеясы төрт принциптен тұрады: 1. Мемлекетті дұрыс басқару; 2. Бақ дәулет елге құт қонсын дегені; 3. Ақыл парасат мәселесі; 4. Қанағат ынсап мәселесі.


Махмұд Қашғари



Махмұд Қашғари жайлы деректер ХIV ғасырдан басталады. Махмұд Қашғари Әбу Насыр әл Фарабидің шығармаларынан тәлім тәрбие алған. Оның шығармасы "Диуани лұғат ат-түрік". Бұл шығарма былай басталады: "Қайырымды, мейірімді Алла атымен бастайын" – деп. Махмұд Қашғаридың тағы да түркі тілдерінің сөздігі атты еңбегі жарық көрген. Бұл шығарманы ол 1072 жылы 25 қаңтарда басталып, 1074 жылы 10 ақпанда жазып біткен деседі.


Қожа Ахмет Яссауи


Жүсіп Баласағұннан 1,5 ғасыр кейін өмір сүрген Қожа Ахмет Яссауи өз шығармаларын түркі тілінде жазғанымен араб алфавитін қолданған. Қожа Ахмет Яссауи Әзірет сұлтан шамамен 1093 жылы Сайрамда туып Түркілерден Ахмет есімін алған. Ол Яс Ата атанып, түркілер арасында ислам дінін насихаттауда зор үлес қосқан. Қожа Ахмет Яссауи арғы тегі қожалар. Әкесі Исфиджабта даңққа бөленген әулие адам болған. Қожа Ахмет Яссауидың туған жері Исфиджаб қаласы, ол онда 1166-1167 жылдары туған деседі. Бұның ең үлкен шығармасы "Диуани хикмет" Оның түркі тілінде жазған мистикалық рухты өлеңі құран сөзіндей құрметтеледі.